АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Кіріспе. Медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметінің құқықтық негіздерін оқу

Прочитайте:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе

Медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметінің құқықтық негіздерін оқу, ол дәрігерлік жан-жақты қызметті құқықтық жағынан ұғыну және қылмыстық немесе азаматтық істерді алдын ала тергеу және сотта қарау кезінде құқық қорғау және әділет органдарының тәжірибе жұмысында туындайтын медико-биологиялық мәселелерді шешу.

Дәлелдемелерді зерттеу барысында тергеу және сот органдарында құбылыстар мен процестерге конструктивті баға беру қажеттілігі жиі туындайды, ал оны қандай да бір (заң саласы емес) салада арнайы ғылыми білімі бар тұлға беруді қажет етеді. Бұндай жағдайларда қажетті зерттеуді жүзеге асыру үшін медико-биологиялық саладан білім керек болса сот-медициналық сараптама тағайындалады (ҚР ҚІЖК 240бабы). Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзіретіне жататын түсіндіру жолымен дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін. Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелдi себептерсiз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маман әкiмшiлiк жауапқа тартылады (ҚР ҚІЖК 84 бабы).

Бұндай маман ретінде кез келген саладағы дәрігер болуы мүмкін. Сот медицинасы саласындағы дәрігер-маманның міндетін атқару жоғары білімі бар медициналық қызметкерлердің мемлекеттік және азаматтық борышы болып саналады. Бұл медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметінің құқықтық негіздерін оқу барысында студенттердің өз жаупкершілігін терең сезінуді анықтайды.

2.2 Пәннің мақсаты: Медициналық қызметкердің кәсіби құқық бұзушылығының заңдық салдарын болжау мен баға беруді, кәсіптік құқық бұзушылықтың алдын алудың заңдық жолдарын анықтауды және Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінде белгіленген сот-медициналық сарапшының міндеттерін орындауды үйрету.

2.3 Оқыту мақсаттары:

· студенттерді алғашқы тергеу әрекеттері кезінде маман ретінде міндеттерін ойдағыдай орындау үшін қажетті көлемде сот медицинасының теориялық және тәжірибелік мәселелерін оқыту;

· студенттерді әр түрлі сыртқы әсерлер мен қысаң жағдайларда болатын патологиялық процестер ағымының морфологиялық ерекшеліктерімен таныстыру;

· медициналық жәрдем жасау барысында туындайтын сұрақтармен таныстыру (жәбірленушінің жарақат алуына қатысты шағымдануы кезіндегі дәрігердің әрекеттері, заңда белгіленген жағдайларда құқық қорғау органдарының өкілдеріне науқас жөніндегі мәліметтерді беру, медициналық құжаттаманы рәсімдеудің заңдық аспектілері мен науқастағы анықталған жарақаттарды сипаттауға қойылатын талаптар; науқастың денесінен бөгде затты алу жағдайларында дәрігердің тактикасы; жараны алғашқы хирургиялық өңдеуде немесе операция жасауда тіндерді алу салдарынан жарақаттар сипатының өзгеруі немесе жойылуы кезіндегі дәрігердің тактикасы);

· сот-медициналық сараптаманың заңдық регламенттеуімен және ұйымдастырылуымен, дәрігердің медициналық жәрдем жасау барысында денсаулыққа зиян келтіруі жөніндегі жауапкершілігі және кәсіби, кәсіби-қызметтік құқық бұзушылық жөніндегі жауапкершілігімен таныстыру;

· оқу бітірушілердің санасындағы кәсіптік және азаматтық борыштың сезімін бекіту;

· қысаң жағдайларда сот-медициналық сараптама тәжірибесіне тән кәсiби ерекше заттар және құбылыстармен жұмыс жассауға студенттерді психологиялық әзірлеу.

2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижелерi

Студент білуге тиіс:

· Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық қызметтің принциптерін, құрылымын және ұйымдастырылуын;

· сот-медициналық сараптама объектілерін зерттеу әдістері мен тәсілдерін, олардың қылмыстық немесе азаматтық істерді тергеу барысында туындайтын сұрақтарды шешуге қолдану мүмкіндігін және бұл зерттеулер жүзеге асырылатын сот-медициналық қызметтің құрылымдық бөлімшелерін;

· медициналық қызметкерлердің кәсіби және кәсіби-қызметтік құқық бұзушылығын және ол жөніндегі жауапкершілігін;

· тергеу әрекеттеріне тартылған маманның құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін;

· адам өлімін констатациялаудың заңдық және медициналық мәселелері, өлім себебі мен мерзімін;

· мәйітті табылған орнында немесе оқиға болған жерде қарау ережелері мен ерекшеліктері, биологиялық табиғаты бар заттай айғақтарды анықтау әдістемелері, оларды жинау, буып-түю және зерттеуге тиісті сот-медициналық зертханаға жолдау;

· тірі тұлғаларды куәландірудің ережелері мен ерекшеліктері;

· сот-медициналық травматологияның негізгі ережелері, жарақаттардың механо- және морфогенезі жөніндегі мәліметтер;

· сот-медициналық сараптама объектілерін қосымша және лабораторлы зерттеуге жолдау тәртібі, олардың нәтижелерін бағалау принциптері;

· сот-медициналық сараптама ісінің құжаттарын рәсімдеу тәртібі мен қойылатын талаптары;

Алған дағдыларды пайдалануға тиіс:

· іс материалдары мен медициналық құжаттар бойынша оқиғаның мән-жайын сараптамалық анализдеу;

· жарақаттарды сипаттау, олардың тірі немесе өлгеннен соң алынғанын, пайда болған мерзімін, механизмін және реттілігін анықтау;

· жарақаттың салдарынан денсаулыққа келген зиянныз ауырлық дәрежесін анықтау;

· мәйіттегі өлгеннен соң пайда болған өзгерістерді сипаттап, соған қарай өлім мерзімі жөнінде пікір беру;

· мәйітті зерттеу барысында тіндер мен ішкі мүшелердегі морфологиялық өзгерістерді сипаттау;

· диагноз құрастыру және сарапшы тұжырымын (қорытынды) толтыру.

 

2.5 Реквизитке дейіңгі: құқық негіздері

 

2.6 Реквизиттен кейін: сот медицинасы

 

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

Медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметінің құқықтық негіздерін оқу, ол дәрігердің жан-жақты қызметін құқықтық жағынан ұғыну және қылмыстық немесе азаматтық істерді алдын ала тергеу және сотта қарау кезінде құқық қорғау және әділет органдарының тәжірибе жұмысында туындайтын медико-биологиялық мәселелерді шешу.

 

2.7. Тақырыптық жоспар

2.7.1. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

тақырып өткізу түрі ұзақ тығы
1. Медициналық жәрдем. Түрлері, формалары, диагностикасы. презентация  
2. Денсаулық сақтау саласындағы сараптамалар түрлері. жұптасып жұмыс істеу  
3. Сот-сараптамалық қызметтің заңдық аспектілері. шағын топтар  
4. Сот-медициналық қызметтің іс жүргізу негіздері. жағдайлық есеп  
5. Сарапшы қорытындысы. Түрлері, формасы, нормативті талаптар. кейс-стадиялар  
6. Танатология негіздері. Өлу мен өлім. Мәйіттік құбылыстар. презентация  
7. Патологиялық процестер ағымының морфологиялық ерекшеліктері. жұптасып жұмыс істеу  
8. Механикалық жарақаттардың механо- және морфогенез негіздері. шағын топтар  
9. Сыртқы әсерден болған жарақаттардың механо- және морфогенз негіздері. жағдайлық есеп  
10. Мәйітті табылған орнында қарауда дәрігер-маманның міндеттері. кейс-стадиялар  
11. Биологиялық табиғаты бар заттай айғаттар. презентация  
12. Жәбірленушілерді, айыпталушыларды, күдіктілерді және басқа да тұлғаларды куәландыру ерекшеліктері. жұптасып жұмыс істеу  
13. Қысаң жағдайларда сот-медициналық сараптама тәжірибесіне тән кәсiби ерекше заттар және құбылыстармен жұмыс жассауға студенттерді психологиялық әзірлеу. шағын топтар  
14. Дәрігерлік этика және деонтология. жағдайлық есеп  
15. Медициналық қызметкерлердің жауапкершілігі. кейс-стадиялар  
Барлығы:  

2.7.2. Оқытушының жетекшілігімен студентің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптары:

тақырып өткізу түрі ұзақ тығы
1. Медициналық жәрдем түрлері, формалары, диагностикасы. презентация  
2. Денсаулық сақтау саласындағы сараптамалар. презентация  
3. Сот-сараптамасы қызметі. презентация  
4. Сот-медициналық сараптама сипаттамасы. Сараптама түрлері. Міндеттері, құқықтары, жауапкершілігі. іскерлік ойын  
5. Сот-медициналық құжаттама. шағын топтар  
6. Танатология. Өлімді констатациялау. Өлім мерзімн анықтау. жұптасып жұмыс істеу  
7. Кенеттен болған өлімнің диагностикасы. презентация  
8. Механикалық жарақаттар. Пайда болу механизмі мен мерзімін анқтау. презентация  
9. Сыртқы әсерлерден болған жарақаттар мен өлім. презентация  
10. Мәйітті табылған орнында қарау. презентация  
11. Биологиялық бөлімшелердегі сот-медициналық сараптамалар жүргізу. презентация  
12. Денсаулыққа келген зиянны сараптамасы. презентация  
13. Қысаң жағдайларда сот-медициналық сараптама тәжірибесіне тән кәсiби ерекше заттар және құбылыстармен жұмыс жассауға студенттерді психологиялық әзірлеу. презентация, тренинг, іскерлік ойын  
14. Дәрігерлік этика және деонтология. шағын топтар  
15. Медициналық қызметкерлердің кәсіби және қызметтік құқық бұзушылық жөніндегі сот-медициналық сараптама. презентация, пікірталас  
Барлығы:  

2.7.3. Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тапсырмасының тақырыптары:

тақырып атауы өткізу түрі ұзақ тығы
1. Медициналық жәрдем түрлері, формалары, диагностикасы. презентация, реферат  
2. Денсаулық сақтау саласындағы сараптамалар, түрлері. презентация, реферат  
3. Сот-сараптамалық қызметтің заңдық регламеттеу. презентация, реферат  
4. Сараптама тағайындау және жүргізу негіздері. Сараптама түрлері. презентация, реферат  
5. Сарапшы қорытындысы. презентация, реферат  
6. Өлім туралы білім. Ерте және кеш мәйіттік құбылыстар. презентация, реферат  
7. Кенеттен болған өлім. Диагноз бен тұжырым құрастыру. Балалардағы кенеттен болған өлім. презентация, реферат  
8. Механикалық жарақаттар. Көлік жарақаттары. Биіктіктен құлағаннан болған жарақаттар. презентация, реферат  
9. Оқ қару жарақаттары. Механикалық асфиксия. Токсикология. презентация, реферат  
10. Сыртқы әсердің басқа да түрлерінен болған өлім. презентация, реферат  
11. Мәйітті қарау. Оқиға болған орында табылған объектілерді жинап, лабораторлы зерттеуге жолдау. презентация, реферат  
12. Қан дақтарының, шәуеттің, шаштың, басқа да бөлінділер мен тіндердің сараптамасы. презентация, реферат  
13. Жыныстық жағдайлар, жүктілік, туу, түсік тастау және жыныстық қылмыстар жағдайындағы сарапатама. презентация, реферат  
14. Дәрігерлердің кәсиби құқық бұзушылықтары және және ол жөніндегі қылмыстық жауапкершiлiк. іскерлік ойын  
15. Дәрiгерлiк қателер. Өмiрге және денсаулыққа қарсы қылмыстар. Дәрiгерлердiң абайсыз әрекеттері. іскерлік ойын  
Барлығы:  

Кеңес беру уақыты

Оқытушының Т.А.Ә. Уақыты
  Макашев К. К. Сейсенбі 14:00-15:00
  Дербисбекова А. К. Сәрсенбі 15:00-16:00
  Колосов Ю.В. Бейсенбі 16:00-17:00
  Полякова Т.И. Жұма 17:00-18:00

2.8 Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тапсырмасы:

тақырып атауы өткізу түрі тапсыру мерзімі   ұзақ тығы
1. Медициналық жәрдем түрлері, формалары, диагностикасы. презентация, реферат әр аптада    
2. Денсаулық сақтау саласындағы сараптамалар, түрлері. презентация, реферат әр аптада    
3. Сот-сараптамалық қызметтің заңдық регламеттеу. презентация, реферат әр аптада    
4. Сараптама тағайындау және жүргізу негіздері. Сараптама түрлері. презентация, реферат әр аптада    
5. Сарапшы қорытындысы. қорытынды әр аптада    
6. Өлім туралы білім. Ерте және кеш мәйіттік құбылыстар. презентация, реферат әр аптада    
7. Кенеттен болған өлім. Диагноз бен тұжырым құрастыру. Балалардағы кенеттен болған өлім. презентация, реферат әр аптада    
8. Механикалық жарақаттар. Көлік жарақаттары. Биіктіктен құлағаннан болған жарақаттар. презентация, реферат әр аптада    
9. Оқ қару жарақаттары. Механикалық асфиксия. Токсикология. презентация, реферат әр аптада    
10. Сыртқы әсердің басқа да түрлерінен болған өлім. презентация, реферат әр аптада    
11. Мәйітті қарау. Оқиға болған орында табылған объектілерді жинап, лабораторлы зерттеуге жолдау. презентация, реферат әр аптада    
12. Қан дақтарының, шәуеттің, шаштың, басқа да бөлінділер мен тіндердің сараптамасы. презентация, реферат әр аптада    
13. Жыныстық жағдайлар, жүктілік, туу, түсік тастау және жыныстық қылмыстар жағдайындағы сарапатама. презентация, реферат әр аптада    
14. Дәрігерлердің кәсиби құқық бұзушылықтары және және ол жөніндегі қылмыстық жауапкершiлiк. іскерлік ойын әр аптада    
15. Дәрiгерлiк қателер. Өмiрге және денсаулыққа қарсы қылмыстар. Дәрiгерлердiң абайсыз әрекеттері. іскерлік ойын әр аптада    
Барлығы:    

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысты тапсыру мерзімі семестр бойы әр аптада қорытынды бақылауға дейін.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік ұсыныс

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысты орындау барысында студенттің өз ынтасы мен қазіргі заманға сай тәсілдемелері мадақталады.

Жұмысты орындау кезінде жазбаша түрде жасалған ғылыми жұмыстардың, кітаптардың мазмұндамасы бойынша қысқаша баяндамалар, яғни рефераттар даярлап тапсыруға болады.

Рефераттың белгілі құрылымы болуға тиіс:

Кіріспе. Бұнда тақырыптың негіздемесі, аты, басылған жері, жылы, авторлары бойынша мәлімет (Т.А.Ә., мамандығы, ғылыми дәрежесі, атағы) көрсетіледі және тақырыптың мәселелері ашылады.

Негізгі бөлімі. Реферат мәтіндері мен негізгі тезистері жазылады және олар дәлелденеді.

Тұжырым. Рефератта баяндалған тақырыптың мәселесі тұжырымдалады.

Өз бетінше атқаратын жұмысты орындауда эстетика нормалары сақтала отырып ыңғайлы жасалған электронды презентациялар әзірлеп, мультимедия проекторында көрсетуге рұқсат беріледі. Презентацияларға да жоғарыда көрсетілген талаптар қойылады.

Интернет жүйелерінен алынған рефераттар мен презентациялар плагиат болып есепделеді және қабылданбайды.

2.9 Әдебиет

Негізгі әдебиет

1. Қ.Д. Қаракөбенов. Сот медицинасы. Оқулық. Алматы, 1996

2. А.С. Жакенов, Г.А. Жакенова. Сот медицинасы терминдерінің түсіндірме сөздігі. Астана, 2006

3. Қ.Д. Қаракөбенов. Сот медицинасы терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1997

4. Айтқұлов М.Т., Самойличенко А.Н. Сот медицинасы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 1992

5. Атлас по судебной медицине/ Пиголкин Ю.И. - ГЭОТАР-Медиа, 2010

6. Пауков В.С. Лекции по судебной медицине. - Практическая медицина, 2008

7. Пиголкин Ю.И. Судебная медицина. - ГЭОТАР-Медиа, 2007

8. Судебная медицина. Оқулық / В.Н.Крюкова. - М.: Медицина, 2006

9. Судебная медицина. ЖОО оқулық / В.В.Томилина. - М.: Издательская группа ИНФРА*М - НОРМА, 1999

10. Судебная медицина. Учебник для студентов стоматологических факультетов медицинских вузов / Г.А.Пашинян, Г.М.Харин. - М.: ГЭОТАР -МЕД, 2001.

11. Руководство по судебной медицине / В.В.Томилин, Г.А.Пашинян. - М.: Медицина, 2001.

12. Хохлов В.В. Судебная медицина. Руководство. – 3 шығ. - Смоленск, 2010.

Қосымша әдебиет:

1. Агафонов В.В., Гурочкин Ю.Д., Дерягин Г.Б. Судебная медицина. - Щит-М, 2008

2. Верхолина Е.В., Николаев С.В., Николаева Г.С. Судебная медицина. Общая и Особенная части. – Норма, 2008

3. Галицкий Ф.А. Судебно-медицинская оценка алкогольной интоксикации при экспертизе живых лиц и трупов. Учебное пособие - Акмола, 1997 г

4. Гурочкин Ю.Д., Дерягин Г.Б., Яценко Е.Ю. Медицинское право. Учебник. – М.: Экзамен, 2007

5. Гурочкин Ю.Д. Дерягин Г.Б. Судебная медицина. Курс лекций. – М.: Московский университет МВД России. Изд-во «Щит – М», 2008

6. Дубровин И.А., Дубровина И.А., Башилов В.В., Журавлев М.А. Судебная медицина. Сборник ситуационных задач. - Щит-М, 2007

7. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жөніндегі кодексі» (30.06.2010ж. өзгертулер мен толықтырулар еңгізілген.)

8. Қазақстан Республикасының 04.06.2003 жылғы № 430-II «Денсаулық сақтау жүйесі туралы заңы»

9. Қазақстан Республикасының Сот сараптамасы туралы заңы. 20.01.2010

10. Калемина В.В., Колоколов Г.Р. Основы судебной медицины и психиатрии: Учебное пособие. - Дашков и К, 2010

11. Кухарьков Ю.В. Судебная медицина. Ответы на экзаменационные вопросы. –ТетраСистемс, 2010

12. Неклюдов Ю.А., Ефимов А.А., Савенкова Е.Н., Алексеев Ю.Д., Семина М.Н. Судебная медицина. - Вузовский учебник, 2009

13. Осипов В.Д. Судебно-медицинская танатология. Учебное пособие. – Астана, 2007.

14. Пашинян Г.А. Судебная медицина в схемах и рисунках. - ГЭОТАР-Медиа, 2010

15. Пиголкин Ю.И. Судебная медицина. - ГЭОТАР-Медиа, 2007

16. Пиголкин Ю.И. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. - ГЭОТАР-Медиа, 2006

17. Пиголкин Ю.И., Федулова М.В., Гончарова Н.Н. Судебно-медицинское определение возраста. – МИА, 2006

18. Попов В.Л. Судебная медицина. - Питер, 2003

19. Попов В.Л., Мусаев Ш.М. Судебная медицина. - Юрид.центр Пресс, 2009

20. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 2010.

21. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 2010 г.

22. Самищенко С.С. Судебная медицина. –Юрайт, 2010

23. Стеценко Г.С. Медицинское право: Учебник. – СПб.: Изд-во «Юридический центр Пресс», 2004.

24. Судебная медицина: руководство к практическим занятиям. 2-е изд., испр. и доп. Под ред. Пиголкина. - ГЭОТАР-Медиа, 2009

2.10 Оқыту әдiстері: презентациялар, шағын топтар, пікірталас, жұптасып жұмыс істеу, кейс-стадиялар, іскерлік ойын, реферат, жағдайлық есептер, сарапшы қорытындысы.

Білім алу нәтижесін бақылау және бағалау: ағымдық бақылауды аудиторлық сабақтар барысында өткізу және студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстың сапасын бақылау жоспарланып отыр. Коллоквиум және тесттерге жазбаша жауап беру түрінде 8-ші және 17-ші аптада аралық бақылау өткізіледі. Қорытынды бақылау емтихан түрінде болады. Тәжірибелік сабақтар кезінде ағымдық бақылау – 50%. Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысты бақылау - 30%. Аралық бақылау (коллоквиум) - 20%. (Барлығы - 100%). Пән бойынша студенттің қорытынды бағасы рұқсат рейтингісінен - 60% және емтихан бағасынан құралады.

2.11 Білімді бағалау белгілері және ережелері

 

Әріптік жүйе бойынша Балдарлың цифрлік эквиаленті Пайыздық көрсеткіш Дәстүрлі жүйе бойынша
A 4,0 95-100 Өте жақсы
A- 3,67 90-94    
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84    
B- 2,67 75-79    
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69  
C- с- 1,67 60-64    
Д+ 1,33 55-59    
Д 1,0 50-54    
Р   0-49 Қанағаттандырарлықсыз

 

Бақылау кезінде келесі критерийлер көзделген:

Ағымдық бақылау:

- Тесттерге жауап беруде жіберілген қателер

- Ауызша сұрау кезінде дәлелденген, толық жауап беріп білу.

Аралық бақылау:

- Коллоквиумдер мен бақылау жұмыстарын уақытында тапсыру

Қорытында бақылау (емтихан):

- Тест жауаптарында жасаған қателер саны

 

Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасындағы балдық-рейтинг жүйесі

ҚБ = Rx0.6 + Емт (Диф Сынақ)х0,4, м:

ҚБ - қортынды баға

R - студенттің рейтінгілік бағасы;

Е (ДС) - қорытынды бақылыудың бығасы (пән бойынша емтихан, дифференциалды сынақ).

ҚБ=ЖРБx0,6+ҚББx0,4

мұндағы:

ҚБ -қорытынды баға

ҚББ -қорытынды бақылаудың бағасы(пән бойынша емтихан,дифференциалды сынақ)

ЖРБ- жіберу рейтінгінің бағасы;

 

Рейтинг бағасы аудиториялық сабақтағы ағымдық бақылау бағаларынан, СӨЖ ағымдық бақылау бағаларынан және аралық бақылау бағаларынан тұрады. Төмендегі формула бойынша есептеледі:

 

ЖРБ=Рпр*x+Рбөж*Y+Рмеж*Z

X+Y+Z=1,0

Мұндағы: Рпр-аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау бағаларының орташа арифметикалық сомасы;

Рбөж:БӨЖ ағымдық бақылау бағаларының орташа арифметикалық сомасы;

Рмеж-межелік бақылау бағасының орташа арифметикалық сомасы;

X,Y,Z-берілген бағаның салмақтық үлесін көрсетуші коэффициенттер

ЖРБ формула бойынша есеп

t=Pпракт *0,5+Рсөж*0,3+меж*0,2

Силлабусқа сәйкес тәжірибелік сабақ барысындағы ағымдық бақылау 50%. СӨЖ бақылауы - 30 %. Аралық бақылау (коллоквиум) - 20 %.

Құқық негіздері пәні бойынша студенттердің білімдерін бағалау белгілері және ережелері.

Тәжірибелік сабақ барысындағы тестік бақылау кезінде

90 -100 % -2 қатеге дейін бағаланады.

75 - 89 % -3 қатеден 6 қатеге дейін.

50 - 74 % -7 қатеден 10 қатеге дейін.

50 %-төмен -10 қатеден көп болса.

Тәжірибелік сабақта ауызша жауап беру кезінде

90-100 ұпай егер студент сауатты түрде нақты тақырыптың мазмұның ашатын құқықтық терминдерді пайдалана отырып,толық жауапты ұсынған жағдайда қойылады. Бұл жауапты себепті- тергеу барысы, кіріспе және қортынды міндетті түрде болуы қажет.

75-89 ұпай егер студент сауатты, бірақ толық емес, маңызды емес қате жіберіп, құқықтық терминдерді пайдалану арқылы жауап берсе қойылады. Бұл жауапты себепті-тергеу барысы, кіріспе және қортынды міндетті түрде болуы қажет.

50-74 ұпай егер студнет толық емес жауап беріп, құқықтық терминдерді пайдалануда қате жіберсе, сондай-ақ себепті-тергеу барысын құрай алмаса, қортындысы болмаған жағдайда қойылады.

50- ден төмен ұпай егер студент өзіндік сұрақтарды дайындалмаған жағдайда және жауап бергенде қате жіберсе қойылады

 

СӨЖ

 


Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 1941 | Нарушение авторских прав



1 | 2 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.026 сек.)