Глоссарий. HLA-система(Human Leucocyte Antigens’ System) – система лейкоцитарных антигенов человека, главным образом определяющая тканевую совместимость индивидуумов;
HLA-система (Human Leucocyte Antigens’ System) – система лейкоцитарных антигенов человека, главным образом определяющая тканевую совместимость индивидуумов; входит в состав МНС-комплекса (от англ. Major Histocompatibility Complex) – главного комплекса гистосовместимости.
HLA-жүйесі – адамның лейкоцитарлық антигендер жүйесі; ағзалардың тіндік сәйкестігін анықтайтын негізгі антигендерге жатады; бас гистосәйкестік комплекс деп аталатын МНС-комплекс құрамына (ағылш. Major Histocom-patibility Complex) кіреді.
HLA-system (Human Leucocyte Antigens' System) - a system of human leukocyte antigens, mainly determining tissue compatibility of individuals, is part of the MHC complex (from the English. Major Histocompatibility Complex) - the major histocompatibility complex.
HLA-генотип – полный набор генов в материнской и отцовской хромосомах.
HLA-генотип – анасы мен әкесінің хромосомаларындағы гендердің толық жиынтығы
HLA-genotype – a complete set of genes in the maternal and paternal chromosomes.
HLA-гаплотип – н абор генов одной хромосомы.
HLA-гаплотип – бір хромосоманың гендер жиынтығы
HLA-haplotype – a set of genes of one chromosome.
HLA-фенотип – весь набор аллельных продуктов HLА-генов, экспрессированный на ядросодержащих клетках организма.
HLA-фенотип – ағзаның ядролы жасушаларында экспрессияланғанHLА-гендердің аллельді өнімдерінің барлық жиынтығы
HLA-phenotype – the entire (all of) set of allelic products HLA genes expressed on nucleated cells.
Аутотрансплантат - это собственная ткань донора, перенесенная из одного участка организма в другой.
Аутотрансплантат – донор ағзасының бір аймағынан басқа аймағына ауыстырылған жеке тіні.
Autograft – the self tissue transferred from one body site to another in the same individual.
Изотрансплантат (синтрансплантат) - это орган или ткань, пересаженные между генетически идентичными индивидуумами.
Изотрансплантат (синтрансплантат) – ол генетикалық ұқсас индивидуумдар арасындағы алмастырылған тіндер немесе мүшелер.
Isograft – the organ or tissue grafts between genetically identical individuals.
Аллотрансплантат - это органы или ткани, пересаживаемые между генетически различными особями, принадлежащими к одному виду.
Аллотрансплантат – бір биологиялық түрге жататын генетикалық түрлі организмдердің арасындағы алмастырылған тіндер немесе мүшелер.
Allografts – the organ or tissue grafts between genetically different members of the same species.
Ксенотрансплантат - это орган или ткань, пересаженные между особями различных видов.
Ксенотрансплантат – әр түрге жататын организмдердің арасындағы алмастырылған тіндер немесе мүшелер.
Xenografts – the organ or tissue grafts between different species.
№6 дәріс
1. Дәріс тақырыбы: «Жоғары сезімталдық механизмдері»
2. Мақсаты: Студенттерді Кумбс және Джелл бойынша жоғары сезімталдықтың негізгі механизмдерімен таныстыру, жоғары сезімталдықтың негізгі түрлерінің патогенезін және клиникалық мысалдарын қарастыру.
3. Дәріс тезисі:
1. Жоғары сезімталдықтың Кумбс және Джелл бойынша жіктеуі.
2. Атопиялық аурулардың патогенезіндегі IgЕ рөлі.
3. Анафилактикалық шок патогенезі.
4. Цитотоксикалық серпілістің және иммундық кешен ауруларының патогенезі.
5. Жоғары сезімталдықтың баяу түрі. Жасушалық фактордың рөлі.
Аллергия дегенімізәр түрлі заттарға ағзаның иммунологиялық реактивтілігінің өзгерістерімен жүретін жоғары сезімталдығы. Алғаш рет осы терминді австрия ғалымы Пирке (Von Pirquet, 1906) антигендік стимуляцияға ағзаның реактивтік өзгерістерін белгілеу үшін ұсынған (аllos грек. – өзге, ergon – әсер, яғни - өзгерілген әсер деген мағына).
Аллергия кезіндегі ағзаның жоғары сезімталдығы арнайы болып келеді, яғни ағзаның сенсибилизациясын шақырған антигенге ғана. Аллергенмен қайта жанасқан кезде пайда болатын жоғары сезімталдықтың клиникалық көріністерін аллергиялық серпіліс деп атайды.
Кумбс және Джеллдің жіктеуі бойынша жоғары сезімталдықтың механизмдерін 4 түрге ажыратады:
I. Атопия және анафилаксия.
II. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпіліс.
III. Иммундық кешен аурулары.
IV. Жоғары сезімталдықтың жасушалық механизмі (БЖС).
Осы механизмдер аллергиялық, сонымен қатар аутоиммундық аурулардың патогенезінің негізінде жатыр.
Аллергиялық серпіліс антигенге, бұл жағдайда аллерген деп аталатын антигенге қарсы пайда болатын гиперэргиялық иммундық жауап болып табылады. Аллергияның дамуында бастапқы себеп болып табылатын берілген антигенге қарсы иммундық жауаптың реттелуінің бұзылысы соның нәтижесінде тепе-теңдігі бұзылған күшті иммундық жауап дамиды. Сол бір антиген бір адам үшін қалыпты деңгейдегі иммундық жауапты тудыратын (ағзаға түскен аллергеннің санына тепе-тең) антиген болып табылады, ал басқа адамған сол антиген аллерген болып табылады.
Жоғары сезімталдықтың барлық механизмдері (бірінші түрінен басқа) аутоиммундық аурулардың патогенезіне қатысады.
Аутоиммундық аурулар иммунологиялық төзімділіктің бұзылысы нәтижесінде дамиды, соның нәтижесінде төзімділіктің орталық және шеткі механизмдері бұзылуы мүмкін. Аутоиммундық үрдістер ағзаның өзіндік антигендеріне қарсы иммундық жауаптың болуымен (антиденелердің түзілуі және/немесе жасушалық серпіліс) сипатталады. Көптеген аутоиммундық аурулардың патогенезінде жоғары сезімталдықтың II, III және IY түрлері немесе олар бірігіп қатысады.
4. Иллюстрациялық материал: №9 мультимедиялық дәріс
5. Әдебиет
1. А.А. Шортанбаев, С.В. Кожанова «Жалпы иммунология», Алматы, 2008, 277-299 беттер
2. А. Ройт. Основы иммунологии. М., 2007, 423-493 беттер
3. Ф. Бернет «Клеточная иммунология». М., 1972
4. T.Y Kindt, R.A. Goldsby, B.A. Osborne «Kuby Immunology», N.Y., 2007.
5. A.L. De Franco at all «Immunity», London, 2007.
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Атопияның патогенезінде иммуноглобулиннің қай классы маңызды рөл атқарады?
2.Атопиялық аллергиялық серпілістегі нысана-жасушаларды атаңыздар
3.Қандай дәрілік препараттарды енгізгенде анафилаксиялық шок дамуы мүмкін
4.Қандай жасушалар БЖС патогенезінде қатысады?
Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 943 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
|