АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Иммунды ынталандырушы кешендер

Иммунды ынталандырушы кешендердің бірнеше түрлері бар. Олардың ішіндегі біреуі мультивалентті синтетикалық пептидтер және суббірлікті полисахаридтер немесе Т-жасушалық және В-жасушалық эпитоптары бар пептидті вакциналарды құрастыруға арналған. Олар Т-жасушалық және В-жасушалық эпитоптарға қарсы (вакцинды антигенге қарсы) моноклонды антиденеден тұратын қатты матрикс көмегімен арнайы құрастырылған макромолекулалы кешенге енгізілген. Қатты матрикс ретінде иммунды хабарлы жасушалар жауап беретін таза көмірсулы наносфералар қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, олар нуклеин қышқылдарынан, биодеградацияға ұшырайтын полимерлерден және бұтақты «дендримерлерден» жасалуы мүмкін (оларға кез-келген керекті молекуланы байланыстыруға болады). Мұндай кешендерді SMAA деп атайды. Олар вакцинды эпитоптарды жасуша ішіне тасымалдайды, мұнда олардың өңделуі және І класс МНС молекулаларымен кешен түрінде таныстырылады. Бұл мультивалентті кешендер вакцина ретінде қолданады, себебі макрофагтар және дендритті жасушалармен жеңіл жұтылады. SMAA-кешендер сәйкес патоген эпитоптарына қарсы гуморалды және Т-жасушалық адаптивті иммунды жауапты күшті ынталандырады.

Адъювант ретіндегі липосомалар, виросомалар және нәруызды мицеллалар. Замануи мультивалентті пептидті вакциналарды құрастырғанда, антигендер нәруызды мицелламен, липидті везикуламен (липосома) немесе виросомамен біріккен адъюванттарды қолданады. Пептидті эпитоптармен біріккен мицелла немесе липосомларды қалыптастыру үшін ионды емес детергенттер қолданады.

Пептидтерді детергент ерітіндісімен араластырады, сосын детергентті бөліп алып кезінде мицеллалар түзіледі. Пептидті молекулалардың гидрофилді қалдықтары су микроайналымына, ал гидрофобты қалдықтары түзілген мицеллалардың орталығына қарай бұрылады. Осылайша су ортасымен әрекеттеседі.

Құрамында пептидті антигендер бар липосомаларды антигенді пептидтерді фосфолипидтермен немесе басқа липидтермен араластыру жағдайында дайындайды. Осындай жағдай екі қабатты липидті везикула-липосомалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Пептидтердің гидрофобты қалдықтары липидті қабатпен бірігеді, ал гидрофилді қалдықтары сыртқа қарайды. Макрофагтардың жасуша мембранасымен жанасқанда, липосама онымен бірігеді және осы сәтте антигенді пептидті босатады. Ол І класс МНС молекулаларымен қосылып цитотоксикалық CD8+T-лимфоциттерді белсендіреді. Липосомаларда әртүрлі зарядты сипаттамалар болуы мүмкін. Холестериннің катионды туындылары және нейтралды фосфолипидтері бар катионды липидті везикулалар антигенді байланыстырып, оның таныстырылуын жақсартады.

Жүйелі адъюванттар ретінде кохлеаттар деп аталатын модификацияланған протеинді-липосомды құрылымдар қолданады. Липосома бетіне әртүрлі молекулаларды байланыстыруға болады, мысалы, липосомаларды белгілі бір жасушаларға тасымалдайтын моноклонды антиденелерді. Липосомамен біріккен вакцинды антигендер депо түзу арқасында деградациядан қорғалған. Бұл жағдай вакцинды антигеннің антигентаныстырушы жасушалармен байланысу уақыт ұзартады.

Липосомаларды адъювант ретінде қолдану нәруызды және полисахаридті антигендерге Т-жасушалық және гуморалды адаптивті иммунды жауапты жоғарлатады. Липосома мен виросома негізіндегі тұмау мен В гепатитіне қарсы вакциналарды Еуропада қолдануға рұқсат берілген. Қарт адамдарға мұндай вакциналармен вакцинация жүргізгенде, цитотоксикалық Т-лимфоциттердің түзілуі адъюванттары жоқ вакциналармен салыстырғанда жақсырақ ынталанады. Құрамында үшвалентті липосомасы бар тұмауға қарсы INFLUSOM-VAC вакцинасына ИЛ-2 қосқанда, оның иммуногендігі стандартты адъюванты жоқ тұмауға қарсы вакцинамен салыстырғанда жоғары болады.

Мұндай адъюванттарды дайындаудың бір варианты – вакцинды антиген орналастырылған полимерлі ұяшықтарды қалыптастыру. Бактериялардың жасуша қабырғасының полисахаридтеріне ұқсас табиғи полисахаридтер мен синтетикалық полиэстерлер ұяшық үшін полимер ретінде қолданады. Осындай материалдардың пайдасы көп, себебі, біріншіден, олардың Толл-тәріздес рецепторлар арқылы жүзеге асатын адъюванттық белсенділігі бар, екіншіден, оларға қосымша табиғи немесе синтетикалық адъювантты молекулаларды қосуға болады. Олардың көмегімен иммунды хабарлы жасушалар арасындағы жасушааралық белгілерді ынталандыру арқылы адаптивті иммунды жауаптың оптималды вариантын іске қосады.

Адам папиллома вирусына қарсы профилактикалық және терапиялық вакцина адъювант ретіндегі виросома мысалы бола алады. Оның құрамына виросома түріндегі вирустың бірнеше серотиптерінің рекомбинантты капсидті пептидтері кіреді. 12-35 аминқышқылды ұзындықтағы бұл пептидтер, папиллома вирусының В7 нәруызының трансформациясын шақыратын Т- және В-жасушалық эпитоптардың құрылымын моделдейді. Виросомалар кәдімгі вирустар сияқты жасуша ішіне ену арқылы анитгенді материалды жеткізеді, сосын ол өңделеді және таныстырылады. Рекомбинантты виросомалар протективті антиденелердің жоғары деңгейде түзілуін және Т-хелпер мен цитотоксикалық Т-лимфоциттердің белсенуін шақыратыны көрсетілген.

ICOMS – иммунды ынталандырушы кешендер, олар липосома негізіндегі кешендер және антигенді нәруызды мицелла ретінде қосуы мүмкін, сонымен қатар, құрамында әртүрлі патогендердің антигендері немесе мембраналық пептидтері болады, атап айтсақ тұмауға, қызылшаға, В гепатитіне, АИВ және басқаларына. ICOMS-тың детергент пен QS-21 (сапонин) тұратын сыртқы қабатындағы май қышқылының ұзын ұшы, кешеннің ортасында тұратын антиген пептидтерінің гидрофобты қалдықтарына қарама-қарсы орналасқан. Түзілген кешендер салыстырмалы түрде тұрақты; QS-21, холестерин және антигеннің молярлық қатынасы шамамен 1:1:1. ICOMS құрамына кіретін антигендер ретінде пептидті антигендерден түзілген мицеллалар бола алады. Мысалы, АИВ-ның gp120 нәруызы, Эпштейн-Барр вирусының gP, қызылша, құтыру, гепатит вирустарының антигенді қабаттары, безгек плазмодиі мен ісікерекшелі антигендердің нәруызды антигендері.

Қорыта келе, ICOMS құрамына QS-21, стерол (холестерин болса жақсы), фосфолипид (әдетте фосфатидилэтаноламин) және вакцинды антиген кіреді. ICOMS липосома сияқты жасушалардың плазмалық мембранасымен бірігу арқылы антигенді жасуша ішіне жеткізеді, сосын ол өңделеді және МНС нәруыздарымен кешен түрінде таныстырылады. Нәтижесінде гуморалды және жасушалық адаптивті иммунды жауап қалыптасады.

ICOMS микробөлшек түрінде болғандықтан, олар макрофагтармен жақсы жұтылып, өңделеді және таныстырылады. Белсенген МФ ИЛ-12 көмегімен NK-жасушаларымен IFN-γ синтезін ынталандырады. Аталған екі цитокин Тх1-жасушаларының көбеюіне ықпал ету арқылы адаптивті иммунды жауапты қалыптастырады. Ауыз арқылы ICOMS-ты қабылдағаннан кейін мезентериалды лимфа түйіндерінде және көк бауырда CD8+цитотоксикалық T-лимфоциттер анықталған, сондай-ақ шырыштарда арнайы IgA синтезделе бастайды.

ICOMS-ты адъювант ретінде қолдануға шектеу қоятын негізгі себептердің бірі – оның бағасы қымбат және тұрақтылығы төмен. Сонымен қатар, оның реактогендігі мен улылығын да ескеру керек. Құрамында ICOMS бар ісікке қарсы вакцинаны клиникалық сынаулардың І кезеңінде, оның грипп тәріздес симптом және қызба сияқты жанама әсерлерді шақыратыны анықталды. Аталған көріністердің көпшілігін ICOMS құрамындағы QS-21 шақырады.

 


Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 742 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)