А. иматиниб
Б. флюдарабин
В. винкристин
Г. лейкеран
Д. ритуксимаб
154. 72-жасар науқаста тексеру кезінде кездейсоқ қан анализінде абсолютті лимфоцитоз анықталады. Шағымы жоқ. Лимфа түйіндері және көкбауыры үлкеймеген. Қан анализінде: Л-35х109/л, лимф - 70%, Гумпрехт көлеңкелері. Бір айдан соң қан анализіндегі өзгерістер бұрынғыдай. Болжамалы диагнозыңыз қайсы?
А. Созылмалы лимфолейкоз, ісіктік формасы
Б. Созылмалы лимфолейкоз, тез үдемелі формасы
В. Созылмалы лимфолейкоз, қатерсіз форма
Г. Созылмалы миелолейкоз, созылмалы сатысы
Д. Созылмалы миелолейкоз, акселерация кезеңі
155. Науқас Н., 67 жасар, лимфа түйіндерінің үлкеюіне, әлсіздік, тершеңдікке, дене салмағының төмендеуіне шағымданып ауруханаға түсті. Объективті: жақ асты, мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің диаметрі 1-2 см, қозғалмалы, жабыспаған, ауру сезімсіз. Бауыры үлкеймеген. Көкбауырының төменгі полюсі пальпацияда қолға сезіледі. ҚЖА: Нв – 135 г/л, эр. – 4,5х1012/л, ТК – 0,9, лейк. – 72,5х109/л, с-17%, лимф-77%, мон.-6%, тромб. – 232,5х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Лимфоциттердің арасында кіші тарплазмалы пішінділері (жалаңаш ядролы деуге болар) анықталады. Миелограммада қандай өзгерістер күтесіз?
А. бластоз 20% артық
Б. жетілген лимфоциттер 30% артық
В. плазматикалық жасушалар 15% артық
Г. Мегалобластоидты қан түзілу типі
Д. қызыл өскіннің тітіркенуі
156. Науқас В., 59 жасар, анамнезінде – сүйектерінің екі патологиялық сынығы болған. Қан анализінде – ЭТЖ =60 мм/сағ, жалпы белок 105 г/л, М-градиент анықталады, ЗЖА – протеинурия, лейкоцитурия, цилиндрурия, Бенс-Джонс белогы оң, креатинин – 635 мкмоль/л. Миелограммада қандай өзгерістер күтесіз?
А. бластоз 20% артық
Б. жетілген лимфоциттер 30% артық
В. плазматикалық жасушалар 15% артық
Г. Мегалобластоидты қан түзілу типі
Д. қызыл өскіннің тітіркенуі
157. Науқас Т., 37 жасар, денесінде петехиалды-дақты бөртпелердің пайда болуына, мұрнынан, қызыл иектен қан кетуге шағымданып ауруханаға түсті. Көкбауырдың шеті пальпацияланады. Қан анализінде - Эр. 4,0 х 1012 /л; лейкоциттер 4,5 х 109/л, лейкоформула – өзгеріссіз, тромбоциттер 12 х 109/л, қан кету уақыты ұзарған. Болжамалы диагнозыңыз:
А. гемофилия А
Б. геморрагиялық васкулит
В. созылмалы миелолейкоз
Г. эритремия
Д. аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура
158. Науқас С., 33 жасар, денесінде петехиалды-дақты бөртпелердің пайда болуына, мұрнынан, қызыл иектен қан кетуге шағымданып ауруханаға түсті. Көкбауырдың шеті пальпацияланады. Алғаш рет ауырып тұр. Қан анализінде - Эр. 4,0 х 1012 /л; лейкоциттер 4,5 х 109/л, лейкоформула – өзгеріссіз, тромбоциттер 12 х 109/л, қан кету уақыты ұзарған. Осы науқасқа аталған емнің қайсысын тағайындайсыз?
Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 612 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
|