АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Стандарт: «Жалпы аскультация ережелері»

Прочитайте:
  1. Стандарт: Выполнения инфузии и уход за подключичным катетером.
  2. Стандарт: Надевание стерильного халата, шапочки, маски, перчаток медсестрой.
  3. Стандарт: Надевание стерильных перчаток.
  4. Стандарт: Наложение гипсовой лонгеты.
  5. Стандарт: Наложение гипсовой повязки.
  6. Стандарт: Наложение стандартной фанерной шины.
  7. Стандарт: Наложение транспортной пластмассовой шины.
  8. Стандарт: Наложение транспортной шины Дихтериса.
  9. Стандарт: Наложение шины Крамера при переломе бедра.
  10. Стандарт: Наложение шины Крамера при переломе голени.

 

1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек.

2. Аускультация барысында науқас зерттеуге ыңғайлы жағдайда болуы керек – тұрып тұруы, немесе орындықта отыруы, немесе төсекте жатуы тиіс.

3. Тыңдау барысында стетоскопты науқастың терісіне барынша қаттырақ батырыңыз.

4. Зерттеуші стетоскопты екі саусақпен мықтылап ұстап тұруы тиіс.

5. Алға қойылған міндеттерге байланысты зерттеу барысында зерттеуші науқастың орнын ауыстырып тұруы тиіс.

7. Стандарт: «Кеуде қуысын пальпациялау»

 

Пальпацияны екі қолмен жасаңыз, ол үшін саусақтардың немесе алақанның ішкі жағын кеуденің сол немесе оң жақтарының симметриялық жерлеріне қойыңыз.

Пальпация арқылы:

1. Кеуде қуысының ауырсынуын;

2. Кеуде қуысының созылмалы болуын;

3. Эпигастрий бұрышының енін;

4. Дауыс дірілін анықтауға болады.

7.1.Стандарт: «Кеуде қуысының ауырсынуын анықтау»

 

1. Науқастың беліне дейін шешінуін өтініңіз.

2. Науқасты отырғызыңыз немесе орнынан тұрғызыңыз.

3. Пальпацияны екі қолыңызбен жасаңыз, екі қолыңыздың саусақтарының ұштарын бірден кеуде қуысының симметриялық жерлеріне қойыңыз.

4. Әрі қарай бұғана үстіне, бұғанаға, бұғана астына, кеудеге, қабырғалар мен қабырғалардың арасына, сонан кейін кеуде қуысының шет жақтарына, онан әрі жауырындардың арасына және жауырын астына пальпация жасаңыз.

7.2.Стандарт: «Кеуде қуысыныңсозылмалы болуынанықтау»

 

- кеуде қуысы езіліп кеткен жағдайда анықталады.

1.Науқасты беліне дейін шешінуін өтініңіз.

2. Бір қолыңыздың алақанын науқастың кеудесіне, ал екіншісін жауырын арасындағы кеңістікке қойыңыз.

3. Алақан сүйегімен (1-2 рет) қаттылау, пружиналы қозғалыспен басып қалыңыз.

4.Сонан кейін кеуде қуысының шеткі бөліктерінің симметриялық жерлеріне қабырға барысына алақаныңызды қойып, шеткі бағыттарда басыңыз (сау адамның кеуде қуысы үстінен басқанда созылмалы және жұмсақ болып келеді).

 

.................................................................

 

7.3. Стандарт:«Эпигастрий бұрышының енін анықтау»

 

1. Науқастың беліне дейін шешінуін өтініңіз.

2. Бас бармақты алақан бетімен қабырға доғасына қаттырақ батырыңыз, ал ұшын семсер тәріздес өсіндіге қойыңыз.

3. Эпигастрийбұрышы:

• нормостеникалық кеуде қуысы- 90 градус:

• гиперстеникалық–90 градустан артық;

• астеникалық–90 градустан кем болуы тиіс.

 

7.4. Стандарт: «Дауыс дірілін анықтау»

 

- Кеуде қуысының үстіндегі дауыс күшін анықтау.

1. Науқастың беліне дейін шешінуін өтініңіз.

2. Алақандарыңызды кеуде қуысының симметриялық жерлеріне қойыңыз: бұғананың үстіне, бұғананың астына, алдыңғы кеуденің оң жағына, кеуде қуысының шеттеріне, жауырын үстіне, жауырын арасы кеңістігіне, жауырын астына.

3. Науқасқа «Р» әрпі бар бірнеше сөзді қатты айтуын өтініңіз (мысалы, қырық бір).

8. Стандарт: «Өкпеніңсалыстырмалы перкуссиясын жасау әдісі»

Салыстырмалы перкуссияныөкпе мен плеврақуысының патологиялық өзгерістерінің сипатын анықтау үшін қолданады және бірқатар бронхо-өкпе синдромдарының диагностикасы үшін пайдаланады.

Салыстырмалы перкуссия әдісінің бірқатар ерекшеліктері бар:

1. Салыстырмалы өкпе перкуссиясы белгілі бір тәртіп бойынша: қатаң түрде кеуде қуысының оң және сол жақтарының симметриялық жерлерінің алдынан, жандарынан, артынан жасалады.

2.Орташа күшпен перкуторлы соққылар жасайды немесе дауысты перкуссияны пайдаланады.

3. Перкуссия қабырға араларынан жасалады.

4. Кеуде қуысының симметриялық бөлімдерінен алынған перкуторлық дауыстардың сипатын салыстырыңыз.

I. Кеуде алдынан:

1. Науқастың беліне дейін шешінуін өтініңіз.

2. Плессиметр-саусақтарыңызды кезекпе-кезек кеуде қуысының оң және сол жартысына, өкпенің жоғарғы жағынан бұғанаға көлденеңінен қойыңыз, бірдей күшпен 2-3 рет соққылаңыз. Перкуторлы дауыстарды салыстырыңыз.

3. Оң қолыңыздың екінші саусағымен науқастың бұғанасынансоққылаңыз.

4. Плессиметр саусағын бұғанадан төмендеу жерге ортаңғы бұғана сызықтары бойынша қабырғалардың арасына қабырғаға көлденең етіп қойыңыз.Сол жақтан IVқабырға деңгейіне дейін перкуссиялаңыз. Оң жақтан төмен дыбыс шыққанша перкуссиялаңыз.

II.Кеуде жанынан:

1. Плессиметр саусағын қабырғаларға көлденең етіп қойыңыз.

2. Науқастың қолдарын басының артына қойыңыз, шынтақтары ашық болуы тиіс.

3. Орта қолтық асты сызықтары бойынша салыстырмалы перкуссия жасаңыз.

III.Кеуденің артқы тұсынан:

1. Алдымен жауырынның үстіңгі жағынан перкуссиялаңыз, ол үшін плессиметр саусағын жауырын сүйегінің жоғарғы жағына қойыңыз, оған көлденеңінен оң және сол жақтан кезекпе-кезек перкуторлық соққылар жасаңыз.

2. Перкуссия жасау барасында науқастың қолдары денесінен төменге қарай түсулі, бұлшық еттері бос болуы тиіс.

 

3. Сонан кейін екі жауырынның арасын перкуссиялаңыз. Плессиметр саусағынжауырынның шетіне өмыртқаға көлденең етіп қойыңыз. Ал науқас қолдарын бір-біріне айқастырып, алақандарын иықтарының үстіне қоюы тиіс; жауырындары бір бірінен алшақтап, жауырын кеңістігін кеңейтуі тиіс.

4. Әрі қарай жауырынның астыңғы жағын перкуссиялаңыз.Плессиметр саусағын оң және сол жақтан кезекпе-кезек, жауырын бұрышының төменгі жағына көлденеңінен қойыңыз. Науқастың қолдары денесінен төменге қарай түсулі, бұлшық еттері бос болуы тиіс.

9. Стандарт: «Өкпенің топографиялық перкуссиясын жасау әдісі»

9.1. Стандарт: «Өкпенің жоғарғы шекарасын

(өкпенің жоғарғы ұшын)анықтау»

Алдыңғы жағынан:

1. Науқастың беліне дейін шешінуін өтініңіз.

2.Плессиметр саусағынбұғананың астынан көлденең етіп қойыңыз.

3.Жоғары қарай және ішке қарай батырыңқырап, перкуторлық төмен дыбыс шаққанша перкуссиялаңыз.

4. Дені сау адамдардың өкпелерінің жоғарғы ұштары бұғанадан 3-4 см төмен орналасқан.

Артқы жағынан:

1. Плессиметр саусағын жауырын сүйегінің шұңқырына, жауырын сүйегіне көлденең етіп қойыңыз.

2.Перкуссияны сәл жоғарылау ішке қарай, төмен перкуторлық дыбыс шыққанша жасаңыз (VIIмойын омыртқасыөсіндісінен 3-4 см қашықтықтағы нүкте).

Өкпенің жоғарғы ұштары VII мойын омыртқасы өсіндісінің деңгейінде болуы тиіс.

9.2. Стандарт: «Өкпенің төменгі шекарасын анықтау»

Өң өкпе:

1. Плессиметр саусағынекінші қабырға арасына, қабырғаларға көлденең етіп қойыңыз.

2. Перкуссияны соққылау арқылы жоғарыдан төменге қарай, өкпеден шыққан ашық дыбыс тұйық болғанға дейін жасаңыз (өкпе-бауыр шекарасы).

3. Оң ортаңғы-бұғаналық, алдыңғы қолтық, орта қолтық перкуссияларын да, омыртқа сызығына жақындау етіп осылай жасаңыз(перкуссияны қолтықтан үстіңгі жағынан бастаңыз, артқыны – жауырын бұрышынан бастаңыз).

Сол өкпе:

Сол өкпенің төменгі шекарасын үш қолтық асты сызығы бойынша жанынан және артқы жақтан екі сызық бойынша: жауырын мен омыртқаға жақын жерден анықтаңыз.

Қалыпты жағдайда өкпенің төменгі шекарасының орналасуы

 

Топографиялық Оң өкпе Сол өкпе
Кеуде маңы Бесінші қабырғааралық  
Бұғананың ортаңғы сызығы VIқабырға  
Қолтық аймағы алдыңғы сызығы VII қабырға VII қабырға
Қолтық аймағы орта сызығы VIIIқабырға VIII қабырға
Қолтық аймағы артқы сызығы IX қабырға IX қабырға
Жауырын ұшы X қабырға X қабырға
Омыртқа маңы XIкеуде омыртқасыныңқылқанды өсіндісі XI кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісі

9.3. Стандарт: «Өкпенің төменгі шекарасыныңқозғалғыштығын анықтау»

Өкпе шекарасыныңқозғалғыштығы науқастың терең тыныс алуы мен тыныс шығаруының барысында, оң жағынан үш сызық бойынша – бұғана ортасынан, қолтық ортасынан, жауырыннан; сол жағынан – екі сызық бойынша: қолтық ортасынан, жауырыннананықталады.

1. Қалыпты жағдайда физиологиялық тыныс алу барысында өкпенің төменгі шекарасын анықтаңыз және науқас терісіне бірінші белгіні қойыңыз.

2. Плессиметр саусағын осы белгіге көлденеңінен қойыңыз.

3. Науқасқа терең тыныс алып, тынысын ішіне тартып тұруын өтініңіз.

4. Ашық өкпе дыбысы тұйық болып шыққанша төменге қарай перкуссия жасаңыз, саусақтың жоғарғы шетіне екінші белгіні қойыңыз.

5. Плессиметр саусағын бірінші белгіге қойыңыз.

6. Науқасқа терең тыныс алып, тынысын ішіне тартып тұруын өтініңіз.

7.Ашық өкпе дыбысы тұйықболып шыққанша жоғары қарай перкуссия жасаңыз, саусақтың төменгі шетіне үшінші белгіні қойыңыз.

8. Екінші мен үшінші белгі арасындағы қашықтықты өлшеңіз, ол өкпенің төменгі шетінің барынша қозғалғыштығына сәйкес болуы тиіс.

Қалыпты жағдайдағы өкпенің төменгі шекарасыныңқозғалғыштығы

Топографиялық сызық Өкпенің төменгі шекарасының қозғалғыштығы, см
Оң жақ Сол жақ
Тынысалу Тынысшығару Орташа Тынысалу Тынысшығару Орташа
Ортаңғы бұғана 2-3 2-3 4-6
Ортаңғы қолтық асты 3-4 3-4 6-8 3-4 3-4 6-8
Жауырын 2-3 2-3 4-6 2-3 2-3 4-6

 

 

10. Стандарт: «Өкпе аскультациясын жасау әдісі»

 

1. Науқасты беліне дейін шешініп, ыңғайлы отыруын немесе тұрып тұруын (жағдайы ауыр науқастың – жатуын) өтініңіз.

2. Фонендоскопты (стетоскопты) өкпе ұшының жоғарғы жағына бұғананың астына, кезекпе-кезек оң және сол жағына қойыңыз.

3. Өкпе дыбысын әртүрлі тыныс алу фазасында тыңдаңыз; олардың сипатын, ұзақтылығын, күшін (дауысын) бағалаңыз.

4. Оң және сол кеуде бөліктерінің симметриялық нүктелерінде фонендоскопты әр жағына және төмен жылжыта отырып, бұғана астының аскультациясын жалғастырыңыз.

5. Артқы және шеткі жақтардың аскультациясын осы тәртіп бойынша жасаңыз: жауырын асты, жауырын арасы, жауырын үсті және қолтық асты.

11. Стандарт: «Жүрек-тамыр жүйесі органдарының пальпациясын жасау әдісі»

11.1. Стандарт: «Жүрек ұшын анықтау»

 

1. Пациентті беліне дейін шешіндіріп, ыңғайлы етіп отырғызыңыз (тұрғызыңыз, жатқызыңыз).

2. Оң қол алақанын кеудесінің үстіне қойыңыз, ал саусақтарын қолтығының астына IV менVIIқабырғаларының арасына қойыңыз.

3. Кеуде үстіне тігінен қойылған үш саусағыңызды, сыртынан ішіне қарай қабырғалардың арасымен, жүрек ұшының көтерілетін жеріне дейінжүргізіңіз.

Қалыпты жағдайдажоғарғы жүрек соғысыV қабырға аралығында, сол жақтағы ортаңғы бұғаналық сызықтан ішке қарай 1-1,5 см жерде болуы тиіс.

11.2. Стандарт: «»Мысық пырылы» симптомын анықтау

1. Пациентті беліне дейін шешіндіріп, ыңғайлы етіп отырғызыңыз (тұрғызыңыз, жатқызыңыз).

2. Оң қолыңызды жүрек тыңдалатын жерге қойып, кеуде дірілін анықтаңыз. Жүрек ақауының диагностикасында «мысық пырылы» симптомының үлкен маңызы бар. Диастоликалық діріл сол жақтағы атривентикуляр тесігі тарылғанда (митральді стенозда) пайда болады, ал систоликалық діріл аорта басы тарылғанда (аорталы стенозда) II қабырға аралығында пайда болады.

12. Стандарт: «Жүрек перкуссиясын жасау әдісі»

 

12.1. Стандарт: Жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау

1. Пациентті беліне дейін шешіндіріп, ыңғайлы етіп отырғызыңыз (тұрғызыңыз, жатқызыңыз).

2. Салыстырмалы тұйықталуы арқылы жүректіңоң жақ шекарасын анықтаңыз:

а) перкуссия тәсілімен ортаңғы бұғана сызығы бойынша оң өкпенің төменгі шекарасын табыңыз (қалыпты жағдайда – VI қабырғаның деңгейінде болады);

ә) плессиметр саусағын оң өкпенің төменгі шекарасынан бір қабырға жоғарылаужерге тігінен (қалыпты жағдайда – IVқабырға аралығы) қойыңыз;

б) плессиметр саусағын қабырға аралығымен ішке қарай жылжыта отырып, тұйықперкуторлық дыбыс пайда болғанша біртіндеп перкуссия жасаңыз;

в) саусақтың сыртқы шетімен анық өкпе дауысы бойынша, жүректің оң жақ шекарасын белгілеңіз.

Қалыпты жағдайдажүректің салыстырмалы оң шекарасы кеуденің оң жақ шетінен сыртқа қарай 1 см жерде орналасқан.

3. Жүректің салыстырмалысол жақ шекарасын анықтау:

а) пальпация әдісіменжүрек ұшын табыңыз, плессиметр саусағын қабырға арасының сырт жағына қойыңыз (егер жүрек ұшы табылмаса, плессиметр саусағын алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша V қабырға аралығына қойыңыз);

ә) қабырға аралықтарымен ішке қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасаңыз.

Қалыпты жағдайдажүректің салыстырмалы сол жақ шекарасы сол жақтағы ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см ішке қарай орналасқан және жүрек ұшына сәйкес келеді.

4. Жүректіңсалыстырмалы жоғарғы шекарасын анықтау:

а) плессиметр саусағын сол өкпе сызығынан ішке қарай 1 см жерге 1-ші қабырға деңгейіне қойыңыз;

ә)шекарасы байқалғанша төменге қарай перкуссиялаңыз.

Қалыпты жағдайдажүректіңсалыстырмалы жоғарғы шекарасы III қабырға деңгейінде орналасқан.

12.2. Стандарт: «Жүректің абсолюттішекарасынанықтау»

 

1. Жүректің абсолюттіоң жақ шекарасын анықтау:

а) плессиметр саусағын оңжақтағы салыстырмалы жүрек шекарасына қойыңыз;

ә) плессиметр саусағын ішке қарай тұйық дыбыс пайда болғанша солға қозғалта отырып, баяу перкуссия жасаңыз;

б) шекараны ашық дыбысқа бағытталған саусақтың сыртқы шеті бойынша белгілеңіз.

Қалыпты жағдайда жүректің абсолютті оң жақ шекарасы кеуденің сол жақ шетіне орналасқан.

2. Жүректің абсолютті сол жақ шекарасын анықтау:

а) плессиметр саусағын сол жақтың салыстырмалы жүрек шекарасына қойыңыз;

ә) плессиметр саусағын ішке қарай тұйық дыбыс пайда болғанша оңға қозғалта отырып, баяу перкуссия жасаңыз;

б) шекараны ашық дыбысқа бағытталған саусақтың сыртқы шеті бойынша белгілеңіз.

Қалыпты жағдайдажүректің абсолютті сол жақ шекарасы салыстырмалы жүрек шекарасынан 1-2 см ішке қарай орналасқан.

3. Жүректіңабсолютті жоғарғышекарасын анықтау:

а) плессиметр саусағын салыстырмалы жүрек тұйықталуының жоғарғы шекарасына қойыңыз;

ә) тұйық дыбыс пайда болғанша төменге қарай перкуссия жасай беріңіз;

б) шекараны ашық дыбысқа бағытталған саусақтың сыртқы шеті бойынша белгілеңіз.

Қалыпты жағдайда жүректің абсолютті жоғарғы шекарасыIV қабырға деңгейіне орналасқан.

13.Стандарт: «Жүрекке аскультация жасау әдісі»

 

1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз.

2. Пациентті ыңғайландырып отырғызыңыз/тұрғызыңыз (ауыр халде болса жатқызыңыз).

3. Келесі тәртіп бойынша фонендоскоппенжүректі тыңдаңыз:

1 нүкте – митралдыклапан – жүрек ұшында;

2 нүкте – аортаклапаны – кеуденің оң жағындағы екінші қабырға аралығында;

3 нүкте– өкпе артериясыныңклапаны- кеуденің сол жағындағы екінші қабырға аралығында;

4 нүкте– үш өзекті клапан –кеуденің семсер тәріздес өсіндісінің түбінде;

5 нүкте (Боткин-Эрба нүктесі) – аортаклапаны –кеуденің сол жақ шетінің III - IV қабырғаларына қосылған жерінде.

Қалыпты көрсеткіштер.

Аскультация барысында дені сау адамдарда екі дыбыс естіледі:

I дыбыс – систолық, систола кезінде ұзын диагностикалық кідірістен кейін пайда болады;

II дыбыс - диастолық, диастола кезінде қысқа кідірістен кейін пайда болады.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 5742 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.018 сек.)