АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Порталдык цирроз
Бұл ең жиі кездесетін сырқаттың түрі. Әртүрлі бауырға жағымсыз әсерлерден (ішімдік, ақуыз, дәрумендер жеткіліксіздігі) дамиды. Портальдіқ цирроздың қалыптасуы бауырдың бөліктерін қоршап тұратын дәнекер тінінің түзілуіне байланысты, осы дәріс бауырдың барлық бөліктерін қамтиды. Сондықтан порталдық циррозға тән біркелкі түйіндер пайда болады. Маңызды белгілердің бірі - көк тамырлардың кеңеюі. Тез арада асцит білінеді - ішке сары судың жиналуы. Кіндік манайының тамырлары кеңейіп, жан - жаққа жайылып өзіне тән көрініс береді,мұны “медузаның басы” деп атайды. Осы аталған үш белгі порталдық гипертензияға тән үштік белгіні құрайды. Науқаста сонымен қатар әлсіздік, тәбетінің төмендеуі немесе мүлде болмауы, бауыр аймағында ауырсынудың болуы, диспепсия белгілерінің білінуі анықталынады. Жалпы қарағанда тері қабатының сарғаюы, қара түсті дақтар, тамырлы жұлдызшалардың пайда болуы, эритематозды алақандардың болуы. Көк бауыр, бауырдың көлемі ұлғайғандығын, тығызданғаның, ауырсынудың белгілерінің білінуін науқастан сұрастыру арқылы және сипалау арқылы білуге болады. Сонымен қоса бұл ауруда гормоналды өзгерістер білінеді.
Асқынулары. Варикозды тамырлардан, жатырдан, өңештен, асқазаннан қан кетуі мүмкін. Жұқпа аурулары, бауыр - бүйрек жеткіліксіздігі дамиды. Сырқаттың соңғы кезеңінде эндогенді дистрофия белгілері байқалады - науқас жүдеу келеді, жағы суалған, терісі бозарған, ернімен тілі жылтыр - қызыл түсті болып келеді, аяқ қолдары пішіні жіңішкеріп, ұштары үлкейген. Бүйрек шамасыздығы дамиды. Жалпы қан анализінде билирубин мөлшері көбейеді, жалпы ақуыздың мөлшері төмендеп, құрамы өзгереді. Тимол сынамасы жағымды нәтиже береді. Қан аздық белгілері, лейкопения, тромбоцитопения білінеді.
Билиардық цирроз
Бұл аурудың пайда болу себебі - бауыр өзектерінінің созылмалы қабынуы. Бара-бара өт жолдары дәнекер тінімен бітеліп, қасындағы бауыр торшалары өт құрамындағы заттармен уланып қызметін атқара алмай қалады.
К линикалық бейнесі. Көбнесе әйелдер аурады. Бастапқы кезеңінде дененің сарғаюы және терінің қышуы осы сырқаттың негізгі белгісі болып табылады. Қарағанда терісі құрғақ, тығыз, үстінде дақтары бар, теріде тырнақтың іздері қалған, қабақта, шынтақта, тізеде, алақанда дақтар, тамырлы жұлдызшалар байқалады. Аурудың айқын кезеңінде мұрыннан, қызыл иектен жиі қан кетеді. Бауыр көлемі ұлғайған, тығыз. Сүйек жүйесінде өзгерістер болады. Арқада, қабырғаларда ауырсыну, остеопороз, сүйек эпифизінің үлкеюі, омыртқаның патологиялық сынуы байқалады. Асқынуларының бірі болып он екі елі ішектің пептикалық ойық жарасы, өт қабының ұстамалы түрде шаншуы, қызбаның қалтырау түрінде өтуімен сипатталады. Іш мүшелерінің қызметі бұзылады: өкпе, асқазан, бүйрек, шеттік лимфа бездері үлкейеді. Сырқаттың ақырғы кезеңінде айтылып кеткен белгілердің барлығы өршіп, ісіну, асцит қаңсырау байқалады. Кахексия дамиды, бүйрек зақымданады, бауыр жеткіліксіздігі комамен аяқталады. Қанда холестерин, фосфатаза, трансаминаза, билирубин мөлшерлері жоғарылайды, анемия белгілері білінеді. Зәрде протеинурия байқалады.
Сырқаттың дерт анықтамасы. Негізінде клиника - биохимиялық мәліметтер арқылы анықталады. Зертханалық тексеріс альбуминнің, протромбиннің мөлшерінің азайғанын, ал гаммаглобулиннің артқанын көрсетеді. Қан торшаларының деңгейінде де ауытқушылықтар байқалады, мысалы, лейкоцит, тромбоцит мөлшерлері кемиді. Нақты цирроздың түрін анықтау үшін бауырдың құрылысын, көлемін, цирроз жайылған аймағын лапароскопия арқылы анықтайды, бауырға биопсия, сканерлеу, эхография, томография әдістерін қолданады. Болжамы жағымсыз. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы 3-6 жыл.
Сурет
Бауыр циррозындағы
бауыр мен көк бауырдың
сканограммасы.
Емі. Бауыр циррозын емдеуде ең алдымен тамақтануға көңіл бөлу керек. №5 емдәм тағайындалынады: майлы, қуырылған, жіті тамақтардың мөлшерін шектеу, құрамында дәрумендері, ақуызы, көмірсуы мол тағамдармен жиі және аз мөлшерде қолдану керек. Бауыр циррозының барлық түрлерінде симптомдық ем жүргізіледі. Аяқ ісінген жағдайда, асцитте тамақтағы тұзды азайтады, зәр айдайтын дәрілер ішкізеді. Демалыс және еңбек тәртібін дұрыс ұйымдастыру жөн. Қозу кезінде қатаң төсек тәртібін сақтау керек. Қабынуды басу мақсатымен гормонды дәрі - дәрмектерді қолдану. Кортикостероидтар: преднизалон, триамценалон, Е, В1,В 6, В12, тобының дәрумендерін қолдану, кокарбаксилазаны алмасу дәрісін жақсарту мақсатымен тағайындау. Бауыр препараттары: сирепар, легалон, эссенциале, Лиф-52. Уыттануға қарсы - көп мөлшерде көк тамыр арқылы дәрілік ертінділерді енгізу (5% глюкоза, 0,9% физиологиялық ерітінді). Ас қорыту процесстерін жақсарту мақсатымен фермент препараттарын қолданады. Асцитте абдоминалды парацентез жүргізеді. Қаңсырауда гемостатикалық ем қолданылады: 5% аминокапрон қышқылын, дицинон ер-ін, кальций хлорид ер-ін көк тамырға енгізеді. Сонымен бірге симптомдық ем жүргізеді: қышынуда, ауырсынуда, остеопорозда т.б.
Алдын алуы. Біріншілік алдын алудың маңызы гепатиттерді алдын алу, салауатты өмір салтын сақтау, рационды тамақтану. Екіншілік алдын алуда бауыр циррозымен ауыратын науқастарды диспансерлік тіркеуге алып, жағдайына байланысты диспансерлік нұсқауға сүйене отырып, жалпы тәжірибелік дәрігері, гастроэнтеролог қарап отырады. Зертханалық тексерістерге жалпы қан анализі, АЛТ, АСТ ферменттерін, билирубинді, холестеринді, ақуыз құрамын тексереді. Сонымен қатар науқасқа алдын алу ретінде күнделікті дұрыс тамақтануы, жағымсыз қылықтардан аулақ болуы, бауырға жағымсыз әсер ететін заттармен қарым-қатынас жасамауы, дұрыс тынығуы осы аурудың алдын алуындағы маңызды роль атқарады.
Бақылау сұрақтары
1. Бауыр циррозы сырқатына түсініктемелі сипаттамасын беріңіз.
2. Бұл сырқатта бауырдың атқаратын қызметтері қалай зақымдалынып
бұзылады?
3. Бауыр циррозының әр клиникалық түріне қысқаша сипаттама беріңіз.
4. Зертханалық тексерістерде қандай өзгерістер байқалады?
5. Сырқаттың емдік қағидасының негізі.
6. Сырқаттың алдын алу шараларын айтып беріңіз.
Өт жолдарының дискинезиясы
Дискинезия дегеніміз - бұл өт қабы мен өт жолдарының тонусының жұмыс қызметінің бұзылысы. Өт бөлу жұйесінің 70% ауруын өт жолдарының дискинезиясын құрайды, бірақта өт жолдарының жүйелерін зерттеудің нақты функциональдық әдістері жеткіліксіз болғандықтан қазіргі кезде олардың нақты жиелігін анықтау қиын. Дискинезияның екі түрі бар: гипертоника – гиперкинетикалық - өт қабының гипертониялық жағдайына ОДДИ сфинктерінің гипертонусы қосылады. Екінші түрі – гипотоника – гипокинетикалық түрі, өт қабы мен ОДДИ сфинктерінің гипотоникалық жағдайы сәйкес келеді. Өт жолдарының дискинезиясы ер адамдарға қарағанда әйелдерде жиі кездеседі, ал гипертоника-гиперкинетикалық дискинезия жастарда көбіне кездессе, гипотоника-гипокинетикалық астениктер мен жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі.
Этиологиясы және патогенезі. Өт жолдарының дискинезиясының пайда болуы біріншіден нейрогуморальді қалыптастырудың бұзылумен байланысты. Олар невроздың жергілікті белгілерінің бірі болып табылады. Ішкі сөолденіс бездерінің бұзылысында, гипо және гипертериозды, климакста, жұмыртқа бездерінің бездерінің қызметі жеткіліксіздігінде, бүйрек үсті безі және де басқа да ішкі сөлденіс бездерінің бұзылысында байқадладаы. Өт жолдарының дискинезиясы, әсіресе гипертоно гиперкинетикалық түрі асқазан ойық жара ауруы, соқыр ішектің қабынуында, ішек ауруларында тағыда басқа ішкі мүшелердің ауруында пайда болуы мүмкін. Адамның осы ауруға бейімділігі, өмір сүру ерекшеліктері де маңызды орын алады. Тамақтану аралығының өте ұзақ болуы, дұрыс тамақтанбау, әртүрлі дикинезияларға әкеліп соқтырады.
Клиникалық көрінісі. Өт жолдарының гипертоника – гиперкинетикалық дискинезиясы оң жақ қабырға астының ұстама түріндегі сыздап ауырсынуы немесе толғақ тәрізді ауруы болады, өт тасы ауруындағы ұстама шаншуына ұқсайды, бірақ аса күшті емес және спазмолитик дәрі-дәрмектердің көмегімен тез басылады. Ауырғанда адам қобалжып жүйке психикалық қозуы байқалады. Әйел адамдарда аурудың өршуі етеккір циклімен байланысты болуы мүмкін. Ауырсыну оң жақ жауырынға, оң жақ иыққа, кейде жүрек маңайына әсер етуі мүмкін. Тез терлегіштік сезімі, бозғылттану, лоқсу, кейде жүрегінің жиі соғуының білінуі мүмкі. Ауырсыну ұстамасының ұзақтылығы бірнеше минуттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Оң жақ қабырға астының қысып, сыздап ауруы апталап созылып, кейде күшейтіп, кейде басылғандай болады. Ауырсыну ұстамасы кезінде іш қатаймайды, өт қалтасы, өт қалта тұсы сипағанда аздаған ауырсынуды білдіреді. Сары ауру ұстамасы, дене қызуы көқтерілу серпілісі, лейкоцитоз және ЭТЖ көтерілуінен кейін әдетте байқалмайды. Өт жолдарының гипотоника – гипокинетикалық түрінде оң жақ қабырға асты ауырсынады. Бірақта бұл ауырсыну аса қатты емес, қысып тұған, кернеп тұрған, ұзақққа созылған ауырсыну. Сипалап қарағанда өт қабы маңында кей кезде аздаған ауырсыну пайда болады, кейбір іш қабырғасы босаңсыған науқастарда өт қабының созылып кеткенін сипалап білуге болады.
Дерт анықтамасы. Өт бөлу жүйелерінің мүшелік зақымдалу белгілері объективті түрде байқалмаса, науқастың осы сырқатқа тән шағымдары негізінде дискинезия диагнозын қоюға көмек береді. Өт жолдарынан біршнеше рет сөл алу ерекше маңызды роль атқарады: дикинезияның гипертонико-гиперкинетикалық түрінде екінші кезең (Одди сфинктері жабық тұрғанда) қалыптағыдай немесе уақыты созылуы мүмкін, төртінші кезең (өт қабының жиырылуы) қысқа, кейде кешігіп бітеді, өт қабы босаған кезде көбінесе науқастар оң жақ қабырға астының ауырсынуын сезеді. Дискинезияның гипотоника – гипокинетикалық түрінде екінші кезең болмауы да мүмкін, төртінше кезең созылады, өт қабының рекфлексін тек қана көп мөлшердегі тітіркендіргіш еңгізгеннен кейіе ғана байқауға болады. Өт жолдарының дискинезиясында анық түрдегі және көбінесе ауырсыну белгілерінің клиникалық көрінісінің әртүрлігіне қарамастан диспепсиялық құбылыстар, вегетативті бұзылыстар, объективті байқаулар аздап қана білінеді. Тек қана көбірек жасалған сүңгілеу, холецистография, сонымен қатар эхография көмегімен өт бөлу жүйелерінің ауруларын нақтылап қоюға болады.
Емі. Дұрыс тамақтану мен еңбекпен дем алысты дұрыс кезектестіру, орталық жүйке жүйесінің қызметін қалыптастыру ерекше орында тұрады. Жүйке жүйесін қалыптастыру үшін тыныштандыру, ұйықтататын дәрілерді тағайындауды қажет етеді. Гипертоника – гиперкинетикалық дискинезия түрінде 5 емдәмді қолдану керек. Гипертонусты басу үшін спазмолитиктерді қолданады: но-шпа, галидор, одестон т.б. Өт айдайтын дәрі-дәрмектерді қолдану нәтижелі болады. Зондсыз тюбаж үнемі жасаған тиімді. Гипотоника – гипокинетикалық дискинезия түрінде Певзнер бойынша 3 немесе 5 емдәм, қоздыру әсері бар дәрілер, өт айдайтын дәрілер, емдік денешынықтыру және физио емдік тонусты жоғарылататын іс шаралар қолдануға кеңес етіледі. Қайталанып жасалған сүңгілеу, тюбаждар, минерализациясы жоғары минерал сулар қолданған жақсы нәтиже береді. Оларды суық немесе жылытылған күйде тамақтан 30, 60 минут бұрын 200 мл-ден күніне 2-3 рет ішу тағайындалады. Өт жолдарының дискинезиясы бар науқастарды отау әдісімен емдеу қажет емес.
Алдын алуы. Науқастар дипансерлік нұсқау бойынша жалпы тәжірибелік дәрігермен және гастороэнтеролог пен қаралып отырады. Зертханалық тексерістерте жалпы қан анализін, билирубинді, холестеринді, ақуыз құрамын тексереді. Өт жолдарының дискинезиясын алдын алу үшін дұрыс тамақтану тәртібін қадағалдап, еңбек ету мен дем алуды қалыптастырып, жүйелі түрде дене шынықтырумен айналасып, күйзеліс жағдайларды болдырмау, дер кезінде жүйке жүйесінің бұзылыстарын емдеу керек.
Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 1826 | Нарушение авторских прав
|