АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Марганецпен улану.Клиникасы. Диагностикасы.

Адамдардың марганецпен жұмыс істеу барысында ОЖЖ,ТАЖ,ЖҚЖ,АІЖ,Несеп жолдары,Бауыр зақымдануымен жүретін кәсіптік ауру. Шағымы: науқастарда тез шаршау, ұйқышылдық, бас ауыруы, жұмыс қабілетінің төмендеуі, әлсiздiк, тәбеттің төмендеуі сияқты шағымдар айтады, сирек гиперсаливация, жүрек айну және асқазанда ауыру сезiмi пайда болады. Кейде осы сатыда парестезиялар және аяқ-қолдардың дисталдық бөлiмiнде ауру сезiмi пайда болуы мүмкін. Науқастар бастапқы кезде әлсiздiкке мән бермейді. Ауру латенттi түрде өтедi. Клиникасы: Ісатысы ОЖЖ-де, iшкi мүшелерде айқын өзгерiстер жоқ. Улану дамыған сайын жүйке жүйесiнiң қызметтік өзгерiстерiн және полиневриттi синдром көрінісін табуға болады. Бұлшықеттiң гипотониясы, дисталдық гипоалгезия, ауыру сезiм, жеңіл экзофтальм "көз симптомы" көрiнедi, Құрсақтың терең рефлекстерi төмендейді, пиломоторлық рефлексi тез пайда болып, тез жойылады, ашық қызыл жайылған дермографизм, дисталды гипергидроз байқалады. Бұлшықеттердің механикалық қозғыштығы жоғарылайды (Хвостек симптомы оң), жүйке жүйесiнiң өзгерiстерi астеновегетативтiк синдромға тән. ТАЖ мұрын арқ дем алғанда мұрынның шырышты қабатын зақымдайды.Кейін өкпеге өтіп оның капиляраны еніп белок циркуляциясын бұзады.Перкуссия кезінде өкпеліе дыбыс, Аускультацияда везикулярлық тыныс естіледі. ІІ-сатысында токсикалық энцефалопатиялық алғашкы белгiлерi көріне бастайды. Науқастарда кiрпiктi қағуы сиректелiп қиындайды, гипомимия, «оң» ауыздық автоматизм симптомдары (Маринеско симптомы) байқалады. Бұлшықеттердiң тонусы жоғарылайды. ІІІ-сатыда «тибиальдi» феноменi және «тіс тәрiздi дөңгелек симптомы» феноменi анықталады. Саусақты мұрын ұшына тигiзу сынамасын жасағанда науқастар тигiзе алмайды, Ромберг қалпында тұру орнықтылықсыз. Науқастың жүрiсi өзгередi, қол қимылы жүрiске сәйкес емес, құрсақ рефлекстері төмендейді. Қолды созғанда саусақтардың жайылмалы треморы анықталады. Полиневриттiк синдром айқын көрiнедi, терiде трофикалық өзгерiстер және сезiмталдықтың өзгеруi анықталады. Кейде диэнцефалды сипаттағы криздер пайда болады. Бұл неврологиялық бұзылыстарға нейроциркуляторлы дистонияның симптомдары гипо- немесе гипертониялық түрімен, ЭКГ-да өзгерістері жиі аритмиялармен қосылады. ІV-сатысында «марганецтiк» паркинсонизм дамиды. Мидың диффузды зақымдалуымен сипатталады, экстрапирамидалды симптомдар кебейедi. Бұл сатыда науқас бетi маска тәрізді, қозғалыстары аз, кейде эмоционалды қозу пайда болады, ол ерiксiз күлу немесе жылаумен көрiнедi. Интеллект төмендеген, критикалық ойлау қабілеті әлсіреген, науқас жүрiсi «қораз жүрiсi» тәрiздi (аяқ ұшымен), ретро- және пропульсия (салданудан iлгерi қарай ерiксiз жүру) болуы мүмкін, түсiнiксiз, жай сөйлейді, жазу қабілетi өзгередi. Терең рефлекстері биiк, табандық клонустар байқалады.

42)Марганецпен уланудың емдеу принциптері және алдын алу шаралары

ЕміI және ІІ сатыларында В дәрумені 5%-1 мл, В6 1%-1 мл 15-20 рет бұлшықетке және Е дәрумені 5% -3 мл к/т, 0,9% 5-10мл натрий хлор ерiтiндiсiнде не болмаса 0,3г күніне 3 рет iшке 1,5-2 ай немесе полидәрумендер берiледi. Кальций лактатын 0,5 г күніне 3 реттен беру қажет. Актовегин 2 мл бұлшықетке 20-25 рет. ІІ-ІІІ сатысында к/т новокаин 5 мл 0,5% ерiтiндi 10-15 рет, сермион, пирацетам 5-10 мл к/т №10, бастапқы экстрапирамидалды бұзылыстар кезiнде прозерин (тері астына 0,2-0,8 мл 0,05% ерiтiндi) тағайындайды. Созылмалы уланудың айқын түрiнде (паркинсонизм синдромы бар) холинолитикалық препараттар: «корбелла», тропацин, амедин, циклодол тағайындалады. Циклодол таблетка түрiнде 0,002-0,005г, максималдi тәуліктік дозасы 0,01г, амедин 0,05г 1-3 рет күніне берiледi. Антидотты ем ретiнде тетацин кальций бiрнеше қайталану курсымен беріледі, ағзаның жалпы қарсылас күшiн жоғарылату үшiн симптоматикалық және жалпы нығайтатын терапия жүргiзiледi (шынықтыру, физисем, ванналар). Диспансерлiк бақылау жүргізіледі. Еңбекке жарамдылығын сараптау. Патологиялық үдерістің үдеуге бейiмдiлiгiн ескерiп, улануға күдiк туған сәттен бастап жұмысынан уақытша (1-2 айға) басқа улы заттардың әсері жоқ жұмысқа ауыстыру қажет. Уланудың бастапқы сатысы анықталса, марганец және оның улы заттары әсер етпейтiн рационалды басқа жұмысқа орналастыру ұсынылады. Егер жұмысшының квалификациялық категориясы төмендесе, еңбекке жарамдылық қабілетін бағалау үшiн оны МӘСК-сына жiбередi.
Аурудың айқын сатыларында науқастар еңбекке жарамсыз. Оларға тек арнайы жасалған жеңілдетілген жағдайларда жұмыс істеуге болмайды. Еңбекке жарамдылығын қалпына келтiруге бағытталған медициналық және әлеуметтік-еңбектік реабилитация шараларына көп мән берiледi. Бұл жағдайларда қайта емдеу курстары, санаторлық-курорттық ем тағайындалады. ІІ-III-сатыдағы улануы бар науқастардың әдетте мүгедектiк тобын алуға қаупі бар. I сатыдағы улануы бар науқастарға ем нәтиже бермегенде ІІI-топ мүгедектiк алуды немесе қайта квалификациялауды МӘСК-сы шешедi.


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 887 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)