Шеткілік
3А таңдай миндалиндері
3Б түтікше миндалиндері
3В пейеров қатпалары (бляшки)
3Г аппендикс қабырғаларындағы
лимфотүйіншектері
4. лимфалық түйіндер
5. көкбауыр (талақ)
Ересектерде қанның түзілуі (гемопоэз) негізінен жіліктер мен жалпақ сүйектерде, яғни стромалық микроқоршауларда болады. Стромалық микроқоршауларда мынадай клеткалар түзіледі: эндотелия-лық, адвентициялық, ретикулярлық, макрофагтар, майлы клеткалар, остеокласттар, остеоциттер. Стромалық микроқоршаудың клеткадан тыс матриксін әртүрлі ерімейтін белоктар құрайды: глюкоза-аминогликандар, протеогликандар, фибронектин, гликопротеиндер, қан түзуші клеткалардың байламдары орналасатын кеңістіктерді түзетін коллагенді және эластикалық талшықтар.
Бағаналы қан түзуші клеткалардың бастапқылары сүйек кемігінде орналасқан, тек солар ғана, қан түзуінің унитарлық теориясына сәйкес, реттілікті бөліну арқылы қанның барлық пішінді клеткаларына бастау болады.
Бағаналы клетка - морфологиялық емес, функциялық ұғым. Бағаналы клетканың негізгі белгісі болып оның тежелуінен (депрессиясы) соң толық қалпына келтіре алатын пролиферациялық қуаты (потенциалы) жатады.
Қан түзілуінің негізгі 8 бағытының түпкі элементтеріне мыналар жатады: эритроциттер, базофильдер, эозинофильдер, нейтрофильді гранулоциттер, мегакариоциттер, моноциттер мен Т және В лимфоциттер.
Т- және В-лимфоциттердің алдыңғы клеткалары басында сүйек кемігінде түзілсе де, түпкі ажыратылуы Т-лимфоциттер үшін тимуста болса, ал В-лимфоциттер үшін көкбауыр мен лимфотүйіндері және Пейеров қатпаларында (бляшки) жүреді.
Эритропоэздің реттелуі мына жерлерде жүреді:
· бағаналы қан түзуші клеткалары;
· қан түзуші клеткалардың бөлінуі мен ажыратылуына қажетті колонияны белсендіруші факторларды (КСФ) түзуші гемопоэздік стромалық микроқоршаулар;
· бүйректің түтікшелер сыртындағы клеткалары түзетін эритропоэтин (ЭП) көмегімен болады. ЭП түзілуі оттегіге қанығу деңгейіне сәйкес болады, яғни гипоксия кезінде ЭП түзілуін белсендіретін жүйе күшейеді.
Физиологиялық гемопоэзді қамтамасыз ететін негізгі элемент болып темір саналады. Организмде темір алмасуы эритроциттердің түзілуі (эритропоэз) мен олардық физиологиялық ыдырауы (эритродиерез) процестерінің динамикалық (өзгермелі) тепе-теңдігі кезінде ғана жүзеге асады (1-ші сызба). Ересек адамның бойындағы темір 2-5 гр құрайды, яғни адам салмағының 1 кг-на орташа есеппен ер адамда 55 мг/кг және әйел адамда 45 мг/кг. Адам бойындағы темірдің таралуы: гемоглобин құрамында – 70% жуығы, миоглобинде – 5-10%, құрамында темірі бар ферменттерде – 0,05%, транспорттық темір 0,1- 0,2%, қалғандары – шамамен 1/3 бөлігі – темір қорын (депо) (ферритин, гемосидерин түрінде) құрайды.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 779 | Нарушение авторских прав
|