Гемолиздік анемия.
Гемолиздік анемиялар (ГА) – эритроциттердің түзілуінен ыдырауы басым байқалатын, эритроциттердің дерттік гемолизі салдарынан дамитын көптеген гетерогенді аурулар тобы. Қалыпты кезде эритроциттердің өмір сүру мерзімі 100-120 күнді, ал ГА кезінде бар-жоғы 12-14 күнді құрайды.
Гемолиздің түрлері: клеткаішілік гемолиз, яғни РЭС клеткалары ішінде, көбінесе көкбауырда, және тамырішілік гемолиз.
Гемолиз синдромының белгілері:
Клетткаішілік гемолиз
· РЭС клеткаларында болады
· Айқын емес сарғаю, бозару
· Анемия нормохромды
· Ретикулоцитоз
· Байланыспаған гипербилирубинемия
· Уробилинурия
· Стеркобилиннің нәжіспен көп шығарылуы
· Холелитиазға бейімділік
· Спленомегалия
Тамырішілік гемолиз
· Тамырларда жүреді
· Айқын емес сарғаю, бозару
· Анемия нормохромды
· Ретикулоцитоз
· Байланыспаған гипербилирубинемия
· Гемоглобинемия
· Гемоглобинурия немесе гемосидеринемия
· Ішкі ағзалардың гемосидерозы дамуы мүмкін
Гемолиздік анемиялар екі ірі топтарға бөлінеді:
Туа біткен және жүре дамыған.
Туа біткен ГА морфологиялық және функциялық жетілмеуін тудыратын эритроциттердің әрқилы генетикалық дефекттері салдарынан дамиды. Жүре дамыған ГА эритроциттердің гемолизін тудыратын сыртқы орта факторларының әсерінен дамиды.
ГА классификациясы
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1806 | Нарушение авторских прав
|