АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Миокард инфарктысын алдын алу.
Ең алдымен атеросклерозды алдын алу, гипертониялық аурумен сырқаттанған пациенттерді қадағалап, керекті ем тағайындау, журек ишемиялық ауруларын (жүрек қыспасы т.б.) уақытында емдеу. Жүйке жүйесінің жұмысын реттеу, темекі шекпеу, ішімдік ішпеу, еңбек және демалу тәртібін қатаң қадағалау.
Осы айтылған шаралардың барлығы ағзаның физиологиялық жағдайын күшейтіп, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдетеді.
Ақпараттық бюллетень.
(медбикенің педагогикалық санаттағы жұмысы)
Қазақстан Республикасында алдын алу тексерістер кең өткізіледі, олар негізінде жұмыс және оқу орындарында қадағаланады. Осы тексерістерден алған мәліметтері дұрыс қолдану маңызды болып табылады. Ең алдымен жүрек ишемиялық ауруларын алдын алу маңызды – олар өлімге әкеліп соғатын аурулардың бірі.
Алғашқы медико-санитарлық көмектің негізі - тұрғындар арасында қауіпті мәнбірлерді анықтап, олардың жағымсыз әсерін жою. Біріншіден тұрғындардың жасы, қан қысымының көрсеткіші, анамнезінде жүрек ишемиялық аурулардың кездесуі анықталынады.Тексергенде ағзаның функционалды жағдайының көрсеткіштері анықталынады – бұл жүрек соғысының саны, дене салмағы, қанның биохимиялық тексеріс нәтижесі. Тұрғынның от басы жағдайы, жағымсыз қылықтарға көз қарасы тіркеледі. Арнайы бағдарламада миокард инфарктісінің қауіпі бағаланып, оған қарсы емдік шаралар жүзеге асырылады.
Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларында алдын алу және ем шаралары бір-бірімен тығыз байланысты және біріншіден олар жүйке жұмысын сақтауға бағытталған. Сондықтан диспансерлік дәрігерлік бақылау аурудың клиникалық бейнесін ғана емес, пациенттің жұмыс және тұрмыс жағдайын білу қажет. Науқастар өзін уайымнан, ренжістен, қобалжудан сақтау керек.
Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алуынның бір түрі – санаторлық ем, ол жылы жұмсақ ауарайы да демалу болып табылады. Сонымен бірге бұл науқастардың жұмыс тәртібінің маңызы да зор. Қарау барысында дәрігер науқастың мамандығымен танысуы керек, сол мамандықтың оның жүрек-қан тамыр жүйесіне әсерін білу қажет. Егер жұмысы ағзаға ауыр тисе, ол аурудың дамуына жол береді.
Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алуынның тағы бір түрі – дәрумендерді дұрыс пайдалану. Олардың ішінде негізгі орында аскорбин қышқылы, В6, В12 топтары.
Дұрыс тамақтану – жүрек ауруларын алдын алу шараларының негізі. Мұнда негізі не жеу емес, ең бастысы қалай, қай уақытта жеу керек. Тамақты белгіленген уақытта ғана ішу керек, аз уақыт арасында және белгілі мөлшермен. Мөлшерден көп жеуге тиым салынады. Ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Майлы ет, жұмыртқа сарысы, ми, бауыр шоколад мөлшері шектеледі, бұлар холестеринге өте бай. Тамаққа көп мөлшерде ашытқы, нан, қант қосуға болмайды. Диетада қырыққабат, жеміс-жидектер, балық, ірімшік болу керек.
Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алуынның, дамуы шектеуінің ең бастысы – ол гиподинамиямен, күйзеліспен, ренжіспен, шаршаумен қарсы күресу, тұрғындарды дұрыс тамақтану тәртібімен таныстыру. Осы айтылған мәнбірлердің барлығы жүрек-тамыр жүйесінің ауруларының алдын алуында маңызды роль атқарады.
V- тарау
Ас қорыту мүшелерінің аурулары
Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
Ас қорыту мүшелеріне жатады: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек. Ауыз қуысында тағамдар сілекейленіп өңеш арқылы асқазанға түседі. Асқазан дененің орташа сызығының сол жағында орналасады. Асқазанға 12 елі ішек жалғасады. Бұл мүшелердің жанында ұйқы безі, бауыр, өт қалтасы, аш ішек орналасады. Асқазанға түскен тағамдар асқазан сөлімен қорытылады. Ас қорыту дәрісіне ұйқы безі қатысады. Ұйқы безінің сөлі 12 елі ішектің ішіне түсіп, өт қалтасының сөлімен қосылып, майларды, көмір қышқылдарын ыдыратады. Асқазан сөлінің құрамына су, сілті қышқылы, пепсин және де басқа ферменттер кіреді. Асқазан ауруларында асқазан сөлі азаяды, көбейеді немесе мүлде жойылады. Гипосекреция дегеніміз - сілті қышқылының азаюы. Гиперсекреция дегеніміз - асқазан сөлі мөлшерінің көбеюі. Гиперхлоргидрия дегеніміз - асқазан сөлі қышқылдығының көбеюі.
18 сурет. Ас қорыту мүшелерінің орналасуы.
Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілер
Асқазан ішек ауруларындағы негізгі шағымдар: іштің ауруы, тамаққа тәбетінің өзгеруі, кекіру, қыжылдау, лоқсу, құсу, іштің кебуі, нәжістің кідіріп қалуы, іштің өтуі. Асқазан кілегейлі қабаты қабынғанда, тітіркенгенде сырқат белгілері байқалады. Ауырсынудың шоғырлануы, қаттылығы әртүрлі және тамақпен байланысты. Ас қорыту мүшелерінің ауруларында жиі кездесетін шағымдарға тәбеттің бұзылуы, дәм сезімінің бұзылуы, кекіру, қыжылдау, жүректің айнуы, құсу, лоқсу, кіндік түбінің ауруы, қансырау жатады. Кекіру, қыжылдау, жүректің айнуы, құсу – диспепсиялық шағымдар деп аталады. Диспепсия дегеніміз – ас қорыту дәрісінің бұзылуы. Тәбеттің жоғарлауы немесе төмендеуі жиі кездеседі. Ойық жара ауруында, әсіресе ұлтабар ойық жарасында науқастың тәбеті жоғарылайды. Сөлі аз асқазан ауруында тәбет керісінше төмендейді. Дәм сезудің бұзылуы – ауызда жағымсыз дәмнің сезілуімен сипатталады. Кекірік дегеніміз – кенеттен ауыздан ауаның шығуы. Бұл ауа кекірігі, асқазанның бұлшық еті жиырылғаннан пайда болады. Ауа кекірігі атмосфералық ауаны көбірек жұтып қалғаннан да болуы мүмкін. Кейбір жағдайда кекірік жағымсыз иісті болады. Мұндай кекірік асқазан кеңейіп, тамақ іркіліп тұрып қалғанда байқалады. Қыжылды кекірік көбінесе асқазан сөлі көп бөлінгенде білінеді. Қыжылдау - төстің тұсында күйіп тұрған сезімнің болуымен сипатталады. Бұл кез – келген ауруларда асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарылағанда байқалады. Жүректің айнуы – рефлекторлық акт, кезеген жүйкенің тітіркенуімен байланысты. Көбінесе жүректің айнуы терінің бозғылттануымен, жалпы әлсіздікпен, терлеумен, аяқ – қолдың мұздауымен бірге кездеседі. Бұл жағдайда құсық болуы мүмкін. Асқазан ауруларында жүрек айнудың ерекшелігі көбінесе тамақтан кейін байқалады. Жүрек айну жиі асқазанның сөлденістік жетіспеушілігінде білінеді. Көбінесе жүректің айнуы құсықпен қатар жүреді. Дерт анықтамасын жүргізгенде құсықтың түріне, түсіне, құрамына назар аударады. Мысалы, асқазаннан қан кеткенде құсықтың түсі “кофе” тәрізді болады, кейбір жағдайда өт аралас болады (өт қалтасының ауруларында). Асқазан жара ауруларымен ауыратын науқастарда құсықтан кейін жағдайлары жақсарады. Құсық келесі асқазан ауруларында болуы мүмкін: жедел гастритте, созылмалы гастриттің қозуында, асқазан ойық жара ауруларында, асқазан қақпақшсының қатаюында, асқазан қатерлі ісігінде. Шағымдардың ішінде ерекше орында тұратын белгілердің бірі – ауырсыну. Науқастың дәл қай жері ауырғанын анықтап сұрау маңызды роль атқарады. Кейде қабырғалардың төменгі жағында ауырсынудың пайда болуы асқазан ауруымен байланысты болмауы да мүмкін. Ол бауыр ауруларында, ұйқы безінің ауруларында байқалуы мүмкін. Ауырсыну жергілікті немесе жайылмалы түрде кездеседі. Ауырсынудың мінездемесі әртүрлі – ұстама тәрізді, үнемі, жыл мезігілімен байланысты, қабылдаған тамаққа байланысты, күш түсумен, қиналумен байланысты болып өтеді. Асқазан ауруының түріне байланысты тамақтан кейін ауырсыну әртүрлі уақытта білінеді. Сөлі аз асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдаған бетте білінеді, асқазан ойық жара ауруында ауырсыну түнде және аш қарында болады, сөлі көп асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдағаннан кейін басылады. Асқазаннан қан кету – асқазан, ұлтабар ойық жара ауруында жиі кездеседі. Оны қан араласқан құсық және қан араласқан нәжіс арқылы байқауға болады. Көбінесе асқазаннан қан кету қан араласқан құсық арқылы байқалады. Қан араласқан құсық асқазан қатерлі ісігінде және жалақ жарада да кездеседі.
Тексеру әдістері
Ас қорыту мүшелерінің ауруларында субъективті тексеру әдісінің маңызы өте зор. Ауырсынудың мінездемесі, тамақ қабылдаумен байланыстылығы, ұзақтығы, орналасуы, басқа мүшелерге әсері, диспепсия белгілері дерт анықтамасын жүргізуге көмек береді.
Ас қорыту ауруларында дерт анықтама жүргізгенде науқастың ауыз қуысын тексереді. Ауыз қуысын қарағанда қарайған тістеріне көңіл бөлу керек, өйткені тағам арқылы асқазанға қарайған тістерден жұқпа қоздырғыштары түседі. “Тіл – асқазан айнасы” деп ертеден бекер айтылмаған. Тілде ауруға тән өзгерістер кездеседі. Мысалы, асқынбаған асқазан ойық жарасында тіл таза және дымқыл, жедел гастритте уылған болады. Құрсақ қуысы жарақаттанғанда және өткір ұйқы безінің қабынуында тіл құрғайды. Науқасты жалпы қарағанда науқастың түрін, дене бітімін, іштің пішінін, кіндіктің түрін, терінің түсін, ылғалдығын, терідегі дақтарға, тыртықтарға көңіл аудару керек. Ішке сары су жиналғанда
Асқазан ауруларымен ауратын
науқастарды тексеру әдістері 10 бейнелеме
Науқастың шағымдары
| 1. Ауырсыну (тамақ ішумен
байланысты, кезеңді, қарқынды, жайылмалы).
2. Лоқсу. Құсу.
3. Кекіру. Қыжылдау.
4. Тәбетінің бұзылуы.
|
Ауру сыртартқысы
| 1. Қауып қатер мәнбірі. 4. Қозғалысы.
2. Себебі. 5 Жүргізілген ем.
3. Бастамасы
|
Өмір сыртартқысы
| 1. Ұлты.
2. Жағымсыз қылықтары.
3. Тамақтану тәртібі
4. Тұрмыс жағдайы.
|
Қарау
| Сипалау
| Тықылдату
| -дене салмағының азаюы;
-тіл өзгерістер;
-іштің пішіні;
-терінің түсуі.
| 1.бауыр
2.көк бауыр
3.асқазан.
| асқазанның төменгі шегін анықтау
| Қосымша тексерістер
| Зертханалық
| аспаптық
| 1.жалпы қан анализі
2.асқазан сөлі
3.асқазан жуынды суының анализі.
4.құсық анализі
5.нәжіс анализдері
| 1.асқазан рентгеноскопиясы
2.асқазан рентгенографиясы
3.фиброгастроскопия
4.биоптат алу
| | | | |
(асцит), бауыр ісінгенде, ішке ауа жиналғанда - іш көлемінің үлкейгенін байқауға болады. Осымен бірге күре тамырдың солқылдауына, тері астындағы, іш маңайындағы көк тамырдың варикозды кеңеюіне назар аудару керек. Сипалау арқылы патологиялық өзгерісті анықтауға болады. Бұның екі түрі бар: бетті және терең. Сипалау В.П. Образцов және Н.Д. Стражеско тәсілі бойынша жүргізіледі. Бетті сипалау арқылы ауырсыну аймағын анықтайды, ал терең түрімен мүшенің орналасуын, тығыздығын, көлемін анықтайды. Ішті сипалағанда науқас төсекте көлденең жатады, кейде түрегеліп тұрады. Сипалау әдісінің көмегімен қабырға астында пайда болған ауырсынуды, құрсақ тітіркенуін анықтауға болады. Кейбір жағдайларда дерт анықтама жүргізгенде тыңдау әдісімен қолданады. Бірақ асқазанды тыңдаудың аса мәні жоқ. Тыңдауды сипалаумен бәрге асқазанның төменгі шекарасын анықтау ретінде пайдаланады. Бұл қарапайым әдіс болғанымен кейде дұрыс емес нәтиже береді. Қалыпты түрде іш қуысында тықылдату арқылы тимпанит дыбысы анықталады. Бауыр, көк бауыр ауруларының қатерлі ісіктерінде, іш шеменінде топас дыбыс естіледі.
Зертханалық тексеру әдістерін қолдана отырып ас қорыту мүшелерінің ауруларының белгілерін анықтауға болады. Нәжісті әртүрлі зерттеулерге тексеріп, асқазан және ішек қызметін анықтауға болады.
Мысалы, ішек қабыну ауруларында нәжістің құрамында сілекей, ірің болады, асқазан ойық жара ауруында нәжістің құрамында қан білінеді. Асқазан және ұлтабар сөлін тексере отырып, ас қорыту мүшелерінің сөл шығару қызметін бағалайды. Сөлдің түсіне, құрамына, иісіне, қоюлығына көңіл аудару керек. Асқазан ауруының түріне байланысты асқазан сөлінің қышқылдығы әртүрлі болып кездеседі. Ас қорыту мүшелерінің ауруларында құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері міндетті түрде қолданылады. Іш қуысы мүшелерінің орналасуын рентген сәулесі, ультрадыбыспен, сканирлау әдісі арқылы анықтауға болады. Эндоскопия әдісі арқылы асқазан және ішектің ішкі кілегейлі қабатының жағдайын, қатпарлардың, шырышты қабаттардың бұзылысын, жараларды, ісіктерді анықтауға болады. Бояу заттарды қолдана отырып өт қалтасының өзгерістерін көруге болады (холецистография). Ішек жолдарын тексеру үшін ирригоскопия (тоқ ішекке бояу зат енгізіп, рентген сәулесімен қарау), колоноскопия (колоноскоп құралымен тоқ ішектің ішкі кілегей қабатын тексеру) әдістерін қолданады. Ас қорыту мүшелерінің қатерлі ісігін анықтау үшін тіннің гистологиялық тексерісін жүргізеді (биоптат алу).
Бақылау сұрақтары
1. Ағзадағы ас қорыту мүшелерінің атқаратын қызметтерінің маңыздылық ерекшелігі.
2. Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы басты клиникалық белгілерді атаңыз.
3. Ас қорыту мүшелерінің ауруларының дерт анықтамасында қолданатын зертханалық және құрал жабдық аппарат арқылы қандай тексеріс түрлерін білесіз?
Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 2221 | Нарушение авторских прав
|