АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Сумен емдеу емшаралары.

Прочитайте:
  1. Гиперкалемияны емдеу жолдары.
  2. Гипермагниемияны емдеу.
  3. Гиперфосфатемияны емдеу жолдары.
  4. Емдеу жолы
  5. Интерферонмен емдеу
  6. Туберкулезді емдеу
  7. Ультрадыбыспен емдеу

Сумен емдеу мақсатында табиғи сулармен (өзен, көл, су құбыры) қатар дәрілік заттар қосылған сулар қолданылады.

Судың емдік әсерін оның жылулық (термиялық) және механикалық (гидростатикалық) факторлары қамтамасыз етеді.

Судың жылу әсері дәрежесі оның температурасына байланысты.

Сумен емдеу емшаралары суық (200 С дан төмен) салқын (20-330 С) индифференті (талғаусыз) (34-360 С), жылы (37-390С) және ыстық (400 С тан жоғары) болып бөлінеді.

Суық емшаралар рефлакторлы механизмі бойынша вегетативті жүйке жүйесінің зат алмасу қарқындығын өзгерте отырып, ішкі ағзалар қызметін реттейді, организмді шынықтырады.

Индифореренті су емшаралары организмді тыныштандырады, қан қысымын төмендетеді, жүрек соғуын баяулатады.

Жылы және ыстық су алдымен терідегі қан тамырларын қысқа уақытқа тарылтады, сонан соң кеңейтіп гиперемия пайда болады, тер бөлінуі күшейеді, тамыр соғу мен тыныс алу жылдамдайды қан қысымы төмендейді. Ішкі ағзалардың бұлшық еттері босаңсыйды, бездердің секреторлы қызметі жоғарылайды, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады.

 

Минералды сумен емдеу

Меркі ауданы

Минералды сумен емдеу, бальнеотерапия (лат. balneum – монша, суға түсу және грек. therapeіa – емдеу) –курорттық және курорттан тыс емдік - профилактикалық мекемелерде әр түрлі ауруларды табиғи және жасанды жолмен дайындалған минералды сумен емдеу. Минералды сумен емдеу ішкі (ішу арқылы), сыртқы (жалпы ваннасуына шомылу) ем үшін пайдаланылады. Минералдық сулар сонымен бірге ауызды шаю, ингаляция жасау, асқазанмен ішекті шайып тазарту, т.б. үшін де пайдаланылады. Минералдық сулардың құрамында көмірқышқыл газдың,күкіртті сутектің, азоттың, тез ыдырайтын радиоактивті заттардың (радонның) болуы оларға емдік әсер береді. Олардың температуралық, механикалық факторларының мәні зор. Минералды ванналар алдымен жүрек - қан тамыржәне жүйке жүйесіне әсер етіп, олардың жұмысын реттейді, организмдегі зат алмасу процесі мен ішкі секрециябездері жұмысының қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Жалпы және жергілікті минералды ванналарды жүрек - қан тамыр, тірек-қимыл аппараты (буын, сіңір, бұлшық ет), жүйке жүйесі, сондай-ақ гинекологиялық ауруларды емдеуге пайдаланылады. Минералды сумен шаю мұрын - жұтқыншақ, жоғары тыныс алу жолдары ауруларына, шайып тазалау мен клизма – ішек ауруларына қолданылады. Минералды суды ішкендеауыз қуысындағы, асқазандағы рецепторларға әсер етіп, асқазан ішкі секреция бездерінің жұмысын реттейді. Сондай-ақ минералды су ішу өт жолдарының қызметін дұрыстайды, соның нәтижесінде зат алмасу процесі жақсарады. Минералды сумен емдеуді дәрігер белгілейді және оның бақылауымен жүргізіледі.Бальнеотерапиямен тромбоз және эмболияны, церебральді криздерді, қатерлі ісіктерді, глаукоманы, т.б. ауруларды емдемейді. Қазақстанда Минералды сумен емдейтін “Алмаарасан”, “Ақжайық”, “Қапаларасан”, “Жаңақорған”, “Көктем”, “Мерке”, “Мойылды”, т.б. курорт, санаторийлер жұмыс істейді.

Жылумен емдеу

Жылумен емдеу, термотерапия (гр. therme және терапия) – жылу әсерін әр түрлі физикалық әдістер арқылы емдік мақсатта пайдалану.

Жылумен емдеу үшін су (Сумен емдеу), саз, құм, парафин, озокерит (Балшықпен емдеу), электр шамдары, жоғары және ультражоғары жиілікті электр тогы (Электрмен емдеу), Күн сәулесі (Гелиотерапия), т.б. қолданылады.

Емдейтін ауру түріне және қолдану тәсіліне қарай жылумен емдеу аумақтық және жалпы әсер ететін болып екіге бөлінеді. Адам организмінің жеке бір аумағына пайдаланылатын жылудың әсері, әуелі сол аумақтың жүйке талшықтарына білінеді. Жылудың әсері қызудың мөлшеріне, қыздыратын жердің аумағына, пайдалану уақытының ұзақтығына байланысты адам организмінде реакциялар туғызады. Жылумен емдеудің ішкі мүшелерге әсері теріде орналасқан жүйке ұштарын қоздыру арқылы байқалады. Жылумен емдеу организмді жылытып, одан бөлінетін жылуды азайтады, зат алмасуын күшейтеді, жүрек соғысы жиілейді, қан қысымы төмендейді, тыныс алу тереңдейді, жиілігі азаяды, бұлшық ет тонусы әлсірейді, эндокриндік бездердің қызметі жақсарады.

Ішкі органдардағы өзгерістердің қарқыны, негізінен, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмыс істеу жағдайына байланысты болады. Сондықтан жылумен емдеуді организмнің жалпы реактивтік жағдайын тіркеумен қатар өткізу қажет. Жылумен емдеу тек дәрігердің рұқсатымен тірек-қимыл қызметі бұзылғанда, орт. және шеткі жүйке жүйесі, тері, т.б. ауруларын емдегенде қолданады. Ал жүрек, қантамыры, қатерлі және қатерсіз ісік аурулары бар адамдарға Жылумен емдеуді қолдануға болмайды.

 

Балшықпен емдеу

Балшықпен емдеу

Балшықпен емдеу, пелоидотерапия (грекше plos — саз, балшық және therapeіa — емдеу), құрамында тұздар, өсімдік шірінділері, сондай-ақ, оларды қорек ететін ұсақ организмдері бар балшықты және балшық тектес (парафин, озокерит) заттарды емге пайдалану. Балшықпен емдеу Қазақстанда 13 ғасырдан белгілі. Мұндағы шипалы балшықтар туралы алғашқы деректер 18—19 ғасырларда Ресейде жарияланды. 20 ғасырдың ортасынан Қазақстанның шипалы балшықтары кешенді зерттеле бастады. Геология ғылымдары институты мен Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты шипалы балшықтардың химиялық құрамын, емдік қасиеттерін анықтады және оларды қолдану әдістерін ұсынды. 1977 жылдан бұл мәселемен Кардиология ғылыми-зерттеу институтының курортология бөлімі шұғылданды. Шипалы балшықтар химиялық құрамы, шығу тегі және пайда болу жағдайларына байланысты әр түрлі болады. Олар кейбір физикалық және химиялық қасиеттеріне (тұтқырлығы, су сіңіргіштігі, жылу сыйымдылығы, жылу сақтағыштығы, т.б.) қарай топтарға жіктелінеді. Арнайы қыздырылған шипалы балшықтар өздерінің бойында қызуды ұзақ сақтаумен қатар, терідегі рецепторларға, дәнекер тіндерге, ішкі секреция бездеріне әсер етіп, организмдегі зат алмасу, регенерация процесінің жүруін реттейді, ауырсынуды басады. Балшықпен емдеу, негізінен, сүйек-буын, жүйке, ас қорыту, жыныс мүшелерінің ауруларына қолданылады. Қазақстанда шипалы балшықты орындар көп. Олардың ірілері: Тұзкөл (Алматы облысы), Сегізқыз, Әлжан, Аралсор (Батыс Қазақстан облысы), Жасыбай, Аламерген (Павлодар облысы), Борсықты, Соркөл, Ақсуатсор, Ащыкөл (Қостанай облысы), Қарасор (Қарағанды облысы), Қарабұлақкөл (Шығыс Қазақстан облысы), т.б. Санаторийлерде Балшықпен емдеу кеңінен қолданылады.

 

 


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 3347 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)