Ішке пальпация жасау ережесі
1.Науқас аяғын созып, қолдарын денесінен төмен қарай жіберіп арқасымен жатуы тиіс, басы төмен, ішінің бұлшық еттері бос болуы керек.
2. Зерттеуші науқастың оң жағында болғаны дұрыс.
3. Зерттеушінің қолдары құрғақ және жылы болуы тиіс.
4. Бөлме жылы және тыныш болуы керек.
14.1. Стандарт: «Ішке жеңіл пальпация жасау әдісі»
1. Науқастың аяғын созып, қолдарын денесінің бойымен төмен түсіріп,арқасымен жатқызыңыз.
2.Пациенттің оң қолының алақанын ішінің сол жағына қойыңыз.
3. Сәл бүгілген саусақтарыңызбен іштің бет пердесінбаяу басыңыз. Алдыңғы іш қабырғасының кернеу дәрежесін бағалау.
4. Қолыңызды оңжамбас облысынақойып, пальпация жасаңыз.
5. Қолыңызды жоғарыға іштің бет пердесінің оң және сол симметриялық бөліктеріне эпигастрийге алып барып науқастың ішіне пальпация жасаңыз.
Ішке беткей жеңіл пальпация жасау:
1. Іш тығыздаушы бұлшық еттердің кернеуін;
2. Шоғырланған және жалпы ауырсынуды;
3. Іштің бұлшық еттерінің ажырауын, ақ сызық пен кіндік каналының грыжасын;
4.Іш қуысы органдарының ұлғаюын, ісіктерін және басқа да паталогиялықтүзілімдерінанықтауға мүмкіндік береді.
14.2. Стандарт: «Асқазанға терең пальпация жасау әдісі»
1.Пациенттің аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз.
2. Оң қолыңыздың төрт саусағын жартылай бүгіп, кіндіктен жоғарылау жерге іштің алдыңғы орта сызығына қойыңыз.
3. Іш терісін жоғарыға тартыңыз.
4.Науқас тыныс шығарғанда саусақтарыңызды ішіне қаттырақ батырыңыз.
5.Тыныс шығару соңында саусақтарыңызды асқазан бойымен төмен қарай жылжытыңыз.
Қалыпты жағдайда асқазан қисығы кіндіктен 2-3 см жоғарылау іштің орта сызығының екі жағында орналасқан. Ол тегіс, ауырмайтын валик түрінде байқалады.
14.3. Стандарт: «Соқыр ішекке пальпация жасау әдісі»
1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз, қолдарын кеудесіне қойыңыз.
2. Дәрігер оң қолының жартылай бүгілген саусақтарын оң мықын аймағына кіндікпен оң мықын сүйек қыры арақашықтығының 1/3 бөлігіне орналастырады.
3. Тері қатпарларының пайда болуы тиіс.
4. Пациент тыныс шығарғанда ішінің бұлшық еттері босайды, соны пайдалана отырып, саусақтарыңызды ішіне барынша батырыңыз.
5. Саусақтарыңызды оң мықынжағына жылжытқанда, соқыр ішек туралы пальпаторлымәліметбілінеді.
Қалыпты жағдайда соқыр ішектің төменгі бөлігі сәл кеңейгенцилиндр тәріздес, түбі майысқанкернеуліекендігі байқалады. Соқыр ішектің төменгі жағы ер адамдарда сүйек аралығы сызықтан 0,5 см жоғары, әйелдерде 1-1,5 см төмен орналасқан.
14.4. Стандарт: «Тоқ ішекке пальпация жасау әдісі»
I. Өрлемелітоқ ішекке пальпация жасау.
1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз, қолдарын кеудесіне қойыңыз.
2. Сол қолыңыздың саусақтарын пациент белінің оң жағына қойыңыз, ал жартылай бүгілген оң қолыңыздың саусақтарын – ішінің оң жағына, тоқ ішектің өрлемелі бөлігіне тігінен қойыңыз.
3. Теріні кіндікке қарай жылжытыңыз.
4. Тыныс шығару барысында оң қолыңызды пациенттің ішіне қаттырақ батырыңыз, лажы болса сол қолыңызбен түйістіріңіз.
5. Қолыңызды ішектің сыртына қарай жылжытыңыз.
II. Көлденеңтоқ ішекке пальпация жасау
1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз, қолдарын кеудесіне қойыңыз.
2. Асқазанның төменгі шекарасын анықтаңыз.
3. Екі қолыңыздың төрт бүгілген саусақтарын асқазанның табылған шекарасынан 2-3 см төмен және ортаңғы сызықтан 4-5 см оңға және солға тігінен қойыңыз.
4. Теріні жоғарыға жылжытыңыз.
5. Тыныс шығару барысында қолдарыңызды пациенттің ішіне баяу батырыңыз.
6. Саусақтарыңызды төмен жылжытыңыз.
III. Төмендеушітоқ ішекке пальпация жасау.
1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз, қолдарын кеудесіне қойыңыз.
2. Сол қолыңызды пациент белінің сол жағына, ал жартылай бүгілген оң қол саусақтарын – іштің сол жағына тоқ ішектің төменгібөлігіне тігінен қойыңыз.
3. Теріні кіндікке қарай жылжытыңыз.
4. Тыныс шығару барысында оң қолыңызды пациенттің ішіне қаттырақ батырыңыз, лажы болса сол қолыңызбен түйістіріңіз.
5. Саусақтарыңызды төмен жылжытыңыз.
Қалыпты жағдайда тоқ ішек қалыңдығы 2-2,5 см цилиндр түрінде байқалады, сәл қаттылау, тез қозғалады, ауырмайды.
14.5. Стандарт: «Сигма тәріздес ішекке пальпация жасау әдісі»
a) Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз, қолдарын кеудесіне қойыңыз.
b) Оң қолыңызды болжалданған ішек тұрған жерге тігінен қойыңыз. Жартылай бүгілген саусақтарыңыздың ұшы кіндік-мықын сызығының шекарасының сол жақ мықынында болуы тиіс.
c) Теріні кіндікке қарай жылжыта отырып, тері қатпарларын жасаңыз.
d) Науқастың тыныс шығаруы барысында қолыңызды іш кеңістігіне қатты батырыңыз, мүмкін болса артқы қабырғасына жеткізіңіз.
e)Қолдарыңызды сыртқа және төменге жылжыта отырып, саусақтарыңыздың ұшымен сигма тәріздес ішекті ұстап байқаңыз.
Қалыпты жағдайдасигма тәріздесішек20-25 см дейін тегіс қаттылау қалыңдығы 1-1,5 см цилиндр түрінде байқалады, пальпациялағанда ауырмауы тиіс.
15.Стандарт: «Бауырға пальпация жасау әдісі»
1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз, қолдарын кеудесіне қойыңыз.
2. Сол қолыңызды оң қабырға доғасына қойып, қатты басыңыз, төрт саусағыңыз науқас белінің оң жағында, ал бас бармағыңыз – алдыңғы жақта оң қабырға доғасында болуы тиіс.
3.Оң қолдың алақанынтолығымен теріге қойыңыз, саусақтарыңызды сәл бүгіп, оң қабырға доғасынан төмен орта бұғаналық сызықпен іштің алдыңғы бет пердесіне бауырдың төменгі жағына тігінен қойыңыз.
4. Теріні төмен қарай тартыптері қатпарын жасаңыз.
5. Тыныс шығару барысында қолыңызды іш қуысына баяу батырыңыз.
6.Науқастың терең тыныс алуын өтініңіз, сол кезде бауырдың шеті төмен түсіп, саусақтардың арасынан өтеді.
7. Осы тәсілді бірнеше рет қайталаңыз. Бірақ қолыңыз қозғалмауы тиіс. Терең тыныс алу соңында байқалатын бауырдың шеті қабырға доғасынан 1-2 см төмен, жұмсақ, үштік, мәнді болуы тиіс.
16. Стандарт: «Бауыр перкуссиясын жасау әдісі»
16.1. Стандарт: «Бауырдың абсолютті жоғарғы шекарасын анықтау»
1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз. Пациентті ыңғайландырып отырғызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз.
2. Плессиметр саусағын оң кеуде сызығы бойынша екінші-үшінші қабырға араларына қойып, жоғарыдан төмен қарай ашық өкпе дауысының тұйықталу шекарасына дейін баяу перкуссия жасаңыз.
3. Плессиметр саусағының жоғарғы шеті бойыншатерідетабылған шекараны белгілеп қойыңыз.
4. Оң орта бұғаналық сызық пен оң жақтағы алдыңғы қолтық асты сызық бойынша осыған ұқсас перкуссия жасаңыз.
Қалыпты жағдайдабауырдың абсолютті жоғарғы шекарасы:
• оң кеуде сызығы бойынша –VI қабырғаның жоғарғы шетінде;
• оң ортаңғы бұғана сызығы бойынша –VI қабырға деңгейінде;
• оң жақтағы алдыңғы қолтық асты сызық бойынша –VII қабырға деңгейінде болуы тиіс.
16.2. Стандарт: «Бауырдың абсолютті төменгі шекарасын анықтау»
1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз. Пациентті ыңғайландырып отырғызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз.
2. Плессиметр саусағын кіндік деңгейіне іштің алдыңғы бет пердесіненемесе оң жақтағы алдыңғы қолтық асты сызығына көлденеңінен қойыңыз, тимпаникалық дыбыс абсолютті шекарасына жеткенше жоғары қарай перкуссия жасаңыз.
3. Плессиметр саусағының төменгі шеті бойынша теріге табылған шекараны белгілеп қойыңыз.
4. Оң ортаңғы бұғана сызығы, оң кеуде сызығы және алдыңғы орта сызық бойынша осыған ұқсас перкуссия жасаңыз.Қалыпты жағдайдабауырдың абсолютті төменгі шекарасы:
• оң жақтағы алдыңғы қолтық асты сызық бойынша – Х қабырға деңгейінде;
• оң ортаңғы бұғана сызығы бойынша – оң қабырға доғасының төменгі шетінде;
• оң кеуде сызығы бойынша – оң қабырға доғасының шетінен 2 см төмен;
• алдыңғы орта сызық бойынша – кеуденіңсемсер тәріздес өсіндісінен 3-6 см төмен болуы тиіс.
16.3. Стандарт: «Бауырдың абсолютті сол жақ шекарасын анықтау»
1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз. Пациентті ыңғайландырып отырғызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз.
2. Плессиметр саусағынVIII - IX қабырғалар деңгейіне сол қабырға доғасының шетіне тігінен қойыңыз.
3. Тимпаникалық дыбыс абсолютті шекарасына жеткенше тікелей оң қабырға доғасының астынан перкуссия жасаңыз.
17. Стандарт: «Көк бауырға пальпация жасау әдісі»
1. Науқасты оң жағына қаратып жатқызыңыз. Басын кеудесіне қарай сәл еңкейтіңіз. Сол қолы шынтақ буынында сәл бүгіліп кеуде қуысында бос жатуы тиіс. Оң аяғы созылыңқы, сол аяғы – тізе мен жамбас буындарында бүгілген болуы керек.
2. Науқастың сол қолын кеуденің сол жағына VII мен X қабырғаларының арасына қолтық асты сызығы бойынша, тыныс алғанда қозғалмайтындай етіп басып қойыңыз.
3. Оң қол саусақтарын сәл бүгіп, қабырға доғасы шетінің X қабырғаның шетімен қосылған жеріне іштің бет пердесініңалдыңғы жағына қойыңыз.
4. Сонан кейін науқас тыныс шығарғанда оң қолыңызбен іштің бет пердесін сәл тартып басыңыз.
5. Әрі қарай науқастың терең тыныс алуын өтініп, қолыңызбен жылжымалы қозғалыстар жасаңыз.
Қалыпты жағдайдакөк бауыр байқалмауы тиіс.
18. Стандарт: «Лимфа түйіндеріне пальпация жасау әдісі»
1. Пациентті беліне дейін шешінуін өтініңіз. Пациентті ыңғайландырып отырғызыңыз, тұрғызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз.
2. Лимфа түйіндерінің болжалды шоғырланған жерлеріне (жағының асты, құлақтарының жаны, бұғана асты мен үсті, қолтық асты, шаптары т.б.) саусақтарыңыздың ұшын айналдыра қозғалтыңыз, оларды қаттырақ басыңыз (сүйектеріне, бұлшық еттеріне).
Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері байқалмауы тиіс.
19. Стандарт: «Бүйрекке пальпация жасау әдісі»
Бүйрек пальпациясы екі қолмен жасалады (бимануалды).
1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз. Пациентті ыңғайлы тұрғызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз.
2. Сол қолыңыздың алақанын XII қабырғадан төмендеу жерге пациенттің беліне қойыңыз. Оң қолыңыздың бүгулі саусақтарын пациенттің ішіне, қабырға доғасының астына, тік түскен бұлшық еттердің жанына қарай тігінен қойыңыз.
3. Теріні төменге қарай тартып, тері қатпарын жасаңыз.
4. Пациенттің терең тыныс алуын өтініңіз, тыныс шығарғанда оң қолыңызды ішіне терең батырыңыз, ал сол қолыңызбен артқы жағынан алға қарай басыңыз.
5. Пациенттің терең тыныс алуын өтініңіз. Терең тыныс алғанда, бүйрек төмен түседі, осы сәтті пайдалана отырып саусақтарыңыздың жылжымалы қозғалуымен бүйректің алдыңғы жағының үстін байқауға болады.
«Терапиядағы мейірбике ісі» пәніне арналған стандарттар
20.Стандарт: «Бүйрек перкуссиясын жасау әдісі»
1. Науқастың тұрып тұруын өтініңіз.
2. Сол қолыңыздың алақанын науқас белінің бүйрек тұрған жеріне қойыңыз.
3. Оң қолыңыздың алақанымен сол қолыңыздың сыртынан сәл соққыжасаңыз.
Егер соққылағанда ауырсынуды байқасаңыз, симптом оңды дегенді білдіреді (Пастернацкий симптомы).
21.Стандарт: «Тамырларға пальпация жасауәдісі»
1. Пациентті ыңғайлы жағдайға келтіріңіз - қол тамырларын тігінен, омыртқа тамырларын – тігінен немесе ішімен жерге қарай жатқанда, аяқ тамырлары - тұрғанда, отырғанда немесе жатқанда зерттеледі.
2. Тамыр үстіндегі теріні сипалаңыз және ұстап көріңіз. Тамырларға пальпация жасағанда келесі өзгерістерді анықтайды:
• Қарау барысында белгілі болған тамырлардың сыртқы көрінісі (мысалы, оның контурының тегіс болуы немесе ісінуі, тұрақты дефигурация мен деформация).
• Зақымдалған тамыр терісінің гипертермиясы, кейбір жағдайларда оның ісінуі байқалмауы да мүмкін.
• Тамыр капсуласының ауырсынуы.
• Ірі тамырларда (мысалы, тізе тамырында) сұйықтықтың пайда болуы.
• Қатаюы — кальцинаттар, инфильтраттар, ірі артериялардың түйінделуі,тофустар.
• Омыртқаларды ұстап көргенде және омыртқа өсінділерінсоққылағанда олардың ауырсынуын бағалаңыз.
• сегізкөз-мықым қиылысынтексеру барысында, біраз уақыт алақаныңызбен мықым сүйектерінің қырынқысып тұрыңыз. Егер қабыну процесі болатын болса, зақымданған жерде ауырсыну пайда болады.
22.Стандарт: «Қалқанша безге пальпация жасау әдісі»
Пациентті ыңғайландырып отырғызыңыз, тұрғызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз. Қалқанша безге пальпация жасаудың үш әдісі бар:
1-әдіс –зерттеуші науқастың алдында тұруы тиіс, екі қолыңыздың бүгілген II— V саусақтарын артқы кеуде-бұғаналық-емізікшебұлшық еттеріне, ал бас бармақтарыңызды қалқанша сіңірге көрсетілген сіңірлердің алдыңғы жағының ішіне қарай қойыңыз. Пальпация жасау барысында науқастың жұтынуын өтініңіз, сол сәтте қалқанша без жұтқыншақпен бірге орнынан жылжып, дәрігердің саусақтарының арасынан өтеді.
2-әдіс –дәрігер науқастың оң жағында сәл алдында болуы тиіс. Мойын бұлшық еті бос болуы үшін науқастың басын алдына қарай сәл еңкейтуін өтіну қажет. Дәрігер сол қолының алақанымен науқастың мойнын артқы жағынан ұстап тұрады, ал оң қолының саусақтарымен қалқанша безге пальпация жасайды.
3-әдіс –зерттеуші науқастың артқы жағында тұруы тиіс. Қолының бас бармағын мойынның артқы жағына қояды, ал қалған саусақтарын қалқанша сіңірлеріне кеуде-бұғаналық-емізікшебұлшық етінің алдыңғы жағынақойып, пальпация жасауы тиіс.
23. Стандарт: «ЭКГ жасау әдісі»
1.Пациентті беліне дейін шешінуін, аяқтарын киімдерден босатуды өтініңіз.
2. Пациентті кушеткаға «арқасымен жатқызыңыз».
3. Пациент қолының ішкі жағына, аяқтарының төменгі жақтарына жұмсартқыш гель жағыңыз.
4. Жұмсарған теріге қысқыштары арқылы электродтардың металл пластинкаларын жабыстырыңыз.
5. Электродтарды металл пластинкаларды келесі тәртіппен жабыстырыңыз:
• Оң қолға – қызыл электрод.
• Сол қолға – сары электрод.
• Сол аяққа – жасыл электрод.
• Сол аяққа – қара электрод.
6. Электродтардың кеуде қуысына жабыстырылған жерлеріне ылғалдандырушы гель жағыңыз.
7. Пациенттің кеуде қуысына нөмірленген резіңке сорғыштарарқылы электродтарды біртіндеп 6-шыпозиция бойынша жабыстырыңыз:
• Кеуденің оң жақ шетіне ІV қабырға аралығына;
• Кеуденің сол жақ шетіне ІV қабырға аралығына;
•Сол жақтың кеуде маңы сызығы бойынша IV қабырға аралығына;
• Сол жақтың ортабұғаналық сызығы бойынша Vқабырға аралығына;
• Сол жақтың алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша V қабырға аралығына;
• Сол жақтың орта қолтық асты сызығы бойынша V қабырға аралығына
8. ЭКГ аппаратын қосыңыз, «пуск» кнопкасын басыңыз, ЭКГ жазуын шығарыңыз (әрбір жолында кем дегенде үш жүрек кешендері жазылуы керек).
9. 12 жол жазуы аяқталғаннан кейін ЭКГ аппаратын сөндіріңіз. Пациенттегі электродтарды шешіп алыңыз.
10. Тіркелген ЭКГ лентасына пациенттің тегін, атын, жасын, ЭКГ тіркелу күнін жазыңыз.
24. Стандарт: Бронхиалды демікпе ұстамасында көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Бронх тарылуы демікпесін басу.
Қорлары: қалта ингаляторыбронхолитиктерімен, небулайзер бронхолитиктерімен, оттегілі баллон, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/т тамшылатып салуға арналған жүйе, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар: 120-180 мг преднизолон, 5000-10000 ЕД гепарин, бронхолитиктер (беротек, беродуал, сальбутамол), 0.9 % натрий хлоридінің ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. Пациентті тыныштандырыңыз, таза ауамен қамтамасыз етіңіз;
2. Ыңғайлы жайғасуына көмектесіңіз;
3. Тар киімін шешіңіз;
4. Қалта ингаляторын қолданыңыз;
5. Небулайзер бронхолитигімен (сальбутамол) қолданыңыз;
6. Маска арқылы ылғалдандырылған кислород жіберіңіз;
7. 2А %эуфиллин е-сі - 10 мл к/т5-7 мин. баяу салыңыз;
8.90 - 120 мгпреднизолонк/т салыңыз;
9.500,0 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісін немесе 500,0 мл 4% натрий гидрокарбонатыныңының ерітіндісінк/т тамшылатып салыңыз;
10. 5000-10000 ЕДгепаринк/т салыңыз;
11. Пациенттің жағдайын үнемі қадағалап отырыңыз–қанның соғуын, АҚ, дем алу жиілігін, сілемейлі қақырығын.
12. Науқасты жан сақтау бөліміне немесе қарқынды терапия палатасына жіберіңіз.
13. Науқасты зембілге отырғызып немесе басын көтеріңкі етіп жатқызып тасымалдаңыз.
25. Стандарт: Демікпе мәртебесінде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Бронх тарылуы демікпесін басу.
Қорлары: оттегілі баллон, маска, дәке майлығы, тонометр, фонендоскоп, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/т тамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
1000 мл реополиглюкин, 2.4 % эуфиллин ерітіндісі, 90 мг преднизолон немесе250 мг гидокартизон, 10000 ЕД гепарин.
Іс-әрекеттер реті:
1. Пациентті тыныштандырыңыз, ыңғайлы жайғасуына көмектесіңіз, тар киімін шешіңіз, таза ауаның болуын қамтамасыз етіңіз, физикалық және психикалық тыныштықтың болуын қамтамасыцз етіңіз;
2. Қалта инголяторын қолданыңыз;
3. Небулайзер бронхолитигімен (100 мкг/доза сальбутамол) 5-10 мин. қолданыңыз;
4. Маска арқылы ылғалдандырылған кислород жіберіңіз;
5. 2.4%эуфиллин е-сі - 10 мл к/талғашқыда 5-7 минут, сонан кейін 3-5 мл 2,4 % эуфиллин ерітіндісін к/т инфузиялық ерітіндімен тамшылатыпсалыңыз;
6. 90 - 150 мгпреднизолонк/т салыңыз;
7. 5000-10000 ЕДгепаринк/т салыңыз;
8.500,0 мл 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісін немесе 500,0 мл 4% натрий гидрокарбонатыныңының ерітіндісінк/т тамшылатып салыңыз;
9. Пациенттің жағдайын үнемі қадағалап отырыңыз– қанның соғуын, АҚ, дем алу жиілігін, сілемейлі қақырығын.
10. Науқасты жан сақтау бөліміне немесе қарқынды терапия палатасына жіберіңіз.
11. Науқасты зембілге отырғызып немесе басын көтеріңкі етіп жатқызып тасымалдаңыз.
Ескерту:
1. Седативті, антигистаминді, зәр шығарушы заттарды, кальций мен натрий (соның ішінде физерітіндіні) препараттарын қабылдауға болмайды!
2. Бронхолитиктерді көп қолдануға болмайды, өйткені денсаулыққа өте қауіпті.
26. Стандарт: Өкпеден қан кеткенде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: қан кетуді тоқтату.
Қорлары: мұз қалақ, тонометр, фонендоскоп, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/т тамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
1-2 мл 12,5 %дицинон ерітіндісі, 10 мл 1% кальций хлоридінің ерітіндісі, 100 мл 5%аминокапронқышқылының ерітіндісі, 1-2 мл 1 %викасол ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. Науқасты тыныштандырыңыз, отыруына көмектесіңіз (қақырынуын жеңілдету үшін), тұруына және сөйлеуіне тиым салу.
2. Кеуде қуысынамұз қалақнемесесалқын компресс қойыңыз;
3. Науқасқа салқын сусын: ас тұзының ерітіндісін (1стакан суға 1ас.қ. тұз), қалақай ерітіндісін беріңіз.
4. 1-2 мл 12,5 %к/тнемесеб/едицинон ерітіндісін салыңыз.
5.10 мл 1%кальций хлоридінің ерітіндісін к/т салыңыз.
6.100 мл 5%аминокапрон қышқылының ерітіндісін к/т тамшылатып салыңыз.
7. 1—2 мл 1%викасол ерітіндісінб/е салыңыз.
8. Хирургия бөліміне жіберіңіз.
9. Науқасты зембілге отырғызып тасымалдаңыз.
27. Стандарт: Гипертониялық криздекөрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: артериалды қан қысымын төмендету.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/ттамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
нифедипин 10-20 мг немесе каптоприл 12,5 мг, 0.9 % натрий хлоридінің ерітіндісі, клонидин 0.75-0,15 мг, 4—6 мл 1% фуросемид ерітіндісі, 10-20мл 25 %магний сульфатының ерітіндісі, 2-6 мл 0,5 % диазепам ерітіндісі, валерианка экстракті, корвалол.
Іс-әрекеттер реті:
Нейровегетативті кризис формасында:
1. Физикалық және физикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз, науқасты басын көтеріңкі етіп жатқызыңыз;
2. Артериялық қан қысымын өлшеңіз;
3. 10 мг нифедипин (1-2 таблетка) немесе12.5 мг каптоприл (1-2таб-летка) тілінің астына қойыңыз;
4. 4-6 мл 1%фуросемид ерітіндісінк/т салыңыз;
5. Седативті препараттар: 2-3 таблеткавалерианкаэкстрактіннемесенауқастың аузына25-30 тамшы корвалолтамызыңыз;
6. Нәтиже бермеген жағдайда тілінің астына0.075-0,15 мг клонидин (клофелин)салыңыз.
Сулы-тұзды кризис формасында:
1. 2-6 мл 1%фуросемид ерітіндісін бір рет к/т салыңыз;
2. 10-20 мл 25 %магний сульфатының ерітіндісін к/т баяу салыңыз;
Тамыр тартылу кризисі формасында:
1. 10 мл 0.9 % натрий хлоридінің ерітіндісімен араласқан 2-6 мл 0,5 %диазепам ерітіндісін к/т салыңыз;
2. Артериялық қан қысымын қадағалай отырып гипотензивті препараттар мен диуретиктер салыңыз.
Ескерту:
1. ДЕМ АЛУ ЖИІЛІГІ мен АҚәрбір15 минут сайын қадағалап отырыңыз.
2. 20-30 мин ішінде гипотезивті эффект болмаған жағдайда, мидың қан айналымы бұзылғанда, жүрек демікпесінде, стенокардияда науқасты көп бейінді стационарға жіберу қажет.
28. Стандарт: Стенокардия ұстамасында көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: ауырсыну синдромынбасу, миокардтың оттегіне деген қажеттілігін төмендету.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, дәрілік препараттар: нитроглицерин, валидол, нифедипин(10 мг), аспирин 325 немесе 500 мг, ыстық су, қыша қағаздары.
Іс-әрекеттер реті:
1. Физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз;
2. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз; таза ауаның болуын қамтамасыз етіңіз;
3. Науқастың тілінің астына нитроглицеринмен валидол таблеткаларын қойыңыз.Егер жүрегінің ауырғаны басылмаса, әрбір 5 минут сайын (2-3 рет) нитроглицерин беріп отырыңыз.
4. Нитроглицерин болмаған жағдайда науқасқа тілінің астынан 1 таблетка нифедипин(10 мг) қойыңыз, АҚ қадағалап отырыңыз;
5. Аспирин таблеткасын беріңіз (325 немесе 500 мг);
6. Жүрек тұсына қыша қағазын қойыңыз немесе науқасқа ыстық су ішкізіңіз;
7. Пациенттің жағдайын үнемі қадағалап отырыңыз, АҚ мен тамыр соғуын өлшеңіз.
8. Ауырсыну синдромы пайда болғанда уақтылы көмек көрсету туралы пациентпен сөйлесіңіз.
Ескерту: нитроглицеринді 3 реттен артық бермеңіз.
29. Стандарт: Миокард инфарктіндекөрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: ауырсыну синдромынбасу, миокардтың кислородқа деген қажеттілігін төмендету.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп,оттегілі баллон, маска, дәке майлығы, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/ттамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
нитроглицерин, изокет-спрей, аспирин 325 немесе 500 мг, клопидогрел немесе плавикс, 2-4 мг морфин ерітіндісі, 5000 ЕДгепарин, актелиз, 1500000 ЕДстрептокиназ,преднизолон 60 мг, 10 мл физ.ерітінді.
Іс-әрекеттер реті:
1. Физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз. Науқасты жатқызыңыз, киімінің алдын шешіңіз,таза ауамен қамтамасыз етіңіз;
2. Тілінің астынаәрбір 5 мин. (бірақ 3 реттен артық болмауы тиіс) сайын нитроглицерин таблеткасыннемесе1-2 дозаизокет-спрей қойыңыз;
3. Аспирин таблеткасын шайнатыңыз (325 немесе 500 мг) немесе клопидогрел немесе плавике беріңіз;
4. Ылғалдандырылған кислород беріңіз;
5. К/т2-4 мг морфин салыңыз;
6. Систоликалық АҚ-да 100 мм рт. ст. кем 60 мг преднизалонды 10 мл физ.ерітіндімен араластырып к/т салыңыз;
7. 30 минут аралығында к/т1500000 ЕДстрептокиназтамшылатып салыңыз;
8. 5000 ЕДгепарин к/т және90 минут аралығында актелизе 3 кезеңге бөліп салыңыз: 15 мг к/т,50 мг к/т тамшылатып35 минут аралығында, 35 мг к/ттамшылатып60 минут аралығында;
9. Пациенттің жағдайын үнемі қадағалап отырыңыз–АҚ, ЖҮРЕК ҚАҒЫСЫНЫҢ ЖИІЛІГІН, ДЕМ АЛУ ЖИІЛІГІН өлшеңіз.
10. Науқасты стационарға зембілге жатқызып тасымалдаңыз.
30. Стандарт: Кардиогенді есеңгіреуде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Артериялық қан қысымын көтеру.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп,оттегілі баллон, маска, дәке майлығы, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/ттамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
2-5 мг морфиннемесе фентанил, 5000 КД гепарин, 0.25 мг аспирин, 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі 200 мл, дофамин 200мг, 5% глюкоза ерітіндісі 400 мл.
Іс-әрекеттер реті:
1. Пациентті бас жағын көтеріңкі етіп жатқызыңыз.
2. Ылғалдандырылған кислород беріңіз.
3.2-5 мг морфинк/т салыңыз, 30 минуттан кейін қайта салыңызнемесе 1-2 мл 0,005 % фентанилерітіндісін салыңыз.
4. 5000 ЕДгепарин к/т салыңыз.
5. 0,25 г аспирин шайнатып, жұтқызыңыз.
6.200 мл 0.9 % натрий хлоридінің ерітіндісін10 мин. ішінде к/т салыңыз.
7.200мг дофаминді 400 мл 5% глюкоза ерітіндісаімен к/т салыңыз.
8. Науқасты стационардың жан сақтау бөліміне немесе кардиология бөлімінің қарқынды терапия палатасына жіберіңіз.
9. Науқасты зембілге басын көтеріңкі етіп жатқызып тасымалдаңыз.
31. Стандарт: Жүрек демікпесінде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Өкпе тамырларындағы қанның ұюуымен қан қысымын төмендету, оттегі жетіспеушілігін жою, өкпе капиллярларының қысымынтөмендету, артериялық қан қысымын қалыпқа келтіру.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп,оттегілі баллон, маска, дәке майлығы, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/ттамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
2 мл лазнкса,нитроглицерин.
Іс-әрекеттер реті:
1. Науқастың аяқтарын төмен түсіріп отырғызыңыз.
2. Қолына жгут қойыңыз.
3. Ылғалдандырылған кислород беріңіз.
4. Қ\т 2 мл лазикс салыңыз.
5. Тілінің астына нитроглицерин таблеткасын салңыз.
6. 5000 ЕД гепаринді 10 мл 0.9% физиологиялық ерітіндімен к/т салыңыз.
7. К/тнемесеб/е1 мл 1% морфин ерітіндісін салыңыз.
8. Гипертониялық кризис болған жағдайда қосымшак/т 1 мл клофелиндінатрий хлоридініңфизиологиялық ерітіндісімен салыңыз.
9. Бронх тарылуы демікпесінде 2,4% эуфиллин ерітіндісін к/т салыңыз.
Ескерту: миокард инфарктінде жүрек глюкозидтерін салуға болмайды, өйткені олар миокард жиырылуын арттырады, некрозды ұлғайтады.
32. Стандарт:Өкпе ісінгенде көрсетілетін шұғыл көмек
Мақсаты: Кіші қан айналым шеңберініңіркілуін кеміту, тыныс алу жолдарының өтімділігін қалыпқа келтіру, оттегі жетіспеушілігін жою,өкпе капиллярларының қысымын төмендету, артериялық қан қысымын қалыпқа келтіру.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп,оттегілі баллон, маска, дәке майлығы, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/ттамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
1 мл 1% морфин ерітіндісі, 1 мл физиологиялық ерітінді немесе 5 мл 10% глюкоза ерітіндісі, 0.5 мг нитроглицерин, фуросемид 40-80 мг, 1 -2 мл 5% пентамин ерітіндісі,оттегілі баллон, 33% этил спиртінің ерітіндісі, 60-90 мг преднизолон.
Іс-әрекеттер реті:
1. Науқасты отырғызыңыз;
2. Пациентті тыныштандырыңыз, таза ауаның болуын қамтамасыз етіңіз;
3. 1 мл 1%морфингидрохлоридерітіндісін, 1 млфизиологиялық ерітіндідееріген немесе5 мл 10 %глюкоза ерітіндісімен салыңыз;
4. Тілінің астына0,5 мг-нанәрбір 15-20 минут сайын (3 ретке дейін) нитроглицерин салыңыз;
5. АҚ қадағалай отырып,40-80 мг фуросемидк/т салыңыз;
6. АҚ жоғары болса к/т 20 мл физ.ерітіндіде ерітілген 1-2 мл 5%пентамила ерітіндісін 3-5 мл-ден әрбір 5 минут салыңыз;
7. Масканемесемұрын катетері арқылы ылғалдандырылған кислород жіберіңіз;
8. 2 мл 33 %этил спиртінің ерітіндісін к/т салыңыз;
9. 60-90 мг преднизолонк/т салыңыз;
10. Терапия нәтиже бермесе, өкпенің ісінуі тоқтамаса, АҚ төмендесе өкпеге жасанды вентилляция жасаңыз;
11.Науқасты ауруханаға жатқызыңыз.
12. Отырғызып тасымалдаңыз.
33. Стандарт: Естен танғанда көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: артериялық қан қысымын көтеру, ми гипоксиясын кеміту.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп,оттегілі баллон, маска, дәке майлығы, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, к/т дәрілік препараттарды тамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
мүсәтір спирті, 2 мл 25% кордиамин ерітіндісінемесе 2 мл 20% кофеин ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. Науқастың басын төмендеу етіпнемесеаяқтарын жоғарылау етіп жатқызыңыз, егер жатқызу мүмкіндігі болмаса, онда басын төмен қаратып отырғызыңыз.
2. Таза ауаның болуын қамтамасыз етіңіз, киімінің алдын шешіңіз.
3. Бетіне салқын су шашыңызнемесебеттерінен шапалақтаңыз.
4. Мүсәтір спиртінің буын иіскетіңіз.
5.т/анемесеб/е2,0 мл 25% кордиамин ерітіндісіннемесе 2,0 мл 20% кофеина ерітіндісін салыңыз.
6.Тамыр соғуы мен АҚ өлшеңіз.
7. Пациенттің жағдайын бақылаңыз.
8. Естен тану себептері туралы әңгілесіңіз.
34. Стандарт: Коллапста көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Артериялық қан қысымын көтеру.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп,оттегілі баллон, маска, жапқыш немесе жылытқыш, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:1 мл 20 % кофеин ерітіндісі, 90 мг преднизолон, 10 мл 0,9% натрий хлоридініңерітіндісі. 400 мл реополиглюкин немесе полиглюкин.
Іс-әрекеттер реті:
1. Пациенттің аяқ жағын жоғарылау етіп жатқызыңыз.
2. Науқасты жылытыңыз (одеял жабыңызнемесежылытқыш қойыңыз).
3. 1 мл 20% кофеина ерітіндісінт/а салыңыз.
4. Ылғалдандырылған кислород беріңіз.
5.10 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісіндегі 90 мг преднизолонды к/т салыңыз.
6. 400 мл реополиглюкиннемесе полиглюкинк/ттамшылатып салыңыз.
7. Тамыр соғуы мен АҚ өлшеңіз
8. Пациенттің жағдайын бақылаңыз.
35. Стандарт: Гипогликемиялық есеңгіреудекөрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: қан құрамындағы қант мөлшерін арттыру.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, стерилді:: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:40-60 мл 40%глюкозаерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. 40-60 мл 40 %глюкозаерітіндісін к/т салыңыз;
2. Нәтиже бермеген жағдайда40 мл 40 %глюкозаерітіндісін қайталап к/т салыңыз.
3. Пациенттің жағдайы жақсарғанда нан мен тәтті су ішкізіңіз (асқынуынболдырмау үшін).
4. Пациенттің жағдайына зембілденемесежаяу ауруханаға жіберіңіз.
36.Стандарт: Гипергликемиялық (диабеттік) есеңгіреудекөрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: қан құрамындағы қанттың мөлшерін түсіру.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:0.9 % натрий хлоридініңерітіндісі, инсулин.
Іс-әрекеттер реті:
1. Пациенттің басын жанына қаратып дұрыс жатқызыңыз.
2. 1 кг салмаққа 0.1 - 0.2 ә.б.инсулин қан тамырынан, тері астынан салыңыз.
3. 0,9 % натрийхлоридініңерітіндісі 400 мл қан тамырынантамшылатып салыңыз(тез салған жағдайда ми ісінуі мүмкін);
4. Артериялық қан қысымын,тамыр соғуын бақылаңыз.
5. Көпбейінді стационардың қабылдау бөліміне кіргізбей, жедел жан сақтау бөліміне жіберіңіз.
6. Науқасты зембілге жатқызып тасымалдау қажет.
37. Стандарт: Анафилактикалық есеңгіреуде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Қан айналу мен тыныс алу функциясының жедел бұзылуынбасу; аллерген-дәрінің қанға түсуін болдырмау; ағзаның өмірлік маңызы бар функцияларына қолдау көрсету.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:адреналин 0,1% - 0.5 мл, физиологиялықерітінді 200 мл, преднизолон 30-б0мг 10-15 мл, 5% глюкоза ерітіндісі, супрастин 1% 2-4 мл немесе димедрол 1%2-5мл, эуфиллин 2.4% - 10мл, строфантин 0,03% - 0,5мл.
Іс-әрекеттер реті:
1. Аллерген салуды тоқтатыңыз, инъекция салынған жердің жоғарғы жағынажгут қойыңыз.
2. Пациентті жатқызыңыз, тілін байлаңыз, басын жанына қаратыңыз, тіс протездерін алып тастаңыз.
3. Аяқ жағын жоғарылатып қойыңыз.
4. Таза ауаның болуын қамтамасыз етіңіз, ылғалдандырылған кислород беріңіз.
5. Аллерген-дәріні ауыздан қабылдағанда,мүмкін болса науқастың асқазанын жуыңыз.
6. аллерген салынған жерден 5 мл физ.ерітіндісімен бірге 0,1% - 0,5 мл адреналин к/тнемесет/а салыңыз.
7. 10-15 мл. 5 % глюкоза ерітіндісімен 30-60 мг преднизолон к/тбаяу салыңыз.
8. Парентералдысупрастин 1 % 2-4 мл немесе димедрол 1% 2-5мл салыңыз.
9. Науқастың тыныс алуы нашарласа 10 мл физ.ерітіндісімен2.4% - 10млэуфиллин к/тсалыңыз.
10. Көрсеткіштері бойынша 10 мл физ.ерітіндісімен 0,05 % - 0,5мл строфантин к/тсалыңыз.
11. Пациенттің жағдайын бақылаңыз: қан соғуын, АҚ өлшеңіз.
38. Стандарт: Квинке ісінуінде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Қан айналу мен тыныс алу функциясының жедел бұзылуын басу; аллерген-дәрінің қанға түсуін болдырмау; ағзаның өмірлік маңызы бар функцияларына қолдау көрсету.
Қорлары: оттегілі баллон, маска, дәке майлығы, тонометр, фонендоскоп. Стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:
0, 1% - 0.5 мл адреналин, 90-120 мг преднизолон, 0,9% физиологиялықнатрий хлоридініңерітіндісі, 2,0 мл 2% супрастиннемесетавегил ерітіндісі, 10 мл 10% кальцийхлоридініңерітіндісі, 2.0 мл лазикс.
Іс-әрекеттер реті:
1. Аллергенмен қарым-қатынасты тоқтатыңыз. Егер жәндік шағып алса немесе аллергиялық реакция беретін дәрі салынса (аяқтан немесе қолдан), онда дәрі салынған жерден жоғарылау жерге міндетті түрде жгут қойыңыз. егер басқа жерден шақса, салқын компресс қойыңыз.
2. Пациенттің аяқ жағын жоғарылау көтеріңіз.
3. Ылғалдандырылған кислород беріңіз.
4. 0,1% - 0,5 мл адреналинт/а салыңыз.
5.10,0 мл 0,9 % натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен 90-І20 мг преднизолонк/тсалыңыз.
6. 2,0 мл 2% супрастиннемесе тавегилерітіндісін б/е салыңыз.
7. 10 мл 10% хлористый кальцийерітіндісін к/т ағызып салыңыз.
8. 10,0 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісімен2.0 мл лазикстік/т салыңыз.
9. Жедел түрде жан сақтау бөліміне жіберіңіз.
39. Стандарт: Бауыр коликасы ұстамасында көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Ауырсыну синдромын басу.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток. Дәрілік препараттар:
2мл но-шпа, папаверин 2% -2,0 мл, атропин 0,1% - 1,0 мл,10 мл 2,4 % немесе 1 мл 24% эуфиллин ерітіндісі, 10 мл 40% глюкоза ерітіндісі, 2 мл 1%морфинерітіндісі және 0,5-1 мл 0,1 % атропин ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен және қатаң түрде төсек режимімен қамтамасыз етіңіз.
2. 2 мл но-шпаб/е, папаверин 2% - 2,0 мл б/е. атропин 0,1% - 1.0 мл т/а салыңыз.
3. 5,0 мл баралгинк/т салыңыз.
4. Нәтиже бермеген жағдайда баяу 5 минут аралығындак/т 10 мл 2,4 % немесе 1 мл 24% эуфиллинерітіндісін,10 мл 40% глюкоза ерітіндісін салыңыз.
5. 1-2 мл 1% морфинерітіндісінжәне 0,5-1 мл 0,1 % атропинерітіндісін т/а салыңыз.
6. Пациенттің жағдайын бақылаңыз.
7. Хирургия бөліміне жіберіңіз
40. Стандарт: Асқазаннан қан кеткен жағдайда көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Қанды тоқтату.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, мұз қалақ.Стерилді: одноразовые шприцы,ватные шарики, спирт этиловый 70%, резиновый жгут, перчатки, пинцет в дезерітіндісіе,лоток.Лекарственные препараты: 10 мл — 10% ерітіндісі кальция хлориді, 4 млвикасола. 2-4 мл 12.5 % ерітіндісі дицинона, 50 мл 5% ерітіндісі аминокапроновойкислоты.
Іс-әрекеттер реті:
1. Обеспечить больному полный физический и психический покой.
2. Уложить больного с приподнятым головным концом.
3. Подать пуіырь со льдом на область эпигастрия.
4. Ввести к/т 10 мл – 10% ерітіндісі кальция хлориді.
5. Ввести б/е 4 мл викасола.
6. Ввести к/т 2-4 мл 12.5 % ерітіндісі дицинона немесек/ттамшылатып 50 мл 5% ерітіндісі аминокапроновой кислоты.
7. Следить за достоянием больного (подсчет қан соғуыа, измерениеАД).
8.Хирургия бөліміне жіберіңіз.
9.Науқасты бас жағын көтеріңкі етіп зембілге жатқызып тасымалдаңыз.
41.Стандарт: Бүйрек шаншуында көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: ауырсыну синдромын басу
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, грелка, стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:
5 мл баралгин, 1 мл 0,1% атропин ерітіндісі, 1 мл I—2% промедол ерітіндісі, 1 мл 0.2% платифиллин ерітіндісі, 2-4 мл 2% но-шпа ерітіндісі,морфин немесе промедол 1-2 мл.
Іс-әрекеттер реті:
1. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.
2. Беліне және ішіне жылытқыш қойыңыз.
3. Көк тамырданбаяу 5 мл баралгинсалыңыз.
4. 1 мл 1-2 % промедолерітіндісімен,1 мл 0,1% атропинерітіндісінтері астынан салыңыз.
5. 1 мл 0.2% платифиллинерітіндісінтері астынан салыңыз.
6. 2—4 мл 2% но-шпа ерітіндісінбұлшық ет ішінен салыңыз.
7. Жоғарыда аталған іс-шаралар нәтиже бермеген жағдайда 10—15 минуттан кейіннаркотиктер салыңыз: морфин немесе промедол 1—2 мл т/а.
8. Пациенттің жағдайын бақылаңыз.
9. Хирургиянемесеурология бөліміне жіберіңіз.
Ескерту: жылыту рәсімдері мен наркотикті анальгетиктерді іш кеңістігі органдарының жедел хирургиялық паталогиясы болмаған жағдайда ғана қолдануға болады.
42.Стандарт: Наркотикті заттармен уланғанда көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Ағзаға удың түсуін тоқтату, ағзадан уды шығару.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, оттегілі баллон, маска, дәке майлықтары,тегене, клеенка, су, стерилдіасқазан зонды, шұңғыма.Стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:
4-6 мл 20% кофеин ерітіндісі, физиологиялықерітінді, 2 мл кордиаминерітіндісі, 0.05 % налоксон ерітіндісі 4 мл, 5% глюкоза ерітіндісі 400 мл,реополиглюкинерітіндісі 400 мл,натрийгидрокарбонатының 4% - 300 мл.
Іс-әрекеттер реті:
1.Асқазанды жуыңыз.
2. Ылғалдандырылған кислород беріңіз.
3.Физиологиялықерітіндідегі4-6 мл 20% кофеинерітіндісін к/тағызып салыңыз.
4. 2 мл кордиаминерітіндісін к/т ағызып салыңыз.
5. Антидот: тыныс алу қалпына келгенше 0.05% налоксон ерітіндісін 4 мл к/т салыңыз.
6. 5% глюкоза ерітіндісін 400 мл к/т тамшылатып салыңыз.
7. 400 мл реополиглюкинерітіндісін к/т тамшылатып салыңыз.
8. 4 % - 300 млнатрийгидрокарбонатыныңынк/ттамшылатып салыңыз.
9. Жедел түрде токсикология бөліміне жіберіңіз.
10. Науқасты зембілге бір жанынан жатқызып тасымалдаңыз.
Ескерту: Налоксон нәтиже бермесе ӨЖТ жасаңыз.
43.Стандарт: Қышқылдармен және сілтілермен уланғанда көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Ағзаға удың түсуін тоқтату, ағзадан уды шығару.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, тегене, клеенка, су, стерилдіасқазан зонды, вазелин майы,шұңғыма. Стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:
1 мл фентанил, 120 мг преднизолон, 1 мл 0.1 % атропин ерітіндісі, 1 мл 1% димедрол ерітіндісі, 10 мл 10% кальций глюконатының ерітіндісі, 10 мл 2,4 % эуфиллин ерітіндісі, 400 мл 4% натрийгидрокарбонатыныңының ерітіндісі, 2 мл 20% кофеинерітіндісі, 400 мл реополиглюкин ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. Асқазанды жуыңыз.
2. Ауырсыну синдромы болса - 1 мл фентанилб/е салыңыз.
3. к/т 120 мг преднизолон салыңыз.
4. т/а 1 мл 0,1% атропин ерітіндісін салыңыз.
5. б/е 1 мл 1% димедролерітіндісін салыңыз.
6. к/т 10 мл І0% кальций глюконатыныңерітіндісін салыңыз.
7. к/т 10 мл 2,4 % эуфиллинерітіндісін салыңыз.
8. к/ттамшылатып 400 мл 4% натрийгидрокарбонатыныңыныңерітіндісін салыңыз.
9. т/а 2 мл 20% кофеинерітіндісін салыңыз.
10. к/ттамшылатып 400 мл реополиглюкинерітіндісін салыңыз.
11. Жедел түрде токсикология бөліміне жіберіңіз.
12. Науқасты зембілге бір жанынан жатқызып тасымалдаңыз.
44.Стандарт: Барбитураттармен уланғанда көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: Ағзаға удың түсуін тоқтату, ағзадан уды шығару.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, оттегілі баллон,маска, дәке майлықтары,тегене, клеенка, су, стерилдіасқазан зонды, вазелин майы,шұңғыма. Стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:
10 мл 0.5% бемегрид ерітіндісі, 400 мл реополиглюкин ерітіндісі, 300 мл 4% натрий гидрокарбонатының ерітіндісі, 400 мл 5% глюкоза ерітіндісі, 2 мл сульфокамфокаин, 2 мл 20% кофеин ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1.Асқазанды жуыңыз.
2. Ылғалдандырылған кислород беріңіз.
3. Антидот: 10 мл 0.5% бемегрид ерітіндісінсалыңыз
4. 400 мл реополиглюкин ерітіндісін к/т тамшылатып салыңыз.
5. 300 мл 4% натрийгидрокарбонатының ерітіндісін к/т тамшылатып салыңыз.
6.400 мл 5% глюкоза ерітіндісін к/т тамшылатып салыңыз.
7. 2 мл сульфокамфокаин б/есалыңыз.
8. 2 мл 20% кофеин ерітіндісін б/есалыңыз
9.Токсикология бөліміне жіберіңіз.
10. Науқасты зембілге бір жанынан жатқызып тасымалдаңыз.
45. Стандарт: Фосфороорганикалық қосындылармен уланғанда көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты:: Ағзаға удың түсуін тоқтату, ағзадан уды шығару.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, оттегілі баллон,маска, дәке майлықтары,тегене, клеенка, су, стерилдіасқазан зонды, вазелин майы,шұңғыма,стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:
3 мл 0,1 % атропин ерітіндісі, 400 мл 5% глюкоза ерітіндісі, 400 мл 0.9% натрийхлоридінің ерітіндісі, 120 мг преднизолон, 10 мл 25% магний сульфатының ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. Асқазанды жуыңыз.
2. Ылғалдандырылған кислород беріңіз.
3. Антидот: 5 минут сайын, көз қарашығы ұлғайғанша 3 мл 0,1 % атропинерітіндісін к/т салыңыз.
4.400 мл 5 % глюкоза ерітіндісін к/т тамшылатып салыңыз.
5. 400 мл 0.9% натрийхлоридінің ерітіндісін к/т тамшылатып салыңыз.
6. 120 мг преднизолонк/тсалыңыз.
7. Тамыр тартылғанда10 мл 25% магний сульфатыныңерітіндісінсалыңыз.
8. Жедел түрде токсикология бөліміне жіберіңіз.
9. Науқасты бір жанынан жатқызып тасымалдаңыз.
46.Стандарт: Ішімдікпен уланғанда көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты:: Ағзаға удың түсуін тоқтату, ағзадан уды шығару.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, тегене, клеенка, су, стерилдіасқазан зонды, вазелин майы,шұңғыма,стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 13882 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 |
|