Эксудатты плеврит
Эксудатты (ылғалды) плеврит – плевра қабынып, қуысына сары судың жиналуымен сипатталатын сырқат. Өкпеқабтың арасына сары судың жиналуы нақты түрде демалу дәрісінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сырқаттың ағымы жиналған сары судың мөлшеріне, құрамына байланысты болады. Егер сары суда лейкоциттер жиналса, онда эксудат іріңді болады. Бұл жағдайда сырқат дем алу дәрісінің бұзылуымен қатар уыттану белгілерімен сипатталынады. Ал плевраның қуысына қан құйылса, оны геморрагиялық эксудат дейді. Геморрагиялық эксудат көбінесе қатерлі ісікте, сепсисте, туберкулезде кездеседі. Плевриттің ағымы ұзақ мезгілге созылып кетсе, плевра қабықшаларының беттері қосылып бір – біріне жабысып дәнекерленеді. Әрине, бұл патологиялық жағдай дем алу дәрісін айқын түрде бұзады. Эксудативтік плевритте плевра қуысына 3 литрге дейін сары су жиналуы мүмкін. Бұл кезде өкпе тіні қысылып, кеуде қуысындағы ағзаларды орнынан жылжытып, атқару қызметтеріне зияның келтіреді.
Клиникалық бейнесі. Сырқат жедел немесе біртіндеп басталуы мүмкін. Басында уыттану белгілерімен білінеді, науқас әлсізденіп басы аурады, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйқысы бұзылады. Кейіннен «плевралық» белгілерде байқалады. Дем алғанда кеуде қуысы қозғалыспен байланысты ауырсынады, сырқат ентігеді, жөтеледі, дене қызуы көтеріледі. Кеуде қуысы науқас жөтелген сайын, қозғалған сайын, түшкірген сайын ауырсына түседі. Плевра қуысына сары су жиналғанда ауырсыну сәл басылғандай болады. Дем алуы 30 – 40 рет минутына жиілейді, ауырсынуға байланысты науқастың демі беткей. Қарағанда: бет әлпеті боз, қабырға арасы тегіс немесе домбығып тұрады, дем алғанда зақымданған жағы сау жағына қарағанда демнен қалып отырады. Науқас ыңғайлы жағдай іздейді, зақымданған қырымен жатады (кеуде қозғалысын азайту үшін). Перкуторлық тексерісте: сары су жиналған жерде өкпе дыбысы топастанған болып келеді. Оның жоғарғы шекарасы дөңес, ең жоғарғы шеті – жаурынның және артқы қолтық сызықтың арасы болып саналады (Дамуазо сызығы). Аускультацияда дем дыбысы зақымданған аймақта жәй сезіледі. Егерде сары су көп мөлшерде жиналса, онда жүрек оң жаққа қарай жылжиды, тахикардия білінеді, қан қысымы сәл көтеріледі. Рентген тексерісінде – сары су жиналған жерде өкпенің гомогендік қараюы білінеді. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады (30 – 60 мм сағатына).
| | |
11 сурет. Өкпе қаптың қабынуындағы
перкуссия көрсеткіштері.
1- Дамуазо сызығы
2 - қысылғын өкпенің аймағы
3 - көкірек орталығының орналасуы
4 - экссудаттың жиналған орны
Ағымы. Қолданылған ем нәтижесінде 1 – 1,5 айда эксудат толық таралады. Қарт адамдарда, жүкті әйелдерде және әлсізденген науқастарда эксудаттың таралуы көп уақытта созылады, бірнеше ай ішінде эксудат толығымен таралуы мүмкін, кейде таралмай плевралық бірікпелерді тудырады.
Дерт анықтамасы. Сырқаттың диагнозы науқас шағымдары арқылы анықталады, негізгі перкуторлық және аускультациялық өзгерістер көмегімен анықтауға мүмкіндік береді. Рентген суретінің көрсеткіш нәтижесі маңызды роль атқарады. Дерт анықтамалық және емдік ретінде плевралдық пункция жасалады.
12 сурет Экссудатты плевриттің
рентгенограммасы
Емі. Эксудатты плевриттің емі негізгі сырқатқа байланыста бағытталынған – туберкулезіне, өкпе қабынуына, өкпе қатерлі ісігіне. Науқас қатаң төсек тәртібін сақтап, құнарлы тағамдармен тамақтанады. Қабынуға қарсы антибактериялдық емін қолданады. Десенсибилизациялық ем жүргізіледі, ағзаның сезімталдығын реттейтін, жөтелді басатын дәрі – дәрмектерді қолданады. Сары су көп мөлшерде жиналып таралмаса, плевраны тесіп сары суды сыртқа шығарады. Плевралдық бірікпелерді болдырмау үшін демдік жаттығулары жүргізіледі.
Алдын алуы. Аурудың алдын алуы плевритке әкеліп соғатын өкпе ауруларын уақытында емдеген жөн, біріншіден ол өкпе туберкулезі. Сонымен бірге ағзаның физиологиялық жағдайын күшейтіп, иммун жүйесін көтерген дұрыс. Темекіден және ішімдіктен бас тарту. Плевритпен ауырған науқас есепке алынып, диспансерлік нұсқау бойынша қаралып отырады.
Бақылау сұрақтары
1. Сырқаттың жалпы түсініктемесін беріңіз.
2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атаңыз.
3. Құрғақ және эксудатты өкпеқаптың қабынуының клиникалық бейнесіндегі ерекше деген белгілеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
4. Сырқаттың рентген суретіндегі көрінісін айтыңыз.
5. Сырқаттың емдік қағидасының негізі.
6. Өкпеқап сырқатындағы пункцияны қандай мақсатпен өткізеді?
7. Демдік жаттығуын қандай мақсатпен қолданады?
Өкпетекті жүрек
Өкпетекті жүрек деп бронх - өкпе аппаратының қызметі бұзылып, өкпенің қан тамырларында қысым көтерілгендіктен жүректің оң жақ бөліктерінің ұлғаюымен сипатталатын патологиялық жағдайды айтады. Бұл жағдайда ағзаның оттегі мен көректік заттармен қамтамасы бұзылады. Дамуына байланысты өкпетекті жүрек жедел және созылмалы түрде болады.
Жедел өкпетекті жүрек
Жедел өкпетекті жүрекке әкеліп соқтыратын себептерге өкпе артериясының эмболиясы, бронх демікпесінің ұстамасы, өкпенің ауыр түрде өтетін крупты қабынуы жатады. Айтып кеткен себептердің әсерінен кіші қан айналым шеңберінде қанның қысымы жоғарылап, жүректің оң бөлігіне күш түседі. Альвеоларға сұйықтық жиналып, газ алмасу дәрісі күрт бұзылады.
Клиникалық бейнесі. Негізінде жедел өкпетекті жүрек тез арада дамиды.Науқас кенеттен ентіге бастайды. Терісі көгеріп, кеудесі қатты ауырсынады. Қарағанда мойын көк тамырлары қанға толып айқын білінеді. Аускультацияда демнің әлсірегені анықталады, өкпеде құрғақ және ылғалды сырыл естіледі. Жүрек жұмысының ырғақтылығы бұзылып, науқасқа ауа жетпей, мазасызданады. Қанда лейкоцитоз көбейеді, ЭТЖ артады. Фибриноген, гамма-глобулин, С-белсеңді ақуыз және сиал қышқылдардың мөлшері көбейеді. Рентгенде өкпе түбірінің сұлбасы кеңейіп, жалпы бейнесі ашық түсті болады. Көкеттің күмбезі жоғарылап, көк тамырлар мен жүректің оң бөліктері ұлғаяды. Дерт анықтамасын жүргізгенде сырқаттың кенеттен басталып, кеуде қуысының қатты ауырсынуына, науқастың ауа жетпей ентігуіне сүйене отырып диагноз қояды.
Емі. Сырқаттың негізгі ем қағидалары ауырсынуды жойып, өкпе артериясындағы қысымды төмендетіп, жүрек жұмысын жақсартуға бағытталған. Жедел өкпе жүрегінің бастапқы кезеңінен бастап қанды ұйытпайтын дәрі-дәрмектерді қолданады. Осы мақсатпен гепарин ерітіндісінің 20000-25000 бірлігін көк тамырға, содан кейін әр 6 сағат сайын 5000-10000 бірліктен терінің астына егеді. Қанның ұйю мерзімін зертханалық тексеріспен анықтап отыру керек. Бұл емнің мерзімі 7 – 10 күндей.
Созылмалы өкпетекті жүрек
Көптеген тыныс алу мүшелерінің аурулары созылмалы өкпетекті жүректің дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Айтып кеткенде созылмалы өкпетектік жүректің дамуына бронхтық астма, өкпе қатерлі ісігі, созылмалы бронх обструкциялық сырқаттары себеп болады. Осы аурулар барысының нәтижесінде кіші қан айналым шеңберінде қысым жоғарылайды, жүректің оң бөлігіне күш түседі. Альвеоларда газ алмасу дәрісі бұзылып, артериялық қанда оттегі мөлшері азаяды. Кеуде қуысының қысымы артады, тыныс алу қиындайды.
Клиникалық бейнесі. Негізгі клиникалық белгілері жүрек жұмысының жеткіліксіздігімен сипатталынады. Созылмалы өкпетекті жүректің бастапқы кезеңінде жүрек қызметі жеткілікті. Аурудың клиникасы себепші сырқаттың белгілерімен сипатталынады. Тексергенде оң қарыншаның ұлғайғаны анықталынып, құрсақ үсті бұрышынан жүрек лүпілі көрінеді. Жүрек жұмысының жеткіліксіздігі дамыған жағдайда созылмалы өкпелік жүректің белгілері айқын көрініс береді.Науқастың тынысы тарылып, ентігеді. Жалпы диффузды цианоз білінеді. Мойын көк тамырлары қанға толып, айқын білінеді. Жүрек жиі қағады, аяқтары ісінеді. Бауыр ұлғайып ауырсынады.Қозғалыс қабілеті төмендейді. Жүрек жұмысының жеткіліксіздігінің соңында ағзаның бүкіл мүшелері зақымданады, гипоксия өршіп ацидоз дамиды. Қан анализінде эритроциттер мен гемоглобин мөлшері көбейеді, ЭТЖ 2-4 мм/сағ дейін бәсеңдейді.
Емі. Негізгі ем қағидалары кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендетіп жүрек жұмысын жақсарту болып табылады. Осы мақсатпен көк тамырға 2,4% –10 мл эуфиллин ерітіндісін жібереді. Жүрек жұмысын жақсарту мақсатымен жүрек гликозидтерін (строфантин, корглюкон ерітінділерін) тағайындайды. Сонымен қатар зәр айдайтын дәрі-дәрмектерді (гипотиазид, верошпирон) қолданған жөн. Гипоксияда оттегі берген тиіс. Оттегі тапшылығында қанда көмір қышқылығының мөлшері көбейіп ол тыныс орталығын қоздырады. Сондықтан оттегімен емдегенде фосфор қышқылы және сілтілердің ара қатысын мұқият қадағалап отыру қажет: газ қоспасындағы ылғалды оттегінің мөлшері 40-60% болуға тиісті. Бұл қоспа катетермен мұрын арқылы 6-9 л-мин көлемінде 15-20 минут жіберіледі. Тыныс орталығын тітіркендіру үшін әр 2-3 сағат сайын 2 мл кордиамин немесе камфора ерітінділері тері астына жіберіледі.
Алдын алуы. Созылмалы өкпелік жүректі алдын алу үшін тыныс алу мушелерінің сырқаттарын уақытында дұрыс емдеген жөн, жағымсыз қылықтардан аулақ болу керек. Физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдету жөн.
Болжамы. Өкпетекті жүрек жеткіліксіздігінде ем уақытында жүргізіліп отырса науқас өзін қанағаттанарлық күйде сезінеді.
Бақылау сұрақтары
1. «Өкпетекті жүрек» деген терминді қалай түсінесіз?
2. Сырқаттың патогенезіне түсініктеме беріңіз.
3. Жедел өкпетекті жүректің дамуына әкеліп соқтыратын себептерді айтып шығыңыз. Клиникалық белгілеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
4. Созылмалы өкпетекті жүректің дамуына әкеліп соқтыратын себептерді айтып шығыңыз. Клиникалық көрінісіне қысқаша сипаттама беріңіз.
5. Өкпетекті жүректің ем қағидасын айтып шығыңыз.
6. Алдын алу шараларына түсінік беріңіз.
Тыныс алу мүшелерінің ауруларында
мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері
Мейірбике дем алу ағзаларының ауруларындағы негізгі шағымдары мен симптомдарын білу керек, аурудың басталуы мен дамуын айыра білу керек, өкпе ауруларының емдеу қағидалары мен алдын алуын, өкпе ауруымен ауыратын науқастарды күту мен бақылау ерекшеліктерін білу керек. Өкпе ауруларымен ауыратын адамдар жиі дем алу ағзаларының функцияларының бұзылыстарымен байланысты мәселелермен кездеседі. Олар ентігеді, жиі дем шығара алмай қиналады, құрғақ немесе іртүрлі қақырықты жөтел, жөтелгенде, түшкіргенде күшейетін кеуде қуысының ауруы, қан түкіру мазалайды. Сонымен қатар уыттану белгілері байқалады: әлсіздік, немқұрайлық, бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі, тәбетінің төмендеуі және тағы басқа. Өкпенің іріңді ауруларымен ауыратын науқастарда көп мөлшерде жағымсыз иісті қақырық бөлінуі мүмкін, сол себепті өзін ыңғайсыз сезініп ұялуы мүмкін. Науқастар тітіркенгіш, қозғыш, қобалжығыш болады. Мейірбике науқастың жағдайын түсініп оған қажет көмек көрсету керек. Мейірбике жедел дем жетіспеушілігінің белгілерін білу керек, науқаста ентігу пайда болып, мазасыз, көп сөйлегіш, қозғыш, көгеру дамиды. Ауыр жағдайда науқас біртіндеп есін жоғалтып комаға ауысады. Тахикардия, қан қысымы біресе көтеріліп, содан кейін төмендейтіні байқалады. Жиі науқастың мәселесі ентігуде немесе кеуде қуысында ауру пайда болғанда ауруды азайтатын ыңғайлы жағдайды білмеуі, тұншығудағы өлім қорқынышы, ингалятормен және түкіргішті қолдана алмауымен байланысты сонымен қатар темекі тартудан бас тарта алмауы. Бар мәліметтерді пайдалана отырып, мейірбике алдына қойған мақсаттарын жоспарлайды. Жұмыс жоспарын құра отырып, мейірбике пациентпен бірігіп әрбір мәселенің мақсаттарымен нәтижесіне жету және мейірбикенің сол іске араласу көлемін анықтайды. Жұмыстың мақсаты міндетті түрде тек қана нақты науқасқа ғана бағытталған болу керек. Науқасты күтудін жоспарын құрғанда пациент қандай нәтижеге жеткісі келетінін анықтап алу керек. Пациенттің мәселелерін шешуге бағытталған медбикенің қандай да бір араласуын жүзеге асыру алдында мейірбике оларды науқасқа айтып беріп және оларды не үшін орындау керек екенін түсіндіру керек. Тез арада орындалатын мақсаттар (тұншығуды басу, қан түкіруді азайту, құрғақ жөтелді басу, қақырық түсіруді жақсарту). Болашақта орындалатын мақсаттар (пациент жөтелдің себебін біледі, позициялық дренаж жүргізе алады, шылым шегуін қояды және т.б.). Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мейірбике келесі істерді атқарады. Тәуелді мейірбикелік араласулар. Дер кезінде дәрілік ем жүргізеді, ем жүргізіп, оның тиімділігін бағалап, дәрігерге дәрінің қосымша әсерлері туралы хабарлайды. Дәрігердің тағайындауы бойынша мейірбике ентігуді азайтады, қақырықтың бөлінуін жақсарту үшін оттегі беріп, бронхолитикті ингаляция жүргізеді. Тәуелсіз мейірбикелік араласулар. Бұл өмірге маңызды функцияларды өткізіп және медициналық құжаттарды толтырады. Мейірбике науқастың жалпы жағдайымен төсектегі қалпын бақылап, тері қатпарларының түсін, дем алуын, жөтелін, қақырығын белгілейді, термометрия жүргізеді. Мейірбике пациентке ауруының дамуы барысы жайлы, клиникалық белгілері, емдеу принциптері мен болуы мүмкін асқынулары жайлы хабарлап тоыру керек. Мейірбике әрбір аурулардағы күтім ерекшелігі жайлы білу керек. Мысалы, бронхоэктативті ауруы бар науқастың төсектегі жағдайы біршама ерекше, төсектің аяқ жағы 20 – 30 см – ге көтерілген болуы тиіс. Мұндай жағдай бронхоэктаздарда жиналған қақырықтың жақсы шығуына әсер етеді (бұны позициялық дренаж деп атайды). Оны мүмкіндігінше таңертең дем жаттығуларынан кейін және кешке ұйқының алдында 15 – 20 минут бойы жасау керек. Мейірбике науқасқа қақырықтың дұрыс шығуы үшін жөтелу тәсіліне, тұншығу ұстамасы кезінде өзіне - өзі көмек беру әдістеріне, ингалятормен қолдану тәсілін үйрету керек. Өкпенің іріңді ауруларын күте жүріп, мейірбике науқасты аузы жабылатын ыдысқа жиналуын үйрету керек, өйткені қақырықта патогенді микрофлора көп болады. Бір – бірімен байланысып жұмыс істеу мейірбике науқасты физиотерапевтік емшараға дайындап, жүргізуге көмектеседі. Мейірбике науқасқа бұл қол әрекеттерінің мақсатын түсіндіріп, оны жүзеге асыруға келісімін алу керек. Соңынан мейірбикенің қатысуымен болған шаралардың нәтижелерін бағалайды. Егер алдыға қойған мақсатқа жетпесе немесе толық орындалмаған жағдайда, онда мейірбикенің іс әрекетінің жоспары қайтадан құрылуы тиіс.
АМСК-гі мейірбике жұмысының негізінің бірі – педагогикалық аспектіде жұмыс істеу, ауруларды алдын алу. Мейірбике науқасты, оның туыстарын күтім шараларына үйретіп, қауіпті мәнбірлерді жойып, ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту, ағзаны шынықтыру тәсілдеріне үйрету керек. Төменде осы педагогикалық жұмыстың негіздері беріліп отыр.
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейірбикелік үрдіс
І кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
Пациенттің нақты мәселелері:
¨ жөтел (құрғақ немесе қақырықты);
¨ экспираторлы;
¨ кеуде қуысының ауруы;
¨ өкпеден қан кету;
¨ дене қызуының көтерілуі;
¨ кейбір манипуляциялардың алдында қорқыныш сезімінің білінуі (бронхоскопия, бронхография).
Пациентте болуы мүмкін мәселелер:
· қайталамалы ұстамадан қорқуы;
· тұншығудың әсерінен өлімге деген қорқыныш сезімінің пайда болуы;
· жөтелдің әсерінен ұйқының бұзылуы;
· қауып қатер асқынулардың дамуы;
· жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі.
ІІ кезең. Мейірбикелік диагнозын қою.
Дем алу функциясының бұзылуымен байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелер.
ІІІ кезең. Күтімді жоспарлау.
Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
§ тұншығуды басу;
§ өкпе қансырауын тоқтату; жөтелді басу;
§ қақырықтың бөлінуін жақсарту;
Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар;
§ пациент жөтелу, ентігу кезінде өзіне ыңғайлы жағдай жасай алады;
§ пациент жөтелдің ерекшеліктерін біледі;
§ пациент демдік гимнастикасын жасай алады;
§ пациент өзіне пазициялық дренажды өткізе алады.
IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
Мейірбикенің жұмыстары:
¨ тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, зертханалық және құрал- жабдық аппарат арқылы тексерістерге қатысу:
¨ тәуелсіз – науқастың жағдайын қадағалау, жүрек және тамыр соғуын санау, қан қысымын, дене қызуын өлшеу, оттегі мен қамтамасыз ету;
¨ бір – біріне тәуелділік қатынас – науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау, қолданған емнің әсерлілігін бағалау.
V кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау
Күтім ерекшеліктерін жоспарлап және алға қойған мақсаттарды салыстыру.
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы
мейірбикелік кірісулердің үлгілері
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру (қысқа және ұзақ мерзімге бағытталған)
| Мейірбикелік кірісулер
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Жөтел
|
1.Ыңғайлы жағдай көрсету.
2.Рефлекторлық түрде жөтелді басу.
3.Пациенттің жағдайын қадағалау.
4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу
5.Пациент өзін-өзі күтіп, жеке бас гигиенасын сақтай алады.
6.Шұғыл жағдайларда өзіне өзі көмек көрсетеді.
|
1.Мейірбике науқасқа біріншіден ыңғайлы жағдай көрсетуі қажет, яғни, Фаулер жағдайын жасау.
2.Сонымен қатар науқастың үстіндегі киімдерін жеңілдеткен жөн.
3.Кеудесіне қыша қою қажет.
4.Ыстық сүт, май, жылы сұйықтықтар беру керек.
5.Дәрігер келгенше мейірбике пациенттің жағдайын бағалап отырады: демін санайды, қан қысымын өлшейді, тамыр соғысын анықтайды.
|
Жөтелді басып, қақырықты сыртқа шығаратын шөп тұнбалар, дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқауы бойынша береді. Мысалы: мукалтин, линкас, броигексин, доктормом т.б.
Мейірбике пациентті әр түрлі зертханалық және аспаптық тексерістерге дайындайды.
Дәрігердің нұсқауы бойынша пациентті дем жаттығуларына үйретеді.
|
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру (қысқа және ұзақ мерзімге бағытталған)
| Мейірбикелік кірісулер
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Ентігу
|
1.Ыңғайлы жағдай көрсету.
2.Рефлекторлық түрде ентігуді басу.
3.Пациенттің жағдайын қадағалау.
4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу
6.Ентігуде пациент өзіне өзі көмек көрсете алады.
|
1.Ортопноэ жағдайын жасау (қолын тізесіне тіреп, аяғын төмен түсіру.)
2.Қысып тұрған киімді босату.
3.Таза ауа жіберу.
4.Ингалятормен
қолдану
5.Оттегі беру, жастықша немесе
Бобров аппараты арқылы.
6.Қақырық тастаған жағдайда, оны жинап зарарсыздандыру.
7.Ентігуде пациент өз - өзіне көмек көрсете білу керек.
8.Дәрігер келгенше мейірбике пациенттің функционалды жағдайын қадағалап отырады: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау т.б.
|
Дәрігердің нұсқауы бойынша бронх тармақтарын кеңейтетін дәрілер қолданады: көк тамырға 2,4% эуфиллин ер-ін егеді,
теофедрин т/б.
Ауыр түрде айтып кеткен шаралар әсер етпегенде, система арқылы көк тамырға гормон препаратын енгізеді.
Дем ала алмаған жағдайда реанимация бөліміне жеткізіп, жасанды дем алдырады.
Барокамера қолдануға болады.
|
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру (қысқа және ұзақ мерзімге бағытталған)
| Мейірбикелік кірісулер
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Кеуде қуысының ауырсынуы
|
1.Ыңғайлы жағдай көрсету.
2.Кеуде қуысының ауырсынуын рефлекторлық түрде басу.
3.Дәрігердің нұсқауларын орындау.
4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.
5.Пациенттің функционалды жағдайын бағалау.
|
1.Кеуде ауырсынуын басу мақсатымен
науқасты ауырған жаққа қарай жатқызу (кеуде торшасының қозғалысын шектеу мақсатымен)
2.Пациенттің жағдайын қадағалау: -дене қызуын өлшеу,
-демін санау,
-қан қысымын өлшеу, -тамыр соғысын
анықтау.
|
Қабынуды, жөтелді басатын ем жүргізу, яғни дәрігердің нұсқауы бойынша мейірбике науқасқа дәрі-дәрмектер береді.
Кеуде қуысына басып тұратын байлам салады
(кеуде торша-сының қозғалысын шектеу мақсаты-мен)
Мейірбике пациенттің физио емін алуына жағдай туғызады.
|
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру (қысқа және ұзақ мерзімге бағытталған)
| Мейірбикелік кірісулер
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Өкпеден қан кету
| 1.Ыңғайлы жағдай көрсету.
2.Қанды рефлекторлық түрде тоқтату шараларын қолдану.
3.Науқастың функционалды жағдайын бағалау.
4.Педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізу.
| 1.Дәрігерді шақыру.
2.Психикалық және физикалық тыныштық сақтау. Ыстық тамақ немесе сусын ішкізбеу
Сөйлестірмеу және қимылдатпау.
3.Егерде науқас өзі отыра алса кеудесіне салфетка төсеп қолына түкіргіш береді. Егер науқас төсек тартып жатса, басын бұрып, лоток қойады.
4.Қанмен тұншығып қалмас үшін, мезгіл –мезгіл құсық қалдықтарын тазалап отырады.
5. Рефлекторлық түрде қаңсырауды тоқтату мақсатымен кеудесіне мұзды мұйық қояды.
6.Қаңсырауды тоқтататын дәрі-дәрмектерді әзірлеу.
7.Дәрігер келгенше пациенттің жағдайын қадағалап отыру: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау, дене қызуын өлшеу.
| 1.Қаңсырауды тоқтату мақсатымен дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға, бұлшық етке дәрі-дәрмектерді енгізу.
2.Қанның ұю және ағу уақытын анықтау мақсатымен қан анализдерін алу.
3.Дәрігермен бірге диагностикалық аспаптық тексерістерге қатысу.
|
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру (қысқа және ұзақ мерзімге бағытталған)
| Мейірбикелік кірісулер
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Қызбаның ІІ-ші кезеңі
(гипертермия)
|
1.Ыңғайлы жағдай көрсету.
2.Рефлекторлық түрде дене қызуын төмендету.
3.Пациенттің функционалды жағдайын бағалау.
4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.
|
1.Ыстықты басу үшін, пациенттің үстін ашып тастау керек.
2.Рефлекторлық түрде дене қызуын төмендету үшін, басына суық компресс қояды, денесін дымқыл шүберекпен сүртіп отырады.
3.Науқастың ернін вазелинмен майлайды.
4.Шөлін басу үшін сұйықтықтар ішкізеді (рұқсат болса)
5.Науқастың жағдайын бақылайды: дене қызуын өлшеу, тамыр соғысын, қан қысымын анықтау, дем алуын бақылау.
6. Жеке бас гигиенасын сақтау, өз-өзін таза ұстауға үйрету.
7.Мейірбике науқастың туыстарын қызбаға қарсы қолданатын шараларға үйретеді.
|
Мейірбике дәрігердің нұсқауы бойынша науқастың дене қызуын төмендету үшін дәрі-дәрмектер қолданады –энтералды немесе парентералды жолдарымен.
Пациенттің ауруына байланысты зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысады.
| Тыныс алу мүшелерінің ауруларын алдын алу
Тыныс алу жолдары ауруларының біріншілік алдын алуы жедел респираторлық аурулардың алдын алуы болып табылады. Ал ол үшін ағзаны шынықтырып, ағзаның иммунитетін көтеру керек. Шынықтырудың тәсілдері өте көп.
Таза ауа - әрқашан әсер ететін шынықтыру. Жылы болған кезде көп уақыт таза ауада жүру жағымды. Ғылыммен тексерілген, қыс мезгілінде ауада жаз мезгіліне қарағанда оттегі көп және суық қанға оттегінің жақсы сіңуіне қатысады, жылы оның тіндерге берілуіне әсер етеді. Осы себептен шаңғы тепкеннен кейін адам өзін үйде жақсы сезінеді. Тек қана суық және салқын ауа ағзада қозғалыс шақырады. Суық ауа жұту тамырлардан холестеринді шайып, өкпеден дем арқылы шығарады.
Ауа ваннасын жалаңаш түрде немесе ауа жақсы өткізетін киімде қабылдайды. Сезіну бойынша ауа ваннасын бөледі: суық (0-80), сәл суық (9-160), салқын (17-200), индифферентік (21-240).
Медицина ғылымының кандидаты В.Н.Сергеевтің шынықтыру кестесін мысалға келтірейік. Ең алғашта ваннаны 5-8 минут 18-200 қабылдау керек. Ауа ваннасын 1 минутқа әр 3-4 күнде созады, сөйтіп оны 10-15 минутке жеткізу керек. 2-3 жұмадан кейін ақырындап салқын ваннаға ауысады, мысалы ашық терезенің алдында тұрып. Егер температура 10-140 төмен болса, шынықпаған адамға 2-3 минуттен көп туруға болмайды. Бірақ бұндай қысқа уақытта ағзада биологиялық қозғалыстар болмайды, сондықтан ем шара мақсатына жетпейді.
Ауа душы – бұл шынықтыру тәсілінің әсері ауаның қозғалысына байланысты. Егерде ауа қозғалыссыз болса, жылу беру минутына 0,85 килокалорий болады. Секундына 0,5 метр жылдамдықта жылу беру екі есе көбейеді, секундына 2 метр жылдамдықта – 3,2 рет, 10 метр жылдамдықта – 6,5 рет және т.с.с. Ауаның тез жылдам қозғалысында ағза бұған қорғаныш серпілісін беруге үлгермейді. Сондықтан жуынғаннан кейін жел бар жерде отыруға болмайды. Желдетуге ақырындап үйрену керек.
Шынықтыру демі – тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады. Бұл үшін мынындай жаттығулар жасау керек:
1. 10 дем алып, кезекпен үлкен бармақпен оң және сол танауды жауып, ауаны шығарады (4-6 секундтан);
2. дем жұтқан кезде мұрынның қанаттарын жауып ауаға қарсыласады;
3. демді ауыз арқылы шығармау. Ол үшін тілді жоғары таңдайға көтеріп, демді мұрын арқылы атқарады;
4. жәй дем жұту. Ал дем шығарған кезде мұрын қанаттарын саусақтармен соға отырып, “ба-бо-бу” деп айту керек.
Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 3705 | Нарушение авторских прав
|