АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Вирусты гепатит В

Прочитайте:
  1. D. активный гепатит
  2. I. Гепатиты
  3. I. Гепатиты.
  4. А. Вирусные гепатиты.
  5. А. Вирусный гепатит А.
  6. Алгоритм действия при введении вакцины против вирусного гепатита.
  7. Алгоритм по определению тяжести общего состояния при вирусном гепатите
  8. Алгоритм по оценке степени тяжести вирусного гепатита
  9. Алгоритм по ранней диагностике вирусного гепатита
  10. Алгоритм по ранней диагностике вирусного гепатита

 

 

274.Әйел 22 жаста, апта бойы өзін әлсіз сезінеді,температураның жоғарлағанын байқайды.Қарағанда кілегей қабатының жеңіл сарғаюы,бауыр аймағында ауырлық сезімі байқалды. Серологиялық мәліметте: HВsAg-, anti-HBs-, anti-HBcor IgG -, anti-HBcor IgM -, anti-HAV IgM +. -. Қандай диагноз қоясыз? вирусты гепатит А

 

275.Науқас 27 жаста, ет комбинантында жұмыс істейді. Ауырғанына 2 жыл болды. Шағымы:тершеңдік,ірі буындардың ауруы.Қайталану көктем және күзде.Емделген жоқ.Қарағанда: гипергидроз, лимфаденопатия. Буыны өзгеріссіз.Бауыр оң жақ қабырға доғасында.Жүректе және өкпеде паталогия жоқ. Қандай диагноз қоясыз? Бруцеллез

 

276.Емханаға науқас мынадай шағыммен келді: дене температурасы жоғарлады, нәжісі тұрақты емес, оң жақ қабырға асты ауырады, сарғаю. Ауырғанына екі апта болды.Ауруын шала кептірілген балық етімен байланыстырады. ЖАК айқын эозинофиллия. Қандай диагноз қоямыз? описторхоз

 

277.Дәрігерге науқас мынадай шағымдармен шағымданды: көңіл күйінің жоқтығы,жарықтан қорқыныш(фотофобия), гидрофобия.Анамнезден: бір ай бұрын иықтан ит тістегені анықталды, медициналық көмекке қаралмаған.

Қандай диагноз қоямыз? құтыру

 

278.Науқас 40 жаста,жедел ауырды: эпигастриалдық аймақта ауырсыну, жүрек айну,жиі құсу, бас айналу, көз алдында торша, диплопия.Ауырмас бұрын маринадталған саңырауқұлақ жеген. Қарағанда: дене температурасы- 36,8 СС. Жалпы жағадайы орташа. Айқын адинамия. Тілі құрғақ. Жұтыну қиын,қақалу байқалады.Қарашығы ұлғайған, жарыққа реакциясы төмен. Конвергенция жоқ,птоз айқын, диплопия.Даусы айқын емес.Іші кепкен. Қандай диагноз қоямыз ?ботулизм

 

279.Жас адамда базардан сатып алынған тұздалған шошқа майын жеген соң, 5 тәулік өткеннен кейін қызба, бұлшық еттерде ауырсыну, беттің ісінуі байқалды. Қандай диагноз қоямыз?

 

280.Науқас шағымы ұйқысының бұзылысы, қозғыштық, анальды аймағының қышынуы және күйдіру. Лабораторлық зерттеуде - эозинофилия. Қандай диагноз қоямыз?

 

281.Науқас дене температурасынң жоғарылауы, әлсіздік, диурездің азаюымен дәрігерге келді. Объективті: беттің ісінуі, гиперемиясы байқалған. Пастернацский симптомы екі жақтан да оң. Қан анализінде формуласы солға ығысқан нейтрофильді лейкоцитоз (20*10/9л), ЭТЖ жоғарылауы (50 мм/сағ), лимфопения, анэозинофилия, эритроцит, ретикулоцит, тромбоцит, гемоглобиннің азаюы. Зәр анализінде протеинурия, лейкоцитурия, эритроцитурия, цилиндрурия. Қандай диагноз сәйкес келеді? Бүйрек симптомымен сипатталтын гемморагиялық қызба

 

282.Cерологиялық зерттеуде науқастың маркерлі спектр қорытындысында байқалды: HBsAg-, анти-HBc IgG-, анти-HBc IgМ -, анти-HAV IgM -, анти-HAV IgG +, анти-НСV IgМ - Қандай диагноз қоясыз? Бұрын ауырған ВГА

 

283.Cерологиялық зерттеуде науқастың маркерлі спектр қорытындысында байқалды HBsAg-, анти-HBs+, анти-HBc IgG-, анти-HBc IgМ -, анти-HAV IgM -, анти-HAV IgG -, анти-НСV IgМ -. Қандай диагноз қоясыз? пост вакцинация ВГВ

 

284.Жүкті әйел мынадай шағымдарымен келді: ауруының бірінші күні дене температурасының 39 С-қа дейін жоғарылауы,әлсіздік,басының ауыруы,жүрегі айнып,бірнеше рет құсқан.2-ші күні қолтықасты лимфа түйіні бұршақ көлеміне дейін ұлғайып,бұлшықет пен буындарының ауырсынуы,көру қабілетінің төмендеуі пайда болған. Әйелде жүктіліктің 30 аптасы.Эпидемиологиялық анамнезі:ауылдағы 6 жасар ұлы 10 күн бұрын үйге мысық әкелген.Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? Созылмалы токсоплазмоз

 

285.Науқас шағымы: басының қатты ауруы, қалтырау, ұйқысыздық, аяқ бұлшықетінің ауруы, әсіресе балтыр бұлшықеті.Жедел ауырды,бір апта бұрын демалыстан келді.Демалысында ауылды болып шөп шапты, батпақты аймақта, жергілікті өзенде шомылды.Қарағанда жағдайы орташа ауырлық дәрежеде.Дене температурасы 390 С. Беті және мойны қызарған. Көз конъюнктивасының тамыры иньекцирленген.Паьпация жасағанда іштің,аяқтың,қолдың,балтыр бұлшық еті ауырады. Гепатомегалия. Қандай диагноз қоясыз? лептоспироз

 

286.Науқас емханаға мынадай шағымдармен келді: ұзақ уакыт бойы субфебрильді температура,барлық шеткері лимфа түйіндерінің бұршақ тәрізді көлемге дейін ұлғайған.Эпид. анамнезінде нашақорлықпен айналысады. Сіздің болжам диагнозыныз? АИВ

 

 

287.Қарағанды қаласының облыстық перзентханасында 35 жастағы әйел жүктілігінің 35-36 апта мерзімінде босанды.Босанғаннан кейінгі нәрестенің жағдайы ауыр:балада тырысулар, гидроцефалия, бауыр мен көкбауырының ұлғаюы, тері жамылғыларының сарғыштығы және хориоретинит белгілері бар. Сіздің болжам диагнозыныз?

 

288.Науқас жүрек айну, көп рет құсуға, эпигастрий аймағындағы толғақ тәрізді ауырсынуға, әлсіздік және дене температурасының 390С-қа жоғарлағанына шағымданып келді. Конақта болғаннан кейін 5 сағат өткен соң жедел ауырды. Науқастың болжам диагнозы қандай? дизентерия

 

289.Науқас асханадан тамақтанғаннан кейін 6 сағат өткен соң әлсіздік, жүрек айну болып, кейін тағам аралас құсық, жеңілдік әкеледі, сұйық нәжіс байқалды. Нәжістің жиілігі күніне 3 рет. Температура 37,8˚. 2 күн бойы әлсіздік және жиі болатын сұйық нәжіс сақталды. 3-күні нәжісі қалыпқа келді, бірақ аздаған әлсіздік сақталды. Науқастың болжам диагнозы? ТТИ

 

290.Науқас жүрек айну, көп рет құсу, жеңілдік әкеледі, эпигастрий аймағындағы толғақ тәрізді ауырсынуға, әлсіздік және дене температурасының 390С-қа жоғарлағанына шағымданып келді.Нәжісі қалыпты. Науқастың асқазанын қабылдау бөлімінде жуды. Науқастың болжам диагнозы?

 

291.Науқас дене қызуының жоғары көтерілуіне, тері қабаттарының сарғаюына, тәулігіне 10 рет шырыш аралас сұйық нәжістің болуына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы интоксикация салдарынан орташа ауырлық дәрежеде. Терісінде барлық денеге таралған макуло-папулезді бөртпелер бар. Гепатоспленомегалия. Эпид.анамнезі: капустадан жасалған салат жеген. Науқастың болжам диагнозы қандай? иерсиноз

 

292.Науқас дене қызуының 400С-қа көтерілуіне, артралгия, миалгия, терісіндегі бөртпелерге шағымданады. Қараған кезде «капюшон», «қолғап», «шұлық» симптомдары оң. Терісінде ірі буындардың айналасында макуло-папулезді бөртпелер. Гепатоспленомегалия.Науқастың болжам диагнозы қандай? псевдотуберкулез

 

293.Науқас 4 күн бұрын ауырды, басы, буын және бұлшық еттері ауырды. 2ші күні жұтынғанда тамағының ауруы қосылды.Қарағанда: беті бозарған, склерасы субиктериялық, анқада лакунарлы баспа көрінісі.Барлық лимфа түйіндері ұлғайған. Дене терісінде және аяқта бозарған ұсақ нүктелі бөрткен.Ұлғайған бауыр және көкбауыр. Дене температурасы - 38.6 °С. Науқасқа сәйкес диагнозды көрсетіңіз? жұқпалы мононуклеоз

 

294.Науқаста бірнеше лимфа түйіндері ұлғайған, дене қызуының 390С-қа көтерілген. Қарағанда науқас жағдайы ауыр. Пальпация жасағанда мойын лимфа түйіндері ұлғайған, сонымен қатар қолтық асты,шапасты лимфа түйіндері ұлғайған. Аңқада жайылмалы қызару, баспа, спленомегалия. Гемограммада: лейкоцит - 9´109/л; ЭТЖ – 17 мм/сағ; формула: жас. – 2%, э. – 0, лимф. – 64%, мон. – 17%, с. – 17%, атипті гиганттық мононуклеарлар. Науқастың диагнозын анықтаңыз? жұқпалы мононуклеоз

 

295.Науқас мынадай шағымдармен түсті: дене температурасының 38,30 дейін көтерілді, мұрын бітелуі,тамақтың жыбырлауы, теріде көп мөлшерде бөрткен. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықты, фибрильді санда қызба, дене, аяқ, бет және бастын шашты бөлігінде макуло-папуло-везикулезды сипаттағы бөрткендер бар. Дене және аяқта қышыған терінің іздері бар, қоңыр түсті. Қай диагноз тән? желшешек

 

296.Ер адам,аңшылыққа шығуды жақсы көреді.Орманнан бұғы мен шошқа атып әкеледі.Ауылына келген соң 2 күннен кейін науқаста қалтырау, дене температурасының 39 С-қа жоғарылауы,қолтық лимфа түйіндері ұлғайған, қызарған, қатты ауырсынады, сандырақтайды. Қандай диагноз қоясыз? туляремия

 

297.Науқас ауыруының 12 ші күні хирургиялық бөлімшеге «іштен қан кетуі» деген диагнозбен жеткізілді. Анемнезінде басының ауыруына, ұйқысының бұзылуы, әлсіздік, дене қызуы 38 С. 9- ші күні ішінде розеолезді бөрткендер пайда болды. Объективті: температура 37,0 о С, науқас бозарған, әлсіз. Жіп тәріздес пульс 140 рет мин. АҚ - 80\40 мм рт.ст.. Тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған. Іші үрленген, перитонеальды белгілер оң. Гепатоспленомегалия. Қандай болжам диагноз қоясыз? іш сүзегі

 

 

298.Науқаста жоғарғы қызба, күннің екінші жартысында, айқын терлегіштік, буынның ауруы. Қандай диагноз қоясыз? бруцеллез

 

 

299.Медициналық көмекке науқас мынадай шағымдармен келді:температурасы 390, басының қатты ауруы, жеңілдік әкелмейтін құсу, құрғақ жөтел.Ауырғанына 12 сағат болды, ауру жедел басталды. Керниг және Брудзинский симптомдары оң. Қандай диагноз қоясыз? менингит

 

300.Науқас шағымы: дене температурасының 38,60 С дейін көтерілуі, әлсіздік,жүрек айну, көп мөлшерде құсу, ішінің барлық бөлімінің ауруы, жиі сұйық, көп мөлшерде жасыл түсті, сасық иісті нәжіс болды. Ауруды шикі жұмыртқа жеумен байланыстырады.Қандай диагноз қоясыз? сальмонеллез

 

301.Науқас 20 жаста. Мынадай шағыммен түсті: дене температурасының жоғары көтерілуі, қалтырау, мұрынның бітелуі, «ит үргендей» жөтел, бөртпе. Қарағанда: жағдайы ауыр, айқын гиперемия, коньюктивада, ауыздың шырышты қабатында, ұсақ жалтыраған дақ,теріде макуло-папулезді бөртпе. Қандай диагноз қоясыз? парагрипп

 

302.Науқас жедел ауырды,температурасы 39,50С дейін көтерілді, анқаның қызарған шырышты қабатында жабынды пайда болды, шпательмен алғанда қанайды, бадамша безі ұлғайған, мойын, жақасты лимфатүйіндері ұлғайған. Қандай диагноз қоясыз?

 

303.Сауыншыда қызба, қалтырау, кешке қарай бір ай бойына тершеңдік. Бір айдан кейін жамбас және сегізкөзде оң жағында артрит пайда болды. Қандай диагноз қоясыз? бруцеллез

 

 

304.Науқаста қызба, бас ауруы, оң жақ мықын аймағының ауруы болды. Қарағанда: іштің ішкі бөлімінде аз мөлшерде розеолезды бөрткен, гепатоспленомегалия, Рогоза симптомы оң. Қандай диагноз қоясыз? іш сүзегі

 

 

305.Ер адам, таяуда іс сапарда болды.Ол жерде үнемі қайнамаған су ішті.Шағымы: әлсіздік, дене температурасының жоғарлауы және тәбетінің төмендеуі. Серологиялық мәліметтер: HbsAg -, anti-HBs -, anti-HBcor IgM -, anti-HBcor Ig G -, anti-HAV IgM +. Қандай диагноз қоясыз? жедел ВГА

 

 

306.Науқас 24 жаста,ауруының 1ші күні бөлімшеге түсті,ауру жедел қалтыраумен,бас ауруымен,көз аймағы ауырсынуымен,денесінің ауырсыеуымен, 2 рет қусумен басталды.Түскен кезде науқас әлсіздікке,бас ауруына,көз алмасын қимылдатқанда ауырсынуына,құрғақ жөтел,төс артының ауырсынуы.Диагноз қойыңыз?

 

307.Науқас Орта Азия елінен келген, ол жақта ветеренар болып жұмыс істейді. Оң жақ қабырға, аурсынуына лоқсуға шағымданып дәрігерге келді. Қарағанда: оң жақ бауырды пальпациялағанда эластикалық ісік тәрізді түзіліс байқалды. Қан анализінде эозинофилия байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

 

308.Науқас ауруының 2–ші күні инфекционды бөлімшеге келесі шағымдармен түсті:қатты жөтел, төс және маңдай аймағының ауырсынуы. Ауруының 1-ші күні дене температурасы 39,6°С ға дейін көтерілген қалтырау,буындарының ауырсынуы,бұлшықеттерінің ауырсынуы.Кешке қарай құрғақ жөтел қосылды. Обьективті: дене температурасы 39,3 °С,беті гиперемирленген,ісінген. Көз склерасы тамырларының айқын иньекциясы. Ауызжұтқыншақ қызарған,жұмсақ таңдай дән тәрізді. Диагноз қойыңыз?

 

 

309.Ауру жедел,дене температурасы 39,5°С, қалтырау,маңдай бөлігенде локализацияланган бас ауырсынуы,тамағының жыбырлауы,мұрын бітелуі.Беті гиперемирленген,склера тамырларының инъекциясы, конъюнктивитпен басталған. Тынысы везикулярлы, жүрек тондары тұйықталған. Пульс 100 соғыс.мин, АҚ 110/60. Тілі гиперемирленген, жұмсак таңдай дән тәрізді. Диагноз қойыңыз?

 

310.Медициналық көмекке 36 жастағы науқас қаралды, оң жақ қабырға астында және эпигастрия аймағында ауырсынуға шағымданады. Тері қышуы, бөртпелер пайда болады. Ішін пальпациялағанда жұмсақ, бауыры ауырсынады, ұлғайған. УДЗ кезінде бауырдың сол жақ бөлігінде кистозды түзіліс. Болжам диагноз қойыңыз?

 

 

311.Науқас жедел ауырды, дене температурасы 40°С, екінші күн ауырады. Бас ауырсынуына,бұлшықет-буын ауырсынуына,әлсіздік,қалтырау,құрғақ жөтелге шағымданады. Қарағанда:жағдайы орташа ауырлықта,аңқасы гиперемирленген,жумсақ таңдай дән тәрізді.Өкпесінде жайылған құрғақ сырылдар,жүрек тондары тұйықталған. Пульсі 130 соғыс.мин. АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Болжам диагноз қойыңыз?

 

312.Науқас дене температурасының жоғарлауына, бас ауырсынуына шағымданып келді. 6 күн бұрын жедел ауырған.Дәрігер қарау кезінде розеолезді-петехиальді бөртпелер, қозған, ұйқысы бұзылған. 10 жыл бұрын сүзекпен ауырған. Болжам диагноз қойыңыз?

 

313.18 жастағы науқаста лакунарлы баспа, қызару фонындағы ұсақ нүктелі бөртпелер,олар қол-аяқтың бүгілу аймақтарында көбірек.Диагноз қойыңыз

 

314.Науқас шағымы: дене температурасы 38 С, жұтынғанда тамағының шамалы аурсынуы,ауыз-жұтқыншақ жайылмалы қызарған,шамалы цианоздалған.Бадамша безде сұр жабындымен жабылған, қиындықпен алынады.Диагноз қойыңыз? күл

 

315.Науқас келесі шағымдармен түсті: дене температурасының көтерілуіне, жүрек айну, тенезмдер,шырыш және қан аралас сұйық нәжіс. Қандай диагноз қоясыз? дизентерия

 

316.Науқас келесі шағымдармен келіп түсті:дене температурасының жоғарлауы,іштің төменгі бөлігіндегі спастикалық ауырсыну,жиі шырыш және қан аралас сұйық нәжіс. Копрограмада: консистенциясы сұйық,көп көлемдегі эритроциттер,лейкоциттер,шырыш.Диагноз қойыңыз?? дизентерия

 

317.Науқас 23 жаста,ауруының 1 –ші күні келесі шағымдармен келіп түсті:бас ауырсынуы,жалпы әлсіздік,тәбетінің төмендеуі,іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуы,шырыш аралас сұйық нәжіс.Дене температурасы 38,5°С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта,тілі ақ жабындымен жабылған, сол жақ мықын аймағында ішегі аймағында.Эпид.анамнезінен: 2 күн бұрын бау-бақшада болған. Диагноз қойыңыз? дизентерия

 

 

318.Науқас келесі шағымдармен келіп түсті:іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға, жиі сұйық нәжіске, алғашында қалыпты мөлшерде, кейін көп мөлшерде, шырыш және қан араласқан «ректальді түкірік» Копрограммада:лейкоциттер және эритроциттер бүкіл көру аймағында.Диагноз қойыңыз?? дизентерия

 

 

319.Науқас ауруының 3 –ші күні поликлиникаға келді.Шағымдары:Оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну,жүрек айну,күніне 2-3 рет сұйық нәжіс,дене температурасы 37,8С. Өз ауруын асханада капуста жеумен байланыстырады.Диагноз қойыңыз? иерсиноз

 

 

320.Науқаста ауруының 2-ші күні айқын миненгиальды симптомокомплекс байқалды. Ликворда: цитоз 8000 (95% нейтрофилдер), белок 1,1 г/л,жұғындыда — диплококтар, клеткішілік орналасқан. Қандай диагноз қоясыз? менингит

 

 

321.Науқас ауруханаға келесі шағымдармен түсті:қатты бас ауырсынуы,әлсіздік,бұлшықет – буын ауырсынуына,ыстық сезімге,терісіндегі бөртпенің пайда болуына шағымданады. Үшінші күн ауырады.Бүгін жағдайы ауырады: бас ауырсынуы ұлғайды, дене температурасы 40С қа дейін көтерілді.Қарағанда: Жағдай ауыр, есі сақталған, сұрақтарға дурыс жауап береді. Менингиальді белгілері жоқ,беті бозарған,акрацианоз.Денесінде аяқ – қолдарында көп мөлшерлегі дұрыс емес пішінді, 2—3 мм диаметрлі,геморрагиялық бөртпелер.Ортасында геморрагиялық некроздар.Диагноз қойыңыз?

 

 

322.Науқастың кеуде қуысын профилактикалық рентгенологиялық зерттеу кезінде өкпесінде шар тәрізді ісіктік өсінді анықталды. Ісіктің шеттері айқын, ішкі жағы біркелкі қарайған, «беткей тыныс алу» белгісі байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

 

 

323.Ауыл тұрғыны аудандық ауруханаға гастроэнтерологиялық бөлімшеге іштің ауырсынуына, тәбетінің төмендеуіне, дене температурасының субфебрильды көтерілуіне, құрғақ жөтелге шағымданып келді.Эпид.анамнезі: шала жуылған жеміс жидек қолданады. Болжам диагноз қандай?

 

324.Ауылдық емханаға жөтелге, қан қақыруға, мұрын бітелуіне, қышынуға, субфебрильды дене температурасына шағымданып келді, 2 аптаға созылған. Қан анализінде ЭТЖ жоғарылаған, гиперэзинофилия. Болжам диагноз қандай?

 

325.Науқас жалпы әлсіздік, іштің ауырсынуы,қатуы мен өтуі, лоқсу, тәбетінің болмауына, дене температурасның субфебрильдыге дейін жоғарылауына шағымданып келді. 1 аптадай өзін науқаспын деп санайды. 1 ай бұрын дұрыс жуылмаған көкөніспен жеміс – жидектерді жегендігі белгілі болды. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, дене температурасы 37,5С. Ішті пальпациялау кезінде кіндік аймағында біршама ауырсынады. Нәжісі қалыпты. ЖҚА – эозинофилия

 

326.Жасөспірім 16 жас,үйінде терапевт қараған.Бүгін таңертен ауырып қалған, қалтырау, бас ауруы, құсу,дене температурасының 39Сқа көтерілуі.4 сағаттан кейін терісінде көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болған.Қараған кезде:: температурасы 36,50С, ентігу,ине тәрізді пульс, АҚ 90/60 мм.сын.бығЖедел жәрдем шақырылып стационарға госпитализацияланған. Диагноз қойыңыз?

 

327.Науқас базардан сатып алынған шала қақталған балық сатып жеген соң, 5 тәулік өткеннен кейін қызба, бұлшықеттерде ауырсыну,бөртпе, беттің ісінуі байқалды. Науқасты қарап анамнезін жинағаннан кейін, тұздалған шошқа майынан қалған бөлігін лабораторияға зерттеуге алдырды. Жалпы қарағанда ештене анықталмады. Диагноз қойыңыз:

 

328.Науқас шағымы ұйқысының бұзылысы, қозғыштық, аналь аймағының қышынуы және күйдіру. Лабораторлық зерттеуде - эозинофилия. Болжам диагноз қандай?

 

 

329.Науқас шағымдары: дене температурасының 38,6С- ке дейін көтерілуіне, әлсіздікке, жүрек айнуға, көп ретті құсуға, әр түрлі жерде ауратын іштің ауырсынуына, жиі, өткір иісті, жасыл түстес сұйық нәжіске шағымданады. Ауруын шикі жұмыртқа жеумен байланыстырады. Қандай диагноз?

 

 

330.Науқас 32 жаста, ауруының 1-ші күні бөлімшеге түскен. Жедел ауырған. Ауруы эпигастрия аймағының ауырсынуымен,көп ретті құсымен басталған. 2 сағаттан кейін жиі, өткір иісті, жасыл түстес сұйық нәжіс, дене температурасы 39,0 °С дейін көтерілген. Диагноз қойыныз?

 

 

331.Науқас ауруы дұрыс пісірілмеген жұмыртқа жегеннен кейін, 3 сағаттан соң пайда болған. Қалтырау, қатты бастың ауырсынуы, дене температурасының 39,3'С дейін көтерілуі мазалаған. 2 рет құсу және жиі "болотная тина" тәрізді нәжіс болған. Пульс 98 соғыс мин. АҚ 110/70 мм сын. бағ. Диагноз қойыныз?

 

 

332.Ер адам 20 жаста, емханаға ауруының 1-ші күні қаралған. Қонақтан келген соң жедел 5 сағаттан соң ауырып қалды.Ауырсыну эпигастрий аймағында,кіндік маңында болды және жүрек айнуға 3-4 реттік құсуға,жиі суйық нәжіс пайда болған.Тускен кезде: дене температурасы 380С.пальпация кезінде іштің кебуі жоқ,эпигастрий аймағында және оң жақ мықын аймағының ауырсынуы.Ішек спазмы жоқ. АҚ 90/60. Пунльс 100 соғ. мин. Нәжісі шырыш аралас жасыл түсті,сысық иісті.Диагноз қойыңыз?

 

 

333..Науқас 40жаста,инфекционды стационарға келесі шағымдармен түсті: дене температурысы до 390 С, әлсіздік,склерасы сарғайюы,тәбет болмауы,оң жақ қабырға асты аймағының ауырсынуына.Қызба 2 апта бойы. Эпид. анамнезінде: жиі туздалған балық жеген.Жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Склерасы субиктерикалық. Бауыры қабырға доғасынан 2 см –ге шығып тур.ЖҚА: – гиперэозинофилияДиагноз қойыңыз?

 

334.Науқас емханаға келесі шағымдармен келіп түсті:дене температурасы 39-40ºС, қалтырауға,терлеуге.Тері жамылғылары бозарған,маса шаққан іздер көрінеді.Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см –ге шығып тур.Анамнезінен:бір ай бұрын Ауғаныстаннан келген. Диагноз қойыңыз?

 

335.Ер адам 32 жаста емханадағы дәрігерге келесі шағымдармен келді:оң жақ қабырға асты ауырсынуына,жүрек айнуға,дене қышуына,дене температурасының көтерілуіне.Бір апта бойы ауырады.Тері және шырышты қыбаты сарғайған.Іші жумсақ оң жақ қабырға аймағында сезімтал бауыры 1,5см ге ұлғайған,көк бауыр пальпияланбайды.Сазан құрамды «Хе» жеген.Сазанды Ертіс өзенінен ұстаған.Ұқсас шағымдар әйелінде де байқалған.Қандай диагноз?

 

336.Инфекциялық ауруханаға 35 жасар науқас түсті, шағымдары жүрек айну, құсу, 1 реттік сұйық нәжіс, бұлшық ет әлсіздігі, ауыз қуысының құрғауы, көзінде қос көріну, көру өткірлігінің төмендеуі. 2 куннен бері өзін науқаспын деп санайды. Үйде консервіленген саңырауқұлақ жеген. Сіздің диагнозыңыз?

 

337.Инфекциялық стационарға науқас ТТИ диагнозымен түсті. Шағымдары: жүрек айну, бір ретті құсу, көзінде қос қөріну, көз алдында тор, жұтыну кезінде шашалу, аузының құрғауы, бас айналу. Екі күннен бері ауырады. Ауруының алдында 8 сағат бұрын үй жағдайында кептірілген балық жеген. Болжам диагноз қандай?

 

338.42 жасар әйел адам, ауруының 3 күні емханаға келді, шағымдары аузының құрғауы, көру өткірлігінің төмендеуі, қос көріну, жұтынудың қиындауы, шашалу. 3 күн бұрын консервіленген помидор жеген, келесі күні әлсіздік, аузының құрғауы, эпигастори аймағында ауырсыну, 2 рет құсу, көз алдында тор және қос көріну, жұтынудың бұзылысы, даусының қарлығуы пайда болды. Түскен кезде есі анық, екі қабақ птозы, мидриаз, сұйық тағамды қиындықпен жұтынады, тамағында бөгде зат тұрғандай сезім. Болжам диагноз қандай?

 

339.Науқас Н 28 жаста, көз алдында қос көріну, көру нашарлауы, аузы құрғауына шағымданады. Кешке таман шала қақталған балық жеген. Объективті: 37,4 С, қарашығы кеңейген, қабақ птозы. Аңқасы қызарған, тілі құрғақ, жұтыну рефлексі төмендеген. Іші үрленген. Жүрек тондары тұйықталған. Болжам диагноз қандай?

 

 

340.Науқас 34 жаста, ауруының 4 күні емханаға келді. Шағымы аузының құрғауы, көрудің бұлыңғырлануы, тыныс алудың киындауы. 4 күн бұрын тұздалған санырауқұлақ жеген. Түсен күні есі анық, екі қабақ птозы, мидриаз, стробизм. Даусы қарлыққан. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 118. КК 70/50мм.сын.баг. Өкпенің төменгі бөлліктерінде тыныс әлсіреген. Ұсақ аз көлемде көпіршікті сырылдар. Іші кішкене үрленген, ішек перистатикасы әлсіз. Болжам диагноз қандай?

 

341.науқас мал дәрігері, 20 күн бойы ауырады. Ауруы жедел басталды, температурасы 39,9 С көтерілді, озноб, тершеңдік, бұлшыұ ет пен буындарда ауырсыну. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, есі анық, тері жамылғысы бозғылт, бөртпелер жоқ, полиаденопатия, тізі буындары артриті. 3 аптадан бері жоғары температура сақталып тұр. Болжам диагноз қандай?

 

 

342.Науқаста 1 ай бойы күннің екінші жартысында жоғары қызба, айқын тершеңдік, буындарда ауырсыну. Болжам диагноз қандай?

 

343.Ақбұлақ ауылында 32 жасар тұрғыны СВА дәрігеріне келді. Шағымдары: температурасының 39 С жоғарылауы, ірі буындарда ауырсыну, тершеңдік. Анамнезінде: 1 айдан бері ауырады. Кезеңді түрде қызба болған. Айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарау кезінде: тері жамылғысы ылғалды, қолтық асты, ұсақ шап лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынусыз. Бауыры 1,5 см ұлғайған. Буын аймағы өзгермеген. Жергілікті температура және қызару жоқ. Болжам диагноз қандай?

 

344.20 жасар жүкті әйел емханаға келді, жүктілігі 31-32 апта, 14 күн бұрын сарғаю синдромы бар науқаспер қатынаста болған. Кеше әлсіздік, шаршағыштық, жүрек айну, бір реттік құсу пайда болды, эпигастрий аймағында, оң жақ қабырға астында тұйық ауырсыну мазалады. Тері жамылғысы мен склерас физиологиялық түсте. Тілі ылғалды, жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастри мен оң жақ қабырға астында пальпацияда ауырсыну. Бауыр 2см ұлғайған, көк бауыр шеті анықталады. Нәжісі мен диурезі қалыпты. Биохимиялық қан анализі- жалпы билирубин қалыпты, АЛТ-4 жарым есе жоғарлаған. Болжам диагноз қандай?

 

 

345.32 жасар ер адам инфекциялық стационардың қабылдау бөліміне келді. Шағымы:әлсіздік, жүрек айну, құсу, тәбеті төмендеуі, зәр түсі қараюы. 2 аптадан бері аурады. 2 ай бұрын асқазан жарасынан қан кетіп, операция жасалып, қан құйылған. Жалпы жағдайы орташа ауырлық жағдайда, тері жамылғысы және шырышты қабаты сарғайған. Тілі ақ жабынмен жамылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында сезімтал. Бауыр 2 см ұлғайған, консистенциясы тығыз. Болжам диагноз қандай?

 

 

346.24 жасар әйел жүктілікті жоспарлайды. Вирусты гепатит маркерына қан тапсырған. анти-HCV total анықталған. ПТР РНК қорытындысы оң. Болжам диагноз қандай?

 

347.42 жасар ер адам, зерттеуден кейін емханаға келді. Зерттеу қорытындысы бойынша анықталды: ИФА-оң аnti НСV, ПТР- оң HCV RNК, вирусты жүктеме 2600000 МЕ/мл, 1 генотип вирусы. Диагноз қой

<variant>вирусты гепатит С

<variant>АИВ-инфекция

<variant>Вирусты гепатит В

<variant>вирусты гепатит А

<variant> холецистит

 

 

348.25 жасар ер адам үйге дәрігер шақырды. Шағымы: бас ауру, дене температурасы жоғарлау, балтыр бұлшыұ етінде ауырсыну, бел аймағында ауырсыну. 3 күн бұрын жедел ауырды. Эпид анамнез: Іле өзені бойында тәжірбиеде болы, өзенге түсті, шикі су ішті. Қарағанда: т-40С, жағдайы ауыр. Терісі физиологиялық түсте, склерасы субиктерленген. Денесі мен қолында петехиальды көп емес бөртпе. Бауыры 1,5 см ұлғайған ү Диагноз қой.

 

349.ер адам 21 жаста, инфекциялық ауруғанаға ауруының 6 күні мынадай шағымдармен түсті: әлсіздік, оң жақ қабырға астында ауырсыну, бас ауыру, тәбеті болмауы, жүрек айну, зәрі қараюы, терісі сарғаюы. 3 күні зәрі қарайды. 4 күні сарғаю қосыолы. Отбасында барлығы сау. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық жағдайда, орташа сарғайған, бауыры 3 см ұлғайған, көкбуыры қалыпты. Қан анализінде:лейкопения. Билирубин жалпы – 137 ммоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1800 нмоль/сл Диагноз:

 

 

350.әйел 48 жаста, балтыр бұлшық еттерінің қатты ауырсынуына, дене температурасының жоғарлағанына, бас ауыруына, бел аймағында ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: жазда отбасымен пикникке шықты, Қапшағай өзенінде шомылған. Қарағанда: жағдайы ауыр, Т-39,9С, тері мен склера сарғайған. Денесі мен қолында көп емес петехиальды бөртпен. Лимфа түйіндерінің барлық топтары ұлғайған. Бауыры 1,5 см ұлғайған. Зәрі қанық сары түсті. Диагноз

 

351.ер адам 35 жаста, инфекционды бөлімге түсті, шағымдары:тері мен шырышты қабаттары сарғаюы, зәрі қараюы, нәжіс ахолиясы. 2 ай бұрын тіс дәрігерінде емделген. Өзін бір аптадан бері науқаспын деп санайды. Жүрек айну, құсу, буында ауырсыну мазалайды. Жағдайы орташа ауырлықта, адинамия. Тері жамылғысы мен шырышты қабаты сарғайған. Тілі сарғыш жабындымен жамылған. Іші жұмсақ, бауыры 2 см ұлғайған. БХ АЛТ 1050 ммоль/л (норма 41), АСТ 650 ммоль/л, жалпы билирубин 265 ммоль/л, тік 197 ммоль/л. Диагноз

352.ер адам 28 жаста, жақында іс сапарда болған, ол жерде ылғи шикі су ішкен, әлсіздік, дене температурасы жоғарлауы мен тәбеті төмендеуге шағымданады.. Серологиялық: HbsAg -, antiHBs - antiHBcor IgM -, antiHBcor Ig G -, antiHAV

 

353.ер адам 25 жаста буындардың ауырсынуы, бөртпе және әлсіздікке шағымданып келді. Серологиялық: HВsAg+, antiHBs- antiHBcor IgG -, antiHBcor IgM +, antiHAV IgM -. Диагноз қой:

 

 

354.Науқас Б.,23 жаста, слесарь. Жатақханада тұрады. 1 аптадан бері өзін науқаспын деп санайды, 2 кун бұрын температурасы 38,50- 390 С жоғарылаған. Әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, оң жақ қабырға астында ауырсыну және ауырлық. Ұлы таяу арада вирусты гепатитпен ауырды. Тері жамылғылары, склерасы және шырышты қабаттары сарғайған. Пульсі 62рет мин., ҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Бауыры 2см ұлғайған. Көкбауыры қабырға доғасының шетінде. Зәрінің түсі "қою қайнатылған шай" сияқты. Диагноз қой:

 

355.науқас 18жаста, 4 айдан бері ұзаұ, қатты шағымы, дене Т жогарлауына, диареяға шағымданады. Алғашында "ЖРА" диагнозы қойылған. Ауруының бірінші айының соңында интерстициальды пневмонияны диагностикалады. Бірақ жүргізілген антибиотиктермен ем әсері болмады. Өкпе туберкулезінге тексерілді, қорытындысы теріс. Әлсіздік пен дене салмағының жоғалуы байқалады. Бірнеше рет герпетикалық бөртпелердің рецидиві болған..Объективті: астеникалық, тамақтануы төмен. Барлық топ лимфа түйіндері ұлғайған. Өкпесінде құрғақ, қою сырыл. Диагноз:,

 

356.терапевтикалық бөлімге науқас П 42 жаста пневмония диагнозымен түсті. Екі аптадан бері ауырады. Субфебрильді темература, жүрген кезде ентігу, құрғақ жөтел пайда болды. Өздігінен эритромицин мен бромгексинмен емделген. Жағдайы жақсармаған.Т37,5-38,2С сақталған. Мойын және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынусыз. Ауыз қуысының шырышты қабатында-афты лар. 3 жыл бұрын – белдемелі теміреткі. Соңғы жылда 3 рет интерстициальды пневмония, стационарда емделген. Сонғы 5-6 ада жиі сұйық нәжіс 2-3 рет күнәне. 10 кг арықтаған. Диагноз:

 

.

 

357.Науқас 29 жаста, бір жыл бқрын Нигериядан келген. Әлсіздік, шаршағыштық, дене Т-37,5С жоғарылауы, кезеңді денесінде бөртпе пайда болуға, күнделікті сүйық нәжіс күніне 2-3 рет. 10 кг арықтаған. Қолтық асты және мойын лимфа түйіндері ұлғайған. Диагноз:

 

 

358.ер адам 32 жаста. Қарағанда: бозарған, ауыз мұрын үшбұрышының цианозы, температура 38°С, есі шатасқан, кезеңді құсу, тырысу байқалады. консультациясынан кейін шұғыл түрде неврологиялық бөлімге госпитализациялвнды. 2 күн ішінде патогенетикалық терапия күйінде науқас жағдайы наралап барады. ИФА әдісімен қанды тексергенде және иммуноблотта АИВ антиденелері анықталды.Компьютерлі томография жүргізгенде он жақ ми жарты шарында домалақ тығыз ошақ анықталды. Науқаста қандай кезең:

 

359.Ер адам 24 жаста, 3 күннен бері өзін аурумын деп санайды. Т38,2 С жоғарлауы, тамағында жыбырлау, әлсіздік пайда болды. Емханада қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, Т-37,4С. Қолтық, жақ асты, алдыңғы-артқы мойын, шап лимфа түйіндері 1,5 см ұлғайған, ауырсынады. Анамнезінен белгілі: Науқастың сексуальды партнеры 2 жылдан астам наркотик қолданады. Диагноз:

 

360.Әйел 40 жаста, 5 жылдан бері АИВ-инфекциясы диагнозымен есепте тұрады. Емханаға әлсіздікке, бас айналу, 5 айда 5кг салмақ тастауға шағымданып келді. Соңғы 3 аптада тағамды жұтқанда ауырсыну, өнеш бойымен пайда болды. Қарағанда жағдайы қанағаттанарлық, Т қалыпты, ауыз жұтқыншақтары ақ түсті, рыхлый аймақтар көрінеді. Жұтынғанда ауырсыну. АИВ-инфицирленген науқаста қай ауру туралы ойлауга болады:

 

361.28 жасар ер адамда гистологиялық Капоши саркомасы анықталды. Науқасты кай ауруға тексеру керек?

 

362.Науқаста өкпе туберкулезі.. Науқасты кай ауруға тексеру керек?

 

 

363.Науқаста тілдің шашты лейкоплакиясы. Науқасты кай ауруға тексеру керек?

 

 

364.науқаста пневмоцисті пневмония. Науқасты кай ауруға тексеру керек?

 

365.науқаста 6 айдан бері қайталамалы белдемелі теміретке.. Науқасты кай ауруға тексеру керек?

 

366.28 жасар науқаста 3 айда 15 кг арықтады және өкпе туберкулезі анықталды. Науқасты кай ауруға тексеру керек?

 

 

367.

30 жасар ер адам, АИВ инфицирленген. Қарағанда: ауыз қуысы шырышты қабатында өзгерістер анықталады. Ауру қалай аталады?

 

368.25 жасар ер адам участкелік дәрігер шақырған. 2 куннен бері ауырады: жедел, бас ауыру, дене Т 39,0 көтерілуі, тамағында ауырсыну, мұрынның толуы, дененнің сындырып ауырсынуы№ Қарағанда: ауыз жұтқыншақта айқын гиперемия, бетінің ісінуі мен гиперемиясы, көз тамырларының инъекциясы, мұрны толғпн. Өкпеде сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖЖЖ 98 соқ/мин. АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Диагноз:

 

369.әйел 20 жаста, ауруының бірінші күні дәрігерге келді. Жедел ауырды, қалтырау, Т-39,5С, маңдай аймағында және көз алмаларында ауырсыну, мұрын бірелуі, тамғы жыбырлап-ауыруы, құрғақ жөтел, бұлшық етте ауырсыну, жарықтан қорқу. Эпид анамнез: 3 күн бұрын баласы ауырған. Қарағанда жағдайы орташа ауырлық жағдайда, беті қызырған, склерасы инъекцирлернген, терісі ылғалды, аңқасы анық гиперемияланған, мұрны бітелген, ауыз арқылы дем алады. Тынысы везикулярлы, қатағ. Жүрек тондары тұйықталған, пушльсі 108.ҚҚ 100/60 мм сын бағ. Диагноз:

<variant> грипп

<variant>эпидемидемиялық іш сүзегі

<variant>аденовирусты инфекция

<variant>іш сүзегі

<variant>парагрипп

370.науқас 25 жаста. Шағымы:қатты үрген жөтел, дене Т жоғарлауы, қарағанда жағдайы орташа ауырлық жағдайда, ентігу 26 рет минутына. Қатты, күшті, ит үрген тәрізді жөтел. Қақарғаннан кейін даусы пайда болады, содан соң қайта жоғалады. Т-37,6С, өкпеде қатты сырыл, бадамша бездің шырышты қабаты, жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызпрған және кішкене ісінген. Диагноз:.

<variant>парагрипп

<variant>менингококты инфекция

<variant>инфекционды мононуклеоз

<variant>грипп

<variant>аденовирусты инфекция

 

 

371.Науқас 40 жаста,жедел ауырды: эпигастриалдық аймақта ауырсыну, жүрек айну,жиі құсу, бас айналу, көз алдында торша, диплопия.Ауырмас бұрын маринадталған саңырауқұлақ жеген. Қарағанда: дене температурасы- 36,8 СС. Жалпы жағадайы орташа. Айқын адинамия. Тілі құрғақ. Жұтыну қиын,қақалу байқалады.Қарашығы ұлғайған, жарыққа реакциясы төмен. Конвергенция жоқ,птоз айқын, диплопия. Даусы айқын емес.Іші кепкен. Қандай диагноз қоямыз?

 

372.Науқас 25 жаста, шағымы: әлсіздік, маңдай шүйде аймағының ауыруы, көзді қозғалтқанда ауырсыну,құрғақ жөтел,миалгия, кеуденің ашып, тырнап ауруы. Қарағанда: дене температурасы - 39,9 °С. Бетігиперемирленген. Склерит.Аңқада таңдайдың шырышты қабаты қызарған, ұсақ нүктелі бөрткен бар. Тамыр соғысы - 90 жиілік/мин., жүрек тоны тұйықтау. Қан қысымы - 100\60 мм.сын.бағ. Тыныс

алуы - 20 қозғ/мин., тынысы қатқылдау.. Менингиальды белгілер теріс. Қандай диагноз қоясыз?

 

373.Науқас шағымы:жедел мұрын бітелуі, дене температурасының 380 С дейін жоғарлауы.Қарағанда бас ауруы,әлсіздік,тамақта қырыл,сілекей ағуы,мұрыннан кілегей қанды сұйықтықтың бөлінуі,жоғарғы ерін мен мұрын айналасында тітіркену.Тамақтың кілегей қабаты қызарған,ісінген, бадамша бездері ұлғайған.Сол жақ конъюктивасы қызарған. Пальпация жасағанда жақ асты, мойын алды лимфа түйіндері ұлғайған. Қандай диагноз қоясыз?

 

374.Науқас шағымы: ит үргендей жөтел, дене температурасының жоғарлауы.Қарағанда жағдайы орташа. Ентігу 26 минутта. Қатты,күшті «ит үргендей» жөтел. Қақырғаннан кейін даусы шығады, содан кейін қайта жоғалады. Қан қысымы 130/90 мм.сын.бағ.., температура 380. Өкпеде сырыл, бадамша без қабаты қызарған, көмейдің артқы қабырғасы қызарып,ісінген. Қандай диагноз қоясыз?

 

 

375.Науқас шағымы: басының қатты ауруы, қалтырау, ұйқысыздық, аяқ бұлшықетінің ауруы, әсіресе балтыр бұлшықеті.Жедел ауырды,бір апта бұрын демалыстан келді. Демалысында ауылда болып шөп шапты, батпақты аймақта, жергілікті өзенде шомылды.Қарағанда жағдайы орташа ауырлық дәрежеде.Дене температурасы 390 С. Беті және мойны қызарған. Көз конъюнктивасының тамыры иньекцирленген.Паьпация жасағанда іштің,аяқтың,қолдың,балтыр бұлшық еті ауырады. Гепатомегалия. Қандай диагноз қоясыз?

 

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1963 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.055 сек.)