АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Гиперфосфатемияны емдеу жолдары.

Прочитайте:
  1. Гиперкалемияны емдеу жолдары.
  2. Гипермагниемияны емдеу.

● туындатқан себепкер ықпалды емдеу;

● изотониялық ерітінділер, қан плазмасын немесе плазманы ауыстыратын сұйықтарды енгізу;

● қалайы (аллюминий), кальций немесе магний тұздарын ішкізу арқылы ішектерде фосфордың сіңірілуін азайту;

● тіндердің ауыр бүліністерінде гемодиализ қолданып қанды тазарту - қолданылады.

Магний иондары алмасуының бұзылыстары.

Адам организмінде мөлшермен 25-30 мг. магний болады. Оның 67%-ы сүйектердің құрамына кіреді, 31%-ы жасушалардың, негізінен миоциттердің ішінде болады. Онда ол АТФ-молекуласымен кешен құрады. Магний қоры сүйекте және бүлшықет тінінде жинақталған. Қан сарысуында ол 0,65-1,2 ммоль/л әлбуминдермен және глобулиндермен байланысқан түрде болады. Организмге түскен магнийдің артығы несеппен шығарылады. Оның несеппен шығарылуы гиперкальциемия, гипермагниемия, гиперволемия кездерінде артады және керісінше жағдайларда ол азаяды. Паратгормон нефрон өзекшелерінде несептен магнийдің кері қанға сіңірілуін күшейтеді.

Магний 300-ге жуық ферменттердің кофакторы болып, зат алмасу өнімдеріне фосфор қышқылын тасымалдайтын ферменттердің (фосфатаза, фосфотранс-феразаның) және нәруыздардың түзілуіне, гликолиз үрдістеріне, иондардың мембраналар арқылы тасымалдануына қажетті ферменттердің белсенділігіне қатысады. Ол кальций иондарымен әрекеттесіп, қозымды тін мембраналарының өткізгіштігіне әсер етеді және электрофизиологиялық үрдістерде кальцийдің әсеріне қарама-қарсы ықпал етеді. Жасушасыртылық сұйықта магний азайғанда бұл тіндердің қозымдылығы артып кетеді.

Магний алмасуының бұзылыстары гипомагниемия және гипермагниемия түрлерінде байқалады.

Гипомагниемия — магнийдің қандағы мөлшері 0,6 ммоль/л ден аз болуы. Ол ардайым организмде магнийдің жалпы тапшылығын көрсетеді. Гипомагниемия мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:

организмге магний аз түсуінде:

√ ұзақ ашығулар кездерінде тамақпен магний аз түскенде;

√ ішектерде магний сіңірілуі бұзылғанда, мәселен, ұзақ іш өтулерден, созылмалы энтериттер кездерінде мальабсорбция синдро-мынан,өт шығаратын жолдардың бітелуі нәтижесінде пайда болған ахолия кезінде магнийдің май қышқылдарымен қосылып ерімейтін тұздары құрылуынан т.с.с. жағдайларда;

● магнийдің организмнен сыртқа шығарылуы тым артып кеткенде:

√ гипопаратиреоз т.б. жағдайларда нефрон өзекшелерінде бастапқы несептен магнийдің қанға кері сіңірілуі бұзылғанда;

√ ауыр іш өтулер кездерінде үлкен дәретпен магний көптеп шығарылғанда;

● қаннан магний жасушаларға артық ауысқанда, мәселен, тыныстық алкалоз, гиперинсулинемия, ішімдікті доғару синдромы т.б. жағдайларда осындай құбылыс байқалады.

Гипомагниемияның көріністері:

Гипомагниемияның барлық көріністері гипокальциемия мен гипокалиемия дамуына байланысты болады. Өйткені:

организмде магний аз болуынан паратгормонның өндірілуі тежеледі және кальций қаннан тіндерге көптеп ауысады. Осыдан қанда кальцийдің деңгейі азаяды;

гипомагниемияның нәтижесінде несептен калийдің қанға кері сіңірілуі азаюынан гипокалиемия дамиды.

Гипомагниемияның алғашқы көріністерінің бірі болып жүйкелік-еттік қозымдылықтың көтерілуі, тахикардия, жүрек аритмиялары, артериялық қысымның жоғарылауы есептеледі. Соның нәтижесінде рефлекстердің күшеюі, қол-саусақтарының дірілі, тырыспа (тетания) дамуы байқалады.

Магнийге тәуелді фосфатаза, фосфотрансфераза т.б. фермент-тердің белсенділігі төмендеуінен көмірсулары мен нәруыздардың алмасулары бұзылып, теріде дистрофиялық жаралар пайда болады. Қан тамырларының қабырғаларына, бүйрекке, шеміршектерге т.б. тіндерге жайылған түрде кальций шоғырланып жиналып қалады, кальциноз дамиды. І шектерде ас қорытылуы бұзылады. Осыдан балалардың бойы өсуі баяулайды, гипотрофия байқалады. Өйткені магний аз болуынан ас қорытуға және көмірсулары мен нәруыздардың алмасуына қажетті ферменттердің белсенділігі төмендеп кетеді.

Гипомагниемияны емдеу жолдары:

гипомагниемияны туындатқан дертті емдеу;

магний тұздарын енгізу;

магнийі көп тамақ өнімдерін (көк бұршақ, бұршақ, тары т.с.с.) қабылдау қолданылады.

Гипермагниемия — деп магнийдің қандағы мөлшері 1,2 ммоль/л көп болуын айтады. Ол мынадай себептерден болуы мүмкін:

● магнийдің несеппен сыртқа шығарылуы бұзылуынан, мәселен бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде;

● магнийдің жасуша ішінен қанға артық шығуынан, мәселен диабеттік ацидоз, гиперпаратиреоз кездерінде;

● тағамдық заттармен немесе дәрі-дәрмек түрінде магнийдің организмге артық түсуінен гипермагниемия сирек кездеседі. Өйткені қалыпты жағдайда бүйректің магнийді сыртқа шығару қабілеті өте жоғары болады.

.

Гипермагниемияның көріністері: Қанда магний 2,5-5 ммоль/л болғанда жүрек етінің өткізгіштігіне теріс ықпал етеді. Ол 7,5 ммоль/л-ден асқанда тыныс алу мен жүрек мүлдем тоқтап қалады. Бұндай жағдай тек бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде байқалады.

● ү демелі гипермагниемия кезінде ОЖЖ тежеледі, кейде кома дамиды, қимылдық рефлекстер әлсірейді, өйткені нейрон мембраналары арқылы иондардың тасымалдануы бұзылады;

тыныс алу орталығының қызметі бұзылады, тыныстық рефлекстер әлсірейді, өкпенің желдетілуі азаяды;

бұлшықеттердің әлсіздігі, кейде салданулар дамуы байқалады;

брадикардия дамуымен, артериялық қысым төмендеуімен көрі-неді.

Бұл көрсетілгендердің даму жолдарында жүйкелік-бұлшықеттік серпіндердің тарауы бұзылуы, олардың қозымдылығы төмендеуі маңызды орын алады. К+-, Са2+ - иондары жүйке және бұлшықет жасушаларының іштерінде азайып, жасушасыртылық сұйықта және қанда көбейеді.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 931 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)