АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Панкреатиттер

Жедел панкреатит дегеніміз – ұйқы безінің жедел қабынуы. Олардың бір екі пайызы ауруханаға өткір ішпен түскенде анықталады.

Этиологиясі және патогенезі. Жедел панкреатиттің негізгі себебі ұйқы безі өзектерінің обструкциясынан ұйқы безі сөлінің қысымы көтеріліп, бездің өзектері жарылып, осының әсерінен мүше тіні зақымдалады. Өзек жолдарының жарылу себебі 70 пайыз жағдайда өттің тас ауруы болып табылады. Сонымен бірге ішімдікпен улану, тамақты мөлшерден тыс ішу (әсіресе майлы және өткір тағамдар), өт тасы ауруының ұстамасы, он екі елі ішек және Одди сфинктерінің дискинезиясы т.б. мәнбірлер әсер етеді. Генетикалық мәнбірлерін де есепке алмауға болмайды, жедел және созылмалы панкреатит ауруы ұрпақтан ұрпаққа білініп келеді. Жедел панкреатит кейбір жағдайда аллергиялық серпілістен пайда болады.

Клиникалық бейнесі. Жедел панкреатиттің клиникасы әртүрлі: эпигастрий маңайындағы жеңіл ауырсыну ұстамасынан ауыр жағдайларда өлімімен аяқталуы мүмкін. Жедел панкреатиттің белгілері:

· эпигастрий аймағында және сол жақ қабырға астында аяқ астынан ауырсыну ұстамасы пайда болады. Көбінесе бұл майлы тамақтан және ішімдіктен кейін болады;

· құсық;

· қан - тамырлар коллапсы;

· дене қызуының көтерілуі;

· гиперамилазурия.

Жедел панкреатит кенеттен дамиды. Эпигастрий аймағында немесе сол жақ қабырға астында арқаға берілетін ауырсыну ұстамасымен өтеді. Науқастың іші кебеді, азаптандыратын құсық болады. Жалпы тексергенде терінің бозарғаны көрінеді (тамырлар коллапсының нәтижесінен), жалпы улануда дем және жүректің жеткіліксіздігі, сонымен қатар денеде геморрагиялық бөртпелер білінеді. Осымен бірге уыттанудан дамыған шоктың белгілері көрінеді. Тамыр соғысы әлсізденіп жіп тәрізді болады. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Біраз уақыттан кейін ауырсынуға дене қызуының көтерілуі қосылады. Жиі іштің кебуі, дәретінің көп уақыт болмауы, іштің жиі өтуі білінеді. Геморрагиялық панкреатитте іштің бүйірін тықылдатқанда экссудат анықталады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады. Дерт анықтамасының мағынасы қандағы және зәрдегі амилазаның артуы. Әсіресе зәрдегі амилазаның мөлшерінің көбеюі жедел панкреатиттің анық белгісі болып табылады. Кейде жедел панкреатитте гипергликемия және глюкозурия анықталады. Тез арада ультродыбыспен зерттегенде (эхография) асқазан асты безінің ісінгенін анықтайды.

Асқынулары. Жедел панкреатит нәтижесінде ұйқы безінің жайылған абсцессі, көкбауырдың флегмонасы және тамырының қабынуы дамуы мүмкін. Жедел панкреатитте тамырлардың коллапсы, бүйрек бездерінің өлі еттенуі өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда жедел панкреатит созылмалы түрге ауысуы мүмкін.

Емі. Жедел панкреатитте науқасты хирургия бөліміне жатқызу керек. Емі көбінесе консервативті түрде өтеді. Алғашқы 1 - 4 күнде ашқарында ем жүргізіледі, асқазан сөлін асқазан сүңгісі арқылы сорып алып отырады. Алғашқы күндері іштің жоғарғы бөлігіне суық басу керек. Жиырылуды басу үшін ганглиоблокаторларды және спазмолитик дәрілерін қолданады. Ауырсыну шогына қарсы 1% - 1 мл промедол ерітіндісін күніне бірнеше рет тері астына енгізеді (морфий ерітіндісін қолданбайды, өйткені ол Одди сфинктерінің жиырылуын күшейтеді). Омыртқа арасын және бүйрек маңайын бөгейді. Сусыздануды болдырмау үшін және ағзаның уыттануына қарсы көк тамырға және тері астына тамшылатып изотоникалық натрий хлор ерітіндісін, 5% глюкоза ерітіндісін, қан сары суын және қан алмастырушыларды құяды (тәулігіне 3 литрге дейін). Барлық жағдайларда қанның электролиттік құрамын және оның коррекциясын өткізіп отыру керек. Сонымен бірге емдік шараларын жүргізеді. Жедел панкреатиттің емінде трипсин ингибиторын (контрикал) жеткілікті мөлшерде көк тамырға тамшылатып енгізу маңызды роль атқарады. Жұқпаның қосылуын және ұйқы безінің іріңдеуінің алдын алу үшін антибиотиктерді қолданады. 1 - 3 күннен кейін науқастың жағдайы жақсарған соң жұмыртқа ақуызын, көкөніс шырындарын, сүт (ауыз немесе өт сүңгісі арқылы) қолдануға рұқсат етіледі. Кейін емдәмді біртіндеп кеңейтеді.

Алдын алуы. Жедел панкреатиттің алдын алу үшін тамақ ішу және емдәм тәртібін сақтау керек, ішімдікке қатаң тыйым салынады. Асқазанның және 12-елі ішектің, өт жолдарының қызметін жөндеу мақсатымен жануарлық майын және ащы қосындыларды қолдануға болмайды. Ағзаға жағымсыз әсер ететін заттармен қарым – қатынас жасамау.

 

 


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 1084 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)