АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Алдын алу шаралары.
Технологиялық үдерістердi механизациялау және герметизациялау, шаң түзiлудi азайтып, марганецпен жұмыс жасау кезiнде қауіпсіздік ережелерiн сақтау, жұмыс түріне байланысты алдын-ала және кезектiк медициналық тексерулердi уақытында өткізу керек. Медициналық тексерулерде невропатолог және терапевт, дерматовенеролог, отоларинголог қатысады. Мiндеттi түрде гемоглобиннің, лейкоциттердің мөлшерін және ЭТЖ анықталуы тиiс. Кеуде қуысының рентгенографиясын 24 айда 1 рет тексеріліп тұрады. Марганецтi ұнтақтay, араластыру жұмыстарда жұмысшыларды 1 рет 6 айда; кеннен марганецтi өндiру, балқытуда - 1 рет 12 айда; балқытып бiрiктiруде 1 рет - 24 айда кезектi меди-циналық тексеруде жүргiзедi. Марганецпен қатынасатын жұмысқа алуға қарсы көрсеткіштер: ОЖЖ органикалық және қызметтік, психикалық аурулар, полиневриттер, айқын эндокринді-вегетативтiк аурулар, бауырдың созылмалы аурулары: нефриттер, нефроздар мен нефросклероздар, бронх-өкпелік аппарат аурулары (бронхит, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, бронх демiкпесi, бронхоэктаздық ауру).
51.ФОКмен уланудын емдеу принципы
ФОҚ уланудың емі: жәбір көрген адамды противогаз кигізіп қауіпті зонадан алып шығу керек. Теріге түссе 5-10% мүсәтір спиртімен, 2-5% хлорамин ерітіндісімен, 2%сода ерітіндісімен өңдеп,сүрту керек. Көзге түссе сумен жуу керек. Асқазанға түссе, асқазанды жедел жуып, бірнеше стакан су ішкізіп, жасанды құсық шақыру керек. Активтелген көмір, іш айдатқыш дәріберу керек. Улану белгілері болса холинолитикалық препараттар ішке 0,001 г амизил немесе 0.02 г тропацин 1 мл 0.1% атропин ерітіндісі холинэстераза антидоттары бұлшықетке 15% 5-10 мл, дипироксимді атропинмен бірге салу керек.Жүрек дәрілерін, құрысуға қарсы заттар магний сульфаты, хлоралгидрат, пневмонияның профилактикасы үшін антибиотиктер, дезинтоксикациялық дәрілер беріледі. Алдын алу: Уланудың алдын алу үшін кәсіптік қаралудан өтіп, күніне 2-3 рет 0.5 г панкриатин,фестал, емдік профилактикалық тамақтану, күнде сүт ішу, т.б шаралар жүргізіледі. Жұмыс уақыты 6 сағаттан көп емес, кей жағдайда 4 сағаттан артық болмау керек. ХОҚПмен уланудың емі: науқасты таза ауаға шығарып, ластанған киімін шешу, жылу, оттегі,венаға 40% 20 мл глюкоза ерітіндісін 500 мг витамин Смен қосып В витамині беріледі. Бұлшықетке 100 мг кокарбоксилаза, витамин Е 5% 1 мл №25-30 көрсетулер бойынша жүрек қантамыр және седативті дәрілер. Энцефалополиневритті емдеу үшін витамин В,Е тобы, фитин, липотропты дәрілер, церебролизин, аминалон, пирацетам, актовегин, АТФ тағайындалады. Ауыр улануда 500 мл физиол.ерітіндіні венаға 40% глюкозамен енгіземіз,Майлар, адреналин, алкоголь беруге болмайды. Созылмалы уланудың емі синдромалды. Алдын алу: Пестицидтерді сақтайтын жерлерде санитарлық бақылау, жұмысшыларды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, пестицидтер ПДКсын сақтау, жұмыс күнінің ұзақтығын сақтау. Пестицидтермен жұмыс істеуге жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, 18 жасқа толмағандар, арақ шарап ішкендер жіберілмейді. СОҚПмен уланудың емі: уланудың алғашқы белгілерінде асқазанды жуып, іш айдатқыш дәрілер тағайындалады.Алғашқы тәулікте күніне 3-4рет 5-10 мл 5% унитиол ерітіндісін бұлшықетке тағайындайды. Жүрегі айну, құсу, тынышсыздық байқалса, бромидтер,хлорлы кальций, барбитураттар тағайындалады. Құсу, іш өту болса, церукал,мотилиум,дезинтоксикациялық дәрілер
49. ФОҚ ағзаға енуінің негізгі жолдары.Уланудың патогенезі
Фосфор және оның органикалық емес қосындыларымен улану жағдайлары, ағзаға фосфор және құрамында фосфоры бар органикалық емес (родентицидтер, инсектицидтер, фосфин[сутегінің фосфиді, РН3, сасық газ] қосындылардың түсуі нәтижесінде пайда болады. Ацетиленмен (фосфиннің түзілуі мүмкін), фосформен жұмыс істегенде, металды суға және қышқылға түсуі кезінде, өндірістік кәсіпорындарда, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда кездеседі. Фосфор және оның органикалық емес қосындыларының улылығын жеңіл қортылатын майлармен бірге ішімдікті қолданған кездерінде болады. Фосфордың рұқсат берілетін концентрациясы 0,03 мг/м3 Этиопатогенезі:
Фосфор қосындыларының барлығының цитотоксикалық (нейро және гепатотоксикалық), жергілікті тітіркендіретін және күйдіретін әсері бар.
50. ФОҚ улану.Клиникасы.Диагностикасы Клиникасы:
Жедел улану. Бас ауру, бас айналу, жүрек айну, брадикардия. Ауыр жағдайларда-қозу, жүйке жүйесінің тежелулері болады. Гепатит, сарғаю. Коллапс болуы мүмкін.Ішке қабылдаған кезде: бас айналу, іштегі ауырсыну, қараңғыда жанатын құсу. Асқазан ішек жолдарының бұзылыстарының дамуына дейін коллапс дамуы мүмкін. Ауыр жағдайларда 2-3 күннен кейін бауырдың жедел ауыр атрофиясы дамуы мүмкін. әлсіздік, гипопротромбинемия, тері асты қан құюлулары, гематурия, нефрит, қозу, ұйқысыздық, галлюцинациялар. Жүрек қызметінің төмендеуі, дене температурасының төмендеуі, коллапс, кома. 7 күні немесе кейінірек өлім тууы мүмкін.
Сүлелі улану. Бас ауыру, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, іштегі ауырсынулар, іш қату немесе іш өту, аяқ қолдардағы ауырсынулар, тітіркенгіштік. Сүлелі ринит, ларинготрахеит, бронхит, кейде гингивит, стоматит, пародонтит, тістердің кариесі. Ескі әдебиеттр бойынша жақтың «фосфорлы» некрозы дамиды, оның басталуы ауырсынулармен жоғарғы немесе жиекті перидонтитпен, қызыл иектің ісінуі және тістің босауымен іріңдеуі және периостит дамиды. Кейінгі асқынуларға абсцетер мен жыланкөздермен аяқталады, ол ауыз қуысын немесе мойынның ашылуларымен аяқталады. Қазіргі кездегі тәжірибеде «фосфорлы» некроз кездеспейді.
52. Құрамында сынабы бар улардың ағзаға ену жолдары. Уланудың патогенезі
Сынап – бұл бөлме температурасында айтарлықтай ұшатын, суда ерімейтін сұйық ақ күміс түсті металл. Қатты түрінде түсі ақ, қақталған болады, химиялық тұрақты. Құрғақ күйінде тотықпайды, дымқыл күйінде – оксидтердің сұр қабыршағымен жабылады. «Царская арағында» (азот қоспасы және тұз қышқылы), азот қышқылында, ыстық қойылтылған күкірт қышқылында ериді.
Сынапты катодтар жасау, күйдіретін сілтіні және хлорды электрхимиялық жолмен жасаған кезде, сынапты вентильдер жасау, газ разрядты жарық көздері (люминесценцияға негізделген және сынапты шам), жоғары вакуумдық насостар, бақылау-өлшегіш аспаптар (термометрлер, барометрлер, манометрлер) үшін пайдаланылады.
Өнеркәсіптің қарқынды дамуына байланысты, қоршаған ортаға сынаптың түсуі айтарлықтай өсуде. Сонымен, 20 ғасырда жағылған көмірден жердің бірлік көлеміне сынаптың салмағы шамамен 10 есеге өсті. Атмосфераға жыл сайын 500 тонна түседі.
Сынаппен қоршаған ортаны ластаудың маңызды көзі сарқынды сулар болып табылады. Техногенді шашырайтын сынап (күйік иіс, суда еритін тұздар, органикалық қосындылар) экологияға өте қауіпті. Ол жауын-шашынмен шайылады, табиғи айналымға кіріп жерге сіңеді, өсімдіктерге, жануарларға сіңеді.
Патогенезі: Жалпы улылық әсері.Тиолдың уы. SH-тобымен әсерлесіп, энзимохимиялық процеске қатысады, нәтижесінде май, белок, көмірсу алмасуларының күрделі процестері дамиды.Капиллярлытоксикалық әсердің нәтижесінде, тамырлар зақымданады, яғни гематоэнцефалиялық барьермен тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды.Липотропты әсері.Кардиотоксикалық әсері → жүрек қызметінің реттелуінің бұзылуы.
53.Құрамында сынабы бар улармен улану. Клин икасы.Диагностикасы.
Клиникасы. Жедел улану кезінде:Астениялық – вегетациялық синдром.Жұлынның бағаналы бөлігімен мишықтың басым зақымдануымен жүретін токсикалық энцефалопатияның белгілері. Бұған-жүрістің бұзылуы, қолдардың дірілдеуі, аяқтардың салдануы, есту қабілетінің, көру қабілеінің төмендеуі, жұтынудың қиындауы, естен тану, соқырлық жатады.Мидың зақымдану қызметі. Бұл – қантсыз диабеттің белгісі.Токсикалық миокардиодистрофия, нефропатия белгілері. Созылмалы улану кезінде: Клиникалық синдромдар: астениялық – вегетациялық, полиневроти-калық, диэнцефалиялық, кардиялық, бауырлық. Улану белгілері ақырындап дамиды. Алғашында астениялық-вегетативті синдром болады, ал ОНЖ жағынан: бас ауыру, шаршағыштық, ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тітркендіргіштік, әлсіздік.Обьективті: тұрақты қызыл дермографизм, гипергидроз, сіңір рефлекстерінің жоғарлауы, саусақтарының дірілдеуі. Ауыр жағдайларда- диэнцефалдық гипоталамиялық аймақтың зақымдануы болады. Вегетативтік вицериялық криз (шөлдеу, полиурия, ұйқының бұзылуы, терморегуляцияның бұзылуы).Уланудың ауыр түрлерінде: жүйке жүйесінде органикалық ошақты және диффузды өзгерістер болады. Жүрек тамыр жүйесі жағынан: аритмиялар, блокадалар, гипотония. Дерматит.Көру ағзасы: жарықты сезудің, көрудің төмендеуі.
54. Құрамында сынабы бар улармен улануға негізделген кәсіптік аурулардың емдеу принциптері және алдын алу шаралары.
Емі: комплексті және индивидуалды: антидоттық, залалсыз-дандыру шараларын жүргізіп, метаболизм процссін, иммунды жүйені жақсартуға бағытталған. Унитиол тағайындалады. Сукцимер беріледі. Натрий тиосульфаты салынады. Д-пеницилламин уақыт беріледі.Глюкоза аскорбин қышқылым. Транквилизаторлар: тозепам, нозепам, элениум т.б. осы-ған үқсас 2-3 апта беріледі.Витаминдер: В-тобы, Е, А, РР;. Физиотерапиялық, санаторлық-курорттық ем мен ЕДШ, психотерапиялық емі өршіген кезінде жүргізіледі. Еңбекке жарамдылыгын сараптау. Алғашқы сатысында жүмысшыны басқа жүмысқа көшіріп немесе ауыстырып ем та-ғайындалады, жақсарған соң бүрынғы жүмысына қайта жібері-лсді. Ауыр жағдайда МӘСК-ға жіберіп, мүгедектік беру қарас-тырылады
. Профилактикасы. Өндірісте сынапты басқа уы жоқ заттар-мен алмастыру, бақылау жүргізу. ШРЕК-ны сақтауды бақылау. Кезекті медициналық тексеруді 1 рет 12 айда, сынапты қатыс-тырмау - егер сынапты өндіру жүмысы болса, ал басқа жағдай-да 24 айда 1 рет өткізеді.
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1504 | Нарушение авторских прав
|