Тік ішек аурулары (12 тест)
1. Науқас 45 жаста. Ұзақ уақыт ішінде мезгіл-мезгіл ректальды қан кетуге шағымданады. Қан кету дефекация актісінен кейін пайда болады (түсі ал қызыл, қан аз мөлшерде – қағаздағы қан іздерінен бірнеше тамшыға дейін). Соңғы ай аралығында қан кету күшейген, әр үлкен дәрет сайын аздаған ал қызыл қан ағуымен көрінеді. Бұл аурудың морфологиялық көзі не болып табылады?
1.тік ішектің терминальды бөлімінің шырышасты қабатындағы кавернозды денелер
2. геморройдальді өрім веналарының варикозды кеңеюі
3. тік ішектің терминальды бөлімінің шырышасты қабатындағы артерио-венозды жыланкөздер
4. тік ішектің терминальды бөлімінің шырышасты қабатының ангиомасы
5. тік ішектің терминальды бөлімінің шырышасты қабатының телеангиоэктазиясы
2. Науқас 45 жаста. Ұзақ уақыт ішінде мезгіл-мезгіл ректальды қан кетуге шағымданады. Қан кету дефекация актісінен кейін пайда болады (түсі ал қызыл, қан аз мөлшерде – қағаздағы қан іздерінен бірнеше тамшыға дейін). Соңғы ай аралығында қан кету күшейген, әр үлкен дәрет сайын аздаған ал қызыл қан ағуымен көрінеді.зертеу жүргізгеннен кейін науқаста келесі көріністер анықталды: сыртқы геморроидальді түйіндері бар, күшенгенде қолмен жөндеуді қажет ететін ішкі түйіндердің түсуі. Ректоскопия жүргізгенде: ішкі түйіндер борпылдақ, эрозияланған. Басқа патология анықталмаған. Бұл аурудың даму сатысын анықтаңыз.
1. 1 саты
2. 2 саты
3. 3 саты
4. 4 саты
5. мәліметтер жеткіліксіз
3. Тік ішектің тілінуіне келесі симптомдар кешені тән:
1. дефекация кезінде күшейе түсетін, ішімдік пен ашты тағам қабылдаумен шақырылатын аналь аймағындағы аздаған ауырсыну, аналь аймағының қышуы, дефекация актісінен кейінгі қатты қан кету
2. дефекация актісінен кейінгі толық босамау сезімі, лента тәрізді қанға боялған нажіс, тенезма, тұрақсыз үлкен дәрет, шырыштың жиі бірреттік қою қанның бөлінуі
3. тұрақсыз үлкен дәрет, жамбас аймағындағы ауырлық сезімі, қою немесе ал қызыл қан аралас қалыпты конфигурациядағы нәжіс, «құмалақ нәжіс», іштің кебуі, жеңілдік әкелмейтін аздаған нәжіс
4. жиі сұйық үлкен дәрет, тенезма, қанды-шырышты бөліністер, кейде профузды іш өту, температуралық реакция болуы мүмкін.
5. дефекация актісінен кейінгі қатты ауырсыну, 2-3 тамшы мөлшерінде қан кету, үлкен дәретке барудан қорқу, созылмалы іш қату
4. Қатты жүдеген 40 жасар науқас 38°С температурамен және анустан қан кету, үлкен дәреттің 5 күн бойы болмауы, газдың шығарылмауы шағымдарымен ауруханаға түсті. Қарап тексеру кезінде: бауыр қабырға доғасының қырынан 7-8 см төмен, бұдырлы. Тік ішекті саусақпен тексеру кезінде анустан 4 см қашықтықта ұстағанда қансырайтын, тік ішек саңылауын толығымен жауып тұрған бұдырлы, тығыз ісік анықталды. Шат лимфа түйіндері ұлғайған. Қойылған диагноз – бауыр мен лимфа түйіндеріне метастазданған, өтімсіздік тудырған тік ішек қатерлы ісігі. Операцияның болжалды көлемі және неге таңдалғанын түсіндіріңіз:
1.нақты диагноз қою және биопсия алу үшін сынамалы лапаротомия
2.өтімсіздіктің болуын ескере отырып тік ішектің ішперде-шат аралық экстирпациясы
3. радикалды операциядағыдай сол жақты гемиколэктомия
4.берілген патологияның асқынғанын ескере отырып екі жақты сигмостомия
5.өтімісдікті ескере отырып тік ішектің алдыңғы резекциясы
5. 55 жастағы В. есімді науқасқа жедел түрде хирургиялық стационар жағдайында жедел іріңді парапроктитті ашу операциясы жүргізілді. Осы операциядан соң бір айдан кейін науқас артқы тесік аймағындағы ауырсыну, тік ішектен іріңді бөліністердің болуына шағымданып стационарға қайта келді. Науқасты ректальды зертеген кезде созылмалы парапроктит белгілері анықталған. Жедел парапроктиттің созылмалыға айналуына не себеп болды?
1.іріңнің ішекке өтуі
2.іріңнің аралас шел қабатына өтуі
3. іріңнің сыртқа шығуы
4. ішектен іріңдік қуысына апаратын ішкі тесіктің болуы.
5. ішкі тесіктің ішекке, ал сыртқы тесіктің теріге ашылған кезінде жыланкөздің түзілуі
6. Клиникаға 50 жастағы Х. есімді науқас геморроидальды түйіннің тромбозы клиникалық белгілерімен келіп түсті. Науқас стационарға госпитализацияланып, консервативті ем тағайындалды. Осы жағдайда неге оперативті емнің қарсы көрсеткіші бар?
1.Себебі өкпе артериясының эмболясына қауіпті
2.Себебі операция көлемді геморродиальды қан кетумен қауіпті
3.Себебі операйия қорытындысы аурудың асқыну кезіндегі жағдайынан қарағанда қауіптірек
4.Себебі операция жасалған жердің іріңдуімен қауіпті
5.Себебі рецидив кезінде асқыну тудыруы мүмкін
7. Ауруханаға А. есімді 45 жасар науқас мынадай шағымдармен келді: жамбас қуысындағы батып ауыру сезімі, дене температурасының 38-39°С-қа дейін көтерілуі, қызба, дизуриялық бұзылыстар. Артқы тесік аймағын тексергенде тері гиперемиясы анықталған жоқ. Тік ішекті саусақпен зерттегенде айдаршықты сызықтан жоғары ауырсыну және тіндердің инфильтрациясы байқалады. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Сіздің болжам диагнозыңыз?
1 Шат аралықтың тері астылық абсцесі
2. Ретроанальді абсцесс
3. Шырышасты абсцесі
4. Шонданайлы-тік ішекті абсцесс
5. Жамбасты тік ішекті абсцесс
8. Науқас К. 28 жаста. Шағымдары: тік ішектен мезгіл-мезгіл пайда болатын шырыш пен қанның бөлінуі, дефекация кезіндегі ауырсыну. 6 ай бойы ауырып жүр. Емханаға қаралған – геморройды емдген (науқасты ректальды зерттемеген). Тағайындалған ем көмектеспеді. Жүдей бастады. Іш кебуі, газдың нашар шығарылуы байқалады, нәжіс массаларының формасы өзгерген, тәбеті жақсы, бірақ үлкен дәрет ауырсынумен болғандықтан астан бас тартады. Науқаста ауру болуы мүмкін?
1. Проктосигмоидит
2. Геморрой
3. Тік ішектің талшықты ісігі
4. Тік ішектің қатерлі ісігі
5. Тік ішектің созылмалы тілігі
9. Емханаға 42 жасар М. есімді науқас мынадай шағымдармен келді: дефекация актісі кезіндегі аздаған ал қызыл қанның бөлінуімен қатар жүретін анус аймағындағы кенеттен, қатты ауырсыну сезімі. Қатты ауырсынуға байланысты науқаста «үлкен дәреттен қорқу» сезімі пайда болды. Болжам диагноздардың қайсысы дұрыс?
1. Тік ішектің қатерлі ісігі
2.Анальды өзектің тілігі
3. Сфинктерит
4. Тік ішек полипы
5. Геморрой
10. Клиникаға 45 жастағы М. есімді науқас алкогольдан қабылдағаннан кейін бір күн өткен соң геморродиальды қан кетідің күшеюіне шағымданып келді. Анамнезінде ұзақ уақыт геморроймен ауырыды. Кеше алкогольды қабылдаған соң қан кетудің күшеюі болған.Геморродиальды қан кетудің неге күшейгенін түсіндіріңіз:
1.Себебі созылмалы геморройдың асқынуы жүріп жатыр
2.Себебі алкаголь қабылдағаннан соң порталь ішілік қысым көтеріледі
3.Себебі алкаголь қабылдағаннан соң атериальдық қан қысым көтеріледі
4.Себебі алкоголь қабылдау ректосигмоидит асқынуына алып келеді
5.Себебі жиі сұйық нәжіс, тенезмдер геморройдың асқынуына және қан кетуге алып келеді
11. Емханаға 35 жасар В.есімді науқас мынадай шағымдармен келді: дефекация актісі кезінде күшейетін артқы тесік аймағындағы қатты ауырсынулар, дене температурасының 38°С-қа дейін көтерілуі. Қарап тексергенде: перианальды аймақта терісі гиперемияланған ауырсынатын инфильтрат, жергілікті гипертермия. Саусақпен тексеру кезінде инфильтрация айдарлы сызыққа дейін екені анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз.
1.теріастылық парапроктит
2.шырышастылық парапроктит
3.шонданайлы-тік ішекті парапроктит
4.жамбасты-тік ішекті парапроктит
5.ретроректальды парапроктит
12. Неліктен кез келген параректальды жыланкөздің хирургиялық емінде оның ішкі тетігін кескілеу керек?
1.Себебі қалдырылған ішкі тетік тік ішектің шырышты қабатының қабынуына алып келуі мүмкін
2.Себебі сақталынған ішкі тетік тік ішектің созылмалы ауруларының асқынуына алып келуі мүмкін
3.Себебі параректальды жыланкөздің сақталынған ішкі тетігі аурудың рецидивіне алып келуі мүмкін
4.Себебі қалдырылған ішкі тетік тік ішектің жарылуына алып келуі мүмкін
5.Себебі қалдырылған және көп сақталынған ішкі тетік қатерлі жаңа түзілістеге алып келуі мүмкін
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 2456 | Нарушение авторских прав
|