Жауап: Жеткілікті
Есеп: Шудың деңгейі 102ДБ болса организмге қалай әсер етеді:
Жауап: Есту органы, орталық нерв жүйесін,қан айналым жүйесін зақымдайды.
Есеп: Терезе есіктері жабық оқу бөлмеде 90минут желдетілмей сабақ өтілді, нәтижеде студенттердің бастары айналып, көңілі айнып,әлсізденіп жұмыс істеу қабілеті төмендеп кетті. Ауа құрамындағы қайсы газдың мөлшері көбейгенін табыңыз:
Жауап: СО2 – көмірқышқыл газы – 2-4%
Есеп: Жаздың күні арық суына шомылған бір топ балалар арасында ауру басталып кетті,балалардың іштері ауырып, әлсізденіп,көңілі айнып,нәжістері сұйықталып күніне 5-6 ретке дейін барды. Балалар қандай ауруға шалдыққанын табыңыз:
Жауап: Іш сүзегі
Есеп: Инфекциялық бөлімге келесі шағыммен науқас түсті: көз алдында тұмандық пайда болу,адамдардың екеу болып көрінуі,жұтынудың қиындауы,ауыздың құрғап,қабақтың түсуі. Анамнезінде үйде дайындалған консерва жеген анықталды. Дәрігер ботулизмге күдіктенген.Диагнозды анықтау үшін қандай лабораториялық зерттеу жүргізу керек:
Жауап: Консерва қалдықтарын ботулизм токсиніне зерттеу керек
Есеп: СЭС – тің лабораториясына халық N9 магазиннен алған нандары сапасыз екеніне шағым жасайды. Лабораториялық зерттеу нәтижелері:нанның жұмсақ жері жабысқақ, ылғал, иісі пісіп кеткен қауындық иісі.Нанның сапасына гигиеналық баға беріңіз
Жауап: Нан,картоп ауруымен зақымдалған,жеуге рұқсат етілмейді
Есеп: Лабораториялық зерттеу нәтижелері төмендегідей: лас ағынды суды зарарсыздандырғаннан кейін хлор қалдығы 2мг/л құрайды. Хлорлаудың эффектілігін бағалаңыз:
Жауап: Хлорлау эффектілі жүргізілген
Есеп: Суда нитриттердің мөлшері 0,002мг/дм куб асатын болса, келесі туралы мәлімет береді.
Жауап: Судың үзақ уақыттан бері ластануы туралы
Есеп: Суда аммиактың,нитриттың және нитраттың бір мезгілде болуы келесі туралы мәлімет береді
Жауап: Судың тұрақты ластануы туралы
Суда нитрит және нитрат мөлшерінің жоғарылауы төмендегі туралы мәлімет береді.
Жауап: Судың қазіргі кезде ластанудан тоқтауы
Есеп: Суда аммиактың мөлшері 0,1мг/дм куб жоғары болса келесі туралы мәлімет береді
Жауап: судың жаңа ластанғаны туралы
Есеп: Суда аммиак және нитриттердің болуы келесі туралы мәлімет береді
Жауап: Тұрақты әсер етуші ластау көзінің жақын арада пайда болуы
Есеп: Үш дәрістен кейін жүргізілген зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері төмендегідей:ауаның температурасы 25градус С,ылғалдылығы 70%, көмірқышқыл газының 0,18%,желдетуге гигиеналық баға беріңіз
Жауап: Желдету эффектілі жүмыс істемейді
Есеп: Сүтке лабороториялық зерттеу жүргезінде сүттің тығызды 1,037 болды. Сүттің тығыздығын 1,037 болды. Сүттің тығыздығын бағалаңыз
Жауап: Сүттің тығыздығы жоғары,қаймағы алынған немесе сүтке сода,крахмал қосылған
Есеп: Қара нанның ылғылдығы 54% қуыстығы 42% қышқылдығы 11%.Нанның жұмсақ жері жабысқан,ылға л.Нанның сапасына гигиеналық баға берініз
Жауап: Шартты жарамды, кептіргеннен кейін (сухари) қолдануға болады
Есеп: Қайнатпалы шұжыққа органолептикалық зерттеу жүргізгенде байқалады: сыртқы көрінісі өзгермеген, сыртқы қабығы сұр түсте,ылғал,иісі мен дәмі қышқыл, фарш сұр түсте біркелкілі,конс истенциясы тығыс емес.Ас тұзы 2%, нитриттар 0,005%, ылғалы 75%, крахмал 2,5%. Қайнатпалы колбасаның сапасына баға беріңіз
Жауап: Шартты жарамды,термикалық өңдеуден кейін қолдануға жіберіледі
Есеп: Ливерлі шұжықты органолептикалық зерттегенде байқалады:сыртқы қабығы, ылғал, фаршқа тығызтип тұрмайды, кескенде фарш көгерген, иісі, дәмі қышқыл.Ливерлі шұжықтың сапасын бағаланыз:
Жауап: Шұжық сапасыз,қолдануға жарамсыз
Есеп: 10см куб сүтті титрлеу ушін 2 см куб 0,1 Н сілтілі ерітінді тежелген. Мүндай жағдайда сүттің қышқылдығы қанша болады?
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 618 | Нарушение авторских прав
|