АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

C) тестикулярды феминизация

D) Свайер

E) Киари-Фромель

 

260. 16 жасар жасөспірім, екіншілік жыныстық белгілері дұрыс дамымаған. Бала кезінен созылмалы тонзиллитпен ауырады. Бойы аласа, сүйегі жұқа, жалпы бірқалыпты тарылған жамбас. Менархе 16 жастан, ауру сезімді. Жатыр ұзындығы 4 см. жатыр мойны мен денесінің Қатынасы 3:1. Бимануалды зерттегенде жатыр гиперантефлексияда, күмбездері тайыз. Сіздің диагнозыңыз:

А) мезгілінен ерте жыныстық дамуы

B) инфантилизм

C) гонадалар дисгинезиясы

D) мезгілінен жай жыныстық дамуы

E) жыныстық дамымай қалу

 

261. Мезгілінен ерте жыныстық дамудың конституциялық түріне сәйкес:

А) жыныстық дамуының темпы жылдамдаған, реттілігі өзгермеген

B) жыныстық даму темпы созылған

C) жыныстық дамуының реттілігі бұзылған: біріншіден қанды бөлінділер пайда болады

D) жыныстық дамуының темп и последовательность бұзылмаған

E) қыз бала өмірінің бірінші онжылдығында еркек жыныстық белгілер пайда болады

 

262. 16 жасар қыз баланың етеккірі 15 жастан аз мөлшерде, сирек келеді. Бала кезінен созылмалы тонзиллитпен аурады. Бойы 168 см, жұқалтақ келген, кіші жамбасы жалпы тарылған. Орта генезді кешіккен жыныстық даму диагнозы қойылды. Аурудың себебі болып табылмайды:

А) ОЖЖ жарақаты

B) инфекциялар

C) гипоталамикалық аймағының ісігі

D) дене салмағының азайюы

E) аналық бездер мезгілінде дамымауы

 

263. 7 жастағы қыз балаға мезгілінен бұрын изосексуалды жыныстық даму деген диагноз қойылды. Осы аурудың себебі болып табылмайды:

А) туу мезгілінде пайда болған жарақат

B) адреногениталды синдром

C) менингит, энцефалит

D) эстроген дамытатын аналық бездің ісігі

E) аналық бездерінің фолликулярлы кистасы

 

264. 16 жастағы қыз бала етеккірі жоқтығына шағымданып дәрігерге келді. 15 жасынан ай сайын ішінің төменгі жағы аурып, бір апта бұрын ішінде ісік пайда болғанын байқады. Бойы 160 см., салмағы 50 кг, екіншілік жыныстық белгілері дұрыс дамыған. Ішін пальпациялағанда үстіңгі деңгейі қасаға сүйегінен 4 см жоғары ісік байқалады. Сыртқы жыныстық мүшелері әйелдер типті, қынап кіреберісінде көкшіл түсті томпайған түзіліс байқалады. Кіші жамбас және оның аймағынан шыққан көлемі 16-17 апталық жүктілікке сай түзіліс пальпацияланады. Қосалқылар байқалмайды. Қандай диагноз ықтимал:

А) жатырлық жүктілік

B) қыздық пердесінің атрезиясы. Гематометра. Біріншілік жалған аменорея.

C) жатыр миомасы

D) біріншілік аменорея. Қынап атрезиясы

E) жыныс мүшелерінің ақаулары. Біріншілік аменорея

 

265. Біріншілік аменореясы бар 16 жастағы бойжеткенде алдын ала мынадай диагноз қойылды: Қыздық перде атрезиясы. Гематометра. Біріншілік жалған аменорея. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеу қажет?


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 634 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)