АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Глоссарий. В-лимфоциты -один из основных классов лимфоцитов, имеют фенотип CD20+CD72+; дифференцируются в костном мозге

Прочитайте:
  1. ГЛОССАРИЙ
  2. Глоссарий
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. ГЛОССАРИЙ
  8. Глоссарий
  9. Глоссарий
  10. ГЛОССАРИЙ

В-лимфоциты -один из основных классов лимфоцитов, имеют фенотип CD20+CD72+; дифференцируются в костном мозге, составляют клеточную основу В-системы адаптивного иммунитета, осуществляющей синтез антител; основной признак В-лимфоцитов – наличие поверхностных антигенраспознающих иммуноглобулиновых рецепторов (ВКР); при антигенной активации В-лимфоциты дифференцируются в плазматические клетки, продуцирующие антитела (иммуноглобулины) той же специфичности, которой обладал антигенраспознающий рецептор. В периферической крови в норме составляют 10-20% от общего количества лимфоцитов.

В-лимфоциттер - лимфоциттердің негізгі кластарының бірі, CD20+ CD72+ фентотиптері бар; сүйек кемігінде пісіп жетіледі, антиденелер синтезін жүзеге асыратын адаптивті иммунитеттің В-жүйесінің жасушалық негізін құрады; В-лимфоциттердің негізгі белгісі - беткей антигентанушы иммуноглобулиндік рецепторлар болуы; антигенмен белсену кезінде В-лимфоциттер плазмалық жасушаларға дифференциацияланып антигентанушы рецептордың арнайлығына сай антиденелерді (иммуноглобулиндерді) өндіреді. Шеткері қанда қалыпты жағдайда лимфоциттердің жалпы санының 10-20% құрады.

B - Lymphocytes are one of the main classes of lymphocytes. They have the phenotype of CD 20 + CD 72 +, differentiate into bone marrow. They are the basis of the B-cell adaptive immunity. They synthesize antibodies. The main feature of the B-lymphocytes is the presence of surface immunoglobulin antigen recognizing receptors.

After antigenic stimulation B cells differentiate into plasma cells that produce antibodies (immunoglobulins) of the same specificity, which had antigen recognizing receptors.

The normal range of B-lymphocytes is 10-20% of the total number of lymphocytes in the peripheral blood.

Иммуноглобулины -сывороточные белки, образующиеся в ответ на действие антигенов; относятся к сывороточным глобулинам, поэтому называются иммуноглобулинами; синтезируются В-лимфоцитами, через них реализуется гуморальный иммунный ответ. У человека существует 5 основных классов иммуноглобулинов: M, G, E, A, D, Каждый из этих классов обладает характерным строением и играет определенную функциональную роль; все они построены из упорядоченных агрегатов полипептидных цепей двух типов: одна из цепей называется "легкой", другая - "тяжелой", соответствующие общепринятые обозначения – H (heavy) и L (light). У иммуноглобулинов всех классов легкие цепи имеют сходное строение. Различия между классами обусловлены различиями в строении тяжелых цепей.

Иммуноглобулиндер – антигендер әсеріне жауап ретінде түзілетінсарысулық ақуыздар, сарысулық глобулиндерге жататындықтан иммуноглобулиндер деп аталады; В-лимфоциттермен синтезделеді, олар арқылы гуморалды иммунды жауап жүзеге асады. Адамда иммуноглобулиндердің 5 негізгі кластары бар: M, G, E, A, D. Осы кластардың әрқайсысының өзіне сай құрылымы бар және белгілі қызмет атқарады; олардың барлығы 2 түрлі полипептидті тізбектердің ретті агрегаттарынан құрастырылған: тізбектің бірі – «жеңіл», ал екіншісі – «ауыр», жалпылама қабылданған белгілерге сәйкес – Н(heavy) және L (light) деп аталады. Барлық кластағы иммуноглобулиндерде жеңіл тізбектерінің құрылысы ұқсас болады. Кластардағы айырмашылық ауыр тізбек құрылысының өзгешелігімен негізделген.

Immunoglobulins are serum proteins that are produced in response to antigens. They are synthesized by B lymphocytes, are the foundation of the humoral immune response.

There are five major classes of immunoglobulins: M, G, E, A, D, in humans.

Each of these classes has a characteristic structure and plays a specific role. They are all built of ordered units of two types of polypeptide chains. One of the chains is called "light", the other - the "heavy". Light chains of all classes of immunoglobulins have similar structures. The differences between classes are due to differences in the structure of heavy chains.


 

№3 дәріс

1. Дәріс тақырыбы: «Жасушалық иммунитет жүйесі (I). Т-лимфоциттердің негізгі қызметтері. Т-лимфоциттердің дифференциялануы»

 

2. Мақсаты: Студенттерді иммунитеттің Т-жүйесінің негізгі қызметтерімен таныстыру, Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз және антигенге тәуелді дифференциялануын, тимустағы Т-лимфоциттердің оң және теріс сұрыпталу рөлін қарастыру.

 

3. Дәріс тезисі:

1. Иммунитеттің Т-жүйесінің қызметтері.

2. Т-лимфоциттердің дифференциялануы.

3. Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциялануы.

4. Тимустағы Т-лимфоциттердің оң және теріс сұрыпталуы.

 

Иммунологиялық серпілістің түзілуінде иммунитеттің Т-жүйесі басты рөл атқарады. Себебі, ол көптеген табиғи антигендерді тануына қатыса отырып, гуморалды және жасушалық иммундық жауапты қалыптастырады және реттейді. Сонымен қатар, иммунитеттің Т-жүйесі иммунологиялық есте сақтау және имунологиялық төзімділіктің дамуына жауапты. Нәтижесінде сол ғана бөгде жасушаларға цитотоксикалық қызметін атқарады.

В-лимфоциттің дифференциялануы кезеңі сияқты Т-лимфоциттің де дифференциялануының екі кезеңі бар: антигенге тәуелсіз және антигенге тәуелді дифференциялануы.

Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциялануы тимуста жүреді, оған ізашар Т-лимфоциттердің тимусқа өтуі, тимоциттердің пролиферациясы, антигентанушы рецепторлардың түзілуі, Т-лимфоциттердің клондарының оң және теріс сұрыпталуы (МНС антигендері бойынша рестрикцияланған клондардың сақталуы және ағзаның өзінің антигендерімен әсерлесуге қабілеті бар клондарының жойылуы), бір-бірінен қызметі және беткей CD-маркерлері бойынша ажыратылатын Т-лимфоциттердің әр түрлі субпопуляцияларының қалыптасуы жатады.

Рецепторлары МНС-дің меншікті нәруыздарына сәйкес келмейтін Т-лимфоциттер клондары (олардың саны басымырақ) апоптоз (жасушалардың жоспары бойынша жойылуы) нәтижесінде жойылады. Тек МНС-дің меншікті нәруыздарына сай рецепторалары бар клондар сақталады. Бұл Т-лимфоциттер керекті дифференциялапну белгісін алғандықтан апоптозға ұшырамайды және әрі қарай даму сатысына өтеді. Сонымен, өзінің ағзасынжа жұмыс істеуге қабілеті бар (МНС-рестрикция) Т-лимфоциттер клондарының сұрыпталуы өтеді.

Бұл үрдісті оң сұрыпталу деп атайды. Оң сұрыпталудан кейін кортикалды тимоциттердің шамамен 5% қалады, олар кортикомедуллярлы аймақ арқылы тимустың милы қабатына жылжиды.

Аталған жасушалардыі әрқайсысының немесе I класс МНС нәруыздарымен, немесе II класс МНС нәруыздарымен әсерлесуге қабілеті бар. Оң сұрыпталу үрдісі кезінде I класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар тимоциттер CD8 корецепторын сақтап қалады, ал CD4 нәруызының экспрессиясын тоқтатады. Бұл жасушалар Т-киллердің фенотипіне CD2+3+8+ (CD8+) ие болады.

II класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар тимоциттер CD4 корецепторын сақтайды, ал CD8 нәруызының экспрессиясын тоқтатады. Бұл жасушалар Т-хелпердің фенотипіне CD2+3+4+ (CD4+) ие болады. Осылайша Т-лимфоциттердің екі негізгі функционалды субпопуляциялары қалыптасады.

Тимустың кортикомедуллярлы аймағында және мезенхимасында оң сұрыпталудан сақталып қалған Т-лимфоциттер бірнеше цитокиднрдің және тимус гормондарының (бірінші кезекте тимозин), сонымен қатар жасушааралық әрекеттесулеркөмегімен пісіп-жетілудің келесі кезеңіне өтеді және теріс сұрыпталу үрдісіне ұшырайды.

 

4. Иллюстратциялық материал: №5 мультимедиялық дәріс

5. Әдебиет

1. А.А. Шортанбаев, С.В. Кожанова «Жалпы иммунология», Алматы, 2008, 120-127 беттер

2. А. Ройт. Основы иммунологии. М., 2007, 105-127 беттер

3. T.Y Kindt, R.A. Goldsby, B.A. Osborne «Kuby Immunology», N.Y., 2007.

4. A.L. De Franco at all «Immunity», London, 2007.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Иммунитеттің Т-жүйесінің негізгі қызметтері.

2. Қай жерде Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциялануы жүреді?

3. Тимус гормондарын атаңыздар.


Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 1149 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)