АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Созылмалы панкреатит. Созылмалы панкреатит – ұйқы безінің созылмалы қабынуы

Прочитайте:
  1. B18 Созылмалы вирусты гепатит
  2. А. Хронічного панкреатиту.
  3. Алгоритм обследования при остром панкреатите
  4. Американські принципи лікування хронічного панкреатиту
  5. Виды операций на поджелудочной железе при хроническом панкреатите.
  6. Гастрит, панкреатит, язвенная болезнь желудка и 12-перстной кишки.
  7. ГОСТРИЙ ПАНКРЕАТИТ
  8. ГОСТРИЙ ПАНКРЕАТИТ
  9. ГОСТРИЙ ПАНКРЕАТИТ
  10. Диагностический алгоритм при остром панкреатите

 

Созылмалы панкреатит – ұйқы безінің созылмалы қабынуы. Сырқат жиі кездеседі. Негізінде созылмалы панкреатит орта және қартайған шақта, көбінесе еркектерге қарағанда жиі әйелдерде кездеседі.

Этиологиясы және патогенезі. Созылмалы панкреатиттің себебі әртүрлі: созылмалы панкреатитке жедел панкреатит ауысуы мүмкін, бірақ көпшілік жағдайларда ол белгілі бір жағымсыз мәнбірлердің себебінен пайда болады. Оларға дұрыс тамақтанбау, майлы тағамдарды қолдану, дәрі – дәрмектермен улану жатады. Этиологиялық мәнбірлердің ішіне қан айналымының және асқазан асты безінің атеросклеротикалық тамырлардың зақымдануы, көптеген жұқпа аурулар да жатады. Осымен қатар созылмалы панкреатиттің дамуына асқазан, ұлтабар аурулары да әсер етеді. Айтып кеткен мәнбірлердің әсерінен ұйқы безінің ұлпасы зақымданып, дәнекер тіні дамиды, мүшенің функциялары бұзылады.

Клиникалық бейнесі. Аурудың белгілері әртүрлі. Көбінесе ауырсыну синдромымен мінезделеді. Ауырсыну кіндіктің сол жағында, сол жақ қабырға астында білінеді. Кейбір жағдайда ауырсыну қабырғаның бойымен сол жақ жауырынға, сол жақ иыққа, жүректің маңайына әсер етеді. Ауырсыну жиі майлы және ащы тамақтан соң білінеді. Ұйқы безі көп мөлшерде сөл шығарғаннан, ағзаның өзектері сөлге толып созылады да ауырсынуды туғызады. Диспепсиялық белгілер үнемі кездеседі: тамаққа тәбетінің мүлдем жойылуы, сілекейдің көп бөлінуі, кекіру, лоқсу, іштің кебуі және іштің қорылдауы байқалады. Ұйқы безі жеткілікті түрде ферменттерді шығармай, ішекте қорыту дәрісі бұзылады. Көп мөлшерде жағымсыз иісті, майлы (стеаторея) нәжіс байқалады. Жеңіл жағдайларда нәжіс қалыпты, ал ауыр жағдайларда іш өту, іштің кідіруімен кездесіп отырады. Уыттану белгілері айқындалынады: дене қызуы көтеріледі, әлсіздік, артралгиялар білінеді, науқастың тәбеті нашарлайды. Ас қорыту дәрісінің бұзылуы нәтижесінде арықтау байқалады. Кейбір жағдайларда сескенгіш, ұйқы бұзылуы білінеді. Көптеген авторлардың жазуы бойынша сипағанда ауырсыну нүктелері және аймақтары тұрақты түрде байқалады, көбінесе сол жақ эпигастрий маңайы, сол жақ қабырға асты (Шоффар зонасы, Губегриц - Скульский зонасы, Дежарден, Мейо-Робсан нүктелері). Ұлғайған және тығыздалған ұйқы безі сирек кездеседі. Созылмалы панкреатиттің қозу кезеңінде басқа ағзаларда өзгеріс болады, көпшілік жағдайда бауыр қабынуы дамиды.

Зертханалық тексерістер. Сырқаттың қозу кезеңінде қанда ЭТЖ артады, лейкоцитоз байқалады, С – реактивтік белок білінеді. Қанның құрамында амилаза, липаза, альдолаза ферменттерінің мөлшері көбейеді. Кейбір жағдайда қанда қанттың мөлшері де көбейеді. Ұйқы безінің сыртқы сөлденіс қызметі бұзылуы кезінде гиперпротеинемия, ал ауыр жағдайда электролиттік алмасудың бұзылуы кездеседі. Ұлтабар сөлінің құрамында ферменттердің мөлшері алғашқы кезеңде біршама көп болуы мүмкін. Ал анық атрофикалық кезінде безде бұл көрсеткіштер азды – көпті азаяды.

Сырқаттың қозу кезеңінде зәрде амилазаның мөлшері көбейеді. Созылмалы іш өту кезінде майлы ботқаға ұқсайтын нәжіс болады (стеаторея).

Копрологиялық зерттеу кезінде онда қорытылмаған тамақ, бұлшық ет қалдығының (креаторея) көп екендігі байқалады. Без ұлпасының зақымдануынан қанда қанттың мөлшері көбейеді. Ауыр жағдайларда қант сусамыры дамиды.

Асқынулары. Созылмалы панкреатиттің асқынуларына іріңдік, іріңді жылауық, қант сусамырының ауыр түрі, көкбауыр тамырларының тромбозы, ұйқы безінің қабынып қатаюы жатады. Ұзақ уақытқа созылған панкреатитте асқазан асты безінің қатерлі ісігі пайда болуы мүмкін.

Дерт анықтамасы. Қалыпты жағдайда аурудың дерт анықтамасы науқастың анализіне, клиникалық белгілеріне сүйене отырып, без ферменттерінің зерттеулері және ультра дыбыс зерттеулерімен қойлады.

 

27 сурет Созылмалы панкреатиттегі 28 сурет Созылмалы панкреатиттің

ұйқыбезінің көрінісі УЗИ-дегі көрінісі

 

Емі. Клиникалық белгілері нақты болмағанда амбулаторлық емдеу жүргізіледі. Емдәм тәртібін сақтау, қабыну дәрісін емдеу, сыртқы және ішкі сөлденіс жетіспеушілікті жоюға жағдайлар жасалады. Науқастың тамақтануы 5 – 6 мезгіл, аз мөлшерде болуы керек. Ұйқы безіне әсер ететін қуырылған, майлы, өткір тағамдар қолданылмайды. Емдәм бойынша ақуыздар көп болу керек, 150 гр – ға дейін тәулігіне. Тамақ жылы болу керек, өйткені суық тағам ішектің қозғалыс қызметін күшейтеді. Сырқаттың өткір кезеңінде ферменттердің белсенділігін басу үшін трипсин ингибиторларын қолданады (гордокс, контрикал 100 000 - 200 000 бірлік көк тамырға, тамшы түрде). Қабыну дәрісін басу үшін антибиотиктер қолданылады. Қатты ауырсыну кезінде бүйрек маңайын бөгейді, наркотикалық емес анальгетиктермен, спазмолитик дәрілерін қолданады. Ұйқы безінің сыртқы сөлденіс шамасыздығында орын ауыстыру мақсатында ферменттік дәрі – дәрмектер беріледі: фестал, дигестал, панзинорм, панкреатинин т.б. Өткір белгілері басылған соң алдын алу шаралары мақсатында гастроэнтерологиялық бағыттағы санаториялық емдеу ұсынылады.

Алдын алуы. Біріншілік алдын алуда ұйқы безінің ауруларына әкеліп соқтыратын мәнбірлерді жою болып табылады. Тамақ ішу және емдәм тәртібін сақтау керек, ішімдікке қатаң тыйым салынады. Бауыр қызметін жөндеу мақсатымен жануарлық майын және ащы қосындыларды қолдануға болмайды. Ағзаға жағымсыз әсер ететін химиялық заттармен, дәрі-дәрмектермен қарым – қатынас жасамау. Екіншілік алдын алудасырқаттар диспансерлік тізімге алынып, «Д» нұсқау бойынша жағдайына байланысты қаралып отырады, ішектің қозғалыс қызметін жақсартатын ферменттерді қолданады. Клиникалық қан анализі, амилаза, диастаза ферменттері анықталынады. Созылмалы панкреатиті бар науқастарға тамақтану тәртібін сақтамайтын жерлерде жұмыс істеуге болмайды. Асқазан, ұлтабар, өт жолдарының сырқаттарын уақытында емдеп отыру керек.

 

Бақылау сұрақтары

1. Ағзадағы ұйқы безі қандай қызметтерді атқарады?

2. Панкреатит ұғымын қалай түсіндіресіз?

3. Сырқаттың негізгі белгілерін атап шығыңыз.

4. Дерт анықтамасын жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеріс түрлерін қолданады?

5. Панкреатиттің емдік қағидасының негізі.

6. Осы сырқат түріндегі емдәм тәртібінің ерекшелік маңыздылығы.

 

Ас қорыту мүшелерінің ауруларында

мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері

 

Ас қорыту ағзаларының ауруларын тексергенде келесі шағымдарға көңіл бөлу керек: ауырсынудың түрі, оның ұзақтығы және тамақпен байланыстылығы, іштің кебуі және өтуі, үлкен дәреттің кідіріп қалуы, тамаққа тәбетінің өзгеруі. Мейірбике науқастың тұрмыс жағдайына, жағымсыз қылықтарына және тұқымына мән беру керек. Науқасты қарағанда төсекте жатқан жағдайына, тілінің шырышты қабатына, терісінің түсіне және бауыр белгілеріне көңіл бөлуі керек, мысалы, іштің көлеміне және оның пішініне, тамыр жұлдызшаларына, көк тамыр суретіне. Мейірбике науқасты әртүрлі тексерістерге дайындай білу керек, асқазанды жуу, клизмаларды жасау, нәжісті әртүрлі лабораториялық тексерістерге жинау, медициналық құжаттарды толтыра білу, керек жағдайда науқасты тексеріс орындарына сүйемелдеп апару керек. Осымен қоса мейірбике асқазаннан және ұлтабардан сөл ала білу, пациентті процедураның мақсатымен және нәтижесімен таныстыра білу керек. Асқазанды рентген сәулесімен аш қарынға тексереді, бұл кезде мейірбике науқасқа су, дәрі ішкізбей, шылым шекпеуін қадағалау керек. Өт қалтасын бояу затпен тексергенде науқасты келесі түрде дайындайды: 2 тәулік бойы жеңіл – желпі тағамдар қабылдап, тексеруден 1 күн бұрын жатар алдында тазарту клизмасын жасау керек. Бояу затты екі бөліп береді: біріншісін тексерістің алдында 12 сағат бұрын, ал екіншісін 4 сағат бұрын береді. Асқазанды сүңгі арқылы тексеру алдында науқасты бір күн бұрын жеңіл – желпі тамақтандырып, одан кейін су, тамақ ішкізбейді. Тоқ ішекті колоноскоп арқылы тексергенде дайындықты 3 күн бұрын бастайды. Науқасқа жеңіл емдәм тағайындайды, 1 күн бұрын 50 мл кастор майын ішкізеді, кешке жақын және таңертең тазарту клизмасын жасайды.

Ас қорыту ағзаларының ауруларында пациентке келесі мәселелер болуы мүмкін: дұрыс тамақтануды білмеу, емдәм тәртібін білмеу, өз бетімен тағамды және сұйықты іше алмау, нәжіспен зәрдің шығып кетуінен қорқу. Колостомасы бар науқастарға әсіресе көп көңіл бөлу керек. Бұл науқастар психологиялық қиындықтарды сезеді, осы себептен мейірбике науқасты нәжіс жинағышпен қалай қолдану керек екенін үйреу керек. Мейірбике науқасты емдәм қағидаларымен таныстыру керек. Тамақ жұмсақ, ұсақталған, науқастың тамақтануы бөлшекті және жиі болу керек. Мейірбике науқасқа өткізетін көмектің мақсаты жайында әңгімелесу керек. Өз бетімен тамақ іше алмайтын науқасты тамақтандыру үшін мейірбике науқастың тамақты қалыпты түрде қалай ішуін біліп, тамақтың ыстықтығын тексеріп отыруы керек. Тамақтан кейін ауыр жағдайдағы науқастардың аузын шайып, гигиенасын сақтауға көмек көрсету керек. Осымен қатар мейірбике педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізеді: қай науқасқа қандай тәртіптің ыңғайлы екенін түсіндіру, қандай тамаққа көңіл бөлу керек екенін, қандай асқынулар болуы мүмкін екендігін айту керек. Мейірбике асқазан ауруларындағы дұрыс тамақтанудың ережелерін білу керек, үйден келген тамаққа назар аудару керек.

Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейірбикелік үрдіс

 

1 кезең. Пациенттің мәселелерін табу.

Пациенттің нақты мәселелері:

q іш маңайының ауырсынуы;

q диспепсия белгілері: құсу, лоқсу, қыжылдау;

q тамақтанудағы ұстамдылық;

q физиологиялық бөліністердің бұзылуы: іштің өтуі, үлкен дәреттің кідіріп қалуы;

q іштің кебуі (метеоризм);

q іштің өтуі;

q асқазаннан немесе ішектен қан кету;

q өз бетімен дәретханаға бара алмауы;

 

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

§ емдәм қағидаларын білмеу;

§ салмағының азаюы;

§ психологиялық шағымдар: жағдайының өзгеруіне үйрене алмау (асқазан түтікшесінде, гастростомада);

§ өзінің ауруы жайлы білімнің жоқтығы;

§ медицина қызметкерлеріне сенбеушілік.

§ ұйқысының бұзылуы

§ арықтау

 

2 кезең. Мейірбике диагнозын қою

Пациенттің нақты және болуы мүмкін мәселелеріне сүйеніп қойылады

(пациенттің негізгі шағымдары)

3 кезең. Күтімді жоспарлау

Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

ü іштің ауырсынуы басылады;

ü қыжылдау басылады;

ü диспепсиялық өзгерістер басылады;

ü құсықты жұтпау үшін шаралар жүргізіледі;

 

Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

ü ауырсыну болмайды;

ü салмақ азаюы болмайды;

ü терісі ойылмайды;

ü тамаққа тәбеті қалпына келеді;

ü науқас өзіне керекті тамақ пен сұйықты қанағаттанарлықтай қолданады;

ü науқас өзінің жағдайына үйренеді (колоностомаға);

ü науқас өзіне шұғыл жағдайларда көмек бере алады;

 

4 кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру

Мейірбикенің араласулары:

· тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, пациентті лабораториялық және құрал – жабдық тексерістерге дайындау (асқазаннан, ұлтабардан сөл алу, нәжісті әртүрлі анализдерге жинау, құсықты лабораторияға тапсыру, рентген тексерістердің алдында тазарту клизмасын жасау т.б.);

· тәуелсіз – күтім және бақылау шараларын жүргізу, пациенттің жағдайын қадағалау: қан қысымын өлшеу, тамыр соғуын анықтау, демін санау, дене қызуын өлшеу және оның көрсеткіштерін графикалық сызу;

· бір – біріне тәуелділік қатынас – қолданған емнің әсерлілігін бағалау,

· науқастың жазылуына психологиялық күде бағыттау, пациентпен және

· оның туыстарымен педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.

 

5 кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау

Алға қойған мақсаттарды салыстырып, медбикелік қағазын толтыру.

Мейірбикелік кірісулердің үлгілері

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру Жоспарды жүзеге асыру. Мейірбикенің кірісулері
Тәуелсіз Тәуелді
Құрсақ маңайының ауырсынуы 1.Ыңғайлы жағдай көрсету 2.Дәрігерді шақыру. 3.Рефлекторлық түрде және дәрі-дәрмектердің көмегімен ауырсынуды басу 4.Пациенттің жағдайын бақылау 5.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.   1.Қырынан аяғын ішке бүгіп жатқызу. 2.Дәрігерге дейін науқастың жағдайын тек қана бақылап отыру. 3. Ешқандай дәрілер беруге болмайды (клиникалық көріністер өзгеріп кетуі мүмкін). 4.Ішке рефлекторлық түрде әсер ететін жылы немесе суық процедураларды қоюға болмайды. 5.Ешқандай тамақ, су ішуге болмайды. Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрмектер қолдану.     Дәрігердің нұсқауы бойынша зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысу  

 

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру Жоспарды жүзеге асыру. Мейірбике араласулары
Тәуелсіз Тәуелді
Құсу, лоқсу     1.Ыңғайлы жағдай көрсету 2.Пациентке көмек көрсету 3.Пациентті бақылау 4.Педогогикалық аспектіде жұмыс істеу. Науқасты отырғызып алдына алжапқыш леген қою керек. Пациент құлап кетпеу үшін маңдайынан ұстап демеп тұру керек. Құсқан сайын ауыз қуысын шаяды. Егер төсек тартып жатқан пациент құсса, басын бұрып, ауыз қуысын құсық қолдығынан тазалап отыру керек. Дәрігердің нұсқауы бойынша жұмыс істеу.

 

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру Жоспарды жүзеге асыру. Мейірбике араласулары
Тәуелсіз Тәуелді
Асқазаннан қан кету.     1.Дәрігерді шақыру   2.Пациенке ыңғайлы жағдай көрсету.   3.Физикалық және психикалық тыныштандыру.   4.Дәрігерге дейін шұғыл жәрдем көрсету.   5.Педагогикалық аспектіде жұмыс жасау.     1.Қатаң түрде төсек тәртібін сақтау.Бөлмеде тыныштық сақтау. Ыстық тамақ немесе сусын ішкізбеу   3.Егерде науқас өзі отыра алса кеудесіне салфетка төсеп қолына түкіргіш береді. Егер науқас төсек тартып жатса, басын бұрып, лоток қою.   4.Құсықпен тұншығып қалмас үшін, мезгіл –мезгіл ауыз қуысын құсық қалдықтарын тазалап отыру.   5. Рефлекторлық түрде қаңсырауды тоқтату мақсатымен эпигастрий маңайына мұзды мұйық қою.     6.Дәрігер келгенше пациенттің жағдайын қадағалап отыру: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау, дене қызуын өлшеу.   7.Тамшы құралды құрып, қаңсырауды тоқтататын дәрі-дәрмектерді әзірлеу.     1.Қаңсырауды тоқтату мақсатымен дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға, бұлшық етке дәрі-дәрмектерді енгізу.   2.Қанның ұю және ағу уақытын анықтау мақсатымен қан анализдерін алу.   3.Дәрігермен бірге диагностика-лық, аспаптық тексерістерге қатысу.
Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру Жоспарды жүзеге асыру. Мейірбике араласулары
Тәуелсіз Тәуелді
Қыжылдау     1.Дәрігерді шақыру. 2.Науқасты тыныштандыру. 4. Педагогика лық аспектіде жұмыс жасау (қыжылдауда өзіне өзі көмек көрсете білу) 5. Рефлекторлық түрде ем көрсету. 6.Науқастың жағдайын қадағалау.     1.Науқасқа қыжылдау-ды басу үшін сүт ішкізу. 2. Науқасқа ол көмектеспесе, қайнаған суға ас содасын қосып беру. 3.Науқасқа тамақ ішкізбеу. 4. Науқасқа майлы, қышқыл тағам ішпеуін ескерту. 5. Ешқандай дәрі-дәрмек қолданбау. 6.Науқасқа жағдайын түсіндіру.   1.Дәрігердің нұсқауын орындау.   2.Дәрігердің нұсқауымен науқасқа медикаментоз-ды ем қолдану.   3.Дәрігер тағайындаған ем-дәммен науқастың тағамдануын қадағалау.  
Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру Жоспарды жүзеге асыру. Мейірбике араласулары
Тәуелсіз Тәуелді
Іштің кебуі   1.Дәрігерді шақыру. 2.Науқасты тыныштандыру. 3.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. 4. Педагогикалық аспектіде жұмыс жасау. 5. Рефлекторлық ем көрсету. 6.Науқастың жағдайын қадағалау. 7. Дәрігер келгенше керекті құрал-жабдық, дәрілерді дайындау. 1. Науқасты бір қырымен жатқызып, аяғын ішіне бүгу. 2.Науқастың ішін сипалап, массаж жасау.   4.Науқастың тамыр соғысын, қан қысымын, демін анықтау.   5. Науқасқа жағдайды түсіндіру, емдәм тәртібін айтып беру (ішті кептіретін тағам-дарды қолданбауын)   6.Науқастың тағамдануын қадағалау. 1.Дәрігердің нұсқауын орындау.   2. Жел шығаратын түтікше қою.   3.Дәрігердің нұсқауымен науқасқа медикаментоз-ды ем қолдану.   3.Дәрігер тағайындаған ем-дәммен  

Ас қорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу

Әрине, біріншіден салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс тамақтанып, жағымсыз қылықтардан бас тарту керек. Осылардың ішіне ең бастысы – дұрыс тамақтану.

Әр адам келесі кепілдемелерді ұстаған жөн:

· дәмді және тиімді тағамдарды дайындайтын аспаздық біліктілігі дамыта білу;

· өзіне қажетті мөлшерде ғана тамақ жеу;

· тамақ рационын қадағалау;

· салмақты қадағалап, дене салмағының қалыпты индексі 19-24,9 көлемінде ұстау керек (салмақ санын бойдың биіктігі көрсеткішіне бөлгендегі белгіге тең);

· шәйді тамақтан кейін 2-3 сағат өткеннен кейін ішкен жөн;

· дене шынықтыру белсенділігімен күнделікті айналасу, күніне кемінде 30-45 минут;

· тиімді тамақтану тәртібін сақтау.

Тиімді тамақтану ережелері

 

· күнделікті әр түрлі тағам өнімдерін көп мөлшерде қабылдау;

· күніне бірнеше рет, 400 граммнан кем емес, әр түрлі жергілікті табиғи жағдайларда өсірілген көкөністерді және жемістерді жеу;

· тұзды қолдануды шектеу (тәулігіне 6 гр);

· майлы етті майсыз етке (құс етіне, балыққа, түйе бұршаққа) ауыстырыңыз;

· тамақты көп мөлшерде қабылдамау.

VІ - ТАРАУ

БҮЙРЕК ЖӘНЕ ЗӘР ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

Бүйрек және зәр шығару жолдарының

анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері

 

Бүйрек ағазаның іс әрекетінің дәрісінде пайда болатын улы керексіз қалдықтарды ағзадан шығаруға қатынасады. Бүйрек қанды сүзіп, зәрді бөліп шығарады. Несеп ағар түтігі арқылы зәр қуыққа түсіп, зәр шығаратын арна арқылы сыртқа ағып шығады. Бүйректер – сопақша келген қос ағза, бел аймағының артқы бетінде омыртқаның оң және сол жағында орналасқан. Оң жақ бүйректің үстінде бауыр орналасқан, сол жақ бүйректің ұйқы безі орналасқан. Бүйректің ұзыңдығы 10 –12 см, салмағы – 150 – 170г. Бүйрек жұқа дәнекер тінді қабықпен және көп қабат май тінімен қабатталған. Бүйрек сыртқы (қыртыс) және ішкі милы қабаттардан тұрады. Бүректің жоғарғы жағында ішкі сөлденіс безіне жататын бүйрек үсті безі орналасқан. Бүйректің іші біртекті құрылыста келген нефрондардан тұрады. Нефрон құрылысына келетін болсақ, оған капилляр шумағы бар қапшығы кіреді. Қыртыс қабатта бөлінген бүйрек артерияларынан құрылған бүйрек денешіктері мен шумақтары бар. Әрбір шумақ арнайы қапшық пен қоршалған. Әр қапшық өзінше сүзгіш: мұнда жиналған ағзаға керек емес заттар бүйрек денешіктері тостағаншалардан қапшықтардан шығатын арнаға келіп түседі. Бүйректің қыртыс және милы қабаттарында бірінші және екінші арналардан құралады. Арналар бүйрек астаушаларына зәрді әкеледі, онда несеп ағар арқылы шығатын зәр жиналады. Зәрдің түзіліу дәрісі екі кезеңмен жүреді: бүйрек денешіттерде, шумақтарда қанның сары суы сүзіледі (құрамында аздаған ақуызы бар алғашқы зәр) және арналарда алғашқы зәрдің құрамындағы кейбір бөлшектер қайтадан кері сорылады (су, натрий хлориді), осы дәрістің нәтижесінде ағзада яғни, бүйректе толығымен өнделген (екіншілк) зәр пайда болып, сыртқа ағып шығады. Зәр түзілуінің толық тоқтауын - анурия деп атайды. Зәрдің бөлінуінің азаюын – олигурия, зәрдің көп бөлінуі – полиурия деп атайды. Үнемі салыстырмалы тығыздығы төмен зәрдің бөлінуін гипоизостенурия деп атайды. Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары әртүрлі, бірақ негізінде жергілікті (пиелонефрит, туберкулез, бүйрек тас ауруы) және жалпы (нефрит, нефроз) аурулар болып бөлінеді.

 

 

Тексеру әдістері

 

Сұрау әдісінің маңызы зор. Бүйрек сырқаттарында науқас бастың ауруына, айналуына, зәр шығу дәрісінің бұзылуына шағым жасайды. Сонымен қатар көз көруі бұзылады, тамаққа тәбеті төмендейді, дене қызуы көтеріледі. Егер науқас ауырсынуға шағым жасаса,онда ауырсынудың қай жерге берілетінін анықтаймыз. Негізінде белдің ауырсынуы зәр шығару жолдарына, жыныс мүшелеріне әсер етеді. Бүйрек сырқаттарында байқалатын ауырсыну бүйрек тостағаншалардың және бүйрек капсуласының созылғанынан пайда болады.Бүйрек шаншуында ауырсыну қатты сезіледі, несеп ағар жолына, қуыққа әсер етеді. Ауру сыртартқысын науқастан сұрап отырғанда алдында болған сырқаттармен сәйкестіре отырған жөн (баспа, іріңді отит т.б.) Сырқаттың бастапқы кезеңін анықтау қиын, өйткені бүйрек аурулары бір мезгіл жасырын өтуі де мүмкін.

Бүйректі тікелей тексеру біршама қиындықтарды туғызады, өйткені

көлемі мен пішіні қалыпты, сау бүйректі қарау, сипалау және тықылдату жүргізу мүмкін емес, себебі, бүйрек іш пердесінің қуысында терең орналасқан, артынан қалың бұлшық ет қабатымен жабылған, алдында ішектер орналасқан. Бүйрек ұлғайғанда немесе орнынан ығысқан (бүйректің түсуі) жағдайда ғана ағзаны сипалау мүмкіндігі туады. Науқасты жатқызып және тұрғызып бүйрекке сипалау жүргізеді. Бүйректі сипалау екі қолмен атқарылады.

 

Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерістері

Бейнелеме

Науқастың шағымдары
1.Беттің домбығып, ісінуі көбінесе таңертең ұйқыдан кейін 2.Дизуриялық өзгерітер (зәрдің шығуының, мөлшерінің өзгеруі) 3.Бел маңайының ауырсынуы, жыныс мүшелеріне әсерін тигізуі 4.Дене қызуы көтеріліп, улану белгілерінің білнуі 5.Бастың ауыруы, көз қабілетінің нашарлауы

 

Ауыру сыртартқысы
1.Әсер ететін мәнбірлер, ауруға әкеліп соққан себептер 2.Аурудың басталуы, дамуы, ағым ерекшеліктері 3.Өткізілген тексерістердің көрсеткіш нәтижелері 4.Қолданған емнің түрі және ағзаға әсері

 

Өмір - баян сыртартқысы
1.Тұқым қуалаушылық 2.Жағымсыз қылықтары 3.Мамандығының негізгі ерекшеліктері 4.Тамақтану сипаттамасы, тұрмыс жағдайы

 

Науқасты тікелей тексеру

Қарау Сипалау Тықылдату
Терінің бозаруы Ісіктің білінуі Трофикалық бұзылыстар Бүйректерді Несеп ағар жолының бойымен Пастернак белгісін анықтау Ісіктік сұйықты анықтау

 

Зертханалық тексеру Құрал – жабдық арқылы тексеру
1.Жалпы қан анализі 2.Биохимиялық қан анализі 3.Зәрді тексеру (жалпы зәр анализі, зәрді бактерияларға тексеру, зәрді Нечипоренко және Зимницкий сынамасына тексеру)   1.Кешенді бүйректің рентгенографиясы 2.Ультра дыбыспен зерттеу 3.Урография, хромоцистоскопия 4.Сканерлеу әдісі 5.Көздің түбін тексеру  

Бүйректің төмен түскенін анықтау үшін науқасты тұрғызып тексерген дұрыс. Өзіндік ұрғылау немесе соққылау әдістері қолданылады (Пастернак белгісі). Зерттеуші адам сол алақаның оң немесе сол бүйрек маңайындағы белге қояды, ал басқа алақанымен немесе саусақтарының ұшымен соның үстінен ұрады. Егер ұрғылағанда ауырсыну байқалса, онда Пастернак белгісін оң нәтижелі деп есептейді. Бүйрек ауруларында артериялдық қан қысымы көтерілуі мүмкін, ол өткір және созылмалы нефритте байқалады. Созылмалы нефриті бар науқастарда гипертензия әсерінен басыңда торлы қабаттың тамырлары кішірейіп, одан кейін тамырлардың склерозы дамиды.

Бұнымен қоса зертханалық және құрал жабдық аппараттары арқылы тексеру өз маңыздылығын осы аурудың дерт анықтамасын нақтылауға үлесін қосады. Зәрде патологиялық қосылыстар болуы мүмкін. Гематурия (құрамында қан), пиурия (зәрде ірің болуы), протеинурия (зәрде ақуыздың) болуы өзгерістер байқалады. Айтылып кеткен өзгерістерді анықтау үшін зәрді зертханалық зерттейді. Зәрді зертханалық тексеріспен тексергенде келесі зәр анализдерінің түрлерін жүргізеді: жалпы зәр анализі, зәрді бактерияларға тексеру, Нечипоренко, Аддис – Каковский, Зимницкий сынамаларын жүргізу және т.б. Бүйрек ауруларын дерт анықтамасында функционалды сынамалар ерекше орын алады. Бүйректің ағзадағы пішіні, оның орналасқан орнын, құрамдық бөгде заттардың болуын рентген сәулесі мен ультра дыбыс зерттеу арқылы анықтайды, ал сүзбе жұмысын тексеру үшін бүйрекке бояу затын жіберіп, сол жіберген бояу заттың шыққан жылдамдық уақыты арқылы анықтайды (урография әдісі). Бүйректің қатерлі ісігін анықтау үшін биопсия тәсілін қолдана отырып, тінді зерттейтін орталыққа жіберіп, анықтайды. Сонымен қатар зәр жолдарын эндоскоп аппараттарымен жиі тексереді: уретроскоппен зәр шығару каналын, ал цистоскоппен қуықты тексереді.


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 1987 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.018 сек.)