Объективті зерттеу.
Anamnesis vitae.
Жүкті әйел, Ахметова Ақмаржан Жақсығалиқызы 09.03.1994 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Дамуы жасына сай. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Боткин ауруы, тері-венерологиялық, туберкулез, гепатит, қант диабеті және гинекологиялық ауруларымен ауырмаған. Өзі және жақын туыстарында тұқым қуалайтын аурулар жоқ. Гемотрансфузия болмаған. Аллергоанамнезі ерекшеліксіз. Операция және жарақаттар болмаған. Ішімдік ішпейді. Зиянды әрекеттері жоқ.
Акушерлік анамнез.
Алғашқы етеккірі 13 жастан бастап келген. Орташа көлемде, ауырсынусыз. Етеккір циклі 28 күн, ай сайын, ретті келу ұзақтығы – 3-4 күн. Соңғы етеккірі 10 ақпан 2015 жылы келген. Алғашқы жыныстық қатынасқа 19 жаста түскен. Гинекологиялық сырқаттары жоқ. Тұрмыста. Некесі тіркелген. Жолдасының дені сау. Екі рет жүкті болған, бір рет өздігінен босанған.
I. 2014 жылы – жүктіліктің 40 аптасында өздігінен босанған.
II. Жетілген жүктілік - 40 апта.
Объективті зерттеу.
Босанушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, санасы айқын, төсектегі қалпы белсенді. Бойы 167 см, салмағы 79 кг. Дене қызуы 36,40 С. Тамыр соғуы минутына 80 рет, АҚҚ екі қолында да бірдей 110/70 мм.с.б. Терісінің түсі қалыпты, таза. Терісінде және көзге көрінетін кілегей қабаттарында тыртықтар, бөртпелер жоқ. Шашы, тырнағы қалыпты, терісі нәзік, серпімділігі сақталған. Тері асты шел майы барлық денеге бірдей тараған. Сүт бездері ұлғайған, емізік айналасы пигменттелген. Лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынусыз. Бұлшықет тонусы жақсы дамыған, ауырсынбайды. Аяқ-қолдарының қозғалысы белсенді, буындарында деформация анықталмады.
Дене мүшелерін жекелеп қарау.
Тыныс алу жүйесін тексеру.
Тыныс алуы мұрын арқылы, дем алуы еркін. Тыныс алу жиілігі минутына 18 рет. Жұтқыншақ, бадамша бездерінің кілегей қабығы тегіс, жылтыр, ашық қызғылт түсті. Кеуде клеткасы нормостеникалық типті. Кеуде клеткасының екі жағы да тыныс алуға симметриялы қатысады. Кеуделік демалу түрі. Кеуде торының деформациясы, ассимметриясы байқалмайды. Кеуде торының серпімділігі сақталған. Дауыс дірілінің өзгерістері анықталмайды. Салыстырмалы перкуссияда екі жағында да анық өкпе дыбысы. Тыңдағанда екі өкпесінде де везикулярлы тыныс естіледі, сырылдар жоқ.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде тыныс алу жүйесі патологиясыз, өзгерістер байқалмайды.
Жүрек – қан тамыр жүйесін тексеру.
Жүрек аймағын қарағанда патологиялық пульсация, ісінулер анықталған жоқ. Пальпацияда жүрек ұшы соққысы Ү қабырға аралықта, бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай орналасқан. Перкуссияда жүрек шектері ұлғаймаған. Аускультацияда жүрек тондары анық, ырғақты. Жүректің соғу жиілігі минутына 80 рет. Артериялық қан қысымы оң қолында-110/70 мм.с.б.,
сол қолында- 110/70 мм.с.б.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде жүрек – қан тамыр жүйесі патологиясыз, өзгерістер байқалмайды.
Ас қорыту жүйесін тексеру.
Ернінде цианоз анықталмайды, ылғалды, ерні жарылмаған. Ауыз-қуысының кілегей қабаты қалыпты. Тілі ылғалды, қызыл, көмей ашық қызғылт түсті. Бадамша бездері қалыпты, ұлғаймаған. Жабынды жоқ. Асқазан ішек жолдарының жағдайы қалыпты, беткей пальпациялағанда ауырсынуы жоқ. Бауырды пальпациялағанда ауырсынбайды, шеті тегіс, жұмсақ. Бауыр және талақ ұлғаймаған.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде ас қорыту жүйесі патологиясыз, өзгерістер байқалмайды.
Зәр шығару жүйесін тексеру.
Бел аймағы қарағанда патологиялық ісінулер жоқ. Пастернацкий симптомы екі жақта да теріс, зәр шығаруы өздігінен, ауырсынусыз. Зәрдің түсі, иісі, жиілігі қалыпты.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде зәр шығару жүйесі патологиясыз, өзгерістер байқалмайды.
Жүйке жүйесін тексеру.
Санасы айқын, қойылған сұрақтарға кешікпей жауап береді. Иіс сезу мен дәм сезу өзгермеген. Есту жолдарында шағымы жоқ. Сөйлеу актісі, мимикалық бұлшықеттері бұзылмаған. Сіңір рефлексі сақталған.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайта босанушы әйелде жүйке жүйесі патологиясыз, өзгерістер байқалмайды.
Эндокринді жүйесін тексеру.
Әйелдің сыртқы түрі жасы мен жынысына сәйкес. Біріншілік, екіншілік жыныстық белгілері дамыған. Қалқанша безі ұлғаймаған.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде эндокринді жүйесі патологиясыз, өзгерістер байқалмайды.
Тірек-қимыл жүйесін тексеру.
Бұлшық ет жақсы дамыған, ауырсынусыз. Тонусы сақталған. Буындары деформацияланбаған, пальпацияда ауырсынбайды.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде тірек-қимыл жүйесі патологиясыз, өзгерістер байқалмайды.
Сыртқы акушерлік зерттеу. Леопольд тәсілдері
Сыртқы акушерлік тексеруге жүкті әйелдің ішін пальпациялау жатады. Әйелді шалқасынан жатқызады, жамбас-сан және тізе буындарынан бүгу қалпында жүргізеді. Сыртқы акушерлік тексеруде Леопольд-Левицкийдің 4 тәсілі қолданылады.
Леопольдтің І тәсілі - екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін, оның түбінде қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Бала басы тығыз, қозғалмалы, ал жамбас бөлігі жұмсақ, қозғалмайтын болып анықталады. Әдетте жатыр түбінде ұрық жамбасы анықталады.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде жатырдың түбінде жамбас бөлігі анықталды, себебі жұмсақ, қозғалмайды.
Леопольдтің ІІ тәсілі - екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып, жатыр қабырғасына қояды. Бұл әдіс көмегімен жатырды қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында арқасы, ал бұдырлау болған қабырғасында ұсақ бөліктерінің орналасқанын анықтауға болады. Содан ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтайды.
Ұрықтың орналасуы – ұрықтың тік осінің жатырдың тік осіне қатынасы.
- ұзынынан орналасуы – ұрықтың тік осі жатырдың тік осіне сәйкес келеді;
- көлденең орналасуы – ұрықтың өз осінің жатырдың тік осіне тік бұрыш жасап орналасуы;
- қиғаш орналасуы – ұрықтың өз осінің жатырдың тік осіне сүйір бұрыш жасап орналасуы.
Ұрықтың позициясы – ұрықтың арқасы жатырдың оң немесе сол қабырғасына қатынасы. Егер ұрықтың арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қараса – І позиция, ал оң жақ қабырғасына қараса – ІІ позиция болады. Егер ұрық көлденең орналасса онда ұрықтың позициясы ұрықтың басына қарап анықталады. Ұрықтың басы жатырдың сол жақ қабырғасына қараса – І позиция, ал оң жақ қабырғасына қараса – ІІ позиция болады.
Ұрықтың түрі – ұрық арқасының жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасына қатынасы. Егер ұрықтың арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына қараса – алдыңғы түрі, артқы қабырғасына қараса – артқы түрі.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде ұрықтың орналасуы - ұзына бойы, себебі ұрықтың тік осі жатырдың тік осіне сәйкес келеді; І позиция, себебі ұрықтың арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қараған; алдыңғы түрі, себебі ұрықтың арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына қараған.
Леопольдтің III тәсілі - жүкті әйелдің оң жағынан бетпе бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, ұрықтың төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып кіші жамбастың кіреберісінде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Тығыз, қозғалмалы болса, ол ұрықтың басы болғаны, жұмсақ, қозғалмайтын болса жамбас бөлігі.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде кіші жамбас кіреберісінде ұрықтың басы орналасқан, себебі тығыз, қозғалмалы.
Леопольдтің IV тәсілі - бұл үшінші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң не сол жағына орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан ұрық бөлігін, оның кіші жамбасқа қатынасын анықтайды.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде ұрықтың басы кіші жамбас кіреберісінде орналасқан.
Ұрықтың жүрек соққысын анықтау.
Ұрықтың жүрек соққысы акушерлік стетоскоп не УДЗ, кардиотокография арқылы анықталады. Ұрықтың көлденең орналасуында жүрек соққысы кіндік аймағында тыңдалады. Жүрек соққысы 120-160 рет минутына, анық және ырғақты болып келеді.
Ұрыктың жүрек тонын жүктіліктің 18-20 аптасында тыңдай аламыз. Тонның айқын шығуы дыбыс өткізілуіне байланысты. Семіз әйелдерде немесе қағанақ суының көп болған жағдайда да жүрек тоны тынық естілмейді. Жүрек соғысын тыңдау ұрықтың төмен түсуі, түріне, позициясына, орналасуына байланысты.
Ұрықтың I позициясында жүрек соғысы сол жақта естіледі, ІІ позицияда орналасса оң жақта жүрек соғысы жақсы естіледі. Баспен келе жатқан ұрықтың жүрек соғысы кіндіктен төмен анық естіледі. Егер ұрықтың жүрек соғысы қайта қалпына келмесе, яғни талақ арасында, онда бұл ұрықтың асфиксия болғанын көрсетеді. Ұрықтың жүрек соғу жиілігін 30 секунд бойы тыңдаймыз, ал егерде аритмия тондары дыбыс өзгерістерін анықтау үшін 1 минут тыңдаймыз.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде ұрықтың жүректің соғу жиілігі минутына 140 рет.
Іштің айналымын және жатыр түбінің биіктігін анықтау.
Іштің айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді. Жүктілік соңында іш айналымы 90-100 см-ге тең. Ал егіз жүктілікте, ірі ұрықта, көп сулы жүктілікте, нәрестенің көлденең орналасуында, семіздікте іш айналымы 100 см-ден артық болуы мүмкін. Жатырдың түбінің биіктігін өлшеу, яғни қасаға сүйегінің жоғарғы шегінен жатыр түбіне дейінгі аралыққа сантиметрлік лентаны қойып өлшейміз, ол мерзіміне байланысты өзгеріп отырады.
Ø 1 акушерлік айдың соңында – жатыр өлшемі тауықтың жұмыртқасындай болады.
Ø 2 акушерлік айдың соңында (8 апта) –жатыр қаз жұмыртқасындай болады.
Ø 3 акушерлік айдың соңында – жатыр нәресте басымен бірдей болады.
Ø 4 акушерлік айдың соңында (16 апта) - жатыр деңгейі қасаға мен кіндік ортасында орналасады.
Ø 5 акушерлік айдың соңында (20 апта) – кіндіктен екі саусақ төмен орналасады.
Ø 6 акушерлік айдың соңында (24 апта) – жатыр деңгейі кіндіктің тұсында орналасады.
Ø 7 акушерлік айдың соңында(28 апта) – кіндіктен 2-3 см жоғары орналасады.
Ø 8 акушерлік айдың соңында (32 апта) – кіндік пен семсер өсіндінің аралығында орналасады.
Ø 9 акушерлік айдың соңында (36 апта) – семсер өсіндінің деңгейінде орналасады.
Ø 10 акушерлік айдың соңында(40 апта) жатыр деңгейі – жеті ай кездегі деңгейге қайтып түсіп,жатыр төмен түседі.
Мерзімі жеткен жүктілікте жатырдың деңгейі 36-37 см-ге тең, босанар алдында жатыр деңгейі төмендеген 34-35 см-ге теңеседі.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелдің іш айналымы 99 см-ге тең, жатыр түбі биіктігі 35 см-ге тең.
Жамбас өлшемдерін анықтау.
Жамбас өлшемдерін анықтау үшін арнайы құрал - Мартини тазомерімен жүргізіледі, жүкті әйел қатты тақта үстінде екі аяғын созып, шалқасынан жатады. Дәрігер жүкті әйелге қарсы отырып, үлкен және сұқ саусағымен тазомер аяқшаларынан ұстайды да, ІІІ- ІV саусақтарымен жамбас нүктелерін табады.Үлкен жамбастың 4 өлшемі бар: 3 көлденең, 1 тік өлшемі бар.
1. Distantia spinarum - мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін осы өсінділерінің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-26 см
2. Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралық (28-29см). Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.
3. Distantia trochanterica – ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31 – 32 см.
4. Conjugata externa – сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созу керек. Өлшеуіштің бір түймесін шаттың сыртқы жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегізкөз үсті ойығына орналастырады. Қалыпты жағдайда 20-21см тең.
5. Диоганальдық коньюгата (соn.diagonalis) деп - шат сүйегінің төменгі қырынан сегізкөздің ең шығыңқы мүйісіне дейінгі аралықты айтады. Бұның тура өлшемін қынаптық зерттеу арқылы анықтайды: екінші және үшінші саусақтарды
қынапқа енгізе отырып, 4-5 саусақтарды бүгеді, 1 үлкен саусақты шат сүйегінің үстіне орналастырады. Қынапқа енген саусақты мүйістің ұшына жеткізіп, ал алақанның үстіңгі қырын қасағаның төменгі қырына тірейді. Ортаңғы саусақпен қолды мүйіске жібереді, яғни диагональді конъюгатаны-симфиздің төменгі жиегімен мүйіс арасын анықтайды. Қолы оңай жетсе, шынайы конъюгата кішірейгендігі. Дұрыс дамыған жамбаста диагональді конъюгата 13 см-ге тең. Диагональді конъюгатаны өлшеу арқылы, дәрігер шынайы конъюгатаны 2 см алып тастайды, яғни 11 см-ге тең
Соловьев индексі - жамбас сүйектерінің қалың - жұқалығын анықтау үшін жүкті әйелдің білезігін өлшейді, орта шамамен ол 14 см-ге тең. Егер ол 14 см-ден артық болса, онда жамбас сүйегінің қалыңдығынан оның қуысы тарылады, ал 14 см кем болса, жұқалығына байланысты оның қуысы кеңиді.
Михаэлис (сегізкөз) ромбысы –жоғарғы бұрышы бесінші бел омыртқаның
қылқанды өсіндісінің шұңқыры. Бүйір бұрыштары мықын сүйегінің артқы жоғарғы өсінділеріне сәйкес келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді, ал жоғарғы және сыртқы жағынан ромбы арқаның үлкен бұлшық еттерімен, төменгі және сыртқы жағынан бөксе бұлшықеттерінің қырымен шектеледі.
Conjugata vera (шынайы конъюгата) – шат доғасының жоғарғы-ішкі қыры мен сегізкөз мүйісінің ең шығыңқы нүктесіне дейінгі аралық. Ол 11 см-ге тең.
Шынайы конъюгатаны анықтаудың 4 әдісі бар:
1. Шынайы конъюгата = сыртқы конъюгата – 9 см = 20cм - 9см = 11 см;
2. Шынайы конъюгата = диагональді конъюгата – 2 см = 13cм - 2см = 11 см;
3. Шынайы конъюгата = Михаэлис ромбысы = 11 см;
4. Шынайы конъюгата = Франк өлшемі (төстің мойындырық тілігінен 7-ші мойын омыртқасына дейінгі арақашықтық) = 11 см.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелдің жамбас өлшемдері: Distantia spinarum – 25 см
Distantia cristarum – 28 см
Distantia trochanterica – 30 см
Conjugatа externa – 20 см
Conjugatа diagonalis – 13 см
Conjugata vera – 11 см
Соловьев индексі – 14 см
Михаэлис (сегізкөз) ромбысы – 11 см
Франк өлшемі – 11 см.
Қынаптық тексеру.
Сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың саусақтарын (екінші және үшінші) қынапқа енгізеді, І саусақты жоғары көтереді, төртінші және бесінші саусақтарды алақанға бүгіп, сыртын аралыққа тірейді. Бұл зерттеуде жатыр түбі бұлшықеттерінің жағдайы, қынап қабырғасының қасиеттері (созылу, тегістігі т.б.), қынап күмбезі,жатыр мойны (ұзындығы,пішіні т.б)және жатыр мойнының сыртқы тесігінің (пішіні, ашық, жабықтығы), диагональды конъюгата анықталады.
Босану алдында жатыр мойны, қынаптың бөлігі мен төменгі сегмент жағдайы анықталады. Босану кезінде сыртқы аранның ашылу деңгейі мен жиектерінің
жағдайын тексереді. Егер цервикальді канал саусақты өткізсе, ұрықтың келіп тұрған бөлігін анықтайды. Оның орналасуын, босану жолдарын, жамбас қабырғасын тексереді. Сегізкөз ойысының тереңдігі мен формасын анықтайды.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде қынаптық тексеру: Жатыр мойыны тегістелген, жұмсақ, ашылуы 2 см. Қағанақ қабы бүтін. Ұрық басымен кіші жамбас кіреберісіне келіп тұр. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ.
Ұрықтың болжам салмағын есептеу.
1. Якубовтың формуласы бойынша:
M=(ІА+ЖБ)*100/4=(99+35)*100/4=3350
2. Джонсонның формуласы бойынша:
М=(ЖБ-11)*155=(35-11)*155=3720
3. Жарданияның формуласы бойынша:
М=ЖБ*ІА=35*99=3465
4. Лонковицаның формуласы бойынша;
М=(бойы+салмағы+ІА+ЖБ)-10=(156+79+99+35)*10=3800
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелде ұрықтың болжам салмағы 3400,0 ± 100.
Босанудың болжам мерзімін анықтау.
Босанудың болжам мерзімін анықтау үшін соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 айды шегеріп, оған 7 күнді қосамыз.
Қорытынды: Менің курациямдағы қайталап босанушы әйелдің босанудың болжам мерзімі: 10.02.2015 – 3 ай + 7 күн =17.11.15ж
УДЗ бойынша 17.11.15ж
Қосымша зерттеу әдістері
1. Жалпы қан анализі: 2. Жалпы зәр анализі:
Гемоглобин – 112 г/л; Көлемі- 60,0 мл
Эритроцит- 3,9 *1012/л; Түсі – ашық сары.
Лейкоцит- 5,9*109/л; Тұнықтығы – тұнық,мөлдір.
Тромбоциттер- 250*109/л; Салыстырмалы тығыздығы – 1020
ЭТЖ- 8 мм/сағ; Белок – жоқ.
Алғашқы диагнозды негіздеу.
Түскен кездегі шағымдары негізінде: Қайталап босанушы 21 жаста, қалыпты жамбас өлшемдерімен және мерзімі жеткен жүктіліктің 40 аптасында ретті толғақпен босану залына түсті.
Anamnesis vitae бойынша: Жүкті әйел 09.03.1994 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Дамуы жасына сай. Боткин ауруы, тері-венерологиялық, туберкулез, гепатит, қант диабеті және гинекологиялық ауруларымен ауырмаған. Өзі және жақын туыстарында тұқым қуалайтын аурулар жоқ. Гемотрансфузия болмаған. Аллергоанамнезі ерекшеліксіз. Зиянды әрекеттері жоқ.
Акушерлік анамнез бойынша:Алғашқы етеккірі 13 жастан бастап келген. Орташа көлемде, ауырсынусыз. Етеккір циклі 28 күн, ай сайын, ретті келу ұзақтығы – 3-4 күн. Соңғы етеккірі 10 ақпан 2015 жылы келген. Алғашқы жыныстық қатынасқа 19 жаста түскен. Гинекологиялық сырқаттары жоқ. Некесі тіркелген. Екі рет жүкті болған, бір рет өздігінен босанған.
III. 2014 жылы – жүктіліктің 40 аптасында өздігінен босанған.
IV. Жетілген жүктілік - 40 апта.
Объективті зерттеу: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, санасы айқын, төсектегі қалпы белсенді. Бойы 167 см, салмағы 79 кг. Дене қызуы 36,40С. Терісінің түсі қалыпты, таза. Лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынусыз. Бұлшықет тонусы жақсы дамыған. Тыныс алуы минутына 18 рет. Тамыр соғуы минутына 80 рет, АҚҚ 110/70 мм.с.б. Асқорыту, зәр шығару, жүйке және эндокриндік жүйесінде патологиялық өзгерістер жоқ.
Акушерлік статус бойынша: Іш айналымы – 99см; жатыр түбі биіктігі – 35 см. Толғағы 500-1100 аралығында 10 минутта 2 рет әлсіз (20-25 секунд), 1100-ден бастап 10 минутта 3 рет орташа (30-35 секунд) толғақ болды. Жамбас өлшемдері: distantia spinarum – 25см; distantia cristarum – 28см; distantia trohanterica – 30см; conjugata externa – 20см; сonjugatа diagonalis – 13см; conjugata vera – 9см; Соловьев индексі – 14см; Михаэлис ромбасы – 11/11.
Сыртқы акушерлік тексеру: Леопольд әдісі - ұрықтың баспен келуі, ұзына бойы орналасуы, І позиция, алдыңғы түрі. Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау кіндіктен төмен сол жақта 140 рет/минутына.
Қынаптық тексеру: Жатыр мойыны тегістелген, жұмсақ, ашылуы 2 см. Қағанақ қабы бүтін. Ұрық басымен кіші жамбас кіреберісіне келіп тұр. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ.
Диагноз: Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың І кезеңі.
Босануды жүргізу жоспары:
1. Протокол бойынша клиникалық тексеру жүргізу.
2. Босанушы әйел мен ұрықтың жағдайын мониторингтеу.
3. Босануды партограмма бойынша консервативті жүргізу.
4. Босанудың І және ІІ кезеңінде әйелдің еркін позициясы.
5. Босанушы әйелдің келісімі бойынша ІІІ кезеңді еркін жүргізу.
Босану ағымы, жүргізу кезеңі
Босанудың клиникалық ағымын үш кезеңге бөлінеді:
І кезең – ретті толғақ басталып жатыр мойнының толық ашылуы кезеңі.
ІІ кезең - ұрықтың босану жолдарынан өтіп, туылуы.
ІІІ кезең - плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп, бала жолдасының туылуы.
Босанудың І кезеңі
Ретті толғақ басталып, жатыр мойны жайылып, толық ашылады (10-12 см). Жатыр мойнының ашылуы толғақтың күшіне, жиілігіне, ұзақтығына байланысты. Босанудың басында толғақтың ұзақтығы - 10-15 сек. Ортасында - 30-40 сек. Соңында - 45-50 сек. Толғақтың күші үш түрлі болады: әлсіз (10-15 сек.), орташа (30-40сек.) және күшті (45-50 сек.). Босанудың басында толғақ 15-20 мин сайын қайталанып, біртіндеп жиілейді.
Босанудың І кезеңінің ағымдық фазалары:
1. Латентті;
2. Белсенді.
Латентті фаза - ретті толғақтан бастап, жатыр мойнының 3 см-ге дейін ашылады. Бұл фазада жатыр фармакологиялық дәрілердің әсеріне сезімтал болады. Ұзақтығы: алғаш босанушыларда 4-8 сағат, қайталап босанушыларда 4-6 сағат.
Латентті фазадан кейін бірден - белсенді фаза басталады, бұл фазада жатыр мойны тез жайылып, 3-8 см-ге дейін ашылады, тұңғыш босанушыларда сағатына 1,5-2 см, ал қайталап босаңушыларда 2-2,5 см-ге дейін ашылады. Осыдан кейін бірден нәресте басының төмен түсуіменжатыр мойыны 8-10см-ге дейін ашылады, сағатына 1-1,5 см дейін. Сонымен жатыр мойнының ашылу қарқыны жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына, жатыр мойнының резистенттілігіне байланысты. Жатыр мойны ашылған сайын, оның жиектері жұқаланып, жатырдың төменгі сегнменті пайда болады. Жұқаланған төменгі сегмент пен жатыр денесінің аралығы жолақ тәрізді оны контракциялы «сақина» дейді. Контракциялы «сақинаның» деңгейі бойынша, жатыр мойнының ашылу дәрежесін анықтайды. Жатыр мойнының ашылуы ұлғайған сайын, контракциялы «сақинаның» деңгейі шаттан жоғарлайды.
Жатыр мойнының ашылу механизмі тұңғыш және босанып жүрген әйелдерде бірдей емес. Тұңғыш босанушыларда алдымен жатыр мойнының ішкі ернуі ашылып, жатыр мойны жайылып, жұқарады; содан кейін сыртқы ернеуі ашылады. Босанып жүрген әйелдерде жатыр мойнының сыртқы ернеуі ішкі ернеумен бір мезгілде ашылып, жатыр мойны қысқарады. Жатыр мойнының ашылу қарқыны: тұңғыш босанатындарда бір сағат ішінде - 1см; босанып жүрген әйелдерде - 2см
Жатыр мойнының ашылуымен қатар, бір мезгілде нәрестенің төменгі бөлігі біртіндеп босану жолдары арқылы жылжиды. Толғақ басталғанда нәресте басы жамбас қуысына түседі, ал жатыр мойны толық ашылғанда, оның басы үлкен сегментімен жамбастың кіреберіс жазықтығында немесе жатыр қуысында орнығады. Нәресте басымен орныққанда қағанақ суы алдыңғы және артқы бөлігі болып екіге бөлінеді; себебі нәресте басы жатырдың төменгі сегментінің қабырғасын босану жолдардың негізгі сүйектеріне басып тұрады. Жатыр мойны толық ашылғанда қағанақ қуығы өзінің физиологиялық функциясын жоғалтады.
Қағанақ қуығы кейде жазық болады, оның суы жоқ, мұндай қуық тек нәресте басына кептеліп, босанудың ағымын тоқтатады. Жатыр мойны толық ашылғанда, жатыр қуысы қысымының артуы салдарынан, қағанақ қуығының қабықшасы жарылып, қағанақ суының алдыңғы бөлігі төгіледі, егер қағанақ қуығы өз бетінше жарылмаса, оны арнайы құралмен жарады. Қағанақ суы кеткеннен кейін, толғақ біраз уақытқа басылып, содан кейін қайта күшейеді, сонымен қатар жатыр қуыс қысымы атмосфералық қысымнан жоғары болғандықтан, ұрықтың басында босану «ісігі» пайда болады.
Жатыр мойны толық ашылып, қағанақ қуығының жарылып, судың ағуы босанудың бірінші кезеңінің аяқталғанының кепілі. Бірінші кезеңнің ұзақтығы: тұңғыш босанушыларда 15-18 сағат, қайталап босанушыларда 8-12 сағат.
Босанудың ІІ кезеңі
Жатыр мойнының толық ашылып, ұрықтың босану жолдарынан өтіп, туылуы. Тұңғыш босанушыларда бұл кезең ұзақтығы - 1 сағаттан 2 сағатқа дейін, босанып жүрген әйелдерде 5-10 минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Осы кезеңде жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына, құрсақ, диафрагма және жамбас бұлшық еттері қосылып, әйелдің күшену кезеңі басталады. Күшенген кезде жатыр қуыс қысымы қатты жоғарылап, оның күші ұрықтың жатыр қуысынан шығуына әсер етеді және ұрық бірнеше күрделі қимылдап жасап, төменгі бөлігімен жамбас түбіне түсіп, оған қатты қысым жасайды. Осыдан кейін қосымша құрсақ, диафрагма жиырылуы әйелдің күшенуін ұлғайтып, жиілетіп, ұрықтың төменгі бөлігі жыныс қуысын созады.Әйел күшенген кезде созылған жыныс қуысынан нәресте басының шамалы бөлігі көрініп, қайтадан жыныс қуысына кіреді, бұл бастың «кесіп шығуы» - бастың ішкі бұрылысы бітіп, оның шалқаюы басталады. Егер нәресте басы,әйел күшенбеген мезгілде жыныс қуысының сыртында бір қалыпта тұрса бұны бастың «жарып шығуы» дейді. Бас толық жыныс ернеуінен шыққаннан кейін, оның денесі туылып, қағанақ суының артқы бөлігі ағады.
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 5228 | Нарушение авторских прав
1 | 2 |
|