АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Алматы, 2012 ж

Прочитайте:
  1. Алматы, 2012
  2. Алматы, 2012
  3. Алматы, 2012
  4. Алматы, 2012 ж.
  5. Алматы, 2012 ж.
  6. Алматы, 2014 г.

№6 сабақ

1. Тақырыбы: Ісікке қарсы иммунитет. Ісікке қарсы иммунитетте жасушалық және гуморалдық механизмдерінің рөлі.

2. Мақсаты: Ісікке қарсы иммунды жауаптың ерекшеліктерімен және ісіктің иммунотерапиясының қазіргі кезде қолданылатын әдістерімен танысу.

 

3. Оқу мақсаттары:

  1. Студенттерге ісікке қарсы иммунитеттің ерекшеліктері туралы қазіргі кездегі түсініктемені беру.
  2. Ісік антигендерінің ерекшеліктерін оқу.
  3. Ісікке қарсы қорғаныстың жасушалық және гуморалдық механизмдерінің қызметін қарастыру. Ісіктің иммунотерапиясында қазіргі кездегі әдістерімен танысу.
  4. Ісіктің иммунотерапиясында қазіргі кездегі әдістерімен танысу.
  5. Жаңа түсінік енгізу: ісіктік антиген, қатерлі трансформация, канцерогенді әсер, онковирус, онкомаркер
  6. Эссе түрінде мәселе туралы өзінің пікірін жазбаша мазмұндау дағдысын қалыптастыру.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қатерлі ісіктердің этиологиясына қазіргі кездегі көзқарас, онкогендер, ісік супрессиялаушы гендер.

2. Ісік жасушаларының антигендік құрылымы: антигендік күрделену мен қарапайымдалу.

3. Ісікке қарсы иммунитетте В-жүйесінің қызметі.

4. Ісікке қарсы иммунитеттің жасушалық механизмдері. Т-жасушаларының, макрофагтардың, натуралды киллерлердің және К-жасушаларының ісікке қарсы иммунитетте қызметі, олардың жұмысының механизмдері.

5. Ісікке қарсы иммунитетте лимфокиндердің және монокиндердің қызметі (ИЛ-1, ИЛ-2, ИЛ-12, IFN-α, IFN- γ, IFN-α және β).

6. Ісіктің иммунотерапиясында қазіргі кездегі әдістері.

 

Сабақ хронометражы:

Сабақ кезеңдері Уақыты
1. Тәжірибелік сабақ Кіріспе бөлім. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын атап өту. 5 мин.
2. · Бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу) · «Канцерогенез туралы қазіргі көзқарас» тақырыбына қысқа эссе жазу · Қорытындылау 45 мин.
  · Үзіліс 10 мин.
3.
  • Ашық пікірталас әдісімен сабақ тақырыбын талқылау
50 мин.
 
  • Үзіліс
10 мин
4. · Ашық пікірталас әдісімен сабақ тақырыбын талқылау · Ауызша сұрау 50 мин.

 

5. Оқу және оқыту әдістері:

- Бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу);

-Эссе жазу

- Ашық пікірталас;

- Ауызша сұрау

Ашық пікірталас:

Оқытушы келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады:

  1. Канцерогенездің вирусты-генетикалық теориясы
  2. Ісіктердің антигендік күрделенуі және қысқару
  3. Ісікке қарсы иммунитетте гумаральды факторлардың рөлі
  4. Ісікке қарсы иммунитетте иммундық қорғаныстың жасушалық механизмдерінің рөлі
  5. Ісікке қарсы иммунитетте цитокиндердің рөлі
  6. Ісіктердің иммунодиагностикасында және иммунотерапиясында қазіргі кездегі әдістері.

Студенттер берілген мәселелер бойынша жеке пікірлерін жеке айтады және жұптарға бөлінеді, әр жұп берілген сұрақ бойынша бастапқы жалпы пікір қалыптастырады. Қажет болған жағдайда оқытушы бағыттаушы сұрақтар қойып пікірталас үрдісін бақылайды. Пікір талас соңында оқытушы қорытынды жасайды.

Талқыланған материал бойынша ауызша сұрау жүргізіледі.

 

6. Әдебиет:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. Жалпы иммунология, Алматы, 2009.

2. Кожанова С.В., Шортанбаев А.А., Калиакбарова Г.Т. Ісікке иммунитет, Алматы, 2000, с. 4-36.

3. Ройт А. және т.б. Иммунология, М., Мир, 2007, с.383-397, 401-419.

  1. С.А. Кетлинский, А.С. Симбирцев «Цитокины», С-Петербург, 2008, с.534-548.

5. Хаитов Р.М. Иммунология, Москва, 2000, с. 219-227.

7. Бақылау:

1. Тесттік бақылау –тақырып бойынша 20 вариант (әр қайсысында 4 тапсырмадан)

2. Ауызша сұрау.

 

№7 сабақ

1. Тақырыбы: HLA жүйесі, құрылысы, локустардың қызметі. Трансплантациялық иммунитеттің негіздері.

2. Мақсаты: HLA-кешені және транплантациялық иммунитеттің негіздері туралы білім қалыптастыру.

 

3. Оқу мақсаттары:

  • Студенттерді HLA-кешенінің құрылысымен және оның негізгі қызметтерімен таныстыру. HLA-антигенін типтеудің негізгі әдістерімен таныстыру.
  • Трансплантаттың себептері мен механизмдерін және ТИҚС дамуы туралы түсінік беру.
  • Трансплантологиядағы құқықтық регламенттер туралы білім қалыптастыру.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гистосәйкестіктің негізгі кешені (HLA жүйесі). Гистосәйкестіктің гендері мен антигендері, олардың иммунды жауаптағы қызметі. Трансплантациялық антигендер.
  2. Популяциядағы HLA-жүйесінің гендерінің таралуы және полиморфизмі.

3. Патологияның нақты түрлеріне бейімділіктің HLA антигендерімен байланысы.

4. Трансплантаттардың түрлері

5. Трансплантатты қабылдамаушылық механизмдері

6. Гистосәйкестік антигендерін типтеу әдістері, қою принциптері.

  1. Трансплантация үшін донор мен реципиентті іріктеу. Клиникадағы трансплантация

8. Трансплантациядан кейінгі иммунодепрессивті терапияны иммунологиялық мониторингтің рөлі.

  1. «Трансплантат иесіне қарсы серпілістер», оны алдын алу.

Сабақ хронометражы:

Сабақ кезеңдері Уақыты
1. Тәжірибелік сабақ Кіріспе бөлім. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын атап өту. 3 мин.
2. · Бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу) · Ашық пікірталас әдісімен сабақ тақырыбын талқылау 45 мин.
  · Үзіліс 10 мин.
3.
  • Ашық пікірталас әдісімен сабақ тақырыбын талқылау
Бұйрықты талқылау “Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алудың, консервациялаудың, адамнан адамға және жануарлардан адамға транспланттауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы”(бұйрық №623 от 19.09.2009г)
  • Ауызша сұрау
50 мин.
 
  • Үзіліс
10 мин
4. · «Бағаналы жасушалар трансплантациясы» фильмін көру 50 мин.

 

 

5. Оқу және оқыту әдістері:

- Бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу);

- Ашық пікірталас;

- ВВС өндірген «Бағаналы жасушалар трансплантациясы» фильмін көру

 

Ашық пікірталас:

Оқытушы келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады:

1. Патологияның нақты түрлеріне бейімділіктің HLA антигендерімен байланысы.

2. Трансплантатты қабылдамаушылық механизмдері

3.Трансплантация үшін донор мен реципиентті іріктеу. Клиникадағы трансплантация

4. Трансплантациядан кейінгі иммунодепрессивті терапияны? Иммунодепрессантарды қолданудың негізгі принциптері

5. Трансплантациядан кейінгі иммунодепрессивті терапияны иммунологиялық мониторингтің рөлі.

6.«Трансплантат иесіне қарсы серпілістер», оны алдын алу.

Студенттер берілген мәселелер бойынша жеке пікірлерін жеке айтады және жұптарға бөлінеді, әр жұп берілген сұрақ бойынша бастапқы жалпы пікір қалыптастырады. Қажет болған жағдайда оқытушы бағыттаушы сұрақтар қойып пікірталас үрдісін бақылайды. Пікір талас соңында оқытушы қорытынды жасайды.

Талқыланған материал бойынша ауызша сұрау жүргізіледі.

 

 

6. Әдебиет:

1.Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. Жалпы иммунология, Алматы, 2009.

2.Балпанова Г.Т. Трансплантациялық иммунитеттің негіздері. HLA жүйесі, Алматы, 2003, с. 6-14, с.22-27, 44- 53.

3.Ройт А. және т.б. Иммунология, М., Мир, 2007, 383-397, 401-419 бетт.

4.С.А. Кетлинский, А.С. Симбирцев «Цитокины», С-Петербург, 2008, с.534-548.

5.Хаитов Р.М. Иммунология, Москва, 2000, с. 219-227.

7. Бақылау:

1. Тесттік бақылау –тақырып бойынша 20 вариант (әр қайсысында 4 тапсырмадан)

2. Ауызша сұрау.

 


№8 сабақ

1. Тақырып: «Жоғары сезімталдықтың механизмдері»

 

2. Мақсаты: Студенттерді Кумбс пен Джеллдің жіктемесі бойынша жоғары сезімталдықтың механизмдерінің негізгі типтерімен таныстыру. Ашық пікірталас және дәрігер және пациенттің эффективті қарым-қатынасы үшін коммуникативті дағдыларды дамыту.

3. Оқу міндеттері:

· Кумбс пен Джелл бойынша жоғары сезімталдықтың механизмдерінің жіктемесін қарастыру.

· Атопиялық және анафилаксиялық серпілістерінің механизмдерін оқу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

· Осы аурулардың клиникалық мысалдары мен лабораторлы диагностика әдістерін қарастыру.

· Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпілістердің патогенезін білу. Жоғары сезімталдықтың сәйкес түріне клиникалық мысалдармен таныстыру.

· Иммунды кешенді аурулардың және жоғары сезімталдықтың баяу түрінің патогенезін оқу. Жоғары сезімталдықтың түрлеріне сәйкес клиникалық мысалдары мен лабораторлы диагностиканы қарастыру.

· Жаңа түсінік енгізу: дәрілік цитопения, сарысулық ауру, жанаспалы-аллергиялық дерматит, БЖС

· Дәрігер мен пациенттің эффективті қарым-қатынасы және топтық пікірталас жүргізу үшін қажет коммуникативті дағды қалыптастыру.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Кумбс пен Джелл бойынша жоғары сезімталдықтың жіктелуі.

2. Атопиялық аурулар, атопиялық аурулардың патогенезінде Тх2 және IgЕ қызметі.

3. Атопиялық аллергияның клиникалық мысалдары. Атопиялық аллергияға тұқым қуалаушылыққа бейімділігі.

4. Анафилаксия. Анафилактикалық шоктың патогенезі, оны алдын алу.

5. Атопия мен анафилаксияның ұқсастығы мен айырмашылығы.

6. Атопияның лабораторлы диагностикасы.

7. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпілістердің патогенезі, комплемент жүйесінің және антиденелердің рөлі

8. Жоғары сезімталдықтың II түрінің клиникалық мысалы.

9. Иммунды кешен аурулары. Олардың пайда болуына әсер ететін шарттар. (ұсақдисперстік, ұзақ персистенция, қанайналымның төмен жылдамдығы, фагоцитоз ақаулары).

10. ИКА клиникалық мысалдары. (васкулиттер, гломерулонефриттер, сарысулық ауру).

11. Жоғары сезімталдықтың баяу түрі (IV түр). Жасушалық факторлар рөлі.

12. Қабыну дамуындағы макрофагтардың қатысуы және Тбжс (IFN-γ, TNF-ά и β, MAF, МТФ, хемоаттрактанттар, фибробласттардың ынталандыру факторлары и др.). БЖС клиникалық мысалдары.

Сабақ хронометражы:

Сабақ кезеңдері Уақыты
1. Тәжірибелік сабақ Кіріспе бөлім. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын атап өту. 4 мин.
2. · Бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу) · Ашық пікірталас әдісімен сабақ тақырыбын талқылау 45 мин.
  · Үзіліс 10 мин.
3.
  • Ашық пікірталас әдісімен сабақ тақырыбын талқылау
  • Ауызша сұрау
50 мин.
 
  • Үзіліс
10 мин
4. · «Дәрігер»- «Пациент» рөлдік ойын ретінде жоғары сезімталдықтың әр түріне клиникалық жағдайды құрастыру 50 мин.

5. Оқу және оқыту әдістері:

- Бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу);

- Ашық пікірталас;

- кіші топтарда жұмыс (рөлдік ойындар).

Ашық пікірталас:

Оқытушы келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады:

1. «Иммунитет» және «Жоғары сезімталдықтың» түсініктерінің айырмашылығы

2. Жоғары сезімталдықтың 4 механизіміндегі иммундық кезеңдері

3. Жоғары сезімталдықтың әр түрлі механизмдерінің кезеңдеріінің патохимиялық және патофизиологиялық мағынасы

4. Жоғары сезімталдықтың әр механизімін және «кінәлі» аллергенге сенсибилизациясын қандай иммунологиялық әдістер арқылы анықтауға болады?

5. «Жалпы» және «арнайы» антиденелер түсініктерінің айырмашылығы?

Студенттер берілген мәселелер бойынша жеке пікірлерін жеке айтады және жұптарға бөлінеді, әр жұп берілген сұрақ бойынша бастапқы жалпы пікір қалыптастырады. Қажет болған жағдайда оқытушы бағыттаушы сұрақтар қойып пікірталас үрдісін бақылайды. Пікір талас соңында оқытушы қорытынды жасайды.

Талқыланған материал бойынша ауызша сұрау жүргізіледі.

«Дәрігер»- «пациент» рөлдік ойыны:

Студенттер жұптарға бөлінеді, әр жұпта бір – «дәрігер», анамнезінде иммундық жеткіліксіздік синдромдарының біреуі бар, өмір сүру салтында бірнеше қауіп факторлары бар (темекі шегу, алкоголь қабылдау, салмағының аздығы, гиподинамия және т.б.) – «пациент», Әр жұп анамнезінде клиникалық симптомдары, жалпы клиникалық және иммунологиялық лабораториялық көрсеткіштерінде жоғары сезімталдықтың механизмдеріне сәйкес өзгерістері бар клиникалық жағдай ойластырады.

Студенттер 4 топқа бөлінеді «дәрігер», әр топ берілген ақпарат негізінде болжама диагноз қояды және иммунологиялық зерттеу жоспарын құрады.

Жұмысқа қатыспайтын студенттер «дәрігер» - «пациент» жұптары «диагноз қоюда» көмектеседі.

Ойын соңында оқытушы әр топтың жұмысын бағалайды және « Дәрігер» мен «пациент» қателіктерін түсіндіреді.

6. Әдебиет:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. Жалпы иммунология, Алматы, 2009.

2. Кожанова С.В., Шортанбаев А.А. Жоғары сезімталдықтың механизмдері, Алматы, 2002, 3-29 бетт.

3. Ройт А. және т.б.. Иммунология, М., Мир, 2007, 423-446, 449-490 бетт.

4. С.А. Кетлинский, А.С. Симбирцев «Цитокины», С-Петербург, 2008, 477-493, 497-526 бетт.

5. Хаитов Р.М. Иммунология, Москва, 2000, 308-315, 332-349,354-362 бетт.

6. Г.Б. Федосеев «Аллергология», Санкт-Петербург, 2007

 

 

7. Бақылау:

1. Тесттік бақылау –тақырып бойынша 20 вариант (әр қайсысында 4 тапсырмадан)

2. Ауызша сұрау.

 

№9 сабақ

1. Тақырып: «Клиникадағы адамның иммундық жағдайын зертханалық әдістермен бағалау»

 

2. Мақсаты: Иммуноанализдің негізгі әдістері туралы білім қалыптастыру және тәжірибелік дағды қалыптастыру, оны қолдану.

3. Оқу міндеттері:

· Иммуноанализдің негізгі әдістерін қарастыру, иммундық жүйенің сандық және сапалық бағалау қағидалары.

· Қан жасушаларының сандық құрамын бағалау тәжірибелік дағдаысын қалыптасытру.

· ИФА реакциясын жүргізу кезеңдері мен негізгі қағидаларын меңгеру.

· Жаңа түсініктемелер енгізу: лейкоциттердің абсолютті құрамы, лимфоциттердің қатынасты саны, лимфоциттердің бластты трансформация реакциясы (РБТЛ), лейкоциттердің (нейтрофилдердің) миграциясының тежелу реакциясы (РТМЛ), радиоиммунды анализ, РАСТ.

· Ашық пікірталас және дәрігер және пациенттің эффективті қарым-қатынасы үшін коммуникативті дағдыларды дамыту

· Диагностиканың зертханалық әдістерінің дәрігермен эффективті қолданылуы үшін қажет тәжірибелік дағдаыны қалыптастыру.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ИФА және радиоиммуннды анализ әдістерінң қағдалары.

2. ИФА реакциясын иммунологиялық зерттеу планшеттерінде жүргізу (тікелей қаттыфазалы әдіс). кезеңдері.

3. ИФА реакциясын сарысулық иммуноглобулин концентрациясын анықтауды жүргізу (тест-жүйелер сипаттамасы, қолданылатын жабдықтар ммен реактивтер, тесті өткізу шарттары, калибровка, нәтижелердәі өлшеу және олардың талдау) кезеңдері.

4. Жұқпалы ауруларды диагностикалау және бақылаудағы ИФА-ны қолдану.

Сабақ хронометражы:

Сабақ кезеңдері Уақыты
1. Тәжірибелік сабақ Кіріспе бөлім. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын атап өту. 5 мин.
2. · Бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу) · Ашық пікірталас әдісімен сабақ тақырыбын талқылау · Қорытындылау 45 мин.
  · Үзіліс 10 мин.
3.
  • Ашық пікірталас әдісімен сабақ тақырыбын талқылау
  • Ауызша сұрау
50 мин.
 
  • Үзіліс
10 мин
4. · «Дәрігер»- «Пациент» рөлдік ойын ретінде клиникалық ақпараттар бойынша және иммунограмманы талдау нәтижесі бойынша клиникалық жағдайды құрастыру 50 мин.

5. Оқу және оқыту әдістері:

- Бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу);

- Ашық пікірталас;

- кіші топтарда жұмыс (рөлдік ойындар).

Ашық пікірталас:

Оқытушы келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады:

1.В- және Т- лимфоциттердің популяциялары мен субпопуляцияларын анықтаудың зертханалық тестері және қолданылатын негізгі әдістері.

2. Лимфоциттердің дифференцировкасындағы СD-антигендер маркер ретінде.

3. Иммунитеттің жасушалық деңгейін бағалайтын тестер: Шеткі қандағы В - және Т- лимфоциттердің популяциялары мен субпопуляцияларын анықтаудың зертханалық тестері, және белгілі бір цитокиндерге рецепторлардың болуы. (СD2, CD3, CD4, CD8, CD30, CD16, CD56, CD25, CD95 и другие) с помощью МКАТ.

4. Иммунокомпетентті жасушалардың қызметтік белсенділігін бағалау тестері: митогендер мен антигендергеТ- и В-лимфоциттердің ЛБТС, ЛМТС.

5. Арнай зерттеулерде қолданылатын иммунологиялық тестер.

· Жұқпалы, аутоиммунды, аллергиялық, онкологиялық аурулардың иммунокорригирлеуші емін бақылау тестері.

· Тесты, применяемые в трансплантологии: определение антигенов HLA, иммунологический мониторинг проведения иммуносупрессивной терапии.

· Цитокиндік және антицитокиндік терапияны бақылау тестері.

6. ИФА көмегіммен иммунитеттің гуморальды звеносынының көрсеткіштерімін бағалауға болады.

7. ИФА көмегіммен иммунитеттің жасушалық звеносынының көрсеткіштерімін бағалауға болады.

8. ИФА-ның бәсекелестік әдісі немен анықталады. ИФА-ның бәсекелестік емес (тікелей) әдісі немен анықталады. –«тікелей сэндвич» әдісі.

9. Антигенді анықтаудағы калибрлік кестені қалай құрады (осьтар бойынша не қаланады).

10. ИФА нәтижесін сандық және сапалық бағалау әдңстерінің айырмашылығы. Инфекцияның сапалық диагностикасы қалай жүргізіледі.

 

Студенттер берілген мәселелер бойынша жеке пікірлерін жеке айтады және жұптарға бөлінеді, әр жұп берілген сұрақ бойынша бастапқы жалпы пікір қалыптастырады. Қажет болған жағдайда оқытушы бағыттаушы сұрақтар қойып пікірталас үрдісін бақылайды. Пікір талас соңында оқытушы қорытынды жасайды.

Талқыланған материал бойынша ауызша сұрау жүргізіледі.

«Дәрігер»- «пациент» рөлдік ойыны:

Студенттер 4 топқа бөлінеді «пациент», әр топ клиникалық симптомдарын, ауру анамнезін, иммунды жүйенің бір сатысының ақауы сипатталаған зертханалық көрсеткіштерін сиппатай отырып клиникалық жағдай құрастырады.

Келесіде студенттер кері ретпен 4 топқа « Дәрігер» бөлінеді. берілген ақпарат негізінде болжама диагноз қояды және иммунологиялық зерттеу жоспарын құрады. Берілген ақпаратқа сәйкес болжама диагноз қойып иммунологиялық зерттеу жоспарын құрастырады.

«Дәрігер» - «пациент» жұптары әр топқа «диагноз қоюда» көмектеседі.

Ойын соңында оқытушы әр топтың жұмысын бағалайды және « Дәрігер» мен «пациент» қателіктерін түсіндіреді.

6. Әдебиет:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. Общая иммунология, Алматы, 2008, стр. 387-423

2. Мухамбетова С.Г., Каракушикова А.С., Кожанова С.В., Садвакасова Г.С. Современные методы оценки иммунного статуса, Алматы, 2005, стр. 17-19, 44-51.

3. Лебедев К.А., Понякина И.Д. Иммунная недостаточность, Москва, 2003, стр. 32-50, 133-140

4. Тарабаева А.С. Диагностика и лечение иммунопатологических состояний, Алматы, 2002, стр. 9-20

7. Бақылау:

1. Тесттік бақылау –тақырып бойынша 20 вариант (әр қайсысында 4 тапсырмадан)

2. Ауызша сұрау.

 

№10 сабақ

1. Тақырып: «Вакциналар және вакцинопрофилактика. Иммунокоррекцияның негізгі қағидалары»

 

2. Мақсаты: Студенттерді в акциналардың негізгі түрлері мен егу қағидалары және жаңа вакциналар табу, жеке жұқпалардың иммунопрофилактикасы және егуден кейін асқынулардың алдын алуға үйрету. Иммунокоррекцияның қазіргі бағыттарымен таныстыру. Иммунотропты препараттарыдың жіктелуі, ісер ету механизмі және жанама әсерін қарастыру.

3. Оқу міндеттері:

· Жұқпалы аурулармен күресудің негізгі факторы ретінде арнайы иммунопрофилактиканың негізгі қағидалары туралы білімді қалыптасыру;

· Егудің иммунологиялық негіздерімен, қазіргі кездегі қолданылатын вакциналардың негізгі құрамы бойынша, мүмкін болатын егуден кейінгі асқынулар және олардың алдын алумен таныстыру;

· Иммунокоррекцияның қазіргі бағыттарымен таныстыру;

· Иммунотропты препараттарыдың негізгі түрлерімен жіне әсер ету механизмімен таныстыру;

· Иммунотапшылықтың айқындылығына қарай иммнокоррекциялық емнің тактикасын және иммунокоррекцияның көрсеткіштерін оқыту;

· Дәрігер мен пайһциенттің ээфективті қарым-қатынасы және ашық топтық пікірталас жүргізу үшін қажет коммуникативті дағдыны қалыптасытру.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Белсенді және белсенсіз иммунизация

2.Вакциналардың негізгі типтері:

а) Вакцина ретінде өлтірілген микроорганизмдер;

б) Тірі аттенуирленген вакциналар;

в) Поливаленттті вакциналар;

г) Суббірлікті және капсулы вакциналар;

д) Рекомбинантты вакциналар;

е) Антиидиотиптік вакциналар;

ж) Тағамдық вакциналар.

3.Егуден кейінгі асқынулар және олардың алдын алу.

4.Иммунокоррекциялық емнің негізгі қағидалары

- иммуностимулдеуші терапия;

- иммунодепрессивті терапия;

- иммунды инженерия.

5. Иммунотапшылықтың айқындылығына қарай иммнокоррекциялық ем

6. Медицинаның әр саласындағы иммунокоррекция.

Сабақ хронометражы:

Сабақ кезеңдері Уақыты
1. Тәжірибелік сабақ Кіріспе бөлім. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын атап өту. 6 мин.
2. · Бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу) · «Сабақ – конференция»әдісімен сабақ тақырыбын талқылау 45 мин.
  · Үзіліс 10 мин.
3.
  • «Сабақ – конференция»әдісімен сабақ тақырыбын талқылауды жалғастыру. Қорытындылау (баяндау, сұрақтар, қорытынды, ең жақсы баяндамын таңдау).
50 мин.
 
  • Үзіліс
10 мин
4. · Ашық пікірталас әдісімен сабақ тақырыбын талқылау · Ауызша сұрау 50 мин.

5. Оқу және оқыту әдістері:

- Бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу);

- Сабақ – конференция;

- Ашық пікірталас.

Сабақ – конференция

Алдын ала үй жұмысы ретінде әр студентке баяндауға тақырып беріледі (5-7 минут), ақпарат оқулықтан ғана емес, ғылыми мақалардан, монографиялардын болу керек. Сабақ ғылыми конференция түрінде өтеді: баяндау, сұрақтар, қорытынды, ең жақсы баяндамын таңдау.

Конференция соңында оқытушы әр студенттің жұмысын бағалап, қателерін түсіндіреді.

 

Баяндама тақырыптары:

1. Вакциналардың эффективтілігін иммунологиялық бағалау (критерилері)

2. Вакциналардың қауіпсіздігін бақылау: болжамы нашар вакциналардың санау жүйесі.

3. Егу үрдісінің иммунология

4. Егуден кейінгі асқынулар

5. Жеке жұқпалапрдың иммунопрофилактика:

· БЦЖ

· ОПВ

· ВГВ

· Қызамық, өызылша және паротитті вакциналар

· АКДС-вакцина

6. ДНК-вакциналар

7. Рекомбинантты вакциналар

8. Дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар

9. Терапевтік вакциналар

10. Классикалық және қазіргі адъювантты вакциналар

11. Адъювант рөліндегі цитокиндер

Ашық пікірталас:

Оқытушы келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады:

1. Иммунокоррекцияның негізгі бағыттары:

а) Иммундық жауапты стимуляциялау мақсатында иммундық жүйеге әсер ету.

· Иммундық жүйенің гормондары және медиаторларымен коррекциялау

· Фармакологиялық иммунокоррекция

б) Иммунды инженерия.

· Иммунореставрация мақсатымен

· Иммундық жүйенің компоненттерін организмнен бөлу мақсатында

в) Иммунды жүйеге иммунитетті басу үшін қолдану.

2. Иммунотапшылықтың айқындылығына қарай иммнокоррекциялық емі.

3. Медицинаның әр саласындағы иммунокоррекция.

· Трансплантологиядағы иммунокоррекция;

· в ревматологиялық тәжірибедегі иммунокоррекция;

· дәрігер-пульмонолог тәжірибесіндегі иммунокоррекция.

 

Студенттер берілген мәселелер бойынша жеке пікірлерін жеке айтады және жұптарға бөлінеді, әр жұп берілген сұрақ бойынша бастапқы жалпы пікір қалыптастырады. Қажет болған жағдайда оқытушы бағыттаушы сұрақтар қойып пікірталас үрдісін бақылайды. Пікір талас соңында оқытушы қорытынды жасайды.

Талқыланған материал бойынша ауызша сұрау жүргізіледі.

6. Әдебиет:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. Общая иммунология, Алматы, 2008, стр. 370-387

2. Кожанова С.В., Шортанбаев А.А. Вакцины и вакцинопрофилактика, Алматы, 2002, с.21

3. Ройт А. и др. Иммунология, М., Мир, 2007, стр. 325-343

4. Хаитов Р.М. Иммунология, Москва, 2000, стр. 365-367

5. Н.В. Медуницын «Вакцинология», Москва, 2004, стр.157-183.

6. Гордон Ада, Алистер Рамсей «Вакцины, вакцинация и иммунный ответ», Москва, 2002, стр.190-238.

7. Тарабаева А.С. Иммунокорригирующая терапия, Алматы, 2005, С.52

7. Бақылау:

1. Тесттік бақылау –тақырып бойынша 20 вариант (әр қайсысында 4 тапсырмадан)

2. Ауызша сұрау.

 

 

 


Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 1641 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.042 сек.)