АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Созылмалы гломерулонефрит
Ұзақ ағымды екі бүйректің шумақтарының, түтікшелерінің иммундық қабынуымен сипатталынып және біртіндеп нефросклероздың дамып, бүйрек шамасыздығына әкеліп соқтыратын бүйректің диффузды созылмалы сырқаты. Сырқаттың түпті негізі - шумақты денешіктердің зақымдалып, өлі еттенуі; бүйрек қызметінен айырылып созылмалы бүйрек шамасыздығымен аяқталуы. Егер жедел гломерулонефриттегі зәрдің өзгерістері бір жылдың ішінде қалпына келмесе бұл аурудың созылмалы түріне ауысуы болып табылады.
Этиологиясы. Бірінші қатарда вирусты және жұқпа мәнбірлері орын алады, олардың ішінде В-гемолитикалық стрептококк ерекше болып табылады. Әсер ететін мәнбірлерге ішімдік мөлшерін шамадан тыс көп қолдану, зәр қышқылының алмасу дәрісінің өзгеруі, ретсіз дәрі – дәрмектерді қолдану жатады, әсіресе вакциналармен, сары сумен.
Патогенезі. Ағзаға қоздырғыштың немесе улы бөгде заттардың түскеніне, ағзаның оларға қарсы жауабы ретінде антидененің пайда болуы. Антидене антигенмен байланыс құрып, иммунды кешен құрап бүйрек тінің зақымдап, қабындырады. Осы өтіп жатқан өзгерістер аутоиммунді серпіліс түрінде өтеді. Өршу кезеңінде бүйректің тіні өзгергеннен шумақты денешіктері қатаю дәрісіне шалдығып, осының салдарынан бүйректің сүзу және қайталап сіңіру (реабсорбция) қызметінің бұзылуына әкеліп соғады. Осы кезеңде полиурия, никтурия, қанның құрамында азот қалдықтары көбейеді (мочевина, креатинин). Сырқаттың соңғы кезеңінде, қолайсыз ем қолданған жағдайда созылмалы бүйрек шамасыздығы дамиды.
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың бірнеше клиникалық түрлері бар: латентті (шоғырланған), нефротикалық (ісіну), гипертониялық (артериялдық қан қысымының көтерілуімен сипаталатын түрі), гематуриялық және аралас түрі. Сырқаттың шоғырланған түрінде көзге шалынатын өзгерістер зәрдің анализінде ғана байқалады: протеинурия, гематурия, цилиндрурия. Науқас шағымданбайды. Гломерулонефриттің нефротикалық түрі 20% кездеседі. Сырқаттың бұл түрінде уыттану белгілерімен қатар олигурия, ұлғайған ісіктер, іштің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: беті домбығып, аяқтарында, бел маңайында ісіну байқалады.Терісі бозарып, құрғайды. Науқас әлсіздікке, тамаққа тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қанда гиперхолестеринемия, қарқынды протеинурия байқалады. Зәрдің мөлшері азаяды. Науқастың өмір сүру ұзақты 8 – 10 жылдарға барады. Гипертониялық түрі де жиі кездеседі. Сырқаттың жалпы белгілерімен қатар артериялдық қан қысымының көрсеткіші 200, 220, 240 сынап бағанасының көрсеткіші бойынша. Науқастардың шағымдары қан қысымының көтерілуімен байланысты. Көбінесе науқастардың шетінеуіне миға қанның құйылуы (инсульт), миокард инфарктісі, жүрек демікпесі, өкпе ісінуі әкеліп соғады. Сырқаттың бұл түрінде ісіктер айқын білінбейді. Дене қызуы сәл ғана көтеріледі, науқастың басы ауырсынып, көз көру қабілеті күрт төмендейді. Сырқаттың гематуриялық түрі 6-10% кездеседі. Бұл түрінде протеинурия аз, қан қысымы қалыпта, ісік білінбейді, гематурия үнемі сақталады. Созылмалы гломерулонефриттің аралас түрі аурудың ең ауыр түрі болып табылады. Өту ағымында нефротикалық белгілері байқалады, қан қысымы көтеріледі, олигурия, анасарка, жоғарғы дәрежеде протеинурия байқалады. Науқастың жалпы өмір сүру уақыты үш - бес жылдан артпайды. Науқас көбінесе уремиялық комадан қайтыс болады. Бұл кезеңде уыттану белгілері айқын білініп, науқас есінен танады, демі өзгереді, ауызынан зәрдің иісі шығады.
Асқынулары. Созылмалы бүйрек, жүрек шамасыздықтары, ілеспелі жұқпалы аурулар, қатерлі қан қысымының көтерілуі.
Дерт анықтамасы. Науқастың шағымдарына, обьективтік өзгерістеріне және зертханалық тексерістердің нәтижесіне, рентген сәулесімен, ультра дыбыспен, урография әдісімен зерттеген кездегі қорытынды нәтижелерге сүйене отырып дерт анықтамасын қояды. Жалпы қан анализінде анемия, лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады. Биохимия қан анализінде креатинин, мочевина мөлшері көбейеді, ал ақуыз азаяды. Зәрді Зимницкий сынамасымен зерттеген кезде бүйректің сүзбе жұмысынан айырылуын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Емі. №7 емдәм тәртібі маңызды роль атқарады, ол аурудың түріне және кезеңіне байланысты тағайындалып, өзгертіліп отырады. Ісік түрінде тұздың мөлшері 1,5 – 2,5 г нан аспауы тиіс. Қан қысымы көтерілуімен сипатталатын түрінде тұздың мөлшері 5 грамм мөлшеріне дейін болуы керек. Сонымен қоса емдәмнің құрамы жеміс жидектермен және көкөніс сусындарымен жеткілікті түрде жабдықталған болуы керек. Сырқаттың ең басты емдеу қағидасы гормондармен емдеп, қабыну дәрісін басу болып табылады. Гормондарды тағайындау және емдеу арнайы түрдегі ескерулерді ұстана отырып қолданылады. Бастапқы кезеңде глюкокортикоидтармен емдеп, бүйрек шамасыздығы дамығанда цитостатиктемен қолданады (меркаптопурин, циклофосфан т.б.). Сонымен қатар иммунды дәріске қарсы иммундық депрессанттарын қолданады (делагил, хлорохин, плаквенил). Бүйректің микроциркуляциясын жақсарту үшін антиагреганттар ішкізеді. Уыттану синдромды жою мақсатымен плазмаферез жүргізеді. Нефротикалық түрінде ісікті жою үшін зәр шығаратын дәрілерін пайдаланады (фуросемид, верошпирон, альдактон).Гипокалиемияны алдын алу үшін емге калий препараттары қосылады. Артериялдық қан қысымы көтерілуімен сипатталатын гломерулонефриттің түрінде гипотензиялық дәрілердің әр түрлі жиынтықтарын қолданады. Соңғы жылдары қосарланған емді қолданып жүр.
Алдын алуы. Созылмалы гломерулонефриттің біріншілік алдын алуы өткір түрін уақытында емдеу. Ағзаны шынықтыру, суыққа сезімталдығын төмендету. Вакциналар және сары су қатаң түрде қолданылады. Сырқаттың екіншілік алдын алуы аурудың қозуын болдырмау болып табылады. Науқастар диспансерлік тізімге алынып, жалпы тәжірибелік дәрігермен немесе терапевтпен жағдайына байланысты қаралып отырады. Қаралған сайын клиникалық қан анализдерін (креатинин, мочевина, жалпы ақуызды, холестерин мөлшерін) анықтайды, зәрді Зимницкий сынамасы бойынша тексереді. Дұрыс тамақтану, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдету маңызды роль атқарады. Сонымен қатар ағзаны жұқпадан тазалау. Суық тигізбеуге, салқын жерде жұмыс істеуге тыйым салу керек. Жағымсыз қылықтарды доғаруға және олардың тыйылуына ат салысу керек. Бұл науқастар жылы, құрғақ климатты курорттарда емделеді.
Бақылау сұрақтары
1. Гломерулонефрит ауруына жалпы түсініктеме беріңіз.
2. Негізгі себебіне не жатады?
3. Сырқаттың белгілеріне байланысты қандай клиникалық түрлері болады?
4. Сырқаттың әр клиникалық түріне қысқаша сипаттама беріңіз.
5. Дерт анықтамасын жүргізу үшін қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері қолданылады?
6. Гломерулонефритте зәр құрамындағы өзгерістерді айтып шығыңыз.
7. Сырқаттың негізгі ем қағидасы.
8. Сырқаттың алдын алу шараларын қалай түсінесіз?
Пиелонефрит
Пиелонефрит дегеніміз бүйректің ішкі милы қабатының, яғни тостағаншаларының және табақшаларының бейспецификалық қабынып, зақындалуымен сипатталатын ауру. Негізінде жиі 40 жасқа дейін, әсіресе жүктілік кезіңде кездеседі. Үлкен жастағы ер адамдар әйелдерге қарағанда жиі ауырады, аденома себебінен зәрдің жүрмей, тұрып қалуынан дамиды. Сырқат екі түрмен өтеді: жедел және созылмалы.
Этиологиясы және патогенезі. Бұл сырқатты көбінесе әртүрлі қоздырғыштар қоздырады: ішек таяқшалары, энтерококк, протей, стафилококк, кейде бірнеше қоздырғыштардың тобымен қоздырылады. Әсер ететін мәнбірлерге ағзаның қорғаныс қызметінің төмендеуі, суық тию, витаминдердің керекті мөлшерде жеткіліксіздігі, қан айналымының бұзылуы, барлық ағзаның жұқпамен уыттануы, туа біткен бүйрек және зәр шығару жолдарының ауытқулары жатады. Кейбір жағдайларда ісік сырттан несеп ағарды басып, зәрдің тұрып қалуына, яғни пиелонефриттің дамуына әкеліп соғады. Сонымен қатар пиелонефриттің дамуына қант сусамыры, подагра және басқа ауруларда әсерін тигізеді. Бүйректің тостағаншаларымен, табақшаларына жұқпаның ену жолдары: көп жағдайда жұқпа қан, лимфа арқылы енеді және несеп ағардың қабаты, қуықтан несеп ағар үсті бөлігі арқылы енеді. Тостағаншаларының және табақшаларының зақымданып қабынуы алғашқы зәрдің реабсорбция дәрісін бұзып уродинамиканы өзгертеді.
Жіктемесі. Дамуына байланысты пиелонефрит бір жақты немесе екі жақты, біріншілік немесе екіншілік болуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 1209 | Нарушение авторских прав
|