АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Сурет. «Диабеттік табан»

34. Жараның жазылу кезеңі

 

Нейропатиялық түрінде науқастың аяғы жылы, терісі боз, бірақ сезімталдығы өте төмен. Соның әсерінен науқастар ыстықты сезбей, жиі күйіктерге ұшырайды. Зертханалық және құрал - жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері.Қант сусамырын айқындау үшін қандағы және зәрмен бөлінетін глюкозаның тәуліктік мөлшерін анықтау қажет. Аш қарында сау адамның қанында 3,3 – 5,5 ммоль/л (60 – 100мг %) глюкоза болады. Қалыпты түрде ол зәрмен бөлінбейді. Қант сусамырына шалдыққан адамдардың қанында глюкоза тым көбейіп 7,7 ммол/л артады (гипергликемия), зәрмен бірге шығады (глюкозурия). Осы себептен зәрдің салмағы жоғарлайды. Қант сусамырының асқынған кезінде кетонемия мен кетонурия байқалады, тіндерде қышқыл заттар көбейіп, ацидоз дамиды. Қант сусамырының латентті жасырынды түрін анықтау үшін глюкозаға толеранттылық сынағы қолданылады. Аш қарында глюкозаның мөлшерін анықтап алып, науқасқа 75 гр глюкоза ішкізу керек. арнаулы уақыттан кейін қандағы глюкозаның мөлшері анықталады. Сау адамның қанындағы глюкозаның мөлшері 1 сағаттан кейін 9,9 ммольден, ал 2 сағаттан кейін 7,3 ммоль/л – ден артпауға тиісті. Егер глюкозаның мөлшері бұдан жоғары болса, зерттелген адам қант сусамырының жасырынды түрімен сырқат болғаны. Тағайындалған инсулиннің мөлшерін анықтау үшін науқастың бір тәулік бойы қандағы (гликемиялық сынақ) және зәрдегі (глюкозуриялық сынақ) көрсеткіштерін табады. Сканерлеу және ультрадыбыс әдістерін жүргізе отырып, ұйқы безінің көлемін, Лангерганс аралшасындағы торшалардың жағдайын, қабыну дәрісінің айқындығын байқауға болады. Қан тамырларының зақымданып, қан айналысының бұзылғанын электрофизиологиялық тәсілдермен (электрокардиограмма, реовазограмма) анықтауға болады.

Емі. Қант сусамырының бірнеше емдік қағидалары бар. Негізгі қағидасының бірі емдәм тәртібін сақтау. Егер науқас адам өзін - өзі тежеп, қажетті емдәмді ұстамаса, басқа қолданған дәрілердің әсері дұрыс болмайды. Емдәмнің басты шарты – ішетін тағамның құрамында сіңімді көмірсулардың аз немесе мүлде болмауы. Оның есесіне тамақтың құрамында көкөністер, витаминге мол жидектер болғаны жөн. Науқас адам аз – аздан, күніне 4 – 5 рет тамақтанғаны жөн. Науқастың тәуліктік қорегінің құрамындағы ақуыз, май және көмірсуларының ара қатынасы физиологиялық талапқа сай болуы тиісті. Қант сусамырында тағамдардың құрамында өте сіңімді көмірсулар (бал, қант, қантты шырындар, тәтті нандар, картоп т.б.) болмағаны жөн. Емдәмнің әсері болмағанда қант сусамырының негізгі ем қағидасы қандағы глюкозаны азайтатын дәрілерді қолдану. Оларға бигуанидтер мен сульфаниламидтер тобының дәрі-дәрмектері жатады. Бигуанидтер глюкозаның ішекте сіңірілуін азайтып, адамның тәбетін кемітеді, глюкогенез дәрісін бәсеңдетеді. Бигуанид дәрілеріне адебит, силубинретард, глюкофаг, диформен жатады. Сульфаниламид дәрілері ұйқы безіндегі В – торшалардың инсулин түзі қабілетін күшейтеді. Сонымен қатар олар бауырда гликоген түзілуіне әсер етеді. Сульфаниламид дәрілеріне бутамид, букарбан, манинил, глюреном жатады. Қант сусамырының инсулинге тәуелді түрінде міндетті түрде инсулинмен қолданады. Инсулин қолданылатын жағдайлар: инсулин тәуелді қант сусамыры, кетоацидозды жағдай, басқа ауру қосарланғанда, науқасқа ота жасағанда, басқа дәрілердің әсері болмағанда. Инсулин емі үш басты қағидаға негізделеді: инсулин жеткіліксіздігін реттеу, зат алмасу дәрісінің өзгерістерін қалпына келтіру, аурудың асқынуларының алдын алу. Бұл жұмыс нәтижелі болу үшін сырқатқа ұшыраған науқас өз ауруын, емдәм, қимыл жағдай тәртібін біліп, өзін - өзі бақылай алу керек. Қандағы қанттың мөлшерін кемітетін дәрі – дәрмектермен қолдану ережелерін жақсы білгені жөн. Сонымен қатар шұғыл жағдайларда науқас және оның туыстары дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсете білу керек. Инсулиннің тәуліктік мөлшерін анықтау үшін қандағы және зәрдегі глюкозаның шамасын білу қажет. Кейінгі кезде қанттың қандағы деңгейін жедел анықтау үшін әртүрлі түсті жолақтарға негізделінген глюкомер құралы, ал аурулардың инсулинді өздері дұрыс мөлшермен берілуіне шприц - қаламсап қолданылады. Керекті инсулиннің мөлшері былайша есептеледі: қандағы 8,33 ммоль / л – ден жоғары глюкозаның әрбір 0,28 ммоль/л инсулиннің 1 бірлігі қажет. Инсулиннің 1 бірлігі қандағы қанттың мөлшерін 2,2 ммоль/л азайтады. Инсулиннің күндізгі және түнгі мөлшерінің ара қатынасы 2:1 шамасында болуы қажет. Науқастың инсулинді неше рет қабылдауы тағайындалған инсулиннің түріне байланысты: әсері қысқа мерзімді инсулин күніне тері астына 3 – 4 рет беріледі, орташа әсерлі инсулин күніне 2 рет беріледі. Оны қысқа немесе ұзақ әсерлі инсулинмен бірге қолданылады. Ұзақ әсерлі инсулинді тәулігіне 1 рет беріп, оған қоса тамақ ішер алдында қысқа әсерлі инсулинді берген жөн. Кейінгі кезде бір шпирцке қысқа мерзімді және ұзақ әсерлі инсулинді қосып сорып алып енгізеді. Инсулин қабылдайтын науқастардың қанындағы қант мөлшерін бақылап отырған жөн. Сонымен қатар қант сусамырына шалдыққан науқастар тұрмыс тәртібін сақтау тиіс.Қазіргі кезде бұл сырқаттармен және олардың туыстарымен “Диабет мектептерінде” ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Инсулин терапиясының ережелері ұсынылады(егу уақытының тәртібі, керекті мөлшерін анықтау, егу технологиясы).

Болжамы. Сырқат қозып отыруға бейімделген. Дұрыс емделмеген жағдайда, тұрмыс, тамақтану тәртібін сақтамаған науқастарда әр түрлі асқынулар дамып өміріне кедергі болуы мүмкін.

Алдын алуы. Біріншілік алдын алуға рационды тамақтану, дене шынықтыру, семіздіктің алдын алуы жатады. Жануар майын көп қолдануға болмайды. Сонымен бірге тамақтануды шектеу жасы үлкен және қарт адамдарға сақтау керек. Тұрғындарға бір қанды некенің және диабетпен ауратын адамдар араындағы некенің генетикалық қауіптілігін түсіндіру қажет. Қант сусамырымен сырқаттанған пациенттер диспансерлік тізімге алынып эндокринологпен қаралып отырады.Қаралудың жиілігі сырқаттың ауырлығына байланысты. Қант сусамырының жеңіл түрінде жылына 1 рет, орташа түрінде 3 айда 1 рет, ал сырқаттың ауыр түрінде науқастар аптасында 1 рет қаралып отырады. Әр кез қарағанда көз көру аймағын анықтайды. Науқастар қант сусамырына арналған мектептерге барып, керекті мәліметтер алады. Өз өзін бақылау ережелерімен танысады. Тамақтануды жоспарлайды. Физикалық күшті шектейді. Қандағы қанттың мөлшерін азайтатын дәрі-дәрмектерді қабылдайтын ережелерімен танысады. Жеке басына арналған жұмыс және демалу тәртібімен танысады. Үшіншілік алдын алу ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту болып табылады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Қант сусамыр ауруына жалпы түсінік беріңіз.

2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атаңыз.

3. Сырқаттың жіктелу тәртібінің тізімін беріңіз.

4. Қант сусамыры ауруының негізгі клиникалық көрінісі немен сипатталады?

5. Сырқаттың ағымында қандай асқынулар кездеседі?

6. Диабеттік команың даму себептеріне не жатады?

7. Қант сусамырының негізгі емдік қағидасын айтыңыз.

8. “Инсулинге тәуелді”, “инсулинге тәуелсіз” терминдерін қалай түсінесіз?

9. Гипергликемиялық және гипогликемиялық комаларда шұғыл жәрдем қағидасы немен сипатталады?

10. Қандағы қанттың мөлшерін азайтатын дәрілерді атап шығыңыз.

Семіздік

Семіздік дегеніміз тері асты май қабатында, көбінесе іш аймағында, шүйдеде, жамбаста, төсте, мойында, сонымен қатар шажырқайда, эпикардта (жүректің семіздігі), бүйрек маңында майдың мөлшерден тыс жиналуы.

Этиологиясы мен патогенезі. Семіздік мөлшерден тыс тамақты көп жеуден (ішімдікті көп мөлшерде ішумен бірге), аз қимылдап өмір сүру салдарынан болады. Семіздіктің дамуында ерекше орында нейроэндокринді бұзылыстар жатыр, атап айтқанда гонада қызметінің бұзылысында (климакс кезінде), қалқанша бездің (гипотериоз), гипофизалық бұзылыстарда май көп мөлшерде жиналатыны байқалады. Тұқым қуалау мәнбірі де ерекше роль атқарады. Сырқаттың дерт анықтамасын жүргізгенде келесі сипатмежелер қолданылады: І дәрежедегі семіздікте дене салмағы қалыпты дене салмағынан 10 – 20 % артық, ІІ дәрежеде 20 - 30%; ІІІ дәрежеде 30 - 50% және одан да артық. Бойының ұзындығына сәйкес сантиметрмен алынған саннан 100 санын алғанға тең санға жуық дене салмағы қалыпты деп саналады: бойының ұзындығы 170 см болатын адамның салмағы 70 кг – ға жуық болуы керек. Құрлысына байланысты аздаған ауытқулар болуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Семіздігі бар науқастар ентігетініне, мөлшерден тыс көп терлейтініне, жұмыс істеу қабілетінің төмендегеніне, жүрек тұсының ауыратынына шағымданады. Жиі терінің созылмалы ауруы, терінің іріңді аурулары, шиқан басу байқалады. Семіздікте атеросклероз тез дамиды. Тәж тамырлардың атеросклерозынан жүрек ишемия аурулары дамиды: жүрек қыспасы, кардиосклероз, миокард инфарктісі. Кейде бұл жағдайлар қан айналысының жеткіліксіздігіне әкеп соғады. Ішек жұмысының бұзылыстары (метеоризм, нәжістің тұрып қалуы), жыныстық белсенділігінің төмендеуі болады. Қанда холестериннің мөлшері көбейеді, көмірсу алмасу дәрісі бұзылады.

Емі. Тамақтың энергетикалық құндылығы шектелген дұрыс, тамақтану тәртібін сақтау маңызды роль атқарады, бөлшектеп тамақтану жеміс – жидекті күн, физикалық күш түсірмеу, қозғалыс көлемін арттыру өте маңызды. Тамақтың энергетикалық құндылығы келесі түрде есептеледі: жеңіл физикалық жұмыс істейтін дені сау адам 1 кг дене салмағына 146,4 – 167,4 кДж, ал ауыр жұмыста 209,2 – 2301 кДж алу керек. Сөлдену жүйелерінің бұзылыстарында тиісті ем алу керек. Семіздікте қалқанша безі қызметінің төмендеуінде тиреоидин (0,05 г тәулігіне 2 – 3 рет), ал гонада қызметі төмендегенде жыныс гормондары: әйелдерге эстерон (фолликулин), ал ер адамдарға – метилтестостерон тағайындау керек. Семіздікте суға жүзу, ұзақ уақыт жүру, емдік дене шынықтыру, сумен емдеу шараларын, жалпы және жергілікті уқалау жүргізген жөн. Сонымен қатар физиоемін жүргізетін санаторлы – курорттық ем қолданған абзал. Болжамы. Ерте басталған емде болжамы жағымды. Семіздіктің І – ІІ дәрежесінде науқас жұмысқа деген қабілетінен айырылмайды, ал семіздіктің ІІІ дәрежесінде ІІІ топтық мүгедектік тағайындалады. Жүрек – тамыр аурулары (миокард инфарктісі, миға қан құйылу және т.б.) жиі өлімнің себебі болып табылады.

Алдын алуы. Біріншіден тамақтың энергетикалық құндылығын шектеп дұрыс тамақтану. Адамның қимыл – қозғалыс тәртібі белсенді болып, тамақтың энергетикалық құндылығына сәйкес болу керек. Тамақтануда көмірсуларды, майларды, ақуызды шектеу керек. Дене шынықтырумен айналасу керек (жүзу, жүгіру т.б.Алдын алу шаралары міндетті түрде жастан асқан адамдарға және аз қозғалатын адамдарға жүргізіледі.

 

 

Сурет

Алиментарлық семіздік

 

 

Бақылау сұрақтары

1. Семіздік ауруына жалпы түсінік беріңіз.

2. Сырқаттың ағымында неше дәреже болуы мүмкін?

3. Сырқаттың әр дәрежесіне қысқаша сипаттама беріңіз.

4. Сырқаттың негізгі емдік қағидасы.

5. Семіздіктегі емдәм тәртібін айтып беріңіз.

6. Алдын алу шаралары туралы түсінік беріңіз.

7. Дұрыс салауатты өмір сүрі шараларын айтыңыз.

 

Ішкі сөлденіс бездері ауруларында мейірбикенің

жұмыс ерекшеліктері

Мейірбике құрал – жабдықты және зертханалық зерттеу әдістері туралы білу керек, сөлденіс бездерінің ауруларын табудағы маңызды туралы білу керек, сөлденіс бездері жүйелерінің ауруларындағы науқастарды зерттеу тәртібін білу керек. науқастардың барлық шағымдарын тіркеу, оның ішіндегі ең осы ауруға тәні: терлегіш, жүректің жиі соғуы, дене салмағының өзгеруі, мойын пішінінің өзгеруі, тітіркендіргіш, шөлдеу, тері қышынуы, полиурия, әлсіздік. Науқаспен әңгімелескенде ішкі сөлденіс бездерінің ауруына тұқым қуалаушылықтың әсер етуін табу керек, науқастың тамақтану ерекшелігін, ауырған арулары, мамандығы, еңбек пен тұрмыс жағдайының жағдайы, жарақаттың барлығы, жағымсыз қыдлықтардың барлығы, күйзеліс туралы анықтау. Науқасты қарағанда “көз белгісіне”, қалқанша бездің ұлғаюына, жүдеуіне, семіздікке, терінің түсінің өзгеруіне, қолдың дірілдеуіне, шаш пен тырнақ жағдайына, шиқанның барлығына назар аудару керек. уытты жемсаумен ауыратын науқаспен әңгімелесе отырып осы ауруға тән шағымдарға назар аудару керек: қозғыштық, тітіркендіргіштік, терлегіштік, ұйқысының бұзылуы, бұл аурудың дамуына қандай себеп болғанын анықтау керек. Ішкі сөлденіс бездері ауруларымен ауыратын науқастарды қарағанда мейірбике мына үш жағдайға назар аудару керек: қалқанша бездің ұлғаюы, көздің шығып тұруы, жүректің жиі соғуы. Уытты жемсаумен ауыратын науқастардың жүйке жүйесі мен психологиясы бұзылады., сондықтан мейіркеш осындай науқастарға шыдамды болып, ерекше көңіл бөлу қажет. Қант сусамырымен ауыратын науқастарымен жұмыс істегенде бұл аурудың алғашқы белгілеріне көңіл аудару керек: шөлдегіштік, зәр шығуының көбеюі, терінің құрғауы, қышынуы. Науқастарды қарағанда терідегі қасынулар мен іріңді ауруларға назар аудару қажет. Көптен бері қант сусамырымен ауыратын науқастарда келесі асқынулар болуы мүмкін: аяқтың шіруі, сезімталдықтың төмендеуі, тамырлардың зақымдануы, комалық жағдай, бүйрек зақымданулары, көз көру қабілетінің төмендеуі. Сырқаттың ағымымен толық көрінісін алу үшін, мейіркеш қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелерімен танысу керек. алынған нәтижелер негізінде мейіркеш науқасты күту жоспарын құрады. Мейірбике қант сусамырымен ауыратын науқастарға емдәм тәртібін сақтауын қадағалаудың маңыздылығын, комалық жағдайлардың алдын алудың ережелерін түсіндіреді. Науқасты өзі істей алатын шаралармен таныстыру. Қанды қантқа тексеру аш қарында жүргізілетін болғандықтан ол туралы науқасқа ескерту керек. Науқасқа “қант ауытқуының мөлшерлік көрсеткіші”тағайындағанда, мейірбике науқасқа қан алудың уақыты туралы ескертіп, сонымен қатар зерттеу жүргізетін күні, физикалық күш аз түсіру керектігі жайлы айту керек. Зәрді қантқа жинағанда науқас үлкен ыдысқа бір тәулік жинайды. Зертханаға жіберу алдында мейірбике зәрді арластырып, одан 150 – 200 мл құйып алады. Мейірбике науқастың шағымына байланысты дер кезіңде науқастың жағдайын бағалай білу керек. Дер кезіңде кома алдыңдағы және комалық жағдайды анықтау тез арада дұрыс алғашқы көмек көрсетуге әсер еттеді. Қант сусамыры мен ауыратын науқасты күте жүріп, мейіркеш теріс қылықтар ауруды асқындыра түсетін есте ұтау керек. Мейірбике науқасқа инсулин шприцімен қолданудың әдістеріне, инсулинді өз бетімен енгізуіне үйрету керек. Мейірбике емдәм тәртібін сақтауды қадағалау керек, тамақтану тәртібін бұзу сусамырдың асқынуына әкеліп соғуы мүмкін. Науқастар толық дұрыс тамақтануы керек, көмірсулар аз қолдану керек. Тамақта витаминдер жеткілікті түрде болуы керек және тамақты аз мөлшерде күніне 5 – 7 рет қабылдау керек. Уытты жемсаумен ауыратын науқастардың тамағы әртүрлі және витаминге бай болу керек. Ет, балық тамақтарын, жүйке жүйесін қоздыратын сусындарды азайту керек. Мейірбике күн тәртібін сақтауды, жеке бас гигенасын, дем және жүрек – қан тамыр жүйелерінің жағдайларын қадағалау керек (дем алу санын санау, тамыр соғуын анықтау, артериялды қан қысымды өлшеу).

 

 

Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы

мейірбикелік үрдіс

І кезең. Пациенттің мәселелерін табу.

Пациенттің нақты мәселелері:

· әлсіздену, селқостық;

· дене қызуының көтерілуі, қалтырау;

· шөлдеу, ауыз қуысының құрғауы;

· жиі зәр шығудың себебінен мазасызданып және ұйқысының бұзылуы;

· есту және көру қабілетінің төмендеуі;

· ісіну және тоңу;

· сырқаттың салдарынан пациенттің ой - өрісінің қабілеті төмендеп, ақыл есінің кемуі

· пациенттің денесінде әр түрлі трофикалық жаралардың дамуы

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

· пациент ағзасының иммунитет қабілетінің төмендеуінен түрлі жұқпалы ауруларды қабылдап, асқынуларды қауіп қатерлік түрлерінің дамуы

· мамандықты таңдаған кезде өзінің сырқатына кедергі келтірмейтін қолайлы қызмет түрін таңдағаны дұрыс

· инсулинді өмір бойына қабылдайтын пациенттердің өздеріне деген сүйіспеншілік қабілетін жоғалтуы

· өзіне жеткілікті түрде сұйықтық мөлшерін қамтамасыз ете алмауы

· пациенттер өз сырқатының нәтижесіз екендігіне байланысты өздерінің сезімін қоршаған ортада тежегіш қалып күйінде сезінеді.

ІІ кезең. Мейірбике диагнозын қою.

Пациенттің нақты және болуы мүмкін мәселелеріненде басқа да мәселелер түрлері туындауы мүмкін.

 

ІІІ кезең. Мәселені жою мақсатымен жоспар құру.

Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

ü шөлдегіштіктің азаюы, ауыз қуысының құрғауының бәсендеуі

ü тері қышуының азаюы

ü өзіне керекті тағам және сұйықтық мөлшерін жеткілікті түрде қабылдау

ü гигиеналық тазалық шараларын өткізуге қатысу

Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

ü қант сусамырымен ауратын пациенттер емдәм тәртібін нақты біледі

ü пациент және оның жанұясы инсулинді егу ережелерін нақты біледі

ü пациенттің сапалы жұмыс істеп тұруына құнарлы тамақ маңызды болып табылады

ü шұғыл жағдай кезіңде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді және күтім ерекшеліктерін өткізу шараларын пациентке және жанұяларына ақпарат беріп, түсіндіру

ü жұқпалы ауруларды болдырмау және жұқтырмау шараларын өткізіп алмау

 

ІV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.

Мейірбикенің араласулары:

ü тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, пациентті глюкозуриялық және гликемиялық графикалық сынамасын жүргізіп, нәтижесін оқу. Пациентті негізгі зат алмасу дәрісін тексеруге дайындау. Қалқанша және ұйқы бездерін УДЗ және сканер арқылы зерттеулерді өткізу.

ü тәуелсіз – пациентті жалпы қараған кездегі көзге көрініп тұрған өзгерістеріне және шағымдарына сүйене отырып, жағдайдың қарқындылығын бағалау. Тамыр соғуын, демін санап, қан қысымын, дене қызуын өлшеп күтім шараларын өткізу. Қажет болған жағдайларда оттегімен қамтамасыз ету. Тері ойылудың алдын алу. Кома жағдайларында, тиреотоксикалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

ü Бір – біріне тәуелділік қатынастары – емдәм және дәрі – дәрмектер мен ем жүргізу шараларын қадағалап, олардың сапалық нәтижелерін бағалау. Пациенттің дерт анықтамасына және еміне арналған шараларды өткізуге қатысу. Педагогикалық аспект әдісін қолдана отырып, жанұяларына санитарлық – ағарту жұмысын қалай өткізілетінін түсінігімен ақпар ету.

 

V кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау.

Дерт анықтамасын анықтау және емдеу үшін алға қойылған мақсаттармен көрсетілген күтім шаларанының салыстырмалы түрдегі айырмашылықтары. Арнайы өткізілген шараларды салыстырғандығын және нәтижелік сапасын мейірбике медицина құжаттарына белгілеп, толтырып отырады

Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы

мейірбикелік кірісулердің үлгілері

 

Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Жоспарды енгізу Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Аузы құрғап шөлдейді. 1.Тыныштықты қамтамасыз ету. 2. Ыңғайлы жағдай жасау. 3. Емдәм тәртібін нақты қадағалау. 4.Сұйықтықтарды беру. 5.Педагогикалық аспекте жұмыс істеу. 6.Науқас жағдайын бақылап отыру   1.Төсек тәртібін сақтау. 2.Ерін үстіне суланған салфетка қою, оны ауыстырып отыру. 3.Сұйықтық мөлшерін қадағалау. 4.Ауыз қуысын салқын сумен шәйіп отыру. 5.Ем дәм тәртібін қатаң түрде сақтау 1.Қант сусамыр ауруының емін дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізу 2.Әр түрлі зертханалық, аспаптық тексерістерге қатысу.

 

 

Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Жоспарды енгізу Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Қозу 1.Физикалық, психикалық тыныш-тандыру. 2. Науқаспен жылы сөйлесу. 3. Ыңғайлы жағдай жасап отыру, көңіл бөлу 4.Науқастың сұраула- рын орынша орындау. 5.Дәрігер нұсқауын орындау. 6.Науқастың жалпы жағдайын үнемі қадағалау 7.Педагогикалық аспектіде көп жұмыс істеу.     1.Бөлмеде тыныштық сақтауға тырысу. 2.Ыңғайлы жағдайлар жасау 3.Бөлмедегі терезелер-ді жабу, шуламау, науқаспен жиі сөйлесу. 4.Пациентке және оның туыстарына тиреотоксикоз ауруы туралы керекті мәлімет беру. 5.Пациенттің жәйін, тұрысын, жүрісін қадағалап отыру. 6.Гормон препараттарын дұрыс қабылдату. 1.Негізгі аурудың емін дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізу. 2.Тыныштандыра-тын дәрілер беру 3.Әр түрлі зертханалық, аспаптық тексерістерге қатысу.

 

 

Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Жоспарды енгізу Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Тәбетінің жоғарлауы 1.Психикалық тыныштық сақтау. 2.Емдәм тәртібін нақты қадағалау. 3.Дәрігер нұсқауын орындау. 4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу. 5. Науқас жағдайын бақылап отыру (қан қысымы, демі, тамыр соғысы, дене қызуы)   1.Науқасты физикалық,психикалық тыныштандырып, сөйлесу. 2.Ауру туралы ақпараттық мәлімет беру, тәбетінің жоғарлауын түсіндіріп айту. 3.Емдәм тәртібін сақтап, құнарлы тамақтандыру. 4.Науқастың жалпы жағдайын қадағалап жүру.   1.Негізгі аурудың емін дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізу 2.Тәбетін төмендететін дәрілер беру 2.Әр түрлі зертханалық, аспаптық тексерістерге қатысу.

 

 

Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Жоспарды енгізу Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Тершендік 1.Дәрігер нұсқауын орындау.   2.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.   3. Науқастың жағдайын бақылап отыру: қан қысымын өлшеу, демін санау, тамыр соғысын анықтау, дене қызуын өлшеу.   1.Науқасты тыныштандыру.   2. Су киімін, төсек орнын ауыстыру.   3.Пациентпен жылы сөйлесіп, ауруы туралы мәлімет беру.   4.Гормон препараттарын дұрыс қабылдауын үйрету.   5.Жеткілікті мөлшерде сұйықтықтарды қабылдауын түсіндіру.   1.Тиреотоксикоз ауруының емін дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізу   2.Әр түрлі зертханалық, аспаптық тексерістерге қатысу.    

 

Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Жоспарды енгізу Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Эндемиялық жемсауда түншығу сезімінің байқалуы 1. Психикалық және физикалық тыныштандыру. 2. Педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізу. 3. Рефлекторлы түрде көмек көрсету. 4. Дәрігер шақыру.     1. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау –жеңілдеу дем алу жағдайын іздестіру. 2.Бөлмедегі пациент-терден тыныштық сақтауын сұрау. 3.Терезені ашып бөлмені желдету, қысып тұрған киімдерін шешу. 4.Оттегі беру 5. Қан қысымын, пульсін, демін санап анықтау. 6. Дәрігер келгенше жалпы жағдайын қарап көңіл – күйін аулау.   1.Эндемиялық жемсаудың емін дәрігердің нұс-қауы бойынша жүргізу. 2.Әр түрлі зертханалық, аспаптық тексерістерге қатысу: көк тамырдан биохимиялық қан анализін алу, қалқанша безін УДЗ тексерісіне дайындау т.б.  

 

 

Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Жоспарды енгізу Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Тону 1. Пациентпен жылы қарым-қатынаста болу.   2. Педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізу.   3. Рефлекторлы түрде көмек көрсету.   4.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалап жүру.   1. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасап, аяқ – қолына жылытқыш қою, жылы орау, жылы шай беру немесе жылы ванна қабылдату.   2. Қан қысымын,пуль-сін, демін санап анық-тау. Дене қызуын өлшеп отыру.   3.Дәрі-дәрмектерді міндетті түрде мейірбике өзі ішкізіп жүреді. 1.Микседема ауруының емін дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізеді   2.Әр түрлі зертханалық, аспаптық тексерістерге пациентті дайындап, оларға қатысады.  

 

Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Жоспарды енгізу Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Гипоглике-миялық команың дамуы 1.Дәрігерді шақыру   2.Ыңғайлы жағдай көрсету   3.Дәрігерге дейін көмек көрсету   4.Пациенттің жалпы жағдайын қадағалау   5.Керекті дәрі-дәрмекті әзірлеп қою     1.Пациентпен сөйлесіп, сана сезімінен айырыл-мауына жағдай жасау.   2.Тез арада тәтті шәй немесе тәтті нан, қант беру керек.   2.Қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау, демін санау, дене қызуын өлшеу.   3.Системаны құру. 4.Пациенттің физиологиялық шығыстарын бақылау     1.Дәрігердің нусқауы бойынша жәй, қарапайым инсулин егу (көк тамырға, бұлшық етке)   2.Жұмсақ катетер арқылы зәр шығару.   3.Дәрігердің нұсқауы бойынша тазарту клизмасын қолдану. 4.Зонд арқылы тамақтандыру  

 

 

Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларын алдын алу

 

Ішкі сөлденіс бездер ауруларының ішінде жиі кездесетін арулардың бірі – ағзаға йодтың жетіспеушілігінен дамитын аурулар. Йод адам және жануарлардың дұрыс өсіп жетілінуіне керекті микроэлемент. Ол балық, ет, сүт, теңіз қырыққабаты, сүтті тағамдар, қызылша, жұмыртқа және картофель құрамына кіреді. Ағзаға йод органикалық және бейорганикалық қосылыстармен түсіп, қанға енеді. Ол қалқанша безінің гормондарының синтезіне қатысады, ал қалқанша безі гормондары ағзадағы бүкіл зат алмасу процесстерін реттейді.

Адам ағзасында йод жетіспеушілігінің екі түрі бар. Бірінші түрінде ағзаға йод тағаммен суда жетіспеушіліктен аз енеді. Екінші түрінде сыртқы ортада йод жеткілікті, бірақ ас қорыту мүшелерінің ауруларына байланысты йод ағзаға толық сіңбейді. Судағы йод мөлшері оны қоршаған ортаға байланысты. Жоғарғы қырлы және теңіз жағалауынан алыс жерлер йод жетіспейтін жерлер болып табылады.

Йод жетіспеушілігі йод жетіспеушілік жағдайлардың (йододефицитные расстройства) дамуына әкеліп соғады. Йод жетіспеушілігінің ең кең тараған түрі эндемиялық жемсау. Йод жетіспеушілігіндегі клиникалық критерийдің бірі тұрғындар арасында жемсаудың даму жиілігі, әсіресе жасөспірім шағында. Назарды көп көңіл бөлетін топқа жүкті әйелдер жатады. Йод жетіспеген аймақтарда жүктілік гипотиреозбен қоса өтеді. Йод жетіспеген жағдайда туған нәрестеде саңраулық дамуы мүмкін, ол әйелдерде йод жетіспеу салдарынан өлі бала тууы мүмкін. Йод жетіспеу туғандағы балада иммунитеті төмен болады

 


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 2849 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.02 сек.)