E) 10 жылдан кейін
305. Белгілі жағдай, ҚАКтың артықшылықтары мен қоса контрацептивті емес пайдасы бар. Төменде көрсетілгендердің қайсысы осыған сәйкес келмейді:
А) эндометридің қатерлі ісігінің және эндометриоздың даму қауыпын төмендетеді
B) постменопаузалық остеопороз қауыпын төмендетеді
C) ДЖҚ, предменструалды синдромындағы емдік әсері бар
D) Темір тапшылықты анемиядағы емдік әсері бар
E) жатырдан тыс жүктіліктің даму қауыпын төмендетеді
306. 16 жасар жасөспірімге медициналық аборт жасалғаннан кейін қандай контрацепция әдісі қолайлы?
А) үш фазалы ҚАК
B) таза гестагендер
C) микродозалық ҚАК
D) минидозалық ҚАК
E) жоғары дозалық ҚАК
307. Әйел төменгідозалы ҚАКтарды контрацепция мақсатында қолданады. Әйелдер кеңесіне 2 күн дәріні қабылдамаған себебімен келді. Сіздің кеңесіңіз?
А) 2 таблетканы осы орамнан қабылдап, қалғандарын қалыпты уақытында қабылдау
B) таблеткаларды қалыпты уақытында қабылдау
C) жаңа орамынан таблеткаларды қабылдай бастау
D) тез арада 1 таблетканы қазыр қабылдау, қалғанын уақыты бойынша қабылдау
E) дәрілерді уақытысында қабылдау, сонымен қатар презервативті немесе спермицидтарды қолдану керек
308. Партограммада көрсетілген жағдайдағы ең мүмкін болатын тактика қандай?
А) босануды тез арада аяқтау керек, босану темпі жеткіліксіз
B) шешім қабылдау керек, босану темпі жеткіліксіз
С) кесар тілігін жүргізу керек, босану темпі жеткіліксіз
D) ешқандай шешім қабылдамау керек, босану темпі жеткілікті
E) акушерлік қысқыш салу керек, босану темпі жеткіліксіз
309. Босанудың екінші кезеңінің басында қынаптық тексеру жүргізгенде қасағаның төменгі жарты бөлігінің, 3 сегізкөз омыртқасының, отырықшы сүйектердің қырларының бос екендігі анықталды. Ұрық басы мүмкін орналасатын жері қайда?
А) кіші жамбас кіре берісіне бекіген
B) үлкен сегментімен кіші жамбас кіре берісінде
С) кіші сегментімен кіші жамбас кіре берісінде
D) кіші жамбас қуысының кең жазықтығында
E) кіші жамбастан шыға беріс жазықтығында
311. Төмендегілердің қайсысы партограммада көрсетілмеген?
А) жатыр мойнының ашылу динамикасы
B) ұрықтың жүрегінің соғу жиілігі
С) басының жылжуы
D) толғақтардың жиілігі мен күші
E) дене температурасы сызығы
312. Босану бөліміне сағат 9:00-де босану әрекеті басталғаннан 1 сағаттан кейін жүкті әйел келіп түсті, қынаптық тексерудежатыр мойнының ашылуы 1 см. Сағат 20:00 – жатыр мойнының ашылуы 10 см. Босанудың латентті және активті фазаларының ұзақтығы қандай?
А) латентті фаза 7 сағат, активті фаза 2 сағат
B) латентті фаза 7,5 сағат, активті фаза 2,5 сағат
С) латентті фаза 8 сағат, активті фаза 2,5 сағат
D) латентті фаза 8,5 сағат, активті фаза 3 сағат
E) латентті фаза 9 сағат, активті фаза 3 сағат
313. Төмендегі партограммада бастың жылжуының реттілігі қандай?
А) 1/5, 1/4, 1/4
B) 5/5, 4/5, 1/5
С) 1/5, 1/4, 5/5
D) 5/5, 4/5,4/5
E) 5/5, 1/5, 3/5
314. Төменде көрсетілген толғақтың қай жиілігі мен интенсивтілігі партограммада суреттелген?
А) ұзақтығы 20 секундқа дейін, күші әлсіз
B) ұзақтығы 20 дан 40 секундқа дейін, күші әлсіз
С) ұзақтығы 20 дан 40 секундқа дейін, күші орташа
D) ұзақтығы 20 дан 40 секундқа дейін, күші жақсы
E) ұзақтығы 40 секундтан жоғары, күші жақсы
315. Көрсетілген партограммаға сай жағдайды табыңыз:
А) активті фаза, жатыр мойнының ашылуы 2 см, басы 4/5, жүрек соғуы минутына 130-140 соққы.
B) активті фаза, жатыр мойнының ашылуы 2 см, басы 1/4, жүрек соғуы минутына 130-140 соққы.
С) латентті фаза, жатыр мойнының ашылуы 2 см, басы 1/4, жүрек соғуы минутына 130-140 соққы.
D) латентті фаза, жатыр мойнының ашылуы 2 см, басы 4/5, жүрек соғуы минутына 130-140 соққы.
E) активті фаза, жатыр мойнының ашылуы 4 см, головка 2/5, жүрек соғуы минутына 130-140 соққы.
316. Қынаптық тексеруде анықталынды: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы бүкіл сегізкөз ойпаңын және қасаға байламын алып жатыр, отырықшы сүйек бұдырлары және құйымшақ ұшы пальпацияланады. Жебе тәрізді жік оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек алдынан,сол жақта. Нәресте басы қай жерде орналасқан:
А) үлкен сегментімен кіші жамбас кіреберісінде
B) кіші жамбас қуысының кең бөлігінде
C ) кіші жамбас қуысының тар бөлігінде
D) жамбас түбінде
E) кіші жамбастың шығаберіс жазықтығында
317. Босанушы үшінші кезеңді активті жүргізуге келісім берді. Акушер кіндікті бақылап тартуды бастады. 15 минут өтті, бірақ бала жолдасы бөлінбеді. Акушер басында босанудың III кезеңінің қандай құрамдас бөлігін ұмытып кетті?
А) нәресте туылғаннан кейін 1 минут ішінде 5 Б окситоцин енгізу
B) нәресте туылғаннан кейін 5 минут ішінде 5 Б окситоцин енгізу
С) нәресте туылғаннан кейін 1 минут ішінде 10 Б окситоцин енгізу
D) нәресте туылғаннан кейін 5 минут ішінде 10 Б окситоцин енгізу
E) нәресте туылғаннан кейін 30 минут ішінде 10 Б окситоцин енгізу
318. Қайта боснушы Н., 39-40 апта мерзімінде перзентханаға ретті босану әрекеті басталғаннан 4 сағаттан кейін және қағанақ суының кетуінен 6 сағаттан кейін түсті. Қынаптық тексеруде: жатыр өзегінің ашылуы 5 см, пальпацияланады: көз алмасы, мұрын түбі, аузы, бет сызығы оң жақ қиғаш өлшеммен. Иегі оң жақ алдында, мыс қол жетімсіз. Едәуір мүмкін болатын диагноз қандай?
А) Мерзіміне жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының босануға дейін кетуі. Бетпен жатудың артқы түрі.
B) Мерзіміне жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының босануға дейін кетуі. Бетпен жатудың алдыңғы түрі.
С) Мерзіміне жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының босануға дейін кетуі. Шүйдемен жатудың артқы түрі.
D) Мерзіміне жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының мерзімінен ерте кетуі. Бетпен жатудың артқы түрі.
E) Мерзіміне жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының мерзімінен ерте кетуі. Бетпен жатудың алдыңғы түрі.
319. Ретті толғақ басталғаннан 11 сағ. кейін қағанақ суы кетті және күшену басталды. Нәрестенің жүрек соғысы 128 рет мин. анық, ырғақты. PV: жатыр мойның ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ, нәресте баспен келген. Жебе тәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде.Үлкен еңбек алдынан оң жақта. Кіші еңбек үлкен еңбектен төмен орналасқан. Нәресте басы бүкіл сегізкөз ойпаңын және қасаға байламның ішкі жағының жартысын алып жатыр, отырықшы сүйек бұдырлары пальпацияланады. Осы босану биомеханизмінде нәресте басы кіші жамбастан қай өлшеммен өтеді және туылады?
А) кіші қиғаш
B) үлкен қиғаш
C) ортаңғы қиғаш
D) тік
E) вертикалді
320. Егіз жүктілікте бірінші ұрық туылғаннан кейінгі дәрігер тактикасы:
A) босану әрекетінің басталуын күту
B) екінші ұрықтың қалпы мен алда жатқан бөлігін анықтап, 10-15 минуттан кейін амниотомия жүргізу
C) кесар тілігін жүргізу
D) сыртқы акушерлік бұрау жүргізу
E) ішкі акушерлік бұрау жүргізу
321. Бала жолдасын активті бөлуді қашан жүргізеді?
A) қан кету клемі 250,0 және жалғасуда, бала жолдасының бөліну белгілері жоқ
B) бала жолдасы кезеңінің 15 минуты өтті, бала жолдасының бөліну белгілері жоқ
C) бала жолдасы кезеңінің 20 минуты өтті, бала жолдасының бөліну белгілері жоқ
D) қан кету көлемі 50,0 және жалғасуда,бала жолдасының бөліну белгілері пайда блды
E) бала жолдасы кезеңінің 10 минуты өтті, бала жолдасының бөліну белгілері жоқ, қан кету жоқ, АД 140/90 мм с.б.б.
322. Босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу үшін келесі іс-әрекеттерді ретті жасау керек:
А ) окситоцин енгізу, кіндікті сәл тарту, плацента туғаннан кейін жатырға массаж жасау
B) кіндікті сәл тарту, жатырға массаж жасау, окситоцин енгізу
C) ІІ кезеңнің соңында окситоцин енгізу
D) жатырға массаж жасау, окситоцин енгізу, кіндікті жәй тарту
E) плацента бөліне бастаған белгілері байқалғанда окситоцин енгізу
323. Қазақстан Республикасында ана өлімі құрылымында бірінші орынды алады:
А) жүктілердің гипертензиялық жағдайлары
Б) экстрагениталды патология
В ) акушерлік қан кетулер
Г) инфекциялар
Д) жатыр жыртылуы
324. Көрсетілген кесар тілігіне көрсеткіштердің ішінде қайсысы абсолютті болып табылады?
А) 30 және одан жоғары жастағы алғаш босанушы, ААА
B) плацентаның толық жатуы
C) жатырдың жыртылу қаупі
D) 3-4 дәрежедегі анатомиялық тар жамбас
E) ұрықтың көлденең қалпы
325. Ұрықтың антенаталды өлімі - бұл:
А) жүктіліктің ³22 аптасындағы және босану басталғанға дейінгі ұрық өлімі
Б) жүктіліктің ³28 аптасындағы және босануға дейінгі ұрық өлімі
В) жүктіліктің ³22 аптасындағы және ұрық туылғанға дейінгі нәресте өлімі
Г) жүктіліктің ³28 аптасындағы және ұрық туылғанға дейінгі нәресте өлімі
Д) жүктіліктің бірінші күнінен бастап, босану басталғанға дейінгі ұрық өлімі
326. Босанудың үшінші кезеңін жүргізу байланысты:
А) қан кету дәрежесіне
Б) босану ұзақтығына
В) плацента бөліну белгілерінің болуына
Г) жаңа туған нәресте жағдайына
Д) сусыз аралық ұзақтығына
327. Әйел босанып жатыр. Екінші кезеңнің қанағаттанарлық ағымының белгілері қандай?
А) ұрықтың қалыпты жүрек қағысы
Б) кефалогематоманың болмауы
В) б осану жолдары арқылы ұрықтың тұрақты түсіп отыруы
Г) әйелдің күшену сезімінің болуы
Д) күшену кезінде әйел жағдайының қанағаттанарлық болуы
328. Босану әрекетінің даму белгісі болып табылады:
А) судың кетуі
Б) толғақтардың жиілеуі
В) жатыр мойнының қысқаруы мен тегістелуі
Г) бел аймағындағы ауру сезімінің ұлғаюы
Д) нәресте басының кіші жамбас кіре берісіне бекуі
329. Алғаш босанушы, жүктілік мерзіміне жеткен. Босану әрекетінің басталғанына 5 сағат болып, қағанақ суы кетуіне байланысты, қынаптық қаралды: 5 см ашық, қағанақ қуығы жоқ. Мұрын, ауыз, бет сызығы оң қиғаш өлшемде пальпациялануда. Иек сол жақ, алда. Босану жолын таңдаңыз:
A) Өзі қалыпты босануы жолымен босануы мүмкін
B) Кесар тілігі
C) Босануды нәрестені бөлшектеу отасымен аяқтау
D) Босану әрекетін қоздырып, қалыпты босану жолдарымен
E) Акушерлік ұйқы беру.
330. Әйел босану бөлмесінде, босануға дайын. Осы уақытқа дейін аналгезия немесе анестезия жасалған жоқ. Нәрестенің басы аралық деңгейінде тұр және әр күшенгенде көрінеді. Бұл жерде қандай анестезия жасауға болады:
А) жыныс нервінің блокодасы
B) Жұлын анестезиясы
C) Көктамыр ішіне морфин енгізу
D) Эпидуральді анестезия
E) Көктамыр ішілік наркоз
331. Жаңа туған баланы ерте емшекпен емізуге қарсы көрсету болып табылмайды:
А) босану кезіндегі оперативті шара
B) босанудың I және II кезеңдеріндегі босану күшінің тұрақты әлсіздігі
C) босану кезіндегі ауыр преэклампсия немесе эклампсия
D) босану кезіндегі көп мөлшерде қан кету
E) кез келген инфекциялық процестер
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 697 | Нарушение авторских прав
|