| Жауап: ТЖК жеткілікті.Жауап: кариес     Есеп: Санитарлық дәрігердің көмекшісі су өткізгіш краннан су сынамасын анализға алды. Суды алған нүктеде қандай зерттеу жүргізу керек   Жауап: Судың температурасын,иісін,дәмін анықтайды.   Есеп: Жоспар бойынша фельдшер су өткізгіш краннан су сынамасын анализға алды. Санитарлық химиялық лабораторияда суға қандай зерттеу жүргізеді: Жауап:Судың сілтілігін,қаттылығын,хлор қалдығын анықтайды.     Есеп: Терезенің әйнектелген бөлігінің ауданы 1,6м квадрат, еден ауданы 14м квадрат. Жарықтану коэффиценті 1/8. Тұрғын бөлмелер үшін жеткілікті ме? Жауап: Жарықтану коэффициенті жеткілікті     Есеп: Терезенің әйнектелген бөлігінің ауданы 2,8м квадрат(бөлмеде 2терезе бар)еден ауданы 28м квадрат жарықтану коэффиценті 1/5.емхана палаталары үшін жеткілікті ме? Жауап: Жеткілікті     Есеп: Бір уақытта жарықтануды өлшегенде бөлме ішіндегі жарыөтану 100лк, бөлме сыртындағы жарықтану 12000лк. Бөлмеде табиғи жарықтану коэффиценті 0,8%. Табиғи жарықтануға гигиеналық баға беріңіз: Жауап: ТЖК жеткілікті.     Есеп: Кинозал механикалық ағынды сорғыш желдетумен жабдықталған. Қыста сеанс соңында ауаның температурасы 18градус, ылғалдылығы 60% көмір қышқыл газының құрамы 0,1%. Желдетуге гигиеналық баға беріңіз: Жауап: Желдету эффектілі жүргізіледі.     Есеп: Түркістан районында вирусты гепатит А ауруының бірден көтерілуі байқалды. Аурудың себебін байқау үшін қандай санитарлық-гигиеналық зерттеу жүргізу керек: Жауап: Топырақ пен суды санитарлық - гигиеналық зерттеу керек   Есеп: Студенттердің ауыз қуысына және тістеріне профилактикалық бақылау жүргізгенде төмендегі белгілер байқалады:тістің эмалі қоңыр түсті дақтармен қапталған, эрозирленген деффектері бар. Тіс өзгерісінің себебін көрсетіңіз: Жауап: Ауыз суда фтор құрамы жоғары болып флюорозды шақырған.   Есеп: Кентау қаласының тұрғындарында тіс кариесінің жоғарғы дәрежесі байқалады. Осы патологияның себебін көрсетіңіз: Жауап: Тағамдық азықтарда фтор жетіспейді. Есеп: Аудиторияда табиғи желдету болып,қыста лекция соңында ауаның температурасы 24градус С(лекцияға дейін 19градус С) ауа ылғалдылығы 76%(лекцияға дейін 58%) көмір қышқыл газының құрамы 0,16%. Аудиториядағы ауа ортасына және желдетуіне гигиеналық баға беріңіз: Жауап: Қосымша кондиционер қосу керек.   Есеп: Жарақат алғаннан кейін мәжбүрлі сойылған сиыр еті лагердің асханасына келтірілді. Ветеринар бақылаудың етті тарату туралы анықтамасы бар. Етте фиолет клеймасы бар. Сойылғанына 3 күн болды. Еттің түсі қанық-қызыл,кесілген беті жылтырақ,ылғал,иісі жаңа,жағымды,майы ақ,қатты. Еттің жаңа сапалығын бағалау үшін қандай зерттеу жүргізіледі: Жауап: Жаңалығын анықтау үшін химиялық зерттеу жүргізіледі.     Есеп: 20 градус С температурада сүттің тығыздығы 1,038 майының құрамы 2,8%,қышқылдығы 18%. Сүттің сапасына гигиеналық баға беріңіз Жауап: Сүт тамақтану үшін жарамды, бірақ сапасы төмен     Есеп: Қайсысы тағамдық азықта кальций тұзы көп болады? 0,3л сүт, 0,5кг ет,300г нан Жауап: 0,3 л сүт     Есеп: Лагерде балаларға каша,нан, консерва берілді. Банкілердің сыртқы көрінісінде байқалады:кейбір банкілер майысқан, түбі ісінген,саусақпен басқанда ішке қарай бүгіледі және өз қалпына бірден келмейді. Татталмаған, банкілер техникалық маймен майланған. Майысқан консервалардың сапасын бағалау үшін қандай зерттеулер жүргізіледі: Жауап: Банкілердің герметикалығын анықтау.   Есеп: Сүтке лабораториялық зерттеу жүргізгенде сүттің тығыздығы 1,018болды. Сүттің тығыздығын бағалаңыз Жауап: Сүттің тығыздығы төмен,яғни сүтке су қосылған     Есеп: Инструментальды цехте шудың деңгейі 97ДБ,шудың деңгейін төмендету мақсатында қорғаныстық сайманның қай түрін қолданамыз: Жауап: Мақтадан жасалған тампондар,резиналы «втулка»     Есеп: Цехте шу деңгейі 100ДБ шуға қарсы күресу үшін 2-4 сағат дыбысты изоляциялайтын «наушник»тер қолдану ұсынылды. Бұл жеткілікті ма? 
 Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 856 | Нарушение авторских прав 
 
 
 
 
 |