АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Деформациялаушы артроз

Прочитайте:
  1. Артроз означает дегенерацию (разрушение) хряща
  2. Безперервні з’єднання – сінартрози
  3. В скелете туловища кости соединяются по типу суставов и синартрозов.
  4. ДВИГАТЕЛЬНЫЕ НАРУШЕНИЯ. ОГРАНИЧЕНИЯ ЖИЗНЕДЕЯТЕЛЬНОСТИ И СОЦИАЛЬНАЯ НЕДОСТАТОЧНОСТЬ ПРИ КОКС- И ГОНАРТРОЗЕ.
  5. Дегенер. забол. позвон. Остеохондроз. Спондилез. Спондилоартроз. Этиол.Клиника.Диагност.Принц.леч.Прогноз.
  6. Деформациялаушы артроз
  7. Для лечения остеоартроза применяют
  8. Какие признаки, выявляемые при осмотре кисти с поражением суставов, позволяют отличить ревматоидный артрит от остеоартроза?
  9. Классификация остеоартроза

Тофус көріністері

Подаграда қол буындардың зақымдануы

Подаграда аяқ буындардың зақымдануы

Уытты жемсауда қалқанша безінің ісінуі

«Диабеттік табан». Бақайдың гангренасы

Ампутациядан кейінгі жағдай

Диабеттік табан көрінісі

Қант сусамырында байқалатын трофикалық бұзылыстар

Ревматоидтық артритте буын деформациялары

Тест тапсырмалары №2 қосымша.

 

І. Жалпы тексеру әдістері

1. Негізгі тексеру әдістеріне жатады:

а) б) в)

2. Субьективтік тексеріс - ол:

а) науқасты қарау

б) науқастан сұрау

в) науқасқа перкуссия жүргізу

г) науқасқа аускультация жүргізу

3. Науқастың денсаулығына әлеуметтік жағдай әсер ете ма?

а) иә б) жоқ

4. Обьективтік тексеріске жатады:

а) әлеуметтік жағдай

б) науқастың шағымдары

в) аурудың дамуы

г) қарау, сипалау, тықылдату, тыңдау

д) науқастың өмір-баяны

5. Іш құрсаққа сипалауды (пальпацияны)..............тәсілі бойынша

жүргізеді

6. Перкуссия дегеніміз не?

7. Аускультация дегеніміз не?

8. Топографиялық перкуссия дегеніміз не?

а) қос ағзаны салыстыру

б) қандай да бір ағзаның шекарасын анықтау

в) тыңдау

г) сипалау

9. Ыңғайлы жағдай дегеніміз ол:

а) белсенді жағдай

б) енжар жағдай

в) тек қана бір қырымен жату

г) науқас өз жағдайын жеңілдету үшін өз еркімен жату

10. Қанның құрамына кіреді:

а) б)

11. Қан түйіршіктеріне жатады:

а) б) в)

12. Қан бояғышы нені көрсетеді?

а) қанда гемоглобин мөлшерінің көбеюін

б) қанда гемоглобин мөлшерінің азаюын

в) қанда эритроциттердің көбеюін

г) эритроциттердің гемоглобинмен толуын

13. Қақырықты қандай анализдерге тексереді:

а) б) в) г)

14. Нәжісті қандай анализдерге тексереді:

а) б) в) г)

15.Зәрді Нечипоренко анализімен не үшін тексереді?

16. Қалыпты түрдегі зәрдің салмағы:

а) 1005-1025

б) 1010-1025

в) 1015-1025

г) 1020-1030

17.Эндоскопиялық зерттеуге келесі әдістер жатады:

а) б) в) г)

18.Ирригоскопиямен қай ішекті тексереді?

а) 12-елі ішекті

б) ащы ішекті

в) тоқ ішекті

г) тік ішекті

19.Холецистография дегеніміз - ол.........

20.Урография әдісін қандай мақсатпен қаолданады?

 

Тест жауаптары:

1.а) субъективтік б) объективтік в) қосымша

2.- б; 3- а; 4- г; 5-Образцов-Стражеско тәсілі бойынша;

6- тықылдату; 7-тыңдау; 8-б; 9-г; 10 - а) сары су б) қан түйіршіктері

11 а) эритроциттер б) лейкоциттер в) тромбоциттер

12 - г; 13. а) жалпы анализге б) бактериялогиялық тексеріске

в) антибиотиктер сезімталдығына г) туберкулезге

14. а) жалпы анализге б) бактериялогиялық тексеріске

в) жасырынды қанға г) құрт-гельминттерге

15. бүйрек және зәр шығару жолдарындағы қабыну дәрісін анықтау үшін

16 - а; 17. а) бронхоскопия б) фиброгастроскопия

в) колоноскопия г) цистоскопия; 18 - в;

19 - өт қалтасына бояу зат жіберіп, рентгенологиялық тексеру;

20 - бүйректің сүзбе жұмысын анықтау үшін

 

 

ІІ. Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейірбикелік үрдіс

1. Жедел бронхитте жөтел:

А. “тот түстес” қақырықпен

Б. “ауыз тола” бөлінетін қақырықпен

В. алғашқы күндері құрғақ, кейін ашық түсті кілегейлі қақырықпен

Г. іріңді қақырықпен

Д. қан аралас

 

2. Бронхиттің этиологиясы:

А. бактериялар, вирустар

Б. маскүнемдік

В. суық тию

Г. орталық нерв жүйесінің күйзелісі

Д. ішкі сөлденіс безі аурулары

3. Жедел бронхиттің дамуына ықпал ететін фактор:

А. бактериялар, вирустар

Б. орталық нерв жүйесінің күйзелісі

В. тұқым қуалаушылық

Г. суық тию

Д. маскүнемдік

 

4. Жедел бронхитте аускультацияда естіледі:

А. бронхиалдық тыныс

Б. амфорлық тыныс ылғалды сырылдар

В. қатты тыныс, құрғақ сырылдар

Г. бәсең везикулярлық тыныс

Д. ылғалды сырылдар

 

5. Созылмалы бронхиттің болуы мүмкін асқынуы:

А. бронхоэктаздар

Б. өкпеден қан кету

В. өкпе түберкүлезі

Г. плеврит

Д. өкпе абсцессі

 

6. Бронхит дегеніміз:

А. өкпе тінінің қабынуы

Б. плевра қуысына сұйықтық жиналу

В. өкпе бөлігінің қабынуы

Г. бронх жапырақшаларының кеңеюі

Д. бронх ішкі кілегей қабатының қабынуы

 

7. Созылмалы бронхит деп айтады:

А. үздіксіз 2 ай жөтелгенде

Б. көктемде, күзде жөтеліп отыруы

В. соңғы 2 жылда үздіксіз 3 ай жөтелу

Г. жыл бойы үздіксіз жөтелу

Д. суық тиген сайын жөтеліп отыру

 

8. Бронхитке әкеліп соғатын жұқпалар:

А. стрептокок

Б. пневмокок

В. стафилакок

Г. бактериялар, вирустар

Д. айтылғанның бәрі дұрыс

 

9. Бронхитке әсер ететін мәнбірлер:

А. химиялық заттар

Б. суық тию

В. шылым шегу

Г. иммунитет төмендігі

Д. айтылғанның бәрі дұрыс

 

10. Созылмалы бронхитте аускультацияда естілетін дыбыс:

А. сықылдау

Б. плевра үйкеліс шуы

В. құрғақ және дымқыл сырылдар

Г. амфорлық тыныс

Д. өзгеріссіз дем

 

11. Созылмалы бронхиттің клиникасына тән:

А. бетінің ұшы қызарып, ұшық шығады

Б. күрт басталып, температура 40º дейін барады

В. біртіндеп дамиды, ентігеді, цианоз байқалады

Г. күрт басталып, тотталған қақырық тастайды

Д. күрт басталып, ұстама түрінде өтеді

 

12. Қан анализінде бронхитке тән өзгерістер:

А. лейкоцитоз, ЭТЖ артады

Б. лейкопения

В. эозинофилия

Г. гемоглобин мен эритроциттердің азаюы

Д. тромбоцитопения

 

13. Созылмалы бронхиттке тән рентген көрінісі:

А. өзгеріссіз

Б. майда дақтар байқалады

В. бронх тармақтарының деформациясы байқалады

Г. Дамуазо сызығы көрінеді

Д. өкпе сегментінің қабынуы көрінеді

 

14. Бронхитте қолданылатын негізгі дәрі-дәрмек тобы:

А. цитостатиктер

Б. спазмолитиктер

В. сульфаниламидтер

Г. жансыздандыратын дәрілер

Д. антибиотиктер, сульфаниламидтер

 

 

15.Жедел бронхитке тән белгі:

А. жәй басталады

Б. рентген көрінісі өзгеріссіз

В. ентігеді

Г. цианоз байқалады

Д. дем алу шамасыздығы байқалады

 

16. Созылмалы бронхитке тән белгі:

А. ентігеді, көгереді

Б. рентген суреті өзгеріссіз

В. тез басталады

Г. асқынусыз болады

Д. қарағанда науқастың түрі қалыпты

17.Созылмалы бронхит дегеніміз:

А. 2 жыл қатар үш ай үздіксіз науқастын жөтеліп, қақырық тастауымен

сипатталатын ауру

Б. үш жыл қатарынан 2 ай үздіксіз науқастын жөтелуі

В. бронх тармақтарының тарылуы

Г. бронх тармақтарының кілегей қабатының ісінуі

Д. өкпе тінінде қуыстың пайда болуы

 

18.Созылмалы бронхиттің негізгі белгілері:

А. ентігу, жөтелу

Б. ентігу, тұншығу

В. кеуде қуысының ауырсынуы

Г. қақырық тастау

Д. айтылғанның барлығы дұрыс

 

19.Созылмалы бронхиттің асқынулары:

А. эмфизема

Б. ошақты пневмониялар

В. пневмоскероз

Г. созылмалы жүрек шамасыздығы

Д. айтылғанның барлығы дұрыс

 

20.Созылмалы бронхиттің емінде қолданбайтын дәрі-дәрмек:

А. антибиотиктер

Б. бронхолитиктер

В. қақырықты жібітетін дәрілер

Г. сульфаниламидтер

Д. нитрат препараттары

 

21.Созылмалы бронхиттің ең басты мәселесі:

А. ентігу

Б. құсу

В. жүрегінің айнуы

Г. басының ауруы

Д. лоқсу

22. Созылмалы обструктивті бронхиттің асқынуы:

А. туберкулез;

Б. сепсис;

В. қансырау;

Г. өкпе абсцессі;

Д. эмфизема

 

23.Қақырықты жібітіп, шығаратын дәрі:

А. эуфиллин ер-сі;

Б. бисептол;

В. бромгексин

Г. атропин ер-сі

Д. пенициллин;

 

24. Созылмалы бронхитке жиі әкеліп соғатын себеп:

А. жедел бронхит

Б. улану

В. семіздік

Г. ішімдік қолдану

Д. Жарақаттану

25. Ошақты пневмония дегеніміз – бұл:

А. өкпе бөлігінің қабынуы;

Б. өкпенің сегметінің қабынуы;

В. өкпе бөлікшесінің қабынуы;

Г. өкпе қуыстықтың пайда болуы;

Д.өкпе сірінің қабынуы;

 

26. Крупты пневмония дегеніміз – бұл:

А. өкпе бөлігінің қабынуы;

Б. өкпеде іріңді қуыстың пайда болуы;

В. өкпе бөлікшесінің қабынуы;

Г. өкпеде дәнекер тінінің дамуы;

Д. өкпе сірінің қабынуы;

 

27.“Тотталған” түсті қақырық қай ауруға тән:

А. обструктивті бронхитке;

Б. крупты пневмонияға;

В. өкпе туберкулезіне;

Г. эксудативті плевритте;

Д. өкпе абсцессіне;

 

28.Крупты пневмониядан кейін дамуы мүмкін асқыну:

А. өкпе инфарктісі;

Б. өкпе қатерлі ісігі;

В. өкпе пневмосклерозы;

Г. есеңгіреу;

Д. гипертониялық криз;

 

29.Крупты пневмониясымен ауыратын пациентке мейірбикелік күтім көрсету барысында қадағалау керек:

А. тәуліктік диурезді;

Б. тері жамылғысының түсін;

В. қандағы қанттың мөлшерін;

Г. дене қызуын;

Д. емдәм тәртібін;

 

30.Ошақты пневмонияда рентген көрінісі:

А. өкпе түбінде дақтың пайда болуы

Б. өкпе қуысына сұйықтың жиналуы

В. өкпе ұлпасына ауаның кернеп кетуі

Г. өкпе тінінде қуыстың пайда болуы

Д. Дамуазо сызығының білінуі

 

31.Қай пневмонияда пациенттің беті қызарып, ұшық шығады:

А. өкпе абсцессінде

Б. жедел бронхитте

В. бронхтық астмада

Г. крупты пневмонияда

Д. ошақты пневмонияда

 

32. Пневмонияның емінде қолданылатын негізгі дәрі-дәрмек тобы:

А. қабынуға қарсы дәрілер

Б. қақырық түсіретін дәрілер

В. улануға қарсы дәрілер

Г. иммунитетті күшейтетін дәрілер

Д. ауырсынуды басатын дәрілер

 

33. Ошақты пневмонияның клиникалық ерекшелігі:

А. күрт басталады

Б. біртіндеп басталады

В. әкеп соққан мәңбірге байланысты

Г. температурасы 40º С асады

Д. интоксикация белгілері білінбейді

 

34. Пневмонияға тән қан өзгерісі:

А. лейкопения, эритроцитоз

Б. лейкоцитоз, ЭТЖ артады

В. лейкоцитоз, ЭТЖ төмендейді

Г. лейкопения, ЭТЖ артады

Д. лейкопения, ЭТЖ төмендейді

 

35.Бронхопневмония - ол:

А. бөліктік пневмония

Б. ошақты пневмония

В. крупозды пневмония

Г. плевропневмония

Д. өкпе сірінің қабынуы;

 

36. Плевропневмония - ол:

А. бөлшектік пневмония

Б. бронхопневмония

В. ошақты пневмония

Г. крупты пневмония

Д. өкпе сірінің қабынуы;

 

37.Пневмонияда патологиялық өзгерістер дамиды:

А.өкпе тінінде

Б.бронх тамақтарында

В.плевра қуысында

Г.кеңірдекте

Д.айтылғанның барлығы дұрыс

 

38. Крупты пневмонияда мейірбикенің тәуелді кірісуі:

А.терісін күту

Б. дене қызуын өлшеу

В. антибиотикті енгізу

Г. қан қысымын өлшеу

Д. ішкі киімін, төсек орнын ауыстыру

 

39. Ошақты пневмонияда дене қызуы көтерілген жағдайда мейірбикенің тәуелсіз кірісуі:

А.дәрігердің нұсқауын орындау

Б. тамыр соғысын қадағалау

В. дене қызуын өлшеу

Г. терісін күту

Д. айтылғанның барлығы дұрыс

 

40.Бронхтық астмаға әкеліп соғатын мәнбірлер:

А. жұқпалар

Б. вирустар

В. бактериялар

Г. саңырауқұлақтар

Д. аллергендер

 

41. Жұқпалы емес аллергендерге жатады:

А. бактериялар

Б. вирустар

В. дәрі-дәрмектер +

Г. саңырауқұлақтар

Д. жұқпалар

42. Бронхтық астманың негізгі клиникалық белгісі:

А. ентігу

Б. жөтел

В. демікпе ұстамасы

Г. кеуденің ауырсынуы

Д. өкпеден қан кету

 

43. Бронхтық астмаға тән қақырықтың сипаты:

А. шыны тәрізді, аз мөлшерде, жабысқақ

Б. көп мөлшерде, кілегейлі

В. көп мөлшерде, қан аралас

Г. кілегейлі, іріңді

Д. сілекейлі, көп мөлшерде

 

44. Бронхтық астмадағы ентікпенің түрі:

А. инспираторлық

Б. аралас

В. биот демі

Г. экспираторлық

Д. айтылғанның бәрі дұрыс

 

45. Бронхтық астма ұстама кезіндегі пациенттің қалпы:

А. белсенді

Б. Фаулер жағдайы

В. Симс жағдайы

Г. шалқасынан жату

Д. ортопноэ

 

46.Бронхтық астмадағы кеуде пішіні:

А. паралитикалық

Б. «бөшке» тәрізді

В. «етікші» төс

Г. «құс» төс

Д. «қайық» тәрізді төс

 

47. Бронхтық астмада қақырықта анықталады:

А. Кох таяқшасы

Б. микробтар

В. атиптік жасушалар

Г. Куршман шиыршықтары, Шарко-Лейден түйіршіктері

Д. лейкоциттер, эритроциттер

 

48.Бронхтық астма ұстамасында қолданылатын негізгі дәрі-дәрмек:

А. строфантин ерітіндісі

Б. димедрол ерітіндісі

В. анаприлин

Г. беротек, сальбутамол

Д. гентамицин ерітіндісі

 

49. Бронхтық астма ұстамасында перкуторлық дыбыс:

А. әлсізденеді

Б. топас дыбыс

В. қорап тәрізді

Г. тынық

Д. естілмейді

 

50. Бронхтық астмаға тән рентген көрінісі:

А. өкпеде ауа азаяды

Б. өкпеде ауа кернеп кетеді

В. Дамуазо сызығы байқалады

Г. дақ білінеді

Д. өкпе суреті өзгеріссіз

 

51. Бронхтық астманың ауырлық дәрежесін анықтайтын әдіс:

А. рентгеноскопия

Б. бронхоскопия

В. спирография

Г. пикфлоуметрия

Д. ангиография

 

52. Бронх демікпесіне тән қақырықтың сипаты:

А. кермекті, аз мөлшерде, шыны тәрізді

Б. мол, іріңді

В. аз, “ тот түстес ”

Г. кілегейлі іріңді “ауыз толып” бөлінеді

Д. көп мөлшерде, қан аралас

 

53.Бронх демікпесінінің өкпеден тыс асқынуы:

А. созылмалы өкпе жүрегі

Б. эмфизема

В. пневмоторакс

Г. пневмосклероз

Д. бронхоэктаздардың дамуы

 

54.Бронх демікпесінде өкпенің функционалды жағдайын анықтайтын әдіс:

А. рентгенография

Б. бронхография

В. бронхоскопия

Г. спирография

Д. томография

 

55. Бронхтық демікпе ұстамасында пациентке енгізу керек:

А. 10% - 10,0 көк тамыр арқылы кальций хлорид ерітіндісін;

Б. көк тамыр арқылы аминокапрон қышқылын;

В. 25 % - 10,0 көк тамыр арқылы сульфат магний ерітіндісін;

Г. 2,4 % - 10,0 көк тамыр арқылы эуфиллин ерітіндісін;

Д. 0,06 % - 1,0 көк тамыр арқылы корглюкон ерітіндісі;

 

56. Аз мөлшерде шынылы қақырықтың түсуі қай ауруда кездеседі:

А. өкпе абсцессінде;

Б. крупты пневмонияда;

В. бронхтық астмада;

Г. бронхитте;

Д. өкпе қатерлі ісігінде

 

57. Бронх демікпесі ұстамасындағы мейіркештің мақсаттық араласуы болып табылады:

А. жөтелді басу;

Б. тұншығуды басу;

В. іріңді қақырықты шығаруын жеңілдету;

Г. дене қызуын төмендету;

Д. артериялдық қан қысымын жоғарылату;

 

58. Бронх демікпесі сырқатында ем ретінде қолданатын негізгі дәрілер тобын атаңыз:

А. гипотензивті;

Б. ұзақ мерзімді әсер ететін антибиотиктер;

В. бронхолитиктер;

Г. сульфаниламидтер;

Д. зәр айдайтын дәрілер;

 

59.Бронх демікпесіндегі пациенттің негізгі мәселесі:

А. кеуде қуысындағы ауырсыну;

Б. экспираторлы ентікпе

В. инспираторлы ентікпе;

Г. қанды түкірік;

Д. жөтелгенде іріңді қақырық тастау;

 

60. Өкпе абсцессінің бірініші кезеңіндегі пациенттің негізгі мәселесі:

А. қан қысымының көтерілуі;

Б. гипотермия;

В. гипертермия;

Г. тұншығу;

Д. өкпеден қан кету;

 

61. Өкпе абсцессі дегеніміз:

А. өкпе ұлпасында шектеулі іріңдіктің пайда болуы

Б. өкпе ұлпасының айқын шексіз ыдырауы

В. өкпе ұлпасының ошақты тығыздалуы

Г. плевра қуысына іріңнің жиналуы

Д. өкпе ұлпасына ауа кернеп кетуі

 

62. Абсцесс жарылғаннан кейін бөлінетін қақырықтың сипаттамасы:

А. қызғылт, көпіршікті

Б. “ауыз тола” кілегейлі – серозды – іріңді

В. “тот түстес”

Г. аз мөлшерде, кермекті

Д. жабысқақ, шыны тәрізді

 

63. Абсцесстің бірінші кезеңіндегі рентген көрініс:

А. тығыз ошақпен өкпе түбіне қарай жол

Б. өкпе мөлдірлігінің артуы

В. инфильтративты ошақтың білінуі

Г. сұйықтық деңгейі бар қуыстың білінуі

Д. өкпе мөлдірлігінің кемуі

 

64. Өкпе абсцессінің асқынуы болуы мүмкін:

А. бронхоспазм

Б. пневмоторакс

В. іріңді плеврит

Г. силикоз

Д. эхинококкоз

 

65. Өкпе абсцесінің 1-ші кезеңі:

А.өкпе қуысына іріңнің жиналуы

Б. өкпе іріңді қуысының жарылуы

В. өкпе қуысының дәнекер тінмен бітелуі

Г. плевра жапырақшаларының қабынуы

Д.плевра жапырақшаларының жабысып қалуы

 

66.Өкпе абсцесінің 2-ші кезеңі:

А. өкпе қуысына іріңнің жиналуы

Б. өкпе іріңді қуысының жарылуы

В. өкпе қуысының дәнекер тінмен бітелуі

Г. плевра жапырақшаларының қабынуы

Д. плевра жапырақшаларының жабысып қалуы

 

67.Өкпе абсцесінің 3-ші кезеңі:

А. өкпе қуысына іріңнің жиналуы

Б. өкпе іріңді қуысының жарылуы

В. өкпе қуысының дәнекер тінімен бітелуі

Г. плевра жапырақшаларының қабынуы

Д. плевра жапырақшаларының жабысып қалуы

 

68.Өкпе абсцессінің 1-ші кезеңінде науқастың негізгі шағымдары:

А. аузы толып, іріңді қақырық тастау

Б. ентігу, тұншығу

В. уыттану синдромының дамуы

Г. кеуде қуысының шаншып ауырсынуы

Д. өкпеден қан кету

 

69.Өкпе абсцессінде қолданылатын аспаптық тексеріс:

А. рентгенография

Б. пневматахиометрия

В. спирография

Г. биоптат алу

Д. айтылғанның бәрі дұрыс

 

70.Созылмалы өкпе абсцессіне тән клиникалық белгі:

А. ентігу, көгеру.

Б. кеуде қуысының ауырсынуы

В. экспираторлық ентігу

Г. саусақтары барабан таяқшалары тәрізді

Д. бетінің ұшы қызарып, ұшықтың шығуы.

71.Бронхоэктаз ауруының негізінде:

А. бронх тармақтарының тарылуы

Б. бронх тармақтарының бітелуі

В. бронх тармақтарының түбінің кеңейіп қақырыққа толуы

Г. өкпе тініне іріңнің жиналуы

Д. плевра қуысына іріңнің жиналуы

 

72. Бронхоэктаз ауруына тән клиникалық белгі:

А. уыттану синдромы

Б. ентігу, көгеру

В. ыңғайлы жағдай іздеу

Г. бронхтың таңертеңгілік туалеті

Д. өкпеден қан кету

 

73. Бронхоэктаз ауруына тән клиникалық белгі:

А. ентігу, көгеру

Б. кеуде қуысының бөшке тәрізді өзгеруі

В. экспираторлық ентігу

Г. саусақтары барабан таяқшалары тәрізді

Д. бетінің ұшы қызарып, ұшық шығады

 

74. Бронхоэктаз дегеніміз:

А. бронхылардың тарылуы

Б. бронхылардың патологиялық кеңеюі

В. бронхыларда кермекті секреттің жиналуы

Г. бронх қуысының бітелуі

Д. бронх тармақтарының ішкі кілегей қабатының қабынуы

 

75. Бронхоэктаз ауруының ең нақты дәлелі:

А. перкуссиялағанда қорап дыбысының айқындалуы

Б. ылғалды сырылдар естілу

В. спирографияның нәтижесі

Г. өкпенің жалпы рентгенографиясының нәтижесі

Д. өкпе тінінен биоптат алу

 

76.“Бронхтың таңертеңгілік тазалану” белгісі қай ауруға тән:

А. жедел бронхитке;

Б. крупты пневмонияға;

В. өкпе туберкулезіне;

Г. бронхтық астмаға;

Д. бронхоэктаз ауруына;

 

77. Бронхоэктаз ауруындағы рентген көрінісі:

А. өкпе тінінің ауамен кернеп кетуі

Б. дақтардың пайда болуы

В. Дамуазо сызығының көрінуі

Г. өкпе түбінің қараюы

Д. бронх тармақтарының қисайып, деформацияға ұшырауы

 

78. Бронхоэктаз ауруының негізі:

А. оттегі беру

Б. физиоемін қолдану

В. позициялық дренаж жасау

Г. шөп тұнбаларын беру

Д. Фаулер жағдайын жасау

 

79. Бронхоэктаз ауруында мүмкін болатын асқынулар:

А. бронх тармақтарының деформацияға ұшырауы

Б. плевра қуысына ауаның жиналуы

В. өкпеден қан кету

Г. өкпе эмфиземасы

Д. өкпе пневмосклерозы

 

80. Бронхоэктаз ауруында қолданылатын негізгі дәрі-дәрмек топтары:

А. антибиотиктер, цитостатиктер

Б. антибиотиктер, гормон препараттары

В. антибиотиктер, сульфаниламидтер

Г. сулфаниламидтер, жүрек гликозидтері

Д. антибиотиктер, гипотензиялық дәрілер

 

81. Антибиотиктер тобына жатады:

А. цефалоспориндер

Б. цитостатиктер

В. церукал

Г. анастетиктер

Д. анальгетиктер

 

82. Өкпе іріңді ауруына жатады:

А.пневмония

Б. өкпе абсцессі

В. бронхит

Г. туберкулез

Д. өкпе қабының қабынуы

 

83.Туберкулез дегеніміз - ол:

А. вирустар мен қоздырғыштардың жұқпалы ауруы

Б. әр түрлі бактериялардың қоздырғыш ауруы

В. саңырауқұлақтардың қоздырығыш ауруы

Г. өзіне тән қоздырғышы бар жұқпалы ауру

Д. Фридлендер таяқшасы қоздыратын жұқпалы ауру

 

84. Өкпе туберкулезінің ВК(+) деген түрі:

А. қақырықта Кох таяқшасының анықталуы

Б. қақырықта Кох таяқшасының анықталмауы

В. рентген көрінісінде ошақтың білінуі

Г. рентген көрінісінде инфильтраттың білінуі

Д. рентген суретінде кавернаның көрінуі

 

85. Өкпе туберкулезінің негізгі диагностикалық әдісі:

А. флюрография

Б. ренгеноскопия

В. компьютерлік томография

Г. бактериологиялық әдіс

Д. өкпе сыйымдылығын анықтау

 

86.Туберкулез емінің негізгі қағидалары:

А. кешенді қысқа мерзімді химиотерапия

Б. ұзақ мерзімді үйлесімді химиотерапия

В. ем тек аурухана жағдайында жүргізіледі

Г. ем тек емхана жағдайында жүргізіледі.

Д. ұзақ мерзімді физиоемі

 

87. Туберкулезді анықтау үшін қақырықты жинайды:

А. тәулік бойы 2 үлгі

Б. тәулік бойы 3 үлгі

В. 1 тәулік

Г. 2 тәулік

Д. 3 тәулік бойы 3 үлгі

 

88.Туберкулезде жиі кездесетін асқыну:

А. өкпе эмфиземасы

Б. өкпе пневмосклерозы

В. өкпеден қан кету

Г. тұншығу

Д. бронх ұстамасының дамуы

 

89. Туберкулезге қарсы екпенің егу әдісі:

А. тері ішіне

Б. тері астына

В. бұлшық етке

Г. көк тамырға

Д. тіл астына

 

90. Манту сынамасын жасау орны:

А. білектің ортаңғы бөлігі

Б. иық

В. жанбас

Г. жауырын асты

Д. әр кезде әр жерге

 

91. Арықтау, тәбеттің нашарлауы, тершілдік, әлсіздік, субферильді дене қызуы тән:

А. бронхтық астмаға

Б. пневмонияға

В. эмфиземаға

Г. түберкүлезге

Д. плевритке

 

92. Туберкулезбен ауыратын науқастың емделу қағидасы:

А. 2 ай ауруханада, содан кейін амбулаторияда

Б. 1 ай ауруханада, қалған уақытта амбулаторияда

В. 3 ай ауруханада

Г. 3-6 ай ауруханада

Д. жыл бойы ауруханада

 

93.Өкпе туберкулезінде клиникалық белгілерінің ерекшеліктері:

А. біртіндеп басталады

Б. білінбей басталады

В. өкпедегі физикалық көріністер аз

Г. науқас ауруына мән бермей жүріп қалады

Д. айтылғанның бәрі дұрыс

 

94. Туберкулезде қоданылатын емдәм ерекшелігі:

А. құнарлы

Б. дәруменге бай

В. ақуызға бай

Г. калориясы жоғары

Д. айтылғанның бәрі дұрыс

 

95. Туберкүлездің этиологиясы:

А. көк ірің таяқшасы

Б. Пфейффер таяқшасы

В. Фридлендер таяқшасы

Г. Кох таяқшасы

Д. стрептококк

 

96. Өкпе түберкүлезінің негізгі жұғу жолы:

А. жыныстық

Б. алиментарлық

В. аэрогенді

Г. парентеральді

Д. айтылғанның барлығы дұрыс

 

97. Түберкүлезде қолданылатын диета:

А. № 9

Б. №11

В. № 8

Г. №10

Д. № 5

 

98. Өкпеден қан кетуге тән:

А. кофе тұнбасы түстес қанның бөлінуі

Б. «тот» түстес қақырықтың бөлінуі

В. қақырықпен қан сүлігінің бөлінуі

Г. ашық қызыл түсті, көпіршікті қанның бөлінуі

Д. қоңыр түсті, жағымсыз иісті қанның бөлінуі

 

99.Плеврит дегеніміз:

А. өкпе қапшығының қабынуы

Б. плевра қуысына ауаның жиналуы

В. өкпе ұлпасының қабынуы

Г. өкпе тінінің ауамен кернеуі

Д. өкпеде іріңдіктің дамуы

 

100. Эксудатты плеврит дегеніміз:

А. плевра қуысына сұйықтықтың жиналуы

Б. плевра қуысына ауаның жиналуы

В. өкпе ұлпасының қабынуы

Г. өкпе тінінің ауамен кернеуі

Д. өкпеде іріңдіктің дамуы

 

101. Плевритке тән рентген көрінісі:

А. дақтың пайда болуы

Б. бір бөліктің зақымдануы

В. Дамуазо сызығының көрінуі

Г. өкпе тінінің ауамен кернеуі

Д. өкпе тінінің салынуы

 

102. Плевритке тән клиникалық белгі:

А. ентігу, көгеру

Б. зақымдалған жақ демнен қалып отырады

В. уыттану синдромы

Г. өкпеден қан кету

Д. таңертеңгілік бронх туалеті

 

103.Тыныс алғанда, жөтелгенде күшейетін кеуде шаншуы, құрғақ жөтел, аускультацияда плевра үйкеліс шуы тән:

А. құрғақ плевритке

Б. экссудатты плевритке

В. созылмалы бронхитке

Г. бронхтық астмаға

Д. бронхоэктаз ауруына

 

104. Құрғақ плевритке тән:

А. өкпе ұлпасының қабынуы

Б. плевра қуысына ауаның жиналуы

В. өкпе қуысына қан аралас сұйықтықтың жиналуы

Г. өкпенің бір бөлігінің қабынуы

Д. плевра қабықшасының қабынуы

 

105. Плевритке тән қан өзгерісі:

А. лейкоцитоз, ЭТЖ артады

Б. лейкоцитоз, ЭТЖ төмендейді

В. лейкопения

Г. лейкоцитоз, тромбоцитопения

Д. эритропения

 

106. Құрғақ плевриттің эксудаттық плевриттен айырмашылығы:

А. өкпе ұлпасының қабынуы

Б. өкпе ұлпасының ауамен кернеп қалуы

В. өкпе ұлпасында дәнекер тінің дамуы

Г. плевра үйкеліс шуының естілеуі

Д. Дамуазо сызығының білінуі

 

107. Эксудатты плевриттің құрғақ плевриттен айырмашылығы:

А. өкпе ұлпасының қабынуы

Б. өкпе ұлпасының ауамен кернеп қалуы

В. өкпе ұлпасының дәнекер тің дамуы

Г. плевра үйкеліс шуының естілеуі

Д. рентген суретінде Дамуазо сызығының білінуі

 

108. Эксудатты плевритте диагностикалық мақсытымен:

А. өкпе сыйымдылығын тексереді

Б. бронх тармақтарын тексереді

В. өкпе ұлпасынан биоптат алады

Г. плевра қуысын теседі

Д. пневмотахометрия жүргізеді

 

109.Геморрагиялық эксудат дегеніміз:

А. плевра қуысына іріңнің жиналуы

Б. плевра қуысына қанның жиналуы

В. сары судың жиналуы

Г. плевра қуысына ауаның жиналуы

Д. плевра қабықшасының бетіне фибрин талшықтарының жиналуы

 

110.Экссудативтік плеврит болғанда тәуелсіз түрде істеу керек:

А.спазмолитиктер енгізу

Б. 2,4 % - 10,0 эуфиллин ертіндісін қолдану

В. плевраны тесу

Г. тері астына витаминдер егу

Д. дене қызуын өлшеу.

 

111. Тыныс жолдарының ауруларында мейіркештің тәуелсіз іс - әрекеті:

А. антибиотиктер егу

Б. гормон препараттарын беру

В. нейролептиктер қолдану

Г. гипотензивтік дәрілер егу

Д. пациенттің жалпы жағдайын бағалау

 

112. Қан араласқан қақырық қай ауруға тән?

А.жедел бронхит ауруына

Б. өкпенің қатерлі ісігіне

В. экссудативтік плевритке

Г. ошақты пневмонияға

Д. эмфиземаға

 

113.Туберкулезге қарсы қолданатын дәрі – дәрмек түрі:

А. ферроплекс;

Б. тетрациклин;

В. бисептол;

Г. фурасемид;

Д. фтивазид;

 

114. Эмфизема ауруында пациенттің кеудесі:

А. кифосколиоздық

Б. бөшке тәрізді

В. құс төс тәрізді

Г. кеудесі өзгермейді

Д.паралитикалық

 

115. Қақырықты туберкулез таяқшасына келесі ережелермен жинайды:

А. ауыз қуысын тазалау

Б. терең дем алдыру

В. немесе жөтелдіру

Г. таза, құрғақ шыны ыдыс беру

Д. айтылғанның барлығы дұрыс

 

116. «Атиптік» торшалар болады:

А. бронхитте

Б. пневмонияда

В. өкпе қатерлі ісігінде

Г. эмфиземада

Д. туберкулез ауруында

 

117.Өкпеден қан түкіру кезінде тәуелсіз көмек көрсетуін тізіп беріңіз

А. дәрігер шақыру

Б. пациентті ыңғайлап отырғызу

В. лоток беру

Г. кеудесіне мұзды мұйық салу

Д. айтылғанның барлығы дұрыс

 

118.Демнің шығуы қиын болған кезде оны не деп атайды?

А. инспираторлық ентігу

Б. экспираторлық ентігу +

В. аралас ентігу

Г. Куссмауль демі

Д. Биота демі

 

119.Тұншығу кезінде тәуелсіз көмек көрсетуін тізіп беріңіз

А.қысып тұрған киімдерін шешу

Б. бөлмені желдету

В. ыңғайлап отырғызу (ортопноэ)

Г. ингалятор беру

Д. айтылғанның барлығы дұрыс

 

120.Тыныс алу жолдарының ауруларында қолданылатын аспаптық тексерістер

А. спирометрия

Б. спирография

В. пневмотахометрия

Г. рентгенография

Д. айтылғанның барлығы дұрыс

 

121.Қалыпты жағдайда демнің саны

А.16-18 рет

Б. 20 – 22 рет

В. 14 – 16 рет

Г. 24 – 26 рет

Д. 18 – 22 рет

 

122.Құрғақ жөтел кезінде тәуелсіз көмек көрсетуін тізіп беріңіз

А. ингаляция жасау

Б. жылы компресс жасау

В. қыша қою

Г. пациентті тыныштандыру

Д. айтылғанның барлығы дұрыс

 

123. Тыныс алу жолдарының ауруларында қолданылатын зертханалық тексеріске жатады:

А. спирометрия

Б. спирография

В. пневмотахометрия

Г. рентгенография

Д. қақырық анализдері

 

124.Өкпе эмфиземасы дегеніміз:

А. өкпе көпіршіктердің сары суға толуы

Б. өкпе көпіршіктерінің жарылып ауаға толуы

В. өкпе көпіршіктерінің ірінге толуы

Г. өкпе қаптың қабынуы

Д. өкпеде дәнекер тіннің дамуы

 

125.Өкпе эмфиземасына тән өзгерістер:

А. қарағанда: кеудесі “құс тәрізді”, тындағанда бронхиалды дем,

тықылдатқанда топас дыбыс

Б. қарағанда: кеуде торшасы “бөшке тәрізді”, сипағанда дірілі әлсіреген,

тындағанда әлсіреген везикулярлы дем, тықылдатқанда қорап тәрізді

дыбыс;

В. қарағанда, сипағанда, тыңдағанда өзгеріссіз, тықылдатқанда – қорап

тәрізді дыбыс;

Г. зақымдалған жақ дем алыста қалып отырады, тықылдатқанда қорап тәрізді

дыбыс, тындағанда – “амфорлық” дем, сырылдар

Д. еш қандай өзгерістер көзге көрінбейді

126. Эмфизема жатады:

А. өкпенің іріңді ауруларына

Б. өкпенің жедел инфекциялық ауруларына

В. тыныс алу жүйесінің аллергиялық ауруларына

Г. өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларына

Д. айтылғанның барлығы дұрыс

 

127. Пневмосклероз дегеніміз:

А. өкпеде дәнекер ұлпасының қаулауы

Б. өкпенің солуы

В. өкпеде іріңдіктің дамуы

Г. өкпені ауа кернеу

Д. өкпеде қуыстың пайда болуы

 

128.Тыныс алу жүйесін рентгендік зерттеу әдісі:

А. бронхоскопия

Б. бронхография

В. спирометрия

Г. пикфлоуметрия

Д. биоптат алу

 

129. Өкпелік жүрегінің даму себебі:

А. жүрек қақпақшаларының зақымдануы

Б. сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы

В. сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

Г. жүректің оң жақ бөліктерінің гипертрофиясы

Д. туа біткен жүрек ақаулары

 

130. Созылмалы өкпелік жүрегінің этиологиясы:

А. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Б. тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары

В. жүрек ишемия ауруы

Г. өкпенің жедел қабыну аурулары

Д. гипертониялық криз

 


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 5574 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.178 сек.)