АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Созылмалы жарасыз колит

Прочитайте:
  1. B18 Созылмалы вирусты гепатит
  2. II. Средства, расслабляющие миометрий (токолитики)
  3. Виды хронического колита
  4. Возбудитель псевдомембранозного энтероколита
  5. Воспалительные заболевания кишечника (болезнь Крона, язвенный колит): основные клинические синдромы, диагностика, принципы лечения.
  6. ГЛИКОЛИЗ. ГЛИКОГЕНОЛИЗ. ГЛИКОЛИТИЧЕСКАЯ ОКСИДОРЕДУКЦИЯ. ОБРАЩЕНИЕ ГЛИКОЛИЗА
  7. ДЗ Б-36нед, рубец на матке, начавшийся разрыв матки, ОАА. Срочная госритализация, введение спазмолитиков-промедол, токолитик – гинипрал, ингаляция кислородом.
  8. Диарея и колит, вызванные применением антибиотиков
  9. Дизентерийный колит
  10. Дизентерийный колит.

Созылмалы жарасыз колит деп тоқ ішектің созылмалы түрде қабынуын айтады.

Этиологиясы. Әр түрлі жұқпалар, саңырауқұлақтар, амебалар, лямблиялар, құрт-гельминттер, улы заттар, дәрі-дәрмектер, дисбактериоз, тамақтану кемістіктері, кейбір ішкі мүшелердің сырқаттары.

Патогенезі. Осы айтылып кеткен мәнбірлердің әсерінен тоқ ішектің ішкі кілегей қабаты зақымданады: сілекей қабаты ісінеді, бара-бара атрофияға ұшырайды, жұқарады.

Клиникасы. Біріншіден іш перистальтикасы бұзылады. Науқас іштің өтуіне шағымданады, іші тәулігіне 2-3 тен 10-15 ретке дейін өтеді, кейде іш қатпамен алмасады. Іші түйіліп ауырсынады, әсіресе тамақтан кейін, дефекация алдында. Сонымен бірге анорексия, кекіру, жүрек айну, іш құрылдау тағы да басқа диспепсиялық белгілері білінуі мүмкін. Науқас әлсізденеді, тез шаршағыш болады, ұйқысы бұзылады, басы аурады, тілі уылады. Образцов-Стражеско тәсілі бойынша ішті сипап қарағанда тоқ ішектің бөліктерінің түйілгенін, газбен тырсылдап тұрғанын анықтауға болады. Нәжіс құрамында сілекей, лейкоциттер, қан, газ көпіршіктері байқалады, дисбактериоз дамиды. Қанда анемия, сәл лейкоцитоз дамиды, ЭТЖ артуы мүмкін. Ирригоскопия тоқ ішектің қабырғаларының атониясын немесе жиырылып қалуын көрсетеді. Колоноскопия тоқ ішектің ішкі сілекей қабатының морфологиялық өзгерістерін дәлелдейді.

Емі. Емдәм тәртібі тағайындалынады. 4а, 4б устел қолданылады. Науқас жиі тамақтану керек: тәулігіне 5-6 рет. Химиялық құрамы: ақуыз – 100-120гр, майлар – 100-120гр, көмірсутегілер – 400-500гр. Қабыну дәрісін басу мақсатымен кең спектрлі антибиотиктер, сульфаниламидтер тобының дәрі-дәрмектері тағайындылынады (бисептол – 480, фталазол, нитрофурандар). Іш өтуді тоқтату үшін висмут, танальбин, энтерол, церукал береді. Сонымен қатар тік ішекке қабыну дәрісін басу үшін дәрі-дәрмектер қлизма түрінде жіберіледі. Метеоризмде белсенді көмір, эспумизан тағайындалынады. Іш түйіліп ауырсынуда спазмолитик дәрілері беріледі (но-шпа, галидор, папаверин).

Алдын алуы. Созылмалы колиттің алдын алуы біріншіден ішек жұқпа ауруларын алдын алу, оларды уақытында емдеу болып табылады. Сонымен бірге рационды тамақтану, тамақтану тәртібін сақтау маңызды роль атқарады.

 

ҮІ –ТАРАУ

БАУЫР ЖӘНЕ ӨТ ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері

Бауыр – асқорыту ағзаларындағы ең үлкен без, оң жақ қабырғаның астында орналасқан, салмағы 1,5 – 2 кг. Бауыр оң және сол бөліктен тұрады. Олардың ортаңғы бөлігінде өт қалтасы орналасқан. Оның сиымдылығы 50 мл. Бауыр ағзада бірнеше маңызды қызметтерді атқарады:

- қорғаныш қызметі - улы, жағымсыз дәрілерді ақуызбен байланыстырып, усыз түрге айналдырады;

- өт шығару қызметі - оның құрамында билирубин, холестерин, өт қышқылдары кальций, фосфор бар. Өт ас қорыту сөлінің бірі, ол ұлтабар сөлімен бірігіп майларды ыдыратады;

- осымен бірге басқада зат алмасу дәрісіне қатысады. Әртүрлі химия серпілісі арқылы көмір сулар гликогенге айналады, ол керек кезде бауырдан глюкоза (қант) түрінде қанға түседі.

Ақуыздар әртүрлі ас қорыту сөлдерінің әсерінен ыдырап бауырға түседі. Бауырдың ақуыз алмасуындағы маңыздылығы – ағзаға қажетті альбуминнің, фибриногеннің түзілуін қамтамасыз етеді. Бауырда А,В,С,Д,Е витаминдері және ағзаның дұрыс жұмыс атқаруына керекті мөлшерде бір қатар микроэлементтер жиналады. Бауырда өтетін дәрістер жүйке жүйесі және әртүрлі гормондардың (адреналин, инсулин, гипофиз, бүйрек безі) қатысуымен өтеді.


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 2392 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)