АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Асел біледі

Науқасты тексергенде алынған мәліметтерге талдау жасап және олардың пайда болу механизміне байланысты топтай отырып диагнозды дәлелдеу.

Шағымдарының негізіне: Бас айналуына, құлағының шуылдауына, көзінің алдында шіркей тәрізді сезімнің болуына, жүрек қағуына, физикалық жұмыстан кейінгі ентігуге, таңертең тұрғанда шаршап, әлсізденіп тұруына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, терісінің құрғауына, шаштарының түсуіне, тырнақтарының сынғыштығына, кесекті үнемі жегісі келетініне, майлы, өткір тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын төс артына берілетін қыжыл сезіміне,аузына ащы дәмнің келуіне, Алмагель 1-таблеткасын ішкенде қыжылдың басылуына.

Аурудың даму тарихына: Науқас анемиямен тұрмыс құрмай тұрғаннан бастап, осы аурумен 17 жылдан бері ауырады. Бас айналуына, құлағының шуылдауына, көзінің алдында шіркей тәрізді сезімнің болуына, жүрек қағуына, физикалық жұмыстан кейінгі ентігуге, таңертең тұрғанда шаршап, әлсізденіп тұруына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, терісінің құрғауына, шаштарының түсуіне, тырнақтарының сынғыштығы мазалаған. Талғат клиникасында емделген. Жалпы қан анализінде гемоглобин - 90г/л, эротроцит - 0.80. Жоғарыда аталған шағым мазалағаннан кейін Талғат клиникасының терапия бөлімшесіне жатқызылды.

Өмір тарихының негізіне: 2000 жылы 20 жасында тұрмыс құрған, 5 мәрте жүкті болған. 5-ін де өзі босанған, жүктілік арасы 1 жыл. Жүктілік кезінде темір препараттарын қолданған.

Жалпы қарағанда: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Санасы анық.Тері, кілегей қабаттары бозғылт, таза, тырнақтары дабыл таяқшаларына ұқсас, беті тегіс, жылтыр.

Лабораториялық-аспаптық зерттеулер:

 

 

Жалпы қан анализі 25.01.2011ж

 

Гемоглобин 90 г/л

Түсті көрсеткіш 0.83

Эротроцит 3.4

Қорытындылау: Гипохромды анемия

 

 

Қанның биохимияялық анализі 25/01/2011ж

Қанның темір байланыстырушы қасиеті – 25.5 мк/моль/л

Темір және бетофенантролин – 11.525.5 мк/моль/л

Трансфириннің қанығу қасиеті – 18 %

 

 

Клиникалық диагноз:

Нәтижелеріне сүйене отырып келесі диагноз қойылды:

а) Негізгі ауру: Көп жүктілік пен жиі босанудың салдарынан дамыған темір тапшылықты анемия, жеңіл дәрежесі.

 

б) Негізгі аурудың асқынуы: жоқ

 

в) Қосымша (ілеспелі) ауру: Созылмалы гастроэзофогальді рефлюкс ауруы, өршу сатысы.

 

Емдеу

4. Режим: №0

5. Диетотерапия келесі тағамдар тағайындалады: сиыр еті, балық, бауыр, өкпе, бүйрек, жұмыртқа, гречка, овсяная крупа, саңырауқұлақтар, горох, фасоль, шабдалы, курага, қара өрік, сельд, гемотаген тағайындалады. №5 стол (Қуырылған,өткір, майлы тағамдар қолданбаңыз.Буға бұқтырып,суға пісірілген тағамдар қабылдаңыз.)Липотроптық заттарға бай тағамдар: сүзбе, сыр,балық,бұршақ дәндерін көптеп пайдаланыңыз.Күніне 5 рет аз-аздан тамақтаныңыз.

6. Дәрі-дәрмектік ем:

Феррум-Лек бұлшық етке 1 ампула 100 мг күніне 2 рет таңертең сағ 08 – 00.кешке 20-00де.

Әсер ету механизмі: - Гемоглабин дәрежесән жоғарылатады.

Қолданылуы: - Теміржетіспеушілік анемия. Жүктілік-лактация кезінде профилактика үшін.

-Жасөспірімдер, қарт адамдарға профилактика ретінде.

-Вегетариандардың профилактикасы ретінде

-Жағымсыз әсері – қосу, лоқсу, іш қату, бас ауру, артериялық гипотензия, лимфа түйіннің ұлғаюы, температураның жоғарылауы, анафилактикалық реакция.

-Қарсы көрсеткіш-гемосидероз,гемохраматоз, сидироахериткалық анемия, гемолитиалық мегобластық в12 тапшылықты анемия, гемофилия, жүктіліктің 1-лік триместрі.

Протонды помпа тежегіштері Омепрозол Асқазан кілегей қабатында париеталды жасушадағы секреторлы мембранадағы н+/к+-АТФазаны тежейді және протонды насос белсенділігін тежей арқылы асқазан қуысына сутек ионын келуін тоқтату арқылы асқазан қышқыл бөлуін терең тежейді. Капсула 20мг гранул түрінде 20 мг күніне 1 рет. Ем курсы 4 апта Жүктілік және емізулі аналар Жүктілік және лактация

-Омепрозол

 

Профилактикалық терапия

-Феррум-Лек 25-і аптадан 37-і аптаға дейін 30-40 мг тәулігіне.

Прогнозы:

-Тамақтануды жақсарту, ұсынған дәрілерді уақытылы қабылдау. Жұмысқа қабілетілігі сақталған.

 


Дата добавления: 2015-08-26 | Просмотры: 1524 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)