Адъюванттар ретіндегі цитокиндер
Анықтамасы бойынша, адъювант дегеніміз – иммунды жауаптың қарқындылығын жоғарлатуға, Т- және В-зерде жасушалардың қалыптасуына, қажетті түрдегі адаптивті иммунды жауаптың дамуына (протективті антиденелердің қажетті изотипі мен олардың қажетті мөлшерде түзілуін, тиімді Т-жасушалық жауапты шақыру) ықпал ететін заттар, олардың қоспасы және кешендер.
Цитокиндер адаптивті иммунда жауаптың түрін және қарқындылығын анықтайды, жасушалардың пролиферациясы мен дифференцировкасын, гемопоэз, ангиогенез және көптеген басқа үрдістерді бақылайды. Цитокиндер жүйесі иммунды жауаптың барлық кезеңдерінің дамуы үшін қажетті жасушааралық әрекеттесулерді қамтамасыз етеді. Сондықтан цитокиндер сияқты белгі беруші молекулалар адъювант ретінде қолдануы мүмкін.
Әдебиетте әртүрлі цитокиндердің адъюванттық қасиетін қолдану туралы мәліметтер бар. Бірқатар патогендерге қарсы вакцинация кезінде қолданған цитокиндер: интерлейкиндер (ИЛ-1, ИЛ-2, ИЛ-3, ИЛ-4, ИЛ-6, ИЛ-8, ИЛ-12, ИЛ-15), IFN-γ, TNF-α, КСФ.
Тәжірибелік жануарларға В гепатитіне қарсы вакцинамен бірге рекомбинантты ИЛ-1β және/немесе ИЛ-2 енгізгенде жоғары деңгейдегі иммунды жауаптың дамитыны байқалды, Ол цитокиндерсіз иммунизация жүргізген бақылау тобымен салыстырғанда жоғары болды. Сонымен қатар, тәжірибеде TNF-α және ИЛ-2 цитокиндерін герпес пен құтыруға қарсы вакциналармен бірге енгізгенде вакцинация тиімділігі жақсарған; IFN-γ және ИЛ-1 – безгек пен В гепатиті; IFN-γ – гемодиализдегі науқастарға В гепатитіне қарсы вакцинация кезінде тиімділіктің жоғарылауы белгілі болды.
Сондай-ақ, КОКАВ құтыруға қарсы вакцинация кезінде рекомбинантты ИЛ-1β, TNF-α және ИЛ-2 монопрепарат ретінде және олардың комбинациясы адъювант ретінде қолдану зерттелді. Ол ақ тышқандардың құтыру вирусын жұқтырға қарсы тұру деңгейі бойынша бағаланды. Цитокиндерді қолдану бақылау тобымен салыстырғанда вирус-бейтараптаушы антиденелер титрінің 2-6 есе жоғарлуына әкелген.
Рекомбинантты ИЛ-1, ИЛ-2 және IFN-γ цитокиндерін әртүрлі комбинацияда мелиоидозға қарсы вакцинасымен бірге қолданғанда, олардың адъюванттық әсері нәтижесінде жануарлардың тірі қалуы мен орташа өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштерінің жоғарылағаны анықталды (мелиоидоз – аса қауіпті жұқпалар тобына жататын ауру, Burk-holderia pseudomallei шақырады, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кеңінен тараған және леталдығы жоғары.
Қазіргі кезде Immatics Biotechnologies компаниясымен құрастырылып жатқан IMA901 ісікке қарсы вакцинасының құрамына бүйрек қатерлі ісігіне тән 10 ісікерекшелі пептидтер және адъювант ретінде рекомбинантты ГМ-КСФ кіреді.
Адъюванттардың басқа топтары
Замануи вакциналарды құрастырғанда адъювант ретінде басқа қосылыстар тобы қарастырылуда.
Мысалы, құтыруға және В гепатитіне қарсы вакциналардағы тимозина α1, синтетикалық олигопептид-иммунды модулятор имунофан және гибридті нәруыз неотимнің адъюванттық белсенділігі зерттелуде. В гепатитіне қарсы Т-жасушалық вакцина тәжірибеде зерттелуде, ол цитотоксикалық Т-лимфоциттердің түзілуін ынталандыратын ковалентті байланысқан Т-хелперлік эпитоптан және пальмитин қышқылының екі молекуласынан тұратын тасымалдаушы-адъюванттан тұратын липопептид.
Ресейде шыққан полиоксидоний иммунды модуляторы фагоцитарлы жүйе жасушаларының функционалдық белсенділігін жоғарылатады және осы жасушалармен ИЛ-1β, ИЛ-6, TNF-α және IFN-α цитокиндерінің түзілуін ынталандырады, сонымен қатар, суббірлікті «Гриппол» және «ВИЧРЕПОЛ» вакциналарында адъювант ретінде қолданады. Полиоксидоний вакцинді антигенге иммунды жауапты бірнеше есе жоғарылатады, сондай-ақ ЖИТС кезінде жойылатын Т-хелперлердің орынын басады.
Адъювантты жүйенің тағы бір варианты – D.Mooney ойлап шығарған тәжірибелік ісікке қарсы имплант-вакцина. Ол биоыдырайтын саңлаулы полимерлі матрица, оған ДЖ белсендіретін цитокиндер адсорбцияланған. Градиент концентрациясы бо йынша цитокиндер ошаққа жылжиды, мұнда теріішіне вакцинды тарнсплантат енгізілген. Матрицаға Толл-тәріздес рецепторлар мен ісікерекшелі пептидтерді белсендіретін бактериялардың липополисахаридтері де қосылған.
Жаңа ұрпақтағы табиғаты бойынша бактериалды емес Advax полисахаридті адъюванттың белсенділігі жоғары екендігі көрсетілді. Оның реактогендігі жоқ, қауіпсіз, сондықтан профилактикалық вакциналардың құрамына қосылуы мүмкін.
Advax - инулиннің нанокристалды бөлшектері, ол бір глюкоза молекуласымен аяқталатын фруктоза молекулаларының тізбегінен тұратын табиғи полисахарид. Молекула қаңқасының гидрофобты құрылымы инулинге ерекше физико-химиялық қасиет береді: ол көп мөлшерде әртүрлі изоформаға кристалдана алады. Инулиннің арнайы изоформаларының адаптивті гуморалды және жасушалық иммунды жауапты жоғарлату қабілеті бар, реактогендігі жоқ, себебі Толл-тәріздес рецепторлардың агонисті емес. Advax-тың тағы бір артықшылығы – таза инулинді дайындауға болады, яғни эндотоксиндермен және басқа да контаминанттармен ластанбаған. Адам организмінде инулин метаболизмге ұшырамайды және несеп арқылы өзгертілмеген түрде шығады. Advax-тың осындай артықшылықтары, оны болашақта профилактикалық вакциналардың құрамында, соның ішінде, қауіп-қатер тотарындағы жас балалар мен қарттарға арналған вакциналарда да қолдану мүмкіншіліктерін ашады.
Бұрынға және олардың негізінде дайындалған жаңа адъюванттарды, сонымен қатар замануи рекомбинантты және генетикалық вакциналар үшін құрастырылған принципиалды жаңа адъюванттарды қарастыра отырып, медицинаның осы саласында зор келешек бар екенін байқаймыз. Әртүрлі адъюванттар жүйесі вакциналардың көмегімен көптеген аурулардың алдын алуға немес оларды емдеуге мүмкіндік береді. Адъюванттардың рационалды комбинациясы көмегімен иммунды тапшылығы бар адамдарда және жас балаларда патогендерден жеткілікті қорғану деңгейін қалыптастыруға болады. Бірақ, қазіргі кезде адъюванттар туралы ғылым өзінің дамуының алғашқы кезеңінде. Бүгінге дейін көптеген адъюванттардың, тіпті алюминий гидоксидінің де дәл механизмі толық анықталмаған. Соңғы кезде алюминий құрамдас адъюванттардың жаңа түрлері құрастырылуда. Адъюванттардың механизмін толық білу, қауіпсіз және тиімді вакциналарды жасауға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Құрамында жаңа ұрпақтағы адъюванттары бар көптеген замануи вакциналардың жеткілікті түрде тиімді, әрі қауіпсіз және реактогендігі төмен болуы бізге сенім және күш береді.
Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 1179 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
|