Босану биомеханизмі
Шүйдемен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі 3 негізгі және 3 қосымша кезеңнен тұрады.
1 - негізгі – ұрық бастың кіші жамбас кіреберісіне қондырылуы. Ұрық басы сагитальды жігімен кіші жамбас кіреберісінің бір қиғаш өлшеміне сәйкес келеді.
1 – қосымша – ұрық басы сәл бүгіліп, иегі кеудесіне жақындайды. Кіші еңбегі жамбастың өткізгіш осьіне жақындап, өткізгіш нүктеге айналады.
2 - негізгі – ұрық басының кіші жамбас қуысына түсуі.
2 - қосымша – ұрықтыңбасы екінші аздаған іштей бұрылыс жасап, сагитальды жігі жамбас шығаберісінің тік өлшеміне сәйкес келеді.
3 - негізгі – ұрықтың басының жарып шығуы, шүйде ойысы қасағаның астына келіп, бірінші айналу нүктесі пайда болады.
3 - қосымша – сол айналым нүктесінде бала басы шалқаяды, баланың беті, маңдайы,иегі туылады. Денесіішке бұрылыс жасап, басы сыртқа бұрылыс жасайды. Бала алдыңғы иыққа дейін туылып, иық пен қасаға арасында екінші айналым нүктесі пайда болады.Осы нүктеде бүйіріне бүгіліп, артқы иығы туылады, әрі қарай қалған бөлігі кедергісіз туылады.
Босанудың ІІІ кезеңі
Нәресте туылғаннан кейін басталады.Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп, бала жолдасының туылуымен аяқталады. Нәресте туғаннан кейін активті немесе күту тактикасы қолданылады. Біз активті түрде босанудың үшінші кезеңін жүргіздік.
Нәресте туылғаннан кейін белсенді түрде босанудың ІІІ кезеңі басталады.
1. Нәресте туылғаннан кейін әйелдің жатыр қуысында екінші ұрық бар-жоғын анықтау үшін пальпация жасалады, екінші ұрық жоқ болғаны анықталғаннан кейін, сан бұлшық етіне бала туылғаннан кейін бір минут ішінде 10 ЕД окситоцин енгізіледі.
2. Кіндік бауын бақылау қажет. Кіндік бауын спиртпен өңдеп, қысқыштың біріншісін кіндік сақинасынан 10см, екіншісін одан 2см қашықтықта салып, олардың арасын қайтадан спиртпен өңдеп, стерильді қайшымен кіндік бауын кесеміз. Қысқышпен кіндік бауды әр бір жатыр жиырылған сайын төмен қарай, ал қолды қааға үстіне қойып жатырды жоғары қарай тартамыз. Осылай 3 тракциядан кейін қалыпты жағдайда кіндік бауы мен ұрық жолдасы бөлініп шығады. Плацентаны мұқият қарап, оның бүтіндігіне көңіл бөлеміз.
3. Алдыңғы іш қабырғасына жатыр жиырылғанша төменге қарай аздап түсіретіндей массаж жасаймыз. Алғашқы бір сағатта 15 минут сайын,екінші сағатта 30 минут сайын жатыр жиырылуын тексеріп отырамыз. Үшінші кезеңде жатыр қуысынан қан кетеді, қанның мөлшері әдетте 150-400 мл аспайды. Үшінші кезеңнің ұзақтығы- 5-30 минут. Бала жолдасы туылғаннан кейін босанушыны - босанған әйел дейді.
Босанушының босану ағымы.
І кезең. Сағат 5:00-де толғақ басталды. Толғағы 500-1100 аралығында 10 минутта 2 рет әлсіз (20-25 секунд), 1100-ден бастап 10 минутта 3 рет орташа (30-35 секунд) толғақ болды. Жатыр мойнының ашылуы 700-де 2 см, ұрық басының кіші жамбас қуысына түсуі 5/5. Келесі қынаптық тексеру 1100-де жатыр мойнының ашылуы 6 см, ұрық басының кіші жамбас қуысына түсуі 5/4. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70 мм.с.б. Пульс минутына 80 рет. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты. 11:00-де қағанақ суы кетті.
ІІ кезең. Жатыр мойны толық ашылған. 1300- де ұрық басының кіші жамбас қуысына түсуі 5/0. 1300-де күшену болды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70 мм.с.б. Пульс минутына 80 рет. 1310-да қайта күшену болды.13:20-да мерзімінде босану болды. Тірі ер жынысты нәресте басымен келіп туылды. Айқайы қатты. Бұлшық ет тонусы жақсы сақталған, кіндік шеңбері қасаға мен семсер тәрізді өсіндінің аралығында орналасқан. Туылысымен анасының кеудесіне жатқызылды. Апгар шкаласы бойынша 9/10 балл.
ІІІ кезең. Бұлшықетке туыла салысымен окситоцин енгізілді. 10 минуттан кейін активті түрде жатырға контрдавление жасалды. Кіндік бауға тракция жасап тарта отырып, жатырды кері итеріп, бала жолдасы 2 тракциядан туылды. Бала жолдасы бөліктері түгел және қағанақ қабы бүтін. Босану жолдары стерильді салфеткамен сүртілді. Жалпы қан шығыны 200 мл.
I-кезең - 8 сағат;
II-кезең - 20 минут
III-кезең - 10 минут
Жалпы ұзақтығы – 8 сағат 30 минут.
Нәресте туралы мағлұмат.
17.11.2015 жылы сағат 13:20-да ер бала дүниеге келді. Нәресте жағдайы қанағаттанарлық. Салмағы 3400 гр, бойы 52см, бас айналымы 35см, кеуде шеңбері 33 см. Апгар шкаласы бойынша 9/10 ұпай. Емшек емуді 20 минуттан кейін бастады. Терісі кілегейлі, ылғалды, таза кеуде торы пішіні қалыпты. Тыныс алу жиілігі 47 минут. Жүректің тоны анық, ырғақты. Пульс жиілігі минутына 145 рет. Іші жұмсақ. Барлық жүйелері қалыпты, патологиясыз. Жүйке жүйесі ерекшеліксіз. Бұлшық ет тонусы сақталған.
Бірінші тәуліктегі нәресте жағдайы
18.11.2015 жылы нәресте жетіліп туылды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі таза, қалыпты. Тері асты шелмай қабаты жақсы дамыған. Басының шаш ұзындығы 2 см. Кіндік шеңбері қасаға мен семсерше өскіннің аралығында орналасқан. Айқайы қатты. Жүрек тондары анық, ырғақты. Температурасы 36,70С. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, зәр шығаруы қалыпты, еркін. Дене салмағы 3400 гр. Ұзындығы 52 см.
Жаңа туған нәрестені алғашқы өңдеу.
Алғашқы 2 сағатта нәресте анасымен тері-теріге әдісімен анасының үстіне жатқызылады. Өңдеу босануды жүргізген акушерка немесе бала медбикесімен жүргізіледі. Босанудан кейінгі нәрестені электронды термомертмен дене температурасы 30 минут ішінде өлшейміз (t=36-37,50C). Туылғаннан кейінгі 1-ші сағат ішінде гонобленореяға профилактика ретінде нәресте көзіне 1% тетрациклин немесе эритромицин мазін жағамыз. Кіндік шеңберінен 0,3 см аралықта Роговин қысқышын кигіземіз, стерильді кіндік шеңберінің қалыңдығы 0,3-0,5 см жоғары бөлігінен кесеміз. Қатты қысып, орауға болмайды. Нәресте салмағын және бой ұзындығын өлшеу барлық ережелерді сақтап, 2 сағаттан кейін жүргізіледі. Нәресте туылғаннан кейін жағдайы жақсы болса, анасымен бірге босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырады.
Бақылау күнделігі
1 - тәулік
18.11.15ж. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70 мм.с.б. Тамыр соғысы 80 рет минутына. Тыныс жиілігі 18 рет. Зәр шығаруы ауырсынусыз. Сүт бездері жұмсақ, емізікшесі таза, өзі емізеді. Жатыры тығыз. Бөліністері орта мөлшерде, алқызыл түсті.
2 - тәулік
19.11.15ж. Жалпы жағдайы қанағатанарлық. АҚҚ 110/70 мм.сб. Тамыр соғысы 80 рет минутына. Тыныс алу жиілігі 18 рет. Зәр шығаруы ауырсынусыз. Сүт бездері жұмсақ, емізікшесі таза, өзі емізеді. Жатыры тығыз, кіндіктен екі көлденең саусақ төмен. Бөліністері орташа мөлшерде, алқызыл түсті.
Шығару эпикризі.
Ахметова Ақмаржан Жақсығалиқызы 21 жаста. Қалыпты жамбас өлшемдерімен жүктіліктің 40 аптасында ретті толғақ басталған соң, бүтін қағанақ қабымен Ақтөбе облыстық ауруханасына келіп түсті.
Толғақтың басталуы 5:00-де; қағанақ суының кетуі 11:00-де; судың мөлшері мен сапасы - ақшыл мөлдір. Бала жолдасының түсуі белсенді түрде 10 минуттан кейін, бала жолдасы бүтін, барлық бөліктері түгел. Кіндік бауы ұзындығы – 55 см.
І кезең – 8 сағат;
ІІ кезең – 20 минут;
ІІІ кезең – 10 минут.
Жалпы ұзақтығы – 8 сағат 30 минут.
Нәресте жынысы – ер;бойы – 52 см; салмағы – 3400 грамм; бас шеңбері – 35 см; кеуде шеңбері – 34 см; жетілген тірі; Апгар шкаласы бойынша 9/10 балл.
Бала туылды 17 қараша 2015 жыл, сағат 13:20-да.
Босанғаннан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Аралықтың жыртылысы жоқ. Қан шығыны – 200 мл.
Әйел босанған кейін 3 тәулікте нәрестесімен үйіне шығарылды.
Ақыл-кеңес:
1. Емшекпен қоректендіру, баланы бір бүйірімен жатқызып емізу;
2. 6-8 аптаға дейін жыныстық қатынаста болмау;
3. Ұтымды, пайдалы тағам қабылдау;
4. Баланы ең кемінде 6 айға дейін ана сүтімен емізу;
5. Босанғаннан кейінгі режим мен гигиенаны сақтау;
6. Аймақтық акушер-гинекологтың бақылауында болу.
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 9741 | Нарушение авторских прав
1 | 2 |
|