АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

I-БИЛЕТ

1)Гигиена (грек. Hygieinos – дені сау,денсаулық әкелуші) денсаулықты сақтау,аурулардан,қоршаған ортаның түрлі зиянды әсерлерінен алдан ала сақтану туралы ғылым,медицинаның саласы.Гигиена сөзінің пайда болуы Эпиона мен Асклепийдің қызы,ежелгі гректегі денсаулық құдайы Гигиея атымен байланысты.Ол қолында жыланмен оралған ыдысты ұстап тұрған әдемі қыз ретінде бейнеленеді.Ежелгі гректерде жылан данышпандықтың белгісі болатын.Жыланға оралған ыдыс қазіргі күнге дейін медицина эмблемасы ретінде сақталып келе жатыр.

Ағылшын ғалымы Э.Парконың айтуы бойынша гигиенаның басты мақсаты адамдардың дамуын жетілдіру,өмірі-жасын ұзарту,өлімді аластату болып табылады.Негізгі міндеттері: қоршаған ортаның адам ағзасына (денсаулығына,оның еңбек ету қабілеті мен өмір сүру ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттеу;елді мекендерді таза ұстау, әсер етуші зиянды факторларды жою,адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын, олардың денсаулығын және еңбек ету қабылетін жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар,санитарлық шаралар жүйесін жасау болып келеді.

2)Су – сыртқы ортаның негізгі факторы болып табылады. Судың адам үшін физиологиялық гигиеналық, тұрмыстық және эпидемиологиялық маңызы өте зор.

Судың организмде өтетін барлық тіршілік ету процесіне әсер етеді организм 75 – 78 % судан тұрады деуге болады (қан, лимфа, тін аралық сұйықтық, ликвор т.б.). Ал гигиеналық маңызы бойынша адамның жеке бас гигиенасын сақтау, сауықтандыру шаралары, денсаулықты нығайту мақсатында үлкен орын алады. Су арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру үшін судың сапасына, оның физикалық және химиялық қасиеттеріне көп көңіл бөлінеді. Егер ауыз су үшін пайдаланылатын су арқылы іш сүзегі, холера, жұқпалы гепатит, лептоспироз және т.б. аурулардың эпидемиясы туындайтын болса, ол тұрғындардың денсаулығына орасан зор зиян тигізеді.

Ауыз су сапасына қойылатын гигиеналық талаптарды;

· судың гигиеналық және эпидемиологиялық маңызын;

· судың органолептикалық, физико – химиялық қасиеттерін;

· судың сапасын бағалау және зерттеу әдістемелерін;

· су құбырында суды тазалау схемасын

· тұндыру, коагуляция, сүзу туралы түсініктерді

· суды залалсыздандыру және оны бағалау әдістерін

· хлорлау тиімділігін бағалау әдістерін

Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді

 

3)Діріл – бұл құрал-жабдықтардың, еденнің, орындықтардың және қарым-қатынаста болғандарға бөлшектеп берілуі.

Діріл – спекторының жиілігі (гц) сипатталады және оның кинематикалық параметрлерін, ол діріл жылдамдығы (1 сек ішінде метр бойынша) немесе діріл желдеткішімен (1 с2 ішінде метр бойынша). Абсолютті белгілерінен басқа тағы да логорифметикалық деңгейлер (дБ) қолданады. Дірілге гигиеналық баға беруді дәрінер жүргізеді және ол келесі ескертпелі және күнбе күнделік санитарлы бақылау әдістемесі арқылы жүргізіледі.Жұмысшыларға дірілдің әсер етудің негізгі методы ол жиілікті анализ жасаумен сипатталады. Жергілікті діріл октавалармен өлшенеді және жалпы дірілдің 1/3 октавалық сызықтар және октавАЛАР Бұл методтар діріл толық гигиеналық сипаттама береді, яғни дірілдің интенсивтілік ғана емес, сонымен қатар дірілдің спектрін сипаттайды (төмен -–орташа – жоғары жиілікті) адам ағзасына дірілідің әсер ету спецификасын анықтайды. Жиілікті анализ әдісі белгілі есептеулерді жүргізу үшін, интегральды және ары қарай уақыты тіркеу арқылы дірілге дозалық баға беру боладыТәжiрибелi диагностика жасаушылар үшiн де, дiрiлдi тексеруді жаңа бастап жүрген мамандар үшiн де - барлық қолданушылар үшiн діріл өлшеуіштер және BALTECH VP топтамасының діріл қаламы қарапайым аспап болып табылады. қазақстанның барлық кәсiпорындары қазiр осы құралдармен жабдықталуда, өйткенi бiздiң діріл тексерушiлерлер және BALTECH VP діріл өлшеуіштерi баға/атқарымдылық байланысы бойынша өте тиiмдi құрал болып табылады..

 

II-БИЛЕТ

 

1)Гигиена - медицинадағы негізгі алдын алу пәні. Оның іске асуы кезінде адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай, денсаулығының сақталуын, аурулардың алдын алуды қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді, ережелер мен шараларды негіздеу мақсатында қоршаған орта факторларының адам ағзасына және қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді.Мазмұны мен міндеттері бойынша біріншілік, екіншілік, үшіншілік аурулардың алдын алу деп бөледі. Біріншілік алдын алу аурулардың себебі немесе қауіп-қатері болатын факторларды жоюға немесе қауіпсіз деңгейге дейін төмендеуге бағытталған Екіншілік алдын алу сырт көрінісі жағынан дені сау адамдарда патология алдындағы жағдайды ерте анықтау және бұл жағдайлардың ауруларға өтуінің алдын алу жөніндегі шараларды жүргізуден тұрады. Мұндай шараларға, мысалы, жеке басты қорғайтын заттарды қолдану, қолайсыз экологиялық жағдайларға жұмысшыларды, халықты қауіпсіз жұмыс және өмір сүру тәсілдеріне, антидоттық тамақтануға және басқаларға үйрету. Үшіншілік алдын алу (реабилитация) ауырған адамдарға жүргізіледі.

Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. Гигиенаның бағыттарьш іске асыруда бірнеше тәсілдерді пайдаланады.1) Санитарлық-гигиеналық әдіс — негізгі мақсаты ірку сулар жиналатын жерлердің, өзен-көлдердің санитарлық сипаттамасын беру, судың неше түрлі жүқпалы ауру тарататын микробтармен және радиоактивті заттар мен түрлі химиялық улармен ласта-нуының себебін табу, оның сипатын анықтауға сөйкес ластанудың жолдарына заңды түрде тосқауыл қою, тәртіпке шақыру, экологиялық сараптамалар жүргізу арқылы адамдардың денсау-лығына келетін зиянды әсерлерін тоқтатуға мүмкіндік береді.
2) Физикалық әдіс — оның негізгі мақсаты — ауа темпе-ратурасын, ылғалдылығын, ауа қысымын, күн сәулесініц (радиа-циясын) өлшеп анықтап, зиянды әрекетін халыққа түсіндіру.
3) Химиялық әдістер — оның негізгі мақсаты атмосфералық ауаның, ішетін ауыз судың, жердің, азық-түліктің химиялық құрамын, олардағы адам ағзасына зиян келтіретін химиялық қосылыстарды органикалық уларды (гербицидтерді, пестицид-терді нитраттарды, нитриттерді фосфориттерді және т.б.) анықтап халыққа түсіндіру. Үйлердегі көміртектің мөлшерін анықтап, олардың көбеймеуіне тосқауыл қою. Тағамдық заттардағы улардың қалдықтарын бірнеше күрделі аспаптарды пайдаланып анықтайды. 4) Биологиялық әдіс. Оның мақсаты су қоймаларының жағдайларын зерттсп, ондағы су өсімдіктерінің физиологиялық рөлін анықтау. Өйткені күн сәулесін сіңіріп көмір қышқыл газы мен судан органикалық заттар синтездеп, атмосфералық ауаға тіршілікке қажетті оттекті бөліп шығарады. Сөйтіп ауадағы оттектің мол қоры жиналады. 5) Бактериологиялық (микробиологиялық) әдіс. Оның мақсаты — судағы, атмосфералық ауадағы, жердегі, азық-түлік құрамындағы жұқпалы ауру тарататын микробтарды анықтап, олардан құтылудың жолдарын саралап береді.

2)Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

· Биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар

· Химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер

· Физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру: халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері.

3)Радиациялық қауiпсiздiк – белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жай-күйі. Радиациялық қорғаныш — радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы. Радиациялық сәулелену адам организміне және қару-жарақ пен әскери техниканың түрлеріне әсер етуіне көзқарас бойынша қаралады. Адам организмінің радиациялық сәулеленуі сырткы, ішкі және түйіспелі болуы мүмкін. Сыртқы сәулелену радиоактивтік заттар мен зақымданған жергілікті жерде болған кезде бүкіл организмге ядролық жарылыстың өтпелі радиациясылың немесе гамма сәулелердің әсер етуінен тұрады. Жеке құрамның радиациялық сәулелену дәрежесі жұтылған доза шамасымен анықталады. Ішкі сәулелену радиоактивтік заттардың организм ішіне тыныс органдары, асқазан-ішекжолы, жаралар арқылы түсуі салдарынан пайда болады. Бұл жағдайда ең көп иондандыру мүмкіндігі бар альфа-актив заттар аса қауіпті болып келеді.

III-БИЛЕТ

1) Гигиенаның эмпирикалық дамуы кезеңінде адамдар инстинкт арқылы өздерінің денсаулығын және өмірін сақтауға тырысатын.Археологиялық зерттеулер мен қазбалар ежелгі дәуірден бастап адамдардың денсаулықты сақтау жөніндегі ережелерді білгендігін және де тамақтануға,жеке бас гигиенасына,тұрмыс жағдайларына көп көңіл бөлінгенін анықтайды. Әсіресе гигиенаға көп көңіл бөлген индустар,қытайлар,вавилондар,мысырлықтар және де ортаазиялық тұрғындар болып саналады.

Б.з.б 1500 жылы Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған.Адам денсаулығын жақсартып,нығайтатын – таза ауа мен су екенін, табиғи факторлардың адам денсаулығына әсерін сипаттайтын “Ауа,су және елді-мекендер туралы” еңбегінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды.Оның әлемге әйгілі “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап,дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған.Сол кезде Үргеніш,Самарқан, Отырар,Тараз т.б. қалаларда мал сою,сүт сату,балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған.

Гигиена қазіргі кезде кең түрде дифференциалданған ғылым ретінде сипатталады.Бастапқыда жалпы гигиена ретінде пайда болып,ары қарай зерттелетін мәселелердің және қоршаған орта объектілерінің кеңеюіне байланысты жеке бөлімдерге мынадай бөлініп дами бастады;еңбек гигиенасы,коммуналды гигиена,тағам гигиенасы,балалар және жасөспірімдер гигиенасы және т.б.

Капиталистік кезеңде түрлі ірі мануфактуралардың, өндірістің дамуына байланысты 1700 жылы итальян дәрігері Б.Рамаццини өзінің “Рассуждение о болезнях ремесленников” деген еңбегінде сол кездегі барлық мамандықтар жайлы,соған байланысты пайда болатын кәсіптік аурулар және оларды болдырмау туралы айтқан.

1741 жылы неміс пасторы Зюссмилых адам өлімі мен балалардың сау болып тууы көп мөлшерде қоршаған орта жағдайларына,табиғатқа, әлеуметтік және тұрмыстық шарттарға байланысты екеніне көңіл аударған.Гигиена ғылым ретінде XVII ғасырдың соңында құрыла бастады.1788 жылы П.Франканың “Полная система медицинской политики” дген еңбегі жарыққа шықты.Онда сол кезеңдегі санитария туралы мәліметтер және де бірінші рет болып денсаулықтың маңызы,оны қорғау мақсатында түрлі мемлекеттік шаралар жүргізу керектігі туралы ойын білдірді.1797 жылы неміс ғалымы Гуфеланд жеке гигиенаға қатысты мәселелерді қозғаған өзінің “Макробиотика или искусство продления жизни” атты еңбегін басып шығарды.Кітапта салауатты өмір-салтын сақтау арқылы денсаулықты нығайтуға және өмірді ұзартуға болатыны жайлы нұсқаулар берілген.Бұл кезеңдерде гигиена эмперикалық ғылым ретінде қалды,яғни тек бақылауға ғана бағытталған болатын.

Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар ертеден белгілі.Атап айтқанда XV ғасырда жазылған Ө.Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты энциклопедиялық анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы,адамның он екі мүшесін күту, тазалық сақтау туралы көп мәліметтер келтірілген. Х.Досмұхамедұлының “Оқушылардың саулығын сақтау”, “Адамның тән тіршілігі” атты еңбектерінде айтылған.

2)Қазақстанда гигиеналық зерттеулер 1925 жылы Қызылорда қаласында Өлкелік санитарлық бактериология иституты ашылғаннан кейін басталып, Қазақ ұлттық мемлекеттік медицина университетінің санитарлық гигиеналық факультетінде,Семей,Ақтөбе,Қарағанды,Астана қалаларындағы медицина унивеситеттерінің гигиена кафедраларында дамытылды.Гигиена мәселелерімен гигиена және эпиемиология ғылыми-зерттеу орталығымен қатар ҚР денсаулық сақтау агенттігінің Еңбек физиологиясы жіне гигиенасы зеттеу институты,Тағамтану институты шұғылданады.

1920-30ж. Республикада іш сүзегі,қайталама сүзек, бөртпе,шешек,тырысқақ,оба індеттерін жою,оларға жол бермеу,безгек,жұқпалы ішек ауруларынан арылу, т.б. мәселелер зерттеледі.

1930-40 ж. елді мекендер,су,тағам гигиенасы зерттеліп,тұрғын үй,мектеп тазалығы,өзен,көл сулары,санитарлық тұрғыдан тексерілді.

1940-60жылдары тұрғын үй,коммуналдық мекемелер салудың гигиеналық нормативтері іздестіріліп,ауа мен топырақты санитарлық тұрғыдан қорғау, т.б. мәселелерге назар аударылды.Коммуналдық гигиена саласын Н.Р.Попов,А.Дауылбаев, т.б.;еңбек гигиенасын В.З.Хамитова, т.б.;тағам гигиенасын Б.Атшабаров, Т.Шарманов, А.Алдашев т.б.;сақтық токсикологиясын Атшабаров, Т.Айтбаев сияқты ғалымдар зерттеді.Сондай-ақ гигиенаның;әлеуметтік, жеке адам,балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, радиация гигиенасы,спорт гигиенасы, т.б. салалары жедел дамыды.

Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды,биология,физика,химия,физика, климатология, т.б. Ғылым салаларының жаңалықтары мен жетістіктерін пайдаланады.Гигиена саласындағы зерттеулерді ҚР денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина академиясы үйлестіріп отырады.

3)Сәулелену Атом сәуле шығара бастауы үшін, оған белгілі мөлшерде энергия берілуі керек Сәуле шығару түрлері: – Жылулық сәуле шығару – Электролюминесценция – Катодолюминесценция – Хемилюминесценция – Фотолюминесценция Жарық шығаруға жұмсалған атом энергиясы сәуле шығарушы дене атомдарының жылулық қозғалысының энергиясы есебінен компенсацияланады Электролюминесценция атомдар жарық шығаруы үшін қажетті энергияны жылу көздері болып табылмайтын денелерден алады Катодолюминесценция қатты денелерді электрондармен атқылағанда жарық шығаруы Хемилюминесценция энергия бөліп шығару арқылы жүретін химиялық реакцияларда энергияның жарты бөлігі жарық энергиясына айналады. Фотолюминесценция түскен жарық әсерінен дененің жарық шығаруы Сәулеленудің зиянды әсерінен қорғану. Лазерлік сәулеленуЛазерлік сәулелену: = 0,2-1000 мкм.Негізгі көзі – оптикалық квантты генератор (лазер).Лазерлік сәулеленудің зиянды әсері:

· термиялық әсері;

· энергетикалық әсері (+ мощность);

· фотохимиялық әсері;

· механикалық әсері (сәулеленген организмдегі ультрадыбыс түріндегі тербелістер);

· электрострикция (лазерлік сәулелену өрісіндегі молекулардың деформациясы);

· электромагниттік өрістің микротолқындық клеткалары шегінде пайда болу.

Нағыз инфрақызыл сәулелену болып (одан әрі ИС) қыздырылған беттер табылады (0С). ИФ сәулелену адам мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу үдерісінде басты рөл атқарады адам организмінің жылуреттеуі. ИФ сәулеленудің әсерінен қорғану ИФ сәулеленуді пайда болу көзінде төмендету. ИФ сәулеленудің әсерінде болу уақытын шектеу. Қашықтық арқылы қорғау. Жеке қорғаныс. Экрандау (жылуизомерлі материалдар). Ауалы су бүрку. Желдету.1Ультракүлгін сәулелену (= 1-400 нм) (одан әрі УК) Ерекшеліктері: генерация тәсілі бойынша жылулық сәулеленуге, және затқа әсер ету сипаттамасы бойынша иондаушы сәулеленуге жатады.

№4 билет

· Гигиенаның әрі қарай дамуына үлесін қосқан Қаз.-ның көрнекті ғылым-гигиенистері – Т.Ш.Шарманов, Б.Е.Алтынбеков

Т.Ш.Шарманов медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының және Ресей медицина ғылымдарының академигі, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының президенті. Төрегелді Шарманов 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысының Ұлытау елді мекенінде дүниеге келген. 1955 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын үздік аяқтап, 1958-1962 жж аспирантураны бітіргеннен кейін Қарағанды облысының Ұлытау ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 1962-1968 деін Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Өлкелік патология ҒЗИ-ның тағамтану бөлімінің меңгерушісі болды. 1968-1971 жж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ректорлығымен қоса фармакология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1971-1982 жж Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі. 1973 жылдан бастап қазіргі уақытка дейін Т.Ш.Шарманов Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы және президенті. Академия – тамақтану физиологиясы мен иммунологиясы, биохимиясы және гигиенасының кең ауқымды проблемаларын қамтыған кешенді зерттеулер және Орталық Азия Республикаларындағы емдәмдік емдеу орталығы болып табылады. Т.Ш.Шарманов – Қазақстандағы нутрициологтар мектебінің негізін қалаушы. Ол БҰҰБҚ, ДДҰ, БҰҰДБ, АХДЖА және халықаралық «макро интернэшнл, инк», «Уэллстарт» ұйымдарының техникалық және қаржылай қолдауымен жүргізілген темір тапшылықты анемия мен йодтапшылық жағдайлаоды жою, ана сүтімен қоректенуді қолдау, медициналық және демографиялық зерттеулердің бағдарламаларының жетекшісі.Т.Ш.Шарманов 1985-1988 жж Бүкілодақтық «Вопросы питания» журналының бас редакторы және Мәскеудегі дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының тағамтану кафедрасының меңгерушісі болып істеді. 1995 жылдан бастап Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының негізін қалаушы және президенті.

 

1958 жылы Қарағанды қаласында Қазақ еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылды.Бұл институтта құрамы әр түрлі өндірістік шаңдардың патогендік қасиеттері және ағзаға әсер ету механизмі зерттелді, шу мен дірілдің жұмыс істеушілердің ағзасына әсерінің алдын алу жөнінде алдын алу шаралары дайындалды, бір типті кокс-химия өндірісінің барлық маңызды учаскелеріндегі еңбек жағдайларына баға берілді, өнеркәсіптен шыққан ағынды суларының Орталық Қазақстандағы суаттардың санитарлық жағдайына әсері бағаланды. Бұл сұрақтардв ғылыми тұрғыдан жете зерттеп, дайындауға Б.Е.Алтынбеков және басқалар үлкен үлес қосты.

 

· Құдықтарды тазарту және зарарсыздандыру. Су көздерін санитарлық қорғау. Ауыз су сапасын нормалау

Құдықтардың ең көп таралған түрлерінің бірі – жер бетінен жоғары тұратын құдық бөлігінен (құдық аузы), оқпаннан және су қабылдайтын бөлігінен тұратын, пішіні дөңгелек немесе төрт бұрышты шахта түріндегі, шахталық қысымсыз горизонттан алатын етіп, орнату керек.

Құдықтың аузы жер бетінен 0,7-0,8 метрден кем емес биік болу тиіс және оның қақпағы немесе темір бетоннан жасалған люгі (люк) бар, жабындысы болуы керек. Құдықтың аузы үстіңгі жағынан шатырмен жабылуы тиіс немесе будкаға (күркеге) орналастырылады. Құдық аузы периметр бойына, тереңдігі 2 м және ені 1 м, езілген және тығыздалған балшықпен немесе қою сазды топырақпен бекітіледі (балшықты құлып). Құдықтың айналасына тас, кірпіш, бетон немесе асфальттан, радиусы 2 м – ден кем емес, құдықтан шет жаққа тосқауылдайтын арық арқылы ағызылуы тиіс.

Құдықтың қабырғалары қалың және суға түсі шықпайтын, құдықтың жер бетіндегі ағынды сулардан оқшаулайтын, материалмен (бетон немесе темір бетон сақиналары, тас, кірпіш,ағаш)Грунттың көтерілуінің және судың лайлануының алдын алу үшін, құдықтың түбіне сүзгі салынуы керек.

Шахталық құдықтардан суды жоғары көтеру үшін, құрылымы әр түрлі сорғылар (қол сорғы немесе электрлі) қолданылады. Құдыққа, бір немесе екі қол ұстағышы бар, шығыр (ворот), дөңгелегі бар, бір немесе екі шелекке арналған және шелек орнатылған қол шығырларды да орнатуға рұқсат етіледі.

Шахталық құдықтардан басқа, жергілікті жерлерді сумен жабдықтауға құбырлы құдықтар да қолданылады. Құбырлы құдық – бұл да жер асты суларын алуға арналған құрылыс, бірақ ол, қабырғалары айналдыра құбырлармен қоршалған, тік, цилиндр тәрізді түтік болып табылады.

Құбырлы құдықтар, су өткізбейтін жыныстармен жер бетіндегі ластаушылардың енуінен жақсы қорғалған, сондықтан санитарлық тұрғыдан қолайлырақ болатын, топырақтың терең қабаттарындағы суларды алуға мүмкіндік береді. Құбырлы құдықтың аузы жердің бетінен 0,8- 1,0 метрге дейін биік, саңылаусыз жабық болуы керек, қаптамасы және шелек ілетін ілмегі бар, су ағызылатын құбыры болуы тиіс. Құбыр аузының конструкциясы, түтіктер арасындағы және олардың артындағы кеңістіктерге жер бетінен аққан сулардың ластаушылардың өтуіне мүмкіндік бермейтін, құдықтың толық герметизациялануын қамтамасыз етеді.

Су көздері суларын антропогендік ластанудан қорғау мәселесінің қаншалықты маңызды екендігіне Ресейдің Хаваровск өлкесінде болған төтенше жағдай дәлел бола алады. Цзилинь қаласындағы (ҚХР) 13.11.2005 жылы химия өнеркәсібінде орын алған апат нәтижесінде Сунгари өзенінің суы бензолмен, нитробензолмен ластанған.

Шаруашылық – ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған судың сапасы жоғарыда қарастырылған гигиеналық талаптарға сай болуы үшін суды алдын ала өңдеуден өткізеді, оның нәтижесінде су араласқан заттардан, иістен, дәмнен, микроағзалар мен әр түрлі қоспалардан арылады. Су қасиеттерін жақсарту су құбырлары станцияларында іске асырылады.

Су көздерінің суы өңдеуден кезең – кезеңмен өтеді. Өңдеудың негізгі әдістеріне тазарту (суды мөлдірдендіру және түссіздендіру) және зарарсыздандыру жатады, ал қажет болғанда судың органолептикалық қасиеттерін жақсарту, суды жұмсарту, кейбір химиялық заттардан бөлу үшін қосымша (арнайы) әдістер қолданылады.

Тазарту – суды өңдеу әдістерінің жалпы кешенінде маңызды кезеі болып табылады, өйткені, ол судың физикалық көрсеткіштерін жақсартады. Араласқан заттардан тазарту кезінде, судағы микроағзалардың да едәуір бөлігі жойылады. Судың толық тазартылуы оның зарарсыздандыруын жеңіл және тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.

Мөлдірлендіру және түссіздендіру мақсатында суды тазарту механикалық (тұндыру арқылы), физикалық (сүзу) және химиялық (коагуляция, флокуляция) әдістер арқылы жүргізіледі.

Суды тұндыру арнайы құрылғыларда (тұндырғыштарда) жүргізіледі. Тұндырғыштарда су баяу ағатындықтан (2-8 сағат бойы), араласқан заттардың көп бөлігі судың түбіне шөгеді.

 

3.Иондаушы сәулеленулер. Адам ағзасына ИС детермиленген және стохастикалық әсер етуі. ИС көздерімен жұмыс істеген кезде радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары

ИС – бұл затпен өзара әрекеттескен кезде заттыңатомдары мен молекулаларының иондануына және қозуына әкеп соғатын сәулелену. ИС өзінің физикалық табиғатына байланысты электромагниттік және корпускулярлық болып бөлінеді.

Бірінші тобына энергиясы жоғары рентген және γ-сәулеленулері жатады.Физикалық қасиеттері бойынша,рентген және γ-сәулелері арасында негізінде айырмашылық жоқ.Фотондық сәулеленудің шығу тегіне байланыссыз,энергиясы олардың 250 кэВ дейін болған кезде,олар рентген сәулесіне,ал 250 кэВ-тан жоғары болғанда гамма-сәулеленуге жатады.

Егер,ИС бұл түрлерінің шығу тегіне келсек,саулеленудің тежелулік және характеристикалық деп аталатын түрлерге бөлінетінін айта кету керек.Тежелулік сәулелену жылдамданған зарядталған бөлшектердің (электрондардың) атом ядроларының электрлік өрістерінде тежелуі кезінде пайда болады.Характеристикалық сәулелену электрондық сыртқы орбиталарының бәрәнен ішкі орбитада пайда болған бос орынға өтуі кезінде пайда болады.Негізінен тежелулік және сипаттық сәулеленудің рентген сәулелеріне,ал ядролардың өзгеруі кезінде пайда болатындардың-гамма-сәулеленуге жатқызады.Мұндай бөліну кезінде рентген және γ-сәулелерінің спектрлері бірінің спектрін бірі жабады.

ИС екінші тобына,яғни корпускулярлық сәулеленулерге кеңістікке жоғары жылдамдықпен қозғала алатын және атомдардыі иондануы мен қозуын тудыратын,кинетикалық энергиясының қоры үлкен,зарядталғал бөлшектер жатады.Бұл топқа электрондар мен позитрондар (β-бөлшектер),протондар(сутегі ядролары), дейтрондар (дейтерий ядролары),α-бөлшектер (геллий ядролары) және ауыр иондар (басқа элементтердің ядролары)кіреді.Бұлардан басқа,корпускулярлық сәулеленуге заряды жоқ нейтрондар және теріс зарядты мезондар жатады.

Қазырғы кезде адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының эффектілерін детерминделген (табалдырығы бар) және стохастикалық (ықтималды) спецификалық биологиялық эффектілері деп бөледі.

Детерминделген әсері-бұл нақты патология,мысалы жедел сәуле ауруы (ЖСА)немесе созылмалы сәуле ауруы (ССА),сәуле күйіктері (терінің және шырышты қабықтарының сәуледен жергілікті зақымданулары),көз бұршағының катарактары,гемопоэзия өзгерістері,уақытша немесе тұрақты ұрықсыздық және т.б түріндегі клиникалық маңызды эффектілер.

Детерминделген эффектілерден стохастикалық эффектілердің айырмашылығы доза табалдырығы жоқ.Халықаралық қауымдастық қабылдаған консервативті радиобиологиялық болжамға сәйкес сәулеленуге шалдығудың деңгейі қанша аз болғанмен де, әсерінен алыс уақыттарда стохастикалық медициналық салдарының – ең алдымен канцерогенді, генетикалық және тератогенді эффектілердің пайда болу қаупі себкпші болады.

Негізгі қағидалары:

· Негіздеу қағидасы сәулеленудің жаңа көздерін және радиациялық нысандарды жобалау, лицензия беру, радиациялық қауіпсіздік жөнінде ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді дайындау және бекіту туралы, сондайақ оларды пайдалану жағдайлары өзгерген кезде,өкілетті органдар шешім қабылдайтын сатысында қолданылуы тиіс.

· Қолайлы ету қағидасы әлеуметтік және экономикалық факторларды ескеріп, сәулеленуге ұшыраудан алатын жеке адамның дозасын, және ұжымдық дозаны да мүмкіндігінше төмен және қол жеткізерлік деңгейде ұстауды қарастырады

· Нормалау қағидасын адамдардың сәулеленуге шалдығу деңгейіне қатысы бар барлық адамдар сақтауы тиіс; бұл қағида азаматтардың иондаушы сәулеленудіңбарлық көздерінен сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаларын «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі» туралы ҚР Заңымен, РҚН-99 және басқа да радиациялық қауіпсіздік нормативтерімен бекітілген жеке адамдарға арналған доза шектерімен асырмауға қарастырады.

 

Билет

· Гигиенада қолданылатын зерттеу әдістері: гигиенаның өзіндік әдістері, әдістемелері (санитарлық тексеру, эпидемиолгиялық, гигиеналық эксперимент, санитарлық сараптама, санитарлық ағарту) және басқа пәндердің әдістемелері

Санитарлық тексеру әдісі адамдардың денсаулығына және олардың санитарлық-тұрмыстық жағдайына әсер ететін факторларды зерттеуге мүмкіндік беретін негізгі әдістердің бірі болып табылады. Ол екі түрден: санитарлық бейнелеп жазудан және тереңдетілген санитарлық тексеруден тұрады. Нысанды санитарлық бейнелеп жазу көзбен көріп байқау, төлқұжаттық мәліметтерін және нысанға қатысты басқа да құжаттарды зерттеу мәліметтері бойынша, сондай-ақ нысандағы адамдардан немесе берілген аумақта тұратын халықтан сұрау немесе сауалнамалық мәліметтері бойынша жүргізіледі. Мысалы, аурулардың емдеу-алдын алу мекемелерінде болуы кезінде жағдайын бағалау үшін ғимаратының орналасуы, қанша қабат екені, жоспарлануы, ратологиясы әр түрлі аурулардың дұрыс орналастырылуы, палаталарының өлшемі, терезелерінің бағытталуы. Тереңдетілген санитарлық тексеру кезінде санитарлық бейнелеп жазудан алынған мәліметтер адамның денсаулығына тікелей немесе жанама түрде зиян келтіретін факторларды аспаптық-зертханалық зерттеу мәліметтерімен барлық уақытта да толықтырып отырады. Тереңдетілген санитарлық тексеру нысанның санитарлық жағдайын обьективті түрде, саны жағынан да бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, шудың деңгейін зерттеу үшін шуды өлшеу қолданылады.

Эпидемиялогиялық әдіс- гигиенаның негізгі әдістерінің бірі болып табылады және әр түрлі факторлардың тек бір адамның денсаулығына ғана емес, сонымен қатар адамдар тобының – ұжымның, тұрғындардың, популяцияның да денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу үшін қолданады. Осы мақсатта:

· Халықтың денсаулық жағдайын санитарлық- статистикалық зерттеу іске асырылады;

· Халық топтарына медициналық тексерулер жүргізіледі

Халықтың денсаулығын санитарлық-статистикалық зерттеу үшін денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің ресми есепке алу құжаттарының, Орталық статистика басқармасының, кәсіподақтардың, жеке кәсіпорындардың мәліметтерін пайдаланады.

|Медициналық тексерудің құрамына терапевт, хирург, педиатр, акушер-гинеколог, невропатолог, оториноларинголог, дерматолог, т.б. кіреді.

Гигиеналық эксперимент әдісі. Табиғи немесе зертхана жағдайында жүргізіледі. Табиғи эксперимент деп, сыртқы орта факторларының адамдардың денсаулығына тигізетін әсерін зерттеуді немесе шынайы еңбек жағдайында немесе тұрмыстық іс-әрекет жағдайы мен өмір сүру жағдайындағы сыртқы орта факторларын зертеуді айтады.

Зертханалық эксперименттің мақсаты- факторлардың қауіпсіз мөлшері мен деңгейін, яғни гигиеналық нормативтерді орнату, олардың әсер ету сипаты мен қауіптілігін анықтау болып табылады.

Санитарлық сараптау әдісі – бұл санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуітуралы зерттеулер жүргізу және қорытынды беру. Санитарлық сараптау халықтың денсаулығын өзгеруінің алдын алуға мүмкіндік беретін тиімді әдістердің бірі болып табылады, себебі, оның көп бөлігі зиянды факторларлың алдын алуға мүмкіндік беретін кезеңдңрңнде жүргізіледі.

· Судың сапасын жақсартудың негізгі әдістері: тазарту және зарарсыздандыру. Суды хлордау әдістері. Хлор қажеттілікті, хлор сіңірушілігін және хлор қалдығын анықтау. Су сапасын жақсартудың арнайы әдістері.

Тазарту – суды өңдеу әдістерінің жалпы кешенінде маңызды кезеі болып табылады, өйткені, ол судың физикалық көрсеткіштерін жақсартады. Араласқан заттардан тазарту кезінде, судағы микроағзалардың да едәуір бөлігі жойылады. Судың толық тазартылуы оның зарарсыздандыруын жеңіл және тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.

Мөлдірлендіру және түссіздендіру мақсатында суды тазарту механикалық (тұндыру арқылы), физикалық (сүзу) және химиялық (коагуляция, флокуляция) әдістер арқылы жүргізіледі.

Суды тұндыру арнайы құрылғыларда (тұндырғыштарда) жүргізіледі. Тұндырғыштарда су баяу ағатындықтан (2-8 сағат бойы), араласқан заттардың көп бөлігі судың түбіне шөгеді.

Тұндыру үрдісін жылдамдату үшін коагуляция қолданылады. Коагуляция жүргізгенде суға оның құрамындағы бикарбонаттармен реакцияға түсетін коагулянт қосылады. Суды араласқан заттардан толық тазарту үшін суды сүзу қолданылады.

Судың сапасын жақсартудың келесі кезеңі зарарсыздандыру, яғни микроағзаларды жою. Санитарлық практикада суды зарарсыздандырудың ең жақсы сыналған және сенімді әдіс – хлорлау әдісі. Суды хлорлау арқылы зарарсыздандыру кезінде хлор органикалық және минералды қосылыстармен өзара әсерлеседі. Толық бактерицидтік эффектіссіне қол жеткізу үшін, белсенді хлорды суға тек органикалық қосылыстарды тотықтыруға ғана емес, сонымен бірге микроағзаларды да жоятын мөлшерде қосу керек.

Су сапасын жақсартудың арнайы әдістері, судың минералдық құрамын және оның органолептикалық қасиеттерін жақсартуға бағытталған.

· Дегазациялау- судағы еріген газдарды кетіру

· Суды жұмсарту- судан кальций мен магний катиондарын толық немесе ішін-ара кетіру

· Суды тұзсындандыру – өнеркәсіптік қолдануға дайындау кезінде суды толық тұщыландыру

· Суды темірсіздендіру – судан темірді кетіру аэрация, суға әк араластыру, коагуляция, катиондау арқылы іске асырылады.

· Суды дезодарациялау – судың иісі мен татыған дәмін кетіру

· Дезактивация – суды құрамындағы белсенді заттардын тазарту

· Фторлау – суда фтор жетіспеген жағдайда фтор қосу

· Фторсыздандыру – суда фтордың мөлшері көп болған жағдайда оның мөлшерін азайту.

· Әскердегі жеке құрамның монша мен кір жуатын орындарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Моншалар мен сауналарға қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

55. Моншалар мен сауналар жеке тұрған ғимараттарда немесе жеке кіретін есігі болған жағдайда кір жуу орнымен бір ғимаратта, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрмыстық корпустарында орналастырылады. Монша мен сауналарды тұрғын ғимараттарда орналастырған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс.

56. Монша және сауна үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, шешіну-киіну бөлмесі, санитариялық тораптар, жуынып-шайыну және себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар кіреді.

57. Моншаларда шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын орналастыруға жол беріледі.

58. Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылыту көздерін жайғастыруға жол беріледі. Сыйымдылығы 200 және одан да көп орындық моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.

59. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.

60. Терезе ойықтарында ашылатын фрамугалар немесе желкөздер көзделеді.

61. Моншалар мен сауналарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған жартылай қатты және қатты жиһаздар, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер қолданылады. Ағаш траптарды пайдалануға тыйым салынады.

62. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер қолданылады.

63. Моншалар мен сауналарда қолданылатын заттар (ақжаймалар, сүлгілер) таза, құрғақ және жеке пайдалануға арналуы тиіс.

64. Моншалар мен сауналардың барлық үй-жайларында тазалық үнемі сақталады. Кәріз траптарының бітеліп қалуына және еденде лас судың жиналуына жол берілмейді.

65. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарын өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім кептіріліп, пакеттерге салынып беріледі.

66. Жуыну бөлімшелеріндегі легендерді, ванналарды өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартушы заттар, щеткалар мен шүберектер болуы тиіс. Легендер, ванналар дезинфекцияланады және сумен шайылады.

67. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды желдету, үй-жайларды, мүкәммалды және жабдықтарды жинау, дезинфекциялау жүргізіледі.

68. Моншалар мен сауналардың, бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.

69. Монша мен сауналардың жуынып-шайыну және себезгі бөлмелерінде кір жууға және кір кептіруге тыйым салынады.

Кір жуатын орынның және оның жабдықтарының орналасуы жуылатын заттарды өңдеу және жуу үдерісінің ағынды болуын қамтамасыз етуі тиіс. Әскерилердің іш киімі зарарсыздандырылады. Әскерлердің киімдерін және төсек жабдықтарын кептіру және үтіктеуге арналған үй-жайлар бөлек болуы тиіс.

Кір жуатын орынның кіретін есігін тұрғын, медициналық үй-жайлардың және ас блогының есігімен қатар орналастыруға жол берілмейді. Кір жуатын орын металдан жасалған іргешелермен қоршалады. Іргешелердің, сүйреуіштің және палубаның жабыны суға төзімді болуы тиіс. Суды ағызатын ағын көзделеді.

Билет

· ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымы. Негізгі міндеттері, функциясы мен әдістері

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (2002-) ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығына сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы қаулысымен 2002 ж. 1 қаңтарда құрылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 10 қаңтардағы қаулысымен комитет туралы ереже бекітілді. Мемлекеттік мекемелері оларды көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық органдары- мемлекеттік мекемелері мен көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жүзеге асыратын орталықтар-мемлекеттік мекемелерге бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Ережеге сәйкес комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті шегінде бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ҚР [[Денсаулық сақтау]] министрлігінің ведомствосы болып табылды. Комитеттің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау аумақтық органдары: көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталық басқармасы; аймақтық темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиятуық қадағалау басқармалары; 31051 әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары; бөлімшелік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары болды.

Комитеттің негізгі міндеттері[29000700291100000051010100800011800501001018291002910010080081110103101230905000500511101000081001018291800804050080000308180182929000400200000100008105112 өңдеу ]

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың мониторингін жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ халықты санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Комитеттің көліктегі аумақтық бөлімшелері бар: көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталық басқармасы; аймақтық темір жол және әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадагалау басқармалары; бөлімшелік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары. Комитетің құрылымы: басшылық; эпидемиологиялық бақылау басқармасы; эпидемиологиялық бақылау бөлімі; карантиндік және зооноздық жүқпалы аурулар бөлімі; санитарлық-гигиеналық бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық нормалау басқармасы; санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімі; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 21 шілдедегі қаулысымен 2900070029110000005101010080001180050100101829100291001008008111010310123090500050051110100008100101829180080405008000030818018292900040020000010000810511 [HYPERLINK "%96%22%5B6%5D"6HYPERLINK "%96%22%5B6%5D"] комитет қарамағындағы ұйымдар атаулары қайта аталды. Комитет туралы ережеге өзгерту енгізілді: комитеттің аумақтық органдарының атаулары "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылды; көліктегі санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау орталық басқармасы көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадагалау бас басқармасы болып қайта аталды.2900070029110000005101010080001180050100101829100291001008008111010310123090500050051110100008100101829180080405008000030818018292900040020000010000810511 [HYPERLINK "%96%22%5BHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B_%D0%94%D0%B5%D0%BD%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%81%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%83_%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%B3%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D1%8D%D0%BF%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%83_%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82%D1%96%227%5D"7HYPERLINK "%96%22%5BHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B_%D0%94%D0%B5%D0%BD%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%81%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%83_%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%B3%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D1%8D%D0%BF%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%83_%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82%D1%96%227%5D"]

· Суды зерттеу әдістері. Ашық су көздерімен су өткізгіш нүктелерден органолептикалық, санитарлық-химиялық және бактериологиялық зерттеулерге судан сынама алу тәсілдері

Тазарту – суды өңдеу әдістерінің жалпы кешенінде маңызды кезеі болып табылады, өйткені, ол судың физикалық көрсеткіштерін жақсартады. Араласқан заттардан тазарту кезінде, судағы микроағзалардың да едәуір бөлігі жойылады. Судың толық тазартылуы оның зарарсыздандыруын жеңіл және тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.

Мөлдірлендіру және түссіздендіру мақсатында суды тазарту механикалық (тұндыру арқылы), физикалық (сүзу) және химиялық (коагуляция, флокуляция) әдістер арқылы жүргізіледі.

Суды тұндыру арнайы құрылғыларда (тұндырғыштарда) жүргізіледі. Тұндырғыштарда су баяу ағатындықтан (2-8 сағат бойы), араласқан заттардың көп бөлігі судың түбіне шөгеді.

Тұндыру үрдісін жылдамдату үшін коагуляция қолданылады. Коагуляция жүргізгенде суға оның құрамындағы бикарбонаттармен реакцияға түсетін коагулянт қосылады. Суды араласқан заттардан толық тазарту үшін суды сүзу қолданылады.

Судың сапасын жақсартудың келесі кезеңі зарарсыздандыру, яғни микроағзаларды жою. Санитарлық практикада суды зарарсыздандырудың ең жақсы сыналған және сенімді әдіс – хлорлау әдісі. Суды хлорлау арқылы зарарсыздандыру кезінде хлор органикалық және минералды қосылыстармен өзара әсерлеседі. Толық бактерицидтік эффектіссіне қол жеткізу үшін, белсенді хлорды суға тек органикалық қосылыстарды тотықтыруға ғана емес, сонымен бірге микроағзаларды да жоятын мөлшерде қосу керек.

Су сапасын жақсартудың арнайы әдістері, судың минералдық құрамын және оның органолептикалық қасиеттерін жақсартуға бағытталған.

· Дегазациялау- судағы еріген газдарды кетіру

· Суды жұмсарту- судан кальций мен магний катиондарын толық немесе ішін-ара кетіру

· Суды тұзсындандыру – өнеркәсіптік қолдануға дайындау кезінде суды толық тұщыландыру

· Суды темірсіздендіру – судан темірді кетіру аэрация, суға әк араластыру, коагуляция, катиондау арқылы іске асырылады.

· Суды дезодарациялау – судың иісі мен татыған дәмін кетіру

· Дезактивация – суды құрамындағы белсенді заттардын тазарту

· Фторлау – суда фтор жетіспеген жағдайда фтор қосу

· Фторсыздандыру – суда фтордың мөлшері көп болған жағдайда оның мөлшерін азайту.

· Кейбір органолептикалық көрсеткіштері бойынша (адамның сезу мүшелері арқылы анықталады): иісі – судың оған тән емес иістердің қарқындылығы 1 балдан аспауы керек, түсі – 1 санатқа жататын суаттар үшін биіктігі 20 см су бағанасында, ал 2 санатқа жататын суаттар мен теңіздер үшін – биіктігі 10 см су бағанасында анықталмауы тиіс;

Кейбір физикалық көрсеткіштері бойынша: температура – ағынды суларды жіберу нәтижесінде, судың жазғы температурасы салыстырғанда, 3 градус С артық аспауы керек1;

· Бірқатар химиялық көрсеткіштері бойынша: минералдық құрамы – құрғақ қалдығының мөлшері бойынша 1000мг/дм 3 аспауы, оның ішінде, хлоридтердің мөлшері бойынша – 350 мг/дм3; сульфаттардың мөлшері бойынша – 500 мг/дм 3 аспауы керек; химиялық заттардың (бірқатар улы заттардың) концентрациясы – шектік рұқсат етілген концентрациясынан (ШРЕК) аспауы тиіс

ШРЕК – адам ағзасына бүкіл өмірі бойына түсуі кезінде халықтың қазіргі кездегі және келешектегі ұрпақтардың, оның ішінде, өмірінің қартайған шағында да, денсаулықтарына тікелей немесе басқа орта арқылы әсер етпейтін, сондай –ақ, су пайдаланудың гигиеналық жағдайларын нашарлатпайтын судағы заттардың ең жоғары концентрациясы.

Судағы химиялық заттарға арналған ШРЕК зияндылықтың лимиттеуші белгісін (ЗЛБ):

· Санитарлық – токсикологиялық;

· Жалпы санитарлық;

· Органолептикалық белгісін ескертіп бекітеді.

Судың органолептикалық қасиеттерінің өзгеру сипаты келесідей түсіндіріледі: иіс - судың иісін өзгертеді; түс – судың түсіне әсер етеді; көбік – көбік түзеді; қабыршық – судың бетінде қабыршық пайда болуы; дәм – суға дәм береді. Суды ластайтын барлық химиялық заттар келесі түрде жіктеледі:

1 класс – өте қауіпті

2 класс – қауіптілігі жоғары

3 класс – қауіпты

4 класс – орташа қауіпті

 

· Радиологиялық зертханаларды жоспарлау мен орналастыру қағидалары. Жабдықтарды герметизациялау. Сумен жабдықтау және канализация, желдетуді ұйымдастырудың ерекшеліктері


Дата добавления: 2015-07-23 | Просмотры: 3220 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.042 сек.)