АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

БЦЖ вакцинациясы

! 1 жастан асқан балаларға шет ел БЦЖ вакцинасының еңгізілетін мөлшері (мл):

*+0,1 мл

* 0,5 мл

* 1,0 мл

* 0,05 мл

* 0,025 мл!

! Шет ел БЦЖ вакцинасының 1 жасқа дейінгі балаларға еңгізілетін мөлшері (мл):

* 0,1 мл

* 0,5 мл

* 1,0 мл

*+0,05 мл

* 0,025 мл!

! Ресей БЦЖ вакцинасының балаларға еңгізілетін мөлшері (мл):

*+0,1 мл

* 0,5 мл

* 1,0 мл

* 0,05 мл

* 0,025 мл

! Фтизиатрдың қауіп-қатер тобы бақылауында тұратын балалар:

* БЦЖ вакцинасымен егілгендер

* кіші көлемді БЦЖ тыртықтарымен

*+БЦЖ тыртықтары дамымаған не егілмегендер

* 5 мм БЦЖ тыртықтары түзілген

* қосымша вакцинация жасалған

! БЦЖ екпесінің тиімді, нәтижелі болатыны:

*+Манту сынағы оң (5-11 мм) және тыртықтның бар болуы (5-8 мм)

* жергілікті белгінің болмауы және нормергиялық Манту сынамасы

* теріс Манту сынамасының нәтижесіндегі тыртық өлшемі 2 мм

* Манту сынамасының оң нәтижесіндегі келлоидты тыртық

* тыртық өлшемі 10 мм және Манту сынамасының нәтижесі 17 мм

! БЦЖ вакциналаудан кейін жасанды иммунитеттің сақталатыны

* өмір бойы

* 1-2 жыл

*+5-7 жыл

* 10 жыл

* 20 жыл

! Қосымша БЦЖ вакцинация 1 жасқа дейінгі балаларға жасалады

* Манту сынамасының теріс нәтижесінде

* Манту сынамасының оң нәтижесінде

*+Манту сынамасыз

* Манту сынамасының күмәнді нәтижесінде

* тек ошақтағы балаларға

! Нәрестелерге БЦЖ вакцинация жасауға қарсы көрсеткіштері болатыны:

* туберкуледі науқаспен қарым-қатынас

* ЖРВИ

*+миға қан құюлуымен туу жарақаттары

* 1 дәрежедегі шала туылу (салмағы 2500)

* ірі салмақты нәрестелер, 3500г-нан астам

! Нәрестелерге БЦЖ вакцинация жасауға уақытша қарсы көрсеткіштері болатыны:

*+жалпы жағдайының нашарлауы және жоғарғы дене қызуымен аурулар

* вирусттық гепатит

* шала туылу (салмағы 2500г төмен)

* рахит, 1-2 дәрежелі туыт жарақаттары

* теріс нәтижелі Манту сынамасы

! Бала 2 жаста, Манту сынамасы – 7 мм папула. Перзентханада БЦЖ екпесін жасаған – 5 мм. Фтизиатр кеңесіне жіберілген. Сіздің диагнозыңыз қандай?

* туберкулез инфекциясын жұқтыру

* өкпе туберкулезі

*+БЦЖ вакциналаудан кейінгі аллергия

* жалпы аллергиялық реакция

* бала сау

! БЦЖ ревакцинациясына абсолюттік қарсы көрсеткіш болатыны:

*+туберкулезбен ауырған бала

* туберкулезбен ауратын науқаспен қатынас

* зоонозды инфекция

* теріс Манту сынамасы

* өршу кезеңдегі ревматизм

! Туберкулез бойынша ең тийімді алдын алу әдістері:

* арнайы, химиялық алдын алу, маусымды

* санитарлы, кешенді, аймақты

*+әлеуметтік, химиялық алдын алу, арнайы, санитарлы

* маусымды химиопрофилактика, БЦЖ вакцинациясы

* арнайы емес, химио алдын алу, әлеуметтік

! Туберкулез кезіндегі иммунитет қандай болады?

* табиғи, салыстырмалы тұрақты

*+жасанды, тұрақсыз, залалсыздандырылған емес

* залалсыз, тұрақсыз, туа пайда болған

* залалсыздандырылған емес, абсолюттік тұрақты

*тұрақты, залалсыз, жасанды

!Химиопрофилактикада қолданылатын изониазид мөлшері – 2011ж. №218 бұйрық бойынша (мг/кг салмағына)

* 10

*+5

* 20

* 0,3

* 1,0

! 1 жастағы бала. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Манту сынамасы – папула 10 мм. Туберкулин сезімталдығына баға беріңіз.

* инфекциялы аллергия

*+БЦЖ вакциналаудан кейінгі аллергия

* өкпе туберкулезі

* параллергиялық реакция

* БЦЖит

! 1 жастағы бала. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Манту сынамасы – папула 13 мм. Туберкулин сезімталдығына баға беріңіз.

*+инфекциялы аллергия

* БЦЖ вакциналаудан кейінгі аллергия

* өкпе туберкулезі

* параллергиялық реакция

* БЦЖит

! 4 жастағы бала. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Туберкулезді науқаспен қарым-қатынасы анықталмаған. Улану белгілері жоқ. Манту сынамалары: 1 жаста – 11мм, 2 жаста – 9 мм, 3 жаста – 7 мм, 4 жаста – 3 мм. Туберкулиндік сезімталдықтың сипатына баға беріңіз.

* инфекциялы аллергия

*+поствакцинды аллергия

* өкпе туберкулезі

* параллергиялық реакция

* БЦЖит

! Вакцинациялаудан кейінгі аллергияға жататыны:

* Манту сынамасының өлшемі – 12 мм папула

* БЦЖ вакцинасымен егілмеген баладағы 15 мм папула

*+тез сөнетін және дақ қалдырмайтын папула

* айқын, қанықты және дақ қалдыратын папула

* везикула-некротикалық реакция

! Инфекциялық аллергияға жататыны:

* Манту сынамасының өлшемі – 9 мм папула

*+БЦЖ вакцинасымен егілмеген баладағы 15 мм папула

* тез сөнетін және дақ қалдырмайтын папула

* айқын емес, әлсіз не тек қызарумен сипатталатын папула

* 5 мм тыртық өлшеміндегі тез сөнетін папула

! БЦЖ ревакцинациясына қарсы көрсеткіш болатыны:

*+БЦЖ вакциналаудан кейінгі асқынулар

* туберкулезбен ауратын науқаспен қатынас

* 6-7 жастағы балалар

* теріс Манту сынағы

* нәрестенің гемолитикалық ауруы

! БЦЖ ревакцинациясы мынадай жастағы балаларға өткізіледі:

* 1, 6, 12 жастағы

* 2 жастағы

*+6-7 жастағы

* 6-7, 11-12 жастағы

* 16-17 жастағы, 0-4 күндегі

! БЦЖ ревакцинация жасауға негізгі көрсеткіш болатыны:

* теріс анергия

*+оң анергия

* оң Манту сынағы

* күмәнді реакция

* везикула немесе некрозды реакция

! БЦЖ асқынуларында қажетті болатыны:

*+фтизиатр кеңесі

* хирург кеңесі

* педиатрдің емі

* химиопрофилактика

* бақылаудың қажеттілігі жоқ

! БЦЖ вакцинасын сақтау шарттары:

* егу бөлмесінде

*+тоңазытқышта, 0- (+8оС)

* тоңазытқышта, -1-4оС

* салқын құрғақ жерде

* шкапта, педиатрдың үстелінде

! Перзентханада БЦЖ екпесі жасалмаған балаға Манту сынақты мына жастан жүргізу керек:

* 1 жас

* 1 ай

* 6 ай

*+2 ай

* жүргізбейді

! Туберкулез инфекциясы ошағындағы ең маңызды алдын алудың түрі:

* БЦЖ вакцинациясы және ревакцинациясы

* созылмалы инфекцияның ошақтарын жою

* химиопрофилактика

*+санитарлық алдын алу

* туберкулиндік диагностика

! БЦЖ вакциналаудан кейінгі ең жиі кездесетін асқынулар:

* тыртық

*+аймақты лимфаденит

* суық абсцесс

* отит

* беткей жара

! БЦЖ вакциналаудан кейінгі болатын асқынулар:

* түрлі көлемдегі тыртық

* апигментті дақ, жайпақ тыртық

*+суық абсцесс, келоидты тыртық

* отит, түйінді эритема, бөртпелер

* баланың жағдайының нашарлауы

! БЦЖ вакциналаудан кейінгі болатын асқынулар:

* субфебрильды температура

* апигментті дақ, жайпақ тыртық

*+беткей ойық жара, оститтер

* отит, түйінді эритема, бөртпелер

* баланың жағдайының нашарлауы
! БЦЖ вакцинация және ревакцинациясы бірінші кезекте мүмкіндік береді:

* туберкулезден өлімді төмендету

* аурудың дамуын тежеу

* жұқпалығын жою

* иммунизация нәтижелілігін жоғарлату

*+туберкулез ағымының ауырлығын азайту

! БЦЖ вакцинасын құрайтын:

* туберкулез микобактериясының өмірлік дақылдары

* активтілігі жойылған туберкулез микобактериялары

* туберкулез микобактерияларының анатоксині

*+тірі, зарарсыз, вируленттігі әлсіз туберкулез таяқшалары

* туберкулез микобактерияларының экзотоксині

! БЦЖ вакцинасы – бұл:

* әрқашан тиімді

*+зиянсыз, арнайы, иммуногенді

* арнайы емес, қауіптілігі орташа

* жоғары аллергенді, жиі асқынулармен отетін

* иммундық қасиеті және тийімділігі жеткіліксіз

! Перзентханада БЦЖ екпесі жасалмаған нәрестелерге иммунизация жүргізіледі:

* жасына қарамастан Манту сынамасыз

* 2 айлық жасына дейін Манту сынамасыз

* жасы 2 айдан асқаннан кейін Манту сынамасыз

* жасы 2 айға дейін Манту сынамасының теріс нәтижесінде

*+жасы 2 айдан асқан балаға Манту сынамасының теріс нәтижесінде

! Анасында туберкулез болғанда емшекпен емізуге қарсы көрсеткіш болатыны:

* кальцинация фазасындағы өкпе туберкулезі

*+өкпенің, емшек безінің активті туберкулезі

* бұрын болған диссеминирлік туберкулезі

* өкпенің активсіз туберкулез формалары

* туыттан кейін отбасындағы анықталған туберкулез

! Туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинация және ревакцинациясы - бұл:

* туберкулездің спецификалық емес алдын алуы

*+туберкулездің спецификалық алдын алуы

* туберкулезді алдын ала ескертетін шаралары

* туберкулездің емі

* туберкулездің диагностикасы

! БЦЖ екпесінде қолданылатын препарат:

* ППД-Л вакцинасы

* Кохтың альт туберкулині

*+БЦЖ вакцинасы

* стандартты туберкулин

* ҚТТ

! БЦЖ вакцинасы бұл:

* тірі ТМБ-ры

* өлтірілген ТМБ-ры

*+тірі, бірақ әлсіз вакциналық микобактерия штаммы

* тіріде емес, өлтірілген де емес ТМБ

* ТМБның адам түрі

! БЦЖ вакцинасы енгізіледі:

* ішке және мұрын ішіне

* булшық етке

* теріге

* тері астына

*+тері ішіне

!БЦЖ вакцинанасының енгізілетін орны:

* жауырын асты аймағы

* іш аймағы

* оң жақ иықтың жоғарғы және ортаңғы бөлігі

*+сол жақ иықтың жоғарғы және ортаңғы бөлігінің шекарасы

* білектің жоғарғы бөлігі

! БЦЖ вакцинация және ревакцинациясын дұрыс жасаған жағдайда теріде қалатыны:

* дақ

*+тыртық

* жұлдыз тәрізді тыртық

* келлоидты тыртық

* папула

! Тыртықтың қолайлы өлшемі:

* 1-2 мм

* 3-4 мм

*+5-8 мм

* 9-11 мм

* 12-15 мм

! БЦЖ вакцинациясы көбіне кімге жасалады?

* 1 жастағы балаларға

*+нәрестелерге

* 15-17 жаста жасөспірімдерге

* 6-7 жастағы балаға

* 11-12 жастағы балаға

! Егер жанұяда туберкулезбен адам болса, БЦЖ екпесінен кейін баланы оңашалайды:

* 5 айға шипажайға оңашалайды

* туберкулез ауруханасының балалар бөлімшесіне жатқызады

*+балалар үйіне кемінде 2 айға оңашалайды

* жеке бөлмеге оңашалайды

* нәрестелерді жетілдіру бөлімшесіне кемінде 4 айға оңашалайды

! БЦЖ вакцинациясы қай жерде өткізіледі?

*+перзентханада

* бала бақшада

* емханада

* диспансерде

* мектепте

! Шала туылған нәрестелерге (салмағы 2000 г төмен) БЦЖ вакцинациясы өткізіледі:

* бала бақшада

*+емханада

* мекетепте

* перзентханада

* ауруханада

! БЦЖ ревакцинациясы қай жерде өткізіледі?

* перзентханада

*+мектепте

* диспансерде

* бала бақшада

* ауруханада

! БЦЖ вакцинациясын кім жүргізеді?

* ауруханадағы медбике

* педиатр

* фтизиопедиатр

*+арнайы оқытылған медбике

* перзентахана медбике

!БЦЖ ревакцинациясының негізі

*+вакцинациядан кейін иммунитеттің төмендеуі

* туберкулезбен аурған науқаспен қарым-қатынаста болуы

* вакцинациядан кейін белгілердін болмауы

* туберкулезбен ауырған

* Манту сынамасының оң болуы

! Қосымша БЦЖ вакциналауы - бұл

* перзентаханада БЦЖ вакцинасы егілмеген нәрестелер

* 6-7 жастағы балаларға ревакцинация жасау

* 1-4 күндегі вакцинация

*+тыртық пайда болмаған балаларға қайталап БЦЖ жасау

* қарсы көрсеткіштері жойылғанда ревакцинация жасау

!БЦЖ ревакцинация жасауға негізгі көрсеткіш болады:

* 2 ТБ Манту сынамасының оң болуы

*+2 ТБ Манту сынамасының теріс болуы

* бұрын туберкулезбен ауырған

* туберкулезбен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болуы

* БЦЖ вакцинасының жанама әсері

!Ашық БЦЖ вакцинасының сақтау ұзақтығы:

* 3 сағат

*+6 сағат

* 8 сағат

* 1 тәулік

* 2 сағат

! БЦЖ вакциналаудан кейінгі белгі қалыптасады:

*+2-4 ай аралығында

* 6 ай аралығында

* 1 жыл аралығында

* 2 жыл аралығында

* 1 апта аралығында

! БЦЖ вакцинациясын өткізу үшін алдын ала 2 ТБ Манту реакциясын жүргізу керек:

* өмірінің 1 айынан

*+өмірінің 2 айынан

* өмірінің 3 айынан

* өмірінің 6 айынан

* 1 жылдан бастап

! Егер анасы туберкулезбен ауратын болса, БЦЖ екпесінен кейін баланы оңашалау қажет:

* 4 айға: 2 ай химиопрофилактика жүргізу үшін, 2 ай – туберкулезге қарсы иммунитеттің қалыптасуы үшін

* 2 айға: 1 ай химиопрофилактика жүргізу үшін, 1 ай – туберкулезге қарсы иммунитеттің қалыптасуы үшін

*+5 айға: 3 ай химиопрофилактика жүргізу үшін, 2 ай – туберкулезге қарсы иммунитеттің қалыптасуы үшін

* тек туберкулезге қарсы иммунитеттің қалыптасуы үшін (тыртықтың дамуы)

* 3 айға: 2 ай химиопрофилактика жүргізу үшін, 1 ай – туберкулезге қарсы иммунитеттің қалыптасуы үшін

! БЦЖ ревакцинациясын жүргізуге абсолюттік қарсы көрсеткіштері:

* жүйке жүйесінің аурулары

* созылмалы соматикалық аурулар

* респиаторлы алллергоз

* туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынас

*+АИТВ/ЖИТС, туберкулезбен ауырған адам

! Балаларға БЦЖ вакцинациясы қандай мақсатпен жасалады?

*+туберкулезге қарсы иммунитеттің түзілуі (адамды туберкулезден сақтандыру)

* әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтандыру

* туберкулезді уақытылы анықтау

* бактерия бөлуші науқаспен қатынас болған жағдайда инфекция жұқтырудан сақтандыру

* туберкулезді жұқтырудан сақтандыру

! ДДҰ ұсынысы бойынша балаларға қанша БЦЖ екпесі жасалу керек?

* вакцинациядан бас тарту керек

* тек бала туылған кезде ғана вакцинация жасау

*+бала туылған кезде вакцинацияны және 1 рет ревакцинацияны жасау керек

* бала туылған кезде вакцинация және ревакцинацияны 2 рет жасау керек

* бала туылған кезде вакцинацияны және 30 жасқа дейін әр 5-7 жыл сайын ревакцинацияны жасау керек

! Вакцинациядан кейін айқын иммунитеттің қалыптасу мерзімі:

* 7-10 күнннен кейін

* 2-3 аптадан кейін

* 6-8 айдан кейін

* 6 айдан кейін

*+1 жылдан кейін

!Қосымша БЦЖ вакцинациясы 1 жастан асқан балаларға жүргізіледі:

*+теріс Манту сынағы нәтижесінде

* оң Манту сынағында

* алдын-ала Манту сынамасыз

* БЦЖ вакцинациясының асқынулары дамыған балаларға

* туберкулин сынағының күмәнді нәтижесінде

! Нәрестелердегі БЦЖ вакцинациясының абсолюттік қарсы көрсеткіштері:

* салмағы 2000 г астам шала туылған нәрестелер

*+алдағы балалардағы жайылған БЦЖит

* жатырішілік инфекция

* салмағы 2000 г төмен шала туылған нәрестелер

* анасындағы АИТВ/ЖИТС инфекциясы

! Нәрестелердегі БЦЖ вакцинациясының салыстырмалы қарсы көрсеткіштері болатыны:

* салмағы 2000 г жоғары туылған нәрестелер

* анасындағы активті туберкулез

*+нәрестелердің гемолитикалық ауруы

* жеңіл ауырлықтағы бас-ми жарақаттары

* АИТВ/ЖИТС инфекциясы

! БЦЖ ревакцинациясына салыстырмалы қарсы көрсеткіштері болатыны:

* БЦЖ вакцинацияның асқынулары

* иммундық тапшылық жағдайы

*+жедел аурулар немесе өршу кезеңіндегі созылмалы аурулар

* оң нәтижелі Манту сынамасы

* анасындағы АИТВ/ЖИТС инфекциясы

! БЦЖ ревакцинациясына абсолюттік қарсы көрсеткіштері болатыны:

* БЦЖ вакциналаудан кейін тыртықтың жоқ болуы

* туберкулезді науқаспен қатынас

*+қан аурулары және қатерлі ісіктер

* колагеноздар мен ревматизм

* вирустық гепатит бойынша карантин

! Қолданылмаған БЦЖ вакцинасының қалдықтарын

* егуші мед.бике залалсыздандырып жою қажет

* залалсыздандырып канализацияға құю қажет

*+аймақтық мемлекеттік санэпид. бақылау департаментіне өткізуі керек

* толық қолданғанша тоңазытқышта сақтау

* туберкулезге қарсы диспансерге өткізу

! БЦЖ вакцинасын үнемі сақтауға рұқсат етіледі

* тек туберкулезге қарсы диспансерде

* тек бала емханасының егу бөлмесінде

*+тек босану үйлерінде ғана тоңазытқышта арнайы құлыппен жабылу арқылы

* тек мемлекеттік санэпид. бақылау департаментінде

*тек мемлекеттік санэпид.бақылау департаментінде тоңазытқышта арнайы құлыппен жабылу арқылы

! Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясының аралығы

* 2 күн мен 1 апта аралығы болуы қажет

* 3 күн мен 1 апта аралығы болуы қажет

* 1 ай аралығы болуы қажет

*+3 күн мен 2 апта аралығы болуы қажет

* 2 күн мен 4 апта аралығы болуы қажет

!АИВ-жұқтырылған аналардан жаңа туылған нәрестелер

* барлық жағдайларда қалыпты мөлшердегі БЦЖ вакцинасы егіледі тері ішіне бір мәрте және күнтізбелік мезгілде

* БЦЖ вакцинасы егілмейді бір мәрте және күнтізбелік мезгілде

*+АИВ-инфекциясының клиникалық белгілері мен басқа да кері әсер белгілері байқалмаса, БЦЖ вакцинасы егіледі бір мәрте және күнтізбелік мезгілде

* АИВ-инфекциясының клиникалық белгілері байқалсада, БЦЖ вакцинасы егіледі бір мәрте және күнтізбелік мезгілде

*оларға алдын ала химиопрофилактика жүргізіледі, содан кейін БЦЖ вакцинасы егіледі

!АИВ-жұқтырылған аналардан жаңа туылған нәрестелерге күнтізбелік мерзімде БЦЖ егуі жасалмаса, оларға БЦЖ екпесі өткізіледі

* барлық жағдайларда қалыпты мөлшердегі БЦЖ вакцинасы күнтізбелік мезгілде егіледі

* күнтізбелік мезгілде БЦЖ вакцинасы егілмейді

* туылғаннан кейін 2 ай ішінде (туылған кезеңінен) алдын ала Манту сынамасыз

* туылғаннан кейін 4-апта ішінде Манту сынамасының теріс нәтижесінде

*+ туылғаннан кейін 4 апта ішінде (туылған кезеңі) алдын ала Манту сынамасыз

! АИВ-жұқтырылған аналардан жаңа туылған нәрестелерге 4 апта ішінде (туылған кезеңі) БЦЖ егуі жасалмаса, онда

* кез келген жағдайларда қалыпты мөлшердегі БЦЖ вакцинасы кеш мезгілде егіледі

*+жайылмалы БЦЖ инфекциясының дамуы мүмкін, сондықтан БЦЖ вакцинасы егілмейді

* туылғаннан кейін 2 ай ішінде (туылған кезеңінен) алдын ала Манту сынамасыз егіледі

* туылғаннан кейін 4 апта ішінде Манту сынамасының теріс нәтижесіндеегіледі

* туылғаннан кейін 4 апта ішінде (туылған кезеңі) алдын ала Манту сынамасыз егілмейді

!АИВ-жұқтырылған аналардан жаңа туылған балаларға қосымша БЦЖ вакцинациясы

* алдын ала Манту сынамасыз баланың 6 айында жасалады

*+АИВ инфекциясының жұқпағаны анықталғаннан кейін, 12 айында, кейбір жағдайларда 15-18 айларында Манту сынамасының теріс нәтижесінде жасалады

* туылғаннан кейін 2 ай ішінде (туылған кезеңінен) алдын ала Манту сынамасыз

* туылғаннан кейін 4-апта ішінде Манту сынамасының теріс нәтижесінде

* 6 айға дейін, кейбір жағдайларда 7-8 айында (АИВ инфекциясының жұқтырылғаны, не жұқпағаны анықталғанша)

! АИВ-жұқтырылған балаларға БЦЖ ревакцинациясы

* алдын ала Манту сынамасыз баланың 6 жасында жасалады

* АИВ инфекциясының жұқпағаны анықталғаннан кейін, 7 жаста Манту сынамасының теріс нәтижесінде жасалады

*+иммундық тапшылықтың өсуіне байланысты, жайылмалы БЦЖ инфекциясының туу қаупі бар болғандықтан,БЦЖ ревакцинациясы жүргізілмейді

* 10 жасқа дейін, кейбір жағдайларда 15-18 жасқа дейін БЦЖ ревакцинациясы жасалынбайды

* БЦЖ ревакцинациясы бала 12 жасқа толғанда жасалады

! Егер бала АИВ-жұқтырылған анадан туылса, бірақ өзі АИВ- жұқтырылмаған болса, БЦЖ ревакцинациясы

* алдын ала Манту сынамасыз баланың 6 жасында жасалады

*+күнтізбелік мерзімде (6-7жасқа сәйкес) Манту сынамасының теріс нәтижесінде егіледі

* иммундық тапшылықтың өсуіне байланысты, жайылмалы БЦЖ инфекциясының туу қаупі бар болғандықтан,БЦЖ ревакцинациясы жүргізілмейді

* 10 жасқа дейін, кейбір жағдайларда 15-18 жасқа дейін БЦЖ ревакцинациясы жасалынбайды

* БЦЖ ревакцинациясы бала 12 жасқа толғанда жасалады

! БЦЖ вакцинация мен ревакцинациясын кім жүргізеді?

*+жалпы медицина жүйесінің қызметкерлері

* санитарлы-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері

* фтизиопедиатр дәрігірлері

* дәрігір фтизиатрлар

* инфекционисттер

! Туберкулиндік диагностиканы кім жүрізеді?

*+жалпы медицина жүйесі қызметкерлері

* туберкулезге қарсы диспансер

* туберкулезге қарсы аурухана

* санитарлы-эпидемиологиялық бақылау департаменті

* бала ауруханасы

!Барлығы - туберкулезге қарсы аурухананың жұмысын құрайтын негізгі шаралар, біреуінен басқасы:

* жалғастыру фазасында емдеу

* туберкулездің диагностикасы

*+баланы сауықтұру (оздоровление)

* қарқынды фазада емдеу

* патогенетикалық емді жүргізу

! Аталғанның барлығы жалпы педиатрияда туберкулезге қарсы қолданылатын шаралар, біреуінен басқасы:

* жаппай туберкулин диагностикасын өткізу

* БЦЖ вакцинациясын жасау

* туберкулезді ерте анықтау

*+виражы бар балаларды тексеру

* БЦЖ ревакцинациясын жүргізу

! Химиялық алдын алудың көрсеткіштері:

* туберкулинге белгісіз этиологиялы аллергия

*+біріншілік туберкулезді инфекцияның ерте кезеңі

* сезімталдықтың сөнуі немесе туберкулинге гипорергия

* өкпенің бейспецификалық созылмалы аурулары

* өкпеден тыс туберкулез науқасымен қатынас

! Туберкулездің химиопрофилактикасы қандай препараттармен балаларға жүргізіледі?

* стрептомицин

* рифампицин

* ПАСК

*+изониазид

* этамбутол

!Аллергия сипатының дифференциалды диагностика кезінде ескеретін белгілер:

* баланың жасы

* туа пайда болған немесе фонды патологияның бар болуы

* баланың жынысы

* БЦЖ екпесінен кейінгі асқынулар

*+Манту сынамасының сипаты мен өлшемі

! Бір жыл бойы 3-Б топ диспансерлік есептің бақылауында тұратындар

*+туберкулезді жұқтырғандар, БЦЖиттер

* қосымша вакцинацияланған нәрестелер

* химиотерапия толық курсын бітірген және туберкулезден айыққан адамдар

* ДОТС-плюс бойынша ем қабылдап жүрген 4 категориядағы науқастар

* БЦЖ екпесін перзентханада алмағандар

! БЦЖ екпесінің жанама әсерлері – бұл

* БЦЖ-инфекциясының жайылмалы түрі

* БЦЖ екпесіне дамыған жергілікті реакция

*+БЦЖ екпесінен кейінгі асқынулар

* жасырын микробизм

* жергілікті реакцияның болмауы

! БЦЖ асқынуларымен балаларға қандай тексерулер өткізіледі?

*+қан және зәр сынақтары, өкпе рентгенограммасы

* қанның биохимиялық сынағы

*кеуде торының аумақты шолу рентгенограммасы

* теріішілік Манту сынамасы

* ТМБна аңқасынан жағынды бактериоскопиясы

! Қазіргі таңда елімізде қолданылатын БЦЖ вакцинасы:

* Ресей вакцинасы

* Сербия вакцинасы

* Франция вакцинасы

*+Жапония вакцинасы

* Копенгаген вакцинасы

! Туберкулезге қарсы диспансердегі БЦЖ асқынуларымен балалардың бақылау мерзімі:

* емнің жүргізу кезінде

* 6 ай

*+1 жыл

* 2 ыл

* 2-4 ай

!БЦЖ вакцинасын тері астына еңгізген жағдайда әдетте болады:

* тыртық

* беткей ойық жара

*+суық абсцесс

* апигменттік дақ

* остит

! Перзентханада БЦЖ вакцинациясы жасалу керек:

* фтизиатрдың қатысуымен

* эпидемиологтың рұқсатымен, оның көзінше

*+анасының келiсiм хатымен, оның көзінше

* микропедиатрдың қатысуымен

* бас дәрігердің қатысуымен

! Инфекция жұқтырылған не туберкулезбен ауратын баланың туберкулиндік сезімталдығы әдетте болады:

* оң анергиялық

*+нормергиялық, гиперергиялық

* гипоергиялық не некротикалық

* анергиялық не гипоергиялық

* теріс анергиялық

! Қазіргі таңда ең жиі кездесетін параспецификалық реакциялар:

* баланың жалпы жағдайының нашарлауы, мазасыздануы

* эозинофилдік пневмония, полисерозиттер, нейротоксикоз

*+токсико-аллергиялық көз жарақаттары, отит, ЖРВИ, бронхит

* псевдоревматизм Понсе, түйінді эритема

* токсикалық гепатит, нефрит, оститтер

! Манту сынамасының қандай нәтижесінде баланы фтизиатрға жіберудің қажеттілігі жоқ?

*+теріс не күмәнді

* күмәнді не оң

* оң не гиперергиялық

* күрт оң не гиперемияда

* везикула не некротикалық

 


Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 3989 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.059 сек.)