Жалпы иммунология
кафедрасының меңгерушісі, профессор А.А. Шортанбаев
Емтихан сұрақтары:
1. Иммунитеттің қазіргі кездегі түсініктемесі, иммунологияның міндеттері және әдістері.
2. Иммундық жүйенің құрылысы (мүшелік, жасушалық және молекулалық деңгейлер).
3. Лимфоциттердің шығу-тегі. Лимфоциттердің антигенге тәуелсіз және антигенге тәуелді дифференциялануы.
4. Иммунологиялық бақылау концепциясының негізгі ережелері.
5. Лимфоциттердің миграциясы және рециркуляциясы. В- және Т-лимфоциттердің негізгі қызметтері.
6. Иммундық жауап туралы түсінік, иммундық жауаптың түрлері.
7. Біріншілік және екіншілік иммундық жауаптың негізгі сипаттамалары.
8. Нормергиялық, гиперергиялық иммундық жауаптың, иммунологиялық ареактивтіліктің/төзімділіктің түсініктемелері.
9. Үшжасушалық кооперация үлгісі.
10. Иммундық жауаптағы Т-, В-лимфоциттердің және макрофагтардың рөлі.
11. Антигендер, анықтамасы, химиялық құрылыс ерекшеліктері.
12. Антигендердің бөгделік, антигендік, арнайылық түсініктемелері.
13. Антигенді арнайылық түрлері.
14. Антигендердің антигендік детерминанттардың және тасымалдаушылардың түсініктемелері.
15. Иммунопатологияда рөл атқаратын антигендердің түрлері:
а) біріншілік және екіншілік аутоантигендер;
б) кешендік антигендер. Кешендік антигендердің дамуындағы дәрілік антигендердің рөлі (дәрілік препараттар).
в) айқаса әрекеттесетін антигендер.
16. Тимустәуелсіз және тимустәуелді антигендер.
17. Гуморалды иммунитет жүйесі және олардың иммунологиялық серпілістегі рөлі.
18. В-лимфоциттердің шығу тегі және дифференциялануының негізгі кезеңдері.
19. Дифференциялану үрдісі кезіндегі В-лимфоциттердің иммундық жауапқа қабілеттілігі.
20. Иммуноглобулиндердің негізгі кластарының құрылыс ерекшеліктері мен қызметтері.
21. Иммуноглобулиндердің Fab және Fc-фрагменттерінің қызметтері.
22. В-лимфоциттердің рецепторлары және маркерлері.
23. Комплемент жүйесі, оның құрылысы мен иммунологиялық серпілістегі рөлі.
24. Комплмент жүйесінің активтенуінің клиссикалық және альтернативтік жолдары, олардың айырмашылық ерекшеліктері.
25. Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативтік жолдарының активтенуіне әсер ететін факторлар.
26. Комплемент жүйесінің фрагменттерінің биологиялық рөлі. Комплементтің ингибиторлары.
27. Ағзаның қорғау серпілісіндегі және иммунопатологиялық үрдісіндегі комлеплементтің рөлі.
28. Антигентаныстырушы жасушалардың негізгі түрлері.
29. Мононуклеарлық фагоциттер жүйесі.
30. Макрофагтың негізгі қызметтері (фагоцитоз, синтетикалық қызметі, арнайы иммундық жауапқа қатысуы).
31. Макрофагтардың иммундық жауаптағы рөлі.
32. Макрофагтар және дендриттік жасушалармен антигендерді өңдеу және таныстыру ерекшеліктері.
33. Т-жасушалық иммунитеттің негізгі қызметтері
34. Т-лимфоциттердің рецепторлары мен маркерлері. СD-антигендер.
35. Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз жіктелуі. Тимуста оң және теріс сұрыпталу үрдістері.
36. Т-хелперлердің антигентәуелді дифференцировкасы. Тх0-ден Тх1 және Тх2-нің түзілуіне әсер ететін факторлар.
37. Тх1 және Тх2-нің функционалды ерекшеліктері, олардың қалыпта және патологияда қызметі.
38. Иммунды жауапта супрессорлы жасушалар: Тх1, Тх2, Тк/с (СD8+30+), марофагтар және NK-жасушаларының қызметі.
39. Т-киллерлердің антигентәуелді дифференцировкасы, олардың цитотоксикалық әсерінің механизмдері.
40. Табиғи және жасанды төзімділік.
41. Табиғи төзімділіктің орталық және шеткері механизмдері.
42. Аутоиммунды аурулардың дамуында жетекші себеп ретінде төзімділіктің ақаулары.
43. Цитокиндердің негізгі топтары:
а) интерлейкиндер
б) интерферондар
в) ісікті некроздаушы факторлар
г) колониестимулдаушы факторлар
д) хемокиндер
44. Цитокинді тор түсінігі. Цитокиндерге арналған рецепторлардың құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.
45. Қан жасау үрдістерін цитокинді реттеу принциптері.
46. Қабыну серпілістерінің дамуында цитокиндердің қызметі.
47. Цитокиндерді клиникада қолдану. Цитокинді емдеу кезінде болатын асқынулар.
48. ИТЖ. Түсінік, БДҰ жіктемесі.
48. Біріншілік (туа пайда болған) ИТЖ, Р.В. Петров пен Ю.А. Лопухиннің патогенетикалық жіктемесі.
50. Біріншілік ИТЖ:
а) Т-жүйесінің басым зақымдалуымен;
б) В- жүйесінің басым зақымдалуымен;
в) Т- мен В-жүйелерінің комбинирленген зақымдалулары.
51. Фагоцитарлы және комплемент жүйелерінің дефектілерімен сипатталатын біріншілік ИТЖ.
52. Біріншілік ИТЖ клиникалық көріністері, диагностикасы, емдеу пинциптері.
53. Екіншілік немесе жүре пайда болған ИТЖ, түсінігі, жіктемесі
54. Екіншілік ИТЖ негізгі себептері.
55. АИВ-жұқпасының иммунопатогенезі.
56. АИВ-жұқпасының негізгі клиникалық көріністері.
57. АИВ-жұқпасының диагностикасы.
58. Пассивті және белсенді иммунизация түсінігі.
59. Вакциналардың негізгі типтері:
а.Вакцина ретінде өлтірілген микроағзалар;
б.Тірі аттенуирленген вакциналар;
в. Поливалентті вакциналар;
г.Суббірлікті және капсулды вакциналар;
д. Рекомбинантты вакциналар;
е. Антиидиотипикалық вакциналар;
ж. Тағамдық вакциналар.
60. Вакцинациядан кейінгі болатын асқынулар және оларды алдын алу
61. Трансплантаттардың түрлері. Қабылдамаушылық серпілістерінің біріншілік және екіншілік пайда болу ерекшеліктері.
62. Гистосәйкестіктің негізгі кешені (HLA жүйесі). Гистосәйкестіктің гендері мен антигендері. Трансплантациялық антигендер.
63. «Трансплантат иесіне қарсы серпілістер», оны алдын алу.
64. Гистосәйкестік антигендерін типтеу әдістері, қою принциптері.
65. Трансплантациялық иммунология аумағында П. Медавардың жұмысы.
66. Трансплантат түрлері. Тұрақтамаушылық серпілістерінің арнайылығы мен зердесі.
67. Трансплантаттың тұрақтамаушылығында жасушалық және гуморалды механизмдерінің қызметі.
68. Трансплантация кезінде иммунодепрессанттарды қолдану (тұрақтамаушылық серпілістерін басу және донордың антигендеріне төзімділікті тудыру қажеттілігі).
69. Гистосәйкестіктің негізгі кешені (HLA жүйесі). Гистосәйкестіктің гендері мен антигендері. HLA жүйесінің иммунды жауаптағы қызметі.
70. Гистосәйкестіктің антигендерін типтеу әдістері, қою принциптері.
71. HLA жүйесінің аурушылдықпен байланысы.
72. Қатерлі ісіктердің этиологиясына қазіргі кездегі көзқарас, онкогендер.
73. Ісік жасушаларының антигендік құрылымы: антигендік күрделену мен қарапайымдалу.
74. Ісікке қарсы иммунитетте В-жүйесінің қызметі.
75. Ісікке қарсы иммунитеттің жасушалық механизмдері. Т-жасушаларының, макрофагтардың, натуралды киллерлердің және К-жасушаларының ісікке қарсы иммунитетте қызметі, олардың жұмысының механизмдері.
76. Ісікке қарсы иммунитетте лимфокиндердің және монокиндердің қызметі (ИЛ-1, ИЛ-2, ИЛ-12, IFN-α, IFN- γ, IFN-α және β).
77. Ісіктің иммунотерапиясында қазіргі кездегі әдістері.
78. Кумбс пен Джелл бойынша жоғары сезімталдықтың жіктелуі.
79. Атопиялық аурулар, атопиялық аурулардың патогенезінде IgЕ қызметі.
80. Атопиялық аллергияның клиникалық мысалдары. Атопиялық аллергияға тұқым қуалаушылыққа бейімділігі.
81. Анафилаксия. Анафилактикалық шоктың патогенезі, оны алдын алу.
82. Анафилактикалық шокты емдеу принциптері.
83. Атопия мен анафилаксияның ұқсастығы мен айырмашылығы.
84. Атопияның лабораторлы диагностикасы.
85. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпілістердің патогенезі, антиденелердің және комплемент жүйесінің қызметі.
86. Жоғары сезімталдықтың II типінің клиникалық мысалдары: АВ0 жүйесі бойынша сәйкес емес қан құйғандағы эритроциттердің гемолизі; резус-қайшылық жүктілік кезіндегі нәрестенің гемолиздік сарғаюы, гемолиздік анемия. Дәрілік цитопениялар.
87. Иммунды кешендік аурулар (ИКА). Олардың пайда болуын анықтайтын жағдайлар (ұсақдисперстілігі, ұзақ персистенциясы, қан айналымның төмен жылдамдығы, фагоцитоздың дефектілері).
88. ИКА-дың клиникалық мысалдары (васкулиттер, гломерулонефриттер, сарысулық ауру).
89. Жоғары сезімталдықтың баяу түрі (IV тип). Жасушалық факторларының қызметі.
90. Қабынудың дамуында Тбас және макрофагтардың қызметі (миграцияны тежейтін фактор, хемоаттрактанттар, фибробласттарды ынталандырушы факторлар және т.б.). БАС клиникалық мысалдары.
91. Аутоиммунды аурулар түсінігінің анықтамасы.
92. Аутоиммунды аурудың барын анықтайтын критерийлер.
93. Аутоиммунды үрдістердің пайда болу механизмдері (біріншілік және екіншілік аутоантигендердің, айқаса-әрекеттесуші және кешендік антигендердің қызметі, тимустың және Т-супрессорлардың қызметі).
94. Аутоиммунды аурулардың дамуында тұқым қуалаушылық және қоршаған орта факторларының қызметі (иммунодепрессия, жұқпа, табиғи төзімділіктің орталық және шеткері механизмдерінің үзілуі).
95. Аутоиммунды аурулардың жіктелуі.
96. Ревматоидты артрит (РА):
- РА пайда болуында жұқпалы агенттердің, генетикалық бейімділіктің және гормоналды бұзылыстардың қызметі;
- РА-тің иммунопатогенезі;
- РА-тің лабораторлы диагностикасы.
97. Иммунды коррекциялаушы терапияның негізгі принциптері:
- иммунды стимулдаушы терапия;
- иммунодепрессивнті терапия;
- иммунды инженерия.
98. Иммунодефициттің ауырлығына байланысты иммунокоррекцияның тактикасы.
ЕМТИХАННЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР
I деңгейдегі тесттер
1. Иммундық жүйенің орталық мүшелеріне жатады
2. Антиденелер химиялық құрылысы бойынша
3. Келесі жасушалар мононуклеарлы фагоциттер жүйесіне жатады
4. Атопиялық серпілісті тудыратын негізгі «реагиндік» – антиденеге жатады
5. АКДС негізгі мақсаты болып табылады
6. Антиденелердің түзілуі келесі жасушалармен қамтамасыз етіледі
7. Иммуноглобулиндердің қай кластары комплементтің классикалық жолын белсендіреді
8. Дұрыс тұжырымды таңдау (антиденелер түзілісі бойынша)
9. Иммуноглобулин G-дің қанша топшасы бар
10. Қандай жасушалар қатерлі ісік жасушаларына цитотоксикалық әсер көрсетеді
11. Ig қай класы ісіктің өсуіне ықпал жасайды
12. БЖС патогенезінде басты рөл атқарады
13. Секреторлы иммуноглобулин А селективті тапшылығы келесі көріністерге әкеледі
14. Т-хелперлердің саны қандай әдіспен анықталады
15. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпілістің патогенезінде маңызды рөл атқарады
16. IgM молекуласының изомерлік түрі
17. Антигендер ағзаға қай жолмен түскенде анафилаксиялық шоктың даму мүмкіндігі айқын
18. Жоғары сезімталдықтың IV түрінің (БЖС) клиникалық көріністері болып табылады
19. Бас миының антигендері антигендердің келесі түрлерінің мысалы болып табылады
20. Антиденелердің түзілуі келесі жүйенің қызметі болып табылады
21. Иммунитеттің қай жүйесі вирустарға қарсы иммунитетте басты рөл атқарады
22. Т-жүйесін бағалауда келесі сынамаларды қолданады
23. Қан тобының антигендері келесі антигендік арнайылықтың мысалы болып табылады
24. Тимус гормондарының тұқымдастығына жатады
25. Комплемент жүйесінің негізгі қызметі болып табылады
26. Қай тұжырым дұрыс (иммунды жүйенің орталық және шеткері мүшелері бойынша)
27. Т-киллерлер/супрессорлар саны келесі моноклонды антиденелер көмегімен анықталады
28. Атопиялық аллергиялық серпілістерде нысана-жасушалар болып табылады
29. Аталған медиаторлардың қайсысы атопиялық аллерияның патогенезіне қатысады
30. Көз бұршағының антигендері келесі түрлердің мысалы болып табылады
31. Негізгі табиғи тимус-тәуелсіз антигендерге жатады
32. Аталған жасушалардың қайсысы антигентаныстырушы жасушаларға жатады
33. Аталған цитокиндердің қайсысы үшжасушалық кооперация үрдісі кезінде макрофагтармен өндіріледі
34. Иммуноглобулиндердің қай класы иммунды жауап кезінде кез-келген антигендерге қарсы бірінші болып түзіледі
35. Иммуноглобулиндердің қай класы плацента арқылы өтеді
36. Аталған цитокиндердің қайсысын Тх1 өндіреді
37. Аталған цитокиндердің қайсысын Тх2 өндіреді
38. Аталған цитокиндердің қайсысы Тх2 түзілуін белсендіреді
39. Тх1 маңызды қызметінің бірі болып табылады
40. Аталған цитокиндердің қайсысы Тх2 және олардың қызметін тежейді
41. Аталған цитокиндердің қайсысы Тх1 және олардың қызметін тежейді
42. Тх2 өндіретін ИЛ-4 қандай үрдісті белсендіреді
43. Аталған цитокиндердің қайсысы эозинофилдердің көбеюін ынталандырады
44. Аталған цитокиндердің қайсысы антигенді-бөгделік нысана-жасушалардың апоптозын щақырады
45. Аталған жасушалардың қайсысы қатерлі ісік жасушаларымен бірінші рет жанасқанда арнайы емес цитотоксикалық әсер көрсетеді
46. Аталған жасушалардың қайсысы жоғары сезімталдықтың баяу түрінің патогенезінде басты рөл атқарады
47. Аталған жасушалардың қайсысы ИЛ-4 өндіреді
48. Аталған жасушалардың қайсысы ИЛ-5 өндіреді
49. Аталған жасушалардың қайсысы IFN-гамма өндіреді
50. Аталған жасушалардың қайсысы ИЛ-2 өндіреді
51. Тх1 өндірілетін цитокиндердің қайсысы NK-жасушалардың дифференциялануын белсендіреді
52. Қай жасушалардан плазмалық жасушалар дифференцияланады
53. Қай жерде В-лимфоциттердің клондары түзіледі
54. Т-тәуелді антигендерге тән
55. Аталған қасиеттердің қайсысы антигендердің тасымалдаушысына тән
56. Әр түрлі биологиялық түрдегі жасушаларға ортақ антигендер қалай аталады
57. Антигендік арнайылықтың қай түріне жасушаның ядросы жатады
58. IgM-ге тән
59. Қай жасушалармен иммуноглобулиндер түзіледі
60. IgG молекуласы құрылысы бойынша
61. Секреторлы IgA молекулалары құрылысы бойынша
62. Адам иммуноглобулиндерінің қанша класы бар
63. IgG молекуласының қанша антигенбайланыстырушы орталығы бар
64. IgG анасынан балаға өтуі үшін осы иммуноглобулиннің Fc-фрагментіне арналған рецепторлар келесі жасушалардың бетінде орналасқан
65. Қай Ig класының селективті тапшылығы жоғары тыныс жолдарының және асқазан-ішек жолдарының жиі өршімелі бактериалды жұқпаларына әкеледі
66. Ig қай класы қан тамырлар қабырғасы арқылы өтпейді
67. Комплемент жүйесінің классикалық жолымен активтенуі үшін IgG қанша молекуласы қажет
68. Ig Fc-фрагментінің құрамына кіреді
69. Ig жеңіл тізбегіне қанша домен кіреді
70. Комплементтің классикалық жолымен активтенуі кезіне тән
71. Комплементтің альтернативті жолымен активтенуі кезіне тән
72. Комплемент жүйесінің альтернативті жолымен активтенуі үшін қажет
73. Қандай қызметтерді макрофагтар атқарады
74. Тіндік макрофагтар қай жасушалардан дамиды
75. Аталған жасушалардың қайсысы ИЛ-4 түзеді
76. Қандай қызметтерді Т-киллерлер атқарады
77. Қандай қызметтерді Тх1 атқарады
78. Табиғи иммунологиялық төзімділікке тән
79. Жасанды төзімділікке тән
80. Қандай моноклонды антиденелердің көмегімен шеткі қанда Т-лимфоциттердің жалпы санын анықтауға болады
81. Аталған жасушалардың қайсысында арнайы цитотоксикалық әсері бар
82. Қандай антигендер ісік жасушаларына қарсы арнайы иммундық жауапты атқарады
83. Аталған жасушалардың қайсысы ісік жасушаларына арнайы емес цитотоксикалық әсер көрсетеді
84. Трансплантаттың тұрақтамауында негізгі рөл атқарады
85. «Трансплантаттың иесіне қарсы» серпілісі (ТИҚС) келесі мүшелерді ауыстырғанда дамиды
86. Гистосәйкестік антигендерге жатады
87. HLA антигендерінің А, В, және С локустарын типтеу келесі сынамалардың көмегімен жүргізіледі
88. Бүйректі ауыстырған кезде донорлар мен реципиенттерді гистосәйкестік антигендері бойынша серологиялық типтеу үшін қолданатын жасушалар
89. Адамда гистосәйкестік антигендердің жоғары концентрациясы келесі жасушалардың бетінде болады
90. Атопиялық бронхиалды демікпе серпілістерінде нысана-жасушалар болып табылады
91. Атопиялық аллергияның клиникалық мысалына жатады
92. Атопиялық аллергияның патогенезінде келесі өнімнің көп мөлшерде түзілуі маңызды қызмет атқарады
93. Атопияға не тән
94. Анафилаксияға не тән
95. Атопиялық аллергияның клиникалық мысалына жатады
96. БЖС серпілісі келесі жасушалардың көмегімен қамтамасыз етіледі
97. Жоғары сезімталдықтың жасушалық серпілісінің (БЖС) патогенезінде маңызды рөл атқарады
98. Қай жағдай иммундық кешен ауруларының патогенезінде маңызды рөл атқарады
99. Иммундық кешен ауруларының дамуына ықпал жасайды
100. Иммундық кешен ауруларының клиникалық мысалы болып табылады
101. Қай аурудың патогенезінде комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенденуі негізгі рөл атқарады
102. Аталған цитокиндердің қайсысын Тбжс (Тх1) өндіреді
103. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпілістің клиникалық мысалына жатады
104. Жоғары сезімталдықтың IV түрінің клиникалық мысалына жатады
105. Жанасулық дерматиттер келесі серпілістің клиникалық мысалына жатады
106. Қызылша кезіндегі бөртпе патогенезінің негізінде жатыр
107. Он туберкулиндік сынаманың негізінде жатыр
108. HLA локустарының қай антигендері күшті трансплантациялық антигенге жатады
109. Секреторлы иммуноглобулин болып табылады
110. Баяу жоғары сезімталдық серпілісі келесі жасушалардың қатысуымен жүреді
111. Иммундық кешен ауруларының патогенезінде маңызды рөл атқарады
112. Нитрокөк тетразолий-сынамасымен анықталады
113. Гипогаммаглобулинемия тән
114. ИЛ-1 түзілуі бойынша келесі жасушалардың функционалды белсенділігі анықталады
115. Иммуноглобулин А селективті тапшылығы келесі көріністерге әкеледі
116. Тері қабатының жайылмалы кандидомикозы пайда болады
117. Т-хелперлердің (СД4-жасушалары) санының төмендеуі келесі патогенетикалық механизмдерінің дамуына әкеледі
118. ЖИТС дамуындағы этиологиялық факторы болып табылады
119. ЖИТС кезіндегі иммунограмманың айқын өзгерістері болып табылады
120. Тіндік макрофагтарға жатады
121. Мес жасушаларының дегрануляциясында келесі биологиялық белсенді заттар бөлінеді
122. Стресс кезіндегі иммундық тапшылық патогенезінде маңызды звено болып табылады
123. В2 кезеңіне тән В-лимфоциттердің дифференциациялық иммуноглобулиніне келесі жатады
124. Плазмалық жасушалар келесі жасушалардан дифференцияланады
125. Жиі өршімелі вирусты жұқпалармен сырқаттанатын науқаста дәрігер екіншілік иммундық тапшылық жағдайына күмәнді. Иммундық жүйенің қай звеносын бірінші кезекте бағалау қажет
126. Туберкулиндік сынама (Манту сынамасы) келесі серпілістің мысалы болып табылады
127. Атопиялық аллергиясы бар науқастың қан сарысуында радиоаллергосорбентті тест (РАСТ) арқылы қай иммуноглобулиннің концентрациясын анықтайды
128. Дәрілік цитопенияның патогенезі негізінде жоғары сезімталдықтың қай түрі жатыр
129. Атопиялық бронх демікпесі бар науқаста қай иммуноглобулиннің түзілуі жоғарылаған
130. Қай моноклонды антиденелерді В-лимфоциттердің санын анықтау үшін қолданады
131. Т-лимфоциттердің жалпы санын анықтау үшін қолданатын моноклонды антидене
132. Т-лимфоциттердің оң және теріс сұрыптау үрдісі қай жерде жүреді
133. Тх2 дифференциялануын белсендіретін қай цитокин мес жасушаларымен өндіріледі
134. Қай цитокин макрофагтардың барлық қызметін және Тх1 дифференциялануын тежейді
135. Аталған препараттың қайсысы гуморалды иммунитет жүйесінің иммунды тапшылық жағдайында орынбасушы терапия ретінде қолданады
136. Қан сарысуында цитокиндердің концентрациясын зерттеу үшін қолданатын әдіс
137. Аталған антигендердің қайсысы Т-тәуелсіз антигенге жатады
138. Аталған цитокиннің қайсысы ісік жасушаларының және вирустармен зақымдалған жасушалардың апоптозын шақырады
139. Аталған цитокиннің қайсысы Т-лимфоциттердің пролиферациясын шақырады
140. Атопиялық аллергиялардың диагностикасында қандай жасушалармен дегрануляция тестісін қолданады
141. Қай цитокиннің көмегімен Тх1 макрофагтардың барлық қызметін белсендіреді
142. Поливалентті вакцинаның мысалы болып табылады
143. Вакцинаның иммуногендік әсерін күшейту үшін адъювант ретінде қолданады
144. Аталған жасушалардың қайсысында HLA-антигендері болмайды
145. Анасының және әкесінің хромосомаларының HLA гендерінің толық жинағы аталады
146. HLA-антигендерін типтеу үшін қолданады
147. Бір хромосомадағы HLA гендерінің жинағын атайды
148. Қандай аурумен HLA-В27-антигенінің біршама байланысы анықталған
149. Қай HLA-антигенінің жиілігі көптеген аутоиммунды ауруларда жоғарлаған
150. Ди-Джорджи синдромына тән
151. ЖИТС-на тән зертханалық көрсеткіштер
152. ЖИТС-ның патогенезінде негізгі қызметті атқарады
153. Тимус препараттарын тағайындау көрсеткіштері
154. Брутон ауруы дегеніміз
155. Иммуноглобулиндердің анағұрлым жиі туа біткен таңдамалы тапшылығының мысалы бола алады
156. В-лимфоциттердің саны келесі моноклонды антиденелердің көмегімен анықталады
157. Макрофагтардың жұту қабілеті келесі әдістермен анықталады
158. Гипогаммаглобулинемия тән
159. Лейкоциттердің миграциясын тежеу серпілісінде анықталады
160. ИЛ-1 түзілуі бойынша келесі жасушалардың функционалдық белсенділігі анықталады
161. ИЛ-2 түзілуі бойынша анықталады
162. Ауыр аралас иммунологиялық тапшылықтың мысалы болып табылады
163. Ауыр аралас иммунологиялық тапшылықпен негізделген иммунды тапшылық жағдайдың емінде қолданады
164. ДиДжорджи синдромына тән
165. ДиДжорджи синдромы бар науқастың емінде қолданады
166. Жиі респираторлы жұқпаларға және асқазан-ішек жолдарының жұқпаларына тән
II деңгейдегі тесттер
167. Келесі аурулар аутоиммунды ауруға жатады
168. Қандай цитокиндер иммундық жауаптың фагоцитарлық түрін және жасушалық иммунитет серпілісін тежейді
169. Қандай цитокиндер гельминттерге қарсы механизмнің дамуына қатысады
170. Атопияның патогенезінде негізгі рөл атқарады
171. Қандай жасушалар IFN-гамманы өндіре отырып, Тх2 дифференциялануын және олардың қызметтерін тежейді
172. Аталған жасушалардың қайсысы антигентаныстырушы болып табылады
173. Аталған цитокиндердің қайсысы макрофагтармен өндіріледі
174. Қай әдістердің көмегімен сарысулық иммуноглобулиндердің концентрациясын анықтауға болады
175. Қандай сынамалардың көмегімен Тх1 функционалды жағдайын анықтайды
176. Иммундық жүйенің шеткі мүшелеріне жатады
177. Біріншілік аутоантигендерге жатады
178. Мононуклеарлы фагоциттер жүйесіне жатады
179. Қатерлі ісік жасушаларына цитотоксикалық әсер етеді
180. Атопиялық аллергиялық серпілістің патогенезіне келесі иммуноглобулиндер кластары қатысады
181. Т-жасушалық иммунитет қызметтерін атқарады
182. Жиі өршімелі бактериалды жұқпасы бар науқаста дәрігер екіншілік иммундық тапшылықтың бар екеніне күмәнді. Бірінші кезекте иммундық жүйенің қай звеносын бағалау қажет
183. Аталған жасушалардың қайсысы генетикалық бөгде трансплантатқа цитотоксикалық әсер көрсетеді
184. Аталған қызметтердің қайсысы Т-лимфоциттерге тән
185. Лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциялануы жүреді
186. Өмірлік көрсеткіші бойынша гистосәйкестік антигендерді есепке алмай мүшені ауыстыруға болады
187. Жоғары сезімталдықтың IV түрінің патогенезінде негізгі рөл атқарады
188. Иммундық кешен ауруларының патогенезінде маңызды рөл атқарады
189. Секреторлы иммуноглобулин А-ның селективті тапшылығы келесі көріністерге әкеледі
190. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпілістің патогенезінде негізгі рөл атқарады
191. Қандай жасушалар антигенді өңдеу және «таныстыруға» қатысады
192. Комплементтің классикалық жолмен активтенуіне тән
193. Жоғары сезімталдықтың IV түрінің (БЖС) клиникалық көріністерін көрсетіңіз
194. Вирусқа қарсы иммунитетте негізгі рөлді атқарады
195. Т-жасушалық иммунитетті бағалауда келесі сынамалар қолданылады
196. Қатерлі ісік ауруларының қазіргі кездегі иммунотерапия әдістеріне жатады
197. Тимус гормондарының тұқымдастығына не жатады
198. Комплемент жүйесінің қызметтерін атаңыздар
199. Трансплантаттың тұрақтамау серпілісінде басты қызмет атқарады
200. В-лимфоциттердің саны келесі әдістердің көмегімен анықталады
201. Т-лимфоциттердің функционалды белсенділігін келесі сынамалардың көмегімен анықтайды
202. Атопиялық аллергиялық серпіліс кезіндегі нысана-жасушалар болып табылады
203. Атопиялық аллергияның патогенезіне қандай медиаторлар қатысады
204. Атопиялық аллергияның диагностикасында келесі зертханалық әдістер қолданады
205. Аталған цитокиндердің қайсысын макрофагтар өндіреді
206. Тх1 өндірілетін цитокиндерді атаңыздар
207. Тх2 өндіретін цитокиндерді атаңыздар
208. Қай цитокиндер Тх1 түзілуін белсендіреді
209. Қай цитокиндер Тх2 түзілуін белсендіреді
210. Тх1 қызметтерін атаңыздар
211. Қай цитокиндер Тх2 түзілуін және олардың қызметтерін тежейді
212. Қай цитокиндер Тх1 түзілуін және олардың қызметтерін тежейді
213. Тх2-мен өндірілетін ИЛ-4 қандай үрдістерді белсендіреді
214. Аталған цитокиндердің қайсысы эозинофилдердің көбеюін белсендіреді
215. Аталған цитокиндердің қайсысы макрофагтардың қызметтерін белсендіреді
216. Аталған саралау антигендерінің қайсысы NK-жасушаларының маркері болып табылады
217. Қай жасушалар IFN-гамма өндіреді
218. Келесі жасушалар ИЛ-2 түзеді
219. Иммундық жүйенің шеткі мүшелеріне тән тұжырымды таңдаңыздар
220. Қай тұжырым дұрыс
221. Т-тәуелсіз антигендерге тән
222. Т-тәуелді антигендерге тән
223. Қай қасиеттер антигендердің тасымалдаушысына тән
224. В2-лимфоциттер шеткі қанға шығарады
225. Шырышты IgA молекулалары құрылысы бойынша бола алады
226. Қандай зертханалық серпілістерді негізгі сарысулы иммуноглобулиндердің концентрациясын анықтауда қолданады
227. Ig қай кластары қан тамырлар қабырғасы арқылы өтпейді
228. IgG молекулаларының антигенбайланыстырушы орталығының құрамына қандай домендер кіреді
229. IgG Fab-фрагментінің құрамына қандай домендер кіреді
230. IgЕ Fc-фрагментіне арналған рецепторлар келесі жасушалардың бетінде бар
231. Ig қай кластары комплемент жүйесін классикалық жолмен белесендіреді
232. Шеткі қанда біршама абсолюттік және салыстырмалы Т-жасушалық лимфопения байқалады. Мүмкін болатын себептерді атаңыздар
233. Тимуста Т-лимфоциттердің толық дифференциялануы келесі факторлардың қатысуымен жүреді
234. Сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан белгілі бір қанның ізашар-жасушаларының көбеюіне және дифференциялануына әсер ететін цитокиндер
235. Цитокиндердің токсикалық әсер ету нәтижесінде дамитын жиі синдромдарды атаңыздар
236. Цитотоксикалық серпілістердің (жоғары сезімталдықтың II түрі) клиникалық көріністерін көрсетіңіздер
237. Алты жастағы балада Манту сынамасы оң нәтиже берді. Бірінші кезекте жүргізу қажет
238. Иммундық жүйенің орталық мүшелеріне не жатады
239. Біріншілік аутоантигендер мысалдарына жатады
240. Атопиялық аллергиялық ауруды анықтауда негізгі зертханалық критерилері болып табылады
241. Жүйелі қызыл жегі бар науқас васкулитпен сырқаттанған кезде қандай зертханалық өзгерістер байқалады
242. Атопиялық серпілістерді шақыратын «цитофилді» – антиденелерге жатады
243. Тх1 функционалды белсенділігі бағаланады
244. АКДС иммунизациясының негізгі мақсаты болып табылады
245. Дәрілік цитопениялардың патогенезінде негізгі қызметті комплемент жүйесінің белсенуі қандай иммуноглобулиннің көмегімен іске асады
246. Иммуноглобулиннің қай кластары атопиялық бронх демікпесінің патогенезіне қатысады
247. Аталған жасушалардың қайсысы ісік жасушаларына цитотоксикалық әсер етеді
248. Қызметтердің қайсысы Т-лимфоциттерге тән
249. Мүшелерді ауыстырғанда келесі жағдайларда гистосәйкестік антигендерді есепке алуы қажет
250. «Трансплантаттың иесіне қарсы» серпілісі келесі мүшелерді ауыстырғанда дамуы мүмкін
251. Иммундық кешен ауруларының патогенезінде маңызды рөл атқарады
252. Төменде көрсетілгендердің қайсысы қабыну алды цитокиндеріне жатады
253. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпілістің патогенезіне қатысады
254. Қай тұжырым дұрыс емес
255. Қай аурулардың патогенезінде біріншілік аутоантигендерге қарсы иммундық жауап маңызды рөл атқарады
256. Комплемент жүйесінің альтернативті жолымен активтенуі кезінде қатысады
257. Комплементтің алтернативті жолмен активтенуіне тән
258. Макрофагтардың қызметін белсендіру үшін төменде көрсетілген препараттардың қайсысы қолданылады
259. Комплементтің классикалық жолымен активтенуіне тән
260. Комплементтің альтернативті жолымен активтенуіне тән
261. Комплементтің классикалық жолымен активтенуіне тән жағдай
262. Комплемент жүйесінің активтенуі кезінде пайда болған фрагменнтердің қайсысы мес жасушалардың дегрануляциясын шақырады
263. Комплемент жүйесінің альтернативті жолымен активтенуі үшін қажет шарттар
264. Аталған қызметтердің қайсысын макрофагтар атқарады
265. Макрофагтардың қызметтеріне жатады
266. Донор мен реципиент неше трансплантациялық антиген сәйкес келген кезде мүшелердің аллотрансплантациясын, соның ішінде өмірлік көрсеткіштер де бойынша, жасайды
267. Макрофагтармен түзілетін цитокиндерді көрсетіңіздер
268. Қандай рецепторлар Т-лимфоциттердің бетінде экспрессияланған
269. Қандай рецепторлар В-лимфоциттердің бетінде болады
270. Анафилаксиялық шок жиі дамиды
271. Аталған жасушалардың қайсысы цитокиндердің көмегімен Тх1-дің дифференциялануын ынталандырады
272. Қандай жасушалар тимустәуелді антигендерге қарсы антиденелердің түзілуінің индукциясында қатысады
273. Аталған жасушалардың қайсысы IFN-гамма түзеді
274. Аталған жасушалардың қайсысы ГМ-КСФ түзеді
275. Келесі жасушалардың қайсысы ИЛ-4 түзеді
276. Қандай жасушалар антиденелердің түзілуін ынталандыруда маңызды рөл атқарады
277. Аталған жасушалардың қайсысында CD-2 арналған рецепторлар бар
278. Аталған жасушалардың қайсысында CD3 антигені бар
279. Келесі қызметтерді Т-киллерлер атқарады
280. Келесі қызметтерді Тх1 атқарады
281. Табиғи иммунологиялық төзімділікке тән
282. Жасанды төзімділікке тән
283. Қандай зертханалық сынамалар шеткі қанда Т-лимфоциттердің субпопуляцияларын анықтау үшін қолданады
284. Шеткі қандағы Т-лимфоциттердің жалпы санын анықтау үшін қандай зертханалық сынамалар қолданады
285. Қандай цитокиндер баяу жоғары сезімталдық (жоғары сезімталдықтың IV типінде) патогенезіне қатысады
286. Қандай аурулардың патогенезінде Тх1 мен макрофагтардың белсенуі маңызды рол атқарады
287. Қандай аурулардың патогенезінде комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенденуі негізгі қызметті атқарады
288. Аталған дәрілік заттардың қайсысы иммунды депрессияны шақырады
289. Қандай зертханалық көрсеткіштер есекжемге тән
290. Қай жасушалардың бетінде CD4 антигені орналасқан
291. Дәрілік цитопениялардың (жоғары сезімталдықтың II типі) патогенезіне қатысады
292. Келесі цитокиндер Тх2 дифференцировкасын және қызметін басады
293. Аталған қызметтердің қайсысы Т-киллерлерге тән
294. Аталған қызметтердің қайсысы Тх1 тән
295. Аталған қызметтердің қайсысын Т-лимфоциттер атқарады
296. Т-лимфоциттердің антигенге тәуелді дифференциялануы қай жерде өтеді
297. Қандай зертханалық көрсеткіштер поллинозға тән
298. Аталған цитокиндердің қайсысын макрофагтар түзеді
299. Аталған жасушалардың қайсысы Т-киллерлер үшін нысана-жасушалар болып табылады
300. Аталған жасушалардың қайсысында арнайы емес цитотоксикалық қасиеті бар
301. Макрофагтарға тән қызметті көрсетіңіздер
302. Аталған қызметтердің қайсысы Тх2 тән
303. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпілістің патогенезінде маңызды рөл атқарады
304. Қандай факторлар ісіктің өсуіне ықпал етеді
305. Қатерлі ісік ауруының иммунотерапиясында келесі препараттар тобын қолданады
306. Қандай процедуралар онкологиялық науқастардың қан сарысуында тежеуші факторларды жоюға көмектеседі
307. Қандай факторлар ісік жасушаларының жойылуына алып келеді
308. Қандай факторлар ісік антигендеріне төзімділікті қалыптастырады
309. Келесі жасушалар ісік жасушаларына арнайы емес цитотоксикалық әсер көрсетеді
310. Қандай иммунологиялық бұзылыстар қатерлі ісіктің пайда болуын және прогрессиясын ынталандырады
311. Қандай дәрілік препараттарды онкологиялық науқастардың емдеуінде иммуностимуляторлар ретінде қолданады
312. Аталған цитокиндердің қайсысы қатерлі ісіктің иммунотерапиясында қолданады
313. Ісік некроздаушы фактор b(TNF-b) өндіреді
314. Интерферон-γ (IFN-γ) өндіреді
315. Қай мерзімде трансплантаттың тұрақтамауы болуы мүмкін
316. Қай мерзімде трансплантанттың біріншілік тұрақтамауы болуы мүмкін
317. Дәрілік аллергиялық артриттер мен васкулиттердің патогенезіне қатысады
318. Қандай сынамалардың көмегімен HLA антигендерінің А, В, және С локустарын типтеу жүргізіледі
319. Тіндік макрофагтарға не жатады
320. Антигенді өңдеуде және таныстыруда қатысады
321. Атопиялық аллергияның патогенезіне қатысатын медиаторларды көрсетіңіз
322. Атопияның диагностикасында келесі зертханалық сынамалар қолданылады
323. Мононуклеарлы фагоциттер жүйесіне келесі жасушалар кіреді
324. Атопиялық аллергияның клиникалық көріністеріне жатады
325. Келесі аурулардың патогенезінде цитофилді иммуноглобулиндердің шамадан тыс синтезі негізгі қызмет атқарады
326. Анафилаксиялық шоктың патогенезінде маңызды рөл атқарады
327. Атопиялық аллергияның патогенезінде келесі заттардың көп мөлшерде түзілуі маңызды рөл атқарады
328. Атопиялық аллергияның клиникалық көріністеріне жатады
329. Қандай зертханалық өзгерістер Брутон ауруына тән
330. Атопияның патогенезіне келесі үрдістер қатысады
331. Қай жағдай анафилаксияға тән
332. Баяу жоғары сезімталдық серпілісі келесі жасушалардың қатысуымен қамтамасыз етіледі
333. Аталған препараттардың қайсысы иммунды стимулятор тобына жатады
334. Иммундық кешен ауруларының дамуына әсер етеді
335. Иммундық кешен ауруларының көріністеріне жатады
336. Иммундық кешен ауруларының патогенезіне иммуноглобулиннің келесі кластары қатысады
337. Қай аурулардың патогенезінде жоғары сезімталдықтың III түрінің механизмі басты рөл атқарады (иммундық кешен аурулары)
338. Аталған цитокиндердің қайсысын Тбжс (Тх1) өндіреді
339. Тбжс (Тх1) өндіретін цитокиндерді көрсетіңіздер
340. Қай аурулардың патогенезі негізінде жоғары сезімталдықтың ІІІ түрінің механизмі жатыр
341. Брутон ауруына тән
342. Лимфоциттердің бласттрансформациялаушы серпілісі көмегімен анықтау мүмкін
343. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпілістің клиникалық көріністеріне жатады
344. Жанаспалы дерматиттердің патогенезіне қатысады
345. Оң туберкулиндік сынама келесі патогенездердің негізінде жатыр
346. Иммундық кешен ауруларының патогенезінде негізгі қызметті атқарады
347. Цитофилді IgE, IgG (2, 4) иммуноглобулиндердің түзілуі келесі аурулардың патогенезінде басты механизмі болып табылады
348. Т-лимфоциттердің жалпы санын анықтайды
349. В-лимфоциттердің функционалды белсенділігі анықталады
350. Жоғары сезімталдықтың IV түрінің (БЖС) клиникалық мысалдары болып табылады
351. Баяу жоғары сезімталдық диагностикасында келесі әдістерді қолданады
352. Қай жағдайларда науқастың қан сарысуында жалпы және арнайы иммуноглобулиндерді анықтау қажет
353. Қандай жағдайларда науқасқа иммуноглобулинді препараттарды қолдану көрсеткіші бар
354. Т-лимфоциттердің функционалды белсенділігі бағаланады
355. Т-жасушалық иммундық тапшылықты келесі әдістердің көмегімен анықтайды
356. Аутоиммунды патологияның мысалдары болып табылады
III ДЕҢГЕЙДЕГІ ТЕСТІЛЕР
357. Антиденелердің синтезін бастау үшін В-лимфоцит екі белгіні алу қажет: біріншісі – арнайы, екіншісі – пролиферативті-дифференциациялық. Т-тәуелсіз антигендер кезінде В-лимфоциттер бірінші белгіні _____________ алады, екінші белгіні ______________ алады. Төменде көрсетілген жауаптардың дұрысын таңдап, бос орындарды толтыру қажет:
1. гаптеннен
2. тасымалдаушыдан
3. Т-киллерден
4. макрофагтан
5. Т-хелперден
358. Антиденелердің синтезін бастау үшін В-лимфоцит екі белгіні алу қажет: біріншісі – арнайы, екіншісі – пролиферативті- дифференциациялық. Т-тәуелді антигендер кезінде В-лимфоциттер бірінші белгіні _____________ алады, екінші белгіні ______________ алады. Төменде көрсетілген жауаптарды дұрыс ретімен бос орындарды толтыру қажет:
1. гаптеннен
2. тасымалдаушыдан
3. Т-киллерден
4. Макрофагтан
5. Т-хелперден
359. Иммунды жүйенің ____________________ деп аталу себебі, осы жүйенің ___________________ жасушаларымен синтезделетін антиденелер қанға түсіп, оның ағысымен бүкіл ағза бойынша таратылып, барлық мүшелер мен тіндердің антигеннен қорғанысын қамтамасыз етеді. Төменде көрсетілген жауаптарды дұрыс ретімен бос орындарды толтыру қажет:
1. жасушалық
2. гуморалды
3. эозинофилдер
4. Т-лимфоциттер
5. В-лимфоциттер
360. ____________________ деп аталатын нәруызды молекулалар, ___ -лимфоциттермен синтезделеді. Олар ағзаға түскен бактериялар мен вирустардың арнайы байланысуын қамтамасыз етеді. Осы нәруыздардың синтезі _____________ іске асады. Төменде көрсетілген жауаптардың дұрыс ретімен бос орындарды толтыру қажет:
1. цитокиндер
2. иммуноглобулиндер
3. Т-лимфоциттер
4. В- лимфоциттер
5. лимфотүйіндерінде
6. тимуста
361. IgG негізгі сарысулы иммуноглобулин болып табылады, ол анадан балаға плацента арқылы өтетін жалғыз ғана иммуноглобулин болғандықтан, нәрестелердің пассивті иммунитетін қамтамасыз етеді. Неге ол плацента арқылы өте алады:
362. В- және Т-лимфоциттердің антигенді тануда келесі анықтамалардың қайсысы дұрыс:
363. Науқаста иммунологиялық зерттеулердің нәтижесінде эозинофилия (18%) және қан сарысуында IgE мөлшерінің жоғарылауы (0,5 г\л) байқалды. Аллергияның ешқандай симптомдары байқалмайды, температура қалыпты, ЭТЖ және лейкоциттердің мөлшері қалыпта. Осы науқаста қандай патология болуы мүмкін?
364. Науқаста баспадан кейін (тамақ ауруы) миокардит дамыды. Осы асқынудың болу себебі, миокард антигендеріне қарсы антиденелердің түзілуі, яғни аутоиммунды үрдістің пайда болуы. Аутоиммунды ауруды индуцирлеген жетекші механизмі ретінде стрептококк антигені қандай топқа жатады:
365. Т-жүйесінің басым зақымдалумен болатын иммунды тапшылық жағдай диагнозын растау үшін науқасқа иммунитеттің көрсеткіштерін терең зерттеуін тағайындады. Т-лимфоциттердің мөлшері ___________ моноклоналды антиденелері арқылы, Т-хелперлер – __________ көмегімен, Т-киллерлер\супрессорлар –____________ көмегімен анықталды. Төменде көрсетілген жауаптардың дұрысын таңдап, бос орындарды толтыру қажет:
1. СД 2
2. СД 16
3. СД 20
4. СД 4
5. СД 8
366. Брутон ауруы бар балада гельминтоздардың даму мүмкіндігі жоғары. Осы жағдайдың дұрыс тұжырымдамасын табыңыз:
367. Жалпы вариабелдік иммунологиялық жетіспеушілігі бар балалар жиі гелминтоздарға шалдығады. Бұл ______________ жетіспеушілігімен байланысты, ал ол өз кезегінде _______ цитокині арқылы IgE синтезін ынталандырады, ал ________ цитокині арқылы эозинофилдердің пролиферациясын ынталандырады. Осы екеуінің бірге әсер етуі гельминт лечинкаларына цитоулағыштық әсерін іске асырады. Төменде көрсетілген жауаптардың дұрысын таңдап, бос орындарды толтыру қажет:
1. Т-х 1 -дің
2. Т-х 2 -дің
3. ИЛ-4
4. ИЛ-12
5. ИЛ-5
368. 8-айлық бала АҚЖ, ЛОР-мүшелерінің, тыныс жолдарының жиі бактериалды жұқпалармен ауырады. Оған кешенді клинико-иммунологиялық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде Брутон ауруы диагнозы қойылды. Төменде көрсетілген қандай көрсеткіштер осы диагнозды расстайды:
369. Жиі бактериалды жұқпалармен және ауыр ағымды вирусты жұқпалармен ауыратын бір жастағы баланың иммунды статусын зерттеген кезде, гуморалды иммунды жүйені бағалау үшін келесі тестілердің жинағы қажет:
370. Беттің, аяқ-қолдарының, шырышты қабаттардың анда-санда ісінулеріне шағымданатын науқасқа иммунологиялық зерттеудің нәтижесінде _______________ дефициті анықталған, қалған көрсеткіштер қалыпты мөлшерде болды. Бұл жағдай тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну диагнозын қоюға негіз берді. Төменде көрсетілген жауаптардың дұрысын таңдап, бос орындарды толтыру қажет:
371. Клиникалық белгілері бар және иммунологиялық зерттеудің көрсеткіштері расталған Брутон ауруы бар балада ___________________ және _________________ аурулары принципиалды бола алмайды, бірақ, ______________________ механизмдерімен сипатталатын аурулар дамуы мүмкін. Төменде көрсетілген жауаптарды дұрыс ретімен бос орындарды толтыру қажет:
1. атопиялық аллергиялар
1. жұқпалы
2. иммунды кешенді
3. жоғары сезімталдықтық баяу типі
4. эндокринді
449. Бронх демікпесіне күмәнді науқастық иммунды статусын зерттеген кезінде, диагноз рассталды. Атопиялық ауруды растаған көрсеткіш ретінде цитофилді _______ жоғарылауы және _______ цитокинінің мөлшерінің жоғарылауы байқалған. Төменде көрсетілген жауаптарды дұрыс ретімен бос орындарды толтыру қажет:
1. IgA
2. IgE
3. ИЛ-1
4. ИЛ-2
5. ИЛ-4
372. Науқастардың шеткері қанының лимфоциттерінің субпопуляциялық құрамын бағалау үшін моноклоналды антиденелер қолданылады (МКАД). Т-лимфоциттердің, Т-хелперлердің, Т-киллерлердің/супрессорлардың мөлшерін анықтау үшін келесі МКАД жиынтықтарын қолдануға болады:
373. Келесі анықтаманың ретімен бос жерлерін қажетті терминдермен толтырыңыз: Баяу жоғары сезімталдықтың жетекші серпілістерінің эффекторлық стадиясында жасушалық механизмдер ________, ________ және ________ қатысуымен өтеді.
1. В-лимфоциттердің
2. Тх1
3. Тх2
4. Т-киллерлердің
5. макрофагтардың
Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 3195 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
|