АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ИНСУЛИН, САХАРНЫЙ ДИАБЕТ и ПРОГРАММЫ СветЛ

Прочитайте:
  1. III. Нечувствительность к вазопрессину (нефрогенный несахарный диабет) А. Приобретенная
  2. III. Перспективные методы лечения инсулинозависимого сахарного диабета
  3. III. Принципы лечения впервые выявленного инсулинозависимого сахарного диабета
  4. IV. Диабетогенные факторы внешней среды
  5. IV. Современные представления об этиологии и патогенезе полигенных форм инсулинонезависимого сахарного диабета
  6. V. Моногенные формы инсулинонезависимого сахарного диабета
  7. V. Опасность сахарного диабета у беременной для плода
  8. VI. Нефрогенный несахарный диабет
  9. VI. Принципы ведения беременных с сахарным диабетом
  10. VI. Современные принципы лечения инсулинозависимого сахарного диабета

1. Бүйректің құрылысын муляждан зерттеп, суретін салу

2.Бүйректің микроскопиялық құрылысы атластан зерттеп, суретін салу.

3.Несепағардың құрылысын атластан зерттеп, суретін салу.

4. Қуықтың құрылысына атластан зерттеп, суретін салу.

Жұмыстың барысы:

Бүйректер қуысында жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда 1-2см төмен жатады.

Сыртқы пішіні лобия тәрізді, ересек адамды ұзындығы 12см, ені 6см, салмағы 120грамға дейін жетеді.

Сыртқы жағынан тығыз фиброзды, оңай сыпырылатын дәнекер тканьді қапшықпен қапталған. Оның сырт жағынан май қапшығы жатады. Ішкі жағында бүйрек қақпасы болады, ол арқылы артерия қан тамыры еніп вена қан тамыры мен несіп ағар шығады. Бүйректің жоғарғы жағында эндокринді бездері қатарына жататын бүйрек үсті безі орналасқан.

Бүйректер басқа органдарға қарағанда құрсақ қабырғасына жақсы бекіген. Бүйректің кесіндісінен оның сыртқы (Қыртыс) және ішке (милы) қабаттарынан тұратын байқалады. Бүйрекке енген қан құрамынан зәл процесі жүреді. Осыған байланысты бүйрек қанмен жақсы қамтамасыз етіледі. Бүйрекке қанды әкелетін тамырды бүйрек артериясы дейді. Ол бүйректің қыртыс заты мен милы затының шекаралығында тарамдалып,доғалы артерияны түзеді,олардан бүйрек қабықшасына қарай бет алған әкелуші артерия шығады.

 

 

Қанның сүзіліп шыққан қан плазмасына ұқсас сұйықтығын алғашқы несеп деп атайды.

Несеп шығару аппаратына қос бүйрек пен несепағар, қуық және несеп жолы жатады. Бұлар ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттар мен суды сыртқы ортаға бөліп отырады.

Бұлай аталу себебі оның құрамында кейбір тұздар, глюкоза т.б. организдерде керекті заттар ертіндісі болуы мүмкін. Осы заттар организмнен шығарылмай, қанға кері енеді, бұл процесті реабсорбция деп атайды. Осының нәтижесінде соңғы несеп пайда болады. Қорыта айтқанда, несеп түзу механизмі бірінен соң бірі жүретін екі процестен (сүзу және реабсорбция) Бүйрек басқа ағзалармен салыстарғанда қанды 20 есе көп қабылдайды. Несепғар (yreter) ұзындығы 30см, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып, қуыққа жалғасады. Оны құрсақ және жамбас бөлігіне бөледі, кіші жамбас бөлігіне бөледі, кіші жамбас бөлігімен төмен түсіп, сірнелі қабықша астынан, қуық қабырғасының төменгі жағынанқиғаш өтіп, түбіне таман ашылады.

Несеп шығару аппаратына қос бүйрек пен несепағар, қуық және несеп жолы жатады. Бұлар ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттар мен суды сыртқы ортаға бөліп отырады.

Несепағар (ureter)ұзындығы 30 см, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып, қуыққа жалғасады. Оны құрсақ және жамбас бөлігіне бөледі, кіші жамбас бөлігімен төмен түсіп, сірнелі қабықша астынан, қуық қабырғасының төменгі жағынан қиғаш өтіп, түбіне таман ашылады.

Қуық (visica urinaria)зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі. Ол жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан. Ерлердің қуық артыңда несепағар мен тік ішек және шәует көпіршіктері жанаса жатады. Ал әйелдерде қынап пен жатыр жатады. Қуық түбінен несеп жолы басталады. Куық сыйымдылығы 700 см 2 Несеп жолы (uretra)қуықтың зәр шығаратын түтігі.

Қуық (vicica urinaria) зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі. Ол жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан Несеп жолы (uretra) қуықтың зәр шығаратын түтігі.

Бекіту сұрақтары:

1. Зәр шығару мүшелерін ата?

2. Бүйректің құрылысын қандай?

3. Қуықтың қызметі қандай?

 

№ 15 Практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру.

Мақсаты: Терінің құрылысын және ағзаны шынықтыруды анықтау

Құралдар: Таблицалар мен муляждар. Осы тақырыпқа байланысты таблицалар мен атластар.

Тапсырмалар:

1. Бала терісінің гигиенасы және тері ауруларының алдын алу.

2.Киімге және аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.

3. Ағзаны шынықтыру

 

Тері анализаторы. Тері жалпы дененің сыртын жауып жатады. Ересектерде көлемі 14—16 м дейін жетеді. Онда сезімтал жүйке рецепторлары,, тері, май, бездер, ет тіндері орналасады. Тері организмді сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрғандықтан қорғаныш, сезім, зат алмасу, тер шығару т. б. маңызды қызметтер атқарады. Терінің қорғаныш қасиетіне байланысты түрлі газдарды, ерітінді заттарды, сонымен қатар неше түрлі ауру туғызатын микроорганизмдерді денеге өткізбейді. Эпидермистің тереңінде теріге түс беретін миелинді (бояу) заты орналасады. Тері бездеріөздерінің шығаратын заттарына қарай май бездер, тер бездері және сүт бездері болып бөлінеді.

 

Шынығу дегеніміз бұл жылу реттеуші механизмдерді жаттықтыру және жетілдәру, яғни организмнің температурасының ауытқуы мен басқа да өзгеріп отыратын климаттық факторларға тез бейімделу қабілетін арттыру, мұның өзі қолайсыз метеорологиялық жағдайларға төзімділікті қалыптастырады. Шынығу дегеніміз дене тәрбиесінің құрамды бөлігі және балаларды салқын тию ауруларынан сақтандыратын кең таралған сауықтыру шарасы болып табылады.

Табиғат факторларының ауа, күн және су ең жақсы және барлық жерде қолайлы шынықтыру құралдары болып табылады. Теріге әсер ете отырып, олар тамырды кеңейту таралу рефлекстерін жаттықтырады., олар жеделдетеді, олардың қоршаған ортаның нақты жағдайларына ұқсас дәрежесін арттырады.

Ауамен шынығу. Организмде ауаның әсер етуі шынығудың ең қолайлы әрі жайлы құралы болып табылады, оны жылдың барлық мезгілінде қолдануға болады. Ауа қозғалысының арқасында баланың терісі белгілі жағдайда салқындайды. Қоршаған орта температурасының мұндай кезектесе ауытқып отыруы қан тамырларының рефлекторлы жолмен бірде тарылады., бірде кеңейтеді. Ауа процедуралары қимылды ойындармен және гимнастикалық жаттығулармен ұштастыру тиімді.

Бекіту сұрақтары:

  1. Тері сезім ағзаларының ерекшеліктері?
  2. Шынығудың маңызы мен түрлерін ата

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Дүйсембин Қ., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Оқулық. Алматы; 2003. 400б.

2. Набидоллина Ш.С. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. «Фолиант» баспасы. 2007.

3. С. Ордабеков, Б.Абдранов «Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы». Тараз 2009.

4. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері. Алматы, 1993.

5.М.Дайырбекова «Адам анатомиясы». Алматы 2002

6. М.Т. Матишонок. Г.Г. Турик «Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы». А, 1986.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Дүйсембин Қ. Орталық жүйке жүйесі және жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы. Алматы, 2001.

2.Жұмабаев С. Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Оқу құралы. Алматы: Республикалық баспа кабинеті. 1996. 125б.

3.Мектеп гигиенасы. Оқу құралы. /С.Е.Советов т.б./ Алматы: «Мектеп». 1973. 260б.

4.Нұрғалиев Ж.Н., Нұрғалиева Қ.Ж. Қалыпты физиология бойынша практикум: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2004. 125б.

5.Нұрғалиев Ж.Н., Төлеуханов С.Т. Эндокриндік жүйелер физиологиясы. Алматы, 2000.

6.Обреймова Н.И., Петрухин А.С. Основы анатомии, физиологии и гигиены детей и подростков. М.: Академия. 2000. 376с.

7. Безруких М.М. и др. Возрастная физиология: (Физиолгия развития ребенка): Учеб. особие для студ.высш.пед.учеб.заведений. М.: «Академия», 2003. 416 с.

8.Рақышев А.Р. Адам анатомиясы. Оқулық. 1,2 томдар. Алматы, 2004. 420б.

9.Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М. Адам және жануарлар физиологиясы. Алматы, 2000.

10.Сәтпаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов Ә.А. Адам физиологиясы. Алматы, «Ана тілі». 1992.

11.Смирнов В.М. Нейрофизиология и ВНД детей и подростков. М.: Академия. 2000. 400с.

12.Хрипкова А.Г. и др. Возрастная физиология и школьная гигиена: Пособие для студентов пед. ин-тов. М.: Просвещение, 1990. 319с.

 

 

ИНСУЛИН, САХАРНЫЙ ДИАБЕТ и ПРОГРАММЫ СветЛ.


Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 748 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)