Жедел тонзиллит (ангина)
1. Жедел тонзиллиттің этиологиясы:
а) ішек таяқшалары
б) β-гемолитикалық стрептококк
в) саңырауқұлақтар
г) коринобактериялар
2. Жедел тонзиллиттің клиникалық белгілері:
а) дене қызуы көтеріледі, жұтынған кезде ауырсыну, бадамша бездері ісінеді және қызарады
б) дене қызуы көтеріледі, жұтқыншақтың шырышты қабықтары қызарады, құрғақ жөтел
в) дене қызуы көтеріледі, бас ауру, түшкіру, тамақтың жыбырлауы
г) дене қызуы көтеріледі, жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабығында қызғылт ұсақ дақтар (энантема)
3. Жедел тонзиллите қандай лимфа түйіндері ұлғаяды және ауырсынады?
а) қолтық
б) мойын
в) желке
г) жақ асты
4. Бадамша бездерінде сарғылт-ақшыл түсті іріңді қабық ангинаның қандай формасының клиникалық симптомы болып табылады?
а) катаралдық
б) лакунарлық
в) фолликулярлық
г) барлық жауаптар дұрыс
5. Жедел тонзиллиттің асқынуларына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) мойын лимфоаденит
б) пневмония
в) ревматизм
г) гломерулонефрит
6. Жедел тонзиллитте тамақты шаюға қолданылады, тек біреуінен басқалары:
а) 1:5000 фурациллин ерітіндісін
б) түймедақ қайнатпасын
в) 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісін
г) 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін
7. Жедел тонзиллитті емдеуінде қолданылады, тек біреуінен басқалары:
а) «Каметон»
б) «Сальбутамол»
в) «Ингалипт»
г) «Йокс»
8. Жедел тонзиллитті емдеуде қандай антибиотиктер қолданады, тек біреуінен басқалары:
а) ровамицин
б) аугментин
в) амоксициллин
г) рифампицин
9. Жедел тонзиллитті емдеуінде қолданылатын физиотерапия:
а) ультра күлгін сәулелер
б) электрофорез
в) парафин
г) амплипульс
Жіті бронхит
1. Жіті бронхиттің этиологиясы:
а) дәрі-дәрмектер
б) тағам аллергендер
в) вирустар, бактериялар
г) Кох таяқшалары
2. Жіті бронхиттің клиникалық белгілері:
а) ылғалды жөтел, кеуденің төменгі жағының ауырсынуы
б) дене қызуы көтеріледі, ылғалды жөтел, инспираторлық ентігу
в) үру тектес құрғақ жөтел, даусы өзгереді
г) құрғақ жөтел, дем алысы шулы, экспираторлық ентігу
3. Жіті бронхитте перкуссия өзгерістері:
а) өкпелік дыбыстың кораптық сарыны
б) перкуторлық дыбыс қысқарады
в) таза өкпе дыбысы
г) тимпаникалық дыбыс
4. Жіті бронхитте аускультация өзгерістері:
а) везикулярлық тыныс алу
б) дем шығаруда шашыраған көптеген құрғақ «музыкалық» сырылдар
в) тыныс алу әлсіз, тұрақты майда көпіршікті және крепитациялық сырылдар
г) ылғалды ірі және орташа көпіршікті сырылдар, симметриялы, жөтел соңынан азайып не жоғалады
5. Жіті бронхитте рентгенологиялық өзгерістері:
а) өкпенің керілуі
б) өкпеде ошақты және инфильтратты көлеңкелер
в) бронхоэктазиялар, бронхтардың деформациясы
г) өкпеде ошақты және инфильтративті өзгерістер болмайды
6. Жіті бронхиттің емдеуінде қолданылатын дәрі-дәрмектер:
а) амоксициллин, бромгексин
б) эуфиллин, супрастин
в) стрептомицин, эфедрин
г) ацикловир, аскорутин
7. Қақырық түсіретін дәрі-дәрмектерге, тек біреуінен басқалары:
а) ампициллин
б) амбробене
в) мукалтин
г) бромгексин
8. Жіті бронхитте постдуралдық массаж және вибромассаж қандай мақсатымен жүргізеді?
а) өкпенің қан айналымын жақсартады
б) қақырықтың түсуін жақсартады және бронхоспазм көріністерін азайтады
в) аурудың өршу жиілігін азайтады
г) жөтел ұстамаларын азайтады
9. Қай өсімдіктің қақырық шығаратын әсері бар?
а) жалбыз
б) қалақай
в) шалфей
г) алтей
10. Жіті бронхитте емдеуінде қолданылатын физиотерапия, тек біреуінен басқалары:
а) ультракүлгін сәулелері (УКС)
б) индуктотермия
в) парафинотерапия
г) ультра жоғары жиілікті (УЖЖ) электр өрісімен әсер ету
Жіті пневмония
1. Ерте жастағы балаларда жіті пневмонияның қай түрі жиі кездеседі?
а) крупоздық
б) сегментарлық
в) ошақты
г) интерстициалдық
2. Жіті пневмонияның этиологиясы:
а) стрептококтар, пневмококтар
б) тұрмыстық аллергендер
в) менингококтар
г) микобактериялар
3. Жіті ошақты пневмонияның клиникалық белгілері:
а) дене қызуы көтеріледі, дауыс қырылы, құрғақ запы қылатын жөтел
б) ұстамалы қинайтын жөтел, ысқырық тәрізді сырылдар алыстан естіледі, экспираторлық ентігу
в) дене қызуы көтеріледі, құрғақ жөтел, кеуденің төменгі жағының ауырсынуы
г) дене қызуы көтеріледі, ылғалды жөтел, ентігу, ерін-ауыз төңерегінде цианоз
4. Жіті ошақты пневмонияның перкуссия өзгерістері:
а) өкпелік дыбыстың кораптық сарыны
б) перкуторлық дыбыс қысқарады
в) таза өкпе дыбыс
г) тимпаникалық дыбыс
5. Жіті ошақты пневмонияда аускультация өзгерістері:
а) қатаң тыныс, сырылдар аз
б) ысқырықты сырылдар, дем шығаруда шашыраған көптеген құрғақ «музыкалық» сырылдар
в) тыныс алу әлсіз, крепитациялық немесе тұрақты ұсақ көпіршікті анық сырылдар
г) ылғалды ірі және орташа көпіршікті сырылдар, симметриялы, жөтел сонынан азайып не жоғалады
6. Пневмония диагнозын қою үшін қандай зерттеу жүргізеді?
а) урография
б) рентгенография
в) спирометрия
г) ультрадыбыспен зерттеу
7. Жіті ошақты пневмониядағы рентгенологиялық өзгерістері:
а) өкпеде инфильтративті өзгерістер болмайды
б) өкпеде ошақты және инфильтратты көлеңкелер
в) бронхоэктаздар, бронхтардың деформациясы
г) пневмосклероз, бронхоэктаздар
8. Жіті ошақты пневмонияда қан талдауындағы өзгерістері:
а) лейкопения, ЭТЖ төмендейді
б) эозинофилия, диспротеинемия
в) лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлайды
г) лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлайды
9. Жіті ошақты пневмонияның емдеуінде қолданылады?
а) антикоагулянттар
б) антибиотиктер
в) антиагреганттар
г) антидоттар
10. Антибиотиктерді қолданғанда дисбактериозды алдын алу үшін тағайындайды, тек біреуінен басқалары:
а) мезим форте
б) бифидумбактерин
в) хилак форте
г) линекс
Бронх демікпе
1. Бронх демікпенің этиологиясына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) өсімдік тозаңының аллергендері
б) жануарлар қайызғақтары мен түктері
в) Кох таяқшалары
г) тағамдық және дәрілік аллергендер
2. Бронх демекпесінің ұстамасы алдында клиникалық белгілер:
а) әлсіздік, тумау, бас ауру, тәбеттің төмендеуі
б) дауыс қырылы, үру тектес құрғақ жөтел
в) стридор, инспираторлық ентігу, жағымсыз қарқылды жөтел
г) мазасыздық, ринит, терінің аллергиялық өзгерістері, қышыма, түшкіру
3. Бронх демікпе ұстама кезіндегі клиникалық белгілер:
а) мазасыздық, ұйқының бөлінуі, ринит, терінің аллергиялық өзгерістері, қышыма, түшкіру
б) ұстамалы қинайтын жөтел, экспираторлық ентігу, дем алысы шулы, кеуденің аса кеңігені байқалады, жартымсыз, тұтқыр, әйнек тәрізді қақырық бөледі
в) мазасыздану, ұстамалы жөтел кенеттен басталады, үздіксіз жөтел, беті қызарады, көзінен жас ағады, жабысқақ жалғақ бөледі
г) дене қызуы көтеріледі, ылғалды жөтел, инспираторлық ентігу, кеуде қуысының төменгі қабырғасының ішке тартылуы, ерін-ауыз төңірігінде цианоз
4. Бронх демікпе ұстама кезіңдегі науқастың мәжбүрлі жағдайы:
а) науқас басын артқа шалқайтып, жатады
б) науқас басын шалқайтып, аяқтарын бауырына тартып, бүйірімен жатады
в) науқас отырады, аяқтары бүгілген
г) науқас кеудесін тік және иығын көтеріңкі ұстайды
5. Бронх демікпедегі перкуссия өзгерістері:
а) өкпелік дыбыстың кораптық үн
б) перкуторлық дыбыс қысқарады
в) тимпаникалық дыбыс
г) перкуторлық дыбыс өзгермейді
6. Бронх демікпеде аускультация өзгерістері:
а) ылғалды ірі және орташа көпіршікті сырылдар, жөтел соңынан азаяды
б) дем шығаруда шашыраған көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар
в) тұрақты ұсақ көпіршікті және крепитациялық сырылдар
г) шашырынды, симметриялы құрғақ сырылдар
7. Бронх демікпе асқынуылары:
а) эмфизема, пневмоторакс
б) жіті бронхит, бронхиолит
в) жіті ларингит, жіті стеноздық ларинготрахеит,
г) плеврит, пиопневмоторакс
8. Бронх демікпе ұстама кезінде қолданатын дәрі-дәрмектер, тек біреуінен басқалары:
а) преднизолон
б) эуфиллин
в) сальбутамол
г) этамбутол
9. Бронх демікпе ұстамасында ингаляциялық дәрілерде қалай қолданады?
а) мундшук арқылы
б) аэрозольді маска арқылы
в) небулайзер арқылы
г) барлық жауаптар дұрыс
6. Іштен біткен жүрек ақаулары
1. Іштен біткен жүрек ақауларының пайда болу себептері:
а) радиация
б) қызамық
в) маскүнемдік
г) барлық жауаптар дұрыс
2. Кіші қанайналыс шеңберіне ауыртпалық түсіретін іштен біткен жүрек ақауы:
а) тетрада Фалло
б) ашық артериалдық (Боталдық) өзек
в) өкпе артериясының стенозы
г) қолқа коарктациясы
3. Кіші қанайналыс шеңберіне ауыртпалық түсіретін іштен біткен жүрек ақауы:
а) тетрада Фалло
б) өкпе артериясының стенозы
в) қолқа коартациясы
г) жүрекшеаралық перденің дефекті
4. Кіші қанайналыс шеңберіне ауыртпалық түсіретін іштен біткен жүрек ақауларына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) ірі тамырларының толық транспозициясы
б) өкпе артериясының стенозы
в) қарыншааралық перденің дефекті
г) жүрекшеаралық перденің дефекті
5. Кіші қанайналыс шеңберіне қанның аз келуімен сипатталатын іштен біткен жүрек ақауы:
а) өкпе артериясының стенозы
б) ірі тамырларының толық транспозициясы
в) қолқа коарктациясы
г) ашық артериалдық өзек
6. Ірі тамырлардың толық транспозициясында:
а) қолқа мен өкпе артерияның арасында өзек
б) қолқа оң қарыншадан, ал өкпе артериясы сол қарыншадан шығады
в) қолқа сол қарыншадан, ал өкпе артериясы оң қарыншадан шығады
г) қолқа және өкпе артерияның стенозы
7. Қолқа коартациясы ақауы гемодинамика бұзылыстарына қарай іштен біткен жүрек ақаулардың қандай тобына жатқызады?
а) кіші қанайналыс шеңберіне ауыртпалық түсіретін іштен біткен жүрек ақауы
б) кіші қанайналыс шеңберіне қанның аз келуімен сипатталатын іштен біткен жүрек ақауы
в) үлкен қанайналыс шеңберіне қанның аз келуімен сипатталатын іштен біткен жүрек ақауы
г) гемодинамика бұзылыстарынсыз
8. Саусақтары мен башпайларының ұшы домбығып, тырнақтары көгеріп және «сағат әйнегі» тәрездес томпаюы қандай іштен біткен жүрек ақауының клиникалық белгілері?
а) ашық Боталдық өзек
б) декстракардия
в) қолқа коарктациясы
г) тетрада Фалло
9. Іштен біткен жүрек ақауларының диагностикасына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) электрокардиография
б) фонокардиография
в) эхокардиография
г) эхоэнцефалография
10. Іштен біткен жүрек ақауларының негізгі емі:
а) амбулаторлық ем
б) хирургиялық ем
в) паллиативтік ем
г) санаторлық ем
7. Ревматикалық қызба
1. Ревматикалық қызбаның этиологиясы:
а) β-гемолитикалық стрептококтар А тобы
б) алтын түсті стафилококтар
в) пневмококтар
г) вирустар
2. Ревматикалық қызбаның рецидивтері қандай аурулардан кейін болады?
а) гипотрофия, мешел
б) цистит, пиелонефрит
в) ангина, гайморит
г) анемия, гастрит
3. Ревматикалық қызба ауруында зақымдалады:
а) трахея, бронхтар, өкпе
б) жүрек, буындар, жүйке жүйесі
в) бұлшық еттер, сүйектер, шеміршектер
г) өнеш, асқазан, ішектер
4. Ревматикалық қызбадағы полиартриттің ерекшеліктері:
а) ірі және майда буындар қабынады, симметриясыз зақымдайды
б) ірі буындар қабынады, олардың симметриялы зақымдануы, буындардың қабынуы артынан ешқандай өзгерістер болмайды
в) ірі буындар қабынады, буындарда тұрақты деформациялар байқалады
г) майда буындар қабынады, буындарда тұрақты деформациялар байқалады
5. Кіші хореяда қандай жүйе зақымдалады?
а) жүрек-тамыр
б) сүйек-буын
в) тыныс алу
г) жүйке
6. Кіші хореяның негізгі клиникалық белгілері:
а) гипокинезия, гипотензия, гипотермия
б) гиперкинездер, гиподинамия, гипорефлексия
в) гипертонус, гиперрефлексия, гиперемия
г) гиперестезия, гипертермия, гипертензия
7. Ревматикалық қызбадағы қан талдауындағыөзгерістері:
а) лейкоцитоз, ЭТЖ артуы
б) лейкоцитоз, ЭТЖ төмендейді
в) лейкопения, ЭТЖ қалыпты
г) лейкопения, ЭТЖ төмендейді
8. Ревматикалық қызбадағы қан биохимиялық өзгерістері:
а) АЛТ, АСТ белсенділігі артады
б) холестерин деңгейі артады
в) С-реактивті ақуыздың шығады
г) фибриноген деңгейі төмендейді
9. Ревматикалық қызбада қандай аспаптық зерттеу жүргізеді, тек біреуінен басқалары?
а) фонокардиография
б) электрокардиография
в) эхокардиография
г) электромиография
10. Ревматикалық қызбадағы полиартритте тағайындайды:
а) диклофенак
б) дицинон
в) диакарб
г) дигоксин
11. Ревматикалық қызбаның емдеуінде қолданатын антибиотиктер:
а) полимиксин, левомецитин
б) нистатин, леворин
в) пенициллин, бициллин
г) стрептомицин, рифампицин
12. Хорея емдеуінде қолданылады:
а) бром препараттары
б) калий препараттары
в) кальций препараттары
г) магний препараттары
13. Ревматикалық қызба емдеуінде қандай дәрі-дәрмектер қолданылады?
а) антибиотиктер
б) глюкокортикоидтар
в) стероидті емес қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер
г) барлық жауаптар дұрыс
14.Ревматикалық қызба ауруының алдын алу үшін қандай дәрі-дәрмектер тағайындайды?
а) бициллин, ацетилсалицил қышқылы
б) пенициллин, салицил қышқылы
в) бициллин, аскорбин қышқылы
г) ампициллин, никотин қышқылы
15. Ревматикалық қызбаның емдеу сатыларын белгілеңіз:
а) емхана – санаторий - аурухана
б) диспансер - санаторий
в) аурухана – емхана - санаторий
г) аурухана – санаторий - курорт
Гельминтоздар
1. Аскаридалар, острицалар қандай құрттарға жатады?
а) таспа
б) қан сорғыш
в) жұмыр
г) бауыр сорғыш
2. Аскаридалар ас қорыту аппаратында қанша уақыт тіршілік етеді:
а) 1 жыл
б) 2 жыл
в) 3-4 апта
г) 7-8 апта
3. Аскаридоз ауруының негізгі клиникалық белгілері:
а) дене қызуы көтерілуі, тәбеттің төмендеуі, іштің ауруы, лоқсу
б) тәбеттің төмендеуі, құсу, іштің ауруы, диарея, метеоризм
в) тәбеттің төмендеуі, іштің толғақ тәрізді ауруы, перианалдық аймағының қышуы
г) тәбеттің төмендеуі, кіндік айналасындағы толғақ тәрізді іштің ауруы, сілекейдің ағыуы, іштің өтуі немесе қатуы
4. Аскаридоз ауруының диагностикасы:
а) нәжісті жұмыр құрттарға зерттеу
б) нәжісті бактериологиялық зерттеуге алу
в) перианалдық қатпарлардан қырын алу
г) нәжісті копрограммаға алу
5. Гельминтерге қарсы дәрі-дәрмектерге жатады, тек біреуінен басқалары:
а) пиперазин
б) пирантел
в) пирацетам
г) вермокс
6. Энтеробиоздың этиологиясы:
а) власоглав
б) острица
в) аскарида
г) лямблия
7. Острицалар өсіп-өнеді:
а) асқазанда
б) асқазан мен он екі елі ішекте
в) аш ішек пен тоқ ішектің төменгі бөлігінде
г) өт жолдарында
8. Острицалар ас қорыту аппаратында қанша уақыт тіршілік етеді:
а) 1 жыл
б) 5 жыл
в) 5-6 апта
г) 3-4 апта
9. Энтеробиоздың негізгі клиникалық белгілері:
а) тәбеттің төмендеуі, әлсіздік, іштің ауруы, бауырдың ұлғаюы
б) тәбеттің төмендеуі, құсу, диарея, нәжісте қан болуы
в) тәбеттің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы, іштің толғақ тәрізді ауруы, перианалдық аймағының қышынуы
г) тәбеттің төмендеуі, мазасыздану, құсу, диарея
10. Энтеробиозға тән:
а) аутоинфекция
б) аутореинвазия
в) аутоинвазия
г) аутоаллергия
11. Энтеробиоз ауруының диагностикасы:
а) нәжісті копрограммаға алу
б) нәжісті бактериологиялық зерттеуге алу
в) перианальді қатпарлардан қырын алу
г) нәжісті жұмыр құрттаға зерттеу
12. Гельминтоздарды алдын алу шараларына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) жеміс-жидек, көкөністерді қолданатын алдында жуу
б) жеке және қоғамдық гигиена сақтау
в) жеке тұлғаларды зерттеу
г) шынықтыру, тиімді тамақтану
9. Теміртапшылық анемия
1. Теміртапшылық анемияның себебіне жатады, тек біреуінен басқалары:
а) шала туылу, көп ұрықты жүктілік, жүктілік кездегі анемия
б) қансырау, гельминтоздар
в) витамин D жетіспеушілігі
г) темір, ақуыз, витаминдердің тамақпен жеткіліксіз түсуі
2. Теміртапшылық анемияның белгілеріне жатады, тек біреуінен басқалары:
а) тәбеті төмендейді, құсу, тері және шырышты қабықтары сарғаяды, бауыр ұлғаяды
б) шаш құрғақ және сынғыш, тырнақтар ойықтанады
в) систолық шу, қан қысымы төмендейді, бауыр және көкбауыр ұлғаяды
г) тәбеті төмендейді, бор, топырақ, шикі қамыр жегісі келеді
3. Теміртапшылық анемия жеңіл дәрежесіндегі қан талдау көрсеткіштері:
а) эритроциттердің саны 3,5-3,0∙1012 /л, гемоглобин 90-100 г/л
б) эритроциттердің саны 2,5∙1012 /л төмен, гемоглобин 70 г/л төмен
в) эритроциттердің саны 3,0-2,5∙1012 /л, гемоглобин 70-90 г/л
г) эритроциттердің саны 4,5-4,0∙1012 /л, гемоглобин 120-140 г/л
4. Теміртапшылық анемия орташа дәрежесіндегі қан талдау көрсеткіштері:
а) эритроциттердің саны 2,5∙1012 /л төмен, гемоглобин 70 г/л төмен
б) эритроциттердің саны 3,5-3,0∙1012 /л, гемоглобин 90-100 г/л
в) эритроциттердің саны 3,0-2,5∙1012 /л, гемоглобин 70-90 г/л
г) эритроциттердің саны 4,5-4,0∙1012 /л, гемоглобин 120-140 г/л
5. Теміртапшылық анемия ауыр дәрежесіндегі қан талдау көрсеткіштері:
а) эритроциттердің саны 3,5-3,0∙1012 /л, гемоглобин 90-100 г/л
б) эритроциттердің саны 4,5-4,0∙1012 /л, гемоглобин 120-140 г/л
в) эритроциттердің саны 3,0-2,5∙1012 /л, гемоглобин 70-90 г/л
г) эритроциттердің саны 2,5∙1012 /л төмен, гемоглобин 70 г/л төмен
6. Теміртапшылық анемия ауруында қан талдауындағы өзгірістері:
а) эритроцитоз
б) лейкопения
в) эритоцитопения
г) тромбоцитопения
7. Темірге бай тағамдарға жатады:
а) апельсин, мандарин, өрік
б) сүт, айран, ірімшік
в) түйнек, орамжапырақ, қияр
г) бауыр, жұмыртқаның сарысы, сиыр еті
8. Теміртапшылықанемияның негізгі емі:
а) темір препараттары
б) кальций препараттары
в) калий препараттары
г) бром препараттары
9. Темірдің сіңірілуін жақсартатын витамин:
а) фолий қышқылы
б) глутамин қышқылы
в) аскорбин қышқылы
г) цианокобаламин
Гемофилия
1. Гемофилия қандай ауру?
а) инфекциялық-аллергиялық ауру
б) отбасылық бейімі бар ауру
в) х-доминанты қиылыса берілетін іштен болатын ауру
г) х-рецессивті қиылыса берілетін іштен болатын ауру
2. Гемофилия ауруында қанаққыштық не себептен болады?
а) плазмалық факторлардың коагуляциялық (қан ұю) белсенділігінің кемуі
б) тромбоцитарлық қан ұйыту факторлардың белсенділігінің кемуі
в) тромбоциттердің санының азаюы
г) антикоагулянттардың жетіспеушілігі
3. Гемофилияның негізгі клиникалық симптомдары:
а) теріде және шырышты қабығында қанталау өзінен-өзі пайда болады, мұрынан қан ағады, көкбауыр ұлғаяды
б) теріде симметриялы қанталау, буындық синдром, іші қатты ауырады
в) тері және шырышты қабықтары бозарады, бауыр ұлғаяды
г) теріде гематома, гемартроз, қан ұю мерзімі ұзарады
4. Гемартроз қандай аурудың клиникалық көрінісі?
а) анемия
б) гемофилия
в) тромбоцитопениялық пурпура
г) геморрагиялық васкулит
5. Гемофилия ауруында қан өзгерістері:
а) қан ұю мерзімі ұзарады
б) тромбоциттердің саны азаяды
в) эритроциттердің саны азаяды
г) қан ағу уақытының артуы
6. А-Гемофилияның негізгі емі:
а) ІХ-факторы бар таза плазма
б) дицинон
в) VІІІ-фактор преципитат
г) гепарин
11. Тромбоцитопениялық пурпура
1. Тромбоцитопениялық пурпураның этиологиясы:
а) бактериялдық инфекция
б) радиация
в) кандидалар
г) вирустық инфекция
2. Тромбоцитопениялық пурпураның көрнекті сипаты:
а) симметриялы, қайталап шығу, гепарин қолданғанда жоғалуы
б) полихромдық, полиморфтық, симметрия сақталмауы, бірден өзінен-өзі пайда болуы
в) симметриясыз шығу, қышыну, диета бұзғанда қайтадан шығу
г) жарақат алғаннан кейін шығу, күшті ауырсыну, ұзақ уақыт қайытпау
3. Тромбоцитопениялық пурпурада қандай мүше ұлғаяды?
а) бауыр
б) шеткі лимфа түйіндері
в) көкбауыр
г) ішкі лимфа түйіндері
4. Тромбоцитопениялық пурпурада қан талдауындағы өзгерістері:
а) тромбоциттердің саны көбейеді
б) эритроциттердің саны азаяды
в) тромбоциттердің саны азаяды
г) лейкоциттердің саны көбейеді
5. Тромбоцитопениялық пурпураның емдеуінде қолданатын дәрі-дәрмектер:
а) дицинон, эпсилон-аминокапрон қышқылы
б) гемофер, тардиферон
в) гепарин, трентал
г) винкристин, рубомицин
6. Тромбоцитопениялық пурпурада қанаққыштық жүргізілген емге бой бермесе қандай операция жасайды?
а) аппендэктомия
б) холецистоэктомия
в) спленэктомия
г) аденомэктомия
12. Геморрагиялық васкулит
1. Геморрагиялық васкулиттің геморрагиялық бөртпелердің (қанталау) ерекшеліктері:
а) аяқтан басталып, симметриялы жоғары көтеріледі, гепарин қолданғанда жоғалады, қайталап шығады
б) теріде қанталау бөртпелер өзінен-өзі пайда болады, симметриясыз шығады
в) жарақат алғаннан кейін шығады, ұзак уақыт жазылмайды
г) симметриясыз шығады, қышынады, диета бұзғанда қайталап шығады
2. Геморрагиялық васкулиттің буындық синдромның белгілері:
а) ірі буындар ісінеді, ауырсынады, симметриясыз зақымданады, буындарда тұрақты өзгерістер болмайды
б) буындарға қан құйылады, симметриясыз зақымданады, ісінеді, ауырсынады, буындар қозғалмайды
в) майда буындар ісінеді, ауырсынады, симметриялы зақымдайды, буындарда тұрақты өзгерістер болмайды
г) майда буындар ісінеді, ауырсынады, тұрақты деформациялар
3. Геморрагиялық васкулиттің ауыр асқынуы:
а) жүрек-тамыр жетіспеушілігі
б) бүйрек үсті бездің жетіспеушілігі
в) бүйрек жетіспеушілігі
г) тыныс алу жетіспеушілігі
4. Геморрагиялық васкулиттің негізгі емі:
а) гепарин
б) дицинон
в) викасол
г) адроксон
Жіті лейкоз
1. Жіті лейкоздың этиологиясына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) радиация
б) онковирустар
в) химиялық концерогендер
г) энтеровирустар
2.Жіті лейкоздың клиникалық белгілеріне жатады, тек біреуінен басқалары:
а) гемартроз, гематома
б) сүйектер, буындар және омыртқа ауырсынады
в) пурпура, мұрынан қан ағады
г) шеткі лимфа түйіндері, бауыр және көкбауыр ұлғаяды
3. Жіті лейкоздың диагностикасы:
а) стерналдық пункция
б) буын пункциясы
в) плевралдық пункция
г) люмбалдық пункция
4. Жіті лейкоз ауруындағы қан өзгерістеріне жатады, тек біреуінен басқалары:
а) бласт жасушалар
б) нейтропения
в) тромбоцитопения
г) тромбоцитоз
5. Жіті лейкоздың негізгі емі:
а) антибиотикотерапия
б) полихимиотерапия
в) поливитаминотерапия
г) фитотерапия
6. Жіті лейкоздың емдеуінде трансплантация жүргізеді:
а) бауырдың
б) көкбауырдың
в) сүйек миының
г) бүйректің
7. Лейкоз ауруында науқас балаға қарсы көрсетілген:
а) физиотерапия
б) монша
в) инсоляция
г) барлық жауаптар дұрыс
Жіті пиелонефрит
1. Жіті пиелонефрит аурудың этиологиясы:
а) Кох таяқшалары
б) ішек таяқшалары
в) Борде-Жангу таяқшалары
г) Леффлер таяқшалары
2. Жіті пиелонефрит ауруында инфекция қандай жолмен бүйрекке түседі, тек біреуінен басқалары:
а) нейрогендік
б) уриногендік
в) гематогендік
г) лимфогендік
3. Жіті пиелонефриттің клиникалық белгілері және зертханалық өзгерістері:
а) ісіну, гипертензия, олигоурия, протеинурия, гематурия
б) полидипсия, полифагия, полиурия, глюкозурия
в) анасарка, анурия, протеинурия, гематурия
г) дизурия, белінің ауыруы, лейкоцитурия, бактериурия
4. Жіті пиелонефрит ауруында қандай симптом анықталады?
а) Брудзинский
б) Кернига
в) Пастернацкий
г) Кера
5. Жіті пиелонефриттің несептегі өзгерістері:
а) бактериурия, лейкоцитурия
б) протеинурия, гематурия
в) глюкозурия, кетонурия
г) аминоацидоурия, цилиндрурия
6. Жіті пиелонефрит ауруының диагностикасында қандай аспаптық зертеулер жүргізеді?
а) флюрография, томография
б) электрокардиография, фонокардиография
в) экскреторлық урография, ультрадыбыспен зерттеу
г) холецистография, холеграфия
7. Жіті пиелонефрит аурудың асқынуылары:
а) гипертониялық криз, эклампсия
б) асцит, гидроторакс
в) бүйректегі абцесс, паранефрит
г) гломерулонерит, жіті бүйрек жетіспеушілігі
8. Жіті пиелонефриттің емдеуінде қолданылады:
а) аугментин, бромгексин, мукалтин, парацетамол
б) ампициллин, невиграмон, нитроксолин, фурадонин
в) амоксициллин, фуросемид, папаверин, гепарин
г) пенициллин, бициллин, супрастин, аспирин
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 1431 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 |
|