Г) эмоциональды сферамен
Д) ем сипатымен
197. Медициналық этика медицинаның қандай аспектін зерттейді?
А) деонтологиялық
Б) адамгершіліктік
В) профессиональды
Г) моральды-адамгершіліктік
Д) психологиялық
198. ”Психикалық желдету” әдісін науқасқа қолданғанда төменде аталған нәтижелердің қайсысына қол жеткізу маңыздырақ?
А) науқас шағымдарының сипатын анықтау
Б) ауру симптомдарын нақтылау
В) науқастың өзінің негізгі шағымдарын айтуға мүмкіндігі
Г) дәргердің синдром мен диагнозды құрастыру мүмкіндігі
Д) зерттеу және ем тағайындау
199. Науқас жан-жағына жалтақтайды, терезеден біреу шақырып тұр дейді, оларға жауап береді.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) рефлекторлы (функциональды) иллюзиялар
Б) шынайы есту галлюцинациялары
В) психосенсорлы бұзылыстар
Г) псевдоғаллюцинациялар
Д) парейдолиялық иллюзиялар
200. Истерия кезінде төменде аталған бұзылған сана синдромдарының қайсысы кездеседі?
А) делирий
Б) онейроид
В) аменция
Г) қаруытқан жағдай
Д) есеңгіреу
201. 16 жастағы боз бала үйінен шығуды қойды, мектепке бармайды, ешнәрсемен айналыспайды, шағымданбайды, өзін науқас деп санамайды. 8 сыныпқа дейін үздік оқыған, тәртіпті болған, ата-анасына жақын. 8 сыныптан бастап себепсіз дөрекіленді, тәртіпке көнбейді, оқуына қызығушылығын жоғалтты, қаңғырады, алкогольді шектен тыс қолданады. Ата-анасына суып кетті, немқұрайды, агрессивті.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) шизоидты психопатия
Б) тұрақсыз психопатия
В) истериялық психопатия
Г) қозғыш психопатия
Д) шизофрения
202. 80 жастағы науқас есте сақтау қабілетінің нашарлауына шағымданып түсті. Ұмытшақ, жақын уақыт аралығында болған оқиғаларды нашар есіне түсіреді. Сонымен қатар өзінің бұрынғы өткенін, соғыс жылдарының оқиғаларын ұсақ-түйегіне дейін жақсы есіне алады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) антероградты амнезия
Б) фиксациялық амнезия
В) ретроградты амнезия
Г) үдемелі амнезия
Д) конградты амнезия
203. Кандинский-Клерамбо синдромына ойлау бұзылысының төменде аталған бұзылыстарының қайсысы ТӘН?
А) мегаломаниялық сандырақ
Б) резидуальды сандырақ
В) өзін-өзі кінәлау сандырағы
Г) әсер ету сандырағы
Д) ұлылық сандырағы
204. 18 жастағы науқас дәрігермен әңгімелесу кезінде ата-анасына махаббат, үйірлік сезінетінін, және сонымен қатар мотивсіз ыза мен жеккөрініш сезімі бар екендігін айтады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) эмоциональды лабильділік
Б) рух әлсіздігі
В) амбиваленттілік
Г) дисфория
Д) амбитенденттілік
205. 28 жастағы науқас, алкоголизммен зардап шегеді, үш күндік салынып ішуден кейін үрей, мазасыздық сезінді. Ұйықтай алмайды, өйткені ұйқыға кетер сәтте “қорқынышты бейнелерді” көреді, олар “тыжыраяды, күледі”, “оған тілдерін көрсетеді”. Қорқыныштан көзін ашқанда «елестер» жоғалады. Көзін жаба салысымен “қорқынышты бейнелер”қайта пайда болады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) рефлекторлы (функциональдые) иллюзиялар
Б) гипнопомпиялық галлюцинациялар
В) оптикалық иллюзиялар
Г) гипногогиялық галлюцинациялар
Д) көру галлюцинациялары
206. 37 жастағы науқас, баяу ағымды шизофрениямен зардап шегеді, шаршағыштықпен қатар, әлсіздікке және “барлығына” қызығушылықтың төмендеуіне шағымданады, кезеңмен пайда болатын ”басының ішіндегі” аса жағымсыз сезімдерді байқайды. Алдымен күйдіру, артынан ”миындағы желмен үрлегендей желпу” сезімі пайда болады. Басының ішінде барлығы ”былқылдайды және қозғалады”.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) гипестезия
Б) сенестопатия
В) психосенсорлы бұзылыстар
Г) парестезиялар
Д) псевдогаллюцинациялар
207.37 жастағы науқас, ұзақ уақыттан бері алкогольді шектен тыс қолданады, кезекті салынып ішуден кейін өзін жайсыз сезінген. Үрейленіп, ұйықтай алмаған, пәтерде біреу жүрген тәрізді көрініп кезеңмен төсектен тұрып, бөлмеде ары-бері жүрген. Ас бөлмесіне кіргенде “бұрышта ұзын халат киген адамды анық” көрген. Оны шап беріп ұстап, халат ұстап тұрғанына көзі жеткен. Ызамен оны жерге лақтырып, ұйықтайтын бөлмеге кетті. Бөлмеде тұсқағаздардан гүлдер “өсіп, қозғала” бастағанын байқаған.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) көру иллюзиялары
Б) аффективті иллюзиялар
В) парэйдолиялық иллюзиялар
Г) гипнопомпиялық галлюцинациялар
Д) көру галлюцинациялары
208. 29 жастағы науқас, бірнеше жыл бұрын бас-ми жарақатын алған, кезеңмен пайда болатын қолдары “ұзарып, еденге дейін түсетін, басы ұлғайып, дәп қазір жарылатындай” сезімдерге шағымданады. Осы сезімдері өте айқын болуына қарамастан, науқас қолдары мен басының көлемдерінің қалыпты екенін көре біледі.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) деперсонализация
Б) дереализация
В) психосенсорлы бұзылыстар
Г) парэйдолиялар
Д) псевдоғаллюцинациялар
209. 30 жастағы науқас әйел, азпрогредиентті шизофренияға байланысты көп жылдар бойы ем қабылдаған, өзінің өзгергендігі сезіміне шағымданады. Өзін “өзін жоғалтқандай, ақымақтанып, сезім толықтығын жоғалтқандаймын” деп сипаттайды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) дереализация
Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 796 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
|