Глоссарий. Иммунная система -сложная защитная система организма, представляющая собой совокупность компонентов врожденной иммунной системы
Иммунная система -сложная защитная система организма, представляющая собой совокупность компонентов врожденной иммунной системы, осуществляющей неспецифическую защиту против внедряющихся в организм патогенов, а также компонентов адаптивной иммунной системы, осуществляющей специфическую защиту и представленную совокупностью специализированных лимфоидных органов и тканей, которые осуществляют контроль за антигенным постоянством внутренней среды организма и объединены путями миграции и рециркуляции лимфоцитов.
Иммундық жүйе – морфофункционалдық жүйенің бүтіндігі болып табылатын, ағзаның ішкі ортасындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын, миграция және рециркуляция жолдарымен байланысатын арнайы лимфоидтық мушелер мен тіндердің өзара жиынтығы.
The immune system is a complicated defense system, which is a combination of components of the innate immune system by the non-specific defense against pathogens being introduced into the body, as well as components of the adaptive immune system by the specific protection and representation of a collection of specialized lymphoid organs and tissues, which monitor antigen persistence internal environment and combined migration routes and recirculation of lymphocytes.
Органы адаптивной иммунной системы -у человека представлены центральными (первичными) и периферическими (вторичными) органами иммунитета. В центральных органах (тимус и костный мозг) происходит образование Т- и В-лимфоцитов из лимфоидных клеток-предшественников. В периферических (вторичных) органах (все лимфоидные образования организма) осуществляется контакт лимфоцитов с антигенами и развивается адаптивный иммунный ответ.
Bodies of the adaptive immune system - the person represented by the central (primary) and peripheral (secondary) body immunity. In the central organs (thymus and bone marrow) the formation of T-and B-lymphocytes from lymphoid progenitor cells. In peripheral (secondary) bodies (all lymphoid formations of the body) is the contact of lymphocytes to antigens and develops an adaptive immune response.
Адаптивті иммунды жүйенің мүшелері – адамдарда иммунитеттің орталық (біріншілік) және шеткері (екіншілік) мүшелері ретінде көрсетілген. Орталық мүшелерде (тимус және сүйек кемігі) лимфоидты ізашар жасушалардан Т- және В-лимфоциттердің түзілуі жүреді. Шеткері (екіншілік) мүшелерде (ағзаның барлық лимфоидтық түзілістері) лимфоциттердің антигендермен кездесуі және адаптивті иммунды жауаптың дамуы жүзеге асады.
Иммунный ответ -комплексная иммунологическая реакция, осуществляемая системами врожденного и адаптивного иммунитета при их тесном взаимодействии и направленная на распознавание, связывание, инактивацию, разрушение и выведение антигена из организма.
Иммунды жауап – бір-бірімен тығыз байланыстағы туа біткен және адаптивті иммунитет жүйесімен жүзеге асатын және тану, байланыстыру, инактивация, жойылу, ағзадан антигенді шығаруға бағытталған кешенді иммунологиялық серпіліс.
Immune response - a complex immunological reaction, carried out the innate and adaptive immunity in their close cooperation and aimed at recognizing, binding, inactivation, destruction and removal of the antigen from the body.
№ 2 дәріс
1. Дәріс тақырыбы: «Гуморалды иммунитет жүйесі. В-лимфоциттердің дифференциялануы. Иммуноглобулин G-дің құрылысы»
2. Мақсаты: Студенттерді иммунитетің В-жүйесінің негізгі қызметтерімен таныстыру, иммуноглобулин G-дің құрылысын және қызметтерін қарастыру.
3. 3. Дәріс тезисі
1. В-жүйесінің негізгі қызметтері.
2. Иммуноглобулин G химиялық құрылысы.
3. Иммуноглобулиндердің Fab және Fc-фрагменттерінің қызметтері
Гуморалды иммунитет жүйесі– антигендерге қарсы антидене түзу қызметін атқаратын арнайы жүйе болып табылады. Оның функционалды белсенділігі иммунитетің Т-жүйесі және антигентаныстырушы жасушалармен тығыз қарым-қатынасына байланысты болады.
Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі жасушалары антидененің түзілуіне жауапты В-лимфоциттер болып табылады. Антидененің гуморалды иммундық жауапқа қатысуы еритін және корпускулалы антигендермен иммундық кешеннің түзілуіне байланысты. Иммундық кешеннің құрамындағы антигендер оқшаулауға және/немесе жойылуға ұшырайды.
Антидененің негізгі қызметі антигенді арнайы байланыстыру. Антиген мен антидененің арнайы бай ланысуы олардың арасындағы кеңістіктік сәйкесікке, немесе комплементарлыққа негізделген.
IgGмолекуласында4 полипептидтік тізбектер бар: 2 ауыр және 2 жеңіл. Антигенмен тікелей байланысатын V-доменінің гипервариабелдік аймағының аминқышқылдары. Белсенді орталығының қуысы ауыр және жеңіл тізбектерінің вариабелдік аймақтарында орналасқан және белгілі гаптендік тобына сай келеді. Ауыр тізбектерінің тұрақты домендерінен тұратын (2 СН2, және 2СН3) фрагменті Fc-фрагмент деп аталады.
Fab және Fc-фрагменттерінің негізгі қызметтері
Fab-фрагментінің негізгі қызметі – антигенмен байланысу, себебі оның құрамына ауыр және жеңіл тізбектерінің VH және VL-домендеріннен құрастырылған иммуноглобулин молекуласының белсенді антиген байланыстырушы орталық кіреді.
Fс-фрагментінің қызметтері:
1. Иммуноглобулиннің барлық кластары Fс-фрагментінің құрылысы бойынша ажыратылады. Осындай айырмашылықтар Fc-фрагментінің құрамына кіретін СН-доменінің санына да аминқышқылдарының құрамына да әсер етеді (қосымша домендер болуы мүмкін, мысалы, IgM және IgE-де СН4 домен). Соған байланысты Fc-фрагменттерінің құрылысында иммуноглобулин кластары қызметі бойынша ажыратылады.
2. Fс-фрагментінің көмегімен иммуноглобулин молекулаларының полимеризациясы жүреді. Мысалы, секреторлы IgA димерді және тримерді құрайды, сарысулық IgМ пентамер болып табылады (5 сурет).
3. IgМ, IgG1 және IgG3 Fc-фрагменттерінде антигенмен байланысқан кезде құрылымдық өзгерістер болады, нәтижесінде СН2-доменінің аймағында комплемент жүйесінің бірініші компонентін байланыстыратын белсенді орталық пайда болады. Сондықан имунологбулиннің бұл кластары комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуін шақырады.
4. Fс-фрагментінің көмегімен иммуноглобулин молекулалары В-лимфоциттердің плазмалық мембранасына тіркеледі және антигентанушы рецептор болып табылады.
5. Ағзаның көптеген жасушаларының бетінде иммуноглобулиннің әр кластарына арналған рецепторлар бар. Егер осы рецепторларға иммуноглобулиндер немесе құрамына осы иммуноглобулиндер кіретін иммундық кешендер бекітілсе, онда осы рецепторлар арқылы сәйкес жасушалардың қызметтері белсенуі немесе тежелуі мүмкін.
4. Иллюстрациялық материал: №2 мультимедиялық дәріс
5. Әдебиет
1.А.А. Шортанбаев, С.В. Кожанова «Жалпы иммунология», Алматы, 2008, 54-77 беттер
2.А. Ройт «Основы иммунологии». М., 2007, 59-86 беттер
3.T.Y Kindt, R.A. Goldsby, B.A. Osborne «Kuby Immunology», N.Y., 2007.
4.A.L. De Franco at all «Immunity», London, 2007.
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі қызметі.
2.Қай жерде В-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз және антигенге тәуелді диффренециялануы жүреді.
3.Адам иммуноглобулиндерінің кластарын және топшаларын атаңыздар.
4.Иммуноглобулин молекулалары қандай полипептидтік тізбек түрінен тұрады?
5.Иммуноглобулин молекулалары қандай фрагменттерден тұрады?
6.Негізгі сарысулық иммуноглобулинді атаңыздар.
Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 958 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
|