АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Жедел миокард инфарктысында кездесетін белгілер
және мейірбикенің дәрігерге дейін көрсететін іс-әрекеттері
Бейнелеме
Науқастың шағымдары
| Объективтік өзгерістер
| 1.Жүрек маңайының шыдатпай тіліп, кесіп ауыруы
2. Ентігу, лоқсу
3. Күрт әлсіздену
4. Жабысқақ суық тердің
білінуі
5. Өлімге деген қорқыныш
сезімінің пайда болуы
| 1. Терісі дымқыл, суық
2. Терісі боз, көгерген
3. Қан қысымы төмендеген
4. Тамыр соғуы жиі, әлсіз, жіп
тәрізді
5. Науқас мазасыз
|
Жедел кезеңіндегі асқынулар
|
Кардиогенді шок
| Жедел жүрек
шамасыздығы
| Ырғақтылығының
бұзылуы
| 1. Бозару
2. Көгеру
3. Суық тер
4. Қан қысымының төмендеуі
5. Жіп тәрізді тамыр соғу
6. Анурия
| Тұншығу
Көгеру, жөтелу
Тахикардия
Қан аралас қақырық тастау
Өкпенің төменгі бөліктерінде дымқыл сырылдардың естілуі
| Тахикардия
Брадикардия
Аритмия
|
Мейірбикенің әрекеттері
|
1. Пациентке ыңғайлы жағдай жасау, физикалық және психикалық тыңыштық сақтау.
2. Тіл астына нитроглицерин салу.
3. Жүрек маңайына қыша қою.
4. Тез арада жедел жәрдем машинасын шақыру
5. Пациенттің жағдайын қадағалау.
|
Жүрек қыспасының клиникалық белгілері
және мейірбикенің дәрігерге дейін көрсететін іс-әрекеттері
Бейнелеме
Науқастың шағымдары
| Объективтік өзгерістер
|
1.Кеуде астының қысып,
сыздап ауырусынуы
2.Ауа жетпей ентігуі, көгеруі
3.Тамыр соғуының жиілеуі
4.Әлсіздену, басының ауыруы
5.Өлімге деген қорқыныш сезімінің білінуі
|
1.Инспираторлық ентігу
2.Ыңғайлы жағдай іздеу
3.Тері жамылғысының бозаруы
4.Қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуі
5.Тахикардия
| Мейірбикенің іс - әрекеттері
|
1.Науқастың кеудесін көтеріңкі қалыпта отырғызу
2.Қысып тұрған киімді босату, таза ауа жіберу
3. Жүрек маңайына қыша қою, нитромазь жағу
4. Аяқ қолына жылытқыш қойып, жылыту немесе сол қолын жылы суға малу (қан айналымын жақсарту мақсатымен)
5. Тіл астына нитроглицерин салу, дәрігерді шақыру
6. Жастықша арқылы оттегі беру
7. Дәрігер келгенше науқастың функционалды жағдайын бақылау
(демін санау, қан қысымын өлшеу, дене қызуын өлшеу, тамыр соғысын анықтау)
|
Гипертониялық криздің белгілері және
мейірбикенің дәрігерге дейін көрсететін іс- әрекеттері
Бейнелеме
Науқастың шағымдары
| Қарағанда
|
1. Бастың қатты ауырсынуы, әсіресе қарақұс пен самайда
2. Құлақтың шулауы
3. Лоқсу, құсу
4. Бастың айналуы
5. Жүрек маңайының ауырсынуы
6. Көз көру қабілетінің нашарлауы
7. Кейбір жағдайларда мұрыннан қан кету
|
1.Бетінің қызарыуы
2.Көз тамырларының қанталауы
3.Жүрек соғысының жиіленуі
4.Қан қысымының шамадан тыс көтерілуі
5.Науқастың беймазалануы
6.Тамыр соғысының күшеюі
|
Мейірбикенің іс - әрекеттері
|
1. Дәрігерді (жедел жәрдем көлігін) шақыру
2. Науқасты физикалық және психикалық тыныштандыру: бөлмеде тыныштық сақтауын сұрап, жүйкеге әсерін тигізетін мәнбірлерді жою (ән, қатты жүру, жарық сәуле, қатты сөйлеу)
3. Маңдайына суық компресс, желкесіне қыша қою, аяғына ыстық емшараларды қолдану
4. Әзірлеп қою: шприцтерді, қан қысымын төмендететін, тыныштандыратын дәрілерді.
5. Дәрігер келгенше науқастың жалпы жағдайын қадағалап отыру: қан қысымын өлшеу, демін, тамыр соғуын санап, анықтау.
| Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларында
мейірбикелік үрдіс
І кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
Пациенттің нақты мәселелері:
Ø жүрек маңайының ауырсынуы;
Ø ентігу, тұншығу;ісіктің білінуі;
Ø жүрек соғуының бұзылуы;
Ø іш қуысына сары судың жиналуы (асцит);
Ø бастың ауыруы, бастың айналуы, естен тану;
Пациентте болуы мүмкін мәселелер:
Ø аурудың қайталама ұстамасы;
Ø тұншығудың әсерінен өлім сезімінің пайда болуы;
Ø жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі;
Ø төсек тәртібін сақтау мен орындау мақсатында, қозғалыстың аз болуына мәжбүрлейді;
Ø мүгедектікке ұшырау;
Ø дәретке өз бетімен отыра алмау жағдайы;
ІІ –ші кезең. Мейірбике диагнозын қою.
Қан айналу қызметінің бұзылуымен байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелерге сүйене отырып қойылады.
ІІІ – ші кезең. Күтім шараларын жоспарлау.
Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
Ø жүрек маңайындағы ауырсынуды басу;
Ø бастың ауырғанын басу;
Ø демікпені басу;
Ø естен тану жағдайында көмек көрсету;
Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
Ø қан қысымды қалыпқа келтіру;
Ø жүрек маңайындағы ауырсынуды болдырмау;
Ø ауруханадан шығару мезгіліне қарай ентікпені басу және болдырмау;
Ø науқас жағдайын ісікке дейін жеткізбеу;
Ø емдәмді қатаң түрде сақтауға дағдылату;
Ø ауруханадан кейін науқас өзінің қозғалу тәртібі туралы мағұлмат алады;
Ø шұғыл жағдайларда өзіне өзі көмек көрсете алады;
ІV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
Мейірбикенің араласулары:
Ø тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, науқастың тексерістеріне қатысу;
Ø тәуелсіз – науқастың жағдайын қадағалап және бақылау: ыңғайлы жағдай көрсету, демін, тамыр соғуын санау, дене қызуын, қан қысымын өлшеп бақылау құжатына тіркеу;
Ø бір – біріне тәуелділік қатынастар – жеке бастың гигиеналық тазалығын сақтау, науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау, қолданған емнің әсерлігін бағалау, науқаспен және оның туыстарымен педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.
V кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау.
Жүрек ауруларында мейірбикелік кірісулердің үлгілері
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды жүзеге асыру.
Мейірбикенің кірісулері
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Жүрек маңайының сыздап ауырсынуы
| 1.Дәрігер шақыру.
2.Пациентті ыңғайлы жатқызу.
3.Толық психикалық-физикалық тыныштандыру.
4.Рефлекторлық түрде ауырсынуды басу.
5.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.
5.Пациенттің
функционалды жағдайын қадағалау.
| 1.Дәрігер шақыру
2.Науқасты төсекке Фаулер жағдайымен жатқызу.
3.Тыныштандыру.
Жүйкеге әсер ететін мәнбірлерді жою.
4.Қысып тұрған киімін босату.
5.Ауырсынуды басу мақсатымен жүрек маңайына қыша қою, немесе сол қолын жылы суға малу (тәж тамырларын кеңейту үшін)
6.Оттегі беру
7.Демін, тамыр соғысын, артериалдық қан қысымын өлшеу.
8.Системаны құрып, керекті дәрі-дәрмектерді әзірлеп қою.
9.Пациенттке және оның туыстарына нитроглицериннің жағымсыз әсерін түсіндіру.
| Дәрігердің нұсқауы бойынша жұмыс істеу, дәрі-дәрмектерді қолдану.
Зертханалық тексерістерге пациентті дайындау.
Пациентті ЭКГ тексерісіне түсіру.
|
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды іске асыру
Мейірбикенің кірісулері
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Пациент өзінің күш қуатының жоқтығына,
мезгіл-мезгіл есеңгіреуіне шағымданады
| 1.Дәрігерді шақыру.
2.Пациентке ыңғайлы жағдай көрсету.
3.Пациентті психикалық және физикалық тыныштандыру
4.Пациентке дәрігерге дейін көмек көрсету
5. Пациенттің
функционалды жағдайын қадағалау.
| 1.Пациентке жағдайын түсіндіру.
2.Науқастың аяғын сәл көтеріп, көлденең қалыпта төсекке жатқызу.
3.Толық психикалық және физикалық тыныштық жағдайын туғызу.
4.Жылылап орау, аяғына немесе қолына жылытқыш қою.
5.Жылы тәтті шәй ішкізу.
5.Бөлмені желдету
6.Оттегі беру
8.Демін,тамыр соғысын, артериалдық қан қысымын өлшеу.
9.Тамшы құралды құрып, керекті қан қысымын көтеретін дәрі-дәрмектерді әзірлеу.
| Дәрігердің нұсқауы бойынша тері астына мезатон немесе адреналин ерітінділерін енгізеді.
Ауыр жағдайларда гормон препараттарын қолданады.
Пациенттің ауруына байланысты зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысады.
|
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды іске асыру.
Мейірбикенің кірісулері
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Науқас есін жоғалтты
(естен тану)
| 1.Дәрігерді шақыру.
2.Пациентті ыңғайлы жатқызу.
3.Дәрігерге дейін көмек көрсету.
4.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау.
3.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.
| 1.Пациентті аяғын сәл көтеріп,басын төмендетіп жатқызу.
2.Қысып тұрған киімін шешу
3.Бөлмеге таза ауа жіберу
4.Бетке немесе кеудеге салқын су сеуіп, нашатыр спиртімен самайын және кеудесін ысқылау.
5.Нашатыр спиртін иіскету.
6.Науқас есін жимай жатса, алақанмен бетін сәл шапалақтап, атын атап шақыру.
7.Дәрігер келгенше қан қысымын көтеретін дәрі-дәрмектерді әзірлеу.
8.Пациенттің есін жиғанша функционалды жағдайын бақылау: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау.
| Дәрігердің нұсқауы бойынша 10% кофеин ерітіндісін 2мл тері астына немесе 2мл кордиамин ерітіндісін немесе камфора ерітіндісін тері астына енгізу.
Пациент қатаң төсек тәртібін сақтау керек
Науқастың сырқатына байланысты зертханалық және аспаптық тексерістеріне қатысу.
|
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды іске асыру.
Мейірбикенің кірісулері
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Көп жылдары созылмалы жүрек ауруымен сырқаттанған пациенттің денесі ісініп, жағдайының нашарлағанын білдіреді
(ісіну)
| 1.Пациентке ыңғайлы жағдай көрсету.
2.Пациенттің функционалды жағдайын бақылау.
3.Педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізу.
4. Ісіктің алдын-алуын ескерту.
5. Жеке бас гигиенасын сақтау.
6. Пациенттің тері ойылуының алдын-алу.
| 1.Пациентке ыңғайлы Фаулер жағдайын көрсету.
2.Аяғының астына үстел қойып көтеріңкі ұстау.
3. Пациенттін терісін сүртіп, тері ойылудың алдын-алу. Төсек орнын таза ұстау.
4.Тәулікті диурезді және су балансын санап суйықтықты беруді шектеу.
5. Пациентке педагогикалық аспектіде диета ұстау туралы түсіндіру
(№10 ем дәм тәртібі- тұзбен сұйықтық-тарды шектеу)
6.Асептика және антисептика ережелерін қатаң түрде сақтау.
7.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау.
| Дәрігердің нұсқауы бойынша мейірбике ем шараларын жүргізеді, әр түрлі дәрі-дәрмектерді қолданады.
Пациенттің ауруына байланысты зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысады.
|
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды іске асыру.
Мейірбикенің кірісулері
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Пациенттің қан қысымы көтеріліп, басының ауырғанына шағымданады.
| 1.Дәрігерді шақыру.
2.Пациентке ыңғайлы жағдай туғызу- психикалық және физикалық тыңыштық сақтау.
3.Дәрігерге дейін көмек көрсету- рефлекторлық түрде қан қысымын төмендету.
4.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау.
3.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.
| 1. Дәрігерді шақыру.
2. Палатадағы пациенттерден тыныштық сақтауын сұрау (радионы, телевизорды өшіріп қою)
3.Фаулер жағдайын көрсетіп аяғын төмен түсіру.
4. Қан қысымын төмендету мақсатымен
желкесіне жылы, ал маңдайына суық қою.
5. Осы мақсатпен балтырына қыша қою.
6. Пациенттен көп су қолданбауын сұрау.
7.Дәрігер келгенше қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмектерді әзірлеу: фуросемид 80 мг, эднит т.б.
8.Пациенттің тамыр соғысын, қан қысымын, демін санап отыру.
| Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрмектерді қолдану.
Пациенттің ауруына байланысты жалпы қан анализін, көк тамырдан биохимиялық анализіне қан алу.
Пациентті аспаптық тексерістерге дайындау және қатысу (ЭКГ, доплерография, ангиография т.б)
| Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды іске асыру.
Мейірбикенің кірісулері
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Ішке сары судың жиналуы
(асцит)
| 1.Ыңғайлы жағдай жасау
2.Жеке бас гигиенасын сақтау
3.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу
4.Пациенттің функционалды жағдайын
бақылау
| 1.Фаулер жағдайын жасау.
2.№10 диета, қатаң төсек тәртібін сақтау.
3.Су балансын санау.
4.Тәулікті диурезді анықтау.
5.Жеке бас гигиенасын сақтау терісін күту, тері ойылуды алдын алу
6.Пациентке асциттегі шаралардың
маңыздылығын айту
7.Пациенттің жалпы жағдайын қадағалап, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау, демін, дене қызуын өлшеу.
8.Пациенттің туыстарын ісіктегі күтім ережелеріне үйретеді.
9.Жағдайына байланысты пациентке оттегі береді.
| Мейірбике дәрігердің нұсқауы бойынша пациенттің ауруының негізгі және симптомдық еміне қатысады.
Зертханалық және аспаптық тексерістеріне пациентті дайындайды.
Парацентезде пациентке психологиялық дайындық жүргізеді.
| Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларын алдын алу
(АМСК-ғы мейірбикенің педагогикалық аспектідегі жұмысы)
Жүрек адам организімінде маңызды роль атқарады. Ол адамның бүкіл денесіне қанды айдап отырады. Бірақ оны сыртқы ортадан сақтау керек, яғни жүрек ишемиялық ауруларын: жүрек қыспасын, миокард инфарктісін, атеросклерозды, гипертониялық ауруды алдын алып отыру керек.
Жүрек ишемиялық аурулардың біріншілік алдын алуы - салауатты өмір салтын сақтау, физиологиялық жағдайды күшейту, жағымсыз қылықтардан айырылу, қауіпті мәнбірлерді реттеу және олардан сақтану. Екіншілік алдын алуы –тамақтану режимінен бағыттау, физикалық белсенділікті реттеу, диспансерлік тізімдегі пациенттерді диспансерлік нұсқау бойынша бақылап отыру. Сонымен бірге науқастарды “Коронарлық” мектептерде үйретіп, жұмыс істеу және демалу режимдеріне кепілдемелер беріледі. Үшіншілік алдын алуда реабилитация шаралары жүргізіліп, 6 айдан кейін науқастың мінез-құлқының өзгерістері бағаланады.
Жүрек ишемиялық ауруларының дамуында атеросклероз ерекше орын алады, сондықтан оның алдын алуы маңызды роль атқарады.
Атеросклероздың алдын алуы.
Атеросклероздың алғашқы алдын алуы біріншіден сырқатқа әкеліп соғатын ауруларды (гипертониялық ауру, гипотиреоз, қант сусамыры, тұқым қуалайтын май алмасу дәрісінің бұзылыстары) дер кезінде анықтап емдеу, аурудың дамуын тежеу. Жоғарыда көрсетілген аурулармен ауратын науқастар жануарлар майы бар тағамдарды қолданудан өздерін шектеу қажет. Бұл дегеніміз – қолданылатын тағамның май құрауы 15% аспау қажет. Атеросклероздың алғашқы сатысын анықтау мақсатымен бұл адамдарда халықтың басқа топтарына қарағанда тамырлардың аспаптық тексерістері жиі өткізіледі.
Атеросклероздың емі және екіншілік алдын алуы байланысты, себебі қауіпті мәнбірлердің алдын алуынсыз ем нәтижелі болмайды. Емдік –алдын алу кешеніне кіреді: алғашқы алдын алу шаралары, емдік тамақтану, емдік дене шынықтыру, дәрі-дәрмектермен емдеу, санаторлы-курортты ем, физиоемі. Физио және санаторлы-курортық емдеу жағымды және жағымсыз көрсеткіштерге байланысты жүргізіледі. Көрсеткіштер атеросклероздың орналасқан жеріне және даму сатысына байланысты. Физиоемі аяқ тамырларының атеросклерозында кеңінен қолданылады. Аурудың қозу кезеңінде санаторлы-курорттық емін қолдануға болмайды. Атеросклероздың қауіпсіз сатысында науқастарды санаториялардың кардиологиялық бөлімшелеріне жіберуге болады. Климаттық қажетті жағдайлар және жыл мезгілі қатаң қадағаланып таңдалынады.
Емдік тамақтану атеросклероздың екіншілік алдын алуы болып табылады. Тәуліктік қабылдау тағам құрамы әр түрлі болу керек: ақуыз – 30-40% (балық, ет, сүт тағамдары), бірақ, тағам құндылығы 10-15% -пен шектеледі. Сонымен бірге тағам құрамында жануар майы бар тағамдарды және холестеринге бай заттарды (ми, бүйрек, жұмыртқа сарысы, майлы ет), ас тұзын, тез сіңетін көмірсуларды шектеген жөн. Ұсынылады: липотроптық затқа бай тағамдар, ірімшік, әр түрлі сүт тағамдары, сәбіз, қырыққабат, арахис, қытырлақ қартоп, жеміс-жидектер. Жеміс-жидектердің жетіспеушілігінде азықтық талшықтары тамақ құрамына қосымша рацион ретінде беріледі, атеросклероз дамуын шектейтін теңіз қырыққабаты, йодқа бай тағамдар пайдаланған жөн. Азық құрамына май қышқылы көп тағамдарды енгізген жөн: өсімдік май (жүгері, күнбағыс т.б.), балық. Балықты тағам ретінде күнделікті қолдану атеросклероздың ең нәтижелі алдын алуы болып табылады. Емдәм тәртібін сақтағанда атеросклерозбен ауратын науқастардың ерекшеліктерін бақылау керек: дене салмағын, асқазан-ішек жолдарының басқа ілеспелі ауруларын, бүйрек, жүрек ауруларын, тамақ аллергиясын, үйреншікті тағамдарын, ұлттық ерекшеліктерге және жергілікті жағдайларға байланысты.
Емдік дене шынықтыру атеросклерозбен ауратын науқастардың барлығына жасына байланыссыз белгіленген, бірақ оны белгілегенде науқастың жағдайына, атеросклероз даму сатысына, ауытқыларға, басқа қосымша ілеспелі ауруларға көңіл бөлу қажет. Атеросклероздың жасырынды кезеңінде гиподинамияға қарсы күресу үшін таңертеңгі жаттығулар жасау, гимнастика, туризм, спорттық ойындар, шаңғы тебу, таза ауада жұмыс істеу. Атеросклероздың клиникалық белгілерінің айқын білінуінде емдік гимнастика мен айналасу қажет. Атеросклерозбен зақымдалынған тамырлардың орналасуына және даму сатысына байланысты гимнастика құрамына демдік шынығу, ағзаға күш түсіру, ұлғайта жұмыс істеу белгілінеді.
Аяқ тамырлары зақымдалғандардан басқа атеросклерозбен ауратын науқастар амбулаторлық жағдайда жаяу жүруді ем ретінде қолданады. Біртіндеп ара қашықтықты ұлғайтуға болады. Жағдайына байланысты науқас күніне 5 - 15км жүреді. Жүріс кезінде науқастың адымдарын анықтау: науқаста ол төмен болуы керек, өйткені, шамадан тыс жүрсе, ол демікпеге, көңіл-күйінің нашарлауына әкеледі. Ауру асқынғанда жүріс және ара қашықтық азайтылады.
Оймен және отыра немесе еңкейе жұмыс істейтін адамдарға (тігіншілер, хатшылар, сағат жөндеушілерге) 60-90 минут сайын 3-7 минутқа демалу қажет. Сол 3-7 минут ішінде дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек.
Гипертония ауруының алдын алуы.
Біріншілік алдын алу гипертониялық ауруға әкеліп соқтыратын мәнбірлердің алдын алуы болып табылады: темекі шегуге тиым салынады, дем алу, белгілі тәртіппен жұмыс істеу, жеткілікті ұйқтау. Тамақта ас тұзын шектеудің мәні зор, тағамның калоражы төменделінеді. Екіншілік алдын алудың мақсаты – қан қысымын қалпында немесе қалпына таяу жағдайда ұстау және гипотензиялық емдік шараларын жүргізу, сонымен бірге неврозды емдеу қажет. Гипертониясы бар адамдарды анықтап, уақытында емдеген жөн. Қан қысымы көтерілетін адамға жүйкені қоздыратын жұмыс істеуге болмайды. Спортпен, су жаттығуларымен денені шынықтыру керек. Шомылғанда ағзаға бірнеше мәнбірлер әсер етеді: температуралық, механикалық және химиялық. Артериалдық гипертензиясы бар пациенттер міндетті түрде физикалық белсенді болуы керек. Физикалық жаттығулардың арнайы түрлері қан қысымын төмендетеді (әр жағдайда ағзаның жеке ерекшеліктерін ескеру керек).Физиотерапияның ішінде электрұйқы қолданылады. Ол қорғаныш серпілісін нығайтады. Ауруға әкеліп соқтыратын қауіпті мәнбірлерді жойған дұрыс: дене салмағының көбеюі, аз қимылдау, темекі шегу, тұзды және майлы тамақ ішу, ішімдіктер ішу, қобалжу, қозу. Сонымен бірге қант сусамырын, қандағы холестерин мөлшерінің көбеюін алдын алу қажет.
Учаскелік дәрігер мен мейірбике бұл пациенттерге міндетті түрде психологиялық реабилитация шараларын жүргізеді - әр пациенттің психикалық жағдайын артериалды гипертензияның кезеңіне және оның ағымына байланысты зерттейді. Пациентті ұзақ уақыт жүргізілетін емге бейімдейді.
ЖИА, жүрек қыспасының алдын алуы.
Біріншіден жүйке жүйесінің әр түрлі ауытқуларын емдеу. Темекі шегу, ішімдік ішуге, ауыр жұмыс істеуге тиым салу. Тамақ құрамында май, тұзды азайту. Денені шынықтырып, физиологиялық жағдайын жақсарту. Екіншілік алдын алуда науқас диспансерлік тізімге алынып, диспансерлік нұсқау бойынша қаралып, мерзімді ем алып тұрады. Үшіншілік алдын алу аурудың асқынуларын алдын алып, ағзаның физиологиялық жағдайын жақсартып, физикалық белсенділікті көтеру.
Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 1389 | Нарушение авторских прав
|