АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Кіріспе. Иммунология перспективті және өркендеп жатқан медициналық-биологиялық ғылымдардың қатарына жатады

Прочитайте:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе

Иммунология перспективті және өркендеп жатқан медициналық-биологиялық ғылымдардың қатарына жатады, оның теориялық қағидалары практикалық денсаулық сақтауда кеңінен қолданылуда.

Қазіргі иммунологиядан алынған мәліметтер көптеген аурулардың патогенезіне, диагностикасына, еміне және алдын алу шараларына көзқарастарды өзгертті. Жалпы иммунологияның жетістіктері негізінде клиникалық иммунология мен аллергология пайда болып, кеңінен дамыды. Иммунды жетіспеушіліктердің жіктелуі, лабораторлық диагностикасы және емі құрастырылды: аутоиммунды, жұқпалы, аллергиялық, онкологиялық және басқа да бірқатар аурулардың дамуы мен ағымында иммунды жетіспеушіліктердің маңызы дәлелденді. Клиникалық практикада иммунды коррекциялық препараттар кеңінен қолдануда, соның ішінде рекомбинантты цитокиндер және цитокинге қарсы моноклонды антиденелер негізіндегі дәрілік препараттар. Қазіргі иммунологияның жетістіктеріне трансплантологиядағы жаңалықтарды, жаңа топты вакциналардың ашылуын, АИВ-жұқпасымен байланысты күрделі мәселелер шешілуін жатқызуға болады.

Сонымен, иммунологияның зерттейтін сұрақтары өте көп және барлық мамандықтағы дәрігерлер үшін үлкен қызығушылықты тудырады. Сондықтан, медициналық мамандарды дайындау үшін жоғары оқу орындардың оқу жоспарларына жалпы иммунология енгізілген.

Пәннің мақсаты: студенттерде мүшелік, жасушалық және молекулалық деңгейде иммунды жүйесінің құрылысы мен қызметі жөніндегі, сонымен қатар, дені сау ағзаның тіршілігіндегі және иммунды патологиялық үрдістердің дамуындағы иммунды жүйесінің маңызы туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыру.

2.3 Пәннің міндеттері:

· студенттерге қалыпты және иммунды патологиялық жағдайлар кезіндегі иммунды жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы қазіргі көзқарасты беру;

· ағзаның ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын сақтауда, сонымен қатар иммунологиялық тану механизмдер мен иммунды жауаптың жасушалық және молекулалық деңгейлерде реттелудегі иммунды жүйесінің маңызын зерттеу;

· иммунитет реттелуінде цитокиндердің, гормондардың және нейропептидтердің маңызы жөніндегі көзқарастармен таныстыру;

· аутоиммунды патологияның, жоғары сезімталдықтың, трансплантаттың кері қайту, қатерлі ісіктер патогенезі негізіндегі иммунологиялық механизмдерін зерттеу;

· иммунды жетіспеушілік жағдайлардың себептері мен даму механизмдерін зерттеу;

· адамның иммунды статусына лабораторлық баға беру әдістерін зерттеу;

· адам денсаулығының сақталуында иммунды жүйенің маңызы туралы түсінікті қалыптастыру.

2.4 Білім берудің соңғы нәтижелері:

Студенттерде білімнің қалыптасуы:

· иммунологияның тарихи даму жолын; иммунитеттің негізгі теорияларын, иммунитеттің түрлерін;

· иммунды жүйесінің мүшелік, жасушалық және молекулалық деңгейдегі құрылысын; оның негізгі қызмет ету принциптерін;

· иммунды жауап туралы түсінікті, иммунды хабарлы жасушалар кооперациясын, иммунды жауаптағы жасушалық және гуморалдық механизмдердің маңызын;

· антигендерді, олардың негізгі түрлері мен сипаттамаларын;

· гуморалды иммунитет жүйесінің құрылысы мен қызметін, иммуноглобулиндер класын;

· комплемент жүйесінің құрылысы мен қызметтерін, активацияның негізгі жолдарын, комплементтің қалыпты жағдай мен патологиядағы маңызын;

· арнайы иммунды жауаптағы антигентаныстырушы жасушалардың негізгі түрлерін; антигендердің өңделуі мен таныстырылуын;

· жасушалық иммунитет жүйесінің құрылысы мен қызметтерін, Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары мен қызметтерін; жасанды және табиғи төзімділік түсініктерін;

· иммунды жетіспеушілік жағдайлар (ИЖЖ) туралы түсінік пен олардың жіктелуін; біріншілік және екіншілік ИЖЖ клиникалық белгілері мен лабораторлық диагностика принциптерін;

· адамның иммунды статусына лабораторлық баға беру әдістерін;

· иммунды жүйенің реттелу механизмдерін; жүйке, иммунды және эндокринді жүйелердің қарым-қатысының маңызын;

· адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің құрылысын, локустардың қызметтерін; HLA-антигендің тұқым қуалайтын ауруларға бейімділіктің генетикалық маркері ретіндегі маңызын;

· трансплантацияның иммунологиялық проблемаларын;

· ісікке қарсы иммунитеттің негізін, қатерлі ісіктердің иммунды терапия мен иммунды диагностика әдістерін;

· Кумбс пен Джелл бойынша жоғары сезімталдық механизмдерінің жіктелуін, жоғары сезімталдықтың негізгі түрлерінің патогенезі мен клиникалық мысалдарын; аутоиммунды аурулардың патогенезін;

· вакцинды профилактика принциптерін, жаңа вакциналардың жіктелуін, вакцинация кезіндегі асқынулар мен оларды алдын алу шараларын.

Студенттерде іскерліктің қалыптасуы:

· лейкограмма мен иммунограмма көрсеткіштерін талдау;

· шеткері қандағы лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының салыстырмалы және абсолютті санын анықтау;

· иммунды ферментті талдау (ИФТ) әдісімен анықталған негізгі цитокиндер мен сарысулық иммуноглобулиндердің концентрациясын талдау;

· фагоциттердің жұту қабілетін, сонымен қатар, спонтанды және индукцияланған НКТ-тестінде олардың тотығу-тотоқсыздану потенциалын анықтау;

· трансплантациялау үшін лайық донор мен рецепиенттің HLA-антигендерін іріктеу;

· ғылыми, медициналық әдебиеттермен және интернет-ресурстармен өзіндік жұмыс істей алуы керек.

Тәжірибелік дағдылардың қалыптасуы:

· лимфоциттердің абсолюттік және салыстырмалы санын есептеу;

· иммундық статустың зертханалық көрсеткіштерін интерпретациялау (иммунограмма);

· ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау;

2.5 Пререквизиттер: молекулярлы биология және медициналық генетика, биохимия, анатомия-1, физиология-1, гистология-1, патологиялық физиология-1, микробиология, фармакология-1.

2.5 Постреквизиттер: ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, балалар аурулары, жұқпалы аурулар, онкология.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны: Иммунология пәні мен міндеттері. Иммунология дамуының тарихи кезеңдері. Иммунитет түсінігі. Иммунды жүйе бойынша түсінік. Антигендер. Гуморальды иммунитет жүйесі. Иммунологиялық үрдістерде комплемент пен макрофагтың ролі. Жасушалық иммунитет жүйесі. Клиникада адамның иммундық статусын бағалаудың заманауи әдістері. Біріншілік және екіншілік иммунды тапшылық жағдайлар. АИВ-жұқпасының иммунопатогенезі және иммунодиагностикасы. Вакцинды профилактика. Гистосәйкестік жүйесі. Трансплантациялық иммунитет негіздері. Жоғары сезімталдық механизмі. Аутоиммунды аурулардың индукция механизмі, патогенезі және клиникалық көріністері.

2.7 Дәрістің тақырыпытық жоспары

Барлық сағат Дәрістер Тәжірибелік сабактар СӨЖ ОСӨЖ
         
№№ Дәріс тақырыптары Өткізу түрі Сағат көлемі
1. Қазіргі кездегі иммунология, оның міндеттері мен жетістіктері. Иммундық жүйенің негізгі ұйымдастырылу мен қызмет ету принциптері. дәріс 1 сағ  
2. Гуморалды иммунитет жүйесі. В-лимфоциттердің дифференцировкасы. Иммуноглобулин G құрылысы. дәріс 1 сағ  
3. Жасушалық иммунитет жүйесі (I). Т-жүйесінің негізгі қызметтері. Т-лимфоциттердің дифференциалануы. дәріс 1 сағ  
4. Жасушалық иммунитет жүйесі (II). Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары және олардың қызметтері. Иммунологиялық төзімділік. дәріс 1 сағ  
5. HLA-жүйесі. Трансплантациялық иммунитет негіздері. дәріс 1 сағ
6. Жоғары сезімталдық механизмдері. дәріс 1 сағ
Барлығы: 6 сағат
I БЛОК. Адаптивті иммунитет
№1 сабақ
1. Иммундық жүйенің құрылысы. Иммунологиялық бақылау концепциясы. Ф.Бернеттің клон-сұрыптау теориясы. Антигендер. тәжірибелік сабақтар 3 сағ  
«Иммундық жүйенің құрылысы. Иммунологиялық бақылау концепциясы. Ф.Бернеттің клон-сұрыптау теориясы. Антигендер» тақырыбы бойынша кеңестер ОСӨЖ 3 сағ  
№2 сабақ
2. Гуморалды иммунитет жүйесі. Комплемент жүйесінің иммунды жауаптағы рөлі. тәжірибелік сабақтар 3 сағ  
  «Гуморалды иммунитет жүйесі. Комплемент жүйесінің иммунды жауаптағы рөлі» тақырыбы бойынша кеңестер ОСӨЖ 3 сағ
№3 сабақ
3. Антигентаныстырушы жасушалар. Жасушалық иммунитет жүйесі. тәжірибелік сабақтар 3 сағ
«Антигентаныстырушы жасушалар. Жасушалық иммунитет жүйесі» тақырыбы бойынша кеңестер ОСӨЖ 3 сағ
№4 сабақ
4. Иммунологиялық төзімділік. Цитокиндер. тәжірибелік сабақтар 3 сағ
«Иммунологиялық төзімділік. Цитокиндер» тақырыбы бойынша кеңестер ОСӨЖ 3 сағ
№5 сабақ
5. Иммунды жетіспеушіліктер жағдайлар. тәжірибелік сабақтар 3 сағ
СӨЖ қабылдау. Аралық бақылау-1 ОСӨЖ 3 сағ
II БЛОК. Иммундыпатология, иммундыдиагностика и иммундыпрофилактика
№6 сабақ
6. Ісікке қарсы иммунитет. Ісікке қарсы иммунитеттегі жасушалық және гуморалдық механизмдер.   тәжірибелік сабақтар 3 сағ
«Ісікке қарсы иммунитет. Ісікке қарсы иммунитеттегі жасушалық және гуморалдық механизмдер» тақырыбы бойынша кеңестер ОСӨЖ 3 сағ
№7 сабақ
7. HLA жүйесі, құрылысы, локустардың қызметі. Трансплантациялық иммунитет негіздері. тәжірибелік сабақтар 3 сағ  
«HLA жүйесі, құрылысы, локустардың қызметі. Трансплантациялық иммунитет негіздері» тақырыбы бойынша кеңестер ОСӨЖ 3 сағ  
№8 сабақ
8. Жоғары сезімталдық механизмдерінің жіктелуі. Атопия және анафилаксия. Цитотоксикалық үрдістер. Иммунды кешен аурулары. Жоғары сезімталдықтың жасушалық механизмі. тәжірибелік сабақтар 3 сағ
«Жоғары сезімталдық механизмдерінің жіктелуі. Атопия және анафилаксия. Цитотоксикалық үрдістер. Иммунды кешен аурулары. Жоғары сезімталдықтың жасушалық механизмі» тақырыбы бойынша кеңестер ОСӨЖ 3 сағ  
№9 сабақ
9. Клиникада адамның иммундық статусын бағалаудың зертханалық әдістері. тәжірибелік сабақтар 3 сағ
Тәжірибелік дағдыларды қабылдау ОСӨЖ 3 сағ
№10 сабақ
10. Вакциналар және вакцинды профилактика. Қазіргі иммунды коррекция принциптері. тәжірибелік сабақтар 3 сағ
«Вакциналар және вакцинды профилактика. Қазіргі иммунды коррекция принциптері» тақырыбы бойынша кеңестер. Құқықтық компетенцияларды бағалау. ОСӨЖ 3 сағ
№11 сабақ
  Аралық бақылау – 2. СӨЖ қабылдау. ОСӨЖ 6 сағ
Барлығы: 66 сағат
2.8 Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
1. Жергілікті иммунитет. Шырышты қабаттармен, өкпемен, терімен ассоцацияланған лимфоидты тіндер. СӨЖ 3 сағ
2. Моноклонды антиденелер (МКАД). Гибридомды технология. МКАД иммунологияда негізгі қолдану аймағы. СӨЖ 3 сағ
3. Цитокиндердің негізгі топтары, олардың сипаттамалары. Цитокиндік тор түсінігі. СӨЖ 3 сағ
4. Иммунды жауаптың нейро-эндокринді реттелуі. СӨЖ 3 сағ
5. Қабыну және ауру сезімі. СӨЖ 3 сағ  
6. Қоршаған орта факторларының екіншілік ИЖЖ дамуындағы маңызы. СӨЖ 3 сағ
7. Ісікке қарсы вакциналар. СӨЖ 3 сағ
8. АИВ-жұқпасына қарсы вакцина. СӨЖ 3 сағ
9. HLA антигендері мен аурушылдыққа тұқым қуалау бейімділіктің байланысы. СӨЖ 3 сағ  
10. Транспланталогияда бағаналы жасушаларды қолдану перспективалары. СӨЖ 3 сағ
11. Ісіктердің иммунды диагностикасы. СӨЖ 3 сағ
12. Аутоиммунды аурулар және иммунды қабыну синдромдары бар аурулар СӨЖ 3 сағ
Барлығы: 36 сағат
Барлығы: 108 САҒАТ
           

Ескертпе*:

Аралық бақылау тестері емтихан тестеріне кіреді.

Әр студентке СӨЖ бойынша тапсырманы орындау және оқытушыға өткізу үшін 2 тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.

2.9 Ұсынылатын әдебиет тізімі

Негізгі:

Орыс тілінде:

1. А.А. Шортанбаев, С.В. Кожанова «Жалпы иммунология», Алматы, 2008 А.А. Шортанбаев, С.В. Кожанова «Общая иммунология», Алматы, 2009

2. Р.М. Хаитов «Иммунология», Москва, 2009

3. А. Караулов «Клиническая иммунология и аллергология», Москва, 2002

Қосымша:

1. Д. Мейл, Дж. Бростофф, Д.Б. Ройт «Иммунология», Москва, 2007

2. Н.В. Медуницын «Вакцинология», Москва, 2004

3. Д.Х. Плейфлер «Наглядная иммунология», 2008

4. Э. Чепель «Основы клинической иммунологии», 2008

5. Р.М. Хаитов «Клиническая аллергология», Москва, 2002

6. Г.Б. Федосеев «Аллергология», С-Петербург, 2001

7. Гордан Ада, Алистер Рамсей «Вакцины, вакцинация и иммунный ответ», Москва, 2002

8. С.А. Кетлинский, А.С. Симбирцев «Цитокины», С-Петербург, 2008

9. К.А. Лебедев, И.Д. Понякина «Иммунная недостаточность», Москва, 2003

10. А.А. Тотолян, И.С. Фрейдлин «Клетки иммунной системы» I-II, СПб, 2000

11. Г.Т. Калиакбарова «Цитокины», Алматы, 2004

12. Г.Т. Балпанова «Основы трансплантационного иммунитета. Система HLA», Алматы, 2003

13. Б.Б. Бижигитова «Роль системы комплемента и антигенпредставляющих клеток в иммунном ответе», Алматы, 2006

14. С.Г. Мухамбетова, А.С. Каракушикова, Кожанова С.В., Садвакасова Г.С. «Оценка иммунного статуса человека в клинике», Алматы, 2005

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. А.А. Шортанбаев, С.В. Кожанова «Жалпы иммунология», Алматы, 2008

Қосымша:

1. Г.Т. Балпанова «Трансплантациялық иммунитет», Алматы, 2002

2. Б.Б. Бижигитова «Комплемент жүйесі мен антигенді таныстырушы жасушалардың иммунды жауаптағы маңызы», Алматы, 2006

3. С.Г. Мухамбетова, А.С. Каракушикова, Кожанова С.В., Садвакасова Г.С., Балпанова Г.Т. «Иммунды статусқа баға берудің қазіргі әдістері», Алматы, 2005

4. Г.Т. Калиакбарова, Э.Ж. Битанова «Цитокиндер», Алматы, 2004

Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. T.J. Kindt, R.A. Goldsby, B.A. Osborne //Kuby Immunology, 6th edition, W.H. Freeman and Co, 2007, New York

2. A.L. DeFranco, R.M. Locksley, M. Robertson //Immunity, New Science Press, London, 2007

Қосымша:

1. Richard M. Hyde //Immunology, 3rd edition, Willams&Wilkins, the USA, 1995

2.10 Оқыту мен білім беру әдістері

  • Дәрістер: шолу, проблемалық
  • Тәжірибелік сабақтар: зертханалық жұмыстарды орындау (зертханалық жабдықтармен

жұмыс жасау, науқастың иммундық статусын бағалаудағы зертханалық сынамалардың қойылуы және/немесе нәтижелерін интерпретациялау; лейкоцитарлық формуланы есептеу, лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының абсолютті және салыстырмалы санын анықтау; лейкограммаларды және иммунограммаларды интерпретациялау); оқытушымен бірге теориялық материалды талқылау; оқу әдебитімен жұмыс жасау, тапсырмаларды орындау (сұрақтарға жазбаша жауап беру, кестені толтыру, үлгілерді салу және т.б.); тестілеу; ауызша сұрау; ситуациялық есептерді шығару; вакцинадан кейінгі асқынулар, егулердің Ұлттық күнтізбесі, профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу, трансплантация туралы бұйрықтарды талқылау; топтық пікірталас өткізу, сендіру, назар қою, тілдесу төзімділігі, қорытындылау және өз пікіріне түсініктеме беруді қалыптастыру.

· Студенттердің өзіндік жұмысы – әдебиет, интернет-ресурстар, электронды тасымалдаушыдағы оқу және ғылыми материалдарды қолдана отырып, өзіндік оқып-білуіне арналған тақырыптар тізіміне сай жұмыс жасау, оқытушы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс, иллюстрация-кестелерді құрастыру, кестелерді толтыру, глоссарийларды құрастыру, тесттік тапсырмаларды және әртүрлі күрделік дәрежедегі ситуациялық есептерді шығару, лабораторлық көрсеткіштерді интерпретациялау, презентациялар мен тақырыптық рефераттарды дайындау.

· Оқытушымен біріккен студенттердің өзіндік жұмысы – оқытушының қолдауымен оқу-әдістемелік құралдармен, әдебиетпен жүмыс жасау, үй тапсырмалары мен бақылау жұмыстарын орындау, ағымдық және аралық бақылауды өту, тренингтер, кіші топтарда жұмыс, пікірталастар, дидактикалық және іскерлік ойындар, презентациялар, иллюстрация-кестелерді құрастыру, кестелерді толтыру, глоссарийларды құрастыру, тесттік тапсырмаларды және әртүрлі күрделік дәрежедегі ситуациялық есептерді шығару, лабораторлық көрсеткіштерді интерпретациялау, оқытушының бақылауымен презентациялар мен тақырыптық рефераттарды дайындау, ағымдық және аралық бақылауларды өту және т.б.

2.11 Бағалаудың критериі және ережесі:

Әр компетенция (білім, тәжірибелік дағдылар, коммуникативті дағдылар, құқықтық компетенция, өзін-өзі жетілдіру) аралық бақылау 100 балға сәйкес 100 пайызбен есептеледі.

 

Егер рұқсат ету рейтингі (R) 50% тең немесе жоғары болса, студент емтиханға жіберіледі.

Ағымдық бақылау рейтингі (R) = ( z1+z2+z3+z4+z5+z6+z7+z8+z9+z10+n9+

+p7+p10+k11+ s5+s11)/16

z – білім

n- тәжірибелік дағдылар

p – денсаулық адвокаты

k – коммуникативті дағдылар

s – өзін-өзі жетілдіру

Аралық бақылау (АБ) = r1+r2

r - аралық бақылау

 

Рұқсат ету рейтингі (РЕР) = R + r1+r2 х0,6

 

Емтихан рейтингі (Е) = Е1 х 0,2 + Е2 х 0,2

Қорытынды баға (I) = РЕР (рұқсат ету рейтингі) + E (емтихан рейтингі)

1. Білімді бағалау критерийлері:

Пайыздық қатынас, % Критерийлер
95-100 Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде толық жауап беру, тестілеу «100%» (1 қате жіберілген), барлық тапсырмаларды қатесіз орындау
90-94 Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде толық жауап беру, тестілеу «95%» (2 қате жіберілген), барлық тапсырмаларды орындады, бірақ 1-2 болмашы қателіктер жіберілді.
85-89 Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде болмашы қателіктер болды, тестілеу «90%» (3 қате), барлық тапсырмаларды орындады, бірақ 3-4 қате жіберілді.
80-84 Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде жауабы толық емес, тестілеу «85%» (4 қате), барлық тапсырмаларды орындады, бірақ 5-6 қате жіберілді.
75-79 Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде жауабы толық емес, тестілеу «80%» (5 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау.
70-74 Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде жауабы толық емес, тестілеу «75%» (6 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау.
65-69 Сабаққа қатысу,ауызша сұрау кезінде жауабы толық емес, тестілеу «70%» (7 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау.
60-64 Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде жауабы толық емес, тестілеу «65%» (8 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау.
55-59 Сабаққа қатысу, материалды білмеу, тестілеу «60%» (9 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау.
50-54 Сабаққа қатысу, материалды білмеу, тестілеу «50%» (10 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау.
0-49 Сабаққа қатысу, материалды білмеу, тестілеу (50% кем), тапсырмаларды орындамау.

 

 

2. Құқықтық компетенцияны бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасының 30 желтоқсан 2009 ж. № 2295 Қаулысын білу

«Қарсы профилактикалық егу жургізетін аурулардың тізбесін, олардың жургізу ережесін және халықтың жоспарлы егуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы».

(29.06.2010 ж. өзгерістер және толықтырулармен).

Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 30.10.2009 ж. №623 бұйрығын білу " Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алудың, консервациялаудың, адамнан адамға және жануарлардан адамға транспланттауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы".

 

Блиц-тесттерді бағалау критерийлері

Пайыздық қатынас, % Критерийлер
  20 блиц-тесттен 20 дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 19 дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 18 дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 17 дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 16 дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 15 дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 14 дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 13дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 12 дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 11 дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 10 дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 9 дұрыс жауап
  20 блиц-тесттен 8 дұрыс жауап
  дұрыс жауап 8 кем

3. Тәжірибелік дағдыларды бағалау критерийлері

Иммунограмманы бағалау

Тапсырмалар Бағалау критерийлері
  Иммунограммада лейкоциттердің абсолютті санын және лимфоциттердің салыстырмалы санын табу Барлық тапсырмаларды дұрыс орындау – 100 балл   70% тапсырманы азғантай қателіктермен орындау – 90 балл 60% тапсырманы азғантай қателіктермен орындау – 80 баллов 50% тапсырманы азғантай қателіктермен орындау – 70 баллов   40 % тапсырманы қатесіз орындау – 50 баллов     40% тапсырманы азғантай қателіктермен орындау – 30 баллов   30% тапсырманы қатесіз орындау – 20 баллов
  Берілген иммунограммада лимфоциттердің абсолютті санын есептеу
  Иммунограммада В-лимфоциттердің салыстырмалы санын анықтау. В-лимфоциттердің абсолютті санын формула бойынша есептеу.
  В-лимфоциттердің функционалды белсенділігін анықтайтын көрсеткіштерді табу.
  Иммунограммада Т-лимфоциттердің және оның субпопуляцияларының (Т-лимфоциттер, Т-хелперлер, Т-киллерлер жалпы саны) салыстырмалы санын табу
  Т-лимфоциттердің иммунорегуляторлық индексін есептеу.
  ЖҚА фагоцитарлық буын жасушаларының салыстырмалы санын анықтау

4. Коммуникативті дағдыларды бағалау критерийлері

Пайыздық қатынас, % Дағды
10-30 Өзін-өзі нәтижелі таныстыру
10-20 Қарым-қатынас төзімділігі
10-30 Топтық пікірталас, дебаттар өткізу
10-20 Түсініктемелер мен пікірлерді қорытындылау
  Ең жоғарғы нәтиже (%)

5. Өзін-өзі жетілдіруді бағалау критерийлері - СӨЖ (ең жоғары 100 %)

Пайыздық қатынас, % Критерийлер
95-100 СӨЖ сәйкес үлгісінің барлық талаптарын толық орындау
90-94 СӨЖ сәйкес үлгісінің барлық талаптарын толық орындау, бірақ СӨЖ критерийлеріне шамалы сәйкес болмауы.
85-89 СӨЖ сәйкес үлгісінің барлық талаптарын толық орындау, бірақ аздап анық емес.
80-84 СӨЖ сәйкес үлгісінің талаптарын орындау толық емес, бірақ көрсетілген материал СӨЖ тақырыбын толық аша алды.
75-79 СӨЖ сәйкес үлгісінің талаптарын орындау толық емес. Жұмыста СӨЖ тақырыбының негізгі мәселелері қарастырылған. Аздап қателіктер жіберілген.
70-74 СӨЖ сәйкес үлгісінің талаптарын орындау толық емес. Жұмыс СӨЖ тақырыбын толық көрсетпейді. Аздап қателіктер жіберілген,тапсырманы орындау нақты емес.
65-69 СӨЖ сәйкес үлгісінің талаптарын орындау толық емес. Жұмыс СӨЖ тақырыбын толық көрсетпейді, материалды құрастыру кезінде біршама қателіктер жіберілген.
60-64 СӨЖ сәйкес үлгісінің талаптарын орындау толық емес. СӨЖ тақырыбы толық ашылмаған, материалды құрастыру кезінде біршама маңызды қателіктер жіберілген.
55-59 СӨЖ сәйкес үлгісінің талаптарын орындау толық емес. СӨЖ тақырыбы толық ашылмаған, материалды құрастыру кезінде өрескел қателіктер жіберілген.
50-54 СӨЖ сәйкес үлгісінің талаптары орындалмаған. Материал түбегейлі қателіктермен жиналған.
0-49 СӨЖ сәйкес үлгісінің талаптары орындалмаған. Түбегейлі қателіктер жіберілген, тапсырма орындалмаған, СӨЖ критерийлеріне сәйкес емес.

6. Аралық бақылауды бағалау критерийлері:

Пайыздық қатынас, % Қателер саны Пайыздық қатынас, % Қателер саны
100% - 45%  
95%   40%  
90%   35%  
85%   30%  
80%   25%  
75%   20%  
70%   15%  
65%   10%  
60%   5%  
55%   0%  
50%      

7. Емтихан 2 кезеңмен өтеді.

I кезең –тестілеу, мұнда білім мен құқықтық компетенция бағаланады; құқықтық компетенция бойынша сұрақтар тесттің барлық сұрақтарының 2% құрайды

II кезең –тәжірибелік дағдыларды қабылдау, мұнда студенттердің тәжірибелік және коммуникативті дағдылары бағаланады

 

8. II кезеңді бағалау критерийлері

Пайыздық қатынас, % Бағалау критерийлері
  Барлық тапсырмаларды дұрыс орындау Өзін-өзі нәтижелі таныстыру Түсініктемелер мен пікірлерді қорытындылау
  70% тапсырмаларды азғантай қателіктермен орындау Өзін-өзі нәтижелі таныстыру Түсініктемелер мен пікірлерді толық емес қорытындылау
  60% тапсырмаларды азғантай қателіктермен орындау Өзін-өзі нәтижелі таныстыру Түсініктемелер мен пікірлерді толық емес қорытындылау
  50% тапсырмаларды азғантай қателіктермен орындау Өзін-өзі нәтижелі таныстыру Түсініктемелер мен пікірлерді толық емес қорытындылау
  40 % тапсырмаларды қатесіз орындау Өзін-өзі нәтижесіз таныстыру Түсініктемелер мен пікірлерді толық емес қорытындылау
0-49 Тапсырма орындалған жоқ

Емтихан ведомосына пән бойынша қорытынды баға сандық және әріптік эквивалент баллымен төменде келтірілген кестеге сйәкес қойылады.

 

Пән бойынша әріпті-баллды-рейтингтік баға

 

Әріптік жүйемен бағалау Баллдың сандық эквиваленті Пайыздық қатынас % Дәстүрлі жүйе бойынша
А 4,0 95-100   ҮЗДІК
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

 

Кеңесті лектор емтиханға екі күн қалған кезде жүргізеді, сағат 14.00, №139 оқу бөлмесінде

Емтихандар оқу бөлімінің күн тізбегі бойынша жүргізіледі (ОҮҰ және ББ).

 

 

ДӘРІСТІК КЕШЕН

КУРС: 3 (үшінші)

ТӘРТІП: OI 3228 «Жалпы иммунология»

МАМАНДЫҒЫ: 051301 «Жалпы медицина»

Құрастырушылар: профессор Шортанбаев А.А.

доцент Кожанова С.В.

доцент Тарабаева А.С.

доцент Балпанова Г.Т.

доцент Бижигитова Б.Б.

доцент Битанова Э.Ж.

аға оқ.Садвакасова Г.С.

 

 


Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 2396 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.024 сек.)