Жіті гломерулонефрит
1. Жіті гломерулонефритте не қабынады?
а) несеп шығаратын канал және құық
б) бүйрек шумақтары
в) несепағары
г) астаушы және тостағанша жүйесі
2. Жедел гломерулонефриттің этиологиясы:
а) β-гемолитикалық стрептококк
б) вирус инфекциялар
в) дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциялар
г) барлық жауаптар дұрыс
3. Жедел гломерулонефрит қандай аурулардан кейін дамуы мүмкін?
а) мешел, анемия
б) аскаридоз, энтеробиоз
в) ангина, күл (скарлатина)
г) уретрит, цистит
4. Жіті гломерулонефриттің клиникалық белгілері және зертханалық өзгерістері:
а) ісіну, гипертензия, олигоурия, протеинурия, гематурия
б) полидипсия, полифагия, полиурия, глюкозурия
в) іштің ауруы, энурез, никтурия
г) Пастернацкий симптомы оң, дизурия, лейкоцитурия, бактериурия
5. Жіті гломерулонефриттегі несеп өзгерістері:
а) лейкоцитурия, бактериурия
б) глюкозурия, кетонурия
в) гиперфосфатурия, гиперкальциурия
г) гематурия, протеинурия
6. Жіті гломерулонефриттің симптомы:
а) энурез
б) никтурия
в) олигоурия
г) полиурия
7. Жіті гломерулонефритте несептің түсі:
а) ашық-сары
б) қызыл
в) ақшыл
г) сыра түсті
8. Жіті гломерулонефрит аурудың асқынуларына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) жедел бүйрек жетіспеушілігі
б) бүйректегі абцесс
в) эклампсия
г) жедел жүрек жетіспеушілігі
9. Жіті гломерулонефритте қандай диета тағайындалады?
а) №5 диета
б) №7 диета
в) №1 диета
г) №10 диета
10. Жіті гломерулонефритте ісіну кезіңде тағайындалады:
а) фуросемид
б) фурацилин
в) фурагин
г) ферамид
11. Жіті гломерулонефриттің емдеуінде қандай дәрі-дәрмектер қолданылады?
а) аугментин, амбробене, мукалтин, панадол
б) цефазолин, бисептол, нитроксолин, фурагин
в) амоксициллин, фуросемид, эналаприл, преднизолон
г) пенициллин, диклофенак, анальгин, преднизолон
12. Жіті гломерулонефритпен ауырған баланың диспансерлік бақылауын кім жүргізеді?
а) педиатр, ревматолог
б) педиатр, нефролог
в) педиатр, невропатолог
г) педиатр, эндокринолог
16. Қант диабеті
1. Қант диабетте қандай гормонның жетіспеушілігі байқалады?
а) окситоцин
б) тироксин
в) глюкагон
г) инсулин
2. Инсулин гормонының физиологиялық маңызы қандай?
а) жасушалардың қантты пайдалануына әсер етеді
б) бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді
в) көмірсулардың майға айналуына әсер етеді
г) барлық жауаптар дұрыс
3. Қант диабетінің себептері:
а) тұқым қуалаушылық
б) эпидемиялық паротит, қызылша
в) стресс, физикалық жарақаттар
г) барлық жауаптар дұрыс
4. Қант диабетінің клиникалық белгілері:
а) полидипсия, полиурия, полифагия, тым жылдам салмақты жоғалту
б) полифагия, дене салмағының артық болуы
в) полидипсия, ісіну, олигоурия, тым жылдам салмақты қосу
г) полифагия, полифекалия, тым жылдам салмақты жоғалту
5. Қант диабетінің клиникалық белгілеріне, тек біреуінен басқалары:
а) олигоурия
б) полифагия
в) полидипсия
г) полиурия
6. Қант диабет ауруының симптомы:
а) анурия
б) дизурия
в) олигоурия
г) полиурия
7. Қант диабетіндегі объективті өзгерістері:
а) тері және шырышты қабықтары құрғақ, тіл құрғақтығы, қышыма
б) тері және шырышты қабықтары бозарады, құрғақтанады, түлейді
в) тері гиперемиясы, құрғақ экзема, гнейс
г) тері және шырышты қабықтары сарғаяды, қышынады
8. Қант диабетінде қандай аурулар дамуы мүмкін?
а) фурункулез
б) пиодермия
в) вульвовагинит
г) барлық жауаптар дұрыс
9. Қалыпты жағдайда қандағы глюкоза деңгейі:
а) 11,1 ммоль/л
б) 7,8 ммоль/л
в) 5,5 ммоль/л
г) 2,2 ммоль/л
10. Қант диабетіндегі қан өзгерісі:
а) гипергликемия
б) гиперкальциемия
в) гиперкалиемия
г) гиперкапния
11. Қант диабеттегі несеп өзгерісі:
а) протеинурия
б) лейкоцитурия
в) глюкозурия
г) гематурия
12. Қант диабетінде қандай диета тағайындалады?
а) №7
б) №9
в) №5
г) №10
13. Қант диабетінің негізгі емі:
а) полихимиотерапия
б) ферментотерапия
в) антибиотикотерапия
г) инсулинотерапия
14. Инсулинді қалай енгізеді?
а) тері астына
б) тері ішіне
в) бұлшық етке
г) ауыз қуыс арқылы
15. Инсулин енгізгеннен кейін науқас баланы тамақтандырады:
а) 1 сағаттан кейін
б) 20 минут кейін
в) 40 минуттан кейін
г) 2 сағаттан кейін
Туберкулез
1. Туберкулез ауруының этиологиясы:
а) ішек таяқшалары
б) Кох таяқшасы
в) пневмококтар
г) Леффлер таяқшасы
2. Туберкулез ауруында инфекция қандай жолмен таралады, тек біреуінен басқалары:
а) парентералды
б) тағамдар арқылы
в) ауа-шаң
г) ауа-тамшы
3. Туберкулез ауруының пайда болуына қандай факторлар себепкер болады?
а) жиі және ұзақ уақыт тыныс алу жолдарының аурулары
б) БЦЖ вакцинация және ревакцинация қабылдамау
в) ұзақ уақыт гормондар қабылдау
г) барлық жауаптар дұрыс
4. Туберкулездік интоксикация жатады,тек біреуінен басқалары:
а) терлеуіштік
б) субфебрилитет
в) тәбетініңтөмендеуі
г) тәбетінің жоғарлауы
5. Балалар арасында қандай туберкулезді клиникалық нысандар жиі кездеседі?
а) өкпенің туберкулез ісігі, өкпенің шоғырлы туберкулезі
б) бастапқы туберкулез кешені, туберкулездік бронхоаденит
в) ми қабықшалары мен орталық жүйке жүйесінің туберкулезі
г) өкпенің уялы туберкулезі, көмей туберкулез
6. Туберкулезде қандай аспаптық зерттеу жүргізеді, тек біреуінен басқалары?
а) флюрография
б) фонокардиография
в) рентгенография
г) бронхография
7. Туберкулез ауруында бактериологиялық зерттеуге алады:
а) қақырық
б) несеп
в) бронх жуған суын
г) барлық жауаптар дұрыс
8. DOTS стратегияның қағидаларына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) химиотерапиялық ем қатаң бақылаумен жүргізу
б) науқастардың ем қатегориясына сәйкес, барлық дәрілерді және толық мөлшерде қабылдауды қатаң сақтау
в) ем схемасының ұзақтылығын сақтау
г) химиотерапиялық дәрі-дәрмектерді науқас өз бетінше қабылдау
9. Туберкулез ауруының химиотерапияда қолданатын дәрі-дәрмектер:
а) изониазид, рифампицин, стрептомицин
б) изадрин, рубомицин, спирамицин
в) изоланид, эритромицин, стрептоцид
г) изоконазол, ровомицин, пенициллин
10. Химиялық алдын алуын қандай балаларға жүргізеді?
а) дені сау балаларға
б) туберкулезбен ауырған балаларға
в) туберкулезбен аурумен қарым-қатынас болған балаларға
г) барлық жауаптар дұрыс
11. Химиялық алдын алудағы негізгі дәрі-дәрмек:
а) рифампицин
б) пиразинамид
в) стрептомицин
г) изониазид
Иммунды алдын алу
1. Иммунизация - халықты неден қорғайды:
а) басқарылатын инфекциялардан
б) аса қауіпті инфекциялардан
в) ішек инфекциялардан
г) саңырауқұлақтар тұғызатын аурулардан
2. Вакцина енгізгеннен кейін қандай асқынулар болуы мүмкін?
а) миокардит, жүре пайда болған жүрек ақаулар
б) гастрит, холецистит, панкреатит
в) ревматизм, гломерулонефрит, пиелонефрит
г) токсикалық, аллергиялық (жалпыжәнежергілікті), энцефалитикалық
3. Қанша сағаттан кейін Манту сынама нәтижесін тексереді?
а) 12 сағат
б) 24 сағат
в) 30 минут
г) 72 сағат
4. Манту сынамасы оң деп саналады, егер:
а) инфильтраттың диаметрі 15 мм және одан жоғары
б) инфильтрат (папула) диаметр 2-4 мм
в) инфильтрат (папула) диаметрі 5 мм және одан жоғары
г) инфильтрат (папула) немесе гиперимия мүлдем жоқ
5. БЦЖ вакцинаны қалай енгізеді және оның мөлшері?
а) 0,1 мл тері астына
б) 0,1 мл тері ішіне
в) 0,1 мл бұлшық етке
г) 0,5 мл тері астына
6. БЦЖ ревакцинациясын жасайды, егер Манту сынамасының нәтижесі:
а) оң болса
б) күмәнді болса
в) теріс болса
г) гиперергиялық реакция болса
7. БЦЖ вакцинасын енгізгеннен кейін екпе серпілістерін белгілеңіз:
а) гиперимия, инфильтрат, суық абцесс, келлоидті тыртық
б) гиперимия, инфильтрат, везикула (пустула), тыртық
в) жара 10 мм үлкен, суық абцесс, келлоидті тыртық
г) гиперимия, ісіну, ауырсыну, жара, тыртық
8. Қызылша, қызамыққа, паротитке қарсы қандай вакцина енгізеді және оның мерзімі?
а) ККП V - 1 жаста, RV - 15 жаста
б) АbКДС V - 1 жаста, RV - 16 жаста
в) ИПВ V1перзентханада, V2 - 2 айда, V3 - 4 айда
г) ККП V – 12-15айда, RV- 6 жаста
9. Қызылша, қызамыққа, паротитке қарсы вакцинаны қалай енгізеді және оның мөлшері?
а) 0,1 мл тері ішіне
б) 0,5 мл бұлшық етке
в) 0,5 мл тері астына
г) 4 тамшы ауыз қуысына
10. Қызылша, қызамыққа, паротитке қарсы вакцина (ККП вакцина) енгізгеннен кейінгі асқынуы:
а) анафилактикалық шок
б) лимфа түйіндерінің ұлғаюы
в) артралгия
г) тырыспа
11. АбКДС, АДС-М вакциналарды қалай енгізеді және оның мөлшері?
а) 2 тамшы ауыз қуысына
б) 0,5 мл бұлшық етке
в) 0,1 мл тері ішіне
г) 0,5 мл тері астына
12. АbКДС, АДС-М вакциналарын енгізу мерзімі:
а) АbКДС: V1 - 2 айда, V2 - 3 айда, V3 - 4 айда, RV1- 18 айда, RV2 - 6 жаста, АДС-М: RV3- 16 жаста
б) АbКДС: V1 перзентханада, V2 - 2 айда, V3 - 4 айда, RV1- 2 жаста, RV2- 8 жаста, АДС-М: RV3 - 15 жаста
в) АbКДС: V1 - 1 жаста, V2 - 3 жаста, V3 - 4 жаста, RV1- 5 жаста, RV2- 8 жаста, АДС-М: RV3 - 18 жаста
г) АbКДС: V1 - 2 айда, V2 - 3 айда, V3 - 4 айда, RV1- 1 жаста
13. Полимиелитке қарсы кандай вакцина енгізеді және оның мерзімі?
а) ОПВ V1 - 2 айда, V2 – 3 айда, V3 – 4 айда
б)ИПВ V1 - 2 айда, V2 - 3 айда, V3 - 4 айда, ОПВ RV1 - 12-15 айда, ИПВ RV2 - 18 айда
в) ОПВ V1 - 1 жаста, V2 - 3 жаста, ИПВ V3 – 4 жаста
г) ИПВ V1перзентханада, V2 - 2 айда, V3 - 4 айда
14. Бір жасқа дейінгі балаларға вирусты гепатитке В қарсы иммунизация жүргізіледі:
а) V1 - 2 айда, V2 -3 айда, V3 - 4 айда, RV - 18 айда
б) V1перзентханада, V2 - 2 айда, V3 - 4 айда
в) V - 1 жаста, RV - 15 жаста
г) V - 1 жаста, RV - 6 жаста
17. БЦЖ вакцинаның енгізу мерзімі:
а) V - 1 жаста, RV - 16 жаста
б) V1перзентханада, V2 - 2 айда, V3 - 4 айда
в) Vтуғаннан кейінгі 1-4 күні, RV – 6 жаста (1 сынып)
г) V - 1 жаста, RV – 12 жаста
15. Бір жасқа дейінгі балаларға АbКДС, ВГВ, Пневмо, Хиб вакциналарды енгізеді:
а) иықтың дельта тәрізді бұлшық етке
б) ауыз қуысына
в) санның жоғарғы алдыңғы бүйіріне
г) жаурын астына
16. Бірден асқан балаларға АbКДС, ВГВ, Пневмо, Хиб вакциналарды енгізеді:
а) иықтың дельта тәрізді бұлшық етке
б) ауыз қуысына
в) санның жоғарғы алдынғы бүйіріне
г) жаурын астына
17. Хиб вакцинаның енгізу мерзімдері:
а) V1 - 1 жаста, V2 - 3 жаста, V3 - 4 жаста, RV - 6-7 жаста
б) V1 - 2 айда, V2 – 3 айда, V3 - 4 айда, RV - 18 айда
в) V1перзентхана, V2 - 2 айда, V3 - 4 айда, RV - 3 жаста
г) V1 - 2 айда, V2 -3 айда, V3 - 4 айда, V4 - 1 жаста
18. Пневмо вакцинаның енгізу мерзімдері:
а) V1 - 2 айда, V2 - 3 айда, V3 - 4 айда, RV - 6 жаста
б) V1 перзентханада, V2 - 2 айда, V3 - 4 айда, RV - 3 жаста
в) V1 - 1 жаста, V2 - 3 жаста, V3 - 4 жаста
г) V1 - 2 айда, V2 - 4 айда, RV – 12-15айда
19. Қызылша
1. Қызылша ауруының этиологиясы:
а) вирус
б) микобактерия
в) коринебактерия
г) стафилококк
2. Қызылша ауруында инфекция қандай жолмен жұғады?
а) фекалий арқылы
б) плацента арқылы жұғады
в) жұққан заттар арқылы
г) ауа-тамшы жолымен
3. Қызылша аурудың катаралдық кезеңінің клиникалық көрінісі:
а) ангина
б) энантема
в) желке және мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы
г) ұстамалы жөтел
4. Қызылша ауруының катаралдық кезеңінің клиникалық симптомы:
а) Пастернацкий симптом
б) Кернига симптомы
в) Бельский-Филатов-Копликтің симптомы
г) Брудзинский симптомы
5. Қызылша ауруының қандай бөртпе шығады?
а) дақты-папулездік
б) везикула
в) ашық қызғылт ұсақ
г) пустула
6. Қызылша ауруының бөртпелер қалай шығады?
а) бөртпе бетке, бастың шаш өскен жерлеріне, денеге, қол-аяққа шығады
б) бөртпе тез жайылып кетеді, тек мұрын-ерін суағары бозарып тұрады
в) бөртпе 1 күнде – бет, 2 күнде – дене, 3 күнде – қол-аяқ терісіне жайылады
г) бөртпе бірнеше сағатта денеге және қол-аяққа жайылады
7. Қызылша ауруында бөртпе шыққан орында не пайда болады?
а) пигментация
б) қабық
в) түлеу
г) тыртық
8. Қызылша ауруының асқынуларына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) ларингит
б) пневмония
в) бронхит
г) тонзиллит
9. Қызылша ауруының диагностикасында қандай зертханалық зерттеу жүргізеді?
а) серологиялық зерттеу
б) бактериологиялық зерттеу
в) микологиялық
г) барлық жауаптар дұрыс
10. Қызылша ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?
а) 9 күн
б) 5 күн
в) 10 күн
г) 30 күн
11. Қызылша ауруында карантин қанша күнге салынады?
а) 7 күн
б) 14 күн
в) 21 күн
г) 20 күн
20. Қызамық
1. Қызамық ауруының этиологиясы:
а) грам теріс бактериялар
б) саңырауқұлақ
в) микобактерия
г) вирус
2. Қызамық ауруында инфекция қандай жолмен жұғады, тек біреуінен басқалары:
а) ауа-тамшы
б) қарым-қатынас
в) тамақ арқылы
г) плацента арқылы
3. Қызамық ауруында қандай лимфа түйіндері ұлғаяды?
а) желке және мойын лимфа түйіндері
б) жақ асты лимфа түйіндері
в) қолтық асты лимфа түйіндері
г) барлық шеткі лимфа түйіндері ұлғаяды
4. Қызамық ауруында қандай бөртпелер шығады?
а) петехиялар
б) ұсақ дақты
в) пурпура
г) пустуллездік
5. Қызамық ауруында бөртпе қалай шығады?
а) бөртпе шашырап шығады, тек алақан мен табанда болмайды
б) бөртпе тез жайылып кетеді, тек мұрын-ерін суағары бозарып тұрады
в) бөртпе кезең-кезеңмен шығады
г) бөртпе бірнеше сағатта денеге және қол-аяққа жайылады
6. Қызамық ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?
а) 9 күн
б) 5 күн
в) 10 күн
г) 7 күн
Желшешек
1. Желшешек ауруының этиологиясы:
а) Борде-Жангу таяқшасы
б) вирус
в) ішек таяқша
г) грам теріс бактериялар
2. Желшешек ауруында инфекция қандай жолмен жұғады?
а) ауа-тамшы
б) ауа-шаң
в) жұққан заттар арқылы
г) тағам арқылы
3. Желшешек ауруында бөртпе шығады:
а) бетке, бастың шаш өскен жерлеріне
б) ауыз қуысының, көз, кеңірдік және жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарыны
в) денеге, қол- аяқтарына
г) барлық жауаптар дұрыс
4. Желшешек ауруында бөртпе дененің қандай бөлігіне шықпайды?
а) алақан мен табанға
б) жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарыны
в) қол-аяқтарына
г) бетке, бастың шаш өскен жерлеріне
5. Желшешек ауруында бөртпе элементтері қандай?
а) дақты-папулездік бөртпе, везикула
б) ашық қызғылт ұсақ бөртпе
в) дақ, инфильтрат, пустула
г) пурпура, петехиялар
6. Желшешек ауруында бөртпе шыққан орында не пайда болады?
а) тыртық
б) пигментация
в) қабық
г) түлеу
7. Желшешек ауруында бөртпе қалай шығады?
а) бөртпе кезең-кезеңмен шығады
б) бөртпе шашырап шығады
в) бөртпе бір мезгілде шықпайды, арасына 1-2 күн салып, 2-3 рет шығады
г) бөртпе бір күнде денеге және қол-аяққа жайылады
8. Желшешек ауруының асқынуларына жатады:
а) флегмона, стоматит, абцесс
б) ларингит, бронхит, пневмония
в) нефрит, ревматизм, миокардит
г) тонзиллит, отит, лимфоаденит
9. Желшешек ауруында везикулар жақсы кебу үшін қандай дәрі қолданылады?
а) фурациллин ерітіндісі 1:5000
б) 1-2% бриллиант жасыл спирт ерітіндісі
в) 3% сүтегі асқын тотығы
г) 20 % сульфацил натрий ерітіндісі
10. Желшешек ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?
а) 5 күн
б) 10 күн
в) 7 күн
г) 9 күн
11. Желшешек ауруында карантин қанша күнге салынады?
а) 21 күн
б) 14 күн
в) 7 күн
г) 20 күн
Скарлатина
1. Скарлатина ауруының этиологиясы:
а) стафилококк
б) вирус
в) пневмококк
г) β-гемолитикалық стрептококк
2. Скарлатина ауруында инфекция қандай жолмен таралады, тек біреуінен басқалары:
а) ауа-тамшы
б) ауа-шаң
в) жұққан заттар арқылы
г) тағам арқылы
3. Скарлатина ауруында бөртпе дененің қандай бөлігіне шықпайды?
а) бетке
б) қол-аяқтарына
в) денеге
г) мұрын-ерін суағарына
4. Скарлатина ауруында бөртпе элементтері қандай?
а) ашық қызғылт ұсақ бөртпе
б) дақты-папулездік бөртпе, везикула
в) дақ, инфильтрат, пустула
г) геморрагиялық бөртпе
5. Скарлатина ауруында бөртпе шыққан орында не пайда болады?
а) тыртық
б) пигментация
в) түлеу
г) қабық
6. Скарлатина ауруының тұрақты симптомы:
а) ларингит
б) ангина
в) коньюктивит
г) бронхит
7. Скарлатина ауруының клиникалық симптомы:
а) тері эритемасы
б) ақ тұрақты дермографизм
в) қызыл тұрақты дермографизм
г) тері гиперимиясы
8. Скарлатина ауруының клиникалық симптомдарына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) «ал қызыл тіл»
б) «жұтқыншақтың қызынуы»
в) ақ тұрақты дермографизм
г) қызыл дермографизм
9. Скарлатина ауруының асқынулары:
а) менингоэнцефалит, стоматит, пиодермия
б) миокардит, нефрит, ревматизм
в) ларингит, бронхит, пневмония
г) сероздық менингит, полирадикулоневрит
10. Скарлатина ауруын емдеуде қолданатын дәрі-дәрмек:
а) амбробене
б) аугментин
в) аминазин
г) ацикловир
23. Эпидемиялық паротит
1. Эпидемиялық паротит ауруының этиологиясы:
а) вирус
б) стрептококк
в) микобактериялар
г) коринебактериялар
2. Эпидемиялық паротит ауруында инфекция қандай жолмен жұғады?
а) ауа-шаң
б) жұққан заттар арқылы
в) ауа-тамшы
г) тағам арқылы
3. Эпидемиялық паротитте қандай бездер зақымданады, тек біреуінен басқалары:
а) сілекей бездері
б) ұйқы безі
в) аталық жыныс бездері
г) қалқанша безі
4. Эпидемиялық паротитте шықшат бездің қабыну белгілері:
а) ісінеді
б) сипағанда, шайнаған және жұтынған кезде ауырсынады
в) зақымдаған бездің бетіндегі терінің түсі өзгермейді
г) барлық жауаптар дұрыс
5. Эпидемиялық паротит ауруының асқынуына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) қант диабет
б) бедеулік
в) нефрит
г) сероздық менингит
6. Эпидемиялық паротит ауруының диагностикасында қандай зертханалық зерттеу жүргізеді?
а) вирусологиялық зерттеу
б) бактериологиялық зерттеу
в) серологиялық зерттеу
г) барлық жауаптар дұрыс
7. Зақымдалған бездің аумағына қандай ем қолданылады?
а) жылытқыш қояды
б) жылы танғыш қояды
в) суық компресс қояды
г) қыздырғыш компресс қояды
8.Эпидемиялық паротит ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?
а) 5 күн
б) 10 күн
в) 9 күн
г) 7 күн
9. Эпидемиялық паротит ауруында карантин қанша күнге салынады?
а) 14 күн
б) 21 күн
в) 7 күн
г) 20 күн
Дифтерия
1. Дифтерия ауруының этиологиясы:
а) Кох таяқшасы
б) Леффлер таяқшасы
в) Шигелла тобының бактериясы
г) Борде-Жангу таяқшасы
2. Дифтерия ауруында инфекция қандай жолмен таралады?
а) ауа-тамшы
б) ауа-шаң
в) парентералдық
г) тағам арқылы
3. Дифтерияның негізгі симптомы:
а) ақ дактар
б) ұйылған сүтке ұқсайтын ақ қабық
в) сарғылт-ақшыл түсті іріңді қабық
г) сұрғылт-ақ қабық
4. Шоғырланған жұтқыншақ дифтериядағы қабық:
а) бадамша бездерден жұмсақ таңдайға таралады
б) бадамша бездерден тыс шықпайды
в) бадамша бездерден қатты таңдайға таралады
г) бадамша бездерден тіл иіндеріне және таңдай бөбешігіне таралады
5. Токсикалық жұтқыншақ дифтериядағы қабық:
а) бадамша бездерден жұмсақ және қатты таңдайға таралады
б) бадамша бездерден тыс шықпайды
в) бадамша бездерден таңдай бөбешігіне таралады
г) бадамша бездерден тіл иіндеріне таралады
6. Таралған жұтқыншақ дифтериядағы қабық:
а) бадамша бездерден жұмсақ және қатты таңдайға таралады
б) бадамша бездерден ұрттың шырышты қабығына таралады
в) бадамша бездерден тыс шықпайды
г) бадамша бездерден тіл иіндеріне, таңдай бөбешігіне және жұтқыншақтың қабырғасына таралады
7. Токсикалық жұтқыншақ дифтерияның симптомы:
а) жұтынған кезде қатты ауырсыну
б) мойын терісінің қызаруы
в) жұтқыншақ және мойының тері асты майының ісінуі
г) мойының лимфа бездерінің ұлғаюы
8. Көмей дифтериясының стеноздық кезеңінің клиникалық белгілері:
а) ылғалды жөтел, даусы аздап өзгереді
б) құрғақ, үру тектес жөтел, даусы қырылдап естіледі
в) үнсіз жөтел, афония, дем алу қиындайды
г) ұстамалы жөтел, дем шығару қиындайды
9. Дифтерия ауруының асқынулары:
а) отит, лимфоаденит
б) миокардит, полирадикулоневрит
в) бронхит, пневмония
г) стоматит, пиодермия
10. Дифтерия ауруында бактериологиялық зерттеуге алады:
а) жұтқыншақ және мұрыннан жағынды
б) қақырық
в) қан
г) жұлын сұйығы
11. Дифтерия ауруының негізгі емі:
а) анатоксин
б) қан
в) плазма
г) сарысу
12. Жұқпалы ауруханадан дифтерия ауруында науқасты бактериологиялық зерттеу қанша рет теріс болғанда шығарылады?
а) 1 рет
б) 2 рет
в) 4 рет
г) 3 рет
13. Дифтерия ауруымен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болған балаларды қандай дәрігер қарау керек?
а) оториноларинголог
б) офтальмолог
в) ортопед
г) онколог
25. Көкжөтел
1. Көкжөтел ауруының этиологиясы:
а) Кох таяқшасы
б) Леффлер таяқшасы
в) вирустар
г) Борде-Жангу таяқшасы
2. Көкжөтел ауруының спазмдық кезеңіне тән:
а) рецидив
б) реприз
в) регургитация
г) рефлюкс
3. Көкжөтел ауруының асқынуларына жатады:
а) пневмоторакс, өкпе ателектазы, пневмония
б) пиопневмоторакс, плеврит
в) отит, лимфоаденит, стоматит
г) ларингит, ларингоспазм
4. Көкжөтел ауруының диагностикасында қандай зертханалық зерттеу жүргізеді?
а) иммунофлюоресценттік
б) бактериологиялық
в) серологиялық
г) барлық жауаптар дұрыс
5. Көкжөтел ауруын емдеуде қолданатын дәрі-дәрмектер:
а) эритромицин, эуфиллин
б) эрготамин, гепарин
в) стрептомицин, кестин
г) аспирин, бициллин
6. Көкжөтел ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?
а) 5 күн
б) 14 күн
в) 30 күн
г) 21 күн
7. Көкжөтел қоздырғышын анықтау үшін қандай зертханалық зерттеу жүргізеді?
а) «Жөтел пластинкалары» әдісі бойынша материалды бактериологиялық зерттеу
б) жұтқыншақтың шырышты қабығынан және мұрнынан жағынды алу
в) Кохбактериясынанықтау үшін қақырықты бактериологиялық зерттеуге
г) қақырықты жалпы клиникалық талдау
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 895 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 |
|