АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ауру симптомдары

Интоксикация симптомдары + тыныс органдарының зақымдануы симптомдары (жиі құрғақ немесе аз продуктивті жөтел, жауырын аралықтың ауыруы) 24% науқастарда кездеседі. Физикалды тексеруде тимпанит немесе өкпе дыбысы аз ғана қысқарған бұл каверна айналасында азғана қабыну өзгерістері болуымен түсіндіріледі. Аускультация – 17% - везикобронхогенді тыныс, 17% - әлсіз тыныс. Ылғалды дыбыстар кавернаның дренажды бронхысының бас жағында және кавернаның өзінде (34 % науқастарда) естіледі. Кавернаның резонанстық әрекетіне байланысты сырылдар қатты дыбысты болады. Сырылдар аз ғана уақыт естіледі, ем басталған соң (7-8 күнде) жоғалады. Бронх ішінің тарылуы «мылқау каверналардың» пайда болуына әкеледі.
Туберкулин сынамалары нормергиялық.
Бактерия бөлушілік аз ғана болуы мүмкін
Қандағы қабыну өзгерістері. Қандағы қабыну өзгерістері 37 % науқастарда табылған.

Рентгенологиялық көрініс

Сақина тәріздес ішкі жиегі тегі, айқын, сыртқы жиегі айқын емес көлеңке. Кавернадан өкпе түбіріне созылған дренажды бронхтың көлеңкесі көрінуі мүмкін. Айналасындағы өкпе тіні өзгермеген немесе аздаған фиброз бен аздаған тығыздалған ошақтар болуы мүмкін. Процесс жиі жоғарғы бөліктің (оң немесе сол) 1-2 сегменттерінде орналасады.

 

Емі

Этиотропты терапия  
Емді 1 санат бойынша бастайды 2 HRZS (E) / 4HR
Патогенетикалық терапия  
a)Витаминотерапия b)Дәрілерді эндобронхиялды енгізу c)Коллапсотерапиялық әдістер. d)Физиотерапиялық емдер. e)Стимуляциялық терапия және т.б.
Хирургиялық ем  
Радикалды және паллиативті операциялар

Өкпенің кавернозды туберкулезінің нәтижесі

Қолайлы Шамалы қолайлы Қолайсыз
1. Кавернаның тыртықтануы 2. Хирургиялық емнен кейін жазылу 1. Кавернаның казеозды массалармен толуына байланысты жабылуы 2. Фиброзды – кавернозды туберкулезге айналуы 1. Өкпеден қан кетуге байланысты өлім.

ӨКПЕНІҢ ФИБРОЗДЫ-КАВЕРНОЗДЫ ТУБЕРКУЛЕЗІ

Төрт негізгі клинико-рентгенологиялық белгілермен сипатталатын туберкулездің анатомиялық қайтымсыз түрі: созылмалы толқын тәрізді ағыммен, қалың ригидті қабырғалы кавернамен, өкпеде айқын фиброздың пайда болуымен және бронхогенді метастаздардың пайда болуы және дамуымен.

Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 470 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)