АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Туберкулезді емдеу

Прочитайте:
  1. Гиперкалемияны емдеу жолдары.
  2. Гипермагниемияны емдеу.
  3. Гиперфосфатемияны емдеу жолдары.
  4. Емдеу жолы
  5. Интерферонмен емдеу
  6. Сумен емдеу емшаралары.
  7. Ультрадыбыспен емдеу

 

33.Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу үзіліссіз екі кезеңде жүргізіледі:
1) бірінші кезең – емнің қарқынды кезеңі, негізінен стационарда жүргізіледі, кейіннен, қақырық конверсиясына қол жеткізгеннен кейін амбулаториялық жағдайда жалғастырылады;
2) бактерия бөлмейтін науқастар бастапқыда орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі-ОДКК) шешімі бойынша амбулаториялық, санаториялық, сондай-ақ стационарды алмастыратын жағдайларда емделуге жіберіледі;
3) екінші кезең – қолдау фазасы, амбулаториялық, санаториялық немесе стационарды алмастыратын жағдайларда, жүргізіледі. Қолдау фазасын клиникалық және әлеуметтік көрсеткіштерге сәйкес стационарда жүргізуді ОДКК шешеді.
34. Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу, соның ішінде тағайындалған дәрілік заттарды қабылдауларын бақылау білікті медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі. Емді бастамас бұрын науқаспен тағайындалған дәрілерді ТҚП міндетті түрде қабылдау қажеттілігі туралы әңгіме жүргізіліп, науқас ақпарат алғаннан кейінгі ем қабылдауға берген келісіміне қол қояды (ТБ 14).
35. Емдеу барысында ай сайын науқастың салмағы өлшеніп, ТҚП мөлшері түзетіледі.
36. Осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада бірінші қатардағы ТҚП дәрілік түрлерi мен дозалары келтірілген.
37. Емдеу басталғанға дейін фертильді жастағы әйелдер ТҚП химиотерапия курсынан өту кезеңінде жүкті болмау туралы және контрацепцияның тиімді әсерлері туралы хабардар етіледі.
38. I санаттағы науқастарды емдеу:
1) қарқынды фаза туберкулез процесiнiң ауырлығы мен жайылуына сәйкес екi айдан төрт айға дейін жүргiзiледi. Емдеу басталғанға дейін туберкулез микобактерияларының ТҚП дәрілік сезімталдығын анықтау үшін қақырыққа себінді зерттеуі жүргізіледі;
2) емдеу науқастың салмағына сәйкес мөлшерде тағайындалған төрт ТҚП-мен жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е) немесе стрептомицин (S) басымдық этамбутолға беріледі. Стрептомицин екi айдан артық қолданылмайды;
3) екi ай аяқталғаннан кейін, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің қолдау фазасына ауыстыруға болады;
4) егер емнің екiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, қатты және сұйық қоректік орталардағы себінді зерттеу қайталанып, ДСТ жүргізіледі де, емнің қолдау фазасы тағы бiр айға созылады;
5) емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің қолдау фазасына ауыстырылады;
6) егер емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болып сақталса, емнің қарқынды фазасы тағы бiр айға созылады;
7) емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің қолдау фазасына ауыстырылады;
8) егер емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса немесе бактерия бөлу қайтадан пайда болса, науқасқа «сәтсiз ем» деген ем нәтижесі қойылады;
9) КДТ бірінші қатардағы ТҚП-ға сезімдалдық сақталған кезде науқас ІІ санаттағы режімде емделу үшін қайта тіркелді. Расталған полирезистенттілік болған кезде екінші қатардағы ТҚТ емдеу үшін IV санатқа ауыстырылды және оның емінің аяқталуы «IV санатқа ауыстырылды» деп анықталды
10) егер науқаста КДТ ТБ және ДАТ ТБ анықталып, дәлелденсе, онда науқас I санат бойынша ем тиімділігіне қарамастан, IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;
11) қолдау фазасы төрт ай бойы екi дәрі - изониазид (Н) және рифампицинді (R) күнсайын (аптасына 3 рет) немесе күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі;
12) емдеу басталғанға дейін изониазидтке монорезистенттілік айқындалған кезде қолдау базасы этамбутолды қосумен жүргізіледі;
13) ТБ/АИТВ ко-инфекциясы бар науқастарға қолдаушы фаза күнделікті режімде жүргізіледі;
14) Аурудың ауыр жағдайлары кезінде қолдаушы фаза күнделікті немесе интермитацияланған режімде жеті айға дейін ұзартылуы мүмкін.
39. II санаттағы науқастарды емдеу:
1) қарқынды фазасы туберкулез процесінің ауырлығы мен жайылуына қарай үш айдан бес айға дейін жүргiзiледi. Ем басталғанға дейін қақырықты ДСТ-мен себінді зерттеу жүргізіледі;
2) екi ай ішiнде емдеу науқастың салмағына сәйкес дозада тағайындалған бес дәрімен жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е) және стрептомицинмен (S). Кейiннен ем стрептомицинсiз, төрт дәрімен жалғастырылады: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z) және этамбутолмен (Е);
3) үш ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда науқасты емнің қолдау сатысына ауыстыруға болады;
4) егер үшінші айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ қайталанып, емнің қарқынды фазасына тағы бiр айға созылады;
5) егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болса, науқас емнің қолдау фазасына ауыстырылады;
6) егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, емнің қарқынды фазасы тағы бiр айға созылады;
7) бесiншi айдың соңында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болған жағдайда, науқас емнің қолдау фазасына ауыстырылады;
8)егер бесiншi айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, науқасқа «сәтсiз ем» деген ем нәтижесі анықталып, ол IV санат бойынша тіркеледі;
9) егер ДСТ нәтижесі бойынша КДТ ТБ анықталса, науқас II санат бойынша қабылдап жатқан емнiң тиiмдiлiгiне қарамастан IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;
10) емнің қолдау сатысы бес ай бойы күнсайын (аптасына 3 рет) немесе күнделікті изониазид (Н), рифампицин (R) және этамбутолды (Е) қабылдау арқылы жүргізіледі;
11) ТБ/АИТВ-қосарласқан жұқпасы бар науқастарға емнің қолдау фазасы дәрілерді күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі.
40. ТҚП ересектерге арналған тәуліктік мөлшері осы Нұсқаулыққа 5-қосымшасына сәйкес анықталуы тиіс.
41. КДТ ТБ растайтын ДСТ нәтижелерін алған кезде IV санатқа қайта тіркеу және екінші қатардағы ТҚП тағайындау туралы мәселені шешу үшін науқастың медициналық құжаттамасын 5 жұмыс күні үшінде ОДКК ұсынылады.
42. Туберкулезге шалдыққан АИТВ жұқтырған және жұқтырмаған науқастарды қарап-тексеру (анықтау, емдеу және бақылау) тәсілі және туберкулезге қарсы ем жүргізу режімі бiрдей болып табылады.
43.Балалар мен жасөспiрiмдердегі туберкулезді емдеу схемалары ересектерді емдеу схемаларына ұқсайды.
44. Милиарлы туберкулез, туберкулезді менингит және сүйек-буын туберкулезіне шалдыққан балаларды емдеудің жалпы ұзақтығы 12 ай: I санаттағы науқастарды емдеудің қарқынды фазасы – 4 ай, қолдау фазасы – 8 ай; II санат бойынша емнің қарқынды фазасы – 5 ай, қолдау фазасы – 7 ай.
45. Балаларды емдеу схемасында стрептомицин туберкулезді менингитті емдеуде және II санат бойынша емдеу режімінде бастапқы 2 айда ғана қолданылады.
46. Өкпе және кеуде ішілік лимфа бездері туберкулезінің жайылған және асқынған түрлері (I және II санаттар) бар балаларды қарқынды емдеу фазасы стационарда жүргізіледі, оның ұзақтығын ОДКК емдеудің стандартты схемаларына сәйкес шешедi.
47. Балалар мен жасөспірімдерде оң динамика мен бактериоскопиялық және өсінді зерттеулердің теріс нәтижелерімен бірінші қатардағы ТҚП ем жүргізу барысында туберкулездің клиникалық-рентгенологиялық өршу белгілері болмаған кезде емнің одан әрі тәсілін айқындау үшін ұлттық деңгейдегі мамандардың сырттай немесе көзбе-көз консультациясы уақтылы жүргізіледі.
48. Туберкулездiң бактерия бөлусіз түрi анықталған балаларды емнің қолдау фазасына ауыстыру процестің рентгендiк-томографиялық динамикасына негiзделеді.
49. Емнің қолдау фазасын стационарда, санаториялық немесе амбулаториялық жағдайда жүргізу қажеттігін ОДКК шешеді.
50. Балаларға емнің қолдаушы фазасы күнделікті режімде жүргізіледі.
51. Емдеу барысында ай сайын балалардың салмағы өлшеніп, ТҚП фазасы түзетіледі.
52. 18 жасқа дейінгі балалардағы туберкулезді I және II санат режіміндегі бір құрамды туберкулезге қарсы препараттармен емдеу кезіндегі стандартты схемалар мен туберкулезге қарсы препараттың тәулiктiк дозасы осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес тағайындалады.
53. Туберкулезге қарсы терапия үзiлген кезде осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес шаралар қолданылады.
54. Патогенетикалық терапия химиотерапияның негізгі курсының аясында туберкулез процесінің фазасына, жеке көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерге сәйкес жүргiзiледі.
55. Туберкулезбен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеу ем курсы аяқталғанға дейін фтизиохирургтың консультациясынан кейiн айғақтар бойынша жүргiзiледi.
56. Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеу туберкулезді процестің асқынулары болған кезде емнің қарқынды фазасында жүргізіледі.
57. Туберкулезбен ауыратын науқастар емінің аяқталуы:
1) жазылды/сауықты - емнiң соңындағы және кем дегенде оның алдындағы бір зерттеу кезiнде қақырық микроскопиясы терiс нәтижелі болса;
2) ем аяқталды - науқас тағайындалған ТҚП барлық фазасын белгіленген мерзім ішінде қабылдады, бірақ «жазылды» немесе «сәтсiз ем» нәтижелерінің критерийлеріне сәйкес келмейді;
3) сәтсiз ем - егер науқаста:
ТМБ изониазид пен рифампицинге сезiмталдығы сақталған жағдайда, ДСТ нәтижелері белгісіз болса немесе полирезистенттілік анықталып, емнің 5-айында және одан кейiн қақырық микроскопиясы оң нәтижелi болса;
қақырық жағындысының конверсиясынан кейін бактерия бөлу қайта жаңарса;
басында теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы емнің қарқынды кезеңінің соңында оң болып, МТБ изониазид пен рифампицинге сезiмталдығы сақталса, ДСТ нәтижелері белгісіз болса және полирезистенттілік анықталса;
басында теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы емнің қолдау сатысында оң болса, ДСТ нәтижесінің қандай болғанына қарамастан;
4) қайтыс болды – науқас ем алу барысында қандай да бір себептен қайтыс болса;
5) режім бұзу – науқас емді 2 ай және одан да ұзақ мерзімге үзсе;
6) ауыстырылды – науқас ТҚҰ бақылауынан басқа ТҚҰ бақылауына ТБ-09 және стационарлық немесе амбулаториялық медициналық картасынан көшірмесімен ауысып, емiнiң нәтижесі әлі белгiсiз болған жағдайдағы аралық нәтиже;
7) IV санатқа ауыстырылды – КДТ/ДАТ ТБ зертханалық дәлелденген науқас, өкпеден тыс туберкулезі бар науқаста КДТ/ДАТ ТБ күдіктену және КДТ ТБ науқаспен қарым-қатынаста болған балада бактерия бөлусіз туберкулез анықталса.
58. Өкпеден тыс туберкулезі бар науқастар мен бактерия бөлусіз өкпе туберкулезi бар балаларда «сәтсiз ем» нәтижесі клиникалық-рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысына негізделеді.
59. Емнiң табыстылығы – ем нәтижелері «жазылды» және «ем аяқталды» деп тіркелген жағдайлардың саны.
60. Туберкулез бойынша есепке алу-есеп беру құжаттары осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

 

6. Туберкулезбен ауыратын науқастарды стационарлық емдеу

 

61. Туберкулезге қарсы стационарларда науқастарды қақырық жағындысының микроскопиясы, ДСТ нәтижелері мен тағайындалған ем режіміне (бұдан әрі - эпидемиологиялық мәртебесіне) сәйкес келесі бейінді бөлімшелерге бөліп жатқызуды қамтамасыз ету керек:
1) рифампицинге сезімталдығы сақталған бактерия бөлуші науқастарға арналған бөлімше;
2) КДТ ТБ және ДАТ ТБ шалдыққан науқастарға арналған бөлімше;
3) арнайы ем қабылдамайтын, созылмалы туберкулезі бар бактерия бөлушілерге арналған бөлімше;
4) бактерия бөлмейтін науқастарға арналған бөлімше;
5) мәжбүрлі түрде ем жүргізуге арналған бөлімше. Бөлімше ішінде науқастар эпидемиологиялық мәртебесіне сәйкес бөлінеді.
Бактерия бөлуші науқастарға арналған әрбір бөлімше эпидемиологиялық мәртебе аудандастырылады. Дәріге сезімталдық мәртебесі белгісіз бактерия бөлуші науқастар ДСТ нәтижесі анықталғанға дейін бір орындық палатада оқшауланады.
62. Облыстық және республикалық деңгейде негізінен КДТ ТБ және ДАТ ТБ шалдыққан науқастар ауруханаға жатқызылады.
63. Ауданаралық туберкулезге қарсы ұйымдарға жатқызу негізгі патология бейініне сәйкес жүргізіледі.
64. ТҚҰ клиникалық бөлімшелері ТҚП дәріханалық қоймадан аптасына 1 рет алады және дәрілердің кем дегенде 3 күндік шығын мөлшері мен 14 күнтізбелік күндік шығын мөлшерінен аспайтын тұрақты қоры болуы тиіс.
65. Облыстық (өңірлік, қалалық) деңгейдегі ТҚҰ ТҚП кем дегенде 3 айлық шығын мөлшеріне сәйкес тұрақты қоры (резервті қоры) болуы тиіс.

 

7. Туберкулезбен ауыратын науқастарды амбулаториялық
емдеуді ұйымдастыру

 

66. Амбулаториялық емдеу ТҚҰ диспансерлік бөлімдерінде, МСАК ұйымдарында немесе стационарды алмастыратын технологиялар жағдайында жүргізіледі.
67. Амбулаториялық емдеу бактерия бөлмейтін науқастарға жүргізіледі.
68. Бастапқыда бактерия бөлген науқастар кемінде 10 күнтізбелік күн интервалымен алынған кезеңділік микроскопиясының екі теріс нәтижесі алынғаннан кейін амбулаториялық емге ауыстырылады.
69. Бактерия бөлінетін науқас стационарлық емдеуден мүлдем бас тартқан кезде оған инфекциялық бақылау шараларын сақтау туралы хабардар ете отырып, қақырық жақпасының конверсиясына қал жеткізгенге дейін үйде бақыланатын ем ұйымдастырылады.
70. МСАК ұйымдары айына 1 рет аумақтық ТҚҰ-дан туберкулезге қарсы препараттар (бұдан әрі – ТҚП) алады және кемінде 7 күндік шығыстық препараттардың тұрақты ең төменгі қоры болады. Науқастарды амбулаториялық бақыланатын емдеуде ТҚП есепке алу және жұмсау ТҚП (ТБ 12) тіркеу журналында тіркеледі. ТҚП қозғалысы туралы есеп (ТБ 13) ай сайын ТҚҰ-ға ұсынылады.
71. Амбулаториялық емге ауыстырғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын бөлінген режімде ТҚП қабылдайтын науқас 5-топтың ТҚП қоспағанда бір реттік қабылдауға ауыстырылады.
72. Науқасты амбулаториялық емдеуге ауыстырғанға дейін 10 күнтізбелік күн ішінде емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі емдеуді жалғастыру жағдайы: ҮБЕ өткізу орны, ТҚП болуы, жанама әсерлерді диагностикалау және емдеу мүмкіндігі, әлеуметтік көмек көрсету түрі туралы ақпаратты нақтылайды.
73. Амбулаториялық емдеуге жіберу кезінде ТҚҰ немесе МСАК ҮБЕ кабинетіне ТБ01 немесе IV санатындағы ТБ 01 картасы беріледі.
74. МСАК химизаторы дәрігерді амбулаториялық емге алғаш келген туберкулезбен ауыратын науқас туралы хабардар етеді.
75. 10 күнтізбелік күнде кемінде 1 рет арнайы ем алатын туберкулезбен ауыратын науқастарды айғақтар бойынша – ТҚҰ немесе МСАК ұйымдарының учаскелік дәрігерлер тікелей-бақылау емдеу жүргізу орнына қарамастан жиі қарап, тексереді.
76. ТҚҰ немесе МСАК ұйымдарының диспансерлік бөлімшелерінде арнайы ем алатын туберкулезбен ауыратын науқастардың ТҚП жанама әсерлері мен қосалқы ауруларының себебі бойынша симптоматикалық және патогенетикалық емдеу жағдайлары көзделген.
77. Жоғары қауіп тобының туберкулезбен ауыратын науқастарына барлық емдеу курсы бойы психоәлеуметтік қолдау көрсетіледі.

 

8. Диспансерлiк есепке алуды ұйымдастыру

 

78. Диспансерлiк есепке алу және бақылау төмендегi топтар бойынша жүргізіледі:
1) нөлдiк топ (0) – туберкулез ауруының белсендігінің күмәнi бар адамдар;
2) бiрiншi топ (I) – белсенді туберкулезі бар науқастар;
3) екiншi топ (II) – туберкулез ауруының белсендігі жоқ адамдар;
4) үшiншi топ (III) – туберкулезбен ауыру қаупi жоғары адамдар.
79.(0) топта төмендегілер бақыланады:
1) МСАК ұйымдарында жүргiзiлген стандартты диагностикалық алгоритмнен кейiн өкпедегі немесе басқа ағзалардағы туберкулез ауруының белсенділігін жоққа шығару және анықтау мүмкiн болмаған туберкулезге күдік туғызатын адамдар;
2) ТҚҰ диспансерлiк есепке алынбаған, туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын нақтылап анықтауды және ауруды ажыратып, анықтауды талап ететiн балалар.
80. 0 топта бақыланатын адамдарға зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық, аспаптармен қарап тексеру және басқа да зерттеу әдістері, туберкулинмен диагноз қоюды қоса жүргiзiледi (2 ТБ (туберкулин бірлікті) Манту сынамасы оң нәтижелі болған балаларда «ДИАСКИНТЕСТ®» қолданылады). Өкпеден тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулездің белсенділігі басқа клиникалық-зертханалық әдістерімен дәлелденеді.
81. 0 топта бақыланатын адамдарға ТҚП қолдануға тыйым салынған. Бақылау мерзiмi – 4 айға дейін. Науқаста туберкулездiң белсендігі түрi анықталса, ол I топқа ауыстырылады. ТМБ жұғуы салдарынан туберкулин сынамасының нәтижесі оң болса, бала III Б тобына ауыстырылады.
82. I топта кез келген ағзада шоғырланған белсенді туберкулезі бар бактерия бөлетiн не бөлмейтiн науқастар бақыланады:
1) I A - ТБ алғаш рет шалдыққандар (I санат);
2) I Б - ТБ қайталанған жағдайлары (II санат);
3) I В – дәрігерге көнбейтін ТБ (IV санат) жағдайлар;
4) I Г-науқастар:
«емнің сәтсіздігімен» аяқталған екінші және/немесе үшінші қатардағы ТҚП емдеу курсын аяқтағандар;
ТҚП толық көнбейтіндігінің нәтижесінде «емнің сәтсіздігі» емінің аяқталуы бар бактерия бөлінетін науқастар.
83. ОДКК бактерия бөлінудің тоқтауы туралы қорытындысынан кейін науқас бактерия бөлуші ретінде эпидемиологиялық есептен алынады.
84. IА, IБ және IВ топтарында бақыланатын науқастарға санаттарына сәйкес стандартты кестелер бойынша ем жүргiзiледi. Туберкулезге шалдыққан науқастарды диспансерлік бақылау (топтардың сипаттамасы, бақылау мерзімі, қажетті шаралар мен нәтижелері) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. Емнің нәтижесі «жазылды» немесе «ем аяқталды» деп анықталса, науқас II диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.
85. I Г тобында бақыланатын науқастарға ТҚП ем жүргізілмейді. Көрсеткіштеріге сәйкес симптоматикалық (патогенетикалық) ем, коллапсотерапия мен хирургиялық ем әдiстерiн қоса, қолданылады.
86. II топта ем курсы сәттi аяқталған туберкулездің белсенділігі жоқ адамдар бақыланады.
87. Туберкулез процесінің рецидиві туындаған кезде науқас алдыңғы емдеу эпизодына қарамастан I Б немесе I В ДЕ тобына ауыстырылады.
88. III топта туберкулезбен аурудың жоғары қаупі бар адамдар байқалады және мынадай топтарға бөлiнедi:
1) III А:
туберкулездiң белсенді түрiне шалдыққан науқастармен қарым-қатынастағы адамдар;
туберкулездiң белсенді түрiне шалдыққан бактерия бөлуші/бөлмейтін
89. Туберкулезге шалдыққан науқастардың нақты тұратын мекенжайы, оқу орны, әскери қызметін өтеу орны, түзету мекемесiнде болуы ескеріле отырып, ТҚҰ есепке және диспансерлік бақылауға алынады (тұрақты тіркелген мекенжайына қатыссыз).
90. Науқастың мекенжайы өзгерген жағдайда, оның жаңа мекенжайы бойынша бақылайтын фтизиатр дәрігер науқасты күнтізбелік 10 күнтізбелік күн iшiнде ДЕ тіркейді.
91. Науқас 1 жыл бойы диспансерлік бақылаудан қол үзген болса және де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары берген науқасты іздестіру сәтсіз болды деген құжаттар негізінде ТҚҰ диспансерлік бақылаудан шығарады.

 

9. Туберкулезбен аурып тұрған адамдарды
жұмыс істеуге және оқу оқуға жіберу тәртібі

 

92. Туберкулезге шалдыққан науқастарға жұмыс істеуге және оқуға рұқсат беру туралы медициналық қорытындыны ТҚҰ ОДКК береді.
93. Туберкулезге шалдыққан мынадай науқастарға оқуға немесе жұмыс істеуге рұқсат берiледi:
1) I, II және IV санаттарының режімінде емдеудiң толық курсын «Жазылды» немесе «Ем аяқталды» деген ем нәтижесімен сәттi аяқтағандар;
2) шектелген процесі бар бактерия бөлмейтін немесе тұрақты қақырық конверсиясы анықталған емдеу санаты мен фазасына қарамастан амбулаториялық ем қабылдап жүрген, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ТҚП жақсы көтетеретін және ТҚП бақылаулы қабылдауға бейім науқастарға ОДКК шешiмiмен перзентханалар (босану бөлiмшелері), балалар ауруханалары (бөлiмшелері), жаңа туған және шала туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің, мектепке дейiнгi мекемелердiң (балабақшалар мен бөбекжайлар, балалар үйлері, балалар санаторилері) қызметкерлерi мен мектептердің бастауыш сынып оқушыларынан басқаларға оқуға немесе жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
94. Ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері (Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі), арнайы мемлекеттік органдардың (Ұлттық Қауiпсiздiк Комитеті, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғау қызметі) жұмыскерлері мен қызметкерлері, I, II және IV санаттарының режімінде емдеудiң толық курсын «Жазылды» немесе «Ем аяқталды» деген ем нәтижесімен сәттi аяқтағандар ОДКК шешімінің негізінде жұмысқа жіберіледі.

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 2187 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)