Айырша без (тимус)
Тимус тегі бойынша ескі лимфоидтық орган. Ол лимфа жүйесін түзіп, оның қызметін реттеп, иммунитет жүйесін дамытуға әсер етеді.
Тимус қыртысты және милы қабаттардан тұратын бөліктерден құралады. Қыртыс денесінің негізі жұлдызша тәрізді эпителиалдық жасушалардан тұрады. Қыртыс қабатта негізінен иммунитеттен хабарсыз, жоғары митоздық белсенділігі бар лимфоциттер болады.
Милы дененің стромасы жақсы дамыған эпителиалдық жасушалардан тұрады. Онда лимфоциттер саны көп емес. Сонымен қатар милы қабатта ретикулярлы жасушалар, макрофагтар, Гассаль денелері болады.
Гассаль денелері мен жұлдызша жасушаларда синтездік және секреторлық процестер қатты жүретіні гистохимия әдістерімен дәлелденіп отыр. Оларда биологиялық белсенді заттар, сонымен қатар, тимус гормондары синтезделеді.
Тимус – эндокриндік мүше. Тимус гормондары кальций, фосфор метаболизміне, глюкоза алмасуныа, бұлшық ет тонусына, өсу және жыныстық жетілуге әсер етеді.
Дегенмен, айырша бездің негізгі эндокриндік қызметі – иммуногенезді реттеу. Оның үстіне тимус гормондары лимфоцит дамуын айырша бездің өзінде ғана емес, одан сырттай, шеткі иммунитет мүшелерінде дамуын да қадағалай отырып сүйек кемігіндегі бастаушы преТ-лимфоциттердің дифференциялануына әсер етеді.
Тимус гомондарының екі түрі бар:
Тимопоэтиндер – тимустық қыртысты қабатындағы жетілмеген Т-лимфоциттердің дамуына әсер етеді.
Тимозин және оның аналогтары – айырша бездің ішіндегі Т-лимфоцит дамуын және олардың шеткі мүшелердегі жетілу процесін қадағалайды. Осы гормон жақсы зерттелген, молекулалық салмағы төмен, құрамында глютамин және аспарагин қышқылы, аминқышқылдары көп полипептид, Т-лимфоциттерге әсер ету механизмді циклді нуклеотидтермен (цАМФ және цГМФ) әрекеттесуге негізделген. Тимозин таза күйінде жеңіл бөлініп алынады. Дәрі ретінде қолданылатын аналогтары тимозин, тимактивин деп аталады.
Тимопоэтин мен тимозиннен басқа айырша безде иммунохабардар жасушалардың айналымына, дамуына, көбеюіне әсер ететін бірқатар гуморалдық факторлар синтезделеді. Олардың қатарына тимустың гуморалдық факторы, сарысудың тимустық факторы, тимустық гомеостатикалық гормон, т.б. жатады.
Тимус құрылысының морфологиялық ерекшелігі бойынша оның әр аймақтарының кіші бөліктерінің ішкі ортасы әртүрлі. Лимфоциттерге әртүрлі әсер жасай алады. Нәтижесінде осы жасушалар әртүрлі гормондық әсер алып, қызметі жағынан әртүрлі Т-лимфоциттер субпопуляциясы құралады.
Гемато-тимикалық кедергінің арқасында айырша без басқа мүшелер мен жүйелер әсерінен бөлектенген. Бұл кедергі тамыр эндотелиінен, тимусденесінің эпителиінен және олардың арасындағы жіңішке талшықты дәнекер ұлпадан құралады. Осы кедергінің арқасында жасушалар мен бірқатар қомақыт молекулалар қан тамырынан тимус ұлпасына өте алмайды.
Жаңа туған баланың айырша безінің салмағы дене салмағынан 1/300 бөлігіне тең. 1 жастан 3-ке дейін тимус салмағы өсіп, онан әрі жеткен қалпында тоқтайды. 20 жастан бастап біртіндеп семе бастайды. Ол процесс негізінде қыртыс қабатында жүреді. Кәрі адамда толық жойылады десе де болады, бірақ семген заты сақталады.
Тимустың иммунитеттік жасушалық жүйесінің орталық мүшесі екендігі айырша безі алынып тасталған жануарларда тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Дата добавления: 2015-10-11 | Просмотры: 2216 | Нарушение авторских прав
|