АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Т-лимфоциттер дифференциялануы

В-лимфоциттер секілді Т-лимфоциттер де сүйек кемігінің көпқабілетті бағана жасушаларынан шығады. Сүйек кемігінде жартылай бағана жасушалардың бастапқы жасушалары пайда болады. Олар айырша безге өтіп оның қабық қабатына орналасады.

Онда олар тимус гормоны – тимопоэтиндер әсерімен Т-лимфоциттерге айналады. Бұл жасушалар Т-лимфоциттердің негізгі белгісін Ө-антигенін қабылдайды. Бұл антиген тимустан тараған лимфоциттердің бәрінде болады, ал В-лимфоциттерде кездеспейді.

Т0-лимфоциттер жылдам алмасып тимустың өзінде біразы жойыла бастайды. Олар иммунохабарсыз Т-митогендер әсерін қабылдамайды (Т-лимфоциттердің көбеюін іріктеп жүргізетін заттар: конкавалин А, фитогемаглютинин).

Айырша бездің қатпарлы қабатындағы Т0-лимфоцит тек аз ғана бөлігі тимус гормоны тимозиннің әсерімен Т1-лимфоциттерге айналады. Т-лимфоциттер айырша без мезенхимасында орналасып тимустағы жасушалрадың 5-7% ғана құрайды, алайда оның бар иммунокомпетенттігін қамтамасыз етеді. Т1-лимфоциттер Т-митогендер әсеріне қабылдай алады.

Қан мен лимфа ағымымен Т1-лимфоциттер шеткі лимфоидтық мүшелердің Т-тәуелді аймағына барып орналасады. Онда әбден жетіліп иммунохабардар Т2-лимфоциттерге айналады. Көк байыр мен лимфа түйіндерінен шыққан Т-лимфоциттер, қан мен лимфаға өтіп бүкіл дене бойын аралап жүреді, осылай иммунитеттік бақлауды іске асырады.

Т2-лимфоциттер ұзақ өмір сүре алатын жасушалар, 4-6 ай бойы қызмет жасайды. Т-митоген әсерінен жақсы қабылдайды. ФГА реакциясы шеткі қан айналымында жүретін Т-лимфоциттердің функционалдық қабілетінің тесті болып табылады.

Т1 және Т2-лимфоциттер антигенмен кездескенге дейін әртүрлі қызмет жасауға бейімделеді: бір бөлігі антигенмен әсерлесетін жасушаларға (Т2) икемделген, екінші бөлігі Т-лимфоцитттердің субпопуляцияларының тегін береді (хелперлердің, супрессорлардың, киллердің). Олар негізінен Т-лимфоциттер.

Антигенмен әсерлесетін жасушалар (АӘЖ) антигенді алғаш танып айыруға (антиген организмге енгенде) қатысады. АӘЖ жасушалар антигенді "бөтен" деп тапса АӘЖ белсеніп Т-Т-хелперге айналады. Антигенді тану процесінде АӘЖ –дың антиген танығыш рецепторлары тимустәуелді антигеннің таратушысының антиген детерминантының ансамблімен әрекеттеседі. Т-Т-көмекшілер медиаторлар көмегімен реакцияға Т-лимфоциттер субпопуляциясын лимфоциттер пре-жасушалардың екінші түрін түсіріп, олардың дамуына қолдау жасайды. Т-Т-көмекші бөліп шығаратын медиатордың әсерімен бастапқы жасушалар белсеніп, сезімталданған Т-лимфоциттерге айналады.

Антиген организмге қайта енгенде осы жасушалар оны өздері айырып танып, қарқынды түрде көбейіп, керекті қызметтерінатқарады. Т-жасушалардың негізгі қызметіне: антигенді айырып тану, нысана-жасушаларға әсер ету, иммунитет жауабын реттеу, иммунитеттік қапер, иммунитеттік төзімділікті түзу жатады.

 


Дата добавления: 2015-10-11 | Просмотры: 1090 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.002 сек.)