АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Лимфоциттер. Қалыпты жағдайда шеткі қандағы лимфоциттер саны барлық лейкоциттердің 19-37% құрайды

Қалыпты жағдайда шеткі қандағы лимфоциттер саны барлық лейкоциттердің 19-37% құрайды, яғни (1,2-3,0х109/л). Айналымдағы лимфоциттердің 75% Т-лимфоциттер құрайды да, олар клеткалық иммунитетке жауапты саналады. Қалған лимфоциттер В-лимфоциттер және олар иммуноглобулиндердің түзілуіне, яғни гуморалды иммунитетке жауапты.

Лимфоцитоз – шеткі қандағы лимоциттердің абсолюттік санының 4,0x107л немесе барлық лейкоциттердің 37% артық болуы. Лимфоцитоз салыстырмалы және абслюттік болып екіге бөлінеді.

Абсолюттік лимфоцитоз мына жағдайларда байқалады:

· вирустық инфекцияларда (инфекциялық мононуклеоз, респираторлық вирустық инфекциялар – ветряная оспа, корь, краснуха, жіті вирустық гепатит);

· сүлелі бактериялық инфекциялар (туберкулез, сифилис, бруцеллез);

· кейтір гемобластоздар (сүлелі лимфолейкоз, лимфоманың лейкемиялық түрлері);

· басқа да кейбір аурулар (тиреотоксикоз).

Салыстырмалы лимфоцитоз жіті инфекциялық аурулардың сауығу кезеңдерінде байқалады және сауығу кезінде нейтрофильдер санының азаюымен түсіндіріледі.

Лимфоцитопения – шеткі қандағы барлық лимфоциттер санының 19% төмен болуы және мына жағдайларда кездеседі: СПИД-те, лимфогранулематозда; милиарлы туберкулезде және лимфотүйін-дерінің жайылған туберкулезінде; ЖҚЖ (нейтропениямен қатар); бүйрек жетіспеушілігінің терминалды кезеңінде; цитотоксикалық дәрілермен, кортикостероидтармен, сәулелену әдісімен емдеу кездерінде байқалады.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1217 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)