Фамилиясы, аты:Кенжебаева Гулжан
2. Жасы: 11.05.1985. ж.
3. Жынысы: әйел
4. Білімі: жоғары
5. Жұмыс орыны: үй бикесі
6. Аурудың мекен-жайы: ОҚО Түркістан қ, Тәуке хан даңғылы №12
7. Ауруханаға түскен күні, сағаты: 18.01.2011ж сағ 1852
8. Ауруханадан шыққан күні: ~~~
9. Клиникалық диагноз:
а) Негізгі ауру: Темір тапшылықты анемия орта дәрежелі.
б) Негізгі аурудың асқынуы: жоқ
в) Қосымша (ілеспелі) ауру:
НАУҚАСТЫҢ ТҮСКЕН КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ ШАҒЫМДАРЫ
Бас айналуына, құлағының шуылдауына, көзінің алдында шіркей тәрізді сезімнің болуына, жүрек қағуына, орнынан бірден тұрғанда кейде талып қалу болады, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, терісінің құрғауына, шаштарының түсуіне, тырнақтарының сынғыштығына, еріндерінің жарылуына, глассит-тілдің ашып ауруы, тілі лакталған жылтыр.
АУРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Науқас бұл аурумен ауырғанына 5-6 жылдай болған. Ол екінші баласына жүктілік кезінде басталған. Жүктіліктен кейін бұл симптомдар жойылған. Бір жылдан кейін ұшінші баласына жүкті болғанда тағы басталған, бірақ дәрігерге қаралмаған. Сонғы ауырғанына 10-15 күндей болған. Үш күннен кейін ауруы асқынуына байланысты емханаға келіп дірігерге көрінді. Бас айналуына, құлағының шуылдауына, көзінің алдында шіркей тәрізді сезімнің болуына, жүрек қағуына, орнынан бірден тұрғанда кейде талып қалу болады, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, терісінің құрғауына, шаштарының түсуіне, тырнақтарының сынғыштығына, еріндерінің жарылуына, глассит-тілдің ашып ауруы, тілі лакталған жылтыр.
АУРУДЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ.
Кенжебаева Гулжан 1985 жылы туылған. Жанұяда бесінші. 20 жасында тұрмысқа шыққан, етеккірі 14 жасында келген, ұзақтығы 6-7 күн, ауырсынусыз, 3 рет жүкті болған. 3-ін де өзі босанған, жүктілік арасы 1-1,5 жыл. Жүктілік кезінде темір препараттарын қолданған. Зиянды әдеттері, дәрілерге, т. б аллергиясы жоқ Туберкулез, мерез, жұқпалы аурулармен ауырмаған. Тұқым қуалаушылық ауруы жоқ. Соңғы 6 айда шетелге бармаған, қан құймаған.
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ
Жалпы қарау.
Санасы: Айқын.
Қалпы: орташа
Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта
Дене бітімі: Астеникалық
Бойы 170см, дене массасы 53.
Тері жамылғысы: көзге көрінетін кілегей қабаттары, тері бозғылт, ылғалдылығы орташа,тургоры сақталған, патологиялық пигментациялар:бөртпелер, олардың түрлері: эритема, теңбіл, розеола, папула, пустула, күлдірек, есекжем, жара, ұшық. Қанталау, қасынған іздер, “тыртықтар, жұлдызшалары” жоқ.
Тері өсінділерінің даму барысы: шашы, тырнақтарының пішіні дабыл таяқшаларына ұқсас, беті тегіс жылтыр.
Тері асты шел қабаты: орташа, Ісінулер жоқ
Көздері: склерасы қалыпты, жарыққа реакциясы бар.
Дене қызуы: 36,6 С
ТЫНЫС ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ
Мұрын: Мұрнымен тыныс алуы еркін.
Дауысы: қалыпты
Кеуде сарайын қарау: сыртқы пішіні қалыпты. Екі өкпесі де симметриялы тыныс алу актісіне қатысады.
ТАЖ мин 25 рет.
ПЕРКУССИЯ
Топографиялық перкуссия: өкпе ұшының биіктігін алдыңғы 3см және артқы беті VII омырқада, Кренинг кеңістігінің ені 6см
Танымал сызықтар
| Оң жақ өкпе
| сол жақ өкпе
| 1. Төс қасы сызығы
2. Бұғана ортасы сызығы
3. Алдыңғы қолтық асты сызығы
4. Ортаңғы қолтық асты сызығы
5. Артқы қолтық асты сызығы
6. Жауырын сызығы
7. Омыртқа асты сызығы
| V
VI
VII
VIII
IX
X
XІ кеуде
омыртқа тұсы
|
VII
VIII
IX
X
XI кеуде
омыртқа тұсы
| Кеуде сарайының тыныстық экскурсиясын өлшеу: қолтық алдыңғы сызықта 5см, жауырын асты сызығы бойынша дем алғанда 3см, дем шығарғанда 3см жалпы 6
Тексеру қорытындыларын кесте ретінде келтіру
Өкпенің салыстырмалы аускультациясы:
Өкпесінде везикулалық тыныс. Сырылдар жоқ. Перкуссияда: Анық өкпе дыбысы.
ЖҮРЕК ТАМЫР ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ
Жүрек тұсын қарау: Жүрек тұсында томпаюлар, пульсацилар жоқ. Жүрек аймағының пальпациясы: Жүрек ұшы түрткісінің басты қасиеттері бұғана орта сызығынан 1,5см ішке орналасқан. Систолалық немесе диастолалық дірілдің, “мысық пырылы” белгісі жоқ. Мойын артериялары ісінбеген, коротид биі жоқ.
Перкуссия:
Жүректің шала тұйықтығының шектері
шектер
| шала
| Нағыз
| оң жақ
сол жақ
жоғарғы
| V қаб аралығы 1см сыртқа
V қаб аралығы 1,5см ішке
Парастерналисте ІІІ қаб
| ІV қаб аралығы
ЖҰТ 1,5см ішке
Parasternaliste IIIқаб аралығы
|
Артериялық қан қысымы 110/70мм.сын.бағ пульс жиілігі 75 рет минутына,ырғақтылығы ырғақты,толымдылығы толымды,кернеулігі орташа.
Жүрек аускультациясы:жүрек тондары анық ырғақты.
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ.
Ауыз кілегей қабаты ақ жабындымен жабылған. Тәбеті жақсы, тамақ емес заттарға (кесекке) зауықтануы. Дәм сезімталдылығы қалыпты. Жұтыну қалыпты. Кекіру – құрғақ жай ауамен кеіру, қыжылдау, майлы, өткір тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын төс артына берілетін қыжыл сезімі пайда болады.
Ішті қарау: Сопақша пішінді, тыныс алу актісіне қатысады. Веналардың білеуленуі жоқ. Ішті сипалау, ауырсыну жоқ, іші жұмсақ Ішті беткей пальпациялағанда ауырсыну, кебу, құрылдау жоқ. Іштің терең пальпациясы:
Соқырішек пальпациясы: алмұрт пішінді, диаметрі 3.5 см, қозғалмалы 4 см, тығыздығы – тығыздау, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.
Өрлемелі ішек: цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, орта тығыздықта қозғалмалы 4 см, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.
Көлденең ішек: цилиндр пішінді, 3.5 см,, орта тығыздықта қозғалмалы 4 см, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.
Төмендеген ішек: цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, орта тығыздықта қозғалмалы 4 см, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.
Сигма тәрізді ішек: цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, тығыздығы – тығыздау, қозғалмалы 4 см, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.
Ұйқы безі пальпациясы цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, жұмсақ ауырсынусыз.
Бауырды зерттегенде оның қолға сүйірленуіне анықталмайды, жұмсақ, тегіс, ауырсынусыз.
Өт қабын пальпациясы кезінде Ортнер, Кэр симптомдары оң мәнді.
Бауырдың көлемін анықтаған кезде негізінен М.Г.Курловтың қағу әдісі бойынша қалыпты жағдайдағы өлшемдерді есепке алынады. Олар:
4. Оң жақ бұғана орталық сызық бойымен бауырдың жоғары шеті мен төменгі шетінің арасы 10 см (қалыпты жағдайда 9-10 см);
5. Алдыңғы орталық сызық бойымен төстің семсер тәрәздес өсіндінің табаны мен бауырдың төменгі шетінің арасы 8.5 см (қалыпты жағдайда 8-9 см);
6. Төстің семсер тәріздес өсіндінің табанынан сол қабырға доғасы бойымен бауыр шетінің түйіскен жер аралығы 7 см (қалыпты жағдайда 7-8см).
Көкбауыр пальпацияланбайды, ауырсынуы жоқ.
Көкбауыр мөлшерін анықтаған кезде оның шекарасының ұзындығы 13 см(қалыпты жағдайда 12-25 см) мен енін 6 см (қалыпты жағдайда 5-8см).
НЕСЕП БӨЛУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ.
Қарау: Несеп бөлу мүшелері бойынша қарау кезінде бел аймағының терісінің қызаруы, ісінуі жоқ.
Бүйректі сипалау: (Образцов тәсілі бойынша бимануальді-тербеп) пальпацияланбайды.
Қағу: Бел тұсын қолдың қырымен соғып тексергенде ауырсынуы жоқ.
Қуықты тексеру: ауырсыну байқалмайды.
НЕРВ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ.
Ақыл – есі дурыс, сөзі анық, ұйқысы тыныш, иіс сезу, дәм сезу, көзінің көру сезімдері жақсы.
Көз қарашықтарының белгілері: қарашық біркелкі жарыққа сезімтал.
ІШКІ СЕКРЕЦИЯЛЫҚ БЕЗДЕРДІҢ ЖҮЙЕСІ.
1. Аурудың жалпы бейнесі жасына сәйкес.
2. Бірінші ретті және екінші ретті жыныс белгілері дамыған.
3. Дененің өсуінің бұзылуы: дене бөліктерінің пропорциялық ара қатынасының бұзылулары жоқ.
4. Семірулер жоқ.
5. Тері жамылғысының жағдайы: гиперпигментация, жұқаруы, стриялар жоқ.
6. Қалқанша без: көлемі ұлғаймаған, пішіні, консистенциясы біркелкі, ауырсынбайды.
Қан түзу жүйесі
Қарау: тері, кілегей жамылғыларының түсі бозғылт, денесінде, бетінде, гемморагиялық бөрітпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, іштің жоғарғы аймағының томпаюы, немесе ассиметрияялық өзгеруі жоқ.
Сипау: лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынбайды.
АЛҒАШҚЫ (БОЛЖАМДЫ) ДИАГНОЗ ЖӘНЕ ОНЫ ДӘЛЕЛДЕУ
Бас айналуына, құлағының шуылдауына, көзінің алдында шіркей тәрізді сезімнің болуына, жүрек қағуына, орнынан бірден тұрғанда кейде талып қалу болады, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, терісінің құрғауына, шаштарының түсуіне, тырнақтарының сынғыштығына, еріндерінің жарылуына, глассит-тілдің ашып ауруы, тілі лакталған жылтыр.
Арудың даму тарихы негізінде: Науқас бұл аурумен ауырғанына 5-6 жылдай болған. Ол екінші баласына жүктілік кезінде басталған. Жүктіліктен кейін бұл симптомдар жойылған. Бір жылдан кейін ұшінші баласына жүкті болғанда тағы басталған, бірақ дәрігерге қаралмаған. Сонғы ауырғанына 10-15 күндей болған. Үш күннен кейін ауруы асқынуына байланысты емханаға келіп дірігерге көрінді. Бас айналуына, құлағының шуылдауына, көзінің алдында шіркей тәрізді сезімнің болуына, жүрек қағуына, орнынан бірден тұрғанда кейде талып қалу болады, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, терісінің құрғауына, шаштарының түсуіне, тырнақтарының сынғыштығына, еріндерінің жарылуына, глассит-тілдің ашып ауруы, тілі лакталған жылтыр.
Өмір тарихының негізінде: Кенжебаева Гулжан 1985 жылы туылған. Жанұяда бесінші. 20 жасында тұрмысқа шыққан, етеккірі 14 жасында келген, ұзақтығы 6-7 күн, ауырсынусыз, 3 рет жүкті болған. 3-ін де өзі босанған, жүктілік арасы 1-1,5 жыл. Жүктілік кезінде темір препараттарын қолданған. Зиянды әдеттері, дәрілерге, т. б аллергиясы жоқ Туберкулез, мерез, жұқпалы аурулармен ауырмаған. Тұқым қуалаушылық ауруы жоқ. Соңғы 6 айда шетелге бармаған, қан құймаған.
Жалпы қарағанда: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Санасы анық.Тері, кілегей қабаттары бозғылт, таза. Өкпесінде везикулалы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты.АҚҚ- 110/70,пульс 75 рет.Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағын, оң қабырға астын пальпациялағанда ауырсынбайды. Өт қабы пальпациясында Курвуадзе, Френикус белгілері, Мюсси, Кер симптомдары теріс мәнді.Үлкен дәреті қалыпты. Қағу белгісі 2 жақта да теріс мәнді.Несеп шығаруы еркін.
Жоғарыда аталған шағымдар,өмір тарихы,ауру тарихы,жалпы қарау мәліметтер негізіне сүйене отырып науқасқа болжам диагноз қойылды:
Болжам диагноз:
а) Негізгі ауру: Темір тапшылықты анемия орта дәрежелі.
б) Негізгі аурудың асқынуы: жоқ
в) Қосымша (ілеспелі) ауру:
Науқасты тексеру жоспары
1.Жалпы қан анализі
2.Несептің жалпы анализі
Дата добавления: 2015-08-26 | Просмотры: 1867 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
|