АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Туберкулиндік диагностика

Прочитайте:
  1. E. АИВ инфекциясына серодиагностика
  2. II. Диагностика
  3. II. Диагностика
  4. II. Диагностика
  5. II. Диагностика
  6. III. Диагностика лекарственной аллергии
  7. III. Лабораторная диагностика хронического панкреатита
  8. IV) Травматические повреждения периферический нервов и сплетений. Клиника, диагностика, лечение, виды операций.
  9. IV. Диагностика
  10. IV. Дифференциальная диагностика

! Туберкулин дегеніміз не?

* туберкулез таяқшаларын қайнатқанда жойылуы

* туберкулез таяқшаларын кептіргенде жойылуы

*+туберкулез таяқшаларының өмір сүру өнімдері

* тірі туберкулез таяқшалары

* туберкулез таяқшалырың сүзілу формалары

! Манту сынағын жасағандағы енгізілетін туберкулин мөлшері (мл):

*+0,1 мл 2 ТБ

* 0,1 мл 10ТБ

* 0,1 мл 20ТБ

* 0,1 мл 50ТБ

* 0,1 мл 100ТБ

! Барлығы туберкулиндік диагностиканың негізгі мақсаты мен міндеттері, біреуінен басқасы:

* алғашқы жұқтыруды анықтау

*+туберкулезге қарсы спецификалық иммунитеттің өндірілуі

* туберкулинге гиперергиялық реакциямен және өршуімен кездесетіндерді анықтау

* БЦЖ вакцинациясына балаларды іріктеу

* туберкулез микобактериялары мен жұқтырылған аллергия деңгейін анықтау

! Оң Манту сынамасындағы инфильтрат мөлшері:

* 1-2 мм

* 3-4 мм

*+5 мм және одан жоғары

* 15 мм және жоғары

* 21 мм

! Теріс Манту сынамасындағы нәтиже:

*+реакцияның болмауы немесе 1-2 мм

* папула көлемі 3-4 мм

* 5 мм және одан жоғары

*15 мм және жоғары

* 21 мм

!Фтизиатр-дәрігерге тексерілуге бағытталады:

* +виражды реакциясы бар балалар

*күмәнді туберкулин реакциясы бар балалар

* 3 мм және одан көп Манту сынамасы өлшемінің өсуі

* 2ТБ Манту сынағының теріс нәтижесі

* бұрыннан инфекция жұқтырғандарды

!Фтизиатр-дәрігерге тексерілуге бағытталады келесі балалар:

* бірнеше жыл бойы оң нәтижелі Манту сынамасы

* +гиперергиялық туберкулин реакциясы бар балалар

* 3 мм және одан көпке Манту сынамасы өлшемінің өсуі және

* 2ТБ Манту сынағының теріс нәтижесі

* БЦЖ екпесін алған және Манту сынымасы оң нәтижелі балалар

!Фтизиатр-дәрігерге тексерілуге бағытталады:

* бірнеше жыл бойы оң нәтижелі Манту сынамасы

*оң нәтижесінен кейін алғашқы теріс нәтиже

* +6 мм және одан көпке Манту сынамасы өлшемінің өсуі және 12 мм-ден жоғары болуы

* 2 ТБ Манту сынағының теріс не күмәнді нәтижелері

* БЦЖ екпесін алған және Манту сынымасы оң нәтижелі балалар

! Кох сынамасының оң (+) нәтижесіне тән папула көлемі:

* реакцияның болмауы

*+папула 15-20 мм және одан жоғары

* папула 2-4 мм

* папула көлемі 5-7 мм

* папула көлемі 3-5 мм

! Пирке сынамасы жүргізіледі

*+теріге

* тері астына

* тері ішіне

* көк тамырға

* бұлшық етке

! ТМБ жұқтырғандар деп, Манту сынамасынан кейін туберкулинге сезімталдығы нақты анықталғандарды айтады:

*+алғаш оң нәтижелі Манту сынамасы, гиперергия не папуланың 6 мм-ге өсуі

* алғаш оң нәтижелі реакция (папула көлемі 5мм ден жоғары), БЦЖ вакцинасиясының имунитетімен байланысты

* 4-5жыл бойы инфильтраттың көлемі 2-4 мм болып тұрақты сақталуы

* БЦЖ вакцинасиясының имунитетімен байланысты теріс нәтиженің тұрақты сақталуы

* папуласыз гиперемияның бірнеше жыл бойы тұрақты сақталуы

!Гиперергиялық реакция мен вираж анықталған жағдайда балалар:

* диспансерлік есептің 0 тобында тұруы қажет

* диспансерлік есептің ІІІ-А тобында тұруы қажет

*+диспансерлік есептің ІІІ-Б тобында тұруы қажет

* диспансерлік есептің І-А тобында тұруы қажет

* педиатрдың есебінде тұруы қажет

! Балаларда Манту сынамасы күрт оң деп есептеледі, егер инфильтрат мөлшері:

* 2-4 мм

* 5 мм және одан жоғары

* 17 мм және одан жоғары

*+15 мм және жоғары

* 12мм және одан жоғары

! Жасөспірімдерде Манту сынамасы күрт оң деп есептеледі, егер инфильтрат мөлшері:

* 2-4 мм

* 5 мм және одан жоғары

*+17 мм және одан жоғары

* 15 мм және жоғары

* 12мм және одан жоғары

!Балаларда гиперергиялық реакция мен вираж анықталған жағдайда, өзге алдын алу егулері жасалу керек

* туберкулезге тексеріліп ауруы жоққа шығарылғаннан кейін

* кемінде 6 айдан кейін

*+химиялық ем курсы аяқталғаннан кейін үш айдан кейін

* 1 жылдан кейін, яғни есептен шығарылғаннан кейін

* жасалатын мерзімінің маңызы жоқ

! Манту сынамасының қарсы көрсеткіштері болатыны:

*+тері аурулары, жедел және өршу кезеңіндегі созылмалы аурулары (эпилепсия)

*аллергиялық жағдай, ревматизмнің ремиссия кезеңі, бронхиалды астма

* бұрын болған туберкулез

* туберкулезбен ауратын науқаспен қатынас

* туберкулезбен инфицирлену

!Балаларда кездесетін жұқпалы аурулардан уақытша тыйым салынған ұжымдарда (карантин) Манту сынамасы

* 1 айдан кейін жасалады

* 2 аптадан кейін жасауға болады

* карантин мерзімі өткен сон 1 айдан кейін ғана жасауға болады

* аурулар болмаған жағдайда жасауға болады

*+тек тыйым мерзімі өткен соң ғана жүргізіледі

!АИВ-жұқтырылған балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамасы жасалады ма және оның себептерін анықтаңыз:

*жүргізіледі, өйткені теріс немесе күмәнді Манту нәтижесі ТМБ жұқтырылғанын жоққа шығарады

* жүргізілмейді, өйткені туберкулинге ағзаның айқын аллергиялық белгісі болуы мүмкін

* кез келген жағдайда Манту сынамасы жүргізіледі

*жүргізіледі, өйткені теріс немесе күмәнді Манту нәтижесі туберкулездің активті процесінің жоқ болуын дәлелдеуі мүмкін

*+жүргізілмейді, өйткені теріс не күмәнді Манту нәтижесі туберкулез жұқтырғанын не активті процесінің бар болуын дәлелдемейді

!Туберкулез инфекциясы ошақтарының балаларына туберкулинді диагностика жүргізіледі

* бала емханасында

* үйде

* мектепте

* қез келген жерде жасауға болады

*+туберкулезге қарсы диспансерлерде

! Манту сынамасын үйде

*егуге болады

*+егуге болмайды

* туберкулез инфекция ошағындағы балаларға егуге болады

* тек ерте жастағы бабаларға жасауға болады

* әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларға егуге болмайды

! Манту сынағын жүргізуге қандай туберкулин қолданылады?

* қүрғақ тазартылған РРД-5 ТБ туберкулин

* РРД –S халықаралық стандарт

*+тазартылған РРД- 2 ТБ туберкулині

* Кохтың альт туберкулині

* тазартылған сенситин

! Манту сынамасын жасауға қолданылатын туберкулин мөлшері (мл):

* 0,05

*+0,1

* 0,2

* 1,0

* 0,025

! Химиялық алдын алудың қарсы көрсеткіштері:

*+қояншық, ОЖЖ зақымданулары

*жыныс-несеп жүйесінің аурулары

* жүрек-тамыр жүйесінің аурулары

* сүйек-буын жүйесінің аурулары

*ағзаның созылмалы аурулары

!Поствакциналды аллергияға тән Манту сынамасындағы папула жайы:

* папула өлшемі 15 мм және жоғары

*+жыл сайын төмендейді

* жыл сайын өршиді

* көлемі 12 мм-ден жоғары

* оң нәтижелі анергия

! Туберкулез ауруының «қауіп –қатер» тобына жататын балалар:

* анемиямен

* ЖРВИмен ауырғандар

*+ұзақ жөтел (2 аптадан аса уақыт), улану белгілерінің қарқынды күш алуы

* БЦЖ вакцинасымен егілгендер

*шеткі лимфа түйіндерінің 4 және одан көп топтарында 2-3 өлшемге дейін ұлғаюы

! Туберкулез инфекциясына спецификалық аллергия анықталады

* Кох сынағымен

* БЦЖ вакцинасымен

*+Манту сынағымен

* Пирке сынағымен

* лимфоциттердің бласттрансформация реакциясымен

! Күмәнді Манту сынамасы - бұл:

* анергиялық реакция

* алғашқы анықталған оңбелгі -вираж

*+гиперемия, папула 2-4 мм

* папула көлемі 12-17 мм

* папула көлемі 5-11 мм

! Туберкулезді химиялық алдын алуы АИВ жұқтырылған балалар, жасөспірімдер және ересектерге бір реттік жүргізіледі:

*изонизид 5 мг/кг дене салмағы есебімен (0,3г аспайды) қоса пиридоксин - 25мг, бір тәулікте күнделікті тәртіпте 3-ай бойы

* рифампицин (10 мг/кг салмағын* және этамбутол (15 мг/кг салмағын* 12 ай бойы интермиттирлеуші тәртіпте

*+изонизидпен (Н) 5 мг/кг дене салмағы есебімен (0,3г аспайды) қоса пиридоксин - 25мг, бір тәулікте күнделікті тәртіпте 6-ай бойы

*рифампицин (10 мг/кг салмағын* және пиразинамид (25 мг/кг салмағын* 6 ай бойы күнделікті тәртіпте

*изонизид 5 мг/кг дене салмағы есебімен (0,3г аспайды) және этамбутол (15 мг/кг салмағын*, қоса пиридоксин - 25мг, бір тәулікте күнделікті тәртіпте 3-ай бойы

! Туберкулин сезімталдығының виражы болатыны:

*+былтыргы теріс Манту сынағының биылғы жылы оң нәтижесіне ауысуы

* былтыргы оң Манту сынағының биылғы жылы гиперергия нәтижесіне ауысуы

* былтыргы күмәнді Манту сынағының биылғы жылы оң нәтижесіне ауысуы

* былтыргы Манту сынағына қарағанда биылғы нәтижесінің 6 мм-ге өсуі

* оң Манту сынағының теріс нәтижесіне ауысуы

! Біріншілік жұқтыру кезеңдері:

* бронхогенді себілу

* жасырын микробизм

*+аллергия алды және аллергиялық

* тұрақсыз бактериемия

*өршуікезеңі мен диссеминация

! Алғашқы жұқтырудың туберкулезге ауысуына негізгі себеп болатыны:

* иммунитеттің жас ерекшеліктері және БЦЖ вакцинациясының дұрыс сақталмауы

*+көп мөлшердегі жоғары вирулентті ТМБ организмге енуі

* гигиеналық тәртіпті бұзуы және нашар тамақтануы

* интеркурренттік аурулар

* туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынас
! Салыстырмалы диагностиканы жүргізгенде қолданылатын сынама:

* Манту сынағы

*+теріастылық Кох сынағы

* Пирке сынағы

* Михайлов сынағы

* гемотуберкулин сынағы

! «Қауіп-қатер» тобына жататын балалар

* вирусты гепатитпен

* қояншықпен ауыратындар

*+әлеуметтік жағдайы нашар, жабық оқу орындағылар

* эндокринді аурулардан, семіздіктен зардап шегетіндер

*БЦЖ вакцинациядан кейін тыртығы дамыған балалар

! Манту сынағын балаларға қандай мақсатпен қолданады?

* туберкулезге қарсы спецификалық иммунитеттің өндірілуі

* организмнің инфекция жұқтырған деңгейін анықтау үшін

*+туберкулездің диагностикасы

* БЦЖ реакциясын қадағалау

* туберкулезден жазылғанын анықтау

! Егерде 12 мм папула өлшемімен Манту сынамасы оң болса, онда бұл бала

* міндетті түрде туберкулезбен аурған

* қоршағандар адамдарға жұқпалы

* тек туберкулезді жұқтырған

*+туберкулезді жұқтырған және аурған болуы мүмкін

* поствакциналды аллергия

! Туберкулез диагнозын қоюда маңызды болатыны

*+ТМБна қақырықты зерттеу

* кеуде торының рентгендік зерттеуі

* Манту сынағы

* жалпы қан және зәр көрсеткіштері

* кеуде торының перкуссия мен аускультациясы

! Вакциналаудан кейінгі аллергия келесі белгілермен көрінеді:

* улану белгілерінің болуымен

* алғашқы Манту сынағының оң болуымен (вираж)

* БЦЖ вакцинациясының төменгі тийімділігімен

*+Манту сынағының оң болуымен (5-11 мм), папуласы айқын емес, тез сөнетін

* Манту сынағының оң болуымен (12-21 мм), папуласы айқын, пигментация қалдыратын, везикула болуы мүмкін

! Инфекциялық аллергия келесі белгілермен көрінеді:

*+везикула-некротикалық реакциямен, виражбен не өлшемінің өсуімен

* алғашқы Манту сынағының теріс болуымен

* вакцинацияланған балаларда болуымен, тыртық өлшемі 5-8 мм

* Манту сынағының оң болуымен (5-11 мм), папуласы айқын емес, тез сөнетін

* Манту сынағының күмәнді не теріс болуымен

! Анергиялық реакциялардың түрлері:

* біріншілік не екіншілік

*+оң және теріс

* гиперемиялық не гиперергиялық

* некротикалық не везикулярлы

* теріс не күмәнді

! Күрт оң реакцияларына жататыны:

* 5 мм және одан жоғары

*+17 мм және одан жоғары, везикула- некроз

* екпе орынының белгісі

* гиперемия не папула көлемі 4 мм дейін

* апигменттік дақ

! Туморозды бронхоадениттегі жиі болатын туберкулиндік сынаманың өлшемі:

* күмәнді лимфангоитпен

* гиперергиялық не теріс

*+оң немесе күрт оң

* теріс анергия

* везикула-некроз не күмәнді

! Туберкулезді плевритте Манту сынамасы жиі болады:

* күмәнді

* оң (5-12 мм)

*+гиперергиялық

* теріс

* оң (12-14 мм)

! Туберкулездің біріншілік формаларындағы туберкулин сезімталдығы:

* сирек күмәнді

*+жиі оң

* теріс болуы мүмкін

* везикула-некротикалық

* анергиялық

! Туберкулездің біріншілік асқынған формаларындағы туберкулин сезімталдығы сипатталады:

* кейде теріс

*+жиі нормергиямен

* гипоергиямен болуы мүмкін

* везикула-некротикалық

* күмәнді

! Педиатр тәжрибесінде жиі қолданылатын сынама:

* Семенов

* Пирке

* Ривальт

*+Манту

* Кох

! Туберкулезбен жұққандық көрсеткіші анықтайды:

* туберкулезді жұқтырған нәтижесіндегі 1000 бала тұрғындарына шаққандағы оң Манту сынамасын көрсеткен балалардың саны

* пайызбен есептегендегі алғашқы оң Манту сынамасын көрсеткен балалардың саны

* 1000 тексерілген адамдарға шаққандағы күрт оң Манту сынамасын көрсеткен балалардың саны

* пайызбен есептегендегі бұрыннан туберкулез инфекциясын жұқтырғандардың саны

*+пайызбен есептегендегі туберкулезді жұқтырған нәтижесінде оң Манту сынамасын көрсеткен балалардың саны

! Химиялық алдын алу туралы мәлімет тіркеледі:

* профилактикалық егу картасына (№063-у нұсқасы)

*+емханалық медкартасына (№026), ТБ-01, орындалған емнің қадағалау бетіне

* тек туберкулезге қарсы мекеменің диспансерлік картасына (ТБ-01)

* жүргізілетін химиотерапияның қадағалау парағы

* баланың даму тарихына (№112/у нұсқасы)

! Балалардағы туберкулезге қауіп-қатер топтарына жататыны

* созылмалы ауруларымен адамдар

* басқа жерден көшіп келгендер

*+ата-анасы созылмалы маскүнемдікке, нашақорлыққа салынған отбасылар

* БЦЖ вакцинасымен егілгендер

* Манту сынамасы бірнеше жыл бойы оң нәтижелі балалар

! Балалардағы туберкулезге қауіп-қатер топтарын құрайтын жандар:

* созылмалы ауруларымен адамдар

* басқа жерден көшіп келгендер

*химио алдын алушылар

* БЦЖ вакцинасымен егілгендер

*+гормонды терапия қабылдаушылар

!Туберкулездің химиялық алдын алуы қандай АИВ жұқтырылған адамдарға жүргізіледі?

*+туберкулез науқасымен қатынаста тұратынына байланыссыз, бірақ АИВ-жұқтырылғаны анықталған адамдардың барлығына жүргізіледі

* тек туберкулез науқасымен қатынаста тұратын АИВ-жұқтырылған адамдарға жүргізіледі

*туберкулез науқасымен қатынаста тұрмайтын АИВ-жұқтырылған адамдарға жүргізілмейді

*бактерия бөлінуі нәтижесімен байланысты туберкулез науқасымен ұстанған қатынастағы АИВ-жұқтырылған адамдардың барлығына жүргізіледі

* оң Манту реакциясында жүргізіледі

! Фтизиатрға қаралуға бала мынадай шағымдарымен келді: шеткі лимфа түйіндерінің 4 тобының ұлғаюы. Туберкулезді қатынасты жоққа шығарады. Манту сынамасы – алғашқы рет оң. Рентгенде - өзгеріс анықталған жоқ. Диспансерлік есеп тобын және бақылау мерзімін анықтаңыз.

* ІІІ-Б есеп тобы – 2 жыл

*+ІІІ-Б есеп тобы – 1 жыл

* ІІІ-А есеп тобы – 2 жыл

* ІІІ-А есеп тобы – 1 жыл

* 0 - есеп тобы – 4 ай

! Бала фтизиатрға қаралуға келді. Улану белгілері айқын. Шеткі лимфа түйіндері 4 тобында ұлғайған. Активті туберкулезі бар анасымен қатынаста болғаны анықталды. Манту сынамасы – алғашқы рет оң. Рентгенде - өзгеріс анықталған жоқ. Сіздің қойған болжам дигнозыңыз және қандай шара қолдануы қажет?

* вираж – изониазидпен 3 ай бойы химиопрофилактика жүргізу

*+балада біріншілік туберкулез болуы мүмкін – тексерулерді жалғастыру

* өкпе туберкулезі – ауруханаға емделуге жіберу

* педиатрдың бақылауы – туберкулезі жоқ

* туберкулезді қатынас - изониазидпен 3 ай бойы химиопрофилактика жүргізу

! Балаға Туберкулезді алғаш рет жұқтырған диагнозы қойылды. Диспансерлік есеп тобын және бақылау мерзімін анықтаңыз.

*+ІІІ-Б есеп тобы – 1 жыл

* ІІ-Б есеп тобы – 1 жыл

* ІІІ-А есеп тобы – 2 жыл

* І-Б есеп тобы – 1 жыл

* 0 - есеп тобы – 4 ай

! Бала-бақшадағы жүргізілетін алдын алу шаралары:

* флюорография

*+қатер топтарына Манту сынағын қою

* томография

* тері астылық Кох сынамасы

* Пирке сынағы

! ІІІ-Б диспансерлік есеп тобында бақылауда тұратын балалар:

*+гиперергиялық Манту сынамасы

* әктену және тығыздалу сатысындағы өкпе туберкулезі

* ыдырау және себілу сатысындағы өкпе туберкулезі

* инфильтрация сатысындағы өкпе туберкулезі

* деструкциялы өкпе туберкулезі

! Фтизиатрға Манту реакциясының нәтижесін алғаннан кейін жіберілмейтін балалар:

* виражбен

*+теріс сынамаларымен

* гиперергиялық реакциямен

* сынамалардың 6 мм және одан жоғары болуы

* везикуло-некротикалық өзгерістерімен

! “Вираж “ - нені дәлелдейді?

* ревакцинация қажеттігін

* туберкулездің болуын

* вакцинациядан кейінгі аллергияны

*+алғашқы жұқтырылуды

* екіншілік жұқтырылуды

! 1 жас 4 айлық балаға туберкулинді Манту сынамасы жүргізілген – папула 7 мм. Аймақты фтизиатрға кеңеске жіберілді. Сіздің ең ықтимал болжам диагнозыңыз?

* инфекциялық аллергия

*+вакциналаудан кейінгі аллергия

* парааллергиялық белгі

* токикалық аллергия

*жұқпалы аллергия

! 1 жастағы баланың вакциналаудан кейінгі аллергия көрсеткіші болатын папула көлемі (мм):

*12 -14 дейін

*15 -17 дейін

*18-21 дейін

*+5-11 дейін

* 2-4 дейін

! Виражбен балаларға химиялық алдыналу жүргізіледі:

* 3 спец. препаратпен

*+1 спец.препаратпен

* 2 спец.препаратпен

* кең спектрлі антибиотиктермен

*дәрумендермен және микроэлементтер

! Балалардағы туберкулездің дер кезінде анықталуы түрлеріне жататыны

* асқынулармен КІЛТТ

* туберкулезді менингит

* диссеминирлі туберкулез

* вираж

*+біріншілік туберкулезді кешен

! Келоидты тыртықтың болатыны

*тиімді иммунизация нәтижесінде

*біріншілік жұқтырудың нәтижесінде

*+БЦЖ вакциналаудың асқынуы

* тийімсіз иммунизация нәтижесінде

* БТКның нәтижесінде

! БЦЖ екпесінен кейін 1 жастағы балада Манту сынағының нәтижесі жиі болады:

* күмәнді реакция

*+11 мм дейін оң реакция

*14 мм ден жоғары оң реакция

* теріс реакция

* күрт оң реакция

! 2 жастағы балаға БЦЖ екпесі перзентханада жасалған – тыртығы 4 мм. Тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық отбасынан. Туберкулезді қарым-қатынас анықталмаған. Баланың қауіп-қатер тобында бақылау қажеттілігін көрсетіңіз.

* иә, қажеттілігі бар

*+қажеттілігі жоқ

* фтизиатрдың бақылауы қажет

* педиатрдың бақылауы қажет

* қалай да болса туберкулин сынағын қою қажет

! 5 жастағы балаға БЦЖ екпесі перзентханада жасалған – тыртығы 3 мм.Тұрмыстық жағдайы нашар отбасынан. Туберкулезді қарым-қатынас анықталмаған. Жыл ішінде 2 рет ЖРВИмен, осыдан жарты жыл бұрын жел шешекпен аурып шықты. Баланың қауіп-қатер тобында бақылау қажеттілігін көрсетіңіз!

*+иә, қажеттілігі бар

* қажеттілігі жоқ

* тек фтизиатрдың бақылауы қажет

* мүмкін педиатрдың бақылауы қажет

* инфекциялы аурухана дәрігерінің кеңесі

! Химиопрофилактика ең тиімді болады, егерде ол жүргізілетін болса

* туберкулезге қарсы диспансерде

*+шипажайда

* емханалық жағдайда педиатрмен

* бала-бақшада

* мектепте

! 10 жастағы балаға 6 жасында БЦЖ ревакцинациясы жасалған – екі тыртығы бар: 3мм, 5мм. Тұрмыстық жағдайы нашар отбасынан. Туберкулезді қарым-қатынас анықталмаған. 9 жасында Диффузды гломерулонефрит диагнозымен облыстық бала ауруханасына жатқызылды, сол жерде 5 ай бойы гормонды терапия жүргізілді. Қазіргі кезде жалпы әлсіздік, терлегіштік, субфебрильді дене қызуы мазалайды.

Гломерулонефритті емдеу кезіндегі дәрігердің әрекеті дұрыс па және оның себебі?

* иә, дәрігер дұрыс жасаған, ол негізгі ауруды емдеді

* жоқ, бүйрек туберкулезін анықтау үшін кеңеске фтизиатрды шақыруы қажет болатын

*+жоқ, гормонды терапия тағайындау алдында, баланың туберкулез жұқтырғандығын анықтау үшін алдын ала Манту сынағын жасау керек еді

* жоқ, жас ерекшеліктеріне байланысты бұл балаға гормонды терапияны жасауға болмайды

* жоқ, активті туберкулезді анықтау үшін барлық балаларғагормонды терапия тағайындау алдында өкпенің рентгенографиясы жасалады

! 10 жастағы балаға 6 жасында БЦЖ ревакцинациясы жасалған – екі тыртығы бар: 3мм, 5мм. Тұрмыстық жағдайы нашар отбасынан. Туберкулезді қарым-қатынас анықталмаған. 9 жасында Диффузды гломерулонефрит диагнозымен облыстық бала ауруханасына жатқызылды, сол жерде 5 ай бойы гормонды терапия жүргізілді. Алдын ала қойылған Манту сынамасының нәтижесі – 14 мм папула. Қазіргі кезде жалпы әлсіздік, терлегіштік, субфебрильді дене қызуы мазалайды.

Нені болжамдауға болады және оның себебі?

* балада активті туберкулез науқасымен белгісіз қат*ынас нәтижесіндегі дамыған алғашқы инфекция жұқтырылуы

*балада гломерулонефриттің асқынуындағы дамыған активті туберкулез

*балада гломерулонефриттің асқынуындағы дамыған несеп-жыныс жүйесінің туберкулезі

*+инфекция жұқтырған балаға гормонды терапияны туберкулезге қарсы препараттарсыз жүргізу нәтижесінде стероидты туберкулез дамыған

*балада негізгі аурудың өршуі байқалды

! Туберкулез таяқшасының қандай қасиетіне Циль-Нильсен бойынша бояуы негізделген:

* әр түрлі бояуға тұрақтылық

*сілтіге тұрақтылық

* спиртке тұрақтылық

* жарыққа тұрақтылық

*+қышқылға тұрақтылық

! Амбулатория жағдайында жасалу керек:

*+тек Манту сынамасы 2 ТБ-мен

* 100 ТБ Манту сынамасы

* тек Кох сынамасы

* Пиркесынағы

* Митинская сынағы

 

№ 3 ТАҚЫРЫП «БІРІНШІЛІК ТУБЕРКУЛЕЗ»

 

! Бала: жалпы селқостық, субфебрильді дені қызуы, жиі отит және кератоконьюнктивиттер шағымдарымен тексерілді! Рентген суретінде: оң жақ өкпенің С1 инфильтратты көлеңке түрінде өзгеріс көрінеді! Ол үлкейген трахеобронхиалды лимфа түйіндерімен жол арқылы байланысып жатыр! Ең ықтимал болжам диагнозын қойыңыз:

* КІЛТТ

*+БТК

* инфильтративті туберкулез

* сегментарлы пневмония

* ошақты-косылмалы пневмония

! Бала: жалпы селқостық, субфебрильді дені қызуы, жиі отит және кератоконьюнктивиттер шағымдарымен тексерілді! Рентген суретінде: оң жақ өкпенің С1 инфильтратты көлеңке түрінде өзгеріс көрінеді! Ол үлкейген трахеобронхиалды лимфа түйіндерімен жол арқылы байланысып жатыр! Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізесіз?

*+Манту сынамасы, ТМБ-на қақырық бактериоскопиясы

* ТМБ-на қақырық микроскопиясы мен көректі ортаға себу

* ИФА мен ПТР диагностикасы

* жалпы қан және зәр анализдері

* өкпенің компьютерлік томографиясы

! Бала: жалпы селқостық, субфебрильді дені қызуы, жиі отит және кератоконьюнктивиттер шағымдарымен тексерілді. Рентген суретінде: оң жақ өкпенің С1 инфильтратты көлеңке түрінде өзгеріс көрінеді. Ол үлкейген трахеобронхиалды лимфа түйіндерімен жол арқылы байланысып жатыр. Кеудеішілік туберкулезді диагностикалау үшін қандай қосымша зерттеулерді жүргізу қажет?

* диаскинтестпен сынама жүргізу

* ТМБ-на қақырық микроскопиясын қайталау

* қанның биохимиялық анализі

*+ТМБ-на қақырықты G-xpert әдісімен зерттеу, түбірлі томограмма

* өкпенің компьютерлік томографиясы

! Бала: жалпы селқостық, субфебрильді дені қызуы, жиі отит және кератоконьюнктивиттер шағымдарымен тексерілді. Рентген суретінде: оң жақ өкпенің С1 инфильтратты көлеңке түрінде өзгеріс көрінеді. Ол үлкейген трахеобронхиалды лимфа түйіндерімен жол арқылы байланысып жатыр. Аталғанның ішінде туберкулезді диагностикалау үшін қандай зерттеу ең маңызды болады?

* бұрынғы Манту сынамаларының нәтижелері

*+эпидемиологиялық анамнез (туберкулезді қатынас)

* ауру және өмір анамнезі

* баладағы қосарланған аурулар

* БЦЖ вакциналаудың тиімділігі

! Манту сынамасы оң, папуласы 10 мм бала тексерілуге жіберілді. Жалпы рентгенограммада сол жағынын түбір кеңейген. Бас бөлігінде лимфа түйінінің ұлғайғаны көрінеді. Ең ықтимал болжам диагнозын қойыңыз:

* саркоидоз

*+КІЛТТ

* ісік

* киста

*лимфогрануломатоз

! Бала тұмаумен ауырғаннан кейін улану, кератоконьюнктивит белгілері бар, шеткі лимфа түйіндері – 5 топқа дейін ұлғайған. Рентгенограммада - өкпе тінінде инфильтрат, өкпе түбірімен жол арқылы байланысқан. Ең ықтимал болжам диагнозын қойыңыз:

* біріншілік туберкулездік кешен тығыздалу фазасында

* +біріншілік туберкулездік кешен инфильтрация фазасында

* біріншілік туберкулездік кешен сорылу фазасында

* біріншілік туберкулездік кешен себілу фазасында

* біріншілік туберкулездік кешен кальцилену фазасында

! 3 жасар бала салмағын жоғалтуда, қозғыш, жөтеледі, коньюнктивит, отит ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2 бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Педиатрдың ең ықтимал жүргізу жолы:

*+диагнозды дәлелдеу үшін қосымша тексерулер жүргізу

* ауруханаға емделуге жіберу

* кең спектрлі антибиотиктермен емді бастау

* бірнеше күн бойы бақылауда қалтыру

* өмір мен ауру анамнезін дәлелдеу

! 3 жасар бала салмағын жоғалтуда, қозғыш, жөтеледі, коньюнктивит, отит ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2 бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізесіз?

*+жалпы қан және зәр анализдері, екіншілік флораға қақырықты зерттеу

* екіншілік флораға және ТМБ-на қақырықты зерттеу

* өкпенің компьютерлік томографиясы

* теріішілік Манту сынамасы

* қанның биохимиялық анализі

! 3 жасар бала салмағын жоғалтуда, қозғыш, жөтеледі, коньюнктивит, отит ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Осы жағдайда мынандай науқасқа қандай ем тағайындар едіңіз?

* химиотерпаия - изониазид этамбутолмен бірге

*+кемінде 2 кең спектрлі антибиотикпен емдеу курсын жүргізу

* туберкулез химиотерапиясы қосымша кең спектрлі антибиотиктермен

* антибактериалды терапия қосымша сорғыш препараттармен бірге

* антибактериалды терапия қосымша иммуномодуляторлармен бірге

! 3 жасар бала салмағын жоғалтуда, қозғыш, жөтеледі, коньюнктивит, отит ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Манту сынамалары: 1 жаста – 8 мм, 2 ж. – теріс, 3 ж. – 15 мм.

Тексеру кезіндегі Манту сынамасының ең ықтимал нәтижесін бағалаңыз.

*+ виражбен сипатталатын инфицирлену

* динамикадағы сынама өлшемінің өсуі

* динамикадағы сынама өлшемінің сөнуі

* туберкулезбен инфицирлену

* сынама өлшемінің сөнуі, содан кейін өсуі

! 3 жасар бала салмағын жоғалтуда, қозғыш, жөтеледі, коньюнктивит, отит ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Манту сынамалары: 1 жаста – 8мм, 2 ж. – теріс, 3 ж. – 15 мм.

Жылдар бойы туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипатын бағалаңыз.

* 1 жастан бастап туберкулезді жұқтыру

* мүмкін 1 жаста параллергиялық реакция болған, содан кейін 3 жасында туберкулезді жұқтырған

* мүмкін 1 жаста туберкулезді жұқтырған, содан кейін 3 жасында параллергиялық реакция

* 1 жаста туберкулезді жұқтырған, содан кейін 3 жасында поствакциналды реакция

*+1 жаста поствакциналды реакция, содан кейін 3 жасында туберкулезді жұқтырған

! 3 жасар бала салмағын жоғалтуда, қозғыш, жөтеледі, коньюнктивит, отит ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайғане Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тынысе Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес! Манту сынамалары: 1 жаста – 8 мм, 2 ж. – теріс, 3 ж. – 15 мм.

Тексеру кезіндегі туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипатын бағалаңыз.

* нормергиялық белгі

* теріс анергиялық белгі

*+гиперергиялық белгі

* оң анергиялық белгі

* гипоергиялық белгі

! 3 жасар бала салмағын жоғалтуда, қозғыш, жөтеледі, коньюнктивит, отит ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайғане Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тынысе Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Манту сынамалары: 1 жаста – 8 мм, 2 ж. – теріс, 3 ж. – 15 мм.

Қосымша тексерулер - жалпы қан анализінде: эритроциттер – 4,2х10 12 г/л, НВ – 120 г/л, лейкоциттер – 8,9; нейтрофилдер – 39 (т/я -3, с/я – 36); лимфоциттер – 44; эозинофилдер – 5, моноциттер – 12; ЭТЖ 12 мм/сағ.

Қан көрсеткіштеріне ең сенімді сипаттама беріңіз.

* лейкоцитоз, нейтрофилез, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

*+лимфопения, моноцитоз, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

* лимфоцитоз, моноцитопения, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

* лимфоцитоз, моноцитоз, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

* лимфопения, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

! Жасөспірімге профилактикалық флюорографиядан өткізген кезінде сол жақ өкпе түбірінен бронхопульмоналды лимфа түйіндерінің Са+ тұзы жиналған конгломераттары табылды. Ең ықтимал алдын ала диагнозын қойыңыз!

* лимфогрануломатоз

* кіші бронхоаденит

* саркоидоз

* инфильтратты бронхоаденит

*+ісікті бронхоаденит

! Оң нәтижелі Манту сынамасы бойынша балаға профилактикалық тексеруді жүргізгенде оң жақ түбірде ұлғайған лимфа түйіндері анықталды. Түбір кеңейген, анық контурымен, құрылымсыз. Микрополиадения симптомы бар, кератоконъюнктивит. Манту сынамасы 17 мм. Ең ықтимал алдын ала диагнозын қойыңыз.

* лимфогрануломатоз

* кіші бронхоаденит

* саркоидоз

* инфильтратты бронхоаденит

*+ісікті бронхоаденит

! Оң нәтижелі Манту сынамасы бойынша балаға профилактикалық тексеруді жүргізгенде оң жақ түбірде ұлғайған лимфа түйіндері анықталды. Түбір кеңейген, анық контурымен, құрылымсыз. Микрополиадения симптомы бар, кератоконъюнктивит. Манту сынамасы 17 мм.

Қандай перкуторлы-аускультациялық белгілер бұл клиникалық формада оң нәтижелі болады?

*Соловьев, Фридрих, Герхард

*Сукенников, Смитт, Семенов

*Философов табақшасы, Филатов

*+Дэлякамп, Дэспин, Кораньи, Философов

*Керри, Попов, Филатов, Винтрих

! Бала туберкулез таяқшаларын жұқтыру - диагнозымен фтизиатрдың есебінде тұр. Соңғы аймен субфебрилді температура, салмақ жоғалту, коньюнктивит, перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, жиі ЖРВИ – пайда болды. Рентгенограммада – өкпе түбірлері кеңейген, құрылымсыз, лимфа түйіндері анық көрінбейді. Туберкулездің ең ықтимал клиникалық формасын анықтаңыз:

*+кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, кіші түрі

*туберкулез таяқшаларын жұқтыру

* кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, кіші түрі

*кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ісік тәріздес түрі

*біріншілік туберкулезді комплекс

! Балаға инфильтрация фазасындағы туберкулезді бронхоаденит диагнозы қойылды. Рентгендегі ең ықтимал өзгерістерді көрсетіңіз:

*өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, түбір маңындағы аймақта ошақтар

*өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, өкпе суреті қоюланған

*+өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес жайылмалы

* өкпе түбірі кеңейген, фиброды тығыздалған, кальциленген лимфа түйіндері

* өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық, шығыңқы

! Гон ошағы - бұл

* кеуде ішілік лимфа түйінінің кальциленуі

*+1-1,5 см дейінгі БТК әктенген өкпелік компоненті

* түбірдегі ұсақ кальцинаттар

* 1-1,5 см дейінгі өкпедегі ошақты түзілістер

* 1,6-2,5см ден үлкен БТК әктенген өкпелік компоненті

! Ісікті бронхоадениттің қолайлы ем нәтижесі қандай болады?

*+фиброз, кальцинация

* кальцинация, қан түкіру

* қан түкіру, ателектаз

* толық сорылу

* бронх жылан көзі, диссеминация

! 15 жасар науқасқа профилактикалық тексеруді жасағанда екі жақты бронхопульмоналды лимфа түйіндерінің перифокалды инфильтратсыз ұлғаюы, контурлары айқын анықталады. Жағдайы қанағаттанарлық, шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған! Манту сынамасы 3 мм. Ең ықтимал алдын ала диагнозын қойыңыз.

* лимфогрануломатоз

* кіші бронхоаденит

*+саркоидоз

* лимфосаркома

* мононуклеоз

! Біріншілік туберкулезді кешеннің клиникалық белгілерінде жиі байқалды:

*.жиі ылғалды жөтел, дене қызуының көтерілуі, жағдайының нашарлауы

*+ ұланудың жалпы белгілері, микрополиадения, параспецификалық белгілер

* қосымша бұлшық еттердің қатысуымен ентігу, параспецификалық белгілер

* жөтеліңкіреу, кеуде қуысындағы ауырсыну, қан түкіру

* отит, коньюнктивит белгілері, микрополиадения

! БТК кезіндегі өкпе зақымдануының рентгенологиялық синдромы:

* бір сегмент көлеміндегі шектелген, шеті айқын күңгертену

*1 см көлеміндегі дөңгелек күңгірттену

* екі жақты көптеген ошақтар

*.сақина тәрізді көлеңке

*+өкпедегі күңгерттену, кеңейген өкпе түбірімен жол арқылы жалғасқан

! Балаға біріншілік туберкулездік комплекс диагнозы қойылды. Үрдістің рентгендік сипаты:

* өкпелік инфильтрат, кальцинирленген лимфа түйіндері

* кеудеішілік лимфа бездерінің улғаюы, өкпеде Гон ошағы

* өкпеде Гон ошағы, түбірде әктенген лимфа түйіндері

* каверна, түбірде әктенген лимфа түйіндері

*+инфильтрат пен үлкейген лимфа бездері

! Біріншілік туберкулез кезіндегі параспецификалық реакцияларының клиникалық сипаты:

* арықтау, бозару, бет қызаруы

* ерін, мұрын ұшы, аяқ-қолдарының көгеруі

*+түйінді эритема, отит, кератоконьюнктивит

* ревматизм, жүйелі қызыл жегі, синусит

* гемограмма өзгерістері, дене То жоғарлауы

! Біріншілік туберкулездегі болатын параспецификалық реакциялар:

* арықтау, бозару, бет қызаруы

* беттің ісінуі, тері жабындылары бозғылт

* гайморит, тонзилит, гломерулонефрит, холецистит

*+Понсе псевдоревматизмі, плеврит, синусит, полисерозит

* обструкциялы бронхит, лимфоаденопатиялар, гранулематоздар

! Біріншілік туберкулездік кешендегі қолайсыз ем нәтижесі болатыны:

* өкпенің цирроздануы

* өкпенің фиброздануы

*+сақина тәріздес көлеңке

* кеуде ішілік лимфа бездерінің кальцинаты

* Гон ошағы

! Туморозды бронхоаденитпен ауырғанын дәлелдеуге келесі рентгенологиялық белгілер қажет:

* тіннің фиброздануы

* өкпедегі ошақтар

* түбірдегі инфильтратты өзгерістер

* кеудеішілік лимфа түйіндерінің ісік тәрізді өзгерісі

*+лимфа түйіндерінің әктенуі, кальциленуі

! Инфильтрация сатысында біріншілік туберкулез кешеніне тән белгілер:

*+өкпедегі шектелген аймағында перкуторлы дыбыстың қысқаруы және бірлі жарым майда көпіршікті сырылдар

* анық дыбыс, астыңғы бөлімдерінде бірлі жарым бытырыңқы құрғақ сырылдар

* перкуторлы қысқарған дыбыс, сол жерде бронхиалды тыныс, майда көпіршікті сырылдар

* астынғы бөлімдерінде қорапты дыбыс, жоғары бөлімдерінде қысқарған перкуторлы дыбыс, сырылдар жоқ

* өкпеде везикулярлы тыныс, перкуторлы анық өкпелік дыбыс

! Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезіне тән перкуторлы белгілер

* бұғана үсті аймағындағы перкуторлы қысқарған дыбыс

*+Де ля Камп, Кораньи, Филатов, Философов тостағаны симптомдарының оң болуы

* бірен саран құрғақ сырылдар, өкпелік перкуторлы дыбыс

* бұғана астындағы аймақта қорапты дыбыс, орташа көпіршікті ылғалды сырылдар

* Семенов, Кораньи, Фридрих, Эрлих тостағаны симптомдарының оң болуы

! Балалардағы біріншілік туберкулезді кешеннің өршу кезеңінде болатын өзгерістер:

* өкпе туберкулемасы

*+біріншілік кавернаның түзілуі

* өкпенің ошақты туберкулезі

* Гон ошағының түзілуі

* лимфа түйіндерінің әктенуі

! Ұлғайған лимфа түйіндерді дәлелдейтін симптомдар

*+Филатов, Философов табақшасы, Дэ-ля-камп, Д 'Эспин

* Курлов, Видергоффер, Пирогов, Кальметт

* Дэ-ля-Фамп, Семенов, Симон, Кох

* тұт жидек тәрізді, Прозоров, Пироговский

* Керри, Попов, Филатов, Винтрих, Абрикосов

! Біріншлік туберкулезді кешен бұл -

* кеуде ішілік лифа түйіндерінің зақымдалуы және өкпе тініндегі ошақтар

*+өкпедегі ошақ, түбірге баратын лимфангит, регионарлы лимфа түйіндерінің зақымдалуы

* лимфа түйіндерінің қасындағы бронх қабырғаларының зақымдалуы, өкпе тініндегі ошақтар

* лимфа түйіндерінің қасындағы бронх қабырғаларының зақымдалуы, өкпе тініндегі пневмониялық фокус

* өкпе ұшындағы ошақтар, кеудеішілік лимфа бездерінің зақымдалуы

! БТК кезіндегі инфекцияның таралу жолдары:

* бронхогенді және альвеолярлы

*+ретроградты және ортоградты

* лимфогенді-гематогенді

* қан тамырлары бойы лимфа түйініне қарай

* лимфа тамырлары бойы өкпеге қарай

! Біріншілік туберкулезді кешен түзілгенде үрдіске жиі қосылады:
* жоғарғы кеуде аралығындағы лимфа түйіндері

*+біріншілік ошаққа жақын орналасқан лимфа түйіндері

* бронхопульмоналды лимфа түйіндері

* трехеобронхиалды және бифуркациялық лимфа түйіндері

* перифериялық лимфа түйіндері

! Кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезінің белсенді фазасында ең сенімді өзгеріс болатыны:

* лимфоидты тіннің гиперплазиясы

* перифокалды қабыну

* кальцинация

*+казеозды некроз

* өкпедегі ошақ

! Кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезінің түрлерін ажырататын белгілер болатыны:

* лимфа түйіндеріндегі әктену дәрежесі

* перифокалды өзгерістердің болуы және айқындылығы

*+лимфа түйіндеріндегі перифокалды және гиперплазиялық өзгерістердің айқындылығы

* патологиялық үрдіске ұшыраған лимфа түйіндерінің саны

* өкпе зақымдалуының көлемі

! Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезін анықтайтын негізгі әдіс болатыны

* аурудың клиникалық суретінің талдауы

*+туберкулиндік диагностика

* флюорографиялық тексеру

* рентген-томографиялық тексеру

* ИФА

! Тыныс алу ағзалары туберкулезінің біріншілік формасы болатыны:

* өкпе туберкуломасы

* бронх-өкпелік зақымдалуы

*+біріншілік туберкулезді кешен

* өкпенің инфильтратты туберкулезі

* плевра туберкулезі

! КІЛТТ көп жағдайда басталады:

* жедел

* жеделдеу

*+аз симптомды немесе симптомсыз

* созылмалы

* қосылған асқынуларымен

! КІЛТТ айқын клиникалық белгілерінің пайда болуы тәуелді:

*+инфекцияның вируленттілігі мен мөлшеріне

* лимфа түйіндерінің морфологиялық өзгерістеріне

* баланың жасына

* вакцинациядан кейінгі иммунитет сатысына

* баланың жынысына

! Емнен кейінгі біріншлік туберкулездің ең ықтимал және жиі болатын нәтижесі:

* толық сорылу мен құрылымның қалпына келуі

* туберкулездегі кішігірім қалдықты өзгерістер

*+өкпедегі және түбірдегі кальцинация мен фиброз

* біріншілік туберкулездің созылмалы ағымға өтуі

* өкпеде біріншілік кавернаның түзілуі

! КІЛТТ активті туберкулез үрдісіндегі рентгенологиялық ағымының сатылары:

*+инфильтрация, ыдырау, себілу

* толық сорылу, фиброздану

* тығыздалу, фиброз, цирроз

* сорылу, тығыздалу, кальцилену

* кальцилену, әктену, кристалдану

! Филатов, Философов табақшасы, Дэ-ля-камп, Видергоффер симптомдары оң болады:

* туберкулезді мезоаденитте

*+кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезінде

* біріншілік туберкулезді кешенде

* өкпенің диссеминирлік туберкулезінде

* жайылмалы туберкулезде

! Біріншілік туберкулездің асқынуына тән емес:

*+фиброз

* бронх туберкулезі

* біріншілік каверна

* қан кету

* плеврит

! Туберкулез «бет перделері» (маскілері) – бұл

* біріншілік туберкулездің клиникалық түрлері

*+басқа ауруларға уқсас болып туберкулездің басталуы

* адамдардың жиі тұмаумен ауруы

* туберкулин сынамасыныың виражы

* туберкулездің өкпеден түрлері

! Біріншілік туберкулезді комплекстің морфологиялық белгілері

*+өкпелік, бездік, тамырлық

* өкпелік, плевралық, диссеминирлік

* біріншілік, екіншілік, үштік

* кавернозды, фиброзды, цирротикалық

* гематогенді, лимфогенді, бронхогенді

! Толық емдегі инфильтративті бронхоадениттің асқынбаған ағымындағы, жақсы аяқталу сипаты?

* цирроз

*+сорылу

* Гон ошағы

* тығыздалған ошақтар

* кальцинаттар

! Инфильтратты формадағы КІЛТТ рентгенологиялық белгілеріне жататыны:

*+өкпе түбірінің кеңеюі, шеті анық емес

* өкпе түбірінің өзгеруі, шеті анық, кедір-бұдыр

* өкпе түбірі құрылымының өзгеруі

* бағаналы бронхтардың тарылуы

* өкпедегі ошақ

! Ісік тәрізді формадағы КІЛТТтің рентгенологиялық көріністері:

* өкпе түбірінің аздап ұлғаюы

*+өкпе түбірінің көлемді ұлғаюы анық шеткі контурымен

* түбір кедір бұдырлы, шеткі контуры анық емес

* өкпе суретінің күшеюі, түбірдің шеті анық емес

* бағаналы бронхтың кеңеюі

! КІЛТТтің кіші формасындағы рентгенологиялық өзгерістер болатыны:

* өкпе түбірінің құрылымы және бейнесі қалыпты

* өкпе түбірі өлшемінің ұлғаюы және деформациясы (бұзылуы)

* өкпе түбірінің көлемді ұлғаюы анық шеткі контурымен

*+медиастиналды плевраның қалыңдануы, сызғыш тәрізді

* кеудеаралықтың жоғарғы жағы кеңейген

! Бронхоадениттің кіші формасының рентгенологиялық көрсеткіштері:

*+құрылымының төмендеуі және өкпе түбірінің анық емес бейнесі

* өкпе түбірінің көлемді ұлғаюы және оның бұзылуы

* екі жақты түбір аймағындағы өкпе суретінің күшеюі

* түбірдің пішіні кедір бұдырлы, шеткі контуры анық

* кеңейген жоғарғы кеуде аралығы

! Ерте жастағы балалардағы туберкулез ағымының ерекшеліктері:

*+кеуде аралық лимфа түйіндерінің экссудативті-қабыну реакциясына бейімделуі

* лимфа түйіндері реакцияларының болмауы

* тұрақты микобактериялар көбіне көректі ортаға себу арқылы

* көп мөлшердегі бактерия бөлінуі, с.і. бактериоскопия әдісімен

* үрдіс жайылуға, басқа ағзалардың зақымдалуына бейімсіз болады

! Ерте жастағы балалардағы туберкулез ағымының ерекшеліктері:

* кеуде аралық лимфа түйіндерінің қабыну реакциясына бейімсіз болуы

*шеткі лимфа түйіндерінің үрдіске қатыспауы

* аурудың айқын клиникалық белгілері

* бактериоскопия әдісімен көп мөлшердегі бактерия бөлінуі

*+үрдіс жайылуға бейімді, ТМБ-ры сирек анықталады

! Жасөспірімдерде біріншілік туберкулез мінезделеді:

* өзі жазылуға бейімділікпен

* жедел басталуымен

*+тез өршуге бейімделуімен

* симптомсыз ағым

* үрдістің жайылуға бейімделуімен

! Инфильтративті-пневмониялық сатысындағы БТК белгілерін көрсетіңіз:

* біркелкі көптеген екі жақты ошақтар

*+жиі өкпенің жоғарғы бөлігіндегі көлеңке, шеті анық емес, өкпе түбірімен байланысқан

* өкпенің төменгі бөлігіндегі көлеңке, шеті анық емес, өкпе түбірі екі жағынанда кеңейген

* өкпенің ортаңғы не төменгі бөлігіндегі қанық, шеті анық емес көлеңке

* қанық гомогенді көлеңке, шеті анық контурымен, кеуде аралығы сау жаққа ығысқан

! Параспецификалық реакция кезіндегі тері бөртпесінің сипаты:

*+түйінді эритема

* дақты-папулезді

* сақина тәрізді эритема

* орталық некрозбен папулезді бөртпе

* везикулярлы бөртпе

! Туберкулез кезіндегі улану синдромымен бірге болады:

* ас қабылдауымен немесе физикалық жұктемеге байланысты іштегі ауру сезім

* зәрдегі өзгерістер

* жүрек айнуы, сілекей ағуы

* бадамшаның гипертрофиясы, лакунадағы іріңді тығынмен

*+микрополиадения

! Кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезінің асқынуларына жататыны:

* туберкулома

*+бездік каверна, ателектаз

* ортаңғы бөліктің синдромы

* вакциналаудың жанама әсері

* крупозды өкпе қабынуы

! Біріншілік туберкулезді комплекстің асқынуларын атаңыз:

* өкпенің фиброздануы

* плевра казеомасы

* жасанды пневмоторакс

* өкпе-жүрек жетіспеушілігі

*+казеозды пневмония

! Біріншілік туберкулездің асқынуларына жатпайтыны

* экссудативті плеврит

* біріншілік каверна, диссеминация

*+пневмоторакс, өкпе-жүрек жетіспеушілігі

* созылмалы ағымдағы біріншілік туберкулездің

* казеозды пневмония

! Бронх туберкулезінің түрлерін көрсетіңіз:

* кіші, шектелген, таралған

*+инфильтратты, жыланкөзді, тыртықты

* деструкциялы, жыланкөзді, фиброзды

* ісік тәрізді, тұтас, беткей

* циррозды, капсулалы, тыртықты

! Бронх туберкуліндегі кездесетін клиникалық белгілерін көрсетіңіз:

* бұлшық еттерінің қатысуымен ентігу

* ұстамалы жөтел, қан тукіру, ентігу

*+ылғалды жөтел, субфебрилді дене қызуы, кеуде ауырсынуы

*жоғарғы дене қызуы, тахикардия, жөтеліңкіреу

* кеудедегі айқын ауру сезімі, бас ауруы, әлсіздену

! Бронх туберкулезін келесі зерттеу әдіспен дәлелдейді:

* өкпе рентгенографиясы

* қақырық бактериоскопиясы

* гемограмма

*+бронхоскопия

* бронхография

! Өкпе ателектазындағы рентгенологиялық синдром:

* бір сегмент бойында шеті анық, үш бұрышты көлеңке ұлғайған өкпе түбірі мен жалғаспақан

* гомогенді емес, қанық үш бұрышты көлеңке, өкпе түбірімен жалғасқан


Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 3666 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.181 сек.)